АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Билет №2. 1. Экологияның негізгі ұғымдары

Читайте также:
  1. A) Билетный сбор
  2. Билет 10
  3. Билет 10
  4. Билет 10. Образы основных греческих богов
  5. Билет 11
  6. Билет 11
  7. Билет 11.
  8. Билет 12
  9. Билет 12.
  10. Билет 13
  11. Билет 13
  12. Билет 14

1. Экологияның негізгі ұғымдары.

2. Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер- Жердегі зат айналымы — географиялық қабық пен жоғары және төмен жатқан геосфераларда болып тұратын процестерде бір зат бірнеше рет қатысқанда болатын құбылыс; бұл — жерге тән геохимиялық ерекшеліктердің бірі. Жердегі заттардың тұйық айналымының негізгі энергия көзі — күн радиациясы. Жердегі зат айналымының масштабы, ұзақтығы жағынан көптеген түрі бар. Мысалы: құрлық пен мұхит арасындағы су айналымы, ландшафтағы химиялық элементтердің биологиялық айналымы, микроорганизмдердің зат айналымы, жер қыртысындағы тау жыныстарының арасындағы болатын айналым тағы басқалар. Зат айналымы тұйық цикл емес. Оның символы спираль немесе циклоида. Әрбір зат айналымы нәтижесінде жер қабығы мен ландшафт бұрынғы қалпына қайта оралмайды, ал кейбір жаңа қасиет пайда болады.

Зат пен энергия айналымы: ауа айналымы, су айналымы, биологиялық айналым, жер қыртысындағы зат пен энергия айналымы үздіксіз тізбекті құрайды.

Географиялық қабық үшін ауа массаларының қозғалысы арқылы жүзеге асатын су айналымының маңызы зор. Су үнемі қозғалыста болады. Сусыз өмір жоқ, ол қуатты ерітуші де. Егер Жерде су болмайтын болса, планетада тіршілік те болмас еді және оның дамуы өзгеше өтер еді. Айналымының арқасында мұхит суы 3000 жылда толық жаңарады. Атмосферадағы ылғалды толық ауыстыру үшін 10 күндей керек. Айналымда бола отырып, су басқа компоненттермен өзара тығыз әсер етеді, оларды бір-бірімен байланыстырады және географиялық қабықты қалыптастырудың маңызыды факторы болып табылады.

Географиялық қабықтың ішінде биологиялық айналымның ролі зор. Жасыл өсімдіктерде, жарық сәуледе көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар пайда болады. Оны жануарлар қорек етеді. Жануарлар мен өсімдіктер өлгеннен кейін бактериялар мен саңырауқұлақтар минералды заттарға айналып, шіриді, содан кейін оларды жасыл өсімдіктер қайтадан сіңіреді. Белгілі бір элементтер тірі организмдердің органикалық заттарын әлденеше рет түзіп, әлденеше рет қайтадан минералды күйге өтеді.

Табиғат кешені – табиғат компоненттерінің заңды түрде ұштасуы, жер бетінің бір бөлігі, барлық табиғат компоненттерінің өзара күрделі байланыста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бөлігі.

Табиғат компоненттері - өлі, тірі. Өліге: топырақ, су, ауа, тау жыныстары т.б. Тіріге: жануар, өсімдік жатады.

3. Тұрақты даму үшін байланыстар орнату.

Бұл бағыттың негізгі идеясы әртүрлі секторлар арасындағы тосқауылдарды тұрақты даму үшін жою болып табылады. Қазақстанның «Күн тәртібі - 21» жобалары сала аралық сектор аралық сипатымен ерекшелінеді, мысалы:

- Экологиялық туризм, тұрақты қалалар мен елді мекендер, экологиялық таза үйлер салу, толықтырылып отыратын энергия көздері;

- Іле-Балқаш бассейінінің тұрақты дамуы,

- Биосфералық қорларды сақтау, экология-экономикалық аумақтар, ғылыми бау-бақшалар;

- Әлемдік стандарттарға көшу, жалпылай сапаны басқару;

- Экологиялық іскерлікті арттыру;

- Тұрақты даму заңын дайындап, қабылдау.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)