|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Германия. Германияда жер басқарушыларына, жоспарлау және аумақтың құрылысына бақылау жүргізетін жергіліктіГерманияда жер басқарушыларына, жоспарлау және аумақтың құрылысына бақылау жүргізетін жергілікті атқарушы билік құрылымында тиісті органдар құру міндеттемелері жүктелген. Бұл жер министрліктері немесе жобалау ісінің барлық бөлімдері бойынша маман-сарапшылары бар муниципалитет инспекцияларының құрылыс бөлімдері. Мысалы, Бавария жерінің құрылыстағы жоғарғы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады, оның құрамына жобалау және құрылысты, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыратын өз штаты бар құрылыс департаменті кіреді. Германияның құрылыс инспекциясы органындарына жобалау және құрылыс салудың жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер жүктеледі. Ол үшін жобаларға тексеріс және оларға мемлекеттік сараптама жүргізіледі, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі (құрылысты бастау мен құрылыс салу) және құрылысы салынып, пайдаланылып жатқан объектілерін инспектірлеу жүзеге асырылады. Бұл ұйымдар, құрылыс ғылымы және техника саласында, сондай-ақ жобалау-іздестіру және құрылыс жұмыстары мәселесі бойынша қажетті нормативтік-құқықтық және инженерлік-техникалық білімдері бар кәсіби дайындалған мамандармен толықтырылады. Өз мақсаттарын орындау үшін құрылыс инспекциясының органдары жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізуге тиісті тізілімге енгізілген жоғары санатты мамандарды тарта алады. Германияда құрылыстағы жобаларға мемлекеттік сараптама жобалау шешімдері келесі параметрлерге сәйкес жүргізіледі: 1) ғимараттар мен құрылыстардыңтұрақтылығы; 2) құрылысты өртке қарсы қорғауы; 3) конструкциялар мен қоршаулардыңдірілді-, дыбысты- бәсеңдету және жылылықтысақтауы; 4) статистикалық-конструкциялықесептердіжүргізу. Мемлекеттік сараптаманы белгіленген тәртіппен жүргізу міндеттілігі, сарапшылардың тәуелсіздігі, қорытындыларының ғылыми негізділігі және объективтілігі сараптама қорытындылары мен ұсыныстарының негізділігіне жауаптылық ұстанымдарында ұйымдастырылады. Сондықтан сараптамамалық бағалауды жобалардың қаралып жатқан бөлімдеріне байланысты инженер-құрылысшылар Палаталары немесе сәулетшілер Палаталарымен тағайындалған мемлекетік сарапшылар жүзеге асырады. Мемлекеттік сарапшылардың жобалау саласында жеткілікті білімі және жұмыс тәжірибесі болуы айрықша талап етіледі, құрылыс немесе онымен шектес саладағы кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынады, сондай-ақ кәсіби, ең алдымен құрылыс қызметіндегі субъектілермен қаржы немесе өзге де байланысты қатынаста болмауы талап етіледі. Мемлекеттік сарапшылар Палатаға есеп береді және кәсібіи қызметінде турашылдыққа және адалдыққа ант береді. Бұдан басқа, сарапшылар Палатаға ықтимал мемлекеттік сарапшылар ретінде басқа мамандардың кандидатураларын ұсына алады. Сот, тергеу немесе өзге әкімшілік органдарымен жұмыс істеу үшін қоғамдық сарапшылар институты бар. Қоғамдық деңгейде сарапшыларды тағайындаудың негізгі мақсаты осы сот, әкімшілік органдарына немесе жұртшылық өкілдеріне ерекше құзіретті, антқа келтірілген, құрылыс жобалары бойынша дауларға және объектіні салу сапасына байланысты қоғамдық қатынастардың әр түрлі саласында қаралып отырған мәселелердің қорытындылары дұрыстығымен ерекшеленген сарапшылар болып табылады. Сарапшыларды қоғамдық деңгейде тағайындау туралы шешімді сәулетшілер Палатасы қабылдайды. Қоғамдық сараптама референдумы, халықтан сұрақ-жауап алу және муниципалитеттерде табиғатты қорғау шараларының жеке мәселелерін талқылау арқылы ұйымдастырылады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |