|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жоспары
1.ХҮІІІғ итальян әдебиеті. Карло Гольдони итальяндық көрнекті жазушы-ағартушы. Карло Гоцци және оның итальян әдебиетіндегі орны. 2.ХҮІІІғ. АҚШ әдебиеті.Ф. Френо шығармашылығы – АҚШ-тың тұңғыш ұлттық ақыны. 3.ХҮІІІ ғ. Неміс әдебиеті, Лессинг Готхольд немістің ұлы ағартушысы,.Лессингтің драматургиясы. «Дауыл мен тегеурін әдебиеті»,Гете Иоган Вольфганг. «Жас Вертельдің азап шегуі» немесе неміс синтементализмі,Гете балладалары