|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе. Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады
Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады. Экологиялық сараптама- шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативттері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметтің табиғи ортаға жасуы ықтимал теріс әсерлерінің және соларға байланысты әлеуметтік, экономикалық және өзге де зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы. Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді.
Пәнді оқу келесідей құралған дәріс– 30 сағат, оның ішінде сабақ ұзақтығы 50 минут және тәжірибелік сабақ -15 сағат, сабақ ұзақтығы 50 минут. Тәжірибелік сағат теориялық сағаттан кейін оқытылады. Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы – 9 сағат, ол кезде студент презентация көріністерін қорғайды. студенттің өзіндік жұмысы – 81 сағат, білім алушыларға аптасына 4 сағат айналысу ұсынылады. Сыртқы бөлімде білім алушылар үшін студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы көзделмеген. Пән бір семестрге, яғни 15 апта бойы оқытылады. Білімді бақылау түрі – емтихан негізінде жүргізіледі. Ақпараттың толық сипаты төменде көрсетілген. Дәріс: · конспект- типографмялық немесе электронды басылым; · электронды оқулық – орталықтандырылған немесе авторлы жоғары оқу орны ішіндегі басылым; Тәжірибелік сабақ: · дәріс курстарын қоса теориялық материалдарды, кітаптарды, оқулықтарды және басқа ақпараттарды мазмұндайтын мақсатты сабақ; · тәжірибелік сабақ физикалық сынақтарды кафедраның ерекшелігімен өрнектеледі; · әдістемелік нұсқаулықтардың электронды түрі тәжірибелік сабақта көрсетіледі; · студенттердің өзіндік нәтижелерін тексеру бағдарламасы. Курстық жұмыс (жоба): · курстық жұмысқа жекелеген тапсырмалардың электронды түрі, оның күрделілігі оқу түріне, пәннің оқытылу көлеміне, бағытына тәуелді; · курстық жобаға әдістемелік нұсқау және оқу құралы; · студенттердің өзіндік нәтижелерін тексеру бағдарламасы. Есептік графикалық жұмыстар (тәжірибелік сабақтар): - тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаудың электронды түрі Бақылау аралық бақылаулар № 1және №2, емтихан: - аралық және қорытынды бақылау түрлері теориялық және тәжірибелік сипаттағы сұрақтардан құралған; - аралық бақылаудың ауызша сұрақтары; 2. Өзіндік жұмысты жазудың әдістемелік ұсынысы Күндізгі бөлімде білім алушылар үшін оқу жоспарына сәйкес бір өзіндік жұмыс жазылады. Жұмыс бірінші аралық бақылауға дейін реферат және презентациялы материал түрінде тапсырылады. Екінші реферат пен презентациялы материал екінші аралық бақылауға дейін тапсырады. Соңында бір студент оқылатын пәннің толық бір семестріне екі жұмыс (реферат және презентациялы материал) тапсырады. Бұл жұмыс білім алушыға зерттелетін материалды терең түсінуге, алған білімді зерделеуге, ал оқытушыға студенттің дайындық деңгейін бақылауға, оның оқу әдебиетін және материалдың бағдарламасын түсіндіруге көмектеседі. Бақылау жұмыстарын орындамас бұрын, бағдарламалық материалды пәннің оқытылуы әдістемелік нұсқаулығымен рефератты рәсімдеу нұсқаулығымен танысып, кезекті оқып шығыңыз. СОӨЗ сабағында оқу ғимараты ішінде бақылау жұмысын орындау нұсқаулығымен бағдарламалық материалдың әдебиетімен өзіндік жұмыстың нұсқаулығына кеңес береді. Өзіндік жұмыста бөлім бойынша, негізгі және қосымша әдебиетпен тақырыптың бағдарламалық текстын қарап, бөлімнің әдістемелік нұсқаулығын қараңыз. Терминдерді, анықтамаларды және атауларды, негәзгә мысалдарды жазып алып отыру қажет. Бұл материалды зейіндеуге көмектеседі. Кестелерді, суреттерді жақсылап зерттеу қажет. Дәріс материалының әрбір тақырыбын оқығаннан кейін, бақылау сұрағындағы сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Материалды толық оқып болған соң, мақсаты білімді зерделеуге арналған бақылау жұмысын орындап бастауға болады. Бақылау жұмысы екі теориялық сұрақтан тұрады және білім алушы таңдаған зерттеу объектісі бойынша жасалады. Бақылау жұмысын сыртқы және күндізгі бөлім студенттері келесідегідей рәсімдейді.
