АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

КІРІСПЕ. Қазіргі заманның талабына сай студенттердің тәжірибелік дағдыларды меңгеруінде физиологиялық зерттеу

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе 1 страница
  5. Кіріспе 10 страница
  6. Кіріспе 2 страница
  7. Кіріспе 3 страница
  8. Кіріспе 4 страница
  9. Кіріспе 5 страница
  10. Кіріспе 6 страница
  11. Кіріспе 7 страница

Қазіргі заманның талабына сай студенттердің тәжірибелік дағдыларды меңгеруінде физиологиялық зерттеу әдістерінің ролі зор. 2006 жылғы ҚР жалпыға білім беру стандартына, 2008 жылғы типтік бағдарламаға сәйкес тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін бақылау мақсатында студенттер ауызша емтихан тапсырады, осы емтиханға дайындалуда оқу құралы көптеп көмегін тигізеді. Физиологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлау қабілеттерін қалыптастырады, теория кезінде алынған білімнің тәжірибеде қаншалықты қажеттілігін дәлелдейді және оны қалай пайдалану керектігі жайлы ой тудырып, тақырып маңыздылығын білудің мотивациясын тудырады.

Қалыпты физиология пәнінің негізгі 11 бөлімін қамтитын зерттеу әдістерінің жиынтығы көптеген жаңа заманауи зерттеу әдістерімен толықтырылып, пән бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруге арналған сұрақтармен және әр тарауға сәйкес тест-тапсырмалармен қамтылған.

Оқу құралы мазмұны мен көлемі жағынан қазіргі заман талаптарына сай, әртүрлі дәрігерлік мамандар даярлауға арналған жаңа бағдарламаларға сәйкес жазылған. Клиникада жиі қолданатын физиологиялық зерттеу әдістерінің негіздері ерекше көрсетілген.Сонымен қатар, студенттердің тәжірибелік дағдыларды меңгеруін жеңілдету мақсатында әрбір жұмысқа көрнекті суреттер мен кестелер берілген. Оқу құралының соңында қорытынды сабақтарда студенттердің білім деңгейін, икемділік дағдыларын анықтайтын сұрақтардың тізімі берілген. Сонымен қатар емтиханға дайындалу үшін жасалған әртүрлі деңгейлі тестілердің үлгісі келтірілген.

Бұған дейігі қалыпты физиология бойынша зерттеу әдістерінің жиынтықтарында көптеген зерттеу әдістері жоқ болуына байланысты, студенттерге орысша оқулықтан оқуға тура келетін. Бұл оқу құралында университетте оқытылатын жоспар желісінде ретті түрде берілген.

«Физиологиялық зерттеу әдістері» оқу құралы медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

 

ҚОЗҒЫШ ТІНДЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

 

1. Жүйке мен бұлшықеттің қозғыштығын зерттеу әдістері

 

Жүйке мен бұлшықет қозғыштығын оның тітіркендіргіштің ең төменгі дәрежелі күшіне жауап қайтаруынан байқауға болады. Көбіне физиологиялық тәжірибеде тітіркендіргіш ретінде электр тоғын пайдаланады, себебі оның күші мен әсер ететін уақытын өзгертіп отыруға болады.

Жүйке мен бұлшықет қозғыштығын аныктау үшін тұрақты және ырғақты ток көзі бар электродиагностикалық аспаптар қолданылады. Қалыпты жағдайда токтың әсерінен бұлшықетте қозу пайда болады. Егер еттің қозғалтқыш жүйке талшықтары зақымдалса, оның қозғыштық қасиеті жойылады.

Жүйке мен бұлшықет қозғыштығының бастапқы шегін (табалдырығын) анықтау неврология, нейрохирургия және стоматология практикасында, шеткі жүйке және бұлшықет жүйелерінің бұзылуын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, физиологиялық зерттеу жұмыстарында организмге (оның қозғыш тіндеріне) сыртқы ортаның әртүрлі түрткілерінің: ыстық, суық, радиация және т.б., әсерін байқауға болады.

 

А) Жүйке – бұлшықет препаратын даярлау

Жүйке мен бұлшықеттің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін алдын ала қимылы тоқтатылған бақаның артқы аяғынан жүйке-бұлшықет препараты жасалады. Жұмысқа қимылы тоқтатылған бақа керек. Қимылды тоқтату – жұлын мен миды бұзу арқылы жүзеге асады. Ол үшін бақаның басынан басқа дене бөліктерін дәкеге ораған күйде, сол жақ қолда ұстап тұрып сұқ саусағымен

 

бақаның басын, омыртқа жотасы мен басының арасында бұрыш пайда болғанша, төменге қайырып басады. Онан соң жуандау инемен бастың ортаңғы сызығымен жүргізіп, шүйде сүйегінің артындағы мойын омыртқаны табады. Осы жерден теріні инемен тесу арқылы ми сауытына ендіріп, миды бұзады (сурет 1). Содан соң инені кері суырып омыртқа жотасының каналына ендіріп, жұлынды бұзады. ОЖЖ бұзылғандығының белгісі: барлық бұлшық еттерде толық релаксацияның (босаңсу) байқалуы.

