АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 6 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

Сыма Цянь / 145-87 ж. шамасы/ - тайшы/немесе тайшилин/. /"Тай" — "ага", "бас" ұгымында ежелгі Египетте перғуындар сарайларындағы шенеуіктерге колданылтын сөз/.

Сыма Цянъ - әкесі Сыма Тяньның ісін жалғастырушы. Тайшылык, қызмет — мемлекеттік архивтегі бүкіл кұжатты сақтаушы, күнтізбені құрушы, уақытты — бақытсыз күндерді белгілеуші, елдегі окцғалар мен істерді жинаушы, жазушы.

Сыма Цяньның "Тайшицзи" /"Тайшы жазбалары/" ашты еңбегі. Сыма Цяньның осы "Тарихи жазбаларындағы" бес бөлім: біріншісі - қытайдың ежелгі \ заманынан хандық дәуірге дейінгі уақыт; екіншісі - /бяо/ - Чжоу заманынан империяға дейінгі жекелеген билеушілер туралы таблица; үшіншісі /шу/ - әртүрлі әдет-ғұрыптар, жағрафиялық шаруашылық мәселелер; төртіншісі /ишцзя/ - Конфуциймен деңгейлес иеленуші ерекшелікті өмірбаянды баяндау; бесіншісі /лечжуанъ/ - жеке тұлғалардың өмірін сипаттау; бұл бөлімге Кытаймен шекаралас халықтар туралы да очерктер енген.

Ежелгі үнді әдебиеті Б. з. д. I мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері. Б.з.д. III мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты тайпалар мен халықтар араласуының әдебиеттері. Ежелгі үнді әдебиеті - қазіргі Пәкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдер веда тілі — ритуальдық әнұрандар тілі; Санскрит, палибуддистер тілі; джайндар — пракриттер /артхамагадхи, шаурасени, махараштри/ және апабхраншу джайндер /діни қауымдастық/ тілі.

Ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың болмауы. Кез келген тақырыптың - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалык, тарихи — бәрінің де өлеңмен де, прозалық, пішінде де жазыла бергені. Пәлсапа, дәрігерлік, грамматика, астрономия, сәулет туралы бәрі де өлеңмен жазылган. Ежелгі үнділік романның нақыш-өрнек қол-өнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны.

Беда әдебиті /" веда — сөзі — "білім", "нақты, жоғары қасиетті білім" ұғымдарын береді. "Ригведа" — веда әдебиеті /әнүрандары ведасы/ негізін кұрайды /"риг" сөзі "әнүран" ұғымын береді/. "Самведа" — салтанатты өлең айту ведасы "саман" - әуен/ "яджурведа" - кұрбандық нақылдардың ведасы /яджус — "құрбан", "кұрбандық формуласы", "Атхарведа" — дуалау, арбау ведасы/ атхарван— "арбау", магиялық, формула/.

"Махабхарата" немесе "Ұлы /"Ұрпақтар туралы жыр"/ Бахараттар" — зор көлемді шығарма. Ол шамамен жүз мың екі тармақтан, блоктан тұрады. /"Илиада" мен "Одиссеяны" қосқандағыдан сегіз есе үлкен /18 кітапқа бөлініп, 19-кітабы "Хариванша"/"Шежірелі Хари"/ Вишну/ әуелде бөлек кітап та болатын.

"Махабхарата" — көп ғасырлық ауызша орындаушылық жемісі. Дастан оқиғаларының арқауы — каурава және пандава атты бхарат тайпаларындағы билеуші рулардың билікке таласуының соғыстары. Дастанның жырлаушылары: Вьяс, Вайшампаян. Дастанның кейіпкерлері: сиқыр Дхритараштар патша және оның әйелі патшайым Гандхари және олардың үлкен ұлы Дурьодхон-Арджуна батыр.

"Махабхарата" — моралъдық, саяси, әлеуметтік өмір мазмұпының эниклопедиясы.

Үндінің классикалык, эпосы — "Рамаян" /"Дояния Рамы"/ 24000 екі тармақтық - блоктан тұрады, 7 кітапқа бөлінген сюжет сипаты. Кейіпкерлері: Айодьхи елінің патшасы Дашардатхидың 4 ұлы: Каушалья ханымнан Рама, Кайкениден Бхарата, Сумитра атты үшінші әйелден Лакшмана мен Шадрухна. Патшалық тақтан туыстықты жоғары кою. "Рамаян" дастанындаш мифологиялық кейіпкерлер: көп басты демон Раван, сиқыршылар, көпір салушы маймыл Нала және т.б. Вальмики — дастанның кейіпкері болып көрінген аетор. Валъмики — дастанның ауызша жырланып келе жатқан көп гасырлық үлгілерін өзіндік даралык, аторлык, стилъмен жаңарта жырлаушы.

