|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мамытов Марат ТемировичтанАрыз Сізден қылмыстық сот өндірісінің тілін мемлекеттік қазақ тілінен, мен ол тілді еркін меңгере алмайтыныма байланысты, орыс тіліне өзгертуіңізді сұраймын, аудармашы қажет емес. ҚР ҚПК 30-бабына сәйкес маған менің құқықтарым мен тіндеттерім түсіндірілді: 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттiк тiлмен бiрдей орыс тiлi немесе басқа да тiлдер қолданылады. Құқықтарым мен міндеттерім түсіндірілді_________Мамытов М.Т. 18.10.2014ж Арызды қабылдады: Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев
Қылмыстық сот өндірісінің тілін өзгерту туралы ҚАУЛЫ 18.10.2014ж Алматы қ. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев №1234 қылмыстық іс материалдарын хаттамалық түрде қарап шығып, АНЫҚТАДЫМ: 18.10.2014 жылы, сағат 12.30-да «Атакент» саябағының орталық кіру жерінің аумағында Алматы қ, ІІД ЕҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында1990 жылы туған, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер мекен-жайы бойынша тұрып жатқан азамат Мамытов Марат Темирович ұсталды, жеке тінту кезінже М.Т. Мамытовтан есірткі заты анықталды және алынды. Мамытов М.Т. Алматы қаласында туған, мектепті және институтты орыс тілінде бітірген, осы тілді жетік меңгерген. Осыны және ҚР ҚПК 30-бабының 2-бөлігі, 198-бабының негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Осы қылмыстық іс бойынша қылмыстық сот өндірісінің тілін орыс тіліне өзгерту. 2. Енгізілген өзгертулер туралы мүдделі тұлғаларға ескерту, бұл туралы оларға осы қаулыға қол қою арқылы хабарлау.
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев Қаулымен танысты: Мамытов М.Т. «__»___________20__ж. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ бастығы Полиция полковнигі Б.Х. Ахметовке Мамытов Марат Темировичтан Арыз Маған, маған қатысты қылмыстық сот өндірісін жүргізу барысында өз құқықтарын қорғау үшін қорғаушының білікті заң көмегін беруіңізді сұраймын. Өз қолыммен жазылды.
18.10.2014ж. _________________ (подпись)
Арызды қабылдады:
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев
Алматы қ. Қалалық Адвокаттар Коллегиясы
ОРДЕР №____________567________
20.11.2014 жылдан
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишевтің қаулысына негізделген, №4321 12.08.2015 жылдан адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар адвокат Т.К. Суликбаевқа берілді, сотқа дейінгі тергеу сатысында ҚР ҚПК 67-бабының тәртібімен азамат М.Т. Мамытовтың құқытары мен мүдделерін қорғау бойынша қылмыстық іс жүргізу тапсырылады.
Алматы қ., заңдық кеңес басшысы Губерман Р.А.
Қорғаушыны тарту туралы Қаулы 18.10.2014ж Алматы қ.
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев, №1234 қылмыстық ісінің материалдарын хаттамалық нысанда қарап шығып, АНЫҚТАДЫМ: 18.10.2014 жылы, сағат 12.30-да «Атакент» саябағының орталық кіру жерінің аумағында Алматы қ, ІІД ЕҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында1990 жылы туған, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер мекен-жайы бойынша тұрып жатқан азамат Мамытов Марат Темирович ұсталды, жеке тінту кезінже М.Т. Мамытовтан ұнтақ тәріздес, спецификалық иісі бар полиэтиленді пакетке салынған есірткі заты анықталды және алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында М.Т. Мамытовтан ақысын өзі төлейтін қорғаушының керектігі туралы арыз келіп түсті. Осының негізінде және ҚР ҚПК 67, 198 –б. басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. №1234 хаттамалық нысандағы қылмыстық іске қорғаушы ретінде Алматы қ Қалалық адвокаттар коллегиясының заңгері Т.К. Суликбаевты тарту, ол туралы оған осы қаулыға қол қойғызу арқылы хабарлау. 2. 1986 жылы туған Суликбаев Таир Кондыбаевичке құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. 3. Қатылданған ишешім туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарлау.
Бостандық ІІАБ АБ анықтаушысы Полиция аға лейтенанты Б.Бекишев
Қаулы маған 18.10.2014 ж хабарланды және ҚР ҚПК 66, 67,67 –б көлделген құқықтарым мен міндетерім түсіндірілді. Қорғаушы: Суликбаев Т.К. Қаулы маған хабарланды 18.10.2014 ж Күдікті: Мамытов М.Т. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев
Жеке тұлғаны қарау хаттамасы 18.10.2014 Алматы қ. Басталуы: 12 сағ. 30 мин. Аяқталуы: 12 сағ. 45 мин. Менімен, Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишевпен, ҚР ҚПК 199-б сәйкес куәгерлердің қатысуымен: 1) Мерекенов Аскар Талгатович Алматы қ, Брусиловский к-сі, 45п, 12, т. 67-89-50 2) Кусаинов Марат Олегович Алматы қ, Монгольская 45 к-сі, ұ.т. 8-701-23-45-678; және Алматы қ., ІІД ЖКБ аға маман криминалисті полиция капитаны Т.С. Ғалымбаев және Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел уәкілі полиция капитаны Л.Р. Макеевтің қатысуымен ҚР ҚПК 132, 199, 255, 256-баптарының талаптарына сәйкес, 1990 жылы туған, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер мекен-жайы бойынша тұрып жатқан азамат Мамытов Марат Темировичтің жеке басын қарау хаттамасы жасалды. Куәгерлерге тергеу әрекеті басталмас бұрын ҚР ҚПК 82-бабына сәйкес құқытары түсіндірілді, яғни тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға;тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға;өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар және міндеттері қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуге;тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысуға;тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыруға; Келуден немесе өз міндеттерін орындаудан негізді себептерсіз бас тартқан не жалтарған жағдайда әкімшілік жауаптылықта болады. Куәгерлер: 1) ________________ Мерекенов О.Т. 2)________________ Кусаинов М.О. Маман Т.С. Ғалымбаевқа ҚР ҚПК 80-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді және оған өз міндеттерін негізді себептерсіз орындаудан бас тартқаны үшін немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы ескертілді. Маман (криминалист) __________________ Ғалымбаев Т.С. Қараумен анықталды: 1990 жылы туған Алматы қ., Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер мекен-жайы бойынша тұрып жатқан Мамытов Марат Темирович қарау кезінде бойы 176 см, арық. Үстіне қара түсті қысқа күртеше киген, бұтында «Lewis» джинсиі, джинсиге салынған қызыл торлы көйлек,көйлектің алдыңғы жағында кеуденің оң және сол жағында орналасқан екі қалтасы бар. Дененің ашық мүшелерін қарау кезінде ешқандай татуировка, тыртық және өзге де ерекшелінген белгілер жоқ. Қалтасындағы барлық заттарды «Ауди» маркілі машинасының үстіне шығар деген ұсынысқа М.Т. Мамытов көйлегінің сол жақ қалтасынан тік төртбұрышты 30х50 мм размерлі жоғарғы бөлігінде жабылатын, ішінде спецификалық иісі бар, түйіршік түріндегі ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилендіпакетті алып шықты. Бұл қандай зат деген сұраққа М.Т Мамытов қай жерден тапқанын ұмытып қалғанын, даладан тауып алған және өзі қолдану үшін сақтап жүрген «героин» екендігін айтты. М.Т. Мамытовтың арызын ескере отырып, оған онң қолының терісін және тырнағын кесіп алуға және тырнақ асытндағы заттарды алуға ұсыныс жасады және ол оған келісті. Сонымен қоса, ол оң жақ қалтасынан «LG» маркілі телефонды және 3 кілттен тұратын кілттер бауынмашина үстіне алып шықты. Жеке тұлғаны қарау барысында анықталды: - Ішінде заты бар анықталған полиэтиленді пакет. Пакет куәгерлердің қатысуыменсуретке түсірілді, содан кейін ол қағаз клнвертке салынып, №45 мөрмен мөрленді және куәгерлердің және М.Т. Мамытовтың қолдарымен расталды. Қарау барысы, «Sony» цифрлі фотоаппаратына бекітілді, барлық анықталған және алынған объектілер дұрыс суретке түсірілді. Қарау жүргізу барысында қатысушы тұлғалар тарапынан ешқандай арыздар, ұсыныстартүскен жоқ. Хаттама дауыстап оқылды, ешқандай толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жоқ. Куәгерлер: 1) ________________ Мерекенов О.Т. 2)________________ Кусаинов М.О. Маман-криминалист__________________ Ғалымбаев Т.С. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция капитаны_________________ Макеев Л.Р.
Хаттаманы жасаған Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
ҚОЛХАТ Сотқа дейінгі тергеудің мәліметерін жариялауға жол бермеу туралы ескерту 18.10.2014 ж. Алматы қ.
Мен, Мамытов Марат Темирович, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер, мекен-жайы бойынша тұрамын, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес Алматы қ., прокурорының және осы іс бойынша анықтаушының келісімінсіз СДТБТ №1234 18.10.2014 жылғы тіркелген, мемлкеттік құпияны құрайтын және маған қатысты қылмыстық істі жүргізуге қатысты маған белгілі болған осы іс бойынша бар мәліметтерді жариялауға жол бермейтіндігі туралы ескертілдім. Қылмыстық іс бойынша мәліметтерді прокурордың және анықтаушының рұқсатынсыз жариялағаны үшін ҚР ҚК 443-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартыландығым туралы ескертілдім. _________________Мамытов М.Т. Қолхат алдым
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
ҚОЛХАТ Сотқа дейінгі тергеудің мәліметерін жариялауға жол бермеу туралы ескерту 18.10.2014 ж. Алматы қ.
Мен, Ғалымбаев тахир Салимович, Алматы қаласы, Макаев көшесі 45, 61 пәтер, мекен-жайы бойынша тұрамын, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес Алматы қ., прокурорының және осы іс бойынша анықтаушының келісімінсіз СДТБТ №1234 18.10.2014 жылғы тіркелген, мемлкеттік құпияны құрайтын және маған қатысты қылмыстық істі жүргізуге қатысты маған белгілі болған осы іс бойынша бар мәліметтерді жариялауға жол бермейтіндігі туралы ескертілдім. Қылмыстық іс бойынша мәліметтерді прокурордың және анықтаушының рұқсатынсыз жариялағаны үшін ҚР ҚК 443-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартыландығым туралы ескертілдім. _________________Ғалымбаев Т.С. Қолхат алдым
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Сот-химиялық сараптама туралы ҚАУЛЫ 18.10.14ж. Алматы қ.
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев №1234 қылмыстық іс материалдарын хаттамалық түрде қарап шығып, АНЫҚТАДЫМ: 18.10.2014 жылы, сағат 12.30-да «Атакент» саябағының орталық кіру жерінің аумағында Алматы қ, ІІД ЕҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында1990 жылы туған, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер мекен-жайы бойынша тұрып жатқан азамат Мамытов Марат Темирович ұсталды, жеке тінту кезінже М.Т. Мамытовтан есірткі заты анықталды және алынды. Қылмыстық іс жүргізуге маңызды мән-жайларды анықтау үшін арнайы білімнің қажеттігін ескере отырып, ҚР ҚПК 272-бабын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1) Сот-химиялық сараптама тағайндау және оны жасау үшін Алматы қ., ҚР ӘМ сот сараптамасы институтының сарапшыларын тарту. 2) Сарапшыға шешу үшін мына сұрақтарды қою: - Азамат М.Т. Мамытовтан алынған зат есірткі болып табылады ма? Егер есірткі болса, онда қандай түрә және салмағы қанша? 3) Зерттеу үшін сарапшыға беру: - Осы хаттамаынң көшірмесін; - Куәгерлер қолымен және Алматы қаласы ІІД ЕКҚБ «Пакеттерге арналған» мөрімен мөрленген полиэтиленді пакеттің біреуін беру. Зерттеу жүргізіп, қорытынды жасау үшін ұажетті мөлшерде затты жоюға рұқсат етемін. 4) Маманға оның ҚР ҚПК 79-бабында көрсетілген құқытары мен міндеттерін және ҚР ҚК 420-бабына сәйкес жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескерту. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев Сараптаманы тағайындау туралы қаулымен танысқандығы туралы ХАТТАМА 18.10.2014ж. Алматы қ.
