АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Блок - «Сала экономикасы»

Читайте также:
  1. А) Об избыточной венозной утечке из кавернозных тел
  2. ВОДОПОДГОТОВКА
  3. Вопрос № 6. Современные зарубежные теории средств массовой информации.
  4. Воспитание творчеством
  5. ГЕОГРАФІЯ РЕЛІГІЙ
  6. Десять крупнейших компаний по страхованию имущества и гражданской ответственности, 1997 г.
  7. ЗАБЫТЫЙ ДОТ. Ч.1
  8. И опять Саваслейка
  9. ИНСТРУМЕНТАЛИЗМ 209 4 страница
  10. Интегрированный курс
  11. История возникновения и основы вероучения ислама
  12. Крыса (От семнадцати до двадцати четырех)

 

2.1. Электроэнергетиканың негізгі мағлұматы

 

Халық шаруашылығы жүйесіндегі энергетика. Халық шаруашылығын электрофикациялауының мәні. Электрэнергетика –саны, электрлік станциялар орналасқан жері мен қуаты, электржелілердің ұзындығы.

 

2.2. Кәсіпорынның негізгі және ағымдағы активтері

Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері. Ағымдағы активтердің құрылымы мен құрылысы. Жекеменшік, қарызды және жарғылық қаржы.

 

2.3. Кәсіпорынның еңбек ресурстары

Пайдаланатын және жөндеуде істейтін қызметкерлер. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру. Еңбекақы төлеу формалары.

 

2.4. Өндірістің өзіндік құны, баға белгілеу жіне энергетика

саласындағы тарифтер

Электрлі және жылулық энергияны өндіргенде шығындар құрылымы. Электрэнергиясын тарату мен жібергендегі шығындардың құраушылары. Нарықтық жағдайындағы отын бағасының, электрлік және жылулық энергияға баға қойылымының қалыптасуы.

 

2.5. Энергетикалық құралдарын жөндеу және пайдаланудың

экономикасын ұйымдастыру

Жөндеудің тапсырмалары мен мәні. Жөндеу түрлері, жөндеу циклі, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формалары. Кәсіпті кәсіпорнында энергетикалық бақылау.

 

2.6. Өндіріс кәсіпордарының энергетика шаруашылықтары

жұмыстарын экономикалық жоспарлау

Кәсіпорында энергия тұтынудың жоспарлау әдістері. Энергетика шаруашылығында және кәсіпорында еңбек, материалды және қаржы шығындарын жоспарлау.

 

2.7 Өндіріс кәсіпорнында энергетика шаруашылықтарын

экономикалық басқаруларын шешу

Энергетикада басқарудың мақсаты және функциялары. Энергетика шаруашылықты басқару сұлбасы және ұйымдасу құрылысы.

 

2.8. Қазақстанның және энергетикалық кәсіпордарының салық жүйесі

Салық салу принциптері және салық түрлері. Салықтың әлеуметтік функциялары. Кәсіпорын салықтары.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

 

Негізгі:

1. Дукенбаев К.Д.«Энергетика Казахстана. Условия и механизмы ее устойчивого развития» Алматы: Атамура. 2002;

2. Самсонов В.С. «Экономика предприятий энергетического комплекса» М.: Высшая школа. 2003;

3. Құсайынов А.Қ. Энергетикалық мамандыққа кіріспе. Алматы: «Білім», 1994;

4. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров. Экономикалық теория. Астана: 2002;

5. Водянников В.Т. Экономика и организация электротехнической службы сельскохозяйственных предприятий.М.: «ЮРКНИГА», 2003;

6. Водянников В.Т. Технико-экономическая оценка систем электроснабжения объектов АПК. –М.: УМЦ МГАУ, 2007;

 

 

3 блок – «Электрмашиналары», «Электр механикасы және электр техникалық жабдық»

 

3.1 Электрмашиналары

Трансформаторлар. Кернеу трансформаторларының арналымы және пайдалану саласы. Бір фазалы трансформатордың құрылысы. Трансформатордың магнит өзектері, материалы және оны дайындау технологиясы. Болат шығыны және оны азайту тәсілдері.

Трансформатор орамдары және олардың арналымы. Материалы және оны дайындау технологиясы. Бір фазалы трансформаторлардың белгіленуі және маркіленуі.

Бос жүріс кезіндегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Жүктелген кездегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Трансформатор орамының ЭҚК. Трансформатордың бірінші және екінші орамдарының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Трансформатордың актив кедергісінің және индуктивті шашыраңқы кедергісінің физикалық мәні.

«Келтірілген» трансформатордың физикалық мәні және оның магниттеуші күші. «Келтірілген» трансформатордың параметрлері, «келтірілген» трансформатордың эквивалентті орынбасар электрлік сұлбасын ауыстыруын негіздеу. ЭҚК, токтың және электр кедергінің физикалық мәні. Трансформатордың Т-тәрізді орынбасар сұлбасы. Контурларға арналған кешенді түрдегі Кирхгоф теңдігі және оның трансформатор орамдарының электрлік тепе-теңдік теңдеуінен өзгешелігі. Трансформатордың бос жүріс режимі және жүктемелік режимі үшін векторлық диаграммасы. Трансформаторлардың энергетикалық балансы. Трансформатордың бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибесі, қысқа тұйықталу кернеуінің негізгі параметрлерін анықтау. Трансформатордың эксплуатациялық көрсеткіштері. Жүктеменің шамасына және сипаттамасына қарай трансформатордың екінші кернеуінің өзгеруі. Трансформатордың сыртқы сипаттамасы.

Үшфазалы трансформаторлар. Олардың магнит өзегі конструкциясының ерекшеліктері және орамдағы асимметрия топтарына әсері. Трансформатордың орамдарын олардың жалғану сұлбасы және топтардың белгіленуі. Үшфазалы трансформаторлардың үшбұрыш және жұлдызша жалғанудың жетістіктері мен кемшіліктері. Трансформатордың параллель жұмысы. Трансформатордың параллель жұмысқа қосылудың керектілігі және қосылу шарты. Трансформатордың кернеуін реттеу. Симметриясыз жүктемедегі үшфазалы трансформатордың жұмысы. Үш орамды трансформаторлар. Автортрансформаторлар. Арнайы трансформаторлар. Кернеу мен токты өлшегіш трансформаторлар. Олардың конструкциялы және эксплуатациялық ерекшеліктері. Балқытып қосу трансформаторлары.

Асинхронды машиналар. Айнымалы ток машиналарының арналымы және пайдалану аймағы. Асинхронды қозғалтқыштар. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторының конструкциясы. Материалы және оларды дайындау технологиясы. Асинхронды қозғалтқыштың статор мен роторының орамдарының типі және олардың негізгі параметрлері. Асинхронды қозғалтқыштың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру принципі. Асинхронды күштің магниттеуші күштері. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Асинхронды электр қозғалтқышы электрлік тепе-теңдігінің теңдеулер жүйесі. Трансформаторға келтірілген асинхронды қозғалтқыш. Асинхронды электр қозғалтқышының роторы қозғалмай тұрғандағы электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Келтірілген асинхронды қозғалтқыштың Т-тәріздес және Г-тәріздес орынбасар сұлбасы. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы. Асинхронды қозғалтқыштың моменті. Асинхронды қозғалтқышты электромагниттік моментінің жалпы көрсетілуі. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс сипаттамасы.

Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштар және олардың пайдалану саласы. Конструкциялық ерекшеліктері. Жұмыс принципі.

Синхронды машиналар. Синхронды машиналардың арналымы, типі және құрылысы. Айқындалған полюсті және айқындалмаған полюсті синхронды машиналар. Синхронды генератормен айналатын біліктің механикалық энергиясы. Электр энергияға түрлену принципі. Якорь реакциясының ұғымы. Айқындалмаған және айқындалған полюсті синхронды генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Айқындалмаған полюсті және айқындалған полюсті синхронды генератордың орынбасар эквивалентті сұлбасы және олардың параметрлері. Синхронды генератордың сипаттамасы. Бос жүріс, қысқа тұйықталу, жүктемелік, сыртқы және реттейтін сипаттамалары. Синхронды машинаның қысқа тұйықталу қатынасы. Синхронды генераторлардың жүйемен параллель жұмыс істеуі. Шарты және оның қосылу тәсілі. Үшфазалы синхронды қозғалтқыш. Синхронды қозғалтқыштың электр энергиясының айналатын біліктің механикалық энергиясына түрлену принципі. Асинхронды қозғалтқыштың алдында синхронды қозғалтқыштың жетістігі мен кемшілігі. Синхронды қозғалтқыштың электромагниттік қуаты және моменті. Синхронды қозғалтқыштарды жүргізу тәсілі. Синхронды қозғалтқыштың реактивті қуаттың компенсаторы режиміндегі жұмысы.

Тұрақты ток машинасы

Тұрақты ток машинасының арналымы және пайдалану саласы. Тұрақты ток машинасының құрылысы. Тұрақты ток машинасының конструкциялық элементтерінің арналымы. Тұрақты ток генераторы мен қозғалтқышының жұмыс істеу принципі. Тұрақты ток машинасының магнит тізбегі. Магнит тізбегінің негізгі есептеулері. Тұрақты ток машинасының негізгі орамы. Тұрақты ток машинасындағы якорь реакциясы. Геометриялық және физикалық нейтралды ұғымы. Машинаның жұмысына якорь реакциясының әсері. Тұрақты ток машинасындағы коммутация және оның пайда болуы. Коммутациялық процестің мәні. Коммутацияны жақсарту тәсілдері. Тұрақты ток машинасының қоздыру жүйелері. Тұрақты ток генераторы. Тұрақты ток машинаның якорь орамындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты генераторлардың электрлік сипаттамалары.

Тұрақты ток қозғалтқыштары. Тұрақты ток қозғалтқышының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Тұрақты ток қозғалтқышының жылдамдық сипаттамасы. Момент теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының якоры мен түзілген электромагнитті момент. Әртүрлі жүйелі қыздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сипаттамасы. Тұрақты ток қозғалтқышының жүргізу реверс принциптері және айналу жылдамдығын реттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Костенко М.П., Пиотровский Л.М. «Электрические машины», ч.1,2 М.: Энергия, 1972.1973

2 Вольдек А.И. Электрические машины. Л.: Энергия, 1978

3 Электротехнический справочник. В трех томах. М.: Энергия, 1980

4 Тихомиров П.М. Расчет трансформатора. М.: Энергия, 1970

5 Жерве Г.К. Расчет асинхронного двигателя при перемотке. Л.: Энергия, 1967

6 Сергеев П.С., Виноградов Н.В., Горяинов Ф.А. Проектирование электрических машин. М.: Энергия, 1969

7. Калыков Б.Р., Омирзаков Ш.О., Сылкин М.И., Электрмашиналары Алматы 2005г.

 

3.2 Электрмеханика, технологиялық кешендердің автоматизациясы және электр жетегі.

Энергияның электрмеханикалық және электрлік түрленуі. Электр энергетикасының негізі электрлік машиналар. Тұрақты және айнымалы ток электр машиналарының пайдаланылу аумағы. Техникалық прогресстегі электрлікмашина құрастырудың атқаратын маңызды ролі.

Энергияның түрлену үрдісінің математикалық жазылуы. Жалпыланған электрмеханикалық түрлендіргіш. Тұрақты және айнымалы ток электр қозғалтқыштарының электрмеханикалық қасиеттері. Энергияның түрлену режимдері. Электрмеханотроника – электрмеханикалық, электрондық және компьютерлік құрылғылардың бір жүйеге қосылуы. Электромеханотронды жүйелердің құрылғысы және құру принциптері, түрлері, пайдалану аумағы. Энергияның электрмеханикалық түрлену процесстерін басқару.

3.3. Электрлік оқшаулама және кабелді техника.

Электрлік оқшаулама. Электрмеханикалық бұйымдар мен құрылыстарды өндірудегі электрлік оқшаулама материалдардың мәні. Диэлектриктер мен басқарылатын диэлектриктер, электрфизикалық сипаттамалары бойынша классификациялануы. Электрлік оқшауламаның жұмыс істеу жағдайы. Оқшауламаға әсер ететін жүктемелердің классификациялануы – электрлік, температуралық, механикалық және т.б.

Жоғары вольтты оқшауламалы конструкциялар. Жоғары вольтты изоляторлардың, электр машиналардың, трансформаторлардың, конденсаторлардың классификациялары және оларға қойылатын талаптар.

Электрмагниттік энергияны тасымалдаудағы - кабелдік бұйымдар. Конструктивтік элементтер құрамы бойынша, оқшаулама материалы мен тағайындалуы бойынша және пайдалану аумағы бойынша кабелдердің классификациялануы. Кабелдердегі электрлік, жылулық және электрмагниттік өрістер. Кабелдерге пайдаланылатын материалдар.

3.4 ЭЛЕКТРТЕХНИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕР

Электртермиялық құрылғылардағы жылу тасымалдау теорияла-рының негіздері. Жылу техникалық материалдар. Физика – техникалық негіздері және кедергілердің электртер-миялық құрылғылаының классификациясы. Индукциялық қызудың физикалық негізі, индукциялық қондыр-ғылар классификациясы. Индукциялық қондырғылардың қорек көзі. Индук-циялық қондырғылардың автоматты басқару жүйесі. Диэлектриктерді жоға-ры жиілікпен қыздырудың физикалық негізі. Диэлектрикті қыздыру қондырғысы және сұлбасын тұрғызудың принципі. Электрдоғалық разрядтың қасиеті және теориялық негізі. Электр доғаның тұрақтылығы және параметрлерін реттеу. Доғалық пеш-тердің классификациясы. Доға пештерінің негізгі электржабдықтары. Доға пештерінің сипаттамалары және жұмыс режимдері. Электрлік доғамен балқытып біріктіру қондырғысы. Доғалық қондырғыларды автоматты басқару. Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері. Элек-тролизді өндірістік қондырғылар. Металдарды электрхимиялық және элек-трофизикалық өңдеу тәсілдері. Электргидравликалық өңдеу қондырғылары. Ультрадыбысты электртехнологиялық қондырғылар. Магнитті және магнитті импульсті өңдеу құралдары. Төмен температуралы плазма алу үшін қондырғы және олардың қолдану аумағы. Плазмалық өндірістік қондырғылар. Элетронды-сәулелі қыздыру қондырғылары. Оптикалық кванттық генераторлар (лазерлер). Электронды-ионды технология. Электрстатикалық өндірістік қондырғылар.

Электрлік жетектің жұмысы және оған қойылатын талаптар. Автоматтандырылған электр жетектің өндірістегі алатын орны. Автоматтандырылған электр жетектің құрылымдық сұлбасы. Электр жетектердің классификациялануы. Электр жетегіне әсер ететін моменттер мен күштер.Электр жетектегі қозғалтқыштар және өндірістік механизмдердің сипаттамалары.Электр жетегінің механикалық бөлігінің кеңейтілген есептік сұлбасы. Электр жетегінің қозғалыс теңдеуі. Электрмеханикалық жүйелердің статикалық және динамикалық қасиеттері. Электр жетектің координаттарын реттеу. Реттелетін электр жетектің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері. Тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарын реттеудің тәсілдері. Өндірістік механиздер үшін электр жетек жүйесін таңдау. Электрмеханикалық жүйелерді автоматты түрде басқару. Басқарудың релелік-түйіспелік сұлбасы. Автоматты басқарудың тұйықталған және ажыратылған жүйелері. Электрмеханикалық жүйелердің энергетикасы. Энергия шығыны және реактивтік қуатты түтыну. Шығынды төмендету әдістері. Электр жетегінің жұмыс режимдері. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және қайталанбалы-қысқа мерзімді жұмыс режимдеріне қозғалтқыштардың қуатын таңдау. Автоматтандырылған электр жетектің жетілдірілген жүйелері және олардың келешектегі дамуы. Тұрақты және айнымалы ток машиналарын күштік түрлендіргіштік басқарудың құрылысы. Электр жетектерін элекиронды және компьютерлік басқару. Электрлік көлік. Қалалық электрлік көлік, метрополитен. Өндірістік электрлік көлік.

3.5. ЖАРЫҚТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІ

Спектрдің оптикалық аумағының сәуле шашуы. Материалдар-дың оптикалық және жарықтехникалық сипаттамалары. Жылулық, люми-несцентті және еріксіз сәуле шығару. Сәуле шығаруды түрлендірудің негізгі заңдары. Түс және түсті есептеу. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Фотометрияның метрологиялық негіздері. Сәуле шығаруды қабылдағыштар және фото-метриялық қондырғылардың оптикалық жүйесі. Фотометрияның әдістері. Сәуле шығару көздері. Оптикалық сәуле шығарудың жылулық көздері. Оптикалық сәуле газоразрядты көздері. Жарықтың импульсті көздері. Лазерлер. Жарық аспаптары. Элементарлы шағылысу теориясы. Жарық аспаптарының жылулық есебі. Жарық аспаптарының жарық күшінің қисығы. Жіберуді реттеуші аппараттар. Газоразрядты лампалардың электр тізбегінің элементі ретіндегі сипаттамасы. Жұмыс режимін тұрақтан-дыру шарты. Газоразрядты лампалардың жұмысын тұрақтандыру және жағу сұлбасы. Жарықтехникалық қондырғылар. Жарықтандырушы қондырғы-ларды ормалау. Жарық беру сапасы. Жарықтехникалық есептеудің негізгі ережелері. Жарық беруші тораптың конструктивті орындалуы және қорек-тендіруші сұлбасы. Жарық беруші қондырғыларды пайдалану. Өндірістік ғимараттардың өндірістік бөлмелерін жарықтандыру. Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру. Қалалық сыртқы жарықтандыру және ғимарат сыртындағы жарықтандыру жұмыстары. Спорттық және ойын-сауық ғимараттарды жарықтандыру. Аэропорттардың, мұхиттың, теміржолдың және автотранспорт-тардың жарық қондырғылары.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

Негізгі

1. Копылов И.П. Электрические машины. М.: Высшая школа, Логос, 2000.

2. Проектирование электрических машин. /Под общей редакцией И.П.Копылова.-М.: Энергия, 2002.

3. Шоланов К.С. Основы мехатроники и робототехники. Алматы, Эверо, 2005.

4. Богородицкий Н.П. и др.- Электротехнические материалы: Учебник-Л.: Энергоатомиздат,1995.-304 с.

5. Привезенцев В.А.,Ларина Э.Т. Силовые кабели и высоковольтные кабельные линии.-М.: Энергия,1986.-424 с.

6. Ильинский Н.Ф. Основы электропривода. – М.: Изд. МЭИ, 2003.

7. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. – М.: Колос, 1982. – 272 с.

8. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. – М.: Агропром-издат, 1991. – 239 с.

9. Баев В.И. Практикум по электрическому освещению и облучению. – М.: Агропромиздат, 1991. – 197 с.

10. Өтешев Ө., Сейітов І.А. Электрлік жарықтандыру. – Алматы: Қазмемагру, 2000. – 180 бет /Оқу құралы Ө.Өтешевтің редакциясымен.

11. Болотов А.В., Щепель Г.А. Электротехнологические установки: Учебеник для вузов. – М.: Высш.шк., 1988. -336с.

12. Автоматическое управление электротермическими установками: Учебник для вузов /Под ред. А.Д.Свенчанского. – М.: Энергоатомиздат, 1990.

13. Электротермическое оборудование: Справочник /Под ред. А.П.Альтгаузена. – М.: Энергия, 1980. – 487 с.

14. Өтешев Ө.Ө., Жексембиева Н.С. Электр-технологиялық қондырғылар: /Оқу құралы Ө.Өтешевтің редакциясымен. – Алматы: 2008. – 130 бет.

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)