АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жоспары. 2.Англиядағы сыншыл реализм өкілі – Бернард Шоу шығармашылығы

Читайте также:
  1. Жоспары
  2. Жоспары
  3. Жоспары
  4. Жоспары
  5. Жоспары
  6. Жоспары
  7. Жоспары

1.ХХғ. Англия әдебиеті.

2.Англиядағы сыншыл реализм өкілі – Бернард Шоу шығармашылығы.

3.Бернард Шоудың әлемдік драматургияға әсер-ықпалы.

Әлем әдебиетінде Марк Твен (1835-1910 ) деген лақап атымеп тараган жазупіыныц ІІІып лты-жөні Сэмюэл Ленгхорн Клеменс. Ол 1835 жылғы 30 қарашада Миссури штатындағы Флорада деревнясында дүниеге келіп, 1910 жылдың 21 сәуірінде Коннектикут штатындағы Реддингте қайтыс болды. Американыц сц ойгілі «азушыларының бірі, сатирик, сыншыл реалист, балалар әдебиетініц классигі Марк Гвен заңгер әкесінен ерте айрылып, балалық шағы ауыр жағдайда өтіп, спіқандай гиянақты білім ала алмады. Болашақ жазушы он екі жасында типографияға уйреиуіпі Золып жүмысқа кіреді. Одан әрі теруші болып әр қалада жүмыс істейді. Ессйс кслс Іоқман ісіне оқып, Миссисипиде параход айдаушы болады. Дәл осы локмал мамандығы оған, "Марк Твен" деген псевдоним берді. ("Мерка два" — екі олінем кемс зтетін теревдікті анықтайды) және осы атпен әлемге әйгілі болды.

1861-1865 жылдардағы азамат соғысына байланысты суда жүзу гоқтатылып, Марк Твен алтын мен күміс қазбасы табылып жатқан Батыстағы Ңевада өлкесіне аттанып кетеді. Бүл жерде біршама уақыт үлкен байлық, ігстын қүймасын табу мақсатында старатель (өз бетімен алтын іздеуші адам) Золып істейді. Сонымен қатар журналисткамсн айналыса бастайды. Оның шгашқы мақалалары, очерктері, фельетондары лоқман және тсруші болып күргеңце-ақ жазылған еді.

"Энтерпраиз" журналында қызмет істей жүріи танымал юмористке айналады.

Алайда жазушыга деген даңқ пен атақ оның бір топ саясатшылар мен бірге Европа мен кіші Азияға жасаған сапарынан кейін басталады. Осы саяхат туралы жазбалары көптеген американ газеттерінде жарияланып, үлкен жетістік әетінде бағаланады. Осы хаттардың бәрін негізге ала отырып М.Твен 'Шетелдегі ақ көңілдер" атты кітабын жазып, өзінің әдебиеттегі орнын толық айқындады.

Одан әрі жазушы Бостоннан аса алыс емес Гартфорд қаласына қоныс теуіп, бар ғұмырын өдебиетке арнады. Оның алғашқы әңгімелеріне негізінеіг аліанда оморлық шығармалары жатады. Марк Твеннің даңқын шығарган "Калаверасадан селген әйгілі секіргіш бақа" (1865) әңгімесінен басқа "Теннссидегі журналистика", "Мен ауыл шаруашылығы газетін қалай редакция жасады", "Мек Вильямс жоне Круп", 'Сағаттар" т.б. Бүлардың бәрінде кездейсоқ болатын қызык, оқигалар, күлдіргі тарихтар мен анекдоттар сипатталып отырады. Әңгіме жазу барысында америкаи фольклорының дәстүріне сүйенеді. Оның алтын қазыналарынан сюжет, образ, тіл алыпотырды. Фолъклордағы сияқты М.твен әңгімелерінде гипербола мен фантастика, оқиғаға комедиялық түсінік кіргізу, шектен шыққан кереметтер енгізу көптеп кездеседі.

1879 жылы жазушы Твеннің ең әйгілі, танымал шығармасы "Том Сойердің таңғажайып істері" жарық көрді. Бүл кітап әлсм әдебиетіидегі ең жақсы балалар кітабына жатады, сонымен қатар үлкендер де қызыға оқиды. Керемет көркем шеберлікпен жазылған кітап бала психологиясының құпиясын терең аша білумен таңцандырады. Осы тақырыпты одан әрі калғастырып жазған "Гекльберри Финнің басынан кешкен оқигалары" (1884) атаптарында бақытсыз балалық шақ, әуреге толы шіркеулік оқу, бай адамдардың бейшаралық психологиясы өткір мысқылмен бейнеленгсн.

Американың алыс түкпіріндегі бір қалада Том Сойер жәнс Гекльберри Фин дейтін екі бала өмір сүреді. Том қайдағы жоқты ойлап тапқыш орі қолды Іяққа түрмайтын пысық болады. Ол үйде де, мектепте де тез зерігетін-ді. Ал Ъктің мүлдем баспанасы жоқ болатын. Ол өзен жағасындагы ескі бөшкенің ішіне түнеп жүреді. Оны мүғалімнің күн сайынғы ұрып-соғуы, поптың әулиелер туралы қисынсыз оқиғаларды зорлап жаттатқызатын діни уағыздары ибдсн жалықтырып жібсргсн сді.

Том Сойер мен Гек Финн жазушы повестерінің әлемге танылған ең тамаша кейіпкерлері. Бұл шығарма небір тамаша, күлкілі оқиғаларға толы. Сондықтан да езу тартпай оқу мүмкін емес. Осы кітаптардағы екі баланың қатігез адамдардан жәбір көргенде қандай табандылық көрсеткеніне риза болып, қайран қаласың.

Қайсы біреулердің арандатуымен жазықсыз жан түрмеге қамалып, өлім жазасын күтіп жатады. Ал бүл ксздс шын баскссср бостандықта сайрап жүреді. Ол қылмыскердің кім скснін балалар жақсы білетін. Екі дос қаншама қорқынышты сотгср бастаи ксшс жүріп, жазыксыз жәбірленушіні жазадан қүтқарып алады. Бүдан кейін дс сан қилы оқиғаны бастарынан кешіреді. Том мем Гектің мол қазына тауып алғаны бүкіл қаланы дүр сілкіндіреді. Ақшаға гана табынатым ортада мүндай олжа адамға атақ қана емес, құрметте бөленетін. "Мұндай іріп-шіріген, тынысты тарылтатын үй атаулыда менің түрғым кслмейді" дейтін. Гекке досы Том Сойер де толық келіседі. Өйткені ол да борінсн бүрын еркіндік псн шытырман оқигаларды ұнататын.

Кейінірек Грек аралда қожайынынан қашып шықкан Джим дейтін негірді кездейсоқ кездестіреді. Оған ойланбастан қол ұшын беріп қудалаудан қутқарып қалады. Тапқыр, сржүрек балалар туралы таңғажайып оқиғаларға толы шығармалар күні бүгінге дейіи қызыга оқитын шығармалар қатарына жатады.

Жазушының "Алтынға малынған ғасыр" (1873, Ч.Д.Уорнормен берге) атты романында чиновниктердің сатқындық өрекеттері мен буржуазия пасықтарының араздықтары әшкереленеді. "Шыныққандар" (1872) дейгін омірбаяндық очсрктеріндс американ елі тоғышарларының надандықтары мен ақымақтық қылықтарын келемеждейді.

Кемеңгер жазушының сонымен қатар "Ханзада мен қайыршы" (1882), "ашықауыз Вильсон" (1894), "Жанна Д'арк туралы жске естеліктер" (1896), "бсйтаныс адам" (1916) т.б. шығармалары бар.

М.Твеннің "Том Сойердің таңғажайып істері" (1939, 1949, 1951, 1915 аудар. М.Жанғалин), "Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғалары" (1945, 1967 ауд. М.Дінішсв) атты шыгармалары қазак, тілінде жарық көрді.

Теодор Драйзер (1871-1945) шығармашылығы- ХХ ғасырдың Іжартысындағы америкалық реализмнің шыңдарының бірі. Драйзер - өз шығармаларында американ халқының жетістіктері мен кемшіліктерін, елінің қиын өмір белестері мен ащы ғұмыр шындығын сыншылдық реализмде бейнелеген жазушы.

Теодор Драйзер Индиана штатындағы Терра Хота қаласында қарапайым тоқымашының отбасында көп балалы кедей жанұяда дүниеге келген. Болашақ жазушыны кедейшілік ерте өз бетімен өмір сүруге мәжбүр етті. Жастайынан әр түрлі (мейрамханада ыдыс жуушы, тауар сатушы станцияда бақылаушы, механик, жер бөлуші агент) болып жұмыс істейді. Мектеп бітіргеннен кейін Индианадағы университетке түседі, бірақ қаржының тапшылығына байланысты оқуын тастауға тура келеді де, жоғары білім ала алмайды. Университете Т. Драйзер бай кітапханамен танысып Толстойдың кітаптарын қатты ұнатады. Бұл жөнінде Т Драйзер: “Толстой сияқты жаза білу және сені бүкіл әлем тыңдай білу қандай бақыт”- дейді Жастайынан өмір қиыншылығын көріп өскен, өмірлік мол тәжірибе жинаған жас Драйзер өз өмірін бүтіндей жазушылық еңбекке арнайды. Бірнеше жыл қатарынан Чикаго, Сен-Луй Питсбург газеталарында репортерлік жұмыс атқарады.Болашақ жазушының өмірінде баспада жұмыс істеген жылдар терең із қалдырады. Репортерлік жұмыс атқара жүріп ол былай деді: «Мен ғыұмыры кедейліктен көз ашпаған өз замандастарымның қайғыларына көңіл білдіремін және олардың тынымсыз талпыныстарына, қайрат – ерік, күш-жігер мен биік рухына дән ризамын». Газет беттеріндегі жас журналистің өз пікірін ашық айтуы үлкен тойтарысқа ұшырады. Драйзер Америка баспаларындағы мұндай ұстемдікпен келісе алмай, репортерлік қызметін тоқтатады. Репортерлік қызмет Драйзерге шынайылықты өмірлік тәжірбиесін тереңдетті. Кейінірек Драйзер бұл журналистік қызметінің өз шығармашылығына әсері жайында:."Менің өмірмен тығыз қақтығысым баспада істеген кездерімнен басталды:адам өлтіру, өртеу, зорлау, парақорлддық, жемқорлық, әртүрлі алдаулармен кездестім" -дейді.