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев ҚР ҚПК 198, 199, 274-баптарын басшылыққа ала отырып, күдіктіні (айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні және олардың заңды өкілдерін) М.Т. Мамытовты және оның қорғаушысы Т.К.Суликбаевті 18.10.2014 ж. тағайындалған сот-химиялық сараптама туралы қаулымен таныстырғандығы туралы осы хаттаманы жасадым және оның құқықтарын түсіндірдім: 1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады; Сараптама тағайындау туралы қаулымен танысып азамат М.Т. Мамытов және оның қорғаушысы ешқандай арыздары мен ұсыныстарының жоқ екендігін айтты. Қаулымен танысқан тұлғаның қолы____________Мамытов М.Т. Қорғаушы: ____________ Суликбаев Т.К. Заңды өкіл (куәнің, жәбірленушінің) ____________ Құқықтарын түсіндірдім және хаттама жасадым Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев ҚОЛХАТ Сотқа дейінгі тергеудің мәліметерін жариялауға жол бермеу туралы ескерту 18.10.2014 ж. Алматы қ.
Мен, Акселиева Алмагуль Темировна, Алматы қаласы, Макаев көшесі 45, 61 пәтер, мекен-жайы бойынша тұрамын, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес Алматы қ., прокурорының және осы іс бойынша анықтаушының келісімінсіз СДТБТ №1234 18.10.2014 жылғы тіркелген, мемлкеттік құпияны құрайтын және маған қатысты қылмыстық істі жүргізуге қатысты маған белгілі болған осы іс бойынша бар мәліметтерді жариялауға жол бермейтіндігі туралы ескертілдім. Қылмыстық іс бойынша мәліметтерді прокурордың және анықтаушының рұқсатынсыз жариялағаны үшін ҚР ҚК 443-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартыландығым туралы ескертілдім. _________________Ғалымбаев Т.С. Қолхат алдым
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Сарапшы қорытындысымен танысқандығы туралы ХАТТАМА 18.10.2014 ж. Алматы қ. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев ҚР ҚПК 198, 199, 274-баптарын басшылыққа ала отырып, күдіктіні (айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні және олардың заңды өкілдерін) М.Т. Мамытовты және оның қорғаушысы Т.К.Суликбаевті 18.10.2014 ж. №330 сарапшы қорытындысымен таныстырдым жәнеоның құқықтарын түсіндірдім: 1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады; Және де ҚР ҚПК 284-б көзделген егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзінің алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнаулы ғылыми білiмдерiнiң аясынан тыс екенiне немесе өзіне ұсынылған зерттеу объектілері не материалдары қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екенiне және толықтырыла алмайтынына не ғылым мен сот сараптамасы тәжiрибесiнiң жайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жеткізсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабар жазып, оны сараптама тағайындаған адамға жiбередi. Сарапшы қорытындысымен танысып күдікті және оның қорғаушысы ешқандай арыздар мен ұсыныстардың жоқтығын айтты. Қаулымен танысқан тұлғаның қолы ____________Мамытов М.Т. Қорғаушы: ____________ Суликбаев Т.К. Құқықтарын түсіндірдім және хаттама жасадым Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
ҚАУЛЫ 18.10.2014ж Алматы қ. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев №1234 қылмыстық іс материалдарын хаттамалық түрде қарап шығып, АНЫҚТАДЫМ: 18.10.2014 жылы, сағат 12.30-да «Атакент» саябағының орталық кіру жерінің аумағында Алматы қ, ІІД ЕҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында1990 жылы туған, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер мекен-жайы бойынша тұрып жатқан азамат Мамытов Марат Темирович ұсталды, жеке тінту кезінже М.Т. Мамытовтан ұнтақ тәріздес, спецификалық иісі бар полиэтиленді пакетке салынған зат анықталды және алынды. Жүргізілген сот-химиялық сараптамамен ұнтақ жалпы салмағы 0,5 гр болатын «Героин» деп танылды. Жоғарыда көрсетілген зат осы сотқа дейінгі тергеуде заттай дәлелдеме бола алатындығын ескере отырып және ҚР ҚПК 118, 198, 221-б басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Жүргізілген сот-химиялық сараптамамен ұнтақ жалпы салмағы 0,5 гр болатын «Героин» деп танылған, ұнтақ тәріздес, спецификалық иісі бар затты заттай дәлелдеме деп тану және іске қосу. 2. Жоғарыда көрсетілген затты Алматы қ, ІІД ЕҚКБ заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына сақтау үшін беру.
