|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жапония
Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу жүйесі мен тәртібі және Жапониядағы құрылыс сапасын бақылау АҚШ пен Германиядағыға ұқсас. Сондай-ақ жобалау өнімінің сапасын мемлекеттік бақылау жүйесін құрудың аумақтық ұстанымдары мен мемлекеттік органдарының инвестициялық қызметін реттеуге қатысуы осы елдердікіне ұқсас. Жапониядағы жобалардың мемлекеттік сараптамасы мен құрылыс сапасына жоғары маңыз беріледі және елдің барлық аумақтарының өте жоғары сейсмикалық қауіпті болуы себепті тиісті талаптар қойылған. 1927 жылғы Токио жер сілкінісінен кейін жобалау мен күрделі құрылысқа талаптарды қатаңдату қажеттігі айнықталды. Мемлекеттік сараптамаға объектінің мақсаттылығы мен маңыздылыға қарамастан барлық құпрылыс жобалары жатқызылды. Осыған байланысты ірі қалалар муниципалитетінде құрылысты қадағалайтын және аумақтар мен қала өңірлерінде ведомствоға бағынысты жобаларды тексеретін арнайы қызметтер құрылды. Осы қызметтердің штат саны бағынысты аумақтың муниципалитетіндегі құрылысты жобалау мен қарқындылық көлеміне қарай белгіленеді. Құрылыс салуға арналған жобаларды кешенді қарау кезінде бас жоспарларды әзірлеу және іске асыруға, қала құрылысы тәртібін (бас жоспармен анықталған бөлінген жер учаскелерінің функционалдық мақсаттарға пайдаланылуы, қызыл және сары сызықтар талаптарына, табиғатты қорғау шаралары және т.б.) сақтауға, әрбір ғимараттың немесе құрылыстың көлемді-жоспарлау шешімдерінің оңтайлылығы мен қауіпсіздігіне, объектінің конструктивтік беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу толық болу үшін осыған өкілетті юасқарма (қызмет) органдарымен мамандандырылған фирмалар мен консультативті сараптау ұйымдары, сондай-ақ біліктілігі жоғары мамандар мен ғылыми қызметкерлер кеңінен тартылады. Сонымен қатар, тартылатын фирмалардың, ұйымдар мен сарапшылардың тәуелсіз болу ұстанымдары қатаң сақталады, құрамды тәсілдер мен мемлекеттік сараптамадан алған нәтижелерін кешенді талдау кеңінен қолданылады. Экологиялық сараптамаға объектілерді салуға арналған барлық жобалар жатқызылады, елде экологиялық сараптама мен қоршаған ортаны инженерлік қорғау жөніндегі көптеген тәуелсіз ірі және ұсақ ұйымдар осы қызметті жүзеге асырады. Орталық мемлекеттік салалық органның негізгі функцияларына нормативтік базаны қалыптастыру және ұстау, маңызды инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жобалау ісі мен құрылыста принципиалды мәселелер бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу жатады. Құрылыс пен экономикада автоматтандырыған сараптау жүйесін пайдаланатын Жапония ғылыми-зерттеу институтының жұмысын атап айтуға болады. Осы жүйелер осы саладағы кеңейтілген нормативтік ақпараттан тұратын тұрақты жинақталған деректер базасының көмегімен айқын мәселелерді шешуге септігі тиетін ақпараттық бағдарламалық кешендерден тұрады. Жапонияда инвестициялық циклді қысқарту мақсатында жобаларды әзірлеук барысында жобаларға, яғни жобалау жұмысы толық аяқталғанға дейін сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізу кеңінен қолданылады. Бұл үшін тапсырысшылар мен жоба авторлары жобалаудың барлық кезеңдеріне мемлекеттік сараптама органдары ұсынған тәуелсіз сарапшылармен жұмыс істейді, қысқа мерзім ішінде жұмыс тәртібінде қажетті түзетулер енгізу жолымен жобалау өнімінің жоғары сапасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жоғарыда көрсетілген елдер бойынша жалпы мәліметтер Көрсетілген әлеуметтік және экономикасы дамыған елдердің құрылысында мемлекеттік инвестициялар 4-8% құрайды. Осыған байланысты білікті және тәуелсіз сарапшыларды сараптамаға тарту моделі тиімді. Жобалардың мемлекеттік сараптамасы институтының болмауы немесе оның құрылыс сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінде алатын орны төмен болуы орны толмас адам шығыны мен материалдық шығынға әкеледі, әсіресе табиғи апатты жғадйларды, соның ішінде жер сілкінісі болған кезде. 1999 жылы Түркияда болған жойқын жер сілкінісі нәтижесінде мыңдаған адам өліп, қырық бес мыңдай адам жарақат алып, қаншамасы зардап шекті. Осыдан кейін бірден көптеген адам шығынын әкелген ғимараттар мен құрылыстардың құлау себебін анықтау үшін Қазақстан Республикасының сол кездегі Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институтының («ҚазСҚҒЗИ» РМК) мамандары жіберілді. «ҚазСҚҒЗИ» РМК-ның есеп беру материалдарында негізгі себеп ретінде жобалардың сапасының төмендігі көрсетілген, көтергіш және қоршағыш конструкциялары мен көлемді-жоспарлау шешімдерінің сейсмотұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша орындалған есептерінің тиісті орындалмауы. Қайғылы жағдайдың орын алу себептерінің бірі ретінде осындай сапасыз жобаларды іске асыруда жобалар сараптамасының және мемлекеттік құрылыс инспекторларының талабының болмауы осындай құрылыс жұмыстарының сапасының төмен болуына жол берген, технологиялық процестердің бұзылуы және мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану көрсетілген. Құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау ролін күшейту және жобалардың мемлекеттік сараптамасы институтын құру жөніндегі шаралар шеңберінде Түркия біздің мемлекеттік бақылау жүйесін және жобалау мен құрылыс өнімінің сапасын басқару жүйесін оқып-үйрену үшін Қазақстан Республикасына өз мемлекеттік органдарының өкілдерін жіберді. Түркиядағы сияқты жойқын жер сілкіністері 1999 жылы Тайваньда және Грекияда, сондай-ақ 2002 жылы Аляска штатында болды, онда адам шығыны шамалы болды немесе адам өлімі тіркелмеді, сондай-ақ тек жергілікті сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар (оның ішінде Алясканың халқы аз аудандарындағы желілік коммуникациялар) бүлінген. Осы елдерде көптеген жылдар бойы жобалардың мемлекеттік сараптамасы жүйесі жұмыс істейді және жобалау мен құрылыс салу сапасына қатаң бақылау орнатылған.
Дәріс №7. Тақырыбы: Экологиялық сараптама объектілері 1. Міндетті ЭС объектілері. 2. Объектілердің сыныпталуына сәйкес санаттарға бөлінуі. З. МЭС жүзеге асырушылар.
Мемлекеттік экологиялық сараптама oбъектілерi 1. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады: 1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары; 2) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары; 3) қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары; 4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары; 5) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары; 6) кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер; 7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары; 8) қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары; 9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары; 10) көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары; 2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама; 12) табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама. 2. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда: 1) экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама ескертпелері бойынша жетілдірілген; 2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда; 3) сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. 3. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері осы Кодекстің 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес І, ІІ, III, IV санаттарға бөлінеді. І санатқа орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 6-9) және 11) тармақшаларында аталған объектілер жатқызылады. II санатқа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, өңірлік жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі. Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде. 2011 жылдың I жартыжылында 3055 жобалық материалдардың атаулары қаралды, оның ішінде Комитетпен 629 жобалық материалдар қаралды. Қаралған материалдар ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен шаруашылық қызмет жобалары; ЖШШ, ЖШТ, ҚТН нормативтерінің жобалары; қала құрылысы сипатындағы, сұлбалардың жобалары, жекелей алғанда, жер телімдерін бөлуді келісу; инвестицияларды алуға ТЭН және ЭЕТ жобалары; жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар және технологиялар, техникалар мен жабдықтар қолдануды негіздейтін құжаттамалардың жобалары. Кәсіпорындарда жүргізілген тексерістердің сараптамалық көрсеткіші көрсеткен негізгі заң бұзушылықтар: жобалық және шаруашылық қызметке мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмауы; қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы, ластаушы заттарды шығаруға, ағызуға және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттен асуы, өндірістік және тұтыну қалдықтарының есебінің болмауы, жер ресурстарының ластануы; өндірістік экологиялық бақылау жүргізу туралы талаптардың сақтамауы; табиғат қорғау іс-шараларының жүргізілмеуі; жобалық құжатта бекітілген нормалардың сақталмауы; атмосфераға нормадан тыс ластаушы заттар шығаруға алып келетін технологиялық қондырғыларды пайдалану ережесінің сақталмауы. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады: Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс: Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда: Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі:
Дәріс №8. Тақырыбы: ЭС түрлері, І, ІІ және қайталама сараптама 1. ҚР ЭС түрлері. 2. І, ІІ ретті ЭС жиналатын құжаттар. З. МЭС және ҚЭС қорытындылары.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi 63-бап. Экологиялық сараптама және оның түрлерi Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады. 64-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарында айқындалған құзыретi шегiнде жүргiзедi. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм (жұмыс, қызмет) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге жатқызылса, оның оңды қорытындысынсыз Қазақстан Республикасының аумағында оны өндiруге немесе оған әкелуге тыйым салынады. Экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып табылады, мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған қатысты дау сотта қаралуы мүмкiн. Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен. 65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама Қоғамдық бiрлестiктер немесе халықтың өзге де топтары қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзе алады. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың ұйымдастыру нысандары және қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттi экологиялық сараптама туралы заңдармен белгiленедi. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныс жасау сипатында болады. 2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс: Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда: Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі:
Дәріс №9. Тақырыбы: МЭС ұйымдастыру 1. МЭС жүргізуші мекемелер. 2. МЭС ұйымдастыру. З. МЭС жүргізу тәртібі.
Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу рәсімі Мемлекеттік эколгиялық сараптаманы экологиялық сараптама объектілерін қарау, талдау және бағалау жолы арқылы: 1) сараптамалық органдардың штаттық қызметкерлері; 2) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптамалық органдардың басшылары құрған сараптамалық комиссиялар; 3) Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, мекемелер және ұйымдардың, оның ішінде шет елдердің өкілдерінен – объектілердің қоршаған ортаға күрделі әсерлері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде, тұратын салааралық сараптамалық комиссиялар жүргізеді. Сыртқы сарапшылар ұсынылған құжаттаманың қаралуын ұйымдастырады және сараптамалық органдарға қорытынды ретінде ұсыныстар мен ескертулерін ұсынады. Сыртқы сарапшылардың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие болады. Оның барысында сараптамалық органдар материалдарды қарауды және сараптама объектінің бағалауын жүргізетін және дәлелденген және объективті сараптамалық қорытындыны қалыптастыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың рәсімі біртіндеген сатылардан тұрады да мыналарды қамтиды: Алдын ала сараптама сатысының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттама, одан әрі қаралмайды және қаралмау себептері туралы хабарлама хатпен өтініш берушіге қайтарылады. Сараптамалық органдар объектіге мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінімнен мына жағдайларда бас тартуға құқылы:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi
Дәріс №10. Тақырыбы: ЭС кезеңдері, МЭС берілетін құжаттар мен материалдар 1. ЭС туралы заң. 2. МЭС құжаттары. З. МЭС қарастыратын материалдары.
Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997).Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады. Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында “Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда “қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді. Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады. Жұмыстың мақсаты: Экологиялық сараптаманың түрлеріне, мәселелеріне және оның ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады: - экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін саралау; - экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру; - экологиялық сараптама субъектілерін зерттеу. Қаралған материалдар ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен шаруашылық қызмет жобалары; ЖШШ, ЖШТ, ҚТН нормативтерінің жобалары; қала құрылысы сипатындағы, сұлбалардың жобалары, жекелей алғанда, жер телімдерін бөлуді келісу; инвестицияларды алуға ТЭН және ЭЕТ жобалары; жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар және технологиялар, техникалар мен жабдықтар қолдануды негіздейтін құжаттамалардың жобалары. Кәсіпорындарда жүргізілген тексерістердің сараптамалық көрсеткіші көрсеткен негізгі заң бұзушылықтар: жобалық және шаруашылық қызметке мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмауы; қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы, ластаушы заттарды шығаруға, ағызуға және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттен асуы, өндірістік және тұтыну қалдықтарының есебінің болмауы, жер ресурстарының ластануы; өндірістік экологиялық бақылау жүргізу туралы талаптардың сақтамауы; табиғат қорғау іс-шараларының жүргізілмеуі; жобалық құжатта бекітілген нормалардың сақталмауы; атмосфераға нормадан тыс ластаушы заттар шығаруға алып келетін технологиялық қондырғыларды пайдалану ережесінің сақталмауы. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады: Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс: Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда: Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі:
Дәріс №11. Тақырыбы: МЭС өткізу процесі 1. МЭС қарау, талдау, бағалау жолдары. 2. МЭС рәсімі. З. МЭС жүргізу тәжірибелері.
Мемлекеттік эколгиялық сараптаманы экологиялық сараптама объектілерін қарау, талдау және бағалау жолы арқылы: 4) сараптамалық органдардың штаттық қызметкерлері; 5) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптамалық органдардың басшылары құрған сараптамалық комиссиялар; 6) Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, мекемелер және ұйымдардың, оның ішінде шет елдердің өкілдерінен – объектілердің қоршаған ортаға күрделі әсерлері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде, тұратын салааралық сараптамалық комиссиялар жүргізеді. Сыртқы сарапшылар ұсынылған құжаттаманың қаралуын ұйымдастырады және сараптамалық органдарға қорытынды ретінде ұсыныстар мен ескертулерін ұсынады. Сыртқы сарапшылардың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие болады. Оның барысында сараптамалық органдар материалдарды қарауды және сараптама объектінің бағалауын жүргізетін және дәлелденген және объективті сараптамалық қорытындыны қалыптастыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың рәсімі біртіндеген сатылардан тұрады да мыналарды қамтиды: Алдын ала сараптама сатысының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттама, одан әрі қаралмайды және қаралмау себептері туралы хабарлама хатпен өтініш берушіге қайтарылады. Сараптамалық органдар объектіге мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінімнен мына жағдайларда бас тартуға құқылы:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi
Осы ақпарат мемлекеттік сараптама туралы қысқаша сипаттамадан және шет елдердегі жобаны бағалау тәжірибесінен тұрады. Ақпарат әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарда келтірілген, сондай-ақ тәжірибе алмасу тәртібімен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемсараптама» РМК-ның құжаттарынан алынған мәліметтерден құралған. Құрылыстың (яғни, мемлекеттік нормативтік құжаттарымен анықталатын) тиісті сапасы құрылыс жобаларына кешенді мемлекеттік сараптамалық баға беруді ұйымдастыру және жүргізу арқылы, қала құрылысы жобаларының арнайы түрлері, оларды бекіту, сондай-ақ салынып жатқан құрылысты инспекциялау арқылы құрылыс барысында жүргізілетін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі. Жобаларды мемлекеттік сараптау тәуелсіз ұстанымдарындағы баға беру және қорытындылардың негізділігі мен объективтілігі, сондай-ақ сарапшылардың лауазымы бойынша орталықтандырылған жауапкершіліктері ұстанымы бойынша негізделеді. Мемлекеттік сараптама жүргізу міндеттілігі заңнамамен: 1) жобаның түріне (жобалау алдындағы, жобалау немесе жобалау-сметалық құжаттаманың); 2) келешектегі объектінің техникалық күрделілігі оның функционалдық мақсаты және технологиялық барысына, жоспарланған (есептік) қуатына (сыйымдылығы, өткізу қабілеті), құрылыс учаскесінің ерекше жағдайына (алаңшаның, тас жолдың), физикалық параметрлері және сипаттамасына және т.б.; 3) аумақты қала құрылысы бойынша игеру немесе нақты объектінің құрылыс бойынша жоспарлануын инвестициялау көздеріне; 4) жобаланған объектілердің тұрақты жұмыс істеуі және конструкциялардың сенімділігі, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитарлық қамсыздандыру бөлімінің жобалау шешімдеріне спецификалық немесе айрықша талаптарына байланысты белгіленеді. Экономикасы дамыған шетелдерде өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың, көпсалалы кешендердің, көлік және инженерлік коммуникацияларының, сондай-ақ өзге де объектілерінің құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптау институттары бар. Мемлекеттік сараптама жобалау шешімдерін әзірлеу және бекітудің технологиялық тізбегіндегі, сондай-ақ құрылыс барысында бұрын бекітілген жобалау шешімдерін өзгертудің өте маңызды рәсімдерінің бірі болып табылады. Жүргізілген мемлекеттік сараптаманың қорытындылары мен инвесторлардың (тапсырысшылардың) кешенді талдауы негізінде олардың тапсырмалары бойынша жобалардың сапасына баға беру жүргізіледі және оларды жүзеге асыру немесе одан әрі қараудан бас тарту бойынша шешімдер қабылданады. Құрылысы қарқынды салынып жатқан көптеген шетелдерде жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу, жобалау және құрылыс сапасын бақылау қадағалау функцияларының жиынтығы мемлекет органдарының арнайы құрылымына жүктелген. Сонымен қатар жобалау өнімдерін бақылау және жобалардағы мемлекеттік нормалар мен стандарттардың, ережелердің, техникалық шарттар мен шектеулердің талаптарының сақталуын бақылау заңнамалық актілер деңгейінде немесе муниципальды құрылыс кодекстерімен (құрылыс салудың өңірлік қағидаларымен) белгіленеді, ол жалпы мемлекеттік (федеральдық) заңнамаға қарама-қайшы болмауы тиіс. Осындай нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың (мемлекеттің немесе оның әкімшілік бірлігі шегіндегі барлық аумақтарындағы) мәртебесі мен шектеулері осы елдің мемлекеттік орналасу нысанына қарай таратылады.
Дәріс №12. Тақырыбы: МЭС органдары мен ұйымдары 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi. 2. ҚОҚ саласындағы техникалық регламенттері. З. ҚОҚ саласындағы жобалардың конкурсын өткізу.
16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдаланусаласында: 1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтар мен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық шараларды әзірлейді; 2011.03.12. № 505-ІV ҚРЗаңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 2) 2011.03.12. № 505-ІV ҚРЗаңымен алып тасталды(бұр.ред.қара) 3) табиғат пайдаланудың әр алуан түрлері бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды; 4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚРЗаңымен 5) тармақшаөзгертілді (бұр.ред.қара) 5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сондай-ақ, гидрометеорология, климаты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды бекітеді; Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.04 сек.) |