|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Арыстан Баб кесенесі туралы. Айша Бибі кесенесі туралы
Айша Бибі кесенесі туралы Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Қазақстандағы мүсін өнері туралы Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар. Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді. Ежелгі мүсіндерден жауынгерлер, бақташылар, қариялар мен әйелдер мүсінін көре аламыз. Онда киім, қару-жарақ, бас киім, белдік, әйелдер әшекейінің жеке бөліктері байқалады. Фигуралардың көпшілігі оң қолымен не екі қолымен текше пішінді ыдыс немесе тостаған ұстаған. Көбіне мүсіндер өлген адамдар басына орнатылған. Тас мүсіндердің келесі түрі «Елік тастар» – құрбан шалынатын және қасиетті орындарға қойылатын құлпытастар. Фигуралардың биіктігі-4 метрге дейін жетеді. Мүсін өнерінің ежелден келе жатқан өнер екенін мынадан білуге болады Арыстан Баб кесенесі туралы Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжарахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз- қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Ш. Уалиханов ірі ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Киіз үйдің тарихы туралы Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Қазақстан көпірлері туралы Қазір әлемде миллиондаған көпір бар. Адамзаттың ойлап тапқан ең ежелгі құралдарының бірі – бүгінге жеткенше, функционалдық міндетінен асып, эстетикалық сипатқа ие болып, инженерлік үймереттен сәулет өнерінің нышанына айналып үлгерді. Ендеше, Астанадағы аталған сәулет және инженерия туындыларын есімізге ала кетейік. Желтоқсан көшесі мен қалалық саябақты қосатын «Серуен» көпірді кешке қарай көрсеңіз Еуропа қалаларын, көрмесеңіз де сол мекендердегідей атмосфера орнағанын аңғарған болар едіңіз. Сарыарқа мен Тұран даңғылдарын қосатын «Тұлпар» көпірі. Қараөткел көпірі – Бараев көшесі мен Қабанбай батыр даңғылын қосатын өткел. Л.Мирзоян мен А.Иманов көшелерін қосатын, Ақбұлақ өзені арқылы өтетін «Беласар» автожол көпірі. Менің бос уақытым туралы Мен өз бос уақытымды пайдамен өткіземін. "Адам жұмысты жақсы істесе, жақсы демалудыда біледі". Менің ойымша демалыс жұмыс сияқты маңызды нәрсе. Мен өз бос уақытымды отбасымен, жақын достарыммен өткізуді қалаймын, бірақ анда-санда қатты шаршағанда жалғыз болуды қалаймын. Кейде мен әр түрлі ойын-сауық кино, концерт сияқты мекемелерге барып жүремін. Мен жиі-жиі кітапханаға барып жүремін, кітап оқығанды жақсы көремін, "кітап ең жақын дос" - деп бекер айтпайды. Және өзімнің көмекшімді ұмытпайын бұл компьютер, ол маған сабақ жасауға, кино көруге, ойын ойнауға көмектеседі. Анда-санда мен шахмат ойнаймын, кроссворд шешемін, бұл ақыл үшін өте пайдалы.
Өзініздің туған өлкеңіз туралы Қазақстанның ежелгі баспанасы киіз үй Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі, яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді.
Норман Фостер сәулетші 1935 жылы Манчестер маңайындағы шағын қалашықта, қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1962 жылы АҚШ-тағы Йель университетін бітіріп, архитектура мектебінің дипломын алып шығады. 1967 жылы “Foster Assosіates” атты жеке фирмасын құрған. 2005 жылдың желтоқсанында "The Times" газеті Лорд Норман Фостерді бүкіл әлем өнеріндегі №1 тұлға деп жариялады. Гиннесс кітабына ол атақ-лауазымы ең көп адам ретінде кірді. Ең алдымен айтарымыз – оның Прицкер сыйлығының лауреаты екендігі. Бұл, бейнелеп сөйлер болсақ, архитектурадағы Нобель сыйлығы. Оның сыртында Фостер 60 ұлттық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы, бас-аяғы 300 награданың иегері. Фостер архитектураға қосқан үлесі үшін Король алтын медалінің (1983), Француз архитектура академиясы алтын медалінің (1991), Америка архитектура институты алтын медалінің (1994) иегері. 1999 жылы оған “Темза жағасындағы Лорд Фостер” даңқтамасы беріліп, өмір бойғы пэр атанды. Ұлыбританияда пэр атағы лордтар палатасының мүшесі болу құқын береді. Астана хай-тек стиліндегі сәулет өнерінің танылған көшбасшысы, тағы бір атақты сәулетші Норман Фостердің идеяларының өрісі болды. Астананың архитектурасын айшықтаған «Бейбітшілік және келісім сарайы» және «Хан Шатыры» сауда және ойын-сауық орталығы да осы сәулетшінің шығармашылық ізденісінің жемісі.
Ұлы Қытай қорғаны Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн – он мың шақырымдық қамал) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю және Чжаньго заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырды, қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ғұндар, түріктер, қидандар, моңғолдар мен шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.
Сәулет өнері Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан елдің бірі – Грекия. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Таж Махал махаббаттың символы Тәж Махал кесенесін Ақсақ Темір ұрпағы Жақан шах сүйіктісі Мұмтаз Махалға арнап салдырған.1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» символы болып саналатын Тәж Махал – Үнді сәулет өнерінің тамаша үлгісі ғана емес, бүкіл жер жүзінің мақтанышына айналған әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазардың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұста жұмылдырылған. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жататын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі – архитектураның шыңы. Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою- өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған,кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы.
Ағашқа ою салу өнері, әсiресе, солтүстiк аудандардан бастап, бүкiл Қазақстан аумағына кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен, ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты. Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп, үйге қажеттi тұтыну аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған. Қазақтардың ағашты өңдеп, пайдалануы ең алдымен, оның көшпендi өмiр салтының қажетiн өтеуге байланысты болған. Киiз үйдiң сүйегi мен есiгі, босағасы, керегесi ағаштан жасалған. Киiз үйдiң сүйегiне әдетте ою салынбаған, ал есiк пен жиналмалы босағаларға ою ойылып, олар түрлi бояулармен әшекейленiп отырған. Кейде, әсiресе, салтанатты ордалардың ағаштары сүйекпен, алтын, күмiс, мыс-жезбен оюлап безендiрiлген. Көшпендi өмiр салтына қарамастан қазақтардың ағаштан жасалған үй жиһазы болған, мысалы төсек, сандық, адалбақан, кебеже т.с.с.
Құрылыс материалдары Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); органикалық (, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, гипс, әктас, т.б.) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір – бетон, асбест, цемент, темір және силикаттан жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, рельстер құбырлар, синтетикалық шайырлар мен пластмасса линолеум, пенопласт Шегесіз салынған мешіт Тарихшылардың зерттеуінше, ХІХ ғасырдың аяғына қарай салынған Жаркент қаласындағы мешіт 130 жыл бойы сақталып тұр. Тарихтан белгілісі, бүгінгі күні еліміздің тарихи әрі мәдени мұрасына айналған бұл мешітті саудагер Уәлібай Ахун Юлдашев сонау 1887- 1892 жылдары халықтан жинаған қаржыға салдырыпты. Ғимараттың бір ерекшелігі Қазақстан мен Орта Азияның сәулет-құрылыс өнерінің ең үздік тәсілдері ескеріле отырып салынғандығы айқындала түседі. Бұл мешітті әдеттегі мешіттерден өзгеше етіп салу мақсатында Уәлібай көршілес Қытайдан осы елдің сол жылдардағы ең мықты сәулетшісі Хон Пикті алдырып, мешіттің жобасын соған арнайы сыздырған екен. Бұған қоса, құрылысты салуға Хасен Иманов, Тайыр Ысмайылов, Насретдин Қары, Әбдіқадыр, Ұшырбақы, Зайнутдин тәрізді құрылысшылармен қатар шебер қолды қытай мамандары да өз үлестерін қосыпты. Уәлібайдың алып мешітін салуға сол жылдарда 1500-ден астам адам жұмылдырылып, ғимарат бес жылға жетер-жетпес уақытта бой көтерген. Уәлібай мешітінің жалпы көлеміне келсек, оның ұзындығы - 54,4 метр, ені - 29 метр, ал биіктігі - 22 метр. Ал мұндағы минареттің биіктігі 19 метр. Ғимараттың өзіне тән бір ерекшелігі, мешіттің минаретін алуан түрлі әдемі, қайталанбас өрнекпен безендірілген 52 колонна (бағана) қоршап тұр. Мұндағы колонналардың барлығы дерлік арнайы дайындалған Тянь-шань шыршасынан жасалған. Ғимаратты және оның қос қатарлы мұнарасын әшекейлеуге сурет пен сәндік өнерінің алуан түрлі үлгілері пайдаланылған. Мысалы, мешіттің қабырғаларына зер салып қарасаңыз, өсімдік іспеттес және геометриялық өрнектерден кей жағдайларда аңдардың, құстардың, балықтардың бейнесін еш қиналыссыз аңғаруға болады. Әлемдегі ең қауіпті көпірлер Royal Gorge көпірі, Колорадо Американың ең биік аспалы көпірінің биіктігі 90 қабатты ғимарат биіктігімен бірдей. Көпір астында Арканзас өзені ағып жатыр. 1929 жылы салынған көпір 1982 жылы ғана болат сымнан есілген арқандармен жабдықталды. Trift аспалы көпірі, Швейцария Альп таудағы ең биік әрі ұзын аспалы көпірлердің бірі. 2004 жылы салынған көпір адам өміріне өте қауіпті болғандықтан, ол 2009 жылы қосымша болат-темір арқандармен жабдықталып, тұтқалардың биіктігі ұзартылды. Бұл толықтырулардың арқасында, қатты жел соққанда көпір шайқалмайды. Capilano аспалы көпірі, Канада 1889 жылы салынған көпірдің айналасы орманға толы. Көпір өте биік әрі тар. Балқарағай тақтайшалары өзара болат арқандармен байланысқан. Әр қадам сайын көпір шайқала бастайды. Макинак көпірі, Мичиган Ұзындығы 8 шақырымға жететін көпірмен жүруге жаяу көлік жүргізушілері де жүрексінеді. Себебі, көпір ғана емес, соғатын жел аса қауіпті. Жел жылдамдығы сағатына 50 шақырымды құрайды. Мүсін өнері. Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның "Sculpere" - қашау деген сөзінен шыққан. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған мінез - құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет - әлпетінен, қимыл - қозғалыстарынан аңғарамыз; тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады. Металдан мүсін жасау үшін оның моделі жасалады, сосын сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын станокты және монументтік түрге бөлінеді.Статуя - адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін.
Мысыр пирамидаларының сыры Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым. Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
Қазақстанның жер бедері Қазақстанның жер бедері әр қилы. Ол палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерін басынан кешірді. Жер бедері теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник, қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғары палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырады. Тек қана Торғай алқабы мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары басып жатыр. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкіністері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан. Соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды. Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе І Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі созылып жатыр. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді. Оның жоталары жұмыр, жеке-дара тұрады. Бұл жүйенің орташа биіктігі 2500-3500 м., биік жері – Мұзтау – 4506 м. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. ІІ Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы – Сауыр жотасы. Оның биіктігі – 3816 метр. Бұл жота Алакөл ойысы арқылы Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 м., ені 100-250 м. Жетісу Алатауы оңтүстігінде Іле ойысымен шектеседі. ІІІ Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары жатыр. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Солтүстік Тянь-Шаньнің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы., оның ұзындығы 350 км., ең биік шыңы – Талғар шыңы 4951 м. ІV Ұсақ шоқылы Сарыарқаның ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы, биіктігі -1565 м. Таулық жер бедеріне Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Мұғалжар тауы - Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы. Маңғыстау таулары 3 жотадан тұрады. Балқаш-Алакөл ойысы құмды шөл боп келеді. Бұл өңірдегі сазды жазықтар Сарыарқаға ұштасады. Бұл жазықтар Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады. Қ.А.Яссауи кесенесі Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан көбіне көне заманда салынып, біздің заманымызға дейін сақталған тамаша сәулет ескерткіштерімен әйгілі. Соның бірі – XII ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны, Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауидің қабірінің басына Ақсақ темір әмірімен тұрғызылған зәулім ескерткіш. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Ескерткіш 1396-1404 жылдары салынған. Ахмет Иассауи сәулет ғимараты құрылымдық жағынан және ерекше сәнділігімен көз тартатын аса күрделі туынды. Ғимаратты салуға күйдірілген қыш пайдаланылған, оның сырты бірнеше плиталармен безендірілген. Ғимараттың биіктігі 40 метрге таяу, ені – 46,5 м, ал ұзындығы – 62,5 м. Қ.А. Яссауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18,2 м және биіктігі - 37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді. Нұр Астана мешіті туралы «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды. Ішкі әрлендіру жұмыстарына отандық сәулетшілер мен дизайнерлер атсалысып, жазулар ислам каллиграфиясы мен араб графикасына сәйкес өрнектелген. Безендіру және көркемдеу жұмыстарының авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ғазиз Ешкенов. Қажетті материалдар мен бояулар Санкт-Петербург, Испания және еліміздің өз кәсіпорындарынан алынды. Діни кешен ерлер мен әйелдердің ғибадатына арналған залдардан, әрқайсысы 62 м биікке созылған төрт мұнарадан, қос субұрқағы бар ашық ауладан және имамның үйінен тұрады. 5000 адам сыятын сәулет туындысы ливандық шебер Чарльз Хазифтің жобасы бойынша салынды. Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген бұл мешіттің биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Оның күмбездерін тіреп тұрған 8 тіреу діңгектері бар. Мешіт орналасқан жердің көлемі 6,7 гектар. Ғимарат барлығы 3930 шаршы метр аумақты алып жатыр.
Хазірет Сұлтан мешіті туралы Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Оны ұзындығы 91 метр болатын төрт мұнара айналдырып тұрады Имандылық ордасы үш қабаттан тұрады. Әр қабатта ғибадатхана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құран оқуға және оқу ағартушылық топтың сабақ оқуына арналған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері орналасқан. Мешіттің алдыңғы жағының қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темірбетонды күмбездері металмен көмкеріле өрілген. Осы орасан зор ғимарат барлық қазіргі заман талаптарына сай келеді. Бұл еліміздің ең үлкен мешіті болмақ. Қазақи ою-өрнектермен безендіріліп, араби архитектуралық келбеттін сақтаған. «Хазірет Сұлтан» мешіті – Қазақстан бойынша ең үлкен күмбезді мешіт. Ғимарат дәстүрлі қазақ бедерлерді қолданып классикалық ислам стилінде салынған.
Тайқазан туралы Ахмет Иассауи кесенесінің сәулеттi залы, аса құнды материалдық мұра - қазандық. Залдың төбесіне орта Азиядағы ең үлкен күмбез төңкерілген. Тайқазанға 60 шелек су сияды, салмағы екi тонна, диаметрi 2,45 метр.Тайқазан 1399 жылы Түркістан шаһарынан 25 шақырым жердегі Қарлақ деген жерде 7 асыл металдың (темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, қола) қосындысынан жасалған. Оған толтырылған судан жұма намаздан соң, қасиеттi су ретiнде мұсылмандар дәм татқан. Көрші асхана залында пісірілген бидай ботқа осында жиналған мүгедектер мен кедейлерге таратылатын болған. Тайқазан - бiрлiк пен қонақжайлықтың белгiсi.
Бейбітшілік пен келісім сарайы тақырыбында Бейбітшілік және келісім сарайы — Қазақстан астанасы Астанада бүкіл әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостермен салынған пирамида. Сарай 2006 жылы «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін» өткізу үшін арнайы салынған. Сарайдың 1500 орынды Концерттік залы Монтсеррат Кабальемен ашылды. Бейбітшілік және келісім сарайы — Астананың назар аударарлық орны. Пирамида әртүрлі діндердің, этностар мен мәдениеттің бірлік белгісі, халық пен елдің ашықтық белгісі болды. «Бейбітшілік және Келісім Сарайын» салу ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің идеясы. Сарай ішінде 1325 орынға арналған Опера залы, Atrium салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы, Түркі әлемінің академиясы орналасқан. Дәстүрлі дін және конфессия басшыларының басқосуларын өткізу үшін пирамиданың жоғарғы жағында Қазақстан байрағының ұлттық түсімен әшекейленген 200 орындықты зал орналасқан. Қытай елінің сәулетшілері туралы Қытайдың ағаштан жасалған сәулеттік өнері өзінің пропорцияларының жеңілдігімен, айқындылығымен, өрнекті оюларының әсемдігімен және иілген қанаттарының ырғақтылығымен қызықтырады. Қытай кескіндемесіндегі анық байқалатын құбылыс — лиризм, аса қатты көзге түспейтін тұнық бояу түстеріндегі үйлесімділік. Қытай суретшілері мен сәулетшілері өздерінің дүниетаным заңдылықтары туралы түсініктері мен көзқарастарын кеңейту мақсатымен, бірде Мүсін өнері рельефке бет бұрса, бірде каллиграфия мен кескіндемеге жүгінді. Мәселен, орта ғасырлардың алғашқы кезеңдерінде дүниенің құрылымы туралы түсінік, көбінесе буддалық пластикамен және аспан әлемінің тұрғындары деп саналатын музыканттармен, бишілермен, енқыршылармен байланыстырылды. Ал Будда мүсіндері күшейтілген динамикаға мүлдем жуықтамайтын сызықтардың жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене құрылысының калыпты салмақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыс өнеркәсібі туралы Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар жасауға пайдаланылады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.) |