|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Келісім мерзімі
Кіріспе
1. Еңбек құқығы 1.1 Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік 1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары 1.3 Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар
2. Жеке еңбек шарты 2.1 Жеке еңбек шартының ұғымы 2.2 Жеке еңбек шарттың мазмұны 3. Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық 3.1. Еңбек келісімі 3.2 Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық. Кіріспе Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.» Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет. Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды. Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады. Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында. Жеке еңбек шарты тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан алынған. Бұл заңда жеке еңбек шарты туралы 2-тарауда, 9-31 баптарда қарастырылған.
1. Еңбек құқығы 1.1 Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет. Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдарды жекешелендіруді, жеке меншіктітің дамуына әкеледі. Мұның бәрі еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Соныдқтан, еңбек құқығы еңбек ету процессінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысндағы қатынастары болып табылады. Ал жалпылама алғанда еңбек құқығы дегеніміздің өзі – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы. Еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар. Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілер еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер «еңбек туралы нормативтік актілері», «еңбек туралы заң актілер», «еңбек құқығының нормативтік актілер» және т.б. деп аталады. Еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет. Олар мыналардан тұрады: 1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан; 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан; 3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан; 4. Министрліктер мен ведомстволпрдың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заң жатады, осы заң қабылданғаннан кейін мынадай заңдар өз күшін сақтаған: · 1992 жылы 4 шілде қабылданған «Ұжымдық шарт туралы» · 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы» · 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы» · 1996 жылы 8 шілде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулар мен ереуілдер туралы» · 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» заңдар.
1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары Еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – қазіргі заңдылықта бекітілген, еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар. Еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеуде басшылыққа алатын қағидалар өзге құқық салаларына тән екі топқа бөлінеді: біріншісі – салааралық, яғни басқа құқық салаларына да қатысты қағидалар, екіншісі – салалық, яғни нақты еңбек құқығының қатынастарын ғана реттейтін қағидалар. Қазақстан Республикасы Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай қағидалары баяндалған: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап); бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап); демалуға құқығы (24-бап). Бұл клнституциялық қағидалар еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық қағидаларына жатады. Ал еңбек құқығының салалық қағидалары сол құқық саласының нормаларының ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі еңбек құқығы саласынң қағидалары мынадай үш топқа бөлінеді: 1. Еңбек нарығын құқықтық ретеу саласындағы мемлекеттің саясатын білдіретін қағидалар. 2. Жұмысшылардың (қызметкердердің) еңбек жағдайларын бекітуде басшылққа аынатын қағидалар. 3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалануды құқықтық реттейтін қағидалар.
1.3 Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар Еңбектік құқықтық қатынастардың обьектісін жәе негізгі мазмұнын еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке меншіктегі ұйымдарда азаматтардың еңбегін пайдалану жөнінде қалыптасатн жеке дара да, ұйымдық та қатынастар құрайды. Еңбектік құқықтық қатынастарға жұмысшы мен жұмыс беруші қатысады. Бұлардың қарым-қатынасы келісімдік-шарттық негізде құрылады. Еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән мынадай белгілер болады. Біріншіден, бұл қатынастар кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі еңбек тәртібінің шегінде жүреді; Екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы белгілі бір еңбек ұжымына кірген кезде ғана пайда болды. Үшіншіден, жұмысшының еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен белгілегенеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметке тұруы жөнінде бұйрық шығарылады). Төртіншіден, еңбек қатынастары сол жұмысшының белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратын, ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстық орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді. Ал, жеке еңбекке негізделеген еңбек түрлерін, еңбеқ құқығының нормаларымен реттелмейді.Алайда еңбек авторлары белгілі бір ұжымында қызмет істесе, онда олардың еңбегі еңбектік-құқықтық қатынастарға жатады. Еңбектік құқықтық қатынастарды еңбек құқығының піне ретінде танығанда барлық еңбек түрі жөнінде сөз болмайды, яғни еңбек құқығының нормалары барлық еңбек түрін реттей бермейді, ол тек жалдамалы еңбекке негізделгендерін ғана реттейді. Демек, еңбектік қатынастарға жалданып еңбек етуге байланысты қатынстардың ьарлығы кіреді және сондай қатынастарға байланысты, солардан пайда болатын қатынастар да кіреді. Яғни, еңбек құқықтық қатынастары екі түрлі болады: 1. негізгі еңбектік құқықтық қатынастары 2. туынды еңбектік құқықтық қатынастары
2. Жеке еңбек шарты 2.1 Жеке еңбек шартының ұғымы Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша пошымда жасалатын екіжақты келісім. Жеке еңбек шарты еңбек құқықығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдағы ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостаныдығын еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізде алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады. Жеке еңбек шарты дегеніміз – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырп, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Еңбек құқығы ғылымы жалпы еңбек шарты деген түсінікті өзара байланысты үш түрлі мағынада қарастырады, біріншіден, еңбек шарты дегеніміз – азаматтардың еңбек ету құқықығын жүзеге асыру жолы болып табылады, екіншіден, еңбек шарты – еңбек құқықытық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады, үшіншіден, азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады. Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі формасына жеке еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек жеке еңбек шартын жсасасу арқылы ғана жұмысшы ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек шартын жасасқан күннен бастап жұмысшыға барлық еңбек заңдары және сол ұйымда қабылданған локальдық нормалар қолданылады. Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында. Мысалы, басқа жұмысқа ауыстыру еңбек қатынасының өзгеруін, ал еңбек шартының тоқтатылуы еңбек қатынастарының жойылуына көрсетеді. Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің шығаратын актілері (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).