Б.з.д. бірінші ғасырындағы санксрит әдебиеті. Әдеби эпостың драманың, лириканың өкілдері. Ашвагхоши II г. Бхасы /III—IV пг./ және Халы /ІІІ-ІУ т/.Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодтар мен диалогтар, гномикалық өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар. Ежелгі үнді драмасы. Жоғары тәңірі Брахмаға драманы жасау туралы |жазылған "Натьяшастра" /"Драма ғылымы"/ атты тұңғыш санскриттік трактат. Трактаттағы Брахманың театр өнерін жерге жібергені. ':

"Натьяшастрада" оның негіздерін жазғаны турлы аңыздың айтылатыны. |

"Натьяшастраның" 36 тараудан тұратын қойылымының бөлшегінен барлық мәселелерін, костюмнің түсінен бастап, театр ғимаратының пішініне, сюжеттін варияцияларынан актерлердің бет-хцмылдарына /мимикасына/ дейінгі камтитын еңбек екендігі.

2. Б.з.д. ІУ-ҮІІІ ғ. Сакскрит әдебиеті. Үнділік орта ғасырдғы Гуптар әулеті билеген империя. Әдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі.

400 мыңдық теңдерден құралған 18 үлкен, 18 шағын көлемдерден тұратын пурандар. Ең бастылары: " Маркандея-пурана" /III-V ғғ. шамасында кұрастырылған/. "Ваю-пурана" /ІІІ-У ғғ./, "Вишну-пурана"/ ІІІ-У ғғ., "Маться-пурана"/ ҮІ-ҮІІ ғғ. /және "Бхагавата пурана" /УІ-Х ғғ./. Бұл шығармалардағы индуизмнің вишнуиттік, шивиаттык, атты басты екі кұдайларына сыйыну, үнділердің мифологиялық және космогониялық үгьш түсініктерінің, бұрынғы күдайлар мен патшалық әулеттердің генеологиясы, көне аңыздар мен ертегілердің берілуі.

Ежелгі үнді әдебиеті үшін пурандык, этикалык, ілімнің маңыздылығы. Пурандардың адамды азат етудегі мынадай үш жолды білетіндігі: әрекет жолы — жеке міндет — борышты менмендіксіз орындаушылық білім жолы — шынайы шындықты іздеушілік; махаббат — сүйіспеншілік жөне Бхакти тәңірін қәрдірлеу жолы.

Калидастың "Шакунтала" драмасы — ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық мазмұны, Калидас /санскиртше " Калидың хулы"/, аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды меңгерген ақындық дарынына қойылса керек. Калидасқа отыз шақты шығарманың бар екендігі айтылатыны. Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалык, поэма "Мегхадута" /"Бұлт хабаршысы", эпикалық поэмалар /"Кумарасамбхава"/, "Кумардың соғыс құдайының тууы" және "Рагхуванша" /"Шежіре Рагху"/, және үш драма: "Малявикагнимитра"/"Маявика жөне Агнимитра"/, "Абхиджняна Шакунтала" "Танылған сақина бойынша Шакунтала" және "Викраморваши" "Ержүректілікпен табылған Урваши"/.

Менту және Бхарави атты ақындар /VI г. екінші жартысында/, Ментудың "Хаягривавадха" /"Хаягривтің өлтірілуі"/ поэмасынан ешнәрсе сақталмағаны, ал Бахаравидың " Киратар — джуния" /"Арджуна мен Кирата"/ поэмасыньң сақталғаны.

Бахарави поэмасының "Махабхаратының" үшінші кітабындағы Арджунаның Шино тәңірімен жекпе-жегін қайталап жырлауы.

Бхати /VII ғ. екінші жартысы/ - әдебиет тарихындағы ғылыми поэманың негізін салушы. Оның "Ранававадхасы" /"Раваның өлтірілуі"/ поэмасында Раманың еріктері, оның Раваны жеңгені жырлана отырып, шығарма грамматика мен риториканың ережелерін де түсіндірушілік қызмет атқарады. Бұл дәстүрді ақындар Бхаумакидың "Рамаян" сюжетін жырлау кезінде Панини грамматикасын, ақын Магханың "Махабхаратаның" екінші кітабындағы жанама эпизодтарды жырлайтын "Шишупалавадхада" /"Шишупалының өлуі"/ эпосында саясат, әскери өнер, әсіресе махаббат ғылымы /камашастра/ туралы терең білімдік трактаттық мазмұнда жырлауы.

Шудрак пен оның атащпы драмасы "Мричхакатика" /"Саз балшықтан істелген арба"/. /Шудрак — драма авторының псевдонимі, ол аңызға айналған патшаның есімі. Шамасы, үнді әдебиетінде кездесетіндей пьеса оньң авторы Шудракқа оның мәртебесі жөне көңілін сақтаушы үшін косылып жазылса керек/.

Санскриттік романдар. Әдеби эпостык, прозалық нұсқаулар. Дандиннің "Дашакумарачарита" /"Он патшазаданың басынан кешкендері"/ Субандухудың "Васавадатта" романы. Бананьң "Харшарита" /"Харшудың өмірі"/ және "Кадамбери" атты романдары.

Ежелгі Иран әдебиеті. Б.з.д. екінші мыңкылдықтағы Евразия кеңістігіндегі /Гиндукуштан Еділге және Оралдан Парсы шығанағына дейін /иран тайпаларының мәдениеті. Орта Азиядағы Шығыс ирандары /қазіргі Ауғанстанның Гипдукуш үстіртінің біраз бөлігі. Шығыс ирандарының басым орналасқан жерлері: Ферғана, Хорезм, Соғда, Бактрия, Дрингиан /кейінненСеистан/, Памир, Хорасан. Батыс ирандары: Месопотамия, Жерорта теңізі, Мидия, Фарс. "Гаттар" /"Жыр жырлау"/ - оп жеті мүнажат дүғаларының жинағынан тұратын "Авестаның" көне бір бөлігі.

Қасиетті кітап. "Авеста" — ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны.

Геродот, Ктесия және т.б. антикалық авторлардың жазбаларындағы ежелгі ирандардың, оның әсіресе көшпелерінің салт-санасы туралы /атап айтқанда \ ежелгі ирандардың, оның өсіресе көшпелілерінің салт-санасы туралы /атап айтқанда, скифтердің/ мәліметтер. "Гаттар" /жыр жырлау/ мінәжат дүғаларының жинағы. Авторы — ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра /немесе грекше берілуінде Зороастру/.

Б.з.д. мыңжылдықтың бірінші ғасырларындағы отырықшы, бақташылық, жер өңдеу жұмыстарының калыптасуы. Көшпелі және отырықшы ирандар.

Заратуштра есіміне қатысты бақсылық, арбау, жрецтік әнұрандар, шешендік өнер дәстүрлерінің қалыптасуы. Жрецтер орындайтын кейбір жазбаға түсірілген Гат жанрының ерекшеліктері, тұрмыс-салт, мінез-құлық, дағдылары. Гат шығармаларындағы образдардың табиғаттағы, коғамдағы карама-карсы күштерді бейнелеуі. Жердегі "Заттык, әлем" және руханилық әлем туралы Заратуштраньщ шақырулары. Гат мазмұынындағы отырықшы бақташылык, байлыққа кенелу, басқарудғы әділдік туралы. Гат түйіні — төрт түлік малды кырып-жоюға қарсылык, Гаттардағы үш топ /отырықшы, бақташы — жер иеленушілер, көшпелі — тонаушылар, өздері дұрыс санаған ауытқушылар. Өгіз рухының мүнәжаты. Заратуштраның үш кисыны: ой — сөз — іс. Заратуштраның гаттардағы екі қызметі. Гаттардьң жанрлық бөліністері. "Авестаның" басқа кітаптары: 1 "Вендидат"/дию-перілерге қарсы қағидалар/ - зұлым дию - перілерді жек көру мен әділдік орнату туралы заңдар мен ұйғарымдардың жинағы. Заратуштра мен Ахура Мазданың әдет-ғүрыптық тазалық кайғы-қасіретке ұрынбау, мифологиялық ұғымдар және т.б. туралы диалогтарынан құралатыны, 22 тараудан түратыны. 2. "Висперед" /Барлық жоғары тірі жәндіктер туралы кітап/ - салт- жоралары туралы 24 тараулық еңбек. 3. " Ясиа" /немесе — "Салттық жора"/ - қырғыншылықты санамалау, мадақтау жөне литургиялық тұрғыда тәңірге табыну дұгасы. 4. "Яшты" /"Әнұрандар кітабы"/ - Зорастралық әртүрлі тәңірлікті мадақтаудан, көптеген мифологиялық элементтерден құралатьн 22 діни өлеңнен тұратын мадақтау әнұрандары.

1 ."Кіші Авеста" - қыскрша дүғалық тектерінің жинағы. Авестаның поэтикасының ведалык, поэзиясына жөне иран фольклорына тән жақындықты танытуы.

Бақылау сұрақтары:

1.Ежелгі қытай әдебиетінің негізгі өкілдерін ата.

2.Адамды сүю гуманизмінің өкілдері кімдер?

3.Лю Сян шығармашылығы туралы не білесің?

4.Сыма Цяньның қандай шығармаларын білесің?

5.Веда әдебиеті дегеніміз не?

6.«Махабхарата» қандай шығарма?

7.«Рамаян» қандай шығарма?

8.Ежелгі Иран әдебитеті. Б.з. д. екінші мыңжылдықтағы иран тайпаларының әдебиетінің басты ерекшеліктері қандай?

9.Классикалық үнді әдебиеті. Б. з. д. бірінші ғасырдағы санскрит әдебиеті дегеніміз не?

Пайдаланатын әдебиеттер: м пкгорогог

1. Ә. Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.

2. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. 1991. 400 б

3.Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. – Алматы: қаржы-Қаражат, 2003. – 408 б.

4. Махабхарата (Ауд. Ә. Нілібаев) Үзіндісі: Шантану балықшы қыз Сатьяватиге үйленеді. Кітапта: «Әлем». Альманах: Өлеңдер, очерктер, әңгімелер. – А., Жазушы, 1991. – 496 б.

№ 5 Лекция

Тақырыбы: Орта ғасырлық Таяу Шығыс, Орта Азия және Европа әдебиеті

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті.

2.Орта ғасырлық үнді әдебиеті, Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері, орта ғасырдағы араб әдебиеті

3.Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы.Орта ғасырлық эпос,

Кельттік (ирландық) эпос, оның көркемдік қырлары.

4.Скандинавиялық эпос және лирикалық поэзия. «Үлкен Эдда» және «кіші Эдда»

5.Францияның батырлық эпосы «Роланд туралы жыр» шығармасының көркемдігі

6.Испандық «Сид туралы жыр» шығармасының тарихилығы

7.Немістің «Нибалунга туралы дастан» дастанның көркемділігі

8.Орта ғасырдағы қалалық әдебиет,орта ғасырлық драма

9.Рыцарлық куртуаздық әдебиеті. Прованстағы рыцарлық поэзияның пайда болуы. рыцарлық романның пайда болуы. Орта ғасырдағы эпостық шығармалардың, рыцорлық, куртуаздық әдебиеттердің негізгі тақырыптары.

Орта ғасырлар эллиндік классикалық дәуірдің құлдырау шегіне жетіп, одан кейін оның қайта замандық түлеуімен сәйкес келеді. Орта ғасыр Ү-ХҮ ғасыр аралығын қамтиды. Бұл ғасыр қараңғы ғасыр деп аталады. Бұл ғасырда негізгі идея дін болды.

- храмдар бастады, эпостық шығармалар пайда болды

- Батыс Рим империясының мәдениеті пайда болды

- Римдіктер варварлармен терең күрес жүргізді.

ХІ-ХІІ ғ. бастап Европада университеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары ашыла бастады. Мысалы: ХІғ Италияда құқықтық мектебі, Англияда Оксфорт университеті (1167), Кембридж университеті (1209) орта ғасырда білім ордасына айналды. Мұнда жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар Р. Бекон жұмыс істеді. 1160ж Париж университеті ашылды. Мұнда медицина, дін, құқық факультеті жұмыс істеді. Латын тілінде сабақ жүргізілді. Орта ғасырларда университеттерде ғылым схоластика түрінде дамыды. Оның негізгі белгілері шіркеуге, шіркеу қайраткерлеріне сену. Теологиялық, догматтық алғышарттарды рационалды принциптермен біріктіру; формальдық логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде тәжірибенің ролін бағаламау болады. Ақсүйектер білім алатын қала мектептерінде діни білім беру ең басты орынға қойылды. Орта ғасырларда Европаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше дамыды. Әрине осы тұста әдебиеттің мәдениеттің басты элементтері де дамыды. Бастапқы орта ғасыр кезеңінде ауыз әдебиеті, батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдерінде тән құбылыс болады. Эпостардың бірі ағылшын саксондық қаһарман туралы «Беовульф» поэмасы. Бұл поэма 700 жыл шамасында жазған деп есептелді.

Германия эпостарының ішіндегі беташары болып «Хильдебранте туралы жыр» танылды; орта ғасырларда бұл жыр халықтың салт-дәстүрін танытушы әрі жалғастырушы болды; бұл жыр жазылған уақытта дін орындары «тілдік жырларға» тиым салған болатын, бірақ бұл жыр оған қараған да жоқ.

«Нибелунга туралы жыр» шамамен 1200 жылы жазылған, яғни Гартман фон Ауенің рыцарлық романдары мен Вальтера фон дер Фогельвейдерінің рыцарлық лирикаларынан кейін аударылған. Бұл дәуірдегі романдардың тууына куртуруздық стиль де әсер етті.

Қарапайымдылық пен көкіректілік, жұмсақтық пен қаттылық «Нибелунга туралы жырда» ақырына дейін сақталған.

Жырда сюжеттер мен циклдер өздерінің ерекшелігімен көзге көрінеді және де Францияның Зигфрид туралы эпосы, Бургундардың Гунтер туралы, Готиканың Динтрих пен Эрманарике туралы жырлары немістің бұл жырымен жақындығы бар.

Орта ғасырлардағы неміс эпостары халықтық емес, яғни франциялық және испаниялық эпостарға біршама ұқсас. Жырдағы қаһармандар негізінен ортақ елдері мен халықтарын қорғамайды. Дәл осы тұста бұл жыр Ролланд пен Сид туралы жырларға өте ұқсас келеді. Олардың қаһармандық өлімдері өздерінің қызығушылықтарына, жанұясына, туысқандарына арналған. Немістердің эпостарында жайменен гундардың королі Атилла қаһармандыққа шығады.

Ескі эпикалық жырлар мен қаһармандық поэмалар негізінен Оңтүстік-Батыс Германияда, Дунай жерінде, Бавария мен Австрия жерінде пайда болған делінген.

«Нибелунга туралы жыр». Бұл жыр шамамен 1200 жылы жазылған, ауқымы кең поэма 39 жырдан тұрады («авантюр» үлгісімен жазылған), 10000 өлеңнен құралған.

Вормсе қаласындағы Бургундов корольдігінде, патша гунтер және оның ағалары Зигфридтер осы королдікте патша болатын. Төменгі Рейндегі корольдіктер – Гунтера Кримхилдінің сұлулығы туралы есітеді де, Вормсқа келеді, себебі сұлу әйелді келіншек етпекші болады. Төменгі Рейндегі корольдік Гунтер патшалығына соғыстарда көмек берді; жеңіске жетеді. Осы жеңістің құрметіне мереке күні болып өтеді. Осы кеште гунтера әйелден қолын сұрайды. Ал сол үшін Гунтерді Зигфридтан ұзақ Исландия патшалығына жұмсайды. Сонымен жырдың сюжеті махаббат, достық, алдап-арбау, сенімсіздік және өлім тақырыбына құрылған.

Немістің «Нибелунга туралы жыры» ХІІ ғасырдың соңғы жыры болып табылады. Нибелунга туралы жыр рыцарлық романдарға жақын, онда Кримхильданың махаббаты, рыцарлық өкілдерінің әйелге құрметі, ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат, феодалдық берілгендіктен шындық суреттеледі.

Жырдағы Зигфрид рыцарлық тәртіп алған, Кримхильданы сүюші болып суреттелген образ. Ал, Кримхильда қанша жылдар бойында өзінің жырына деген адалдығын сақтаушы. Поэма соғыс пен бейбітшілік өмірдегі феодалдық қоғамның рыцарлық мәдениетін идеалды түрде суреттейді. Шығарманың желісі бұрынғы қысқа батырлық эпостардан алыстаған.

«Зигфрид туралы жыр» да орта ғасырдағы неміс әдебиетінің желісі саналады. «Нибелунга жырына» деген қызығушылығы ХҮІІІ ғасырдың ортасында ояна бастайды. Халық Нибелунга жырын «Немістің Иллиадасы» есебінде етек жая бастайды. Неміс сыншылары әрқашанда Зигфрид образын «германдық қаһарман» деп таныған.

Ролланд туралы жыр. Бұл поэма 4002 жаттаудан тұрады. Яғни бұл поэма Ролландтың өлімімен аяқталады. Бұл жыр 1100 жылы пайда болған. Бұл поэманың басты проблемасы Манелонның сатқындығынан басталады. Бірақ Манелонға бір арам ой келіп, бұл Ролланд мені өлтіру үшін жіберіп отыр деп ойлайды.

Сонымен қатар бұл поэмада Ролландпен Манелонаның қарама-қайшылығы басқа сыни көздерімен де қарауға болады. Ролланд және оның ең сүйікті досы, әрі ағасы ретінде Оливье суреттеледі. Францияның қаласына жауы келгенде Ролланд пен Оливье соғыса бастайды. Бірақ Оливье Ролландқа корольді шақыр деп бұйрық береді. Бірақ Ролланд шақырмайды. Осымен Оливье үш рет қайталайды. Ролланд өзінің күшіне сенеді. Ролландтың мінезін жырда өте күшті, өзіне сенімді, бір айтқанды екі етпей орындайды.

Испанияның батырлық эпосының көлемі Францияның батырлық эпосына өте ұқсас. Испаниялық халықтық эпостың ең жоғарғысы «Сид туралы жыр». Бұл жыр бізге екі түрде жеткен. Бірі өте ескі және тарихқа жақын, ал екіншісі «Радриго» деген атпен жеткен. Руй Диас басты Сид болып аталуы (1025-1043) жылдар аралығында өмір сүрген. Санчо Саморлермен соғысып, қайтыс болған кезде, Санчоның ағасы Альфонс алтыншы таққа отырады. Ол Сидті жек көретін. Сидті 1081 жылы Кастилиадан қуып жібереді. Бірнеше уақыт Сид әртүрлі христиандық және мұсылмандық елдерде жұмыс істеп, соның арқасында мавровтардан Валенсия қаласын тартып алады. Бұдан кейін ол Альфонс корольмен достасып, мавровтарға қарсы екеуі бірігіп, соғысатын болған. Альфонс пен Сид көптеген соғыстарды жеңіп, әсіресе 1904 жылғы соғыс Куарто Сид 3000 адаммен альмарадтың армиясы 150000 адам болса да, Сид соғысты жеңді. Сид Испанияны мавровтардан толығымен құтқарамын деп ойлап еді, бірақ ол ойы жүзеге асырылған жоқ. Себебі 1044 жылы қайтыс болды.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Сид тірі кезінде-ақ көптеген өлеңдерді, әңгімелерді айтып жүрген. «Сид туралы жыр» 3735 жоқтаудан тұрып, басты үш бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлімінде Сидтің алғашқы ерліктері туралы. Ол паходқа ақша табу үшін еврей сатушыларға бағалы сандықтар өткізіп ақша алады. Содан кейін қасына 60 адам жинап, Сан-Педро де Карденья деген монастырға келіп, әйелі мен қыздарымен қоштасып, мавровтардың еліне аттанады. Сид мавровтарды жеңеді. Екінші бөлімінде Сидтің Валенский қаласын басып алғандығы суреттеледі. Оны көріп отырған Альфонс, Сидке әйелі мен бала-шағасына Валенсия қаласына көшіп келуге рұқсат береді. Одан кейін корольмен кездесіп, король Сидтің қыздарына құда түседі. Сид оған көніп, қыздарын береді. Үшінші бөлімде Сидтің күйеу балалары қорқақ болып суреттеледі. Сид олардың басына күліп, олар туралы күлкі нәрселерді айтып, мазақ қылады. Оған шыдамаған күйеу балалары Сидтің қыздарынан ақыларын алады. Ол оқиға былай болады. Олар киініп, әдеміленіп жолға аттанады. Хорпес деген жерге жетпей әйелдерін ұрып, жолға байлап тастайды. Сидтің жиені Сида Фалис Шуньос уақытында іздеп келіп, қыздарды құтқарады. Сид оларды сотқа береді. Сид сотқа келгенде ұзын сақалын шүберекпен байлап келмесе, бәрі сақалынан тартып, тыныштық бермейді екен. Сот біткеннен кейін Сид шүберекті шешіп, сақалын аман-есен қырады. Содан кейін Сидтің қыздарына тағы жаңадан құда түседі. Олар Новар мен Арагонның принцтері екен. Поэма осымен аяқталады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)