АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 7 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

Орта ғасырда халықтық эпикалық әдебиеттің дамуы одан әрі жалғасты. Бұл оның дамуының ең маңызды кезеңі еді. Батырлық эпос орта ғасырдағы кітаптің, сөздіктің ең маңызды бөлігі болып табылды. Орта ғасырдың батырлық эпосы этникалық және мемлекеттік бірігудің және сол кезде пайда бола бастаған сеньериальдық - вассальдық қарым-қатынастардан көрінді. Эпостық тарихи тақырыбы кеңейді және ол ертегілік мифологияны ығыстырды. Христиандық мотивтің маңыздылығы артты және бұрынғы фольклорлық үлгілерден біраз басқашалау болды. Дегенмен мұның бәрі сюжет пен мифтік, ақындық образдардың бірігуіне әкеп соқты. Батырлық романдар фольклорлық фантастикаға айналды. Эпос тарихындағы жаңа этаптың ерекшеліктері бір-бірімен тікелей байланысты. Батырлық эпоста рулық қауымдық қатынастар ұлттық қатынастармен алмастырылды. Эпикалық ескерткіштерде патриоттық мотивтер басым болды. Ол патриоттық мотивтер өзге елдегі және өзге діндегі болып алушылардың арасындағы күреспен байланысты еді. Романдық және словяндық әдебиеттерде патриоттық мотивтер христиандар мен «адал емес» мұсылмандар арасындағы қарсылықтар түрінде белгіленді.

Франциядағы батырлық эпос. Романдық халықтарының эпосы (француздар мен испандар) Х-ХІІІ ғ. аралығында дамыды. IX ғ. бастап роман тілі ретінде бөлініп шықты және оның әдеби творчествосы басталды. VIII ғ. тарихи оқиғалар бұл эпосқа әсер етті. Роман халқының халықтық поэзиясы гермондардың фольклорлық әдістерін меңгерді. Француздардық халықтық латын тілінен ескі француз тiліне өтуі және этникалық француздардың Франциядағы феодалдық құрылыс Каролингов дәуіріне кіреді. (VIII - IX ғ.) Батырлық поэзиядағы бұл дәуір эпикалық уақыт деп аталады. Каролинговтардың ішіндегі ең атақтысы 800 жыл патша тағына император Карл Великий эпикалық король атанды және «ақылды францияның» V эпикалық басқарушысы болды. Француздың шамамен жүз шақты батырлық поэмасы сақталған.

«Ролланд туралы жыр» Француз эпосының ең биік шыңында «Ролланд туралы жырдың» орны ерекше. Бұл эпос 4002 өлең жолынан тұрады, қолжазбаның соңында Турольд деген кісінің есімі бар. Турольдты автор деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ бұл осы қолжазбаны көшіруші және бас редакторы.

Бұл жырда Пиренеядағы Ронсеваль шатқалында француздар мен маврлардың (сарацин) ұрысы туралы айтылады. Француз әскерлері Карл Роланд басқарған француз әскерлері бұл соғыста Франция үшін шайқаста батырлықпен қаза табады. Олар маврлармен соғысқан еді. Отрядтың жеңілуіне себепкер Роландтың өгей әкесі Ганелон кінәлі еді. Ганелон өгей баласы Роландты жек көргені үшін Сарагос Марсилия патшасымен келісімге тұрады. Роландтың және оның досы Оливье мен 12 сері жігіттің өлімі үшін Карл өшін алып, жауларын жеңіп шығады. Ганелон жекпе-жекте қайтыс болады. Бұл жырдың сюжеті белгілі бір тарихи негізі бар. Оның куәгері француз және араб хроникаларында сақталынған. Ұлы Карл 778 мұсылман қауымының бастығы Инбаль-Арабидің шақыруымен Испанияға келеді. Инбаль-Араби халиф Абдеррахманға қарсы күресті басқарушы еді. Инбаль-Араби Карлға көмегі үшін Сарагосты беруге уәде етті. Бірақ Сарагостың басқарушысы француздарды кіргізуге рұқсат етпеді. Сол үшін Карлға кері қайтуға тура келді және ол сакстардың көтерілісі туралы естіді. Пиреней асуларынан өткен кезде христиандар Карлдың сөзінде тұрмағаны үшін француз әскерін талқандады. Бұл шайқаста аздап маврларда қатысты және олар Аль-Арабиді Карлдың тұтқынынан құтқарды.

VIII - IX ғ. мұсылмандарға қарсы идеялар бас көтерді. Осы дәуірде жеңгендердiң христиандыққа өткізу басталды. Мұсылмандарға қарсы соғыс XI ғ. II жартысында крест жорығына дайындық кезінде басталды. Бұл уақытта француз рыцарлары Испаниядан маврларды VI Альфонса Кастильдің туы астынан қууға қатысты.

Бұл поэмадағы маңызды орынды маврлармен соғыс туралы айтылады. Бірақ поэманың басты тақырыбы феодал-рыцарлар мен корольдардың арасындағы және өзара соғыстары, феодалдық құрылымының өз арасындағы өте әлсіз және әділетсіз корольдар арасындағы соғысты көрсете отырып, ХІІ-ХІП ғ. жағдайы француз эпосының құрылып бітуімен байланыстырады.

«Сид туралы жыр» Сан ғасырлар бойы испан халқы (VIII - XV ғғ) Пиреней түбегін жаулаған арабтарға қарсы соғыс жүргізді. Ұлт-азаттық соғыстың ең өрлеген кезі ХІ-ХІІІ ғ. аралығы еді. Испандықтар Пиреней түбегін түгел дерлік қайтарып алды. Арабтарға 1492 жылға дейін өмір сүрген Гранад Хандығы қалды. Тарихта реконкиста деген атпен қалған бұл соғыс бүкіл Испанияны қамтыды. Карл Маркстың айтуына қарағанда соғыс жылдарында испан халқының заңдары мен дәстүрлері қалыптасқан. Реконкистадағы жеңістер ақындарды да шабыттандырған. Сондықтан да реконкистаның қаһамандары испан халқының әдебиеттерінде үлкен орын алған. Үлкен ұлт-азаттық көтеріліс кезінде испан батырлық эпосының ұлы ескерткіші - «Сид туралы жыр» қалыптасты. (XII ғ. ортасы). Бізге дейін жеткен жалғыз қолжазба XV ғ. жазылған. Жырда XI ғ. өмір сүрген Руя (Родриго) Диаса де Бивар, яғни Сид деп аталатын батырдың ерліктері суреттелген 1043 - 1099 жж.өмір сүрген Сид реконкистаның алға бастар батырларының бірі болған. Ол маврлардан Валенсияны қайтарып алды, бірақ оның басты ерлігі VI Альфонсаны бірнеше рет жеңген, мавритандық хандықтарға Африкадан көмектесуге келген альморавидтерді ойсырата жеңуінде еді. Жырда Сид Кампеадор испан халқының батырлық идеясына айналады, не дегенмен автор тарихи фактілерден ауытқыған. Жырда оны өз халқының патриоты ретінде, маврларға қарсы барлық күшін салып соғысқан қаһарман ретінде суреттейді. Шын өмірде Руй Диас маврларға қарсы көп шықпаған. Нағыз феодал, таққа ұмтылған тарихи Сидтан гөрі, жырда аз мұқтаждығынан Испанияның жағдайын алға қойған Сидті суреттейді. Міне, осында оның корольге тұрақтылығы байқалады. Реконкиста шартында үлкен саяси-прогрессивтік мағына бар. Мұнда Сидтің атақты демократизациялық образын айта кеткен жөн. Біз білетін, яғни, жоғарғы кастиль әулиетіне Сидті жырда инфансон ретінде суреттейді, феодалдық аристократияға жатқызбайды. Оны тек өзіне, халқына сенген батыл адам ретінде суреттейді. Ал нағыз феодалдық әулет Карриондарды мүлдем басқаша бейнелейді. Олар өзін жоғары санайды, алаяқ, қорқақ және қанішерлер. Поэма соңында бұлардың бәрі жазаланады. Жырдың басы жоғалған. Мұнда испан королінің Сидті қуып жіберуі жазылуы тиіс еді. Жылнамалардың айтуына қарағанда оның мәнісі мынада: VI Альфонсаның бұйрығы бойынша Сид Севилия аумағынан жылдық салықты жинауы керек еді, бірақ Сид тек жинаған, маврлармен одақта болған граф Гарсиа Ордоньесаны тұтқынға алады, ал корольдікке жеткенше Сидтің жаулары корольді алдап, Сидті салықтың бір бөлігін алды деген жалған айып тағып үлгерді. Сидке тісін қайрап жүрген Альфонс 1087 ж. Сидті корольдіктен қуып жібереді. Сидті қуып жібергеннен кейін жырдың сақталған бөлігі шығады.

Жырда өлең жолдары ассононс арқылы байланысқан. Әріптері басқа ескерткіштерден алынып қалпына келтірілген.

«Нибелунга туралы жыр» (1200 жыл бұрын) - неміс халқының батырлар эпосының үлкен ескерткіштерінің бірі. Сақталған 33 қолжазбалардың мәтіні үш тақырыпта өрбиді. «А» нұсқасы ең қиыны және ең аз таралғаны. «В» және «С» нұсқалары ең көп таралған болып табылады. Бұл жайттар кезінде зертеушілердің үлкен пікір-таласын тудырған «А» нұсқасын немістің атақты филологы К. Лахман (1793 -1851) да қолдаған. Ал «В» нұсқасын осы жырға сәйкес келетін соңғы зерттеулер де дәлелдеген. Осы «В» нұсқасы орыс тілінде де аударылған.

«Нибелунга туралы жыр» негізінде неміс халқының ертегілері, яғни, осыдан мыңдаған жыл бұрынғы варварлық соғыстар жатыр. Бұл поэманың негізінде 437 жылы ғұндармен талқандалған. Бургунд хандығының өмір сүруінің тоқтатылуы болып табылады, осыдан 1200 жыл бұрын жазылған поэма XII ғ. неміс феодалдық, батырлық өмірімен қоғамдық колоритімен тығыз байланысты. Жырда батырлық дәстүрлердің Бургунд хандығының хандық құрған кезеңінде орындалғаны айтылады. Жырдағы басты кейіпкер әдемі де сұлу Кримхильданы ұнатқан батыр да батыл Зигфрид. Жыршы батырлардың той мерекелері мен хандар мен ханзадалардың киіну үлгілерін де жырлауды да ұмытпаған.

Жоғарыда аталғандардың бәрі поэманың сыртқы келбеті. Осындай қызықты оқиғалардан кейін трагедиялық эпизодтар өрбиді. Жас кейіпкер Зигфридтің сатқындық құрбаны болды. Гунтер, Брюнхильда және Хаген деген жауыздардың Кримхильдаға істеген жауыздығы. Жат жерде қайтыс болған Бургунд хандарының қасіреті. Бұл жырда біз феодалдық өмірдің келбетін көреміз. Неміс халқының салт-дәстүрін байқаймыз. Бұл поэмада басқа батырлық эпостағыдай кейіпкерлер кездеседі. Мысалы: Хаген, Дитрих Бернский, Хильдебранд, Этцель және т.б.

«Нибелунга туралы жырдың» монументальді образдарына Г. Гейне тамсанған. Поэма аллитерарлық өлеңмен жазылған. Мұндай әдіс алғашқы миннезингерлерде кездескен.

Орта ғасырлар – эллиндік- классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп,ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, үзаққа созылған біртүтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы- «романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени д дәстүрлері болып саналады. Олар қүқық, ғылым, өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет,христиан діні және т.б.Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде терендей түсіп,Батыс Еуропаның пүтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты.Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды,яғни V- ғасырдан бастап VX ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бүл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қалданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол біртарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мағынасын жойған жоқ. Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен түрады. Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі»- дәуір бастаунан басталып X-XI - ғасырға дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең- XI - XIV ғғ.; ал үшінші, «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі» - XIV- XVғғ. Аралықтарын қамтиды. Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі- мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан щіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діні шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни- уағыздардың басты қағидалары - сенім белгілері қабылдана бастады. Шіркеу ілімі қоғамдық ой - сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалау бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V-VI ғғ. Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу биілігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. XI-XII ғғ. Бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми- зерттеу жұмыстарының орталығында айнала басты. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті ашылды. Англияда Оксфорд университеті,ал одан кейінКембридж университеті- ортағасырлық білім ордаларына айналды. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді. Орта ғасырлық университеттік ғылымды – схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады. Оның негізгі белгілері - шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық – догматтық алғышарттарды рационалдық принциптермен біріктіру, формалдық- логикалық мәселелерге қызығушылық және танымнаң негізгі әдісі ретінде тәжіребенің рөлін бағалау болды. Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі - әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын- саксондық қаһармандық эпостардың бірі - 700 ж. Шамасында жазылған «Буеовульф» поэмасы болды. Маман - ғалымдардің пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуропалық әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтын поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі- құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын- «Старшая Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғ. бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған. Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра- француздардың халықтық эпосы «Ролланд туралы жыр». Бұл поэмасында император корольді немере інісі граф Ролландтың Ронсельвальдың үстірттегі маврлармен соғыста қаза тапқаны туралы, Ролландтың өгей әкесі Ганелонның сатқындығы және әйгілі корольдің Ролланд үшін кек алуы туралы және он екі пәр туралы жазылған. Ролланд туралы аңыздың идеялық ойы мәттінің тарихи фактілермен дәлме дәл келтірілуі. Ролланд туралы поэмасында түпкі негізінде крестік(крестовый) басушылық идеясы кірген, бірақ көне және кішірейтілген түрінде.Мұнда испандық христиандарға көмек көрсету және мавларды испандарға ығыстырылуы көрсетілген. Ролланд туралы ән мазмұны тек халықтық религиоздық идеямен ғана келтірілмейді. Мұнда 10-11 ғасыр феодалізіміне тән сауалдық-саяси қарама-қайшылықтар көрсетілген, француз армиясы ұятқа қалмай керісінше үлкен даңққа ие болды. Ролланд бұл поэмада- батыр, ол ұшін Франциядан басқа ешнәрсе жоқ. Бұл көрініс оны халық батыры, әрі адамға жақын деп көрсетеді. XII-XIII ғ. неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы - «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда Vғ. Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары- уақиғаның негізгі арқауы болған. Алайда, жалтырыған рыцарлық өмір суреттері - жырдың тек «сыртқы келбеті» ғана, жырдың «пердесінің» артында аянышты оқиғалар да кездеседі. «Нибелунгтар туралы жырды» жақсы түсіну үшін шығарма сюжетін сол кездегі уақыт деңгейінде қабылдау қажет. Әр эпизодтар арасында көп уақыт өткеніне қарамай, жырдағы оқиғалар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да дами бастады. Германияда лирикалық поэзияның окілдері саналған миннезинглер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық (сарай манындағы) поэзия» - француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды.
Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйтісіне жан - тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп - қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары- Бертран де Борн, Джауфре Рюдель және т.б. болды.XII-XIII ғ.француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі «ваганттар поэзиясы» болды.Ваганттар деп (латынша «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған.Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі- вагант ақындардың католик шеркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық іс- әрекетін әділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжұзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады. Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын - сүргіне ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясынын аса құнды шығармаларының бірі болып саналады. XIII ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робинн Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежұзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы- ағылшын әдебиетінің бет- бейнесін айқын аңғартады.Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар,соннеттер басым болып келеді.XII ғ. ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатты дәріптейтін соны бағыт- «жаңа әдемілік стиль» пайда болады.Бұл стильдің негізін салушы- болондық ақын Гвидо Гвиницелли болды.Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады.Оның көрнекті өкілдері- Чекко Анджольери,Гвидо Орланди және т.б. Олардың шығармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті түрмыс- тіршілігі реалистік түрғыдан көрініс тапты.Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.