2.2 Жеке еңбек шарттың мазмұны Жеке еңбек шартының мазмұны – еңбек нарығында оның тараптарының жұмысшы мен жұмыс берушінің екіжақты келісіміне байланысты құрылады. Жеке еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жағдайларын екі топқа бөоуге боады: міндетті және қосымша (факультативті) еңбек жағдайлары. Жеке еңбек шартының міндетті жағдайларны сол шарттың мамұнын құрайтын кез-келген еңбек жағдайлары жатады. Мысалы, жұмыс орны, қызмет түрі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмысшының еңбек ақысы. Ал, қосымша жағайларға қызметкер мен берушінің қосымша тілектерінен туындаған жағдайлар жатқызылады, мысалы, сынақ мерзімін тағайындау немесе коммерциялық құпияны сақтау міндетті. Міндетті еңбек жағдайлары да, қосымша еңбек жағдайлары да еңбек шартының өзгеруіне, тоқтатылуына бірдей әсер ете алады және шарт жасасушы тараптар міндетті еңбек жағдайларын да, қосымша еңбек жағдайларын да бірдей орындауға міндетті. Жеке еңбек шартын жасасу барысында жұмыс беруші қызметкерден еңбек кітапшасын, жеке басының куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжыттарын талап етуге құқылы. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы – О труде в Республике Казахстан. Заңындағы жеке еңбек туралы шарт мәліметтер 2-тарауды қамтиды. Бұл тарауда 9-31 баптар, яғни 22 бап бар. 2-тарау. Жеке кңбек шарты 9-бап. Жеке еңбек шартының мазмұны 1. Жеке еңбек шартында: 1) тараптардың реквизиттері; 2)еңбек міндеті; 3) жеке еңбек шартының мерзімі; 4) Еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн; 5)еңбек жағдайларының сипаттамалары; 6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі; 7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары; 8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; 9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері; 10) жеке еңбек шартының өзгерту, бұзу, ұзарту тәртібі; 11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі; 12) тараптардың жауапркешілігі көрсетілу тиіс; 10-бап. Жеке еңбек шартының мерзімі 1. Жеке еңбек шарты: 1) белгісіз мерзімге; 2)белгілі бір мерзімге
3. Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық Еңбек келісім шарттың екі жақтың қарым-қатынастарын жасап, оны реттеп отыру мақсатында жасалатын құжаттың түрі. Шарт мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындардың арасында, сондай-ақ жеке адамдардың арасында жасалады. Егер шарт жеке адам мен мекеме арасында жасалса, онда шарттың мұндай түрін еңбек келісімі дейді. Еңбек келісімі – мекеме мен сол мекемеде істемейтін адам арасында жасалатын шарт. Мекемеде керекті маман болмаған жағдайда, еңбек келісімін жасауға рұқсат етіледі. Кейбір жағдайларда өндірістік қажеттілікке байланысты сол мекеменің адамымен де келісіліп жасалады. Бұл келісім бойынша жұмыскер өзінің негізгі қызметі бойынша міндеттеріне енбейтін жұмыстарды істеуге тиісті. Шарттың мазмұндары әртүрлі болып келеді. Шарттар бірнеше (2-4) данада жасалады да, жауапты адамдар қолдарын қояды, мөр басылады. Текстің әр бөлімі, арап сандарымен нөмірленуі керек. Шарттың реквизиттері: датасы, индекс, жасалған жері, текстің тақырыбы, текст, текстің кіріспе бөлімі, шарт жасайтын екі жақтың аттары, қызметтері, аты-жөні, фамилиялары, (тапсырыс беруші, орындаушы): шарттың мазмұны, шарт жөнінде туған даудың шешілуі тәртібі, шарттың жалпы ақысы, шарттың орындалу мерзімі, екі жақтың заңды мекен-жайлары қолдары мен мөрлері, еңбек келісімінің реквизиттерінің құрамы-тура шарттың реквизиттеріндей, құжатың аты /ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ/. Жиі шарт жасайтын немесе еңбек келісімін жасайтын мекемелерге алдын-ала шарттардың үлгіқалпын жасап қойған ыңғайлы.
3.1. Еңбек келісімі
Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады. Еңбек шарты заңымен рәмізделген екі жақтың (әжетте “әдетте жұмыс беруші” және “жұмысшы” деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады. Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяандалыды. Басқа кез-келген секілді еңбек келісімінде де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар. Еңбек келісім жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағадайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады. Еңбек келісімі мыналардын тұрады: 1) құжат аты; 2) келісімнің жасалған орны; 3) екі жақтың толық және шартты атауы; 4) жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі; 5) келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс; 6) келісім түрі (шектеулі мерзімге мен әлде ұзақ уақытқа ма; 7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім шарт) 8) сынау мерзімі; 9) жұмысшының міндеттері; 10) еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттері көрсете отырып жазылған жұмыс міндеттері; 11) жұмысшының еңбек құнын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағұлмат; 12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет; 13) ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен төлеу тәртібі туралы мәлімет; 14) демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет; 15) келісім бойынша жасалатын басақа да жағадайла мен шарттар; 16) келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін); 17) келісім тоқтатылатын жағдай атлып көрсетіледі; 18) екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері; 19) екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура); 20) шартқа қол қойылған күн; 21) келісім қосымшасы (егер бар болса); Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А-4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.
3.2 Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық
Құжат аты Құжаттың толық аты мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Келісімнің жасалған орны мен күні Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан 1 интервал төмен елді мекен аты – сол жаққа, дата – оң жаққа жазылады. Екі жақтың толық және шартты атауы Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми аты және келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, “Абай атындағы Алматы мемелекеттік университетіатынан университет ректоры профессор Т.С. Садықов, бұдан былай қарай келісімде “жұмыс беруші ” деп аталады, екінші жақтан филологыия ғылымының кандидаты Б. Сағындықов бұдан былай қарай келісімде “жұмысшы” деп аталады. Жұмыстың сиапты мен мазмұны, квалификация дәрежесі. (Базалық шарттар) Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны оны атқаруға қажетті калификация дәрежесі атап көретіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы, Жұмысшы Сағындықов Бекен Сағындықұлы қазіргі қазақ тілі кафедрасына доцент болып қабылданады. Келісім типі Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс орны ретінде істейтіндігі я болмаса басқа жердегі негізгі жұмыс орнына қосымша істелетін жұмыс орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы, “Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі қосымша істейтін жұиыс келісімі” (керектісінің асты сызылады).
Келісім түрі Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себеі көрсетіледі. Мысалы, “Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шетеулі мерзімге жасалады”. Келісім мерзімі Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар цифрмен де жазбаша да, я болмаса 2 вариантта да көретіледі. Мысалы,”Келісім 2000 жылдың 20 мамырында екі мыңыншы жылдың жиырмаснышы мамырында күшіне енеді”. “Келісім 2001 жылдың 20 мамырында екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында өз күшін жояды”. Сынау мерзімі Егер жұмысшы сынау мерзімінен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі. Бірақ сынау мерзімі келісім жасалған күнді қоса есептегенде 1 айдан аспауы керек. Сынау мерзімі күнмен де аптамен де көрсетіле беоеді. Мысалы, “Жұмысшыға екі апта сынау мерзімі белгіленеді”. Жұмысшының міндеттері Мұнда жұмысшынің кәсіби міндеттері айтылады. Ол қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көресетіледі. Мысалы, “Жұмысшы - өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атұаруға; - келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға; - техника қауіпсіздік талаптарын сақтауға; - мемлекеттік құпияны жария етпеуге; - ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті;”
Жұмыс беруші міндеттері Бұл бөлікте жұмысшыеы қалыпты еңбе жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі, медициналық сақтандыру, пенсиямен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттері айтылады. Мысалы, “Әкімшілік Қазақстан Республикасың Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Пенсиямен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі” Жұмысшының еңбек құқығы қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқығын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру. еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық транспортта берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету т.б. Мысалы, “Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында, жұмысшы онда көһрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын орындаған жағдайда оның еңбек құқын қорғау мақсатында жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосыфмша мынадай жеңілдіктерге кепілдік береді: а) Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерд толық пайдалануға; ә) Жеке тұрғын үй құрлысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға;” Еңбек пен демалыс тәртібі Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы, “Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асыралады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін”. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі Бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай: а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына ________ теңге); ә) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына _______ теңге); б) атқарылатын жұмыс көлеміне қарай үстеме ақы (лауазымдық төлемақы мөлшерінің _________ пайызы); в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен); г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, пайызбен) көрсетіледі. Демалыс алу тәртібі Бұл бөлікте негізгі еңбек демалысың ұзақтығы, қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы, “Жұмысшыға жылына бір рет Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы кодексіне сәйкес, ұзақтығы 18 жұмыс күн мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік анытайды. Жұмысшының қалауына қарай бұл демалыс екі бөлікке бөлініп те беріледі мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы күнінде 5 жұмыс күнінен тұрады. Ақы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі.” Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар Бұл бөлікте келісімнің негізгі пунктеріне айтылмаған, еі жақтың қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы, “Жұмысшыға жылына бір рет арнайы жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі.” “Жұмысшының мектеп жасына дейінгі баласы болса, ұйымның бала бақшасынан орын беріледі.” т.б.
Келісімдегі ерекше жағдайлар Бұл бөлікте екі жақтың жазбаша келісімін қажат ететін ереше жағдайлар айтылады. Бұл жағдайлар әр мекемедегі еңбекті ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты, сондықтан әр мекеменің ішкі жағдайына қарай қаралады. Сонымен қатар бұл бөлікте ерекше жағдайлардан басқа келісңм бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады. Келісімнің тоқтатылуы Бұл бөлікте келісім күшін жоятын жағдайлар атап көрсетіледі. Мысалы, “Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады: - екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда (бұл жөнінде келісім аяталудан1 ай бұрын жазбаша хабарлануы керек); - мезгілінен бұрін екі жақтың бірі үнімі өз міндетін орындамаса; - кәсіпорын я мекеме тартылған жағдайда; Келсім мезгілінен бұрын тоқтатылатын болса ол жайлы екі жақ бір-біріне мерзімінен 15 жұмыс күн бұрын жазбаша хабарлау керек ” Екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері Бұл бөлікте екі жақтың толық мекен-жайы мен реквизиттері жазылады. Жұмыс беруші мекен-жайы сол жаққа, жұмысшы мекен-жайы оң жаққа жазылады. Мысалы, “индекс 480100 “индекс 480005” Алматы қаласы, Алматы қаласы Достық даңылы, 13 Тастақ микроауданы Абай атындағы Алматы №2 үй 89 пәтер Мемлекеттік университетінің Бейсенова А.Ж.” Ректоры Садықов Т.С.” Қорытынды Заңдар әрбір адамның, адамдар бірлестігінің, қоғамның өміріндегі барлық елеулі мәселелеріне қатысты болып шығады. Ал әсіресе жеке еңбек шарты қоғамда үлкен орын алады. Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі формасына жеке еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек жеке еңбек шартын жсасасу арқылы ғана жұмысшы ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек шартын жасасқан күннен бастап жұмысшыға барлық еңбек заңдары және сол ұйымда қабылданған локальдық нормалар қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003 2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж. 3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж 4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж 5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж 6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж 7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж 8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж. 9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері»: оқулық.-Алматы, 2003ж. 10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж. 11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ГИДРОТЕХНИКА МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Еңбек және еңбек құқығы Орындаған: ВР-205қ. Сәйкенов Н.Б. Тексерген: Нұрмаханова Ж.
Алматы 2015 жыл Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.045 сек.) |