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Мүлітің сақталуы туралы ҚОЛХАТ 18 қазан 2014ж. Алматы қ. Мен, полиция старшинасы П.И.Матузов Алматы қ., ІІД ЕКҚБ заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына жауаптымын, Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б.Бекишевтен СДТБТ №1234 тоғыз пакет көлемінде, яғни азамат М.Т. Мамыиовтан алынған жалпы салмағы 5 гр құрайтын героині бар полиэтиленді пакетті сақтауға қабылдағаным туралы осы қолхатты беремін. ҚР ҚК 425-бабы бойынша тыйым салынған мүлікті таратқаны, жасырғаны немесе заңсыз бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.
Алматы қ.,ІІД ЕКҚБ Сақтау камерасына жауапты П.И.Матузов
Күдіктіден жауап алу ХАТТАМАСЫ 18 қазан 2014ж. Алматы қ. Жауап алу басталды 12 сағат 50 минут Жауап алу аяқталды 13 сағат 50 минут Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев ҚР ҚПК 209, 210, 212, 216 баптарының талаптарын сақтай отырып, Алматы қ., ІІД ЕКҚБ №49 бөлмесінде күдікті ретінде жауап алды:
1. Аты-жөні, тегі: Мамытов Марат Темирович 2. Туған күні: 1 қараша, 1990 жылы 3. Туған жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 4. Ұлты: қазақ 5. Білімі: жоғары техникалық 6. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы 7. Отбасы жағдайы: үйленбеген 8. Соттылығы: жоқ 9. Тұрғылықты жері немесе тіркелген жері: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123,12 Телефон: 3-45-67-90, ұ.т. 8-777-026-7123 e-mail: dostar @mail.ru 10. Жұмыс орны (оқу): уақытша жұмыссыз 11. Әскери міндеттілігі: әскери міндетті, Алматы қ., Бостандық ауданының әскери тізімінде тұр 12. Паспорт немесе жеке басын куәландырамтын өзге де құжаттар: жеке куәлік №234876531 12.12.2012жылдан. 13. Күдікті тұлғасы туралы өзге де мәліметтер________________________________________________________________________________________________________________ Қорғаушы Суликбаев Т.К. Қатысушыларға дыбыс жазушы техникалық құрал қолданылатындығы туралы ескертілді: «Sony» магнитафоны және 60 мин көлемді NDK аудиокасетасы. Жауап алудың алдында маған ҚР ҚПК 64-бабында көрсетілген құқытарым түсіндірілді, олар: 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; Күдікті: ________________ Мамытов М.Т. ҚР ҚПК 216-бабына сәйкес М.Т. Мамытовқа ҚР ҚК 296-баьының 3-бөлігінде көрсетілген ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау қылмыстық теріс қылығы бойынша күдіктенетіндігі туралы хабарланды. Күдікті: ________________ Мамытов М.Т. Жауапты өзім еркін меңгеретін орыс тілінде беруді қалаймын және аудармашыны қажет етпеймін. Күдікті: ________________ Мамытов М.Т. Күдік мәні бойынша келесілерді көрсете аламын: 2014 жылдың 10 және 14 қазан аралығында, дәл айта алмаймын, мен кешкі уақытта, шамамен сағат 23.00-24.00 кездерінде, Кіші станцияда тұратын достарымнан, мекен-жайы есімде жоқ,М. Горький атындағы саябақ арқылы үйге қайтып бара жаттым. Аллеямен кетіп бара жатып дәл аллеяның ортасында жалтырап жатқанбір затқа назар аудардым. Жақындап келіп полиэтиленді пакетті көрдім, оны көтеріп ішінен бір зат көрдім.Қараңғы болғандықтан мен аллея шамына жақындап келіп героинді көрдім.мен мұның героин екендігін білдім, себебі мен оның зияндығы жайды деректі фильм көргенмін.Содан кейін дәмін көрейін деп шештім.Үйге келіп интернеттен оңы қалай қолданатындығын білдім. Бір екі рет дәмін көріп, соңғы рет 18 қазанда, Атакент маңындағы достарыма юардым, сонда мені полиция қызметкерлері ұстап алды. Сұрақ: неге сіз табылған затты полицияға апармадыңыз? Жауап: Ол ойыма келмеді. Сұрақ: Ал достарыңызға оны бердіңізбе? Жауап: Жоқ, берген жоқпын. Сұрақ: Сіз нарко немесе психоневрологиялық диспансерде тізімде барсызба? Жауап: Жоқ, ондай тізімдерде тұрмаймын. Күдікті: ________________ Мамытов М.Т. Күдіктіден жауап алуды бастамас бұрын, не оның барысында, не ол аяқталғаннан кейін қатысушылар тарапынан ешқандай арыз түскен жоқ. Күдікті: ________________ Мамытов М.Т. Қорғаушы: ____________ Суликбаев Т.К. Өзге қатысушылар: ____________
Хаттама жеке оқылды________________________ (дауыстап не жеке, тергеушімен не анықтаушымен)
Хаттама бойынша ескертулар: жоқ Күдікті: ________________ Мамытов М.Т. Қорғаушы: ____________ Суликбаев Т.К.
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Куәдан жауап алу ХАТТАМАСЫ 18 қазан 2014ж. Алматы қ. Жауап алу басталды 14 сағат 45 минут Жауап алу аяқталды 14 сағат 50 минут Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенантыБ. Бекишев Алматы қ, Тиммирязев к-сі, 34 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Атакент» паркі әкімшілігінің бөлмесінде, ҚР ҚПК 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214-б басшылыққа ала отырып, ккуә ретінде жауап алды:
1. Аты-жөні, тегі: Кусаинов Марат Омарович 2. Туған күні: 29.12.1970 ж 3. Туған жері: Қазақстан Республикасы, Петропавловск қаласы 4. Ұлты: қазақ 5. Білімі: жоғары техникалық 6. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы 7. Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар 8. Соттылығы: жоқ 9. Тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Монгольская 45 к-сі 10. Байланыс телефон: 8-701-654-85-74 11. Жұмыс орны: Сбербанк, аға менеджер 12. Күдіктіге қатыстылығы: таныс емеспін. ҚР ҚПК 110, 214-б сәйкес куә М.О. Кусаиновқа ҚР ҚПК 78-б таптарын сәйкес куә ретінде жауап беруге осы қылмыстық іс бойынша маңызды мәліметтер бере алатын кез келген тұлға шақырылып, жауап алына алатындығы түсіндірілді. Мыналардан: 1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби; Куәнiң: Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді. Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды. Куә: _________________(М.О. Кусаинов) Сонымен қоса, куә М.О. Кусаинов ҚР ҚК 420, 421-б бойынша көрінеу жалған жауап бергені және жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы және негізді себептерсіз өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертілді. Куә: _________________(М.О. Кусаинов) Құқықтары және міндеттерімен танысып куә М.О. Кусаинов: «жауап беруден бас тартпаймын, жауапты өзім еркін меңгеретін орыс тілінде беруді қалаймын, аударшы қажет емес және бұл менің материалдық жағдайыма байанысты емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қажет емес», - деді. Куә: _________________(М.О. Кусаинов) Оған қылмыстық іс бойынша қойылған сұрақтарға куә М.О. Кусаинов былай деп жауап берді: 18.10.2014 ж, шамамен сағат 12.00 де мен жеке істеріммен «Атакент» саябағына келдім, орталық кіру есігінің аумағында мені таныс емес еркек тоқтатып, өзін Алматық, ІІД ЕҚКБ жедел уәкілі ретінде таныстырды. Содан кейін ол қылмыстық іске қатысуды ұсынды. Мен келістім, сосын біз жақын жерде тұрған автокөлікке жақындадық, ол жерде М.Т. Мамытов аталатын маған таныс емес тұлға менің қатысуыммен көйлегінің сол жақ қалтасынан ішінде спецификалық иісі бар, ұнтақ тәріздес полиэтиленді пакетті алып шықты. Пакет жабылатын ауызды болды. Аталған полиэтиленді пакет қағаз пакетке салынып, мөрленді және мен оған қалымды қойдым. Ұсталған М.Т. Мамытов полиция қызметкерінің бұл не зат деген сұрағына, бұл героин екендігін және оны өзі қолданатындығын айтты. Куә: _________________(М.О. Кусаинов) Жауап алды: Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Сотқа дейінгі тергеудің мәліметерін жариялауға жол бермеу туралы ескерту 18.10.2014 ж. Алматы қ.
Мен, Кусаинов Марат Омарович, Алматы қаласы, Алматы қаласы, Монгольская 45 к-сі мекен-жайы бойынша тұрамын, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес Алматы қ., прокурорының және осы іс бойынша анықтаушының келісімінсіз СДТБТ №1234 18.10.2014 жылғы тіркелген, мемлкеттік құпияны құрайтын және маған қатысты қылмыстық істі жүргізуге қатысты маған белгілі болған осы іс бойынша бар мәліметтерді жариялауға жол бермейтіндігі туралы ескертілдім. Қылмыстық іс бойынша мәліметтерді прокурордың және анықтаушының рұқсатынсыз жариялағаны үшін ҚР ҚК 443-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартыландығым туралы ескертілдім. _________________М.О. Кусаинов Қолхат алдым
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Куәдан жауап алу ХАТТАМАСЫ 18 қазан 2014ж. Алматы қ. Жауап алу басталды 15 сағат 00 минут Жауап алу аяқталды 15 сағат 25 минут Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенантыБ. Бекишев Алматы қ, Тиммирязев к-сі, 34 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Атакент» паркі әкімшілігінің бөлмесінде, ҚР ҚПК 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214-б басшылыққа ала отырып, ккуә ретінде жауап алды:
1. Аты-жөні, тегі: Мерекнов Аскар Талгатович 2. Туған күні: 12.07.1980 ж 3. Туған жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 4. Ұлты: қазақ 5. Білімі: орта 6. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы 7. Отбасы жағдайы: үйленген 8. Соттылығы: жоқ 9. Тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Брусиловский 45 к-сі, 12 п. 10. Байланыс телефон: 3-45-65-85 11. Жұмыс орны: Алматыэнерго, инжинер 12. Күдіктіге қатыстылығы: таныс емеспін. ҚР ҚПК 110, 214-б сәйкес куә О.Т. Мерекеновқа ҚР ҚПК 78-б таптарын сәйкес куә ретінде жауап беруге осы қылмыстық іс бойынша маңызды мәліметтер бере алатын кез келген тұлға шақырылып, жауап алына алатындығы түсіндірілді. Мыналардан: 1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби; Куәнiң: Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді. Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды. Куә: _________________(О.Т. Мерекенов) Сонымен қоса, куә М.О. Кусаинов ҚР ҚК 420, 421-б бойынша көрінеу жалған жауап бергені және жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы және негізді себептерсіз өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертілді. Куә: _________________(О.Т. Мерекенов) Құқықтары және міндеттерімен танысып куә М.О. Кусаинов: «жауап беруден бас тартпаймын, жауапты өзім еркін меңгеретін орыс тілінде беруді қалаймын, аударшы қажет емес және бұл менің материалдық жағдайыма байанысты емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қажет емес», - деді. Куә: _________________(О.Т. Мерекенов) Оған қылмыстық іс бойынша қойылған сұрақтарға куә М.О. Кусаинов былай деп жауап берді: 18.10.2014 ж, шамамен сағат 12.00 де мен жеке істеріммен «Атакент» саябағына келдім, орталық кіру есігінің аумағында мені таныс емес еркек тоқтатып, өзін Алматық, ІІД ЕҚКБ жедел уәкілі ретінде таныстырды. Содан кейін ол қылмыстық іске қатысуды ұсынды. Мен келістім, сосын біз жақын жерде тұрған «Ауди» маркілі, көк түсті автокөлікке жақындадық, ол жерде М.Т. Мамытов аталатын маған таныс емес тұлға менің қатысуыммен көйлегінің сол жақ қалтасынан ішінде спецификалық иісі бар, ұнтақ тәріздес полиэтиленді пакетті алып шықты. Пакет жабылатын ауызды болды. Аталған полиэтиленді пакет қағаз пакетке салынып, мөрленді және мен оған қалымды қойдым. Ұсталған М.Т. Мамытов полиция қызметкерінің бұл не зат деген сұрағына, бұл героин екендігін және оны өзі қолданатындығын айтты. Куә: _________________(О.Т. Мерекенов) Жауап алды: Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Сотқа дейінгі тергеудің мәліметерін жариялауға жол бермеу туралы ескерту 18.10.2014 ж. Алматы қ.
Мен, Мерекнов Аскар Талгатович, Алматы қаласы, Алматы қаласы, Брусиловский 45 к-сі, 12 п. мекен-жайы бойынша тұрамын, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес Алматы қ., прокурорының және осы іс бойынша анықтаушының келісімінсіз СДТБТ №1234 18.10.2014 жылғы тіркелген, мемлкеттік құпияны құрайтын және маған қатысты қылмыстық істі жүргізуге қатысты маған белгілі болған осы іс бойынша бар мәліметтерді жариялауға жол бермейтіндігі туралы ескертілдім. Қылмыстық іс бойынша мәліметтерді прокурордың және анықтаушының рұқсатынсыз жариялағаны үшін ҚР ҚК 443-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартыландығым туралы ескертілдім. _________________М.О. Кусаинов Қолхат алдым
Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев
Бекітемін Алматы қ ІІД ЕҚКБ бастығы полиция полковнигі Б.Х. Ахметов____________ «18» __10______2014____ж Куәландыру жүргізу туралы ҚАУЛЫ 18.10.2014ж Алматы қ. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты Б. Бекишев №1234 қылмыстық іс материалдарын хаттамалық түрде қарап шығып, АНЫҚТАДЫМ: 18.10.2014 жылы, сағат 12.30-да «Атакент» саябағының орталық кіру жерінің аумағында Алматы қ, ІІД ЕҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында1990 жылы туған, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 123, 12 пәтер мекен-жайы бойынша тұрып жатқан азамат Мамытов Марат Темирович ұсталды, жеке тінту кезінже М.Т. Мамытовтан ұнтақ тәріздес, спецификалық иісі бар полиэтиленді пакетке салынған зат анықталды және алынды. Азамат М.Т. Мамытовтан масаю жағдайын және іске маңызды болуы мүмкін өзге де жағдайларды анықтау үшін арнайы білім қажет. Жоғарыда алтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 198,223-б басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 1990 ж туған күдікті Мамытов Марат Темировичке Алматы қ Наркодиспансерінде куәландыру жүргізу. 2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлау. 3. Қаулы көшірмесін прокурорға жіберу. Алматы қ., ІІД ЕКҚБ жедел іздестірушісі полиция аға лейтенанты _________________ Б. Бекишев Қаулымен таныстым, құқықтарым мен міндеттерім түсіндірілді: «18» __10______2014____ж М.Т.Мамытов
Тұлғаны куәландыру ХАТТАМАСЫ
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.117 сек.) |