2.1 Рефератты дайындаудың әдістемелік нұсқаулығы
Жеке тапсырмалар білімді тереңдетуге және зерделеуге арналған. Сыртқы және қашықтықтан оқитындар үшін бақылау жұмысы бағалаудың негізгі түр болып табылады. Бақылау жұмысының негізгі мақсаты– берілген пән бойынша студенттің оқу материалын түсінгендігін бақылау. Өзіндік жұмысқа келесі реферат тақырыптары ұсынылады:
1. ҚР экологиялық құқық классификациясы, объектілері 2. Табиғат пайдаланудың түрлері, формалары. 3. Табиғат пайдаланудың объектілері және субъектілері 4. ЭС бірінші реттік және қайталама сатылары. 5. ЭА даму болашағы 6. ҚЭС құзыреті, тіркеу рәсімдері Реферат 8-10 бет көлемінде, А4 форматында, «жұмсақ» переплетта жасалады. Реферат бағасы қорғау барысында қойылады. Рефераттың максималды бағасы – 35 балл. Студенттің өзіндік жұмысы кестеге сәйкес және теориялық материалды өзіндік оқумен орындалады. Күндізгі бөлм студенттері екі өзіндік жұмыс орындайды және олар төменде көрсетілген: 1. Экологиялық аудит 2. Экологиялық сақтандыру Сыртқы бөлім студенттері үшін бақылау жұмысының тақырыптары келесідегідей: 1. ҚОӘБ 2. Қоғамдық экологиялық сараптама 3. Мемлекеттік экологиялық сараптама
Бақылау жұмысы және рефераттарды орындаудың талаптары: Өзіндік жұмыстарды (бақылау жұмысы және рефераттарды)орындауға келесі талаптар қойылады: · Өзіндік жұмысты студенттің өзі орындау қажет, әртүрлі ақпараттардан алынған мәліметтерді негізге ала отырып, автордың өз ойы болу керек. · Өзіндік жұмыстың мазмұны автор атынан жазылуы қажет. · Рефераттың немесе бақылау жұмысының мақсаты мен міндеті түсінікті және қарастырылған мәселеге қатысты болуы керек. · Өзіндік жұмыстың мазмұны тақырыпқа сай және мәселенің жәй күйін айқындау қажет, мәселені шешу деңгейі жұмыста тиімді болу қажет. · Өзіндік жұмысты жасағанда ақпараттың 7 ден кем емес көзін қолдану керек. · Жұмыста нақты ұсыныстар мен қорытынды жазылуы қажет. Бақылау жұмысы және рефераттарды орындаудың құрылымдық талаптары: Бақылау жұмысы және рефераттарды орындаудың құрылымдық мазмұны: Мұқаба парағы (бақылау жұмысы және рефераттардың бірінші беті) Мазмұны (мазмұнына: кіріспе, барлық бөлімнің атауы, бөлімшелер, тапсырманың негізгі бөлімінің пунктері және подпунктері, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімі) жазылады. Кіріспе (кіріспеде бақылау жұмысында немесе рефераттарда қарастырылатын мәселе қысқаша жазылады) Негізгі бөлім (бақылау жұмысында немесе рефераттардың негізі жазылатын бірнеше бөлімнен тұрады) Қорытында немесе түйіндеме (алынған жұмыс нәтижесі, ұсыныстар жазылу арқылы баға береді). Бақылау жұмысы және рефераттарды рәсімдеу талаптары: Бақылау жұмысы және рефераттарды рәсімдеуге келесі талаптар қойылады: · Бақылау жұмысы және рефераттарды рәсімдеу А4 форматта (210х297), текст беттің бір бетіне басылады; · Шрифт параметрлері - Times New Roman, сызба- әдеткі, шрифт кегелі- 14 пункт, текст түсі – авто (қара); · Абзац парметрі: тескті түзету– беттің ені бойынша, алдыңғы жолдан артқа қарай жүру – 1,25 мм, жол аралық интервал-Бірлік; · Беттің шекарасы мұқаба бет үшін: жоғарғы және төменгі алаң үшін– 20 мм, оң және сол жақ үшін– 15 мм; · Қалған беттер үшін: жоғарғы және төменгі алаң үшін– 20 мм, сол алаң үшін– 30 мм, оң алаң үшін– 15 мм; · Мұқаба парағында жоғарғы орынның атауы, реферат тақырыбы, оқу курсы, топ номері, оқу курсымен түрі, автордың А.Ж.Т., ғылыми жетекшінің (тексерушінің) А.Ж.Т., жасалған жұмыстың жылы мен орны көрсетіледі. · Бет араб цифрларымен номерацияланады. Реттік номерді беттің төмен жағынан ортаға қояды; · Бет номерациясы мұқаба беттен басталады, алайда мұқаба бетке және «Мазмұны» бар бетке номер қойылмайды, келесі бетке 3 саны (үшінші бетке) қойылады; · Өзіндік тапсырманың негізгі бөлімінің тексті бөлімшелерге, пунктерге, подпунктерге бөлінеді; · Көрнекіліктер (суреттер, кестелер, сызбалар) және таблицалар бөлек бетке шығарылған болса, жалпы номерациямен жүреді. · Әдебиетке сілтемені тік жақшаларды көрсетеді, мысалы:: [1 – 3], мұндағы 1 – 3 ақпарат көзінің реттік номері; · Ақпарат көзінің тізімін тексте келтірілген санмен салуға болады, авторлардың тегін немесе тақырып атауына сай кезекті ретте, яғни білім алушыға ыңғайлы түрде жазуға болады.
2.2 Презентациялық материалды дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Сыртқы бөлім студенттеріне презентациялық материал міндетті емес. Алайда, күндізгі бөлім студенттері үшін презентациялық материалсыз өзіндік жұмысты қорғау мүмкін болмайды. Осылайша, рефераттың (жазбаша жұмыстың) негізі Power Point бағдарламасының слайдтарына салынады. Слайд саны 5-7 ден кем болмауы керек. Бірінші аралық бақылауға дейін тапсырылатын реферат слайдының мысалдық жоспары:
Екінші аралық бақылауға дейін тапсырылатын реферат слайдының мысалдық жоспары: 1. Мұқаба беті бірінші презентация сияқты жазылады. 2. Зерттеудің мақсаты, міндеті және қажеттілігі. 3. Қоршаған ортаның ластануының көздері мен себебі. 4. Таңдалған тақырып бойынша жасалған шаралардың фото және көрнекілік материалдары. 5. Жұмыс бойынша ұсыныстар мен қорытындылар.
Сыртқы бөлім студенттері үшін үлгерімбағасы қойылғанда және өзіндік жұмыстың жасалуы ескеріледі және келесі бағытта есептеледі: 1. Бірінші аралық бақылауда студенттің қатысқан сабағы мен өзіндік жұмысты орындау және белсенділігі 100 баллмен есепке алынады. 2. Екінші аралық бақылауда бақылау жұмысы да 100 баллмен есепке алынады. 3. Емтиханда компьтер класында кредит санына сәйке тест сұрақтары беріліп, пайыздық есепте 30 балл беріледі. Барлығын қосып есептегенде максималды баға 100 баллды құрайды. Күндізгі бөлім студенттері үшін: № 1 аралық бақылау үшін: 5. Дәріс сабақтарына қатысқандығы және белсенділігі үшін 7 апта бойы 30 балл жинайды, әрбір қалған сабақтан 1 балл алынып тасталынады. 6. Зертханалық немесе тәжірибелік сабақтарды орындағаны үшін 20 балл (15 жұмыстың 7 тапсыру қажет). 7. № 1 аралық бақылау берілген барлық дәріс уақытының жартысын өткеннен кейін жүргізіледі. 8. № 1 аралық бақылауға дейін әрбір студент кемінде бір реферат жазып, қорғауы қажет. Оған 10 балл қойылады. № 1 аралық бақылауда студент 100 балл жинай алады. № 2 аралық бақылау үшін: 1. Дәріс сабақтарына қатысқандығы және белсенділігі үшін қалған 8 апта бойы 30 балл жинайды, әрбір қалған сабақтан 1 балл алынып тасталынады. 2. Зертханалық немесе тәжірибелік сабақтарды орындағаны үшін 20 балл (15 жұмыстың 7 тапсыру қажет). 3. № 2 аралық бақылау берілген барлық дәріс уақытының жартысын өткеннен кейін жүргізіледі. 4. № 2 аралық бақылауға дейін әрбір студент кемінде бір реферат жазып, қорғауы қажет. Оған 10 балл қойылады. 5. № 2 аралық бақылауда студент 100 балл жинай алады. 6. Емтиханда компьтер класында кредит санына сәйке тест сұрақтары беріліп, пайыздық есепте 30 балл беріледі. Барлығын қосып есептегенде максималды баға 100 баллды құрайды.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 5.1. Негізгі әдебиет: 1. Мирзадинов Р.А. «Экологическая экспертиза», Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2008. 2. Закон об охране окружающей среды, 1997 3. Рекомендации по оформлению и содержанию ПН ПДВ в атмосферу. РНД 211.02.02-97 4. Культелеев С.Т. «Практикум по экологическому праву РК», Учебное пособие. Алматы: Данекер, 2001, 84б 5. Экологический кодекс Казахстана, 1997 6. Карабасова Ю.С, Чижикова В.М., Плущевский М.Б., «Экология и управление -термины и определения», Москва:Мисис, 2001, 223б 7. Гарин В.М., Кленова И.А., Колесников В.И., «Экология для технических вузов», Феникс: Ростов на Дону,2001
5.2. Қосымша әдебиет: 8. Мирзадинов Р.А., «Экологическая экспертиза: методическое указание по практичес-ким занятиям», Алматы: КазАТК, 2008 9. Международное эколого-правовое сотрудничество, Институт международного право, Алматы: Данекер, 2001 10. Абдраимов Б., Жарылкасын Е., «Возмещение экологического вреда по законодатель-ству РК», Алматы:Юрист, 2001 11. Фурсов В.И. «Экологические проблемы окружающей среды», Алматы: Ана тілі, 1991 12. Елдесбаева Р.Б. «Методическое указание по практическим занятиям», Актау, 2013 13. Степановских А.С., «Охрана окружающей среды», Учебник для вузов, Москва: Юнити-Дана, 2000 14. Елдесбаева Р.Б. «Методическое указание для самостоятельной работы студентов по Экологической экспертизе». – Актау: КГУТИ им.Ш.Есенова, 2014, 8б 11. Оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибе, есеп түрлерінің құжаттарына (егер пәннің ерекше талабы болса) әдістемелік нұсқаулық «Экологиялық нормалау негіздері және сараптама» пәні бойынша тәжірибенің кез келген түрі қарастырылмаған. 12. Білім алушының бақылау және оқу жетістігін бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар, емтихан билеттері) - БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР: Студентке төмендегі тізімде бақылау жұмысы беріледі. Таңдау тақырыбы сынақ кітапшасының соңғы санына сәйкес болуы қажет. Бақылау жұмысын орындаған кезде міндетті түрде 10 нан кем емес, отандық және шет ел әдебиеттерін қолдану қажет. Бақылау жұмысын орындауға арналған талаптар: шрифт 14, Times New Roman, абзац бірлік, адыңғы жолдан артқа қарай жүру 1 см. Мұқаба бетінде топ номерін, сынақ кәтапшасы номерін және студенттің А.Ж.Т. жазылуы керек. Бақылау жұмысының тақырыбы төменде көрсетілген және өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулықтағы тақырыпқа сай келеді: 1. ҚР экологиялық құқық классификациясы, объектілері 2. Табиғат пайдаланудың түрлері, формалары. 3. Табиғат пайдаланудың объектілері және субъектілері 4. ЭС бірінші реттік және қайталама сатылары. 5. ЭА даму болашағы 6. ҚЭС құзыреті, тіркеу рәсімдері
ТЕСТІЛЕР: Мұнда студент дұрыс жауабын өзі табатын тест сұрақтары берілген.
13. Оқу сабағының мультимедиялық және бағдарламалық ілеспе көрнекіліктері (пәннің мазмұнына сәйкес дәріс оқушыда болады. Әрбір студент қажетіне қарай уақытта кафедрадан СД түрінде алуына болады.) 14. Арнайыландырылған аудитория, кабинет, зертханалардың тізімі Берілген пән бойынша арнайыландырылған аудитория «Өндірістік экология» зертханасы 1-25 ауд.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.02 сек.) |