|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе 9 страница8.Данте А. Құдіретті комедия. Ауд. М.Мақатаев А., 1972 9.Петрарка Франческо. Өлеңдер. А., 1975
№ 7 Лекция Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуіріндегі Француз әдебиеті. Испан әдебиеті. Ағылшын әдебиеті. Cабақты өту түрі: Активті Жоспары: 1.Қайта өрлеу дәуіріндегі француз әдебиетін дәуірлеу, ХҮІ ғасырдың бірінші жартысындағы поэзияның дамуы. 2. Ф. Рабленің өмірі мен шығармашылығы, «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби генезисі мен жанрлық негізі. 3.Бес кітаптық роман желісіндегі тақырып, идея, композиция, тіл, стиль мәселелерінің шешілуі. 4.Қайта өрлеу дәуіріндегі Испаниядағы әдеби даму, романстар олардың тақырыптық ерекшелігі, жазба әдебиетке әсері. 5.Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері,Сервантестің өмірі мен шығармашылығы. 6.Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. 7.Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу, поэзияның, прозаның, драматургияның дамуы, В. Шекспир өмірі мен шығармашылығы. Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны, Шекспир шығармаларының аударылуы. Француз әдебиетінің және француз Ренессансының ірі өкілі Франсуа Рабле 1494 жылы Шинон маңайындағы Туренде дәулетті адвокаттың отбасында дүниеге келді. Жас кезінде шіркеуде білім алған ол, діни оқулармен қатар, ежелгі дәуір әдебиетінің шығармаларын және құқықтық трактаттарды құмарта оқыған. Кейін Рабле шіркеуден кетіп, медицинамен айналысады да, 1532 жылы лиондық госпиталда дәрігерлік қызмет атқарады. Кейінірек париждік епископ Жанна де Беллемен бірге Римде болып, Римнің жәдігерліктерімен және шығыстық медицинамен шұғылданады. Франсизко І-дің қарамағында екі жыл қызмет атқарған тұста Франсуа Рабле Францияның Оңтүстік аудандарын аралап, дәрігерлік тәжірибелер жүргізіп, Моньпелде медицина ғылымының докторы деген атақ алды. Рабле 1553 жылы Париж қаласында қайтыс болды. Ф.Рабленің ғалым ретіндегі еңбектері оның дүниетанымының кеңдігін танытады. Біз оны антикалық медицинаға (мысалы Афоризимов Гиппократа) және ежелгі құқықтық трактаттарға археологиялық мәселелерді талдаған еңбектерінен танимыз. Дегенімен Франсуа Раблеге әлемдік даңқ әкелген орта ғасырлық әдет ғұрыптардың жаңа гуманистік мәдениет жүйесіне қарама-қайшылығын астарлы ажуа мысқылмен суреттеген ұлы туындысы – «Гаргантюа мен Пантагрюэль». Бұл шығарманың тууына негізгі себепкер оқиға 1532 жылы Лионда шыққан «Великие и неоценимые хроники о великом и огромном великане Гаргантюа» - деген анонимдік шығарма болды. Бұл шығарманың басты жетістігі орта ғасырлық рыцарларға деген өткір пародиясында еді. Бұл шығарма Раблені осы форманы пайдалана отырып, оған терең мазмұн беру керек деген ойға жетелейді. Сөйтіп 1532 жылы осы шығарманың жалғасы іспеттес «Страшные и ужасающие деяние и подвиги преславного Пантагрюэлья, короля дипсодов сына великого великана Гаргантюа» - деген кітабын шығарды. Бұл туындыны Рабле «Алькофрибас Назье»- деген бүркеншік атпен жариялайды. Роман бес кітаптан тұрады. Алғашқысын жоғарыда атап кеткеніміздей, 1532 екінші кітабы 1534 жылы сол бүркеншік атпен бірінші кітабы оқиғаның басталуы «Повесть о преужасной жизни великого Гаргантюа отца Пантагрюля»- деген атпен шығады. Үшінші кітап 1546 жылы «Третья книга героических деяни доброго Пантагрюля» - деген атпен автордың өз атымен жарияланады. Екі жылдан соң 1546 тағы да автордың өз атымен «Четвертой книги геройческих деяний и речей Пантагрюля» - деген атпен төртінші кітабы жарияланады. Бесінші кітап тоғыз жылдан кейін Ф.Рабле қайтыс болғанан кейін 1564 жылы «Звонки остров» деген атпен шығады. Шығарманың негізгі сюжеті француздың ауыз әдебиетіндегі алып королдер туралы ертегілерге құрылған. Роман эпопеяның стильі әрқилы. Мұнда Рабле алып Гаргантюа туралы француздың халықтық шығармашылығымен қатар, Италияның бай гротескілі - сатиралық поэзиясын да шебер пайдаланады Фантастикалық әрі әжуа стилінде жазылған бұл еңбектің негізгі түпкі мәнінде феодалдық тар, тоғышарлық, топастық ұғым мен әдеттерге қарсы ой мен жаңа гуманистік идеяға жетелеу және адамның жан-жақты дамуы, жеке адам бойындағы үйлесімділіктің қажеттілігі қозғалады. Рабле бұл еңбегінде педагогикалық тұрғыдан ірі мәселелерді де қозғайды. Мысалы Гаргантюаның тәрбиесі мен білім алуына байланысты мәселелерге тоқталсақ, оның алғашқы мұғалімі Тюбаль Олофердің схоластикалық педагогикалық оқыту жүйесін Рабле ащы сатирамен мысқылдайды. Оның бұл оқу жүйесі баланың бойындағы бар ынта жігерді құм ететінін оның ешқандай тәрбиелік, білімдік мәнінің жоқтығын көрсетеді. Гаргантюаның құр әліппені жаттауды сонша меңгергендігі кері оқуды да жете меңгереді. Оны меңгеруге бес жыл, үш ай кетеді. Мұндай құрғақ ешқандай мәні жоқ оқу жүйесіне қарсы Рабле романда жаңа гуманистік педагогиканың өкілі Гаргантюаның жаңа тәрбиешісі Понокартың бейнесін қарама-қарсы суреттейді. Ол белсенді, еңбекқор, ақылы да, денесі де шынықан адам тәрбиелеуді мақсат етіп Гаргантюаны жаңа оқу жүйесімен тәрбиелейді. Сонымен қатар, романың эпопеяда Рабле феодалдар арасындағы мәнсіз соғысты ашы масқылмен әжуалайды. Корол Прикротал мен Гаргантюаның әкесі Грангюзье арасындағы тандыр нан үшін жүргізілген соғысты бейнелейтін оқиғада Рабле феодалдардың даурықпа, ақымақшылық өмірін көрсете отырып, оны масқаралық сипатта бейнелеген. Бүкіл роман эпопеяның желісінде Рабленің оқу білімге, мәдениетті игеруге шақырған лейтомативтік идеясы ешбір үзілмейді. Мысалы екінші кітаптағы Пантагрюэлдің ой пікірлер осыны айғақтайды. Рабле – үлкен сөз зергері. Ол өзінің осы роман эпопеясы арқылы француздың әдеби тілін халықтық элементтерді кіргізу арқылы байытты. ХҮІ ғасыр Испания мәдениетінің алтын ғасыры болып есептелінді.Өнер саласында бұл кезеңде жазушылардың, суретшілер мен ғалымдардың айрықша талантты тобы еңбек етті. Сервантес, Лопе де Вега, Калъдерон, Тирсо де Молина, Кеведо, Гангора, Греко, Веласкес, Мурилъо сынды тұлғалар өмір сүрген бұл дәуірдің (ХҮІ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІ ғ) "Алтын ғасыр" деп аталуының өзі тегін емес. Инквизация мен өкіметтің айрықша қатаалдығына қарамастан, испан мәдениеті шарықтап дамыды. Бұл дәуірдегі Испанияда Қайта Өрлеу дәуірінің ұлы тұлғасы Мигелъ де Сервантес Сааверда болды. Мигелъ де Сервантес Сааведра 1547 жылы 29 қыркүйекте Мадридке таяу жердегі Алъкала де Энарес қаласында дүниеге келеді. Сервантестің әкесі Радриго Сервантес кедейленген идъалго дәрігерлікпен отбасын асырайды. Мигелъдің жас шағында жақсы білім алуына отбасындағы кедейшілдік өмір мүмкіншілік бермейді, дегенмен он жасқа толған шағында иезуттар коллегиясына түсіп, онда төрт жылдай (1557-1561)оқиды.Мигелъге онда сол замандағы ең үздік ұстаздардың бірі, гуманист Хуан Лопес де Ойос дәріс береді. ХҮІ ғ.60-жылдарының соңында Сервантестердің отбасы тақыр кедейшілікке ұшырайды. Осыған байланысты Мигелъ мен інісі Радригоға өз нанын тауып жеудің қамын ойластыруға тура келеді. Ортанқол дворяндардың алдында мұндай жағдайда үш түрлі мүмкіншілік бартын, біріншісі-шіркеуден, екіншісі-сарай маңынан, үшіншісі -әскерден тіршілік іздеу еді. Өзін"ең сүйікті де талантты шәкіртім"деп жариялаған ұстазы Хуан Лопес де Ойостан кепілдеме алған Мигелъ екінші мүмкіншілікті пайдаланып, Рим папасының елшісі Джулио Аквавива-и-Арагонға қызметке тұрады. Кейін елші еліне оралғанда Сервантес сонымен бірге ілесіп, Италияға барады. Сервантес 1570 жылы осы Италияда орналасқан испан армиясының флотына қызметке енеді. Сервантестің Аквавивадағы қызметінен кетуі, шамасы, патриоттық сезімге бой алдырып, түріктердің Жерорта теңізі аймағында қанат жайып келе жатқан агрессиясына тойтарыс беруге үлес қосу ниетінен туындаса керек. Испания армиясы құрамында Италияда өткен бес жыл Сервантес өміріндегі ең бір маңызды кезең болды. Бұл оған елдің аса ірі қалаларын аралап көруге-ол Римнен басқа қалаларды Миланды, Болоньяны, Венецияны көруге мүмкіндік берді. Итальяндардың тұрмыс тіршілігіменен терең танысты. Сонымен қатар, ол аса бай итальян мәдениетімен, әсіресе, әдебиетімен, оның ішінде антикалық мифологиямен және әдебиетімен танысты. Гомер, Вергилий, Гораций, Овидий сынды ұлылардың шығармаларын, итальяндық Қайта Өрлеу кезеңінін Данте, Петрарка, Аристо, Боккаччо сынды өкілдерінің туындыларын, итальяндық новеллалар мен бақташылар романын оқыды. Сервантестің Италияда ұзақ уақыт болуы тек итальян тілін үйреніп қана қоймай, мадритік мектептен алған гуманитарлық білімін кеңейте түсті. Сервантестің Италияда болуы оның рухани мәдениетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Жазушы Испан әскерінің құрамында жауынгер ретінде Лепанто ұрысына қатысып, сол қолынан жараланады,сөйтіп сол жақ қолы икемге келмей қалады. Кейін Сервантес даңқты жазушы болған кезде осыны әзілдеп:"Оң қолымның даңқын шығару үшін сол қолымды құрбан еттім"-дейді екен.1573 жылы Сервантес әскери борышын атқарып, отаны Испанияға қайтып келе жатқанда теңіз қарақшыларының қолына түсіп, Алжирде бес жыл тұтқында болады. Алжирлік қожайындар оны ауыр жағдайда ұстағанымен, мол өтемақы алармыз деген үмітпен өмірін сақтауға тырысады.Тұтқында болған бес жылдың ішінде Сервантес қашып шықпаққа үш рет әрекет жасап,үшеуі де сәтсіздікке ұшырайды. Ақыры 1580 жылы құн төлеп босанады, да Исанияға жетеді. Сервантесті отаны мейлінше енжар қарсы алады.Т уған жеріне аяқ басқан сәттен-ақ, ол өзінің, соғыс ардагерінің ешкімге де керегі жоқтығын бастан кешеді. Отбасы да жартылай қайыршылық күйге түсіп,даңқты жауынгер жоқшылық тауқыметін тартады.Тарыққан Сервантес енді күн көріс қамымен театрға пьеса, белгілі адамдарға арнау өлеңдер жазып, табыс көзін іздейді. Осы тұста "Галатея" деген бақташылық романын жазып оны 1585 жылы жариялайды. Алайда бұл шығармалар ескі әдеби үлгіде жазылғандықтан, сәтсіздікке ұшырайды, оқырмандар қабылдамайды. Өзіне тән стильі қалыптаспаған қаламгердің өзгелерге еліктеп жазған поэзиялық шығармаларын да оқырмандар тарапынан елеусіз қабылдайды. Осы тұста Сервантес 20-дан астам драматургиялық шығармалар жазады,дегенмен олар бір-ақ рет қойылудан ары бармайды. Сөйтіп Сервантес енді әдеби шығармашылықпен күн көре алмағандықтан, 1587 жылы әскерге астық жинаушы болып қызметке орналасады. Әскерге салық жинаушы болып жүргенде жазушы ел өмірімен, Испанияның шалғай түкпіріндегі шаруалар мен байлардың тұрмыс тіршіліктерімен және әдет-ғұрыптарымен, салт-санасымен жете танысады. Сервантестің есеп-қисап қағаздарына немқұрайды қараушылығы оны қаржы бақылау орындарымен қақтығысқа ұрындырып, оған заңсыз реквизиция жүргіздің, ақшаны жасырып қалдың деген айып тағылады. Осындай кезекті бір текетірестен кейін жазушының аз уақытқа Кастро-дель-Рио қаласындағы түрмеге(1592) жатып шығуына тура келеді. Сөйтіп, азық-түлік мекемесіндегі қызмет Сервантес пен оның сол бұрынғыша Мадридте тұрып жатқан отбасының жағдайын жақсартудың орнына одан әрі нашарланып жіберді. Бес жылдан кейін тағы да бір іс жамалып,екінші рет істі болады. Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы төмендемейді. Өмірінің соңғы он бес жылын Сервантес мұқтаждықпен өткізді. Алайда бұл кезең Сервантестің әдеби шығармашылығының нағыз шарықтаған тұсы болды. 1605 жылы Сервантес "Ламанчалық айлакер идальго Дон Кихот" романының бірінші бөлімін жариялайды. 1614 жылы белгісіз Аквелдьяняда деген біреудің жалған "Дон Кихот" романының жалғасын жариялауы, Сервантестің бұл романның екінші бөлімін тез аяқтауына себепкер болып, жазушы 1615 жылы романды түгелдей аяқтап жариялайды. Сонымен қатар,осы жылы пьесаларының жинағын,оның алдында 1613 жылы "Назидательные новеллы" деген еңбегін 1614 жылы "Путешествие на Парнас" атты автобиографиялық поэмасын жариялайды. "Назидательные новеллы" жинағына махаббат тақырыбына жазылған "Сила крови","Две девицы","Сеньора Корнелия" повестері мен жартылай фантастикалық сюжетке құрылған " Цыганочка","Высокородная судамойка","Англиская испанка" новеллдалары, "О беседе собок","Ринконете и Кортодильо","Обманный брак" сатиралық әңгімелері ,"Велдикодушный поклонник" автобюиографиялық, философиялық "Лиценциат Видриера", психологиялық "Ревнивый эстремадурец"новеллалары енген.Сервантестің соңғы романы "Персилес и Сихизмунда" романы өзі өлгеннен кейін жарыққа шықты.Бұл шығарма Испанияда үлкен табысқа ие болды. Сервантес сәтсіздік пен мұқтаждықпен батыл арпалысып, қым-қиғаш оқиғаларға толы нағыз идальгоға тән өмір сүрді. Сервантестің шытырман оқиғаларға толы тағдыры оның әдеби өмірде кеш танылуына әсер етті. Күн көріс қамымен тапсырыстар бойынша шығармалар жазу Сервантестің дарынына кері әсер етті.