|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
УОК 61(574)
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РУХАНИ ТӘҢІРІЛІК ІЛІМІНІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОРНЫ// «ХХI ғасырдағы адамның көңіл-күйі: мәселері және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Павлодар: ПМПИ, 2008. – 361 бет. Б.Д. Қоқымбаева, философия ғ. д., профессор ПМПИ (Павлодар қаласы) Б.Н. Мамлянова, ПМПИ (Павлодар қаласы)
Егер рухани ілімге біртұтатас қарайтын болсақ, оның мұндай бағытта зерттелмегендігін байқауға болады. Жазба мәдениетінің басым болу жағдайына байланысты, діннің негізгі құрамы болып табылатын, рухани ілімдердің кітап нұсқасына деген қызығушылығын туғызды. Алайда егер дінге тірі мәдениет ретінде қарайтын болсақ, оның көрінісі әлдеқайда кең және әр алуан екендігіне көзіміз жетеді. Өйткені рухани ілім – сакралдық күндері, діни мерекелер мен күнделікті дәстүрлерді қоса біріктіретін құдайға құлшылық ету акті. Яғни, дінді зерттеу де жазба мәтіндерге қатысты дұрыс емес. Бұған көрнекті мысал ретінде тәңірілік рухани ілімі болады. Тәңіріліктанушылықтарға ерекше қиындық туғызып отырған дерек – бұл кітап нұсқалардың көбісі арнайы ғылыми қызығушылық қана. Шындығында олар өмірдегі тәжірибиеде Библия немесе Құран тәрізді функционалдық орын алмайды. Бұл деректі негізге ала отырып, тәңірілік рухани ілімінің өмір сүре алмайды деген пікір қалыптасады. Біздің ойымызша шынды талдау қажет. Кең көлемдегі негізгі зерттеу еңбектерге қарамастан, тәңірілік мәдениеттің мәселесі толыққанды көрсетілмеген. Тәңірілік ілім - өзінің үлкен жолдағы бастауында деуге болады. Және бұл расында да солай, өйткені ғылыми бағыт ретінде жаңа ғана қалыптасып жатыр. Ең бір қызықты мәселе – рухани әлемдегі қазақ нұсқасында зерттеу. Айтып кететін бір жәйт, барлық толық құрастыру қазақ мәдениетінің нұсқасында мүмкін емес. Көптеген қазіргі елдердің жалпы мұрасы бола отырып, тәңіршілдік әмбебап көрініс болып табылады. Қазақ тәңірілік констаталарына талдау жасай отырып, біз ең алдымен, аутенттік (нақты) «көк» «тәңірі» синонимің мысалға аламыз. «Шындап айтқанда, Тәңірдің толық аты – нұрдан толқыған құдай, адамзаттың әке – шешесі болып табылатын Көк Мәңгі Тәңірі. Ғасырлар түбінде, күнделікті күндерде ол Тәңірге өзгеріп, сол сакральды рухын, яғни Ұлы Қыр Құдайының толық мәртебесін өткізетін рухын жоғалтады», - дейді А.Никонов [1]. Бір жағынан «көк» жайлы, өзінің тарихи маңызын жоғалқан деген пікір, әділетті де. Бұған қазіргі зерттеушілердің Көк Мәңгі Тәңірдің толық атының сирек қолдану дерегінен көруге болады. Бірақ, егерде қазақ мәдениетіне зейін салып қарайтын болсақ, оның барлығын дерлік «көк» констатамен қосылғанын байқауға болады. Көк – бұл Космос, біртұтас тәрізді рухани универсум және бұл біртұтастылықтың құрамды бөліктері: Көк бөрі – ұлы Құдай және бір беттегі ата – баба. Көк түрк - Аспан ұлдары, өзіне ұқсас жаратылған. Дүниенің жаратылуы көк бұқа образымен байланысты. Қазақтың аңызы бойынша жер жұмыртқа тәрізді және Көк бұқаның мүйізінде орналасқан. Көк бұқа шаршаған кезде, ол бір мүйізіннен екінші мүйізге жерді ауыстырғанда жер сілкінісі болады. Аспанның қанатты аты Көк балақ рухани күш пен сұлулықты бейнелеп, бұрынғы күйлерде өз көріністерін тапты [2]. Сонымен, Көк бірмезгілде Жаратушы тәрізді және оның жаратушылары болады. Ол барлық Дүниені қамти отырып, тіршіліктің негізі болып табылады. Мағынасы – Аспанға тиесілі, құдайдан шығу тегіне бағытталған Көк бөрі, Көк түрк, Көк бұқа, Көк балақ констаталары түсінікті бола бастайды. Көк Мәңгі Тәңірі рухани ілімі біртұтас. Мұнда еуропалық мәдениетте сияқты өмір мен мәдениетке бөлу күрделі. Тәңірілік мәдениетте және бұл қазақ көшпенділердің дамуын алған ең ерте тарихи кезеңге қатысты, күй мысалының арқасында байқауға болатын рухани ілім өмірдің нағыз матасына тоқылған. Қазақ тілінде «көк» пен «күй» сөздері эквиваленттер, бұл күйдің буддистік медитация, христиандық дұға мен мұсылман намазы мен салыстыруға негіз береді. Сонымен қатар, күй Аспанның рухани биіктігінің жердегі адамның күнделікті өмірімен байланыстылығын біріктіреді. Күйдің тарихи өмірі мәңгілік болып шықты, өйткені бүгінде өзінің қаз қалпында. Күй дүниенің моделінің рухани константасы ретінде ең күрделі қасіретті өтті – бұл Уақытпен сынау, яғни Мәңгілікпен және кеңестікпен. Көшпелілік әлемі – динамика әлемі (М.М. Әуезов); жылқы да отыра тұрып, көшпенді, өзгелерден гөрі дүниенің төрт жағымен де жұғысты және эмпирикалық дүниені бақылай отырып, көшпенді үлкен ашу ашты: ең үлкен ашу ашты: ең үлкен байлық – бұл Білім. Шынды Білім бұл Рухани Білім және барлық өз күш–қуатын Жаратушының ұлы сыйларын сақтаумен байытумен бағыттады. Оны ең құнсыз әлемдегі келетін материя секілді өткізді, Әрине, ең нәзік және мәңгілік сыйға сенімді жер болып, тұрақты Жаратушымен байланыста болатын, адамның жүрек орталығы – жан болды. Бұл тұрғыдан тек күй ғана емес, сонымен қатар барлық «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалардың мұралары тәңірілік рухани ілім Күйге келіп, көк түрк мәңгілігін қамтамасыз етеді. Тәңірілік мәдениет – бұл тек тарих мұрасы емес. Қазіргі жаңашыл ұстаздар Әбділхамит пен Сайра Райымбергеновалар арқылы, күй, яғни көк, өз өмірін бүгінгі қоғамда жалғастыруда. Бұл жерде ол әлі тек элитарлық көрініс екенін атап кету қажет. Дегенмен, авторлық білім беру моделі бойынша 20 жыл өнімді іс-әрекет пен Көкіл мектеп–колледжі және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қырық шақты мектебі мен Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның жұмыс атқаруы кейбір қорытындылар жасауға негіз береді. Қысқаша Көкіл мектебінің идеясы білім беру мен тәрбиелеу арасындағы айырманы жеңу. Өнер құралдарымен балалардың шығармашылық потенциалдарын ашу әдісін қолдана отырып, колледж ұйымымен әлем стандарттарының деңгейіндегі базалық жалпы білім беру мектебінің моделі жобаланды. Қойылған мақсат өз шегіне жеткенін ғылыми зерттеу барысында шығарылған зерттеулерден және барлық пәндер бойынша үлгерімнің жоғарлауы деректейді. Колледждің оқу жоспарына ауызша мәдениетті игеруге бағытталатын Мұрагер бағдарламасы қойылды. Бағдарламада бастысы болып ұлттық музыкалық аспаптарда ойнауды тәжірибелік курста игеру, бұнымен қоса оқыту ұлттық педагогика негізінде және естуді нотасыз жүргізу. Домбырада ойнауды барлық балаларға оқытады, өнеріне және беймбділіне қарамайды. Бағдарлама кешенді пән ретінде ұсынылып, өз ішінде көп нәрсені біріктіреді: қазақ күйлері мен аңыздарын тыңдау: домбырада ойнау дағдысын алу: ұлттық технологияны пайдаланып түрлі оюларды үйрену: салт – дәстүрлермен танысу: әйгілі күйші, сал – серілердің шығармашылығымен танысу: балалар фольклордық ансамбілін құру. Сонымен бірге, Мұрагер бағдарламасын балаларды еуропалық классика мен Шығыс елдердің музыкасын типологиялық деңгейде қатыстырады. Мысал үшін, 7-ші сыныптың басты тақырыбы жайлаудың ауызша мәдениеті - Қырдың ауызша мәдениеті: балалар домбыра туралы аңыздармен және ұйғыр, түркмен дұтарлардың, қырғыз қымызы мен танысады; сыбызғы – башқыр құрайы – қырғыз шооры – түркмен түйдігі – қобыз – қияғы бір тарихи тамырларды сақтап қалған. Бұл аспаптар туралы әңгімелер видеожазбалар мен көрсетіле отырып олардың біртұтас тұлға ретінде дамуға мүмкіндік береді. Мұнда түрк елдеріндегі эпикалық дәстүріндегі дауыс пен ән айту өнерімен таныстырылады. Бұндай ауқымды тақырыптың жалғасуы үнді классикалық мәдениетімен танысу боп табылады. Зерттеу барысында мәдениеттер арасындағы жалпылықты көреміз және ерекше музыка, тазалық пен жеңілденді тыңдап отырғандарға әкеледі. 8-ші сыныптың бағдарламасының барлығы батысевропалық музыкалық мәдениетінің әлем классикасының шедеврларына арналған. Әрі қарай музыкалық өнердің жетістігімен танысу басталады – ол өзіне ең үздік музыкалық аспаптардың түрлерін біріктірген симфоониялық оркестр. Бағдарламаға отандық музыканттардың орындауындағы шығармалар қосылған (көптеген Халықаралық конкурстардың қазіргі кезде біздің республикамыздың мақтанышы болған және абыроймен Қазақстанды әлемдік сахнада көрсетіп жүрген лауреаттары). Опера және балет пен танысу оқушыларды шаттану сезімін тәрбиелеу керек, опера қойылымдарын құра алуын бағалау – сахнаны көркемдеу, костюдерді модельдеу, дирижер, актерлар мен оркестірдің шығармашылық жұмысы. Бөлім қазіргі көркем мәдениетімен, соның ішінде Абай атындағы опера театры, классикалық және фольклордың ансамбілідермен танысуымен аяқталады. Енді гитарада, нота грамотасын қоса игерп және орыс, ағылшын тілдерінде ән айтады. Осылайша, қазақстандық патриотизм мен азаматтылық туралы мәдениет қалыптасады. 1993 жылдың өзінде –ақ Мұрагердің бірінші нұсқасы шыққан кезінде, мені бір сұрақ толғандырды: неге авторлар оны ән – күй сабағы ретінде белгіледі? Неге оны өнер сабақтарынан бағдарлама ретінде анықтап қоймайды? Өйткені бағдарлама мазмұны – бұл музыка сабағы ғана емес қой? – Мінеки, содан бері он төрт жыл өтті. Бірақ бүгіннің өзінде бұл сұрақ өзекті боп қала бермек және менің ойымша бұнда басқа сұрақтарға жауап туады. Мысалы:, сұраққа жауап: жаңаның тартымдылығы, өмір сүру мүмкінділігі және оның күрделілігі неден құралған? Қазіргі мектеп білім беруінің жанды жері: көру мүшесіне бағытталған. Бірінші күннен – ақ балаларды жазу мен оқуға үйретеді. Көру, есту сияқты қозғалмалы аппарат тек аспаптың маңызы бар, олардың функциялары – қызметтік, тұрлаусыз, ол арқылы ақпаратты жинаумен айналысады. Ал эмоционалды сезімталдықтан айырылады. Есту мүшесі азайтылған жағдайда – жүрек ортасының дамуына кедергі жасап, адамды біржақты дамытады. Нәтижесінде сезімтал адам (еститін, тыңдайтын) ақылды адамға айналады (көретін). Осыдан біртұтас қалыптасу тұлғаның гармониялық дамуына сүйенеді. Бұл адамзатқа және жеке әр балаға қатысты. Мұрагерде төменгі сынып оқушыларының жас және психо–физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Бұл мақсат емес, ол өздігінен бағдапрлама мазмұнынан шығады. Ол музыка сабағы емес, ол өздігінен сабақ бағдарламасының мазмұнынан түсіп қалады, қазіргі кезде шектелген мамандар түсінгі бойынша әуен сабағы болып табылмайды. Оның күрделілігі мен жаңашылдығы осында. Әуен белгілері бойынша үлкен дүниетанымдылық мазмұнды қамтиды. Көкіл мектебінің түлектері әрі қарай оқу жолын жалғастырып, ЖОО (жоғары оқу орындарының) студенттері болып жүр. Оларды жиі теледидардардан көруге болады. Ең бастысы мұнда жеке тұлға болып қалыптасады. Мектеп қабырғасында тәртіп мәселесі жоқ, өйткені білім берумен тәрбиелеу бір ажырамас үрдісті құрайды. Сондықтан балалар ұялшақ емес, сонымен қатар мәнерлі сөйлеу мәдениетімен ерекшеленеді, бірақ тәкаппар емес. Тәрбилеу акті өздігінен жүріп, арнайы бөлімдерге бөлінбейді, айрықшаланбайды. Көкіл мектебі өзінің өмір сүруімен және рухани өмірімен тәңірілік мәдениетті тірі және өмір сүреді дегенді дәлелдейді. Ол өшпейді, өйткені ол Жаратушымен қарым–қатынаста, оның өзі Өмір! Мектеп тәжірибиесін зерттеу мен таратуды мемлекеттік деңгейде қажет етеді, өйткені «бұрынғы храмдарға қарағанда бағалы ескерткештен гөрі құндырақ,өйткені оны сақтау, тас шедеврлеріне қарағанда әлдекқайда қиындырақ». Г.К. Шалабаева мен С.Ш. Аязбековаға қосыла отырып, мәселенің мәнісі одан да тереңірек екенін атап өтейік. Біздің пікірімізше, бұл әмбебап бұлақ, адамзаттың барлық мәдениеті осының негізінде дамыды. Сонымен қатар, авторлық Көкіл мектебінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуын бір тұтас ету мәселелері қарастырылған. Оқу және тәрбие қызметін жүзеге асырудың жетістігі өткен ғасырдағы рухани тәжірибиеге сүйенеді. Қазақстанда жаңа ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін ғылыми қайта құру теориясымен байланысу арқылы жүзеге асады. Басқаша айтқанда, Көкіл мектебінің ұжымымен еі алғашқы, әрі маңызды қадам жасалынды. Өйткені қазіргі мен болашақтағы шындықтың әмбебаптылығын байланыстыратын материалды-затты қоқысқа толы әлем емес, өзінің рулық рухани негізін сақтаған адам. Бұл мәдени үрдіс жолында адамзаттың ең үлкен жеіңсі деп түсінеміз.
Әдебиеттер 1. Алтун Битинг. Тенгрианство. Никонов А.Ю. – Алматы: Издательский дом «Жібек жолы», 2000. – 86 б. 2. Райымбергенов А., Аманова С. Күй кайнары. Голоса народных муз - А.: Өнер, 1990 ж. (екі тілде). 3. Есенұлы Айтжан. Күй – послание Всевышнего – Алматы: Көкіл, 1997. – 196., пер. Т. Асемқұлова. 4. Трансформация системы образования: взгляд философов (АӘбішев К.А., Дунаев В.Ю., Закаева З.А., Камалиденова А.З., Курганская В.Д., Муналбаева У.Д., Соловьева Г.Г., Хамидов А.А.) – Алматы: Арыс, 2000. – 250 б. 5. Мухамбетова А. Система детского эстетического воспитания А.и С.Раимбергеновых// Аманов Б.Ж., Мухамбетова А.И. Казахская традиционная музыка и ХХ век.- Алматы: Дайк-Пресс, 2002. - 544 с. – С. 423-428. 6. Шалабаева Г.К. Постижение культуры: мировоззренческие парадигмы и исторические реалии Казахстана. – Алматы: Ақыл кітабы, 2001. – 420 б.
В статье освещается авторская программа Абдухамита и Сайры Райымбергеновых Мурагер, которая составляет сердцевину элитной школы–колледжа Көкіл в Алматы. В настоящее время последователями Мурагер стали узбеки, таджики, киргизы; оказывает действенную поддержку ОАХР – организация Ага Хан коры, при финансовой поддержке которой проводятся ежегодные семинары. There is covered the author’s program of Abdukhamit and Sarah Raimbergenov Murager in the article which makes a core of elite school – college Kokil in Almaty. Now more followers of Murager became uzbeks’, tadjiks, kirgiz; effective support by which annual seminars are carried out.
ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ІЗДЕНІСТЕР, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚТАР [*] // Қазіргі заман: пікірлер әлемі философия альманахы. «Философия ғылымдары» сериясы Абай атындағы ҚҰПУ. - №1. – 2011. – 84-91 бб. Қоқымбаева Б.Ж. Өнертану ғылымының кандидаты, философия ғылымдарының докторы, ПМПИ профессоры, Павлодар қаласы
Құрметті қонақтар, әріптестер, студенттер! Бүгінгі семинар – ерекше, уникалды. Өйткені, «Мұрагер» – тек бізде, Қазақстанда ғана бар. Сондықтан осы семинарға қатысып отырған қатысушыларға, барлығымызға табыс тілеймін. Және де бұл семинар Павлодарда алғаш рет болғандықтан, бүкіл Ертіс-Баян өңірі үшін тарихи оқиға деп есептеймін. Семинар тақырыбы - «Жоғары оқу орындары мен орта мектептерде «Мұрагер» бағдарламасы бойынша үздіксіз білім берудің жаңа жүйесі». «Мұрагер» бағдарламасының нақтылы авторлары – Абдулхамит пен Сайра Райымбергеновтер және Ұлжан Байбосынова болса, олардың ой-пікірлестері, ниеттестері жеткілікті. Оның ішінде осы семинарға жиналған барлығымыз десек артық боламайтын шығар. Ал осындағы Қазақстанның әр тұсынан, тіпті аулдардан да келіп отырған ұстаздардың шәкірттерін, олардың ата-аналарын, сол мектептердің жетекшілерін, Білім департаменті қызметкерлерін қосқанда..., – біздің қатарымыз тіпті де аз емес. Керісінше, көбейіп келе жатырмыз. Бұл жағдай кездейсоқ емес. Бұл бүгінгі егеменді Қазақстанның негізгі бағытына, атап айтқанда, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келгендігімен де байланысты. «Мұрагер» бағдарламасы туралы ғалымдардың, атап айтқанда, өнертанушылардың жазғаны аз емес. Ен алдымен мұнда Ә.И. Мұхамбетованы атап кеткен орынды. Өйткені, Ұстаздың шәкірттері туралы жазғаны бүкіл адамзат мәдениетінде сирек кездесетін уақиға екені анық. Белгілі этномузыкатанушы Б.Ж. Амановпен бірігіп жазған монографиясында Әсия Ибадуллақызының осы «Мұрагер» бағдарламасы, А. және С.Раимбергеновтер мен Ұлжан Байбосынованың балаларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеу жүйесін құрудағы еңбектері туралы, яғни өз шәкірттерінің осы маңызды да мағыналы іс-шаралары жөнінде, жария еткен пікірлері дәл осындай елеулі ауқиғалар қатарынан табылары сөзсіз [1]. Және де философ З.Наурызбаеваның, Астанадағы Ұлттық өнер университетінде жұмыс істейтін өнертану ғылымының кандидаты, доцент Г.Т. Альпеисова секілді ғалымдардың да бұл туралы зерттеулері бар. Бірақта бұл ақпарат негізінен мамандарға, музыкатанушыларға белгілі. Ал көпшілікті алсақ, жаңа құбылыс болғандықтан, әлі де нақты өзінің орнын тапқан жоқ сияқты. Сондықтан, біздің міндетіміз - бұл бағдарламаны қазіргі Қазақстан қоғамы, мәдениеті, білім саласы бойынша философиялық-ғылыми түрде талдау, сөйтіп мән-мағынасын аша түсіп, көпшілікке таныстыру, насихаттау. Алдымен, негізгі ұғымдарға көз жүгіртейік. Өйткені, ұғымдар бір түрде қатып қалмай, заман, қоғам өзгерістерімен байланыста болып, олардың да мән-мағынасы өзгеріп отырады. Мысалы, білім беру ұғымын алайық. Оны қазіргі ғалымдар: философтар, мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар, өнертанушылар, тағы басқалары да зерттеп жүр. Философия, мәдениеттану салаларын қарастырсақ, білім беру – қазіргі заман мәдениетінің негізі деп қарастырылады. Және де білім беру туралы әртүрлі көзқарастар аз емес. Оның негізгі бағыттары: а) дәстүрлі түрі – педагогика; ә) жаңа бағыт – білім философиясы, әсіресе Рессейде кең дамыған; б) Бізде Қазақстан Республикасынды педагогика және білім философиясымен қатар тағы бір бағыт дамып келеді. Ол – педагогика философиясы деп аталынады. Белгілі философ А.А.Хамидовтың пайымдауынша, білім философиясы біліморталық (знаниецентризмге) кетіп, тәрбие саласы ұмыт қалады. Ал педагогика философиясы білім мен тәрбиені біртұтас қарастыруға мүмкіндік жасайды. Менің ойымша, бұл көзқараспен келісуге болатын сияқты. Келесі – музыка ұғымы. Оны да әртүрлі қарастыруға болады. Біз тақырып бойынша екі жағынан ғана қарастырамыз: біріншіден, музыка – басқа өнер түрлерімен салыстырғанда ерекше өнер. Неге десеңіз, ол сөзбен, тілмен, сөйлеумен тығыз байланысты. Соңдықтан, адам парасатының дамуы, кісілігі, санасының қалыптасуы музыкамен тығыз байланысты. Екіншіден, музыка өнерін мәдениет құбылысы ретінде бас миының ассиметриясы теориясы тұрғысынан қарастырған жөн. Бұл теория бойынша, адам баласының бас миының оң жағы мен сол жағы әртүрлі: формасы жағынан емес (сол жақ – дөнгелек, оң жақ – басқа бір геометриялық фигураға ұқсайды), олардың функциялары, қызметтері әртүрлі деген мағынада. Оң жақ - бүтіндік, біртұтас көркем-образды тудыруға жауапты ми жарты шары. Сол жақ – логикалық, рационалды талдауға жауапты ми сыңары болып табылады [2]. Бұл теорияны әр ғылым саласында әртүрлі ұғымдармен түсіндіруге болады. Мысалы, музыкалық психология бойынша оң жақ – жүрек, жан (көне грек сөзі психо), сезім, интуиция, эмоциямен байланыста болса, сол жақ – бас, сана, ойлауға сүйенеді. Бір ескертетін жайт: жеке-жеке алғанда қай-қасысы да толық емес. Ғалымдардың пайымдауынша, сол жақ, яғни рационалды талдау қабілеті батыстық халықтарда жоғарырақ дамыған. Сондықтан болар, оларда ғылым, техника дамуда. Бірақта мұны тек қана бір жақты оң үрдіс ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені, осы жағдайдан бүгінгі күні әртүрлі, бәрімізге белгілі, қиын мәселелер туындаған. Олар – экология, басқа да глобалдық мәселелер. Ал оң жақтың негізі - жүрек, сезім, эмоция болғаны, шығыс халықтарының ұлттық психологиясына, мінездемесіне тән дейді. Сондықтан, шығыста адам баласының ішкі рухани әлеміне, көңіл-күйіне көбірек көңіл аударылады. Мұны, мысалы, қазақтарда: көңіл-күйіңіз қалай? – дегеннен байқауға болады. Ендеше, мынадай сұрақтың туындауы мүмкін: сонда қалай, батыста адам туралы ілімдер дамыған жоқ па? – Антропологияның (адам туралы ілімнің) әр саласы (философиялық, әлеуметтік, медициналық салалары, психология болсын) батыста пайда болып қалыптасқан жоқ па? - Оған жауап мынадай: келісеміз. Бірақта мұнда, мысалы, француз ойшылы Ламетри адамды машина ретінде қарастырып, дүниеге механистік көзқараста, яғни, рационалдық ойлауда болғаны белгілі. Сонымен қатар, қарама-қарсы идеалистік философиялық көзқарастар да дамыды, ал бүтін, біртұтас дүниеге көзқарас мүлдем жоқтың қасы деуге болады. Ақиқат, шындық – ортасында, екеуінің байланысында, басқаша айтқанда, көркем мәдениет пен техникалық мәдениеттің, немесе лириктер мен физиктердің үйлесімділігінде. Бірақ негізі – жүрек, көңіл-күй. Хәкім Абай сөзімен айтқанда, Адам бол, яғни, жүректі бол, бірақта жүрек пен ақыл үйлесімді болу керек деген аманатта. Олай болса, музыка өнерінің мәдениетте, соның ішінде білім саласында да, орны ерекше, өзекті болып табылады. Келесі: «қазақстандық мәдениет» деген ұғым. Бұл ұғымды қарастырсақ, бұл қазақстандық патриотизм, қазақстандық азаматтылық, қазақстандық жол секілді қазіргі елімізге тән құбылыстарға жатады. Жоғарыда ірі ғалым, өнертану ғылымының докторы, профессор Ә.И.Мухамбетованың өзінің кітабында Райымбергеновтердің балаларға арналған эстетикалық тәрбие жүйесі туралы оң пікірі бар екенін айтып кеттік. Сол кітапта Ұстазымыз «Мұрагер» жұйесін басқа да әлемдік бағдарламаларымен салыстырып талдайды. Оның ішінде Кеңес кезінде барлық республикаларда қолданылған Д.Д.Кабалевский жүйесі де қарастырылған. Айтайын деп отырғаным, композитор, зерттеуші Д.Д. Кабалевскийдің бағдарламасы өз кезеңіне сай кеңестік адам бейнесін, советтік патриотизмді қалыптастыруға мүмкіндік туғызған. Ал, қазіргі Қазақстанға қазақстандық патриотизм, қазақстандық азаматтылық қажет. Бүгінгі жастар оны түсінеді және де қабылдайды. Мынадай мысал келтірейін. Қазақ музыка тарихы пәнін орыс тобында жүргізгенде, «қоңыр үнді қара домбыра» деген халықтың нақыл сөзін келтіргенмін. Сонымен қатар, Қоңыр күйлер, Назқоңыр, Майда қоңыр, Жай қоңыр, Әсем қоңыр сияқты ән-күйлер бар екенін қарастырдық. Ал, қара домбыра, қара өлең, қара халық – негізгі халық, Қаратау, Қарахан тайпалары, Абайдың Қара сөзі – философиялық сөз деген мағынада екені туралы қысқаша мағлұмат берілді. Қорыта айтқанда, қоңыр, қара, ақ, көк дегендер тек қана бояу емес, олар көпмағыналы философиялық астары бар тәңіршілдік рухани ілімінің анықтамалары деген ой-пікірге келеміз. Сонда, студент А. Полехин Н.Ә. Назарбаев пен Алтынбек Коразбаевтың «Үш қоңыр» деген әні бар екенін ойға салып, «Бұл әндегі қоңырдың анықтамасы Сіздің айтқанызбен сәйкес келе ме?», - деп, сұрақ қойды. Бұл сұрақ, меніңше, студенттердіңбей—жай емес екенін, қазақ мәдениетін, өнерін түсінуге, білуге құштар екенін білдіреді. Мен осы мысалды жастарда қазақстандық патриотизм, қазақстандық азаматтылық сезімдері қалыптасқанының дәлелі деп түсінемін. Енді «қазақстандық мәдениет» ұғымына оралсақ, бұл дәстүр мен өркениеттің, отандық және әлемдік қазынаның диалектикалық байланысы болып табылады. Оның түбірі, рухани тірегі - дәстүр, халықтық мұра. Сонау көшпелі сақ тайпаларынан бастап дамып келе жатқан асыл қазынамыз бүгін де өз күшінде. Халықтық саз өнерін сақтау, әрі қарай дамыту – қазіргі күннің талабы. Міне, осы ертеден келе жатқан асыл қазынамызды жоғалтпай, әрі қарай дамытып, жаңғыртып келе жатырмыз. Және де бұл мұра қазақстандық мәдениеттің рухани негізі, тірегі болып әрі қарай шарықтауда. Уақыт өте біздің көшпелі ата-бабаларымыз отырықшылыққа көшті, өз мәдениетің одан ары дамытты. Қазақстан композиторлары әлемдік музыканы өзіндік ерекшеліктері бар ұлттық сипаттағы өнермен байытты. Қазақ композиторлары үшін ұлттық дәстүрлі музыка шығармашылық ізденістің қайнар көзі іспеттес. Көптеген опера көріністері халық әуенінің негізінде шығарылды. Еуропалық симфония мен қазақтың кәсіби аспаптық музыка қағидаларының сабақтасуы жаңа жанр – оркестрге арналған күйлерді тудырды. Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың аспаптық дәстүрінің бағытын өзгерту өзгеше оркестрлік бояулар мен үндердің, фортепианолық және вокалды техниканың асқан шебер тәсілдерінің пайда болуына себепші болды. Ежелгі қазақ мифологиясына, тәңірлік дүниетанымға және тарихқа жүгіну музыканың әсерлі-көркемдік аясын пәлсафалық толғаулармен асқан толықтырып кеңейтті. Қазақстанның тәуелсіздік кезеңі музыкалық мәдениеттің тақырыптық және көркемдік аясын байытумен, ұлттық тарих пен мәдениетке асқан қызығушылықтың күшеюімен белгіленді. Сазгерлік стильдер дараланып, ұлттық әеузге деген қызығушылық қайта жанданды. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың көпшілікке танымал музыкасы пайда болды. Вокалды-аспаптық ансамбльдер мен топтар құрылды. Қазақтың халық және ауызекі-кәсіби дәстүрлі музыкасының әншілік, аспаптық және эпикалық жанрларын поп, диско, хард-рок, арт-рок, фьюжн стильдердің эстетикасы және элементтерімен қосу нәтижесінде алуан түрлі музыкалық бағыттар пайда болды. Музыка деген ерекше ұғым. Біреулеріне халық сазы ұнаса, тағы біреулері классикалық немесе эстрадалық, электрондық өнерді сүйеді. Ал еңді Қазақстан мәдениетінің музыкасына көз жүгіртсек, мұнда барлық салалар дамыған және де жетістіктері де аз емес. Халық музыкасын алсақ, оның өте бай, мазмұны терең екендігін дәлелдеп, әлемдік мәдениетте өз орны бар екендігін айғақтауға үлес қосқан Абдулхамит, Сайра, Ұлжан сияқты басқа да өнерпаздар аз емес. Қазіргі кездегі сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалардың қатарында осы есімдері аталған азаматтардың тұрғаны анық: Абдулхамит – домбырашы, күйші; Сайра – өнертану ғылымдарының кандидаты; Ұлжан Байбосынова – жыршы, филология ғылымдарының кандидаты; үшеуі де жаңашыл-педагогтар, ізденімпаз-ғалымдар. Енді жоғары айтылған ой-пікірлерді семинар тақырыбы «Мұрагер» бағдарламасымен байланыстырып қарастырсақ, авторлар сонау ХХ ғасырдың 80-ші жылдары өз жұмыстарын бастағанда, қазақстандық патриотизм, қазақстандық азаматтылық, қазақстандық жол, қазақстандық мәдениет секілді ұғымдар жаңа ғана пайда бола бастаған еді. Және де олар не тәжірибе түрінде, не философиялық-ғылыми түрде өз орындарын тапба қоймаған еді. Қазіргі кезде бұл ұғымдарға анықтама беріліп, олар қоғамда өз орнын тапты. Ал «қазақстандық мәдениет» ұғымын алсақ, әлі бүгінге дейін ол ойдағыдай зерттелген жоқ. «Мұрагердің» оны тегі авторлары сонау ХХ ғасырдың екінші жартысында өздерінің интуицияларына сүйеніп қолдану бастаған болуы керек. Жоғарыда атап өткен Қазақстан музыкасының әр түрлі салалары «Мұрагер» бағдарламасында өз орнын тапқан. Бағдарламаға қысқаша көз жүгіртсек, мунда 1-сыныптан 7-ші сыныпқа дейін аңыз-күйлер, халық композиторларының ән-күйлері, халық композиторларының ән-күйлерін жеткізушілері, қазақтың тұрмыс-салт әндері, қазақтың саз аспаптары, айтыс өнері, жыраулық дәстүр орын тепкен. 7-сыныпта Түркі және Шығыс халықтарының музыкасы әлемдік мәдениет контекстінде қарастырылады. Және де Түркі және Шығыс халықтарының музыкалық аспаптары симфониялық оркестрмен салыстырылып, теңдестік бастамасында зерделенеді. Әрі қарай симфониялық оркестр, опералық театр секілді әлемдік мәдениет жетістіктері, сонымен қатар Қазақстандағы творчестволық ұжымдар, орындаушылар бойынша мағлумат беріледі, жүйелі түрде, ғылыми түрде қарастырылады. Қорыта келгенде, авторлардың пайымдауынша, «Мұрагер» дегеніміз – философиялық мағынасы терең ұғым болып табылады. Бұл – дәстүрлі дүниетаным жүйелері мен қазіргі кезеңдегі өнердің сабақтастығы, уақыттың байланысы идеяға сүйенеді. Және де жаңа қазақстандық дүниеге көзқарасқа сай ұстанымда құрастырылған. Міне, бұл бағадарламаның өзектілігі осында. «Мұрагер» – қазақ мектебіне арналған [3]. Сондықтан бұл жұмыс қазақ мектептерінде жүргізіліп, 20 жылдай тәжірибе түрінде қолданған. Оның өзі – ірі және қиын өзекті мәселе. Бұл мәселені ойдағыдай шешуін тауып дәлелдеген міне осы семинардың қатысушылары. Абдулхамит пен Сайра Раимбергеновтер мен Ұлжан Байбосынова. Әрі қарай пікірлестердің қатары көбейіп, ұлғая берді, Алматыдан бастап, әр аймақта жаңашыл-педагогтар қосыла берді. Ал олай болуына жағдай жасағандар – мектептердің директорлары мен орынбасарлары, білім департаменті. Павлодарлықтар да бұл жұмыстан қалыс қалған жоқ. Сондықтан болар, Алматы, Тараз, Көкшетау қалаларында өткізілген семинардың келесі кезеңі бізге келгені кездейсоқ емес. Өйткені біз де бұл жұмысқа өзіміздің күшімізді салып істеуге ұмтылдық. Біздің бұл іске қосқан үлестеріміз мыналар болып табылады. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (ПМПИ) үздіксіз білім беру жүйесі бойынша кадрлар даярлау жұмысін әртүрлі жүргізіп жатыр. Жалпы институттың басты тақырыбы бойынша әр факультет, кафедра өз тақырыпшалтарын ойланып, тауып, мамандарды дайындайды. Мысалы, спорт факультеті ПМПИ колледжінде ұлттық спортты қосымша мамандық ретінде еңгізді. Және де 2010 жылдың наурыз айында «Тұлғаның әлеуметтік бейімделуін қалыптастырудағы ұлттық спорт түрлерінің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Және тағы осы секілді басқа да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Музыкалық білім беру теориясы және әдістемесі кафедрасын алсақ, жалпы институт тақырыбы бойынша «Мұрагер» авторлық бағдарламасына сай жұмыс жүргізіп жатыр. 1 Қазақстанның жоғары оқу орындарында ҚР-дағы музыкалық білім жүйелері деген элективтік курс еңгіздік. Оны ПМПИ ректоры Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары Академиясының академигі, профессор Жаңмырза Омарұлы Нұрмағанбетовтың рұқсаты бойынша жүргіздік. Және де оны қазақ топтарымен қатар орыс топтарында да жүргізіп жатырмыз. Бағдарламаның авторларымен бірге бас қосып силлабус, Жұмыс бағдарламаларды жасап бұл пәнді өткізетіндер әдіскер Жанар Серікбайқызы Сагитова, философия ғылымының кандидаты Нина Евгеньевна Гулякина, педагогика ғылымының кандидаты Тілеуберді Азамат. Кафедрада 2 мұрагер оқу-әдістеме кабинеттері көркемді безендірілген. Ал бұл жұмыстың ойдағыдай жүруіне жағдай жасап отырған кафедра меңгерушісі, доцент Еркін Жанайхан. 2 Сонымен қатар, «Мұрагер» бағдарламасын орыс мектептеріне де еңгізуді ұйғардық. Бұл жұмысты біздің кафедрамыздың түлегі Вадим Борисов Н. Е.Гулякинаның жетекшілігімен бастап, оған қатысты жағдайды, құжаттарды авторлар Абдулхамит, Сайра, Ұлжан, ПМПИ ректораты, облыстық Білім департаменті дайындады. Бұл ұжымдық жұмыс жоба ретінде бекітіліп, ұйымдастыру тобы Еркін Жанайхан, Бағлан Жиеншеқызы Қоқымбаева, Нина Евгеньевна Гулякина, Жанар Серікбайқызы Сагитова Ертіс ауданына барып, практикалық көмек көрсетіп жүр. Қазіргі кезде тек қазақ мектептері ғана емес, орыс мектептері де, жалпы алғанда, қазақстандықтар бұл бағдарламаға көңіл аударғандарын байқап отырсыздар. Қорыта келе, қазақ мектептері болсын, орыс мектептері болсын - «Мұрагер» екеуіне де ортақ, лайық бағдарлама бола алады деген ой-пікір туындайды. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Қазақстандық жол» деген осындай істерде көрінеді.
Әдебиет 1. Аманов Б.Ж., Мухамбетова А.И. Казахская традиционная музыка и ХХ век. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 544 с. 2. Сергеев Б.Ф. Парадоксы мозга. – С-П.: изд. ЛКИ, 2008. – 260 с. 3. Райымбергенов А., Райымбергенова С., Байбосынова У. Жалпы білім беретін казак орта мектебінін музыка паніне арналган «Мурагер» багдарламасы. 1 – 9 сыныптар. – Алматы: Умай баспасы, 2003. – 248 б.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.028 сек.) |