|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе 1 страницаШетел әдебиетін оқып-үпрену - Қазакртан Республикасыиың "Мәдгни мүра" мемлекеттік баідарламасының да басты мүрағаттарының бірі. Сондыкцшн, баідарламада адамзат тарихы дамуынъщ біздің жыл санауъшызга дейіпгі антикалык, мөдениетінен бастап, крзіргі заманымызт дейінгі әдеби-фолькаорлық мазмүнын оцып-үйрену баідарын желі етуді махрат еттік. Крзах/иаға аударылган шытрмалардың өдеби тек (эпос, лирика, драма) жанрлары жүйесшен окытылуы пегізхгі теориялық-әдістемелік негіз болып саналады. Баідарлама шемдік сөз өнері дамуының тарихын өдеби шолу және монографиялык, таіфірыптар аук&імыида ок&ітуды көздейді. Сопымен кртар, көптеген такрірыптар студенттердің өз бетімен окуына да үсынылады. Баідарламаның түтас мазмүнындагы такрірыптарды толык крмту мүмкін болмай кцлуы ыцпимал, себебі осы пән окрітылатын мамапдық бөліміндегі сабак, кестесіне сөйкес арнаулы жриыс бағдарламасы да жасалатыны мөлім. Жаңа технологиялык,-әдістемелік талаптарт сай студенттердщ өзбетімеп іздепуіне, дербес дайындыіына ерекше мән беріледі. "Шет елдер өдебиеттерінің тарііхы" пөнін охріту барысыпда пәнаралык, байланыстарға ріемі назар аударылады. Шет елдер халыкріарының әдебиетіндегі шытрташылык; мөселесінің өз елдерінің тарихымен, философиясымен, ғылымымен, көрнек өнері түрлерімеп /әуез, бейнелеу, сымбат, сәулет/ байланыстылыгы тығыз бірлікте щірастырылады. "Шет елдер өдебиеттерінің тарихы" пәніп крзак, тілінде өтуде крзіргі заманіы әдебиеттану іыльшындаш жегсе халыкріардъщ өдебиеттерін дуние жүзілік өдеби-мөдени даму аясында хррастыруды басты пазарымызт аламыз. Осы макратты жузеге асыру үшін баідарламат Крітай, Үнді, Араб, Иран, Турік елдерінің ежелгі заманғы, орша гасырлық, щзіргі заманіы әдеби-мәдени даму тарііхын хрмтитын так/ырыптар енгізіаді. Ягни, Шытыс пен Батпыс елдерінің өдебиеттерін кртар игеру мәселесін негізгі ғьиыми-теориялык, әдістемелік-практикапык, жумысы-мыздьщ нысанасына айналдырамыз. Бүл орайда, әрине, әлемдік әдебиеттапу гылымындаіы еңбектерді мол пайдалапамыз. /Крраңья: Конрад Н.И. Запад и Босток. М., 1972; Брагинский И.С. Проблемы востоковедения. М., 1974; Идеи гуманизма в литературах. Востока. М., 1967; Проблемы Лросвещения в мировой литературе. М., 1970; История всемирной литературы. В 9-ти томах, 1983-1991 гг.т.1-7/. Крзак/пъщ өдебиеттану, фольклортану, тарих, педагогика, психология ғылымдарындаіы Өл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, А.Байт^рсыновтың, М.Жриабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М.Әуез-овтің, С.Сейфуллиннщ, С.Мұкцновтың, Ә.Маргұланның, Ә.Кр-ңыратбаевтың, Б.Кенжебаевтың, З.Крбдоловтың, Х.Сүйін-шөлиевтің, Т.Кәкішевтің, Н.Ғабдулиннің, Р.Н%ртлиевтің, Ш.Сөтбаееаның, С.В&скдбасовтъщ, А.Ісімакрваның және баскрлардың әлемдік әдеби даму жвне ондағы жеке түлтлар, вдеби-фолъклорлык, байланыстар хаіфіндағы еңбектерін де пөндік сабак/пардың мамзүнына көмекшілік етеміз. Ал, Кытай, Араб, Турік, Үнді, Иран жөне тп.б. елдердің әдебиеттану, фо.\ък.\ортанх ғыіымдарындагы еңбектерді де ретінде хррай пайдаланамыз. Шығыс елдерінің әдеби-фолъклорлык, мүраларып игеру осы пәннің лекціія-гык, практикалык, сабащпарътен студенттің өз бетімен аткрратын ғьиы.чи-практикалык, ізденісті жүмыстарында жузеге асырылады. Крзіргі заманш жоғары білім алу жүйесіндегі әлемдік әдістеме та.'.аоы несиелік (кредиттік) технлогия міндеттерін орыпдау болып сансиіады. Шығыс халык^парының өдеби-фольклорлык, мүраларынъщ, Шыгыс пен Батыс әдебиеттерінің, оның ішінде жеке халыкріар мүраларыныц дербес улгптых сипаттарын, өзара байланыстарын охіып-үйренуде мәдениеттердің ай.чаізпык тектестік, поэтикалык; үндестік жаіупарына назар аударамыз, Батыс Еурошның аіфш-жазушъиарының, грек, іфітай, араб саяхташьшрының әр тсырларда өздерінің шыгармашылык, жүмыстары арқылы алыс ыдер арасында дәнекер болтндығы лі&лтм. Мысалы, Геродоттьщ "Тарихы", Ибн-Фадланның "Еділге саяхат" жазбалары, Марко Поло, Рубрук жазбалары, Волыпердің ориенталистік трагедиялары, Монтескьенің "Парсылык; хаттары" мен философиялык, повестері, Гетенің "Батыстық-шығыстық дтапына", теориялык, пайымдауларына араб ертегыерін пайдалануы жөне т.б. материалдар хрсымша оқытылады. Пәнді окріту барсында тәуелсіз Крзак, мемлекетінің ежелгі дәуірлерден бүгінгі крідерге дейін дамуы үзілмегеп әдеби-фольклорлых; мүраларының күрамындаіы араб, парсы-ирап, үнді халыкріарынан ауысып, төл шытрмамыз болып кеткендеріне де тиісті дәрежеде назар аударылады. Аударма өнері - әлем халык/парыныи, әдебиеттерін жаіфшдастыратын шыгармашылых, дәнекер. Багдарламада әлем едебиетінің ежелгі замандардан бядің тасыръшызіа дейінгі шыгармалар хррынан щаак, тіліне аударьшғандарының біразы көрсетіледі. Деггнмен, қамтылмай к/ытндарын оідытушыньщ өзінің де крса үсынып отыртны абзал. "Шет елдер әдебиеттерінің тарихы" пәиін оіоитут арналтн бүл багдарлама дүішежүзі хшіыкріары мүраларының к/ізак, мәдениетінщ дамуына игі ык/нмы болуын көздейді. Үлттьщ рухани хүндылыхріарымызды тереңдете меңгеру үшін влем халык/паріиның свз өнері шыгармаларын салыстыру, шыгармашылык, гылыми Ъденістерге сабакщастыру мүраттары игеріледі. № 1 Лекция Тақырыбы: Ежелгі дәуірдегі әдебиет. /Антикалық дәуір / Грек әдебиеті. Cабақты өту түрі: Кіріспе дәріс Жоспары: 1. Архаикалық кезең ҮІІІ ғ.-б.д.д. ҮІІғ. ортасы). 2. Антикалық әдебиет оның мәні, тарихы, хронологиялық сипаттары. 3. Мифтік шығармашылық және мифология. 4. Антикалық әдебиеттегі мифологиялық шығармалардағы көркемдік таным. 5. Гомер шығармашылығы және гомерлік мәселелер. «Одиссея» мен «Иллиада». 6. Батырлар мен құдайлар образдары. Троя цикліндегі шығармалардың аңыз жүйесіне қатысы. 7. Гесиод. Тұңғыш өмірбаян 8. Өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері. Антикалық әдебиет ежелгі Грек және Рим әдебиеті негізінде мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Бұл европа жеріндегі ең алғашқы әдебиет болып саналады. «Антик» деп аталатын Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим шығармашылығының әлем әдебиетінде алатын орны ерекше. «Антик» сөзінің түп төркіні «ежелгі», «қадым заман» мағынасын білдіретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Тұңғыш рет бұл термин ХV ғасырда итальян Өрлеуінің жаңа гуманистік мәдениеті орта ғасырлық шіркеу идеологиясымен арпалыса қалыптасып келе жатқан тұста дүниеге келді. Ертедегі гректер Балқан аралдарын, Эгей теңізінің жағалауларын, кіші Азияны мекендеген. Алғашында ежелгі римдіктер Рим төңірегіндегі аз ғана жерді кейіннен бүкіл Италияны, Жерорта теңізінің жағалауларындағы барлық елдерді, Грецияны, Европаны мекен етті. Ежелгі гректер өздерін «Эллиндер» өз елін «Эллада» деп атаған. Грек әдебиеті анығырақ айтқанда грек әдебиетінің жазба ескерткіштері б.д.д. VIIІ ғасырда Грецияда пайда болды. Оған мыңдаған жылдар бойы дамып келе жатқан бай ауыз әдебиеті негіз болды. Грек әдебиетінің бізге белгілі алғашқы әдеби жәдігерліктері Гомердің «Иллиада» мен «Одиссей» поэмалары. Бұл екі туынды – грек халқының қаншама ғасырлар дамуында қалыптасқан бай ауыз әдебиетінің желісі болып табылады. Грек әдебиетінің өркендеп шарықтаған кезі б.д.д. V ғасыр деп есептелінеді. Ол тұс грек әдебиетінің «классикалық кезеңі» деп аталады. Әйгілі трагедия жанрының негізін салушылар Эсхил, Софокл, Эврипид, комедияграф Аристофан - өздерінің өлмес туындыларын осы тұста дүниеге әкелді. Одан әрі қарай Грек әдебиеті өзінің тазалығы мен дербестігін жоғалтты. Оның себебі бұл тұста Греция Рим империясының құрамына еніп, әдебиетке сырттан келген түрлі ықпалдар өз әсерін тигізді. Ал Римдегі алғашқы әдеби ескерткіштер б.д.д. ІІІ ғасырда пайда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасыр Рим әдебиетінің нағыз гүлденген дәуірі болды. Оның тарихы біздің дәуіріміздің V ғасырында Рим империясының құлауымен аяқталды. Сонымен антик әдебиеті сонау біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдан басталып, біздің дәуіріміздегі V ғасырға дейінгі 1200 жылға созылған ұзақ уақытты қамтиды. Антикалық әдебиеттің бүкіл әлем әдебиетіне қосқан үлесіне баға жетпейді. Антик дәуірінің көркем әдебиеті, театры, философиясы мен өнері бүкіл бүгінгі заман мәдениетінің қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Антикалық әдебиет өзінің мазмұндылығымен ерекшеленді. ХV ғасырда қайта өрлеу дәуірінде итальян ойшылдары Греция мен Римнің ежелгі өнерін үлгі тұтты. Оларды баурап алған антикалық әдебиеттің өміршең күші, адам тұлғасының асылдығы мен сұлулығы, адамның шексіз қабілетіне деген кәміл сенімі еді. Сонымен өрлеу дәуірінің гуманистері де, ХVIII ғасырдағы француз революциясының көсемдері де, орыс демократтары да антикалық әдебиеттен рухтанды. Бұл әдебиет адам ойын нәрлендіретін бұлақ іспеттес, европалық әдебиеттің табан тірер тірегі болды. Ежелгі Грек, Рим әдебиетімен танысу көне дәуір тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай қазіргі заман адамын да терең эстетикалық ләззат сезіміне бөлейді. Шетел, орыс әдебиеттану ғылымында антикалық әдебиетті зерттеушілердің еңбектері жетерлік. Бұл еңбектердің ешқайсысы әзірге ана тілімізге аударылмаған. Сондықтан бұл лекциялар курсын антик әдебиетінің зерттеушілері А.А.Тахо-Годи, И.М.Тронский, И.А.Чистякова, т.б. еңбектердің (1,2,3), сонымен қатар қазақ баспасөзінде жарық көрген еңбектердің негізінде дайындадық. Қоғам тарихын кезеңдерге бөлуге сәйкес антикалық әдебиет жоғарыдағы зерттеушілердің қарастыруы бойынша мынандай негізгі кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезең классикаға дейінгі немесе архаикалық кезең деп аталады. Бұл ұзақ ғасырларды қамтитын кезеңге халықтың ауыз әдебиеті мен әйгілі Гомердің шығармашылығы енеді. Архаикалық кезең біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларды қамтиды. Бірнеше ғасырдың аумағын қамтитын халық творчествосы осы кезеңнің жемісі болып табылады. Бізге бұл шығармалар түгелдей жеткен жоқ. Бізге белгілісі, тек Гомердің туындылары деп есептелетін екі үлкен эпостық поэмалар «Иллиада», «Одиссей». Бұл ұлы екі поэма тек грек әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің інжу – маржаны мақтанышы болып табылады. Екінші кезең грек әдебиетінің шарықтау шегіне жеткен тұсы. Классикалық кезең деп аталады. Жеке шығармашылық өкілдерінің көрінуіне байланысты бұл тұста лирика, драма, прозалық шығармашылық, пәлсапалық шығармалар, шешендік өнер дамыды. Бұл тұстың ірі өкілдері Эсхил, Софокл, Эврипид, Аристофан, Демосфен, Сократ, Геродоттың туындыларын атауға болады. Классикалық немесе Аттикалық кезең V-VI ғасырлардың аралығын қамтиды. Үшінші кезең Эллинистикалық кезең (б.д.д. ІІІ-І ғасыр аралығы). Эллинизм заманы – Жерорта теңізінің шығысындағы елдер тарихының б.д.д. 334 жылдан 30 жылға дейінгі Александр Македонский жорықтарынан бастап, римдіктер Египетті жаулап алғанға дейінгі кезеңнің шартты атауы. Эллинистикалық деп аталатын антикалық әдебиеттің бұл үшінші кезеңі антикалық құлиеленушіліктің жаңа сатысында ірі құлиеленушілік кезеңде пайда болды. Антикалық әдебиеттің бұл кезеңіне Рим империясының билігі кезеңіндегі Рим әдебиеті де жатады. Сондықтан оны кейде Эллинистикалық-римдік кезең деп те атайды. Грек әдебиеті мифология мен аса бай халық ауыз әдебиеті негізінде дамыды. Мифология гректер қауымдастық-туыстық тап болып өмір сүре бастаған кезде б.д.д. VIII ғасырда пайда болды. Оларға мынау кең әлем отбасылары бар үлкен қауымдастық-туыстық тап секілді көрінетін. Сондықтан ежелгі гректер өздерін қоршаған табиғатты да жанды нәрсеге теңейтін. Ол алғашқы қауым адамының тарих басталуында туған аңғал ұғымынан шықты. Эллиндер ежелгі дүниенің басқа халықтары сияқты табиғаттың түсініксіз де қаһарлы құбылыстарының сырын білуге құмартып, адам өмірін басқаратын тылсым күштерді танығысы келді. Ежелгі гректердің поэтикалық фантазиясы дүниеге ертегілік мақұлықтарды тудырды. Грек мифологиясы дамудың ұзақ жолынан өтті. Оның алғашқы кезеңі (матриархаттық дәуірде) өзінің стихилылығы, дөрекілігімен де сипатталды. Олар өзендерде – су перілері, ағаштар мен тоғайлар арасындағы – албастылар, тауларда – ореадалар, теңіздерде – нерейдалар мен океаниадалар тіршілік етеді деп есептеді. Теке тірсек сатирлар мен долы кентаврлар, жартылай адам, жартылай жылқылар табиғаттың тағы келбетін бейнеледі. Олар табиғат көріністерін өздерінің аса бай сезімталдығының арқасында түрлі фантастикалық ғажайыптар тәрізді көркем кейіпкер негізінде көре білді. Сонымен қатар бұл мифтерде өздері армандаған қиял-ойлары жатты. Олар күллі әлемді Олимп тауы шыңын мекендеген дана әрі мәңгілік құдайлар билейді деп ұқты. Олардың біртұтас отбасының басшысы Зевс деп білді. Эллин дініне тән құдайларды адам бейнесінде ұғу, оларды адамға жақындатып, адам қолы жетерліктей жағдайға келтірді. Адам сұлулығы асқан кемелдіктің өлшемі деген түсінікті орнықтырды. Сөйтіп, табиғаттың адамға бағынбайтын, құдіретті құдайға айналдырған күші адам ақылы мен қиялына түсініктірек болды. Грек халқы құдайлар мен қаһармандар өмірі туралы әдемі хикаялар шығарды. Халықтың ауызекі шығармашылығының осы өзгеше түрі миф деп аталды. Мұнда сонау өткен замандар туралы естеліктер ақындық қиял тас түйсік ұштасқан жекелеген мифтерден дүние мен адам баласының пайда болуы жайлы аңыздар құралды. Грек мифтеріндегі құдайлар бірден адам тектес түрге ене қоймады. Адам бейнесіне олар бірте бірте, қоғамның экономикалық және мәдени дамуына байланысты енді. Ежелгі матриархат тұсында, адамдар табиғат сырларына әлі қаныға қоймаған кезеңде табиғат құбылыстарына төтеп бере алмаған олар құдайларды Цербер, Химера, Медуза, Ехидна, Сфинкс, Лернейлік, Гидра секілді елестетті. Мысалы Химера арыстан ешкі, айдаһардың бейнелеріне ұқсас үш басты аузынан от шашып айналасына ажал құштырған мақұлық болса, Сфинкс кеудесі мен басы әйелге ұқсас басқа жағы қанатты арыстан тектес құбыжық бейнесінде берілді. Ал Медузаның шаштарының орнына құжынаған жыландар басып, ол қараған кезде жаны бардың барлығы тасқа айналып отырған. Батпақта тоғыз басты Гидра өмір сүрген. Цербер - өлілер патшалығын күзетуші ит. Бұл мақұлық кейпіндегі құдайлар жоғарыда айтып өткеніміздей матриархаттық кезеңнің жемісі болып табылады. Мысалы Ехидна мен Химмера әйел тектес – құбыжықтар. Ал енді патриархат дәуірінде үлкенді-кішілі тайпалар бірігіп, іріленген тұста, адамзат табиғаттан күшті екенін сезе бастады. Бұл кезде қауымдастықтың басында әйел - ана емес, ержүрек жауынгер ерке тұрды. Ол антропоморфтік түсінікке жетектейтін құдайлар жөнініде биік бейнелі образдар жүйесін жасайды. Матриархаттан патриархатқа өту кезеңіндегі мифологияны классикалық мифология деп атайды. Классикалық мифологияда үйлесімділік пен дүниені әсемдік тұрғыдан танудың негізі жатыр. Бұл мифтердің көсемдері сұлу әрі намысшыл өздерін мәңгі өлмес құдайлардың ұрпағына балап, жердегі сұлу әйелдермен көңіл жарастырып, құбыжықтарды жойып, жерде тәртіп орнатып, ұрпақ өрбіті. Осы кезеңнің әдебиетінде көне дәуір мен соңғы дәуір құдайларының қақтағысы, жер бетіндегі құбыжықтардың жойылуы жөніндегі аңыздар дүниеге келді. Енді ұсақ құдайлар мен құбжықтардың орнын құдайлардың құдайы Зевс басып, ол аспан мен кеңістікті түгел биледі. Бұл кезде көп құдайлардың бәрі «адам атаулының және құдай біткеннің әкесі» Зевске бағынды. Зевстің өзі құбыжықтар мен титандар, циклоптармен күресіп, жеңіске жетеді. Бұл Гесиодтың «Теогония» еңбегінде және Аполлондра мен Клавдиананың жазбаларында нақты көрініс табады. Құдайлардың тұрақты орны деп гректер Фессалиядағы Олимп тауы деп есептеді. Олимп тауында 12 құдай өмір сүрді. Олар: Зевс, Гера, Посейдон, Демитра, Гестия, Аполлон, Артемида, Арес, Афродита, Гермес, Афина Паллада, Гефест. Олимп тауын мекендеген құдайлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарды. Мысалы Афина-Паллада – соғыс өнер, қалалар мен елдерді қорғау құдайы, Гермес – сауда құдайы, Афродита – ғашықтық пен сұлулық құдайы. Зевс – барлық құдайлар мен адамдардың ең мәртебелі патша құдайы Алып Крон мен Реядан туған. Әкесінің үстемдігін құлатып, бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашында Зевс аспан әлемінің әміршісі деп есептелінсе, кейіннен гректер оған қоғам тіршілігінің билігін де береді. Олимп тауы Зевстің тұрақты мекеніне айналды. Зевстен Аполлон, Артемида, Афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона құдайларымен қатар батырлар Геракл, Персей т.б. тарайды Зевс жер бетінде жақсылық пен жамандықты реттеп отырды. Найзағай Зевстің атрибуты болып саналады. Гера Зевстің қарындасы және әйелі, жұбайлық өмірдің символы іспеттес. Ол некеге қамқорлық жасап, отбасының пәктігі мен беріктігін қорғап отыратын құдайлардың падишасы. Гера көздің жауын алғандай керемет сұлу, оның көздерінен билік пен парасатты ұлылықтың ұшқыны шашып тұрады. Гераның құдіретімен билік теңдестіре алатын бір де бір әйел құдай жоқ. Гера сонымен қатар кейбір мифологияларда өктем, мейірімсіз және қызғаншақ мінездерімен де көрінеді. Посейдон мифологияда Крон мен Реяның баласы, Зевстің ағасы, көрнекті олимпиялық құдайлардың бірі, теңіздер әміршісі. Теңіз толқындары оның қаһарлы үш ашалы аса таяғына қалт етпей бағынады. Сонымен қатар Посейдон салт аттылар мен екі аяқты арбамен жарысушылардың жебеушісі болып есептеледі. Ежелгі Рим мифологиясында Посейдон Нептунмен пара-пар. Гефест – от құдайы, ұсталық қамқоршысы. Зевс пен Гераның баласы, мифологияда Гефестің ұстаханасы жанартауды жерлерде (Леленос аралында) Сицилиядағы Этно түбінде болған. Гермес – мал шаруашылығы, сауда және табыс құдайы, олимп құдайларының хабаршысы, жолаушылар қамқоршысы Гермес Римдіктерде Меркуримен пара-пар. Деметра – жер, құнарлылық, және егіншілік тәңірісі. Кронның қызы, Зевстің қарындасы. Римтіктер өсімдік тәңірісі деп Церрарға қалай табынса, гректер де Деметраға солай табынған. Архаикалық мифология фессалға, олимпіл дейінгі матриархаттық дәуірді қамтиды. Қоғамдық ой сананың дамуына байланысты мифологиялар танымның өсуіне қарай ежелгі грек мифологиясы мынандай кезеңдерге бөлінеді. 