Т. Драйзердің шығармашылағы екі кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең 1900-1917 жылдар аралығы.

Екінші кезең 1917-1945 жылдар аралығы.

Оның ең алғашқы «Сестра Керри» атты романы 1900 жылы Френк Норристің қолдауымен жарық көреді. Бұл романың сюжеттік желісі американдық қарапайым қыз Керридің арпалыс өмірі. Керри өктемдік, озбырлық жайлаған ортада адамгершілік қасиеттерін жоғалта отырып, өз дегеніне жетеді, бірақ ол шын бақытты ма деген мәселе романға негізгі литмотив болып табылады.Романның соңында Керри мұқтаждықтан құтылады,бірақ оған әдепсіздік қылықпен жетеді.Керриді бұл жолға итермелеген қатыгез қоғам.Керридің тағдырын баядау арқылы автор оның мінезіндегі өзгерістерді аса нанымдылықпен суреттейді. Драйзер Керридің бойындағы өзімшілдік қасиеттерін баса көрсетеді, ол оның Друэмен, Герствудпен қарым-қатынасында көрінеді. "Сестра Керри" -реалистік шығарма.Романда әлеуметтік қарым -қатынастардың адам тағдырына әсері аса шыншылдықпен бейнеленеді. Осы шығармадан бастау алатын американдық трагедия кейінгі шығамаларына негізгі өзек болды. Бұл роман Америка туралды аңызды жоққа шығарып,Америка шындығының "сұр күндерін" суреттеді. Романда ХХ ғасырдың басында етек алған натурализм ағымының элементтері кездеседі. «Сестра Керри» романы жарияланысымен-ақ оқырмандар мен буржуазия тарапынан үлкен сынға ұшырайды. Сыншылардың пікірінше автор романда асқан қатыгездік пен адамгершілік нормаларына сай келмейтін іс-әрекеттерді көтерген. Сол себепті «Сестра Керри» романын оқырмандарға таратудан, баспадан шығарудан АҚШ мемлекеті бас тартады. Ең алғашқы туындысын оқырмандары қабылдамағанына, романның жетістікке жетпегеніне қатты күйзелген Драйзер жазушылық жұмысын біраз уақытқа тоқтады. Т.Драйзер 1904 жылы “Сестра Керри” романын Англия халқының оқырмандарына ұсынады, ол жерде роман үлкен жетістікке жетеді. Содан кейін роман 1904 жылы АҚШ-та да басылып шығады.

Алғашқы романыны сәтсіздікке ұшырағаннан кейін жазушы араға бірақ уақыт салып, шығармашылығының екінші жемісі «Дженни Герхард"» романын 1911 -жылы жұртшылыққа ұсынады. Жазушы бұл романында да халық арасынан шыққан қарапайым қыз тағдыры жайлы тақырыпты қайта қозғайды. Бірақ мұнда Дженнидің Керриден айырмашылығы ол өзінің рухани тазалығын сақтап қалады. Қаншама қиыншылық пен сатқындық көрсе де, ол өзінің бастапқы сенімнен айнымайды. «Дженни Герхардтың» өмір танымы бай семья Кейндерге қарама-қарсы қайшылықта суреттеледі. Листер Кейн қаншама жоғарғы қоғамның өкілі болса да, қарапайым Дженидің махаббатына лайықсыз. Герхардтар отбасының кедейшілігі мен ауыр тұрмысы Дженниді ағасын тұтқыннан босату үшін өзін сенатрға құрбандыққа шалуға итермелейді. Кейін дәулетті Лестер Кейнді жолықтырып,оны сүйгенімен Дженни әлеуметтік теңсіздігінен оған заңды әйел бола алмайды.Бұл неке қоғамдық көзқарас тұрғысынан ессіздік деп танылды.«Дженни Герхард» романына ілесе жазушы. «Финансист», «Гени», «Титан» «Стоик» романдарын және бірнеше әңгімелерін жазады. Америка әдебиетінің ірі туындылары болып саналатын бұл романдардан кейін Драйзердің ірі туындысы «Американ трагедиясы» жазылады. «Американ трагедиясы» романы Драйзерге үлкен табыс алып келеді де, ол АҚШ оқырмандарының ықыласына бөленеді және ірі жазушы ретінде танылады.

Американ трагедиясы" американдық өмірдің қыр-сырларын ашатын 22-бөлімнен тұрады: жұмысшы табы мен фермерліктің жай күйі, банк туралы, теміржол компаниялары, американдық конституция туралы ойлар; Сонымен қатар, романда Драйзер елдің ауыр экономикалық жағдаиының себептерін ашуға, табуға ұмтылады.

«Американ трагедиясы» романының жазылуына 1906 ж Америка халқын елеңдеткен қаралы оқиға Честер Джилеттің өзінің сүйіктісі Грейс Браунды өлтіруі себеп болды. Романда автор қаралы оқиғаның болуына себеп болған фактілерді газет бетіне түскен жаңалықтар мен іс-қағаздардан алған. Капиталистік кезеңде өмір сүріп отырған Американ халқының көпшілігінің басты мақсаты кез-келген жолменен үлкен байлыққа қол жеткізу болғандықтан, көптеген американдықтар бұл жолда қандай қылмысқа болса да даяр. Міне, осындай оңай байлыққа қол жеткізу жолында жүрген романның басты кейіпкері Клайд Грифитстің қайғылы өмірі романға сюжет болған. Романның басты кейіпкері Клайд Грифитстің бойында Драйзердің басқа кейіпкерлері сияқты туа біткен дарын да, өмірге деген ептілік те, қулық та жоқ. Ол- капиталистік өмірде өмір сүріп жүрген американдық көзқарастағы қарапайым азамат. Романда басты кейіпкер Клайд Грифитс өзінен жүкті болып қалған сүйіктісін өлтіріп, бір миллионердің қызына үйленіп, оңай олжалы болғысы келеді. Бірақ оның бұл арам пиғылы, іс-әрекеті іске аспай романның соңы Клайд Грифистің аянышты өлімімен аяқталады.

Драйзердің келесі бір қомақты романдарының бірі- «Финансист» атты туындысы. Авторға «Финансист» романын жазуға 1905 жылы Чикаго шататының миллионері Чарльз Гайзон Йеркстің аянышты өлімі себеп болған. Бұл туынды үш бөлімнен яғни үш романнан тұрады. Бірінші бөлім «Финансист», екіншісі «Титан», үшінші бөлімі «Стоик» деп аталады. Ал осы үш романды жалпылай автор «Трилогия желания» деп атаған. Романда басты кейіпкер Фрэнк Аиджернон Лаукерфудтың қомақты дүние жинаудағы тынымсыз талпынысы, тойымсыздығы, өзінің құлқынын қандыру мақсатында істелген іс-әрекеттері және аянышты тағдыры мен өлімі суреттеледі. Басты кейіпкердің өмір жолының аянышты халде бітуі оның тойымсыздығының арқасында туып отырғандығы үшін автор үш романға бірдей «Трилогия желания» деген атау берді. Автор басты кейіпкері Кауперфудты бизнес әлемінің жыртқышы, ар-ождан, ұят не екенін білмейтін бизнесмен ретінде суреттейді.

Бақылау сұрақтары:

1. ХХғ. ағылшын әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізгі өкілдері кімдар?

2. Бернард Шоудың тарихи тақырыпқа жазылған қандай шығармалары бар?

3. Бернард Шоудың әлемдік драматургияға әсер-ықпалы қандай?

1. ХХғ. АҚШ әдебиеті қандай бағытта дамыды.

2. Марк Твеннің қандай сатиралық шығармалары бар?

3. Джек Лондонның анималистік шығармасын ата.

4. Теодор Драйзердің «Керри қарындас» романының тақырыбы, идеясы.

5. Эрнест Хеменгуейдің соғысқа қарсы шығармаларын ата.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987

2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985

4. Старшая Эдда. Древнеисландские песен о богах и героях. М. –Л. 1963

5. Беовульф. Песнь о Нибелунгах. М., 1975

6. Песнь о Ролланде. М., 1958

7. Поэзия трубадоров. М., 1979

8. Легенда о Тристане и Изольде. М., 1976

9. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

№ 15 Лекция

Тақырыбы: ХХ ғасырдағы Азия елдерінің әдебиеті. Түрік әдебиеті. Иран әдебиеті мен үнді әдебиеті.

Cабақты өту түрі: Активті


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)