АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Арыстан Баб кесенесі туралы

Читайте также:
  1. Арыстан Баб кесенесі туралы
  2. Хабарландыру ... туралы

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжарахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз- қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Ш. Уалиханов ірі ғалым

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

Киіз үйдің тарихы туралы

Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Қазақстан көпірлері туралы

Қазір әлемде миллиондаған көпір бар. Адамзаттың ойлап тапқан ең ежелгі құралдарының бірі – бүгінге жеткенше, функционалдық міндетінен асып, эстетикалық сипатқа ие болып, инженерлік үймереттен сәулет өнерінің нышанына айналып үлгерді. Ендеше, Астанадағы аталған сәулет және инженерия туындыларын есімізге ала кетейік. Желтоқсан көшесі мен қалалық саябақты қосатын «Серуен» көпірді кешке қарай көрсеңіз Еуропа қалаларын, көрмесеңіз де сол мекендердегідей атмосфера орнағанын аңғарған болар едіңіз.

Сарыарқа мен Тұран даңғылдарын қосатын «Тұлпар» көпірі. Қараөткел көпірі – Бараев көшесі мен Қабанбай батыр даңғылын қосатын өткел. Л.Мирзоян мен А.Иманов көшелерін қосатын, Ақбұлақ өзені арқылы өтетін «Беласар» автожол көпірі.

Менің бос уақытым туралы

Мен өз бос уақытымды пайдамен өткіземін. "Адам жұмысты жақсы істесе, жақсы демалудыда біледі". Менің ойымша демалыс жұмыс сияқты маңызды нәрсе. Мен өз бос уақытымды отбасымен, жақын достарыммен өткізуді қалаймын, бірақ анда-санда қатты шаршағанда жалғыз болуды қалаймын. Кейде мен әр түрлі ойын-сауық кино, концерт сияқты мекемелерге барып жүремін. Мен жиі-жиі кітапханаға барып жүремін, кітап оқығанды жақсы көремін, "кітап ең жақын дос" - деп бекер айтпайды. Және өзімнің көмекшімді ұмытпайын бұл компьютер, ол маған сабақ жасауға, кино көруге, ойын ойнауға көмектеседі. Анда-санда мен шахмат ойнаймын, кроссворд шешемін, бұл ақыл үшін өте пайдалы.

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)