1. фетишизм 2. Анимизм 3. Ертедегі классика 4. Соңғы героизм 5. Мифологияны жоққа шығарушылық 6. Соңғы классика және диаданс. Мифтер айналаны қоршаған болмыс сырын ұғып, тәжірибесін молайту, бүкіл табиғат көріністері мен халық тарихына сындарлы сипат, нысаналы бағыт беру жолындағы тұңғыш талпыныс болды, мифтердің орасан зор маңызы ұшан теңіз байлығында. Грек әдебиетінің алғашқы әдеби ескерткіштері Гомердің «Иллиада» және «Одиссея» поэмалары болып есептелінеді. Дегенмен осы көлемді екі шығарманың поэтикалық өрнегі Гомерге дейін де әдеби үлгілердің болғанын айғақтайды. Гомердің поэмасының өзінен-ақ бұл белгілер айқын аңғарылады. Себебі Гомердің поэмасында тек троялық мифологияның кейбір оқиғалары суреттелсе, Троя соғысының шығу себептері жайлы әдеби ескерткіштердің болуы әбден заңды деп антика әдебиетін зерттеушілер есептейді. Сонымен қатар барлық халықтар әдебиетінде болатын фольклорлық шығармалар еңбек, шаруа, тұрмыс, салт жырлары да грек әдебиетінде де мол мұраны құрады. Гомерге дейінгі кейбір ақындар мен әншілердің аты да бізге жетті. Мысалы: Орфей, Лина Мусей, Эвмополла т.б. Бұл жартылай аңыз күйінде жеткен ақындар мен әншілерді халық жады Гомермен қатар салыстыра отырып, оларды муза мен өнердің жебеушісі деп есептеген. Діни және тұрмыстық өмірді бейнелейтін поэтикалық формалар Гомер шығармашылығында көптеп кездесеті. Олар – френетикалық, гипорхемалық, софранистикалық және энкомикалық жыр үлгілер і. Ежелгі грек фольклорындағы бұл лирикалық формадағы жыр үлгілері мынандай түрлерге бөлінеді: Пеан – Апполон құдайдың құрметіне арналған гимн. Гомердің «Иллиада» поэмасында құдайларға арналған гимндердің ішінде осы лириканың түрі берілген. Френос (Грек. жоқтау) - лириканың бұл түрі де Гомер шығармашылығында кездеседі. Онда Гектордың мәйіті басында орындалады. Гипорхема – биге машықталған ырғақты әндер. Софронистикалық жыр (грек. сендіру) - әдептілікке үндейтін жыр үлгісі. Бұл да Гомердің туындысында Агамемнонның Троя шайқасына кетер кезінде әйелі Клитемнестраға байланысты оқиғаларында кездеседі. Энкалии – ержүрек жігіттерге арналған мадақ өлеңдер. Гиленей тұрмыс құру, үйлену салтына байланысты әндер. Еңбек жырлары – бұл жырлар Гомер поэзиясында кездеспейді. Одан кейінгі әдебиет үлгілеріндегі Аристофанның «Бейбітшілік» (512-519) комедиясынан кездестіреміз. Ежелгі аңыздар мен хикаялардың негізінде үлкен эпикалық поэмалар да туды. Олардың ішіндегі ең әйгілісі одақтас көсемдердің Трояға қарсы соғысын бейнелейтін циклді шығармалар болды. Бұл оқиға негізін жырлаған ақындар көп болған. Дегенмен бізге белгілісі Гомердің туындылары деп есептелетін «Иллиада» және «Одиссея» поэмалары. Антик әдебиетін зерттеушілер бұл поэма б.д.д. І мыңжылдықта Ежелгі Грециядағы Ионида туылған деп есептейді. Соқыр жырау Гомер «Иллиада» мен «Одиссея» поэмаларының авторы деп есептелінгенімен оның өмір сүрген кезеңі мен туған жері туралы ешқандай мәліметтер сақталмаған. Тіпті оның есімінің өзі лақап есім болса керек деген пікірлер де болған. Себебі «Гомер» сөзі кейбір диалектілерде «соқыр» деген де мағынаны білдіреді екен. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.) |