Қозғалысы тоқтаған бақаның артқы аяқтарынан ұстап, құрсақ бөлігін жоғары бағыттаса, бел мен сегізкөз арасындағы буын бүгіледі. Осы буыннан 1 см жоғары бақа денесін кеседі. Бақаны артқы аяқтарынан ұстап тұрып, қайшымен терісін, бұлшық еттерін, ішкі ағзалары орналасқан қуысты кесіп алып тастайды. Артқы аяқтарының терісін сыпырады. Ол үшін дәкенің бір ұшымен омыртқа қалдығын ұстайды да, екінші ұшымен қалдық теріні сыпырып алады. Нәтижесінде, тәжірибелерде қолданылатын, бақаның артқы аяқтарынан тұратын препарат алынады. Осы препаратты бақаның отырғыш сүйегі айқындалып тұратындай етіп, омыртқа қалдығынан сол жақ қолмен ұстайды да, құйымшақты қиып алып тастайды. Препаратты аударып, сегізкөз өрімінің жүйкелерін бүлдіріп алмай, бақаның артқы аяқтарын омыртқадан бастап ортасынан екі бөлікке бөледі. Оның біреуін Рингер ерітіндісіне салады да, екіншісінен жүйке-бұлшық ет препаратын жасай бастайды. Балтыр бұлшық етін бөліп алуды өкше (ахилл) сіңірінен бастайды. Сіңір астына қайшының бір жақ ұшын ендіріп, балтырдың сіңірге біріккен жерін кесіп тізе буынына дейін ажыратып шығады да, тізеден төмен асықты жілікті кесіп алып тастайды.

Қолдың екі үлкен саусақтарының көмегімен сан бұлшық еттерін ашып, олардың ортасында жатқан шонданай жүйкесін босатады. Содан соң омыртқаның қалдық сүйегінен ұстап отырып шонданай жүйкесін абайлап кесіп, айналасындағы басқа өрімдерден тазартып шығады. Жүйкені тізе буынына жекізген соң, сан сүйегі мен бұлшық еттерін кесіп алып тастайды да, жүйке-бұлшықет препаратын алады. Бұл препарат бақаның шонданай жүйкесі мен балтыр бұлшықетінен тұрады. Жасалған препарат ұзақ уақыт жұмыстық қабілетін сақтау және кеуіп қалмау үшін оған физиологиялық ерітінді – Рингер ерітіндісін тамызып отыру қажет.

Дәптерге жасалған жүйке-бұлшықет препаратының суретін салып, оның құрамына кіретін бөлімдерін белгілеу керек.

 

Б) Жүйке мен бұлшықеттің қозғыштық қасиеттерін салыстыру

(бұлшықетті тура және жанама тітіркендіру)

 

Даярланған препарат құрамында екі түрлі тіндердің болуына байланысты, олардың қозғыштық қасиеттері де өзгеше болады. Сондықтан жүйке мен бұлшықет талшықтарының қозғыштық қасиеттерінің бастапқы шегін (немесе табалдырық күшін) анықтап, өзара салыстыру керек.

Тәжірибеде бұлшықеттің қозғыштығын анықтау үшін оны тікелей тітіркендіру қажет, ал жүйкенің қозғыштығын – бұлшықетті шонданай жүйкесін(жанама) тітіркендіру арқылы анықтайды.

Жұмысты орындау: Стимуляторға қосылған электродты, миографқа (сурет 3) бекітілген препараттың жүйке талшығына тигізіп, оған тұрақты токпен, ұзақтығы 0,5 мс жеке стимулымен әсер етіп токтың күшін жайлап ұлғайтады. Осылай бұлшықет талшықтарының сәл ғана (немесе әлсіз) жиырылуын тудыратын жанама тітіркендіргіштің ең төменгі күші табылады. Бұл осы жүйкенің қозғыштығының табалдырығы болып есептеледі.

Бұлшықеттің қозғыштығының табалдырығын анықтау үшін оны электродпен тікелей тітіркендіреді де, сәл ғана жиырылуға келтіретін токтың күшін белгілейді.

Жұмысты орындап болғаннан кейін, тәжірибенің схемасын салып, алынған нәтижелер бойынша бұлшықет пен жүйке қозғыштығын салыстырмалы бағалау керек.

 

2. Қозғыш тіндердегі электрлік құбылыстар

 

А) Гальванидің бірінші тәжірибесі: Бақаның артқы екі аяғынан жасалған препаратты сегізгөз омыртқаларынан жүйке талшықтарының шығатын жерінен мыс сымға іліп, штативке орналастырады. Сонан кейін осы сымның екінші шетінде орналасқан цинк (немесе темір) пластинкасын бұлшықетке тигізеді. Осындай әсердің нәтижесінде бақаның артқы аяқ бұлшықеттерінің жиырылғаны байқалады (сурет 4). Кейде бұл тәжірибеде биметалды пинцет қолданады, оның бір жағы мыстан, ал екінші жағы темірден жасалған.

Осы тәжірибенің схемасын салып, бұлшықеттердің жиырылуы не себептен болатындығын түсіндіріп, қорытынды жасау керек.

 

Б) Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз тітіркендіру): Бақаның артқы аяғынан препарат жасағаннан кейін, шонданай жүйкесін омыртқадан шығатын жерінен дұрыстап кесіп алады. Сонан кейін, санның төменгі жағына жақын жердегі бұлшықет кесіледі де, шыныдан жасалған ілгекпен шонданай жүйкесін сан етінің кесілген және кесілмеген беттеріне бірдей тигізеді (сурет 5). Осындай әсерден кейін бақаның балтыр етінің жиырылуы байқалады.

Бұл өзгеріс не себептен болады, түсіндіру керек және осы тәжірибенің схемасы салынып, қорытынды жасалады.

 

 

В) Маттеучи тәжірибесі. Бұлшықеттің әрекеттік тоғымен жүйкені тітіркендіру. Қимылсыздандырылған бақаның артқы аяқтарынан екі жүйке-бұлшықет препараттарын даярлайды. Оларды ағаш тақтайшаның үстіне жайғастырады. Бірінші препараттың жүйкесін, алдын ала стимулятормен қосылған электродқа орналастырады. Осы препараттың бұлшықетіне екінші препараттың жүйкесін салады (сурет 6).

Содан кейін бірінші препараттың жүйкесіне ырғақты электр тоғымен әсер етеді. Осы әсердің салдарынан екі препараттың да бұлшықеттерінің сіресе жиырылуы байқалады (екіншілік сіресіп жиырылу). Бұл не себептен байқалады, түсіндіру керек.

Жұмыстың соңында тәжірибенің схемасы салынып, қорытынды жасалады.

 

 

3. Бұлшық ет тіндерінің физиологиялық қасиеттерін зерттеу әдістері

 

А) Электромиография (ЭМГ):

Электромиография – бұлшықеттердің электрлік белсенділігін (биопотенциалдарын) тіркеу әдісі. Бұл әдісті қолданып бұлшықет ауруларын анықтауға, сонымен қатар қимыл-қозғалыс аппаратын әрекеттік зерттеуге болады. Бұл әдіс неврология мен ортопедияда, спорттық медицинада және ғылыми-зерттеу зертханаларда кеңінен қолданалынады.

Адамның бұлшықет потенциалдарын тіркеу үшін тері бетіне байланатын немесе бұлшықет талшықтарына енгізілетін электродтар пайдаланылады. Тері бетінен тіркелген электромиограмма - әртүрлі қозғалтқыш бірлігінің әрекет потенциалдарының жиынтығы болып есептеледі. Мұндай ЭМГ-ма толқындарының тербелісі 1-2 ден 3000 мкв дейін, ал жиілігі 15-20 имп/с болады.

Зертханалық жұмыста осы электромиография әдісінің негізгі принциптері мен жұмыс істеу жолдарын студенттерге оқытушы түсіндіреді де, өзі көрсетеді. Содан кейін, осы аспаптың негізгі бөлімдерінің схемасы мен жазып алынған қисығын салып, қорытынды жасау керек.

 

Б) Бұлшықеттің жеке жиырылуын тіркеу және талдау.

Бақаның балтыр бұлшықетінен жасалған препаратты миографқа іледі де, оны арнаулы фаль-аппаратпен қосады, сонан кейін электр тоғымен тітіркендіреді (сурет 7). Егер тітіркендіру жиілігі бірен-саран болса, оған бұлшықет жеке (дара) жиырылумен жауап береді. Сондықтан бұл процесті тез айналып тұрған кимографқа жазып алып талдауға болады.

Бақаның балтыр бұлшықетінің жеке жиырылу ұзақтығы 0,11 – 0,12 с.

Жазылып алынған қисығы бойынша талдау жасау керек.

 

В) Сіреспе (тетанус) жиырылудың түрлері.

Бақаның балтыр бұлшықетінен жасалған препаратты миографқа бекітіп, оны стимуляторға қосады. Айналып тұрған кимографқа бұлшықеттің жеке тітіркендіруге жауабы жазып алынады. Сонан кейін тітіркендіру жиілігін 10-20 Гц жеткізгенде, бұлшықеттің тісті сіреспе жиырылуын байқауға болады. Егер тітіркендіру жиілігін одан әрі (20-40 Гц және жоғары) ұлғайтатын болса, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуын көруге болады (сурет 8).

Жазылып алынған графиктерге талдау жасау керек.

Сурет 5.

Г) Тітіркендірудің күші мен жиілігінің оптимумы және пессимумы (И.Е.Введенский).

Миографқа бекітілген жүйке-бұлшықет препаратын электродпен тітіркендіріп, бұлшықеттің максимальды жиырылуына келтіретін токтың күшін белгілейді. Сонан кейін, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуына келтіретін тітіркендірудің ең жоғары, қолайлы немесе тиімді (оптимум) жиілігін табады. Бұл оптимум, қажымаған бұлшықет препаратында, шамамен 40-50 Гц жиілігіне жақын болады. Бұлшықеттің осындай жиырылуы 5-7 с арасында жай айналып тұрған кимограф бетіндегі қағазға жазылады.

Егер сәл уақыттан кейін тітіркендірудің күшін немесе жиілігін кенеттен ұлғайтса, онда бұлшықеттің жиырылу амплитудасы төмендеп кетеді. Себебі бұл тітіркендірудің күші мен жиілігі бұлшықетке ең қолайсыз болады да, оның жауабы төмендеп, пессимум (торығу) процесі байқалады (сурет 9).

Бұлшықет препаратының электр тоғының күші мен жиілігінің ұлғаюына әртүрлі жауап қайтаруы, оның лабильдік (желігістік) қасиетіне байланысты.

Зертханалық жұмыстарды орындап болғаннан кейін, схемаларын салып, әр қайсысына қорытынды жасау керек.

 

Д) Бұлшықеттің жиырылу күшін анықтау. Динамометрия.

Еттің жиырылу күші оның әрекеттік сипаттамасының бірі болып табылады. Бұлшықеттің жиырылу күші оның іске қосылған қозғалтқыш бірлігінің санына, жиырылуының түрлеріне (тісті немесе тегіс тетанус), физиологиялық қимасының ауданына, яғни ет талшықтарының көлденең қимасының жиынтығына және т.б. түрткілерге тәуелді болады.

Физиологиялық қимасы 1 кв.см – ге тең бұлшықет ауданында дамитын ең жоғары жиырылу күшінің шамасы оның абсолюттік күші деп аталады. Әртүрлі қаңқа бұлшықеттерінде ол 6-17 кг/кв.см- ге (орташа 10 кг/кв.см- ге) тең болады.

Әртүрлі бұлшықет топтарының (қол – аяқ бұлшықеттерінің және т.б.) күшін өлшеу үшін арнаулы динамометр деген құрал қолданылады, ал еттердің күшін анықтау әдісі динамометрия деп аталады.

Бірнеше сыналушылардың қол бұлшықеттерінің күшін қол динамометрімен өлшеп, төмендегі кестеге енгізіледі (1-кесте).

 

Динамометрмен анықталған қол бұлшықеттері күшінің орташа шамасы

1-кесте

Аты, жөні Жасы Жынысы Динамометрия Ескерту
    Оң қол Сол қол  
             
             
             
...            
             

 

Жұмысты аяқтағаннан кейін алынған нәтижелерді өзара салыстырып, қорытынды жасау керек.

 

Е) Жүйке – бұлшықет препаратындағы қажудың пайда болуы.

Қозғыш тіндердің немесе тұтас организмнің тітіркендіргішке жауап беру қабілетінің уақытша төмендеуі немесе толығынан жойылуы – қажу деп аталады. Жүйке –синапс – бұлшықет жүйесінде қажу синапста ертерек пайда болады.

Жұмысты орындау: Даярланған жүйке-бұлшықет препаратын тіке миографқа іліп, жүйкені электродқа орналастырады. Алдын ала бұлшықеттің тікелей және жанама тітіркендіргенде жиырылуына келтіретін токтың табалдырықтан сәл ғана жоғары күшін анықтайды (жиілігі шамамен 1 Гц). Сонан кейін жанама тітіркендіру кезіндегі бұлшықеттің жиырылу сызығын миографқа жазады. Миограммада қажудың айқын белгілері (жиырылу шайқалымының төмендеуі) байқалған кезде, электродты бұлшықетке тікелей тигізіп, миограмманы қажу толық пайда болғанша жазып алады. Сонда тікелей тітіркендіруде бұлшықеттің жиырылу шайқалымы (амплитудасы) бастапқы қалыптағыдай екендігі байқалады (сурет 10).Жұмысты орындап болғаннан кейін жазып алынған миограмманы салыстырып, қорытынды жасау керек.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)