|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Бауыржан Момышулы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 10 маусымда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Жазушы. Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысына қатысқан, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген соң, бастауыш мектептің мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң, Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болды. Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының (кейіннен 8-гвардия) жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Москва түбіндегі немістермен болған ұрыстарға қатысты.Б.Момышұлы – жазушы. Ол еңбектерін орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954), «Біздің семья» (1956), «Москва үшін шайқас» (1959), «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұщқан ұя», т.б. кітаптар шығарды. Б.Момышұлы Қызыл ту, Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі ордендерімен, медальдармен марапатталған. Тіршіліктің жасыл тірегі Орман – адамның досы, адам өмірін ормансыз, тоғайсыз елестету мүмкін емес.. Қаншама демалыс үйлері, санаторийлер, туристік базалар, балалар бақшасы орман ішінде немесе орманға жақын орналасқан. Француз ғалымы Микель зерттеулер жүргізе отырып, мынадай қорытынды береді: Парижде 1м³ ауада 36 мың бактерия бар екен, ал паркте 500-ден төменірек. Жердің, топырақтың өлуі де орманды аяусыз отаудан басталады екен.Орманның жойылуы ауыл, қала, мемлекеттің де жойылуына әкелген. Ғылыми зерттеу институттарының мәліметіне қарағанда бір тонна қағаз жасау үшін жиырма түп үлкен ағаш керек екен. Ал адамзат жылына 150 млн. тонна қағаз пайдаланып, 3 млрд. түп ағашты жоғалтып отырады. Әр кітаптың артында қаншама жасыл әлем тұр! Орман отауға Австралияда да тиым салынған. 800 км-ге созылған жасыл жағалау әлемдік қазына болып есептеліп, ЮНЕСКО қол созып отыр. “Ештен кеш жақсы” деген осы. Әйтпесе біраз жерді алып жатқан нулы әлемнің соңғы екі жүз жылда 75 пайызы оталып та үлгерген-ді. Соңғы жылдары көптеген елдерде “жасыл желек” партиясы пайда бола бастады. Осы партия Германияда көп жұмыс істеп жатыр. Германияда да қарағайлы, шыршалы орманның 80 пайызы оталып үлгерген. Ортақ әдемі бір дәстүр бар. Ол: енді-енді некеге тұрған ерлі-зайыпты екеудің аз дегенде бір көшет отырғызуы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлттық салт-дәстүрлер- тарихи көне процесс. Сондықтан ол кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлері, әлеуметтік- мәдени салт-дәстүрлер болып үш топқа бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана,сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынаң шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы, т.б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы- жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді. Ал тұрмыс- салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді. әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, туыстық қарым-қатынастар, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка аспаптары, үйлену- үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, қонақ күту, халықтық-ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері т.б. жатады. Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері Дүние жүзі мәдениетінің қазынасына үлкен үлес қосқан әйгілі классиктер – Рудаки, Фердауси, Омар Һайам, Сағди, Хафиз, Жәми, Науаи, Низами, Мақтұмқұлы, Абай – поэзия алыптары. Абулхасын Рудаки – иран-тәжік әдебиетінің негізін салушы. Ол данышпан ойшыл, ақын, асқан әнші, сазгер болған. Шығыс поэзиясының жарық жұлдызы - Әбілқасым Фердауси (910-1030). Оның «Шахнама» эпопеясы тәжік-парсы поэзиясында ғана емес, күллі әлем әдебиетінен орын алады. Әлемге аты жайылған математик, философ, ақын Омар Һайамның (1030-1132) «Алгебра туралы трактатының» маңызы өте зор. Парсы-тәжік әдебиетінің аса ірі өкілі, дүние жүзі әдебиеті лириктерінің бірі – Шамсаддин Мұхаммед Хафиз (1300-1380). «Хафиз» ақынның бүркеніш аты (псевдоним). Өйткені сол заманда құранды басынан аяғына дейін жатқа айтқан адамды «Хафиз» дейді екен. Ақын өз кезінде сол атаққа ие болады. Оның «Ғазал», «Шираз бұлбұлы» деген жырлары өте жоғары бағаланады. Әбдірахман Жәми (1414-1422) парсы-тәжік классикалық әдебиетінің ең соңғы ұлы шайыры (ақыны). Жәмидің көп өлеңдері ғашықтық тақырыбына арналған: «Жібек шаш», «Көз жасының меруерті», «Махаббат тұтқаны», «Ләйлі – Мәжнүн» - жиһанға мәлім шығармалары. Алтынның аралы Швейцарияның бейтараптығының өзі Екінші дүниежүзілік соғысты айтпағанда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан бір ғасыр бұрын жарияланды. Қол қойылған жері – Париж, қол қойған мемлекеттер – Австрия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Португалия, Пруссия. Үш ғасыр бұрын, осы ел басшыларының басты назарды банк ісін дамытуға бағыттаған көрегендігіне таңқалуыңызға болады. Алақандай ғана ел жер бетіндегі жеке капиталдың үштен бірінің сақтаушысы болып отыр. Банктердің берекелі жұмысы бейбіт заман тұрмақ, сұрапыл соғыстың кезінде баршаға керек көрінеді. 1713 жылы Швейцарияда алғаш рет «банк құпиясы» ұғымы қағазға түсіпті. Банк құпиясының сақталатындығы бар әлемнің ақшасының осы алақандай елге ағылуына мүмкіндік берді. Осы саясат Швейцарияны бүкіл әлемнің банкир елі етті. Бұл елдің бір өзінде төрт жүзден астам банкі бар. Сонымен әлемнің қай елі болмасын Швейцарияның тыныштығы мен тұрақтылығына мүдделі. Оның бейтараптығын құрметтейді, сақтайды. Оған ешқандай саяси қысым жасай алмайды. Осындан үш ғасыр бұрынғы дана билеушілерінің көрегендігімен Еуропаның ең ортасындағы оймақтай ел әлемнен ойып тұрып өз орнын алды. Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Шоқан Уәлиханов - қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы және зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.«Шоқан» - деген аты әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді. Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Капал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады. Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар. 1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғалымдары П.П.Семенов - Тянь-Шанскиймен, Ф.М.Достоевскиймен дос болды. Ф.М.Достоевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда, Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) Тарихымыздағы ұлы ойшылдардың бірі - Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби.Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан,ойшыл,энциклопедист - ғалым.Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби (бертін замандағы Отырар) қаласында туған..Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта, Самарқанд,Бұхара,Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерінде, білім алып,ғылыми жұмыстармен айналысқан.Өмірінің соңғы жылдарын Кайрда, Алеппода, Дамаскіде (Шам шаһарында) өткізген. Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады.Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған.Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған. Әл-Фараби 25 - 30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгеріп,енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды.Ол 150-ден астам ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша еңбектер жазған.Олардың ішінде "Музыканың ұлы кітабы", "Ғылымдар тізбегі ", "Оргоно", "Алмагеске түсініктеме", т.б. еңбектері болашақ ғалымға жол ашты. Әл-Фараби - математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым.Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия, музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен. Әл-Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған.Ол домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған. Нобел және Нобел сыйлығы Парижде 1895 жылы жазылған өзінің атақты аманат хатында, А.Нобель қалдырған капиталын қалай пайдалану керектігі туралы жазды. Қайтыс болар алдындағы байлығы 92 млн. доллар. Нобель сыйлығы қорының қаржылық жұмысы табысты жүргізіліп келеді. Жыл сайын сыйлық қоры теңдей беске бөлінеді. Физика, химия, медицина және физиология саласындағы ғалымдарға сондай-ақ әдебиет саласындағы жазушыларға, бейбітшілікті нығайтуға қызмет еткен қоғамдық қайраткерлерге бес Нобель сыйлығы бар. Нобель қоры жеке және тәуелсіз ұйым болып табылады. Нобельдің аманат хатында Нобельдің өзі айтқан: физика саласындағы сыйлық туралы Швед ғылым академиясы, медицина саласындағы сыйлықты Стокгольм Медицина институты, әдебиет саласындағы сыйлықты Стокгольмдегі Академия, бейбітшілікті нығайту туралы сыйлықты Норвег парламенті сайлаған бес адамнан тұратын арнайы комитет шешу керек". Қазіргі күнде Нобель сыйлығы бүкіл әлемге белгілі.Нобель сыйлығы өте ерекше және айрықша сыйлық болып табылады. Ол 1901 жылдан беріліп келеді. Осы уақыт аралығында 600 жуық адамдар лауреат болды. Ең бақытты ел қайда? Қазіргі адамдарға бақытты болу үшін байлық қана емес, денсаулық сақтау мен білім берудің жақсы жүйесі де керек. Мұны британ ғалымдарының зерттеуі дәлелдеді. Британиядағы лейтер университетінің зерттеушілері мұның себебі сіздің өз еліңізде тұрмайтындығыңыздан болуы мүмкін екенін айтады. «Бақыт картасын» бірінші рет жасап шығарған лестерлік психолог Адриан Уайлттың мәліметі бойынша, әлемдегі ең бақытты ел Дания. Уайттың зерттеуінде орасан көлемді статистикалық мәліметтер әлемнің 178 елінде тұратын 80 000 адамның жеке пікірі қарастырылған. Бақытты елдердің алғашқы ондығында. Дания және Еуропаның тағы бес елі, оның ішінде Швейцария, Австрия және Исландия кірген, ал кестенің соңында Зимбабе мен Бурунди тұр. Қытай бұл тізімде -82, Үндістан- 125, Ресей -167 орында. АҚШ 23-орынға орналасқан. Жақында өткізілген ВВС сауалнамасы бойынша, Британия халқының 81 пайызы өздерін үкіметтің бай емес, бақытты етулерін қалайтынын білдірген.. Швейцария (2-орын), Люксембург (10) сияқты бай елдер кестенің алғашқы орындарына жайғасқан. Соңғы орындарда Африка елдерінің қалып қойғаны таңдандырмаса керек, өйткені олар бай да емес, бақытты да емес. СПИД-пен ауыру деңгей 25%, орташа өмір сүру ұзақтығы 39 жас, кедейшілік деңгейі 80%, Зимбабе 177-орында қалды. Уайттың айтуынша, ол өзі еш күтпеген нәтижесе – Азия елдерінің төмен нәтиже көрсетуі. Қытай -82-орында, Жапония-90, Үндістан – 125-орында. Жастар шетелде және бізде Йеменде жастар жағдайын жасайтын заң 1980 жылдан бері пайда болған. Франция үкіметі 1986 жылы «16 мен 25 жас аралағындағы жастар жұмысы» жайында акт шығарды. Бұл актіде француз шенеуніктері жастардың қанша жасында жұмысқа алу немесе жалақы қанша төлеу керек, т.б мәселелерді қарастырған. Ресейге басқа елдерге қарағанда, заңнама жоспарлы түрде жасалмақ. Ресей Франциясының мемлекеттік Думасында депуттар жастар туралы өз заңдарын қабылдамақшы. Ал, оған құрамындағы Татарстан мен Мордовия өз зандарын қабылдап қойды Улкендер жапон туралы ең жақсы әңгімесін ең алдымен балаларға, жастарға айтады. Қысқасы мұнда бәрі де жастар үшін жасалады. Ал жастар оған жанкештілігімен, адал еңбегімен береді. Токионың қақ ортасында жастар көшесі, жастар алаңы бар. Бұл жердегінің бәрі жастарға арнадған. Тамақ та, киім де арзан. Провинцияда тұратын жастар. мекетеп оқушылары жастар көшесін бір көруді армандайды. Сол үшін де мектеп оларға жағдай жаспа, жақсы оқыған жастардың арман-тілектерін орындап отырады. Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу, оларды басың жерге тигенше сыйлау күндері өтеді. Жастрадың алдында ең ақылды данағөй шешен шалдары, Нобель сыйлығының иегері, жазушылар, ақындар, актерлер жүрек жарды сөздерін айтады. Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. жапон жастары бүгінгімен қанағаттанбайды, болашақ үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істейді. ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДА БҰҰ-ның бас хатшысы дүниежүзілік қауымдастықты азаптауға үзілді- кесілді қарсылық білдіруге шақырды. Еуропалық саясатшылар «Қазақстан мен Иордания Азияда орналасқан елдердің ішінде сыртқы саясатта теңгермелі ұстанымымен, нарықтық экономикадағы ұстанған бағыттары және халықаралық аймақтық түйткілдерді шешуде прогрессивті көзқарастарымен айшықталады» дегенді жиі айтады. Сіздің осы пікірге алып-қосарыңыз бар ма? – Бұған басты себеп – Қазақстан және Иорданияның президенттері араб-батыс әлемінде үлкен беделге ие, прогрессивті тұлғалар дер едім. Батыс сарапшылары жоғарыдағы пікірді айтқанда осы жайттарды меңзеген болар. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Иордания королі ІІ Абдолланың ислам әлемін модернизациялау, экстремистік идеяларға қарсы тұру, Батыс және араб әлемі арасындағы үйлесім мен келісімді жаңа заманауи мүдделер тұрғысынан жаңғырту идеясына оң баға беріп отыр. Иордания да Қазақстан саясатына оң көзқарас білдіреді. Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы. 1990-1998 жылдар аралығында ҚР жеңіл өнеркәсіп басқару құрылымы 5 рет өзгерді. Дегенмен бұл басқару жүйесін жақсартқан жоқ. Осындай кәсіпорындарды басқару мен өзара қатынас жоғалып, ақпарат болмай, бытыраңқылық жағдай туындаған проблемалардан шығу жолында нақты шешім қабылдауды әлсіретіп, мүмкін болмайтындай етті. 1999 жыл 4 мамырды жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жиналысында Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды. Ана тілім айбыным менің “Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры” – дейді Бауыржан Момышұлы. Атақты В.А.Сухомлинский бір кезде “төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алады” деген еді. Олар: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі. Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айрылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айрылады және жоғалады. “Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты – ұлттық тіл. Дұрысы тілді де айырбастауға болады, бірақ онда ұлтыңнан, ұлттығыңнан айрыласың”, – дейді ақын Қадыр Мырзалиев. “Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады”, – дейді Г.Гегель. “Уа, туған тіл... ата-анамның тілі! Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым менің” – деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай. “Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі” деп алдаспандай кесіп айтады Бауыржан Момышұлы.. Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы – аса өзекті мәселелердің бірі.Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр. Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде қолданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудандарына онсыз да тапшы суды арандатушылық әрекеттерге қолдануда. Статистиктер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді. БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тиккел бүкіл дүниеде ауыз су - өзекті мәселеге айналып отырғанын е Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.Табиғат – Ананың сыйы – судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.) |