Сондықтан да Қайта Өрлеудің басқа қаламгерлері сияқты Сервантестің өзіндік жанры, стилі айқын танылмайды. Сервантестің "Назидательные новеллы" еңбегіне енген прозалық туындыларымен қатар, драматургия жазумен де айналысқан. Сервантестің драматургиялық туындылары өз замандастарының арасында аса табысқа ие болмаған.Ол драмалық шығармаларының ішінде екі пьесасы " Нуманция", мен "Педро де Урдемалас" драманың формаларын игеруде драматургтік қабілетін танытады. "Нуманция", пьесасында ежелгі Испандықтардың (иберлердің)римдіктерге қарсы азаттық күресін суреттейді. Драмадағы оқиғаның тарихилығы,трагедияның патриоттық пафосы, риторикадағы шеберлік Испан халқының тағдыры тарихи сынға түскен тұстары талай рет сахнаға қойылған. Сервантестің екінші пьесасы - " Педро де Урдемалас " плутовтық романдардың әсерімен жазылған комедия. Пьесада қаңғыбастар мен алаяқтардың,сот орындаушыларының іс қимылдары мен пиғылдарын өткір шыншылдықпен бейнелейді. Испан ертегілері мен аңыздарының кейіпкері Педро де Урдемаласты драматург осы оқиғалардың ортасында көрсетеді. Сервантестің драмалық шығармаларының шыңы 1605-1611 жылдар аралығында жазылған интермедиялары. Бұл шағын өткір комикалық пьесаларда Сервантес шаруалардың, қолөнершілердің, қала тұрғындарының, студенттердің өмірлеріндегі олардың психикасындағы кейбір келеңсіздіктері әжуалайды. Пьесадағы жеңіл комор мен тіл қолданудағы, шеберлік интермедиялардың көркемдігін арттыра түседі. Бұл интермедиялардың ішіндегі көркемдігі жағынан жоғарылары :"Театр чудес","Соламанская пещера","Ревнивый старик","Два балтуна" т.б. Сервантестің "Назидательные новеллы" жинағы оны бұл жинақ - Испания әдебиетіндегі новелла жанры қалыптасуының негігі бастауы. Сервантес Испанияда тұңғыш рет ортағасырлық үлгідегі әңгімелердің ауқымынан шығып, ренессанстық итальяндық новелланың Испандық үлгідегі ұлттық баяу нақыштарына сәйкес жаңа түрін қалыптастырды. Бұл шығармашылық байланыста Сервантеске итальяндық новеллист Банделоның әсер ықпалы мол болды. Сервантестің дүниежүзілік әдебиеттің алтын қазынасына қосқан ұлы шығармасы-"Айлакер идальго Дон-Кихот Ламанчский". 1605 жылы шыққан бұл шығарма Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып, бүкіл ел құмарта оқиды. Сервантестің бұл әйгілі туындысы рыцарлық романдарға жазылған породия еді. Романның авторы бұл шығарманы жазуда өз алдына қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты безіндіруді негізгі мақсат етті. Бұл шығарманың идеялық мәні өте терең және көп қатпарлы. Шығарма гуманистік идеяларға толы. Романның басты кейіпкері Дон-Кихот рыцарлық романдардағы рыцарларға еліктеп,қорғансыздарға пана, әділетсіздікпен күресуші гуманист ретінде суреттеледі. Рыцарлық романдарды оқып, ақылынан адасқан Дон-Кихот -ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол дүние жүзінде әділдік пен бостандық орнату жолында жанқиярлық қаһармандық ерліктерге даяр. Ламанча аймағының кішкене деревньясында күн кешкен идальго Алонсо Кихано өзіне Дон Кихот Ламанчский деген рыцарлық ат ойлап табады. Елуге жақындаған идальго өзінің барлық уақытын рыцарлық туралы ескі романдарды оқумен өткізеді. Оқуға аса құмартқаны соншалық, шаруашылығына қарауды да қояды, тіпті серілер туралы кітаптарды сатып алу үшін өзінің егістік жерінің едәуір бөлігін еш ойланбастан сатып жібереді. Оны романдағы ғашықтық жөніндегі лепірме хаттар,бірін-бірі жекпе-жекке шақырған салтанатты үндер еліктіріп әкетеді. Ақырында байғұс идальго күні- түні ұйқы көрмей кітап оқи бергендіктен, есінен алжасады. Алжасқаны сол енді ол өзін жиһангер серілердің қатарына қосылуға міндеттімін деген ойға келеді. Үйіндегі ата-бабаларынан қалған сауыт саймандарын тазартып, мәстек атына Рассинат деп ат қойып, өзінің елеусіз есімен де Дон Кихот деп өзгертеді. Жиһангер рыцарларды міндетті түрде ерлік істерге жетелейтін жүрек ханшайымы болу керек деп ойлаған Дон Кихот көрші деревньядағы шаруа қызды есіне түсіріп, оның да атын өзгертіп, Дульсиня Табосская деп ат беріп, оны қаһармандық ерліктерге рух беруші бикешім деп сезінеді. Рыцарлық жорыққа өзінің қызметшісі етіп, қарапайым Санчо Пансоны таңдайды. Осы әзірліктерден соң жиһангерлік сапарға шығады. Дон Кихоттың бұл жиһангерлік сапардағы жорығы әрбір әділеттілік ортату үшін жасаған шабуылдары комедиялық сәтсіздікпен аяқталып отырады. Сапарда есуастық оқиғаларды басынан өткерген Дон -Кихот үйіне әбден әлсіреп, қайтадан Алсоно Кихано болып, серілік романдардан көңілі қалып, қажып оралады. Романның соңында мағынасыз жиһангерлік сапардан ауру тауып,әбден қалжыраған Дон Кихот өлер алдында мұрагер қарындасын шақырып алып:"Егер ол рыцарлық романдар оқитын адамға тұрмысқа шықса, мұрагерлік құқықтан айырылады"-деп өсиет қалдырады. Дон Кихоттың ессіздігі авторға сатиралық әдіс ретінде қызмет атқарады. Өткен заманды аңсаған Дон Кихот өзі өмір сүрген заманның тұмыс тіршілігінің шындығын түсінбейді. Ол маңайындағылардан орта ғасырлардағы куртуаздық әдебиеттегі әйелдерге деген құрмет сезімді талап етіп, жолда кездескен саудагер көпестерден Дульсиния Тобосскаяны дүниедегі ең әдемі,ең сұлу әйел деп мойындатпақшы болады. Жиһангерлік сапардағы кез-келген қақтығысты қайғылы бейнедегі рыцар феодальдық принциппен,күштеп шешуге ұмтылады. Дон Кихоттың сорайған бойы мен аттың үстіндегі тірі аруақ секілді түр тұлғасы Сервантестің қолынан карикатуралық бейнеде көрінеді. Алайда, Дон Кихоттың образында терең мағына бар.Оның бойындағы парасаттылық, ізгі істер жасауға деген құлшыныс Қайта Өрлеу дәуірінің гуманистік идеяларын танытады. Сервантес ессіз Дон Кхоттың аузынан сол заманның демократиялық идеяларын айтқызады. Романдағы үлкен мәнге ие образдардың бірі-Санчо-Панса. Ол -қарапайым шаруа, Дон Кихоттың қару жарағын көтеруші қызметшісі. Ол -халық арасынан шыққан реалистік бейне. Оның өмірге деген шыншыл көзқарасы кез-келген заттың құнына баға беруі Дон Кихоттың қиялындағы өміріне, қарама-қайшы. Санчоның ерлік істерді емес, кенеттен байып кетуді армандап, Дон Кихотқа серік болуы, кейін оның ессіздік істерін көргенде байлыққа жету арманының орындалмайтынын білсе де, Дон Кихотқа бауыр басып қасынан кетпеуі қарапайым халық өкілінің гуманист Дон Кихотпен бірігіп жақындасуы Сервантестің бұл романыының Қайта Өрлеу дәуіріндегі басқа шығармалардан өзгешелігін танытады.Қайта Өрлеу дәуірінде рыцарлық романдарға жазылған сатиралық туындылыр кең тараған жанрға айналады. Мысалы Лунджи,Фоленго шығармаларын және Гаргантюа туралы халықтың кітапты атауға болады. Дегенімен Сервантес бұл жанрға өзгеше мән беріп,идеялық мазмұны тұрғысынан жаңартты. Романға орыс сыншысы В.Г.Белинский: "Дон Кихотом" началась новая эра искусства-нашего, новейшего искусства. Он нанес решительный удар идальному направлению романа и обратил его к действительности. Это сделано Сервантесом не только сатирическим тоном его произведения,но и высоким художественным его достоинством:все лица его романа лица конкретные и типические. Он более живописал действительность нежели пародировал устарелую манеру писания романов, может быть вопреки самому себе,своему намерению и цели"-деп баға береді. Сонымен Сервантес "Дон Кихот" романы арқылы европа романдарының дамуына жаңа бағытта үлгі көрсетті. Сервантестің шығармашылығы Филдинг, В.Скотт, Диккенс, Гогол шығармашылықтырына әсер етті. Вильям Шекспир (1564-1616) Англиядағы қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің жарық жұлдызы В. Шекспир ірі ақын, ұлы драматург гуманист болды. Оның шығармашылығы ренессанс дәуірінің биік шыңы деп есептеледі. Өмірі В.Шекспирдің өміріне тоқталатын болсақ, оның биографиясы өзі өмірден өткен кезінде жазылды. Оның өмірі туралы алғашқы мәлімет 1623 жылы ол өмірден өткенін 7 жылдан кейін алғашқы томы жарық көргенде баспагерлер тарапынан берілді. Сондықтан да оның өмір тарихы туралы мәліметтер өте мардымсыз және аз. Дегенмен сол аз мәліметтерге тоқталатын болсақ, ол 1564 жылы Эвон өзені бойындағы Стратфорд қаласында дүниеге келеді. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны болған. Қаланың құрметті азаматы ретінде бірнеше рет үлкен қызметтерге сайланып, қаланың мэрі қызметін де атқарған. Шекспирдің өзі осы туған қаласындағы грамматикалық мектепте оқиды. Бұл мектепте негізінен латын қала берді грек тілдері оқытылған. Ол өте жастай 18 жасында үйленіп 1587 жылдар шамасында Лондон қаласында ол алғашында театрда суфлер, режиссердің көмекшісі қызметтерін атқарып, 1593 жылы Джемс Бербедж басқаратын. Лондонның ең үздік театрына актер және драматург ретінде қызметке қабылданады. Кейін бұл театрдың труппасының қызметкерлері 1599 жылы «Глобус» деген атпен жаңа театр ашып, онда негізінен Шекспирдің шығармалары қойылады. Бұл театрда Шекспир талантты актер ретінде танылып, ескі пьесаларды өңдеуден өткізіп, өзі де пьеса жазып, атақ-даңққа бөленді. Осы кездерде ол граф Саутгемптанмен танысып «Венера және Адонис», Лукреция поэмасын және бірнеше сюжеттерін соған арнады. 1612 жылы Шекспир кенттен драматургиялық қызметін түгелден тоқтатып, туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады. Сөйтіп елеусіз өмір сүріп 1616 жылы өзінің туған күнінде 23 апрельде қайтыс болады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |