|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жануарлар Анатомиясы мен Физиологиясы
8. Төменгі инфузория бейнесіне байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. 2 құрылым экскреция және осморегуляцияға қажет. B. «9+2» моделі 6 құрылымының құрылысын сипаттайды. C. 8 құрылымды алып тастаса, инфузория онсыз тіршілік ете алады. D. Жынысты көбею процессі анизогамды коньюгация арқылы өтеді, алайда жыныссыз процессі жоқ.
9. Төменде қорыту физиологиясына байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Қышқыл рН ортада, пепсин атқару қабілетін жоғалтады. B. Аш ішектегі сақиналы және бойлық бұлшық еттері оның ауданың көбейтеді. C. Сіңген майлардың басымы алдымен лимфа жүйесіне кіреді, ал көмірсулар тікелей қан жүесіне кіреді. D. Өт фермент болып табылады.
10. Төменде омыртқасыз жануарларға байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Буынаяқтыларда экзоскелеттің пайда болып дамуы, целомның едәуір азаюын түсіндіре алады (әсіресе буылтық құрттармен салыстырсақ). B. Қапшық тәрізді нефридийлер суда өмір сүретін буынаяқтыларға тән. C. Бүкіл өрмекшітәрізділер – дара жынысты жануарлар. D. Тікен терілілер (Иглокожие)- алғашқы ауызды (протеостомалы) жануарлар.
11. Төменде бұлшық ет физиологиясына байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Бұлшық еттегі миофибрилла түрлерінің пропорциясы кандай жұмыс атқаратынына тікелей байланысты. В. Жүрек ет тітіркену потенциалына қарағанда, тыныш потенциалы оңдырақ болып саналады. С. Жұмыс атқарып жатқан бұлшық етте АТФ синтезіне керек болған фосфордың өзегі креатиннен алынады. D. Жан тәсілім еткенде (мерт болғанда), кейде бұлшық ет жиырылған күйінде қалады, оған АТФ молекулаларының жоқ болуы себеп, өйткені АТФ қалың және жіңішке филаменттер арасындағы байланысын бұзады.
12. Төменде оттегі диссоциация графиктері физиологиясына байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Үлкен денелі жануарлардың әр бір грамм денесіне саналған оттегі қажеттілігі, кіші денелі жануарлармен салыстырғанда көбірек. В. Кіші денелі жануарларда оттегінің гемоглобинге жабысу тенденциясы, үлкен денелілермен салыстырғанда төмен. С. Графиктегі мәліметтер Бергман ережесін дәлелдейді. D. Түрлі жануарлардың оттегі диффузия градиентінің айырмашылықтары, үлкен жануарлардың метаболизм төмендігін түсіндірмейді.
13. Төменде жүрек физиологиясына байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Миокардтың басқа бұлшық еттермен салыстырғанда абсолюттік рефрактерлі кезеңінің созылу мерзімі ұзағырақ. В. 1 құрылымның әркелкі бөлісіне байланысты,оң жүрекшенің жиырылуы сол журекшемен салыстырғанда 0,1 сек ертерек болады. С. Сопақша миде жүрек соғу жиілігін реттейтін 2 орталығы бар: тежегіш және тездеткіш. Тежегіш орталығынан 2-інші құрылымға қозғалтқыш жүйке талшықтары барады, алайда тездеткіш орталығынан 3-інші құрылымға қозғалтқыш жүйке талшықтары барады. D. 4-інші құрылымдағы рецепторлар сопақша мидің тежегіш орталыға импульстарды жібереді.
14. Төменде аксон физиологиясына байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Әрекет потенциалының таралу жылдамдығы 1-інші құрылым жоқ нейрондарда көп жағдайда аксоплазманың кедергісіне байланысты В. Миелинсіз аксон диаметрі үлкейген сайын, кедергі де үлкейеді. С. Құрылым 2 - әрекет потенциалының үздікті (сальтаторлы) таралуына негізін салады. D. Температураның 400С-ге көтерілген сайын, импульс таралу жылдамдығы да көтеріледі.
15. Төменде ми физиологиясына байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз.
А. Құрылым 1 - тыныс алу, дем алу, тұшкіру функциялары үшін керек. В. Құрылым 2 - координация мен қимыл балансын сақтау үшін қажет. С. Құрылым 3 - дұрыс есту үшін керек. D. Құрылым 4 – ол ретикулярлық формация деп белгілі.
16. Төменде синапс анатомиясы мен физиологиясына байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Егер құрылым 1 бұлшық ет болса, онда құрылым 2 жүйке тамыр-бұлшық ет пластинкасы деп аталады. В. Егер құрылым 3 глутамин қышқылы болса, онда оның орталық жүйке жүйесіне тежегіш эффектін көрсетеді. С. Калий мен хлор иондары постсинаптикалық тежегіш потенциалына алып келуі мүмкін. D. Рефлекторлық доға – ол рефлекторлық реакцияны іске келтіретін құрылым комплексі. 17. Төменде иммундық жүйесіне байланысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Эозонофилдер паразит құрттарына қарсы иммундық жауапта қатысады. В. Патогендерге қарсы иммунитетте лимфа жүйесі де қатысады. С. IgM-ның бір молекуласы антигенның көп дегенде 8 молекуласына жабысалады. D. Әдетте нейтрофилдер үлкейіп макрофагтарға айналады («әйдік жегіштер»).
18. Төменде қосмекенділерге қатысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Қоршаған ортаның температурасын аңықтау үшін Якобсон ағзасы керек. В. Құрбақада бауыр портал жүйесі бар. С. Егер температурасы 200С болған қоршаған ортадан құрбақаны алып, 300С ортасына орналастырса, онда оның дене температурасы 200С -300С аралығында болады. D. Олар тері және өкпе арқылы тыныс алады.
19. Төменде жалпақ құрттарға қатысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Жалпақ құрттар – олар үшқабатты, ацеломды және сыртпен байланысатын бір ғана ащық тесігі бар. В. Турбелляриялар арасында паразиттер жоқ, алайда Trematoda классының бүкіл түрлері - паразиттер. С. Экскреторлық функциялар үшін жалынды жасушалар керек. D. Дигенетикалық сорғыштардын (Trematoda) дернәсілі - ол түктелі, жүзе алатын мирацидий.
20. Төменде буылтық құрттарға қатысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Жұмыр құрттарда нағыз целом жоқ, алайда буылтық құрттарда метамерлық сегментация және ащық қан айналым жүйесі бар. В. Гепарин- ол сүлектер шығаратын антикоагулянт. С. Шұбалшың тері арқылы тыныс алады және экскреция нефридиялар арқылы өтеді. D. Тифлозольдың мақсаты - ол ішектегі сіңіру ауданын үлкейтеді, алайда хромофильды жасушалар амилазаны шығарады.
21. Төменде көпқылтанды құрттарға қатысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. A. Жұмыртқа бөлінуі толық, біркелкі емес және жынысты диморфизм әдетте байқалмайды. B. Жақсы дамыған жабық қан айналым жүйесі бар. C. Трохофора - көпқылтанды құрттардың планктондық дернәсілі. D. Метамерлық дене құрылымы жалпақ құрттардан өзгешелендіреді.
22. Төменде омыртқалы жануарларға қатысты тұжырымдарды дұрыс немесе бұрыс деп белгілеңіз. А. Құстарда оң аорта доғасы жоғалған, бос сүйектері және жамбас бүйрегі бар. В. Қосмекенділердің омыртқасында мойын, сегізкөз, құйрық, бел бөлімдері бар. С. Қосмекенділердің бас сүйегі – аутостилді. D. Бауырымен жорғалаушылардың жяне қосмекенділердің ортаңғы құлағы бір сүйектен тұрады, алайда сүтқоректілерде үш сүйектен. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |