АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 4 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

Іс жүзінде шешендік өнердің қолданылуы Сицилияда басталды. Осы кезеңде басталған шешендік өнердің негізінен алғанда үш түрі болды. Бұлар: саяси шешендік, сот ісіне қатысты шешендік, салтанатты мерекелердегі шешендік өнер. Осы үш бағыт бір-бірімен тығыз байланыста дамып жетілді.

Шешендік өнер туралы ғылым –риторика (шешендік өнер теориясы) дүниеге келді. Бұл өнерде атағы шыққан шешен, Лисий болды. Ол Афинге жақын жерде 435 жылдар шамасында дүниеге келіп, 380 жылдар шамасында қайтыс болды. Оның әкесі аса бай адам болып, Пириклдің шақыруы бойынша Афинге көшіп келіп, қару-жарақ қоймасының меңгерушісі болады.

Лисийдің өмірі демократиялық партияның құрамында болды. Ел басына билікке келген 30 тиранның билігі кезінде ол және оның ағасы өлім жазасына кесіліп, үй-мүлкі тәркіленді. Әлдебір себептермен Лисий аман қалып, Афинді тастап кетеді, тек тирандардың құлауынан кейін ғана елге қайтып оралады. Аристотельдің айтуы бойынша ол өзінің меншікті риторика мектебін ашады, бірақ кейбір сәтсіздіктерден кейін шешендік өнерді іс жүзінде жүзеге асырумен айналысты. Автордың жазған 200 сөзінен бізге жеткен небәрі 34 ғана. Олардың көпшілігі жеке дау-шар, айтыс-тартысқа байланысты қорғап айтқан сөздері.

Бұл сөздерінде Лисийдің көзқарасы айқындалып, саяси құрылыста тек халық қана билеуге тиісті деген пайымдау айтады. Лисийдің шешендік өнерінен римдік жазушылар өзіне сабақ алып, тәнті болды, қайырымдылық пен ай тазалығын үйренді. Демосфен мен Цицерон да оны аса құрметтеп, бағалай білді.

Демосфен ІІ Афиндік теңіз одағы құлағаннан кейін Грецияның жағдайы барынша күрделеніп, терең экономикалық, әлеуметтік және саяси тығырыққа тірелуге мәжбүр болды. Филип ІІ-нің тұсында Македония қуатты мемлекеттер қатарына қосылды. Афинді өзіне бағындырғысы келген ІІ Филип грек мемлекетінің осал тұстарын, өзара күресіп тиімді пайдалана білді. Тіпті гректердің өз ортасында да Грецияның Македония үкіметіне бірігуін жақтайтындар да табылып жатты.

Осыларға қарсы партия құрылып, олардың көсемі атақ-даңқы жайылған шешен Демосфен тағайындалды. Ол б.ғ.д. 384-322 жылдар арасында өмір сүрді. Демосфеннің әкесі үлкен байлық иесі болып, Афинде қару-жарақ және үй жиһаздары шеберханасының иесі болды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін оның байлығын қамқоршылары (опекун) талан-таражға салады. Оларға қарсы ол өзінің ерте кездегі сөздерін арнайды. Қамқоршыларға қарсы жүргізген процестер сәттілігінен кейін Демосфен сот ісіне қатысты сөздер дайындаумен айналысады. Сөйтіп ол саяси шешен ретінде өз сөздерін азаматтардың міндеттілігіне арнап сөйлей бастайды. Автордың бізге жеткен 60 сөзінің бәрі де түпнұсқа деп саналады, ол сөздердің ішіндегі белгілері Македондық Филип патшаға қарсы сөйлеген саяси сөздері мен саяси мәні бар «Венок туралы» (О, Венка») сөзі.

Демосфен ерте дәуірдің бірден-бір ұлы шешендерінің бірі. Оның сот ісіне саяси мәселелерге қатысты сөздері жоғары деңгеймен, үлкен сенім күшімен ерекшеленеді. Ерте дәуір риторикасы Демосфен стилін өте «қуатты, күшті» деп баға берді, ал Цицерон оны өзге грек шешендерінен жоғары қойып, «маңдай алды, шын шешен» деп атады.

Бақылау сұрақтары:

1.Классикалық кезеңнің архайкалық кезеңнен айырмашылығы неде?

2.Алғашқы драмалық шығармалар қалай пайда болды?

3.Драмалық сайыстар, хор және актерлардың пайда болуы туралы не білесің?

4.Трагедия жанры қалай пайда болы және «трагедия атасы» кім?

5.Софокл шығармашылығының маңыздылығы неде?

6.Герадоттың «Тарих» атты еңбегіндегі прозалық әңгімелеу және ғылыми стильдің қарым-қатынасы қандай?

7. Шешендік өнер туралы ғылымның – риториканың қалыптасуы жайлы не білесің?

8. Демокрит шығармаларындағы макросим және крокосим дегеніміз не?

9. Демосфеннің шешендік өнері жайлы әңгімеле.

10. Аристотель еңбектерінде әдебиет пен өнер мәселесі қалай көрінді?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тахо-Годи А.А. Античная литература. М., 1963

2. Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М., 1989

3. Честякова Н.А., Вулих Н.В. История античной литературы. Л., 1963; М., 1971

4. Аристофан Лисистрата. Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер.

5. Қаз.тіл.ауд. М.Базарбаев. А., Өнер, 1991, -168 б

6. Еврипид. Медея. Елена. Троя арулары: Трагедиялар. Ауд. Қ. Жұмағалиев. Өнер, А., 1986, -223

7. Эсхил. Бұғауланған Прометей. Ауд. Ә.Нілібаев. А., Жазушы, 1970

 

№ 3 Лекция

Тақырыбы: Эллинистикалық кезең. Эллинизм заманының идеологиясы мәдениеті. Эленистикалық поэзияның дамуы.

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Элинизм заманынының идеологиясы, мәдениеті.

2.Афины – пәлсапа мен комедиографияның орталығы.

3.Эллинистикалық поэзияның дамуы.

4.Ғалым-ақындар. Прозаның дамуы, шешендік мектептердің пайда болуы.

5.Тарихи пәлсапалық прозаның қалыптасуы.

6.Эллинистикалық кезеңде мәдениеттің дамуы.

7.Шешендік мектептер.

8.Тарихи философиялық проза.

9.Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі.

10.Рим әдебиетініңтарихи маңызы. Рим фольклоры

11.Ерте дәуірлік кезең. Римдік тұңғыш ақындар.

12.Республиканың соңғы ғасырының әдебиеті.

13.Гректік риторика мен философия.

14. Цицерон Марк Тулий және оның әдебиет дамуындағы орны.

15.Вергелий Марон Публий өмірі мен шығармашылығы.

16. Гораций шығармашылығы.

Эллинизм ертедегі грек құлиеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (б.з.д. 356-323) бүкіл Грекцияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, б.з.д. 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұлан-ғайыр жерді жаулап алды. Ежелгі дүниеде дәл осындай орасан зор мемлекет ешуақытта да болмаған. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында элленизм кезеңі басталды десек те болады. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу кезеңі, яғни, дәуірі болды. Бұл кезеңді Шығыс және батыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі десе де қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александрды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңқа бөленген ұлы Александр отыз үш жасында дүние салады. Ол өлгеннен кейін (б.з.д. 323 ж) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық династиялар құрылды.

Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антохия мен Кіші Азиядағы Перғам эллиндік елдердің мәдени ықпалдарына айналды. Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның мәдени мұрасымен, ғылыми жетістіктерімен гректердің кеңірек танысуына даңғыл жол ашса, ол өз кезегінде жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Сөйтіп, Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің Шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды. Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезінде Грек қалаларының құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары жа барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды.

Сонымен Шығыс Ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салады. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмыстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі – Александриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмыстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы – Александрияда да дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана орналасты.

Сонымен Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дәстүрлері болды, бірақ, оған қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді.

Б.з.д. ІІ ғ. өмір сүрген атақты мүсінші Александрдың (Агесандр) қолынан шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген Афродитаның мүсіні қазір дүниежүзіне белгілі. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббат құдайының бұл сырлы бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нәзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады.

Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атқа ие болды. Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуірінде біртұтас жобамен салынған алғашқы қалалардың бірі болып саналатын. Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған. Шырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңында жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге болады.

Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткіштерінің бірі – Троялық абыз Лаокоон мен оның балаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер – Агесандр, Полидор және Афанадор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңыз-хикаядан алынған.

Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды. Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне тән, патшаны құдай дәрежесінде мадақтауға негізделген – монархтарға табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардың әйелдері құдайлар деп танылып, оларға құдайларындай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші бір белгісі – «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет-синкретизм еді (гректік және шығыстық діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).

Эллинизм дәуіріне жалпы сипаттама. Грек әдебиетінің классикалық кезеңі б.э.д. ІҮ ғасырда, яғни құл иеленуші полисінің құлауымен бірге аяқталады. Бұдан ары классикадан кейінгі кезең немесе эллинизм дәуірі басталады. Бұл дәуірге жалпы сипаттама беру өте қиын. Өйткені классикалық кезеңдегі ұсақ құл иеленуші полисінің орнына ірі құл иеленуші қоғамында өндіргіш күштердің өсуіне байланысты жаңа құлдар көбірек қажет бола бастады. Бұл үшін жаулап алу соғыстарын жүргізу қажет болды. Классикалық кезеңнің өзінде-ақ жалпы гректік құл иеленушілік құрылысында Афина өзінің ұсақ мемлекеттерде басып алуымен ерекшеленіп тұрды. Үлкен көлемдегі құлдарды пайдалану үшін үлкен жер көлемі қажет болды. Бұның ақыры ІҮ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзінің көп бөлігін жаулап алғаш Александр Македонскийдің ұлы жорығына алып келді. Шығыс елдерін жаулап алуы шығыс және грек мәдениетінің тығыз байланысына алып келді.

Эллинистік мәдениетке сипаттама бере отырып, грек мәдениетінің шығысқа таралуына байланысты. Афина өзінің мәдениет орталығы ретіндегі маңызын жоя бастағанын, бұл орталықтың да шығысқа жылжып бара жатқанын байқаймыз. Әсіресе, Солтүстік Афинадағы Александр Македонский құрған Александрия қаласы үлкен маңызға ие болды. Бұл жерге көптеген ақындар жинала бастады және осыдан эллинистік поэзия александриялық деп атала бастады. Бұлай аталуы шартты түрде болмаса, эллинизм дәуірі ақындарының Александрияға ешқандай қатысы жоқ болатын.

Алдымен бұл мәдениеттің адамы тұрмыстық өмірге бейім болды. Кең мағынада айтқанда тұрмыс сөзі барлық уақытта, барлық жерде қолданған. Алғашқы қауымдағы адамдардың да тұрмысы болған. Тіпті мифологияда да батырлық тұрмысы болды. Бірақ мұндағы тұрмыс сөзі кең мағынада тұр. Ал осы жерде қолданылып жатқан тұрмыс – тар мағынада, яғни мифологиялық немесе еркін әлеуметтік-саяси шығармашылықтың тұрмысы емес, бұл бір субъектінің шектелген көзқарасы, қоғамның немесе жанұяның көзқарасын қарастырған. Мұндай тұрмыс эллинзим дәуіріне дейін Грецияда белгісіз болып келген. Тек қана Гомер және Гесиодқа дейінгі кейбір ойлар болмаса, тек қазір аполитизмнің шарты бойынша және діни-мифологиялық көзқарастардың жойылуынан кейін ғана тұрмыс адамына, оның мұқтаждығына деген қызығушылық пайда бола бастады. Мұндай тұрмысты комедияда бейнелеу ыңғайлы болды. Тек саяси қоғамдық және діни философиялық идеяларға толы ежелгі Аристофанның комедиялары емес, жаңа тұрмысты бейнелеу үшін әдебиет тарихында жаңа антикалық комедия дүниеге келді. Оның талантты өкілдерінің бірі Менандр Афинский болды.

Эллинизм кезеңінде тұрмыстан жеке тұлғаға өткенде субъектінің тереңдетілген ішкі өмірімен кездесеміз. Эллинизм дәуірінде де жеке адам тұлғасы, жаңа европалық әдебиеттегідей ішкі сезімін сезіну формаларынан өткен. Мұндағы ұқсастық кейде тіпті жақын болып келеді, оған кейбір зерттеушілер эллинистикалық дәуірді буржуазия-капиталистік формацияның бір түрі ретінде санайды. Бірақ бұл қате түсінік. Бір еске сақтайтын жағдай эллинизм тек құл иеленушілік формациясымен ғана шектеліп қалған болатын, сондықтан оған жаңа уақыттың әдебиетінде кездесетін жеке өзін мойындату, өзін биікке қою сияқты формалар таныс емес. Эллинизм кезеңінде бір тек жеке тұлға бағытының элементтерін ғана кездестіреміз.

Екінші кезең. Эллинизмнің бастауын Александр Македонскийдің уақытына әкеледі, яғни бұл б.э.д. екінші жартысы, ал эллинизмнің аяқталуын Грецияның Римді жаулап алу кезеңіне әкеледі, яғни б.э.д. ІІ ғасырдың ортасы болып саналады. Б.э.д. І-Ү ғасырда әдебиет эллинизм негізінде дамиды, сондықтан б.э.д. ІҮ-І ғ.ғ. эллинизмнің екі кезеңі туралы айтқанымыз жөн болар. Бірінші кезең – бұл ерте эллинизм (б.э.д. ІҮ-І) және екінші кезең – кейінгі эллинизм (б.э.д. І-Ү) деп атаймыз.

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі. Принцитат. Бір ғасыр бойына Рим тарихы азаматтық бүлікке толы болды. Бұдан бұрын Грецияда болған жағдай мұнда да қайталанды. Өсіп келе жатқан өндіргіш күштердің жаулап алуға көшуі, үлкен көлемде құлдарды пайдалануы шаруалардың жерден айырылуына, ал жоғары биліктегілердің баюына және қарсылық білдірген көпшілікті қарулы күштермен ұстап тұруға әкеліп соқты.

Принцитат (princeps – бірінші) – бұл биліктің бір түрі және республикадан империяға көшу дегенді білдіреді. Жерінен айрылған жұмыссыз халықтың бөлігі енді армияға бара бастады. Ал аристократтар принцепс қызметіне келіп, соның әміршілдік жүйесіне айналды. Октавион Август басқарған Рим империясындағы принцитат осылай құрылды. Аз ғана уақыттың ішінде республикалық мемлекеттің басты басқарушы орындарын жаулап алған Август Рим империясын сөз жүзінде республика деп атағанымен шән мәнінде. Публий Вергилий Марон б.э.д. 70 жылдары Солтүстік Италияда Мантуй маңындағы Анды ауылында дүниеге келді. Ол Рим және Кремон қалаларында білім алды. Бірақ 42 жылы үйіне қайтып оралды, өйткені ол шуға толы қала өмірін ұнатпайтын. «Букомиктер» (Бақташылар өлеңі) және «Эклогтар» (Таңдамалы өлеңдер), «Георгики» (жерге байланысты өлеңдер) және әсіресе «Энейда» поэмасы Вергилийге әлемдік даңқ әкелді. «Букомиктер» 42-39 ж.ж. «Георгики» 37-30 ж.ж. және «Энейда» 29-19 ж.ж. жазылды. Вергилий б.э.д. 19 жылы Грецияға саяхат жасап келген соң қайтыс болады. Тарихшылар Вергилийді өте қарапайым, ауыл өміріне берілген және Август империясының белсенді жақтаушыларының бірі ретінде суреттелді. 2. «Букомектар» және «Эклогтар»

Тақырыбы айтып тұрғандай бұл бақташылар поэзиясы. Бұл жинақ 10 эклогтан тұрады. Бірінші эклогы букомикалық, яғни бақташылардың ақындық сайысы бейнеленген. Ал келесі эклогы аллегори-букомикалық, яғни мұнда маңызды қоғамдық-саяси құбылыстар және философиялық идеялар туралы айтылады.

Көркемдік стиль. Вергилий өлеңдерінің Феокритке ұқсастығы болғанмен, оның өзіндік стилі бар. Вергилий бақташыларының махаббат мұңын бастан кешіруі, поэзия және музыкамен айналысуы Феокритке ұқсас болып келгенмен Вергилийдің бақташыларға деген қатынасы өзгеше болып келеді. Вергилий олардың сезім мен үмітін ескере отырып, бақташыларды жеке тұлға ретінде бейнелей білген. Вергилий эклогтарының сюжеті жағынан алғанда бақташылар өмірін бейнелеу болса, ал идеялық мағынасы жағынан – бұл жер иелену идеологиясын және қарапайым ауыл поэзиясын насихаттау болып табылады. Дегенмен өзіндік мағынасында букомикалық стильдібайқауға болады. Мұнда қай эклогты алсақ та саясатқа, философияға қатысты ойлар атымен жоқ. Бұл жерде тек бақташылар олардың махаббат сезімдері, нәзік гүлденген табиғат аясындағы ақындық сайыстары бейнеленген.

Вергилийдің идеялық ойларының ішінде мифологиялық сарындар да кездеседі. Эклогтарының ішінде Нимфа, Галатей, Вакхо, Орфея, Юпитер, Аполлон сияқты мифтік образдарға тола болып келеді. Әсіресе ІҮ эклогта дамыған мифологиялық утопияны атап өткен жөн. Бұл жерде Вергилий дүниеге ғажайып баланың келуі және оның өзімен бүкіл жер жүзіне тыныштық әкелуі туралы бейнелейді. Жер адамға керекті нәрсені өзі әкеліп, соғыстар жойылып, жерде жаңа алтын ғасыр орнайды дейді. Бұл эклогта Вергилийдің қайсы бала туралы айтып жатқандығы көптеген пікірталас туғызды. Кейбіреулер Христиан дінінің дамуымен қатар Вергилий бұл жерде Иусус Христостың туылуы жайында айтылған деп те пікірлер айтты. Дегенмен сол кездегі антикалық әлемде алтын ғасырдың келуі жайында көптеген болжамдар болатын. Осындай жағдайда өмір сүрген Вергилий де өзінің идеямиялық ойын туғызған болуы керек.

«Бугомикте» өлең техникасының үлкен белеске көтерілгенін байқауға болады. Вергилийді осы ертеректегі шығармасымен-ақ Рим поэзиясының классигі деп атауға болады. Шығармаға толық талдау жасай отырып, ондағы ботаника және зоология ғылымдарының терминдерін көптеп кездестіруге болады. Вергилий осы ерте табиғатты суреттеудегі нәзіктігімен көркем образдарды жасаудағы қарапайымдылығымен, эллинизм дәуіріндегі александриялық оқымыстылардан ерекшеленіп тұрады.

«Георгиктер» яғни «Жерге байланысты өлеңдер». Бұл шығармасында ақын ауыл шаруашылығының суреттерін өте бір жылылықпен, адал көңілмен бейнелейді. Бұл дидактикалық поэма бірнеше жүз өлең жолдарынан тұратын төрт кітаптан құралған. Біріншісінде – жер шаруашылығы, екіншісінде – бау-бақша шаруашылығы, үшіншісінде – мал шаруашылығы, төртіншісінде – ара шаруашылығы жайында айтылады.

«Георгиктің» сюжеті өте қарапайым және түсінікті. Бірінші кітабында Меценатқа, Октавианға және жер құдайлары Церера, Либера, Нептун, Сильваналарға арнау артып болған соң, Вергилий жерді аудару оған тыңайтқыш беру туралы және астықтың жайын тұқымдарды, жыл мезгіліне байланысты егістіктегі жұмыстар жайында әңгімелейді. Бірінші кітаптың соңында Цезардың өлімі жайлы айта келіп, Августты мадақтайды. Бау-бақша шаруашылығына арналған екінші кітабында ағаштардың көптүрлілігін, оларды тұқымдастыру жайын әңгімелейді. Әсіресе жүзімді қалай баптау керек екені айтылады. Ал үшінші кітабында құдайларға арналған ұзақ арнауынан кейін автор ірі қара мал және аттар туралы олардың күтімі жайында әңгімелейді. Сонымен қатар қоймен ешкі туралы да айта келіп, мал арасында болатын аурулар жайында айтып өтеді. Төртінші кітабында ара шаруашылығы жөніндегі ойларымен бөліседі. Мұнда аралардың өмірі туралы, олардың көбеюін, ерекшеліктерін, аурулары туралы айта келіп, Аристей, Орфей, Эвридик жайындағы аңыздарды әңгімелейді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)