АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Николай Гаврилович Хлудов

Читайте также:
  1. Александр Хатыбов и Николай Левашов - слияние концепций. Часть 2. Мерность и октава
  2. КАТАСТРОФА НА ФАБРИКЕ ХЛУДОВА
  3. КЕМ ЖЕ БЫЛ НИКОЛАЙ РЕРИХ?
  4. Князь Николай Трубецкой
  5. Литвинов Николай
  6. Николай II не отрекался от престола
  7. Николай Иванович Пирогов
  8. Николай Котомин
  9. Николай Чудотворец
  10. Римский-Корсаков Николай Андреевич (1844—1908), композитор, дирижёр, педагог.

Билет № 1

Мәтінді оқып, аудар.

Тыйым сөздер

Қазақ халқының баяғы заманнан бері балаларына жаман болады, пәле жалаға ұшырайсың, құдайдың, аруақтардың киесі соғады деп, ырым етіп, тыйым салған қаракет-қылықтар көп кездеседі. Мысалы «Босағаны керме», «Қолыңды шошайтып бейітті көрсетпе», «Аяғыңды көкке көтерме», «Жұлдызды санама», «Жұма күні кір жума», «Үйді айналма», «Бос бесікті тербетпе», «Жақын адамдарға пышақ, мылтық, ит сыйлама», т.б.

Ал бір топ тыйым сөздер әдептілік мінез-құлықты сіңіруге, тазалық сақтауға арналған. Мысалы, «Төрге қарап, жүреңнен отырма», «Итке ожаумен ас құйма», «Ағын суға кір шайқама», «Үлкеннің алдын кеспе», «Дастарқанды аттама», «Сыпырғышпен баланы ұрма», «Нанды жерге тастама», «Әйелге ер адамның жолын кесуге болмайды»

Билет № 2

Мәтінді оқып, аудар.

Қарғалы кеніші

Қазақ даласынан табылып жатқан археологиялық ескерткіштер өз ғажайыптарымен әлемді таңғалдырып келеді, өйткені бұлардың барлығы – көне тарихымыздың жәдігерлері.

Қарғалы кеніші – Алматы қаласының маңындағы Қарғалы шатқалындағы жартас астынан 1939 жылы табылған әйел қабірі және алтын бұйымдар қоймасы. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен қапталып, асыл тастар орнатылған ғажайып өрнекті бұйымдар табылған. Олардың ішінде сирек кездесетін тышқан бейнелі алтын сырға мен түйе бейнелі алтын жүзік бар. Б.з. д II-I ғғ «аң» стилінен кейін қалыптасқан безендіру стиліндегі қарғалылық әшекейлер ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерінің шыңы деуге болады.

 

Билет № 3

Мәтінді оқып, аудар.

Аға буын суретшілері

.Аға буын суретшілеріне Әбілхан Қастеев, Молдахмет Кенбаев, Орал Таңсықбаев, Әубәкір Ысмайылов, т.б. атақты суретшілерді жатқызуға болады.

Ә. Қастеев бұрыңғы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаркент қаласының маңында, Шежім ауылы деген жерде (1904-1973) дүниеге келген. Алғашқыда Түрксіб темір жолында қарапайым жұмысшы болып жұмыс істеген. Жұмыс істеп жүріп суретшілікпен айналысты. Кейіннен Мәскеудегі И. Бродскийдің студиясынан сабақ алып, шеберлігі ұшталып, қазақ бейнелеу өнері айдынына шығады. Республика өмірінде басқа суретшілермен бірге Қазақстан суретшілер одағын құруға белсенді атсалысады.

Ә. Қастеев табиғат берген тума талант иесі еді. 30-шы жылдары кескіндеген «Автопортрет», «Қарындасымның портреті» жұмыстары кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашудағы шеберлігімен көзге түседі. Бұдан кейін де суретші ел тұрмысын, тарихи кезеңдерді («Түрксіб», «Аманкелді сарбаздары», «Ескі және жаңа тұрмыс») бейнелейтін туындылар жазды. Оның көптеген еңбектері қазақтың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін көрсетуге арналды. Соның ішінде суретшінің шеберлігің шыңдай білген атақты туындылары «Шалкөде жайлауы», «Бие сауу», «Медеу мұз айдыны».

 

Билет № 4

Мәтінді оқып, аудар.

Абайдың мұражай үйі

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында 1940 жылы 1 сәуірде ұйымдастырылды.
Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы.
1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды.
Бас мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы».
Мұражайда Абайдың медреседе пайдаланған түпнұсқа кітаптар қойылған. Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері. Жазушы М.Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы.

Билет № 5

Мәтінді оқып, аудар.

Ақылбай Абайұлы Құнанбаев

Ақылбай - Абайдың баласы. Ол дарынды домбырашы болған, өлең шығарып айтқан.

Оның жастық, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған. 1895 жылы Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған. Бірақ негізінде, Ақыл-байды дарынды ақын ретінде танытқан оның белгілі поэмалары: "Дағыстан", "Зұлыс", "Жанақ батыр". Бұл шығармалардың ішінен бізге толық жеткені тек "Дағыстан" ғана. "Зұлыс" поэмасының басы сақталса, "Жанақ батыр" түгелдей жоғалып кеткен.

Ақылбайға Абайдың тікелей әсері болғандықтан, жас ақын романтикалық поэмалар жазуға ұмтылып, біраз еңбек еткен.

Ақылбай 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады. Оның бейіті Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы Тышқан бұлағының басында.

Билет № 6

Мәтінді оқып, аудар.

Интернет тарихы

Интернет тарихы - компьютерлік құрылғылар жасай бастаған уақытынан басталады (1950-1960 жылдар аралығы). 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталды. Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды. 1990 жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті. 1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады. 1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.

Билет № 7

Мәтінді оқып, аудар.

Қазақ халқының мәдениеті

Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері қазақ жерінде өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқына тән материалдық мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналары қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақтың күнтізбесі, бай, әдеби мұралар, көркем өнердің сан алуан түрлері, мәдениет мұралары, т.б. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

 

Билет № 8

Мәтінді оқып, аудар.

Ұлағаттты ұлы ұғымдар

Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Мысалы, орта ғасыр астрологтардың жеті күнге жеті жұлдыздың атын қойып жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күні деп, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндеріне ат берген. Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы ырымдар жасаған: жолға сәрсенбі – сәтті күн шығуы, немесе тойды сәрсенбі күні жасауы, жұма ауыр күн деп есептеп, жолға шықпай, құдайы садақа беріп, мешітке намазға баруы. Өлген адамның жетімін беріп, жеті шелпек пісіріп еске алу, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп, «Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің», «Жеті қабат жер асты» деуі т.б. Жеті санымен байланысты ұғымдар: «Жеті ата», «Жеті жарғы», «Жеті күн», «Жеті ғалам» (шығыс, батыс, терістік, түстік, жер ортасы, аспан, жер асты), «Жеті қазына мен жеті ырыс», «Жеті жұт» (құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, жер сілкінуі)т.б.

Тоғыз санымен байланысты мынадай сөз тіркестері бар: «тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келеді», «тоғыз қабат торқа кию», «Тоғыз жолдың торабы», т.б.

Байырғы қазақ календары бойынша он екі санын да қасиетті санаған. Он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың атын беруін, оларды 12 қазына деп атаған, он екі жылды адамның бір мүшелі деп арнайы атап кеткен.

Жаңа туған баланы қырқынан шығару, өлген адамның қырқын беру.

 

Билет № 9

Мәтінді оқып, аудар.

Тәуелсіздігімізді қастерлейік!

Біздің халқымыздың жағдайы бүгінгі заман шындығында тек өзінің тәуелсіз мемлекеті бар болса ғана жақсара алатыны - әркімге аян ақиқат.

Ендеше халқына шындап жаны ашитын адам алдымен өз мемлекеттігін, Конституциясын қадірлесін. Әйтпесе, өз мемлекетіне жаны ашымайтын, сол жолда нақты іс атқар-майтын адамның халықшыл болып, отаншыл болып қарық қылмайтыны белгілі. Мұны, әсіресе, ақпарат құралдары есте ұстауға тиісті. Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді қастерлеуге, барша халықты тәрбиелеуге мұқият мән беруге міндетті.

Қазір қолға алынып жатқан шаруаның барлығы - біздің болашаққа сенімділігіміздің белгісі, өз күшімізге сеніміміздің белгісі.

Билет № 10

Мәтінді оқып, аудар.

Қазыбектің шешімі

Аңыз бойынша Қазыбек бидің алдына бір бала үшін дауласып екі әйел келеді:

Әйелдердің бірі:

Мен баламды жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін сұрасам, «өз балам» деп бермейді, дейді.

Екінші әйел:

Бала өзімдікі. Мынау босқа жармасып тұр, дейді.

Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып, отырып қалады. Содан кейін шындықты анықтау үшін, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып, балтаны көтеріп тұрып:

Екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма? дейді.

Сонда балаға ие болып жүрген әйел:

Біреуге тірі кеткенше, жарты болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! депті. Ал баланы таныған әйел:

Ойбай, биеке! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! Деп жалынады. Сонда Қазыбек би:

Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың амандығын тілеп тұр. Баласын өзіңе бер деп билік айтады.

Билет № 11

Мәтінді оқып, аудар.

Тіл мәдениеті

Тіл мәдениеті дегеніміз дұрыс, орынды сөйлеу. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Әрбір айтқан сөз қысқа әрі тұжырымды болу керек. "Көп сөз - көмір, аз сез - алтын" деген мақал осы ойды растайды. Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер.

Халық бар жерде тіл бар. Ендеше, тіл мәселесі - халықтық мәселе. Біздің тіл теңдесі жоқ байлық, казак тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Кез келген тілден сол халықтың өмірі, өткен тарихы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі көрінеді.

Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу - азаматтық борышы


Билет № 12

Мәтінді оқып, аудар.

Қазақ ырымдары

Ырым халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Абай, Абылай, Бауыржан, Нұрсұлтан сияқты есімдерін қазір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын, осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу салты бар. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар Күшік, Итбай, Итемген, Көтібар, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы.

Тыштырма. Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбек тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп, «тышты-тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді.

 

Билет № 13

Мәтінді оқып, аудар, жалғастыр.

 

Газет және оның ерекшеліктері

  1. Газет - мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым.
  2. Оның ағымдағы саяси, мәдени, экономикалық, спорттық, т.б. оқиғалар туралы шағын көлемді материалдары мен фотодеректері түптелмейтін әр түрлі қалыптағы парақтарға басылады.
  3. Газеттердің арғы тегі, ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтары, жарналық мағлұматтардан бастау алады.
  4. Өзге басылымдардан газет өзіндік қалыбымен, көлемімен және шығу мерзімінің жиілігімен ерекшеленеді.

5. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.

6. Газет түрлерін ата:

 

Билет № 14

Мәтінді оқып, аудар.

Әбілхан Қастеев атындағы галерея

Қазақтың Ұлттық Көркемсурет галереясы Қазақтың Қолөнер мұражайымен біріктіріліп, 1976 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Өнер мұражайы деген атқа ие болды. Оған 1984 жылы Ә. Қастеев есімі берілді.

Бұл мұражай қорында бейнелеу өнерінің түрлі саласында жинақталған 18 мыңға тарта шығарма бар. Мұражайдың 14 залында орыс және Батыс Еуропа, сондай-ақ Шығыс өнері туындылары қойылған.

Қазақ қолөнері залында сонау ежелгі заманнан бергі көшпенді тұрмысқа лайық киіз, тері, сүйек, алтын мен күмістен жасалған заттар, әсіресе зергерлік бұйымдар көп. Олар халық шебері мен ұсталарының ғажайып өнерінен сыр шертеді. Мұнда республикамыздағы танымал суретшілер Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, Х. Наурызбаев, Н. Нұрмұхамедов, С. Романов, Е.М. Сидоркиннің, т.б. суретшілерінің шығармаларымен танысасыңдар.

Атақты орыс суретшілері К.П. Брюллов, И.Е. Репин, И.И. Шишкин тағы басқаларының ғажайып картиналарымен кездесесіңдер.

 

Билет № 15

Мәтінді оқып, аудар.

 

Жарнама

Жарнама барлық істің басы болып саналады.

Жарнама жасаудың ең қарапайым түрі – баспа өнімдері. Олар: каталогтар, хабарлама-бағдарламалар, жарнама парақшалары, газет-журналдар. Жарнама – қысқа, мәнді болуы керек. Рас, жарнама мәтіндерін дайындау оңай емес. Ол үшін шығармашылық дағды қажет. Жарнаманың тұтынушыны қызықтырып тұрғаны жөн.

Бір АҚШ-тың өзінде жарнама саласына байланысты 35 колледж және жеке бір университет білім береді екен. Бұл елдің тұрғындарының 0,1 пайызы жарнамада жұмыс істейді.

Жарнаманың негізгі үш міндеті бар: бірінші – тауар жайында немесе көрсетілетін қызмет түріне байланысты толық мәлімет беру. Екінші – тауардың артықшылығын, ерекшелігін көрсете білу. Үшінші – тұтынушыларды сол затты алуға ынталандыру. Әрине, жарнамада жұмыс істеу үшін талант керек.

Қазіргі кезде нарықтық экономика жақсы жарнаманы қажет етеді. Радио, теледидар, баспасөз, көше жарнамалары кең қолданылады.

Бәлкім, саған да жарнама ісі ұнайтын болар. Ол үшін қазірден өзінді дайында. Оған тапқырлық, ұшқыр киял, жазу дағдысы, сурет сала білу керек.


Билет № 16

Мәтінді оқып, аудар.

Айтыс

Бәйгеге ат қосқанда қай ат озар екен, балуандар күрес-кенде қайсысы жығар екен деп халық қатты толқымай ма? Ақындар айтысқан кезде де жұрт сондай күй кешеді.

Ақындар айтысы - екі ақынның сөз өнерімен сайысы, жыр мерекесі. Ертеректе кара сөзбен айтысу салты болған. Кейін бірте-бірте шешендік сайысқа, өлең-жырмен айтылатын ақындық айтысқа ұласқан. Ақындар елдің елдігін, жақсы мен жаманды, ақ пен караны, әділет пен арамзалықты, арлылық пен абыройсыздықты саралап, ортаға салып отырған.

Екі ақын тек бір-бірінің кемшілігін іздемеген, олар ел ішіндегі жайларды қозғаған. Айтыс елдің жақсы істерін мадақтап, кем-кетіктерін сынап, оның түзелуіне себепкер болатын, тәрбиелік мәні өте күшті өнер түрі саналған.

 

Билет № 17

Мәтінді оқып, аудар.

Радиохабар

Радиохабар - радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, шұғыл ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радио-инсценировка, радиопьеса, т.б.). Радио сонымен бірге өз ха-барларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланды.

Радионы алғаш ойлап тапқан - А.С. Попов.

Ол 1895 жылы 7 мамырда өзі жасап шығарған сымсыз сигнал беретін қабылдағышты көпшілікке көрсетті.

 

Билет № 18

Мәтінді оқып, аудар.

Николай Гаврилович Хлудов

(1850-1935)

Н.Г. Хлудов – орыс кескіндемешісі, Ресейдегі Орел губерниясында туған.

1872-74 ж. Одесса сурет мектебінде, кейін Санкт-Петербург қаласында жеке студияда оқыды. 1879 жылдан Верный (Алматыда) тұрды. Орта мектептерде суреттен сабақ берді. Жетісу облысының басқармасында сызушы, сосын жер өлшеуші болып жұмыс істеді. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайы қорында 100-ден аса картина, акварель және эскиздері сақтаулы. Суретші «Түнгі барымта» (1887), «Дауылда қалғандар» (1896), «Бие сауу» (1908), «Тайынша мінген бала» (1907), т.б. картиналарында қазақ халқының өмірі мен тұрмысын шынайы бейнелейді. «Киіз үйде» (1891) атты полотнода көшпенділер тұрақжайының құрылымы, оның ішкі жасау-жабдығы, ұлттық киім-кешек, күнделікті тіршілік қамы түгел қамтылған.

1920 ж. ол Верныйда жергілікті ұлт жастары үшін сурет студиясын ұйымдастырды. Хлудов шәкірттерінің бірі Әбілхан Қастеев болды.

Билет № 19

Мәтінді оқып, аудар.

 

Ақпарат құралдары

Ақпарат құралдары кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың бәрі - газет, журнал, телевизия және радио, жарнамалық, мәтіндер, т.б. жатады.

Қалыптасқан мағынасында: мерзімді баспасөз, телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. Баспасөз, телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстетикалық сұранысын өтейді.

Ақпарат құралдары - мемлекет тәуелсіздігінің саяси экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.

 

Билет № 20

Мәтінді оқып, аудар.

Қабанбай батыр

Жоңғарларға қарсы күресте қазақ жерін шапқыншылардан қорғауда да қазақ батырларының қосқан үлесі зор. Олар: Қарасай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Жасыбай, т.б.

Қабанбай (Ерасыл) – ХVІІ ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қолбасы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі және қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болған.

Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, сондықтан оны «Қаракерей Қабанбай» деп, ал асқан батырлығы мен қолбасылығына, жекпе-жектердегі теңдесіз ерлікиеріне орай «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған.

Қабанбайдың көптеген ерлік істері Абылайдың жоңғарларға жасаған жорықтарына байланысты. Оның батырлық, ерлік хиқаяларын баяндайтын «Ер Қабанбай» атты дастан бар. Оның атында Шығыс Қазақстан облысында ауыл, үлкен бір әскери бөлім бар. Семей қаласында батырға арнап ескерткіш орнатылған.

 

 

Билет № 21

Мәтінді оқып, аудар.

Қазыбектің Жоңғар ханына берген жауабы

 

Қаз дауысты Қазыбек – асқан шешен, ақын.

1730-1731 жылдары Тайкелтір бастаған төрт кісі Жоңғар ханы Қоңтәжіге елшілікке барған екен. Олардың ішінде Қаз дауысты Қазыбек би, Тұрсынбай батыр, Жәнібек батыр болған. Елшілікті қабылдаған Жоңғар ханының сыншыл Қарабас деген бәйбішесі Қаз дауысты Қазыбекке қарап тұрып: «Екі аяқтыға жол бермес, екі жақтыға сөз бермес адам екен.»депті. Осы жолы Қазыбек би Жоңғар ханын сөзден жеңіп, бітімге келтіреді. Ол жоңғар ханына:

- Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. Ұл мен қызын жатқа құл-күң ғып отыра алмайтын елміз, - дейді. Қазыбек одан әрі былай дейді:

Сен темір болсаң, біз көмірміз, еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз, танымайтын жат елге танытқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз, сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, бітім берсең, жөніңді айт, бітіспесең, сонынды айт!

Өзінің жеңілгенін Қоңтәжі хан мойындап:

- Бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп, қайтарып беріңдер, - депті.

 

Билет № 22

Мәтінді оқып, аудар.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.02 сек.)