АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

А В С D

A. А кескінінде өсімдік ұлпасының алғашқы жасуша қабықшасы және органикалық қор сақталатын орталық вакуолі бар.

B. В кескінінде көрсетілген ұлпа сопақша пішінді болып, сабақтың жас аймақтарына механикалық демеу болады.

C. C кескінінде көрсетілген ұлпаның екінші реттік жасуша қабықшасының құрамында үлкен мөлшерде лигнин бар. Бұл жасушалар көбінесе өлі болады.

D. D кескінінде көрсетілген ұлпа сазды жерде мекендейтін өсімдіктерге тән болып, тамыр мен сабақ арасындағы ауа алмасуын реттейді.

 

5. Органикалық қосылыстардың сабақ бойымен транслокациясы өсімдік үшін үлкен маңызы бар. Бұл құбылыстың алғашқы қадамының бірі сахароза молекуласының флоэмаға енгізілуі болып табылады. Осы құбылыстың қысқа нұсқа суреті төменде берілген.

A. Мезофилл жасушаларында түзілген сахароза елеуіш жасушаларына (ситовидные клетки) жеткенге дейін трансмембранды бағытпен тасымалданады. Бұл тек сахарозаның қуатсыз (незаряженная) болғаны үшін жүзеге асырыла алады.

B. Кейбір өсімдік түрлерінде сахароза демеуші жасушаларына жеткенде, сахароза апопласты тасымалдау түріне ауыса алады.

C. Сахарозаның демеуші жасушаларына активті транспорты, хемоосмотикалық механизм арқылы жүзеге асырылады.

D. Егер А трансмембранды ақуызды 1800-ге бағытын өзгертсек, сахарозаның демеуші жасушаларына антипортерлер арқылы тасымалын көреміз.

 

6. Өсімдік гормондары өсімдік дамуы мен жетілуінде үлкен қызметі бар. Осы күнге дейін гормондардың бірнеше түрлері ашылып зерттелді. Осыған орай төмендені тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

A. Ауксин төмен концентрацияда, сабақтың элонгациясына дем береді; жанама мен қосалқы тамырлардың дамуын тоқтатады.

B. Цитокинин сабақ пен тамыр жасушаларының бөлінуін қадағалайды; жанама бүршіктердің дамуын ынталандырады.

C. АБК өсімдік өсуінің ингибиторы болып табылады; саңылаулардың күндізгі уақытта ашылуына себепші болады.

D. Стриголактондар дәннің жетілуі мен микоризді саңырауқұлактардың тамыр жүйелеріне тартылуын реттейді.

 

7. Шыбынжек – қос жарнақты өсімдік және бунақденелілермен қоректенетін өсімдіктерінің бірі болып табылады. Осы өсімдік жайлы тұжырымдардың дұрыс неме бұрыс екенін анықтаңыз.

A. Шыбынжек бунақденелілерді азот алу мақсатында қолданады. Азот бунақденелілерлің хитинді қабықшасында болады.

B. Шыбынжек қақпанының жабылуына калий иондары стимуляциясы арқылы өтетін электрикалық импульс қажет.

C. Шыбынжек сазды жерлерде мекендейді.

D. Шыбынжек гүл құрылымын салмайды, себебі тозаңдануды қажет етпейді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)