Бақылау сұрақтары:

1. Санскрит әдебиетінің дәстүрлі жанрларындағы көрнекті шығармаларды ата.

2. Ежелгі ауызша араб поэзиясына нелер жатады?

3. Ежелгі арабтардың сөз өнері дегеніміз не?

4.«Құран» кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көркем шығармаларға қандай шығармалар жатады?

5. Орта ғасырдағы араб әдебиеті дегеніміз не?

6.Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы қандай аңыз-әңгімелер білесің?

7.Орта ғасырлардағы мәдениеттің қалыптасуы пен дамуындағы халықтық шығармашылықтың маңызы неде?

8.Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы қандай?

9. Кельттік (ирландық) эпос дегеніміз не?

10.«Үлкен Эдда» және «кіші Эдда»-да халықтық мифология мен поэзияның білімдік түпнұсқасы қалай көрінеді.

11. Орта ғасырдағы батырлық эпостарға қандай шығармалар жатады?

12. Орта ғасырдағы қалалық әдебиетке нелер жатады?

13. Орта ғасырлық драма қалай дамыды?

14. Рыцарлық куртуаздық әдебиет дегеніміз не?

15.Орта ғасырдағы эпостық шығармалардың, рыцорлық, куртуаздық әдебиеттердің негізгі тақырыптары не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987

2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985

4. Старшая Эдда. Древнеисландские песен о богах и героях. М. –Л. 1963

5. Беовульф. Песнь о Нибелунгах. М., 1975

6. Песнь о Ролланде. М., 1958

7. Поэзия трубадоров. М., 1979

8. Легенда о Тристане и Изольде. М., 1976

9. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

№ 6 Лекция

Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Итальян әдебиеті. Неміс әдебиеті

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Қайта өрлеу дәуірінің әдебиетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.

2.Итальян әдебиеті. Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиеті (Транчето).

3.Қайта өрлеу ренессанстық мәдениеттің әдебиетке ықпалы. Ф. Петрарканың өмірі мен шығармашылығы. Дж. Боккачоның өмірі, шығармашылығы.

4.Толысқан қайта өрлеудің әдебиеті. (Кватро-чанто), Ренессанстық дәуірдің кейінгі кезіндегі әдебиет (Чинквекенто)

5.Италияның ренессанстық драматургия мен театрының ролі.

6.Қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі неміс әдебиеті, оның өзіндік ерекшеліктері, қайта өрлеу дәуірі әдебиетіндегі неміс әдебиетінінің ірі өкілдері, олардың шығармашылығы

Қайта жаңғырту мәдениеті (Ренесанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – ХІVғ. аяғында ХVғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталы, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Европаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерландия, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Қайта жаңғырту дәуіріндегі мәдениет негізінен феодалдық идеалогияға қарсы шығудың басы болды. Бұл дәуірдің мәдени қайраткерлері, жаңа, жоғарғы интелегенция өкілдері теологияға, схоластикаға, аскетизмге, мистикаға, феодализм салтына бағынған әдебиет пен өнерге қарсы жанама күрес жүргізді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Европа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)