АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Управление производством и обслуживанием

Читайте также:
  1. I. Способы, связанные с управлением дыханием
  2. II. Управление. (Выявление морфемных аграмматизмов)
  3. VII. ИСТОЧНИКИ ФОРМИРОВАНИЯ ИМУЩЕСТВА ОРГАНИЗАЦИИ. УПРАВЛЕНИЕ ИМУЩЕСТВОМ ОРГАНИЗАЦИИ
  4. VIII Экономика и управление
  5. Автоматическое управление движением с помощью конечных выключателей, пример.
  6. Автономное управление
  7. Административным производством является
  8. АСУ ТП и диспетчерское управление
  9. АСУ ТП и диспетчерское управление
  10. Банкет за столом с полным обслуживанием официантами
  11. Банкет за столом с частичным обслуживанием официантами
  12. Власть и социальное управление?

Организация должна планировать и осуществлять производство и обслуживание в управляемых условиях. Управляемые условия должны включать, там, где это применимо:

a) наличие информации, описывающей характеристики продукции;

b) наличие рабочих инструкций в случае необходимости;

c) применение подходящего оборудования;

d) наличие и применение контрольного и измерительного оборудования;

e) проведение мониторинга и измерений;

f) осуществление выпуска, поставки и действий после поставки продукции.

2.2 «Тәртіп» АҚ-ның қызметінің сапасы және оның қоршаған ортаға әсері.

Адам тірі организмнің ең жоғары формасы бола тұрып, өзінің ойлау қабілетінің арқасында табиғатпен өзара ламасулардағы әртүрлі шектеулерді жеңіп өте алды. Өндірістік іс-әрекеттер барысында пайда болған зат алмасудың жаңа түрі техногендік сипатқа ие болды және заттектердің анторпогендік алмасуы деп аталады.

Антропогендік алмасудың «кіре берісінде» табиғи ресурстар, «шыға берісінде» - өндірістік және тұрмыстық қалдықтар тұрады. Табиғат заңдарын меңгеріп, оларды өз мүдделеріне бағындырып, ақыл-ойы мен техникалық қаруланғандығына сүйене отырып, адам табиғат заңдарымен санаса бермейді. Табиғат пен қоршаған ортаға көрсетілетін анторпогендік әсер тым ауқымды болып кетті және биосфераның тұрақтылық шектеріне таянды, олардың төмендегідей көріністерін байқауға болады:

· Бұзылмаған жерлердің ауданының күрт тарылуы, олардың тозуы (деградациясы)

· Қалпына келетін табиғи ресурстарды – тұщы суды, топырақ гумусын, өсімдіктердің биомассасын - алу және пайдалану қарқыны олардың табиғи жолмен қалпына келу мүмкіндіктерінен артып кетуі.

· Қалпына келмейтін көптеген минералдық және отын көздерінің қорлары күрт кемуі.

· Адамның шарушылық қалдықтары қоршаған ортаны қатты ластап, адам денсаулығына және экожүйелердің ахуалына қатер төндіруде

· Биосфераның ортаны реттеу функциясы нашарлап, бұл экологиялық тепетеңдіктің бұзылуына әкеліп соғуда.

Қоршаған табиғи ортаның ластануы – қандай да бір экологиялық жүйеге (биогеоценозға), ондағы заттектердің айналымы мен алмасу процесстерін, энергия және ақпарат ағынын үзетін немесе өзгертетін, аталған экожүйенің бұзылуына әкеліп соғатын, оған тән емес жанды немесе жансыз компонеттердің, физикалық немесе құрылымдық өзгерістердің енгізілуі. Қоршаған табиғи ортаның ластанулары:

Ø Табиғи (табиғи құбылыстарға байланысты – су тасқындары, селдер, жанартаулардың атылуы және т.б, пайда болған)

Ø Антропогендік (биологиялық, микробтық, механикалық, химиялық, физикалық,)

Ø Қала ішіндегі қоқыстардың жиналмауы және тез арада жиналмауы, тасымалданбауы болып бөлінеді. Ластану нысандары: атмосфера, сулық орта, топырақ.

Адам өмірі үшін маңыздылығы жағынан бірінші орында оттегі тепетеңдігін сақтап қалу мәселесі тұр, бұл проблема әсіресе экологиялық тепетеңдік айтарлықтай бұзылған аудандар үшін өте маңызды. Соңғы 100 жыл ішінде 245 млрд. т оттегі жойылып есесіне атмосфераға 360 млрд. т көмірқышқыл газы шығарылды.

Техниканың дамуының қазіргі деңгейінде оттегінің пайдаланылу мөлшері, оның фотосинтез процесі кезінде түзілетін барлық көлемнің 1/10 бөлігіне жетті. Оттегі фабрика пештерінде, кемелердің, автомобильдердің, зымырандар мен ұшақтардың двигателдерінде жанып кетіп жатыр. Атлантика мұхиты үстімен ұшып өткен бір ғана ұшақ 70-150 т оттегін пайдаланады. Жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей, «Конкорд» атты франццуз-британ ұшағы әр секунд сайын 700 кг ауа жұтса, 320 млн. автомобиль жер шарының барлық халқы пайдаланғаннан артық оттегі пайдаланады. Әр адам тәулігіне 360 литрге жуық, ал спорсмендер одан әлдеқайда көп оттегін пайдаланады. Бүкіл ауа мұхиты жердегі тірі организмдер арқылы, адамды қоса есептегенде, шамамен 10 жылда өтіп шығатыны есептеп табылған.

Адамның атмосфераға көрсететін әсері бүкіл әлем мамандары мен экологтарының назарын аударып отырған мәселе. Бұл да кездейсоқ емес, өйткені қазіргі заманның ең ауқымды ғаламдық проблемалары – «жылыжай эффекті», озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбарыдың жаууы – атмосфераның антропогендік ластануымен тікелей байланысты.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2009 жылы тұрақты ластау көздерінен атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттардың мөлшері 2,3 млн. тоннаға жеткен және соңғы 10 жыл бойында тұрақты деңгейде сақталып отыр. Зиянды заттардың көп мөлшерде шығарылуының басты себебі, ластау көздерінің ауаны тазарту қондырғыларымен жеткілікті дәрежеде жабдықталмағандығында жатыр, тазарту қондырғыларымен жабдықталған ластау көздерінің үлесі республика бойынша 7,5 % ғана құрайды. Шығарылған 1681 000 т газ тәріздес және сұйық заттардың 46,4 % күкіртті антигидридтің, 25,7% - көмір тотығының, 12,3% - азот тотықтарының, 7,8% - көмірсутектердің, 2,6 % - ұшқыш заттектердің үлесіне тиеді. Aуасы лас қалалар қатарына 11 қала жатқызылып, соның ішінде 7 қала (Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Тараз) ластану деңгейі жоғаары деп танылған.

Қазақстанның өнеркәсіп мекемелерінің атмосфераға шығаратын заттарының мөлшері жылына үш миллион тоннаға жуық, солардың 83% ірі 43 мекеменің үлесіне тиеді. Ашық су көздерінің ластану, қоқыстану, сарқылау үдерісі онан әрі жалғасуда, олардың негізгі себебі су қоймаларына тазартылмаған немесе тазартылу деңгейі төмен шайынды сулардың төгілуі. Жыл сайын су объектілеріне шамамен 2,5 миллион тонна шайынды төгіледі. Атмосфераны автокөліктің ластануынан туатын қатер барған сайын үдеп келеді, мұның себебі республика территориясында автокөлік санының қауырт өсуі. Бұл мәселе әсіресе ірі қалаларда өткір болып отыр, мұнда автокөліктің ауа бассейнінің ластануына қосар үлесі жалпы қалалық шығындылардың 60% немесе одан да артық бөлігін құрайды.

Қазақстандағы барлық барлық су нысандарының ішінде 11 өзен, 3 су қоймасы, 2 көл «таза» су нысандарының қатарына жатқызылған 38 өзен, 7 су қоймасы, 4 көл және 3 тоған «орташа ластанғандар» класына жатқызылған; 9 өзен, 2 су қоймасы, 3 көл, соның ішінде: өзендер – Брекса, Үлбі, Глубочанка (ШҚО) Ұбаған (Қостанай облысы), Қарабалта, Тоқташ (Жамбыл облысы), Келес, Бадам, Сырдария (ОҚО), көлдер – Шалқар (БҚО), Үлкен Шабақты, Сұлтангелді (Ақмола облысы), Кеңгір (Қарағанды облысы) және Шардара (ОҚО) су қоймалары «ластанғандар» класына жатқызылған; Тихая (ШҚО), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері және Билікөл көлі (Жамбыл обл) «лас» су нысандары класына жатқызылған. Красноярка (ШҚО), Қаракеңгір және Шерубайнура (Қарағанды обл) өзендерінің суының сапасы «қатты ластанғандар» деп аталады.

Мөлшері ШРК деңгейінен жоғары негізгі ластаушы заттектер тізімінде 16 ингредиент бар, солардың ішінде көбірек таралғандары мыс, сульфаттар, нитриттік азоттар, фенолдар, ОБС5, (БПК5), жалпы темір, фториттер, хром, және цинк.

Соңғы жылдары республикада ірі қалалар мен өнеркәсп орталықтарының шайынды суларының проблемасы ушығып кетті. Республиканың 198 елді мекенінде канализация жүйелері бар, бұл барлық елді мекендердің 2,7% құрайды. Өнеркәсіп мекемелерінің шайынды суларының едәуір бөлігі (кейбір қалаларда 24% дейін) тікелей келіп, бастапқыда өнеркәсіптік шайынды суларды тазартуға арналиаған қалалық су тазарту қондырғыларына құйылады. Жұмыс істеп тұрған су тазарту қондырғыларының біқатары өзінінің пайдалану ресурстарын тауысты және жаңартуды талап етеді.

Тұрғылықты халықтың денсаулығына жағымсыз әсер ететін маңызды фактор, тұрғындар ауызсу ретінде және тұрмыстық мұқтаждықтарына пайдаланып отырған су сапасының нашарлығы болып табылады. Су көздерінің көпшілігінің ауыр металдармен (қорғасын, кадмий, никель, марганец, сондай-ақ бор, фтор, селен бойынша) ластануы нормативтерден жоғары. Сонымен қатар, судың кермектілігі, құрғақ қалдығы, натрий, хлор, сульфаттар, нитраттар және нитриттер мөлшері сияқты көрсеткіштері бойынша да нормативтерден едәуір асып кетіп отырады.

Ауылдық елде мекендерді сумен қамтамасыз ету проблемасы да күрделі күйде қалып отыр. Су құбыры жүйелерінде жиі болып тұратын апаттар, тетіктер мен құрал-жабдықтардың бұзылуы, ақыр соңында су құбырының істен шығуына әкеліп соғады. Сумен қамтамасыз ету нормалары бойынша әр адамға тәулігіне 20-25 литрге ғана жетеді. Істен шыққан су құбырларының көпшілігі Жамбыл – 62, Оңтүстік Қазақстан – 14, Шығыс Қазақстан – 10, Алматы – 20 обылыстарында. Мәселенің төркіні ашық су көздерінің барған сайын ластана түсуінде, су қорғау белдемдері ауданының сақталмауында, тұрғынүй және өндіріс нысандарының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келісімінсіз өзен арналарының бойында орналастырылуында, су құбырлары кешендері мен су тарату желілерінің санитарлық-техникалық күйінің нашарлығында, бірқатар су құбырларында қажетті су тарату және зарарсыздандыру кешендерінің болмауында жатыр.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен байланысты қатерлер онан әрі үдеп келеді. Қоқыстардың көлемі мен пайда болу қарқыны артып келеді, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болуда, қауіпті қалдықтарды сақтау мәселелері шешілмей келеді. Тұрмыстық қатты қалдықтардың едәуір бөлігі ірі урбандалған аумақтарда (қалаларда) пайда болып, жинау, тасымалдау, ұқсату барысында қоршаған ортаны ластап отыр. Қоқыс сақтау алаңдарын түбегейлі қайта құрып, қалдықтарды фракциялар мен құрамы бойынша ажырататын (сеперациялайтын), гидроизацияланған, пайда болған газдарды әкетіп отыратын, табанына сазбалшық қабаттары төселген, жасыл белдеммен қоршалған және т.т., қайтара жабдықталған, шын мәніндегі полигондарға айналдыру қажет. Осыған байланысты 2000 жылдан бері қала қалдықтары мен тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін «Тәртіп» АҚ-ның қызметі өте үлкен, себебі, республика бойынша жыл сайын 3,9 млн. тонна қалдық жиналады және тасып шығарылады, солардың негізгі бөлігі (81,4%) аралас қалдықтардың үлесіне тиесілі. Қалған 18,6% бөлек жиналатын қалдықтар, солардың 46,7% көшелерден және басқа да көпшілік нысандарынан жиналатын қоқыстан құралады. Ресми түрде жұмыс істеп жатқан полигондарда (қоқыс алаңдарында) 98 млн. м3 қалдықтар жинақталған, аталған полигондардың қуаты жоба бойынша 224,8 млн.м3.

Обылыстарда қалдықтардың едәуір бөлігін өнеркәсіп қалдықтары құрайды, бұлар негізінен жаз айларында – таукен өндірісі мекемелерінің қалдықтары, қыста – күл мен шлак қалдықтары. Ірі қалаларда, ірі өнеркәсіп мекемелерінің санитарлық-қорғау белдемдерінің шекараларында және автомобиль магистральдарының бойында ластану деңгейі ШРК мөлшерінен жоғары екені анықталып отыр.

Қоршаған ортаны ластау көздері әралуан: өнеркәсіп мекемелері, жылу-энергетика кешені, тұрмыстық қалдықтар, көлік, мал шарушылығының қалдықтары, сондай-ақ өсімдіктерді зиянкестерден және арамшөптерден қорғауға арналған химиялық заттектер жатады.

Ластану ингредиенттері – бұл мыңдаған химиялық қосылыстар, металдар мен олардың оксидтері, улы заттар, аэрозольдер. Неғұрылым көбірек таралған ластаушылар – күл және құрамы әртүрлі наңдар, түсті металдардың оксидтері, күкірттің, азоттың, хлордың қоспалары, радиактивті газдар және т.с.с Биосфераның ауыр металдармен – сынап, қорғасын, мырыш, галлий, германий т.с.с қанығуы қауырт өсіп келе жатыр.

Табиғи ластаушыларды да, антропогендік ластаушыларды да физикалық, химиялық, физика-химиялық, және биологиялық ластаушылар деп бөлінеді. Физикалық ластану нәтижесінде ортаның физикалық параметрлері: температура, жарықталуы, шу және радиация деңгейі және т.б. өгереді. Шумен ластану адам организміне жағымсыз әсер етіп, тез шаршатады, ойлау қабілетін, еңбек өнімділігін төмендетеді, физикалық және нерв жүйесінің ауруларына ұшыратады.

Химиялық ластану дегеніміз – тыңайтқыштармен, пестисидтермен, ауыр металдармен, және т.б ластану. Табиғи ортаны ластаушы 7 мыңнан астам химиялық қосылыстар белгілі, олардың ішінде токсиндік, мутагендік және канцерогендік заттектер бар. Ең қауіптілері «аты шулы жетеу» болып есептелед: NO2, бензол, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, құрамында C6H-C6H топтары бар полихлорланған дефенилдар, HCL. Органикалық қосылыстарды, соның ішінде пестицидтерді де, токсикалық қасиеттері жоғары болуына байланысты, ластаушылардың ерекше класына – экотоксиканттарға жатқызады.

Табиғи ортаның сапасына реттеу – экологиялық тұрғыдан қауісіз, табиғаттың өздігінен тазару қабілеті сақтала алатын әсер ету деңгейін анықтауға негізделген. Осындай жұмсақ әсер ету нормалары, табиғи ортада жағымсыз зардаптарға әкеліп соқпайтын, ластаушызаттардың анықталған шекті рауалы концентрациялары (ШРК) болып табылады. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттектердің тізімі де, саны да өте үлкен, кейбір есептеулерге қарағанда 400 мыңға жуық түрі бар. Ең алдымен, қоршаған ортаға өте көп мөлшерде шығарылатын, демек, олармен ластану барлық аймақтарда байқалатын заттектер бақылауға алынуы тиіс. Солардың кейбіреулерін келтірейік:

a) CO – көміртегі тотығы, иіс газы. СО мен қаныққан қан оттегін өкпеден ұлпаларға тасымалдау қабілетін жоғалтады, бұл организмнің тұншығуына әкеліп соғады.

b) СОСl2 – фосген, шіріген жемістің, шіріген шөптің иісі бар тұншықтырғыш газ, қайнау температурасы +27,9 С. Өкпенің солуына әкеліп соғады. Адам төзе алатын максималды концентрациясы – 4 мг/м3.

c) НСN – көгерткіш қышқыл, гальваностегия бөлмелерінің ауасының құрамында кездеседі, ауадағы ШРК – 0,3 мг/м3

d) NH3 – аммиак. Тоғазыту қондырғыларында суық тасымалдаушы коспонент ретінде және тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Ауадағы ШРК - 20 мг/м3

e) NOx –азот оксидтері. Құрамында азот бар әртүрлі заттардың жану өнімдерінде түзіліеді. Ауадағы ШРК – 0,05 мг/м3

f) H2S – күкіртті сутегі, шіріген жұмыртұаның иісіне ұқсас. Өте улы. Ауадағы ШРК - 10 мг/м3

g) Ауыр металдар және олардың қосылыстары.

Атмосфера әсіресе қорғасынмен көбірек ластанады. Атмосфераға шығарылатын барлық қорғасынның 72,3 % жуығы, жанармайға антидетонатор ретінде тетраэтилөқорғасын (Pb(CH3CH2)2) қосылатын бензиннің жану өнімдерінің үлесіне тиесілі. Топыраққа жыл сайын 250 мың т. Қорғасын түседі. Қала шаңының құрамында 1% дейін, жаңбыр мен қарда 300 мг/м3 дейін қорғасын болады.

III. Тарау. ҚР- ның Алматы қаласы бойынша «Тәртіп» АҚ қызметі

3.1 “Тәртіп” АҚ-ның жалпы құрылымы

“Тәртіп” АҚ –ның құрылымы

Бас офис

Ø Басқарма Өкілі;

Ø Басқарма Өкілінің орынбасары (Өндіріс қызметі бойынша);

Ø Басқарма Өкілінің орынбасары (қаржы-экономикалық қызмет бойынша);

Ø Қызметкерлермен жұмыс және құжат айналымы бөлімі;

Ø Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі;

Ø Жоспарлық-экономикалық бөлімнің басшысы;

Ø IT қызметі;

Ø Инжинер-эколог;

Ø Материалды-техникалық жабдықтау бөлімі;

Ø Транспорттық бөлімнің бас инжинері;

Ø Клиенттермен жұмыс бөлімі;

Ø Офис маңындағы территория;

2. Алмалы ауданындағы участке

Ø Өндірістік және қоймалық үй-жай;

Ø Әкімшілік корпус;

Ø территориясы;

3.Жетісу ауданындағы участке

Ø өндірістік үй-жай;

Ø жөндеу цехі;

Ø әкімшілік коорпус;

Ø территориясы;

4. Жөндеу участкесі

Ø Өндірістік үй-жай;

Ø Әкімшілік корпус;

Ø территория;

5. Әуезов ауданындағы 2-ші участке

Ø өнддірістік үй-жай;

Ø әкімшілік корпус;

Ø территориясы;

6.Әуезов ауданындағы 1-ші участке

Ø өнддірістік үй-жай;

Ø әкімшілік корпус;

Ø территориясы;

7.Бостандық ауданындағы учасике

Ø өнддірістік үй-жай;

Ø әкімшілік корпус;

Ø территориясы;

8.Медеу ауданындағы участке

Ø өнддірістік және қоймалық үй-жай;

Ø әкімшілік корпус;

Ø территориясы;

Ø жатахана

9. туркісіб ауданындағы участке

Ø өнддірістік үй-жай;

Ø әкімшілік корпус;

Ø территориясы;

Ø жатахана;

Үй-жайлар және территориялар біраз бөлігі Акционерлік Қоғамның жеке меншігі болып табылады, жәнеде қалған бөлігі жалға алу шарты бойынша жалға алынған.

Базалық мамандықтары негізінен қалалық қалдықтарды жинау және оларды шығару болып табылады.

“Тәртіп” АҚ –ның автотұрақтарында 153 астам қаланың барлық аудандарына қызмет көрсететін, арнайы мамандандырылған техникалар бар. Оның ішінде:

қалдықтарды артынан тиейтін – 90 техника, жанынан тиейтін – 25, жүкті өзі түсіретін 24 техника, автоартқышты таситын – 13 техника, БМ ауыр КАМАЗ 5410 - 1)

“Тәртіп” АҚ –ның Бас офисінде жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны шамамен 96 қызметкерді құрайды. Негізгі қызмет көрсету учаскелеріндегі қызметкерлердің жалпы саны шамамен 504 қызметкерлерді құрайды. Жалпы саны 600 жұмысшыдан тұратын Алматы қаласындағы ең ірі АҚ-ның бірі болып табылады.

Алматы обылысы Талгар ауданында орналасқан компанияның активіне тиесілі жер көлемінің аумағы 30 гектарды құрайды. Жалпы тағайындауы – жекелеген тұрмыстық құрылыс (ор. ИЖС). Келешекте қалдықтардың барлық түрлерін сақтау мен оларды жою және оларды сұрыптау үшін құрылыс жүргізу жоспарланған.

Компания базасында 7 жөндеу-механикалық шеберханалар бар. Бұл шеберханалар арнайы мамадандырылған техникаларды жөндеуге қажетті станоктармен, құрылғылармен және құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 

“Тәртіп” АҚ-ның ұйымдық құрылымы

 

Акционерлердің жалпы жианалысы


 

 


Ішкі аудит қызметі
Директорлар кеңесі

Басқарма Өкілі
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі және техника қауіпсіздігі
Басқарма Өкілінің Орынбасары
Басқарма Өкілінің Орынбасары  
Атқарушы директор  
Қызметкерлермен жұмыс және құжат айналым бөлімі
Бухалтерлік есеп және есеп беру бөлімі
Жоспарлық-экономикалық қызмет
Транспорттық бөлім
Өндірістік бөлім
Заң бөлімі
Абономенттік бөлім
Жөндеу- құрастыру бөлімі
Алмалы ауданының участігі
Әуезов ауданының 1-ші участігі
Бостандық ауданының участігі
Әуезов ауданының 2-ші участігі
Жетісу ауданының участігі
Медеу ауданының участігі
туркісіб ауданының участігі
Негізгі жағдайларға қызмет көрсету және жөндеу қызметі

 

 


“Тәртіп” АҚ-ның атқаратын қызметі.

“Тәртіп” АҚ келесідей қызмет көрсетулерді жұзеге асырады:

1) Қатты тұрмыстық, құрылыстық және ірі габаритті қалдықтарды жинау және шығару, оларды орталықтандырылған

 

Сбор и вывоз твердых бытовых, строительных и крупногабаритных отходов до централизованных мест их утилизации и захоронения

Сбор и вывоз снега и наледи

Предоставление в аренду современного оборудования по сбору и хранению отходов

 

 

3.2.1 «Тәртіп» АҚ қызметінің негізгі бағыттары

Қатты тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару және динау барысындағы өндірістік жұмыс процессінің «Тәртіп» АҚ қызмет жақссарту және тиімді жұмыс істеуін интегралдық менеджмент жүйесі шеңберіндегі талаптары мен ретін ұйымдастыру болып отыр. ҚР СТ ИСО 9001-2009, ҚР СТ ИСО 14001-2006 және OHSAS 18001-2008 стандарттарының талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздікті және сапалы қызмет көрсету бағытында қатардағы ұйымдардың жауапкершілігін анықтау және жұмысты ұйымдастыру ретін тағайындау. АҚ «Тәртіп» барлық бөлімшелері және қызметкерлеріне және интегралды менеджмент жүйесі құжаттардың құрамдық бөлігі болып табылады, ол дайындалатын, тексеретін, және құрылыс-монтаж жұмысын орындаушылар үшін.

Бұл құжаттарды басқа бір ұйым пайдалану немесе қолдану үшін сапа жөніндегі басшылықтың өкілеті адамы немесе «Тәртіп» АҚ бірінші басшысының рұқсатымен жүзеге асады.

«Тәртіп» АҚ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізідің нормативтік құжаттары ҚР 1.01-00-2011 стандарттары бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізеді.

Осы АҚ-ның жұмыс тәртібі мен қызмет көрсетудің сапасы, сапа менеджмент жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2009 немесе ҚР СТ ИСО 9001-2008 стандарттарты бойынша, ал экологиялық менеджмент жүйесі бойынша тасымалданатын қатты заттарды жинау және тасу кезінде пайда болатын, қоршаған ортаға кері әсер ететін, экологияға ықпалын тигізу ҚР СТ ИСО 14001:2004 немесе ҚР СТ ИСО 14001:2006 стандарттары бойынша жүзеге асады.

«Тәртіп» АҚ Алматы қаласының әкімінің шешімімен, Алматы қаласының ішіндегі қоқыстарды қала сыртына шығаруға арналған аксионерлік қоғам болып табылады. Қоғам 2000 жылы құрылды. «Тәртіп» АҚ саудада істеу үшін техникалық базалары бар, сонымен қатар мамандандырылған техникамен жабдықталған 200-ге тарта техникасы бар және олар төмендегідей кешенді жұмыс атқарады:

· Жою және көшу үшін тұрмыстық қатты заттарды жинайды және шығарады;

· Құрылыс қалдықтарын шығару;

· Үлкен көлемдегі қалдықтарды;

· Мұздарды, қарларды шығару;

· ҚТҚ-ларға пайдалануға контейнерлер беру.

«Тәртіп» АҚ-ы өнімнің өмір сүру циклын жүзеге асыру барысында, тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша орындалатын жұмыстарды орындайды. Жұмысты орындауды жоспарлау процесіне кіретін жұмыстарға, өндірістік бөлімшелер, қызмет көрсететін аумақтың санитарлық жағдайын тексеру, жаңа келісім шарттар жасау бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару градиенттерін тұрғызу жатады.

Жұмысты жоспарлау процесіне Басқарма бастығының орынбасары жауарты болады, сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары жұмыс жоспарының орындалғанын, жоспарлау құжаттарын сақтау және есептеуді тексеріп отырады.

 

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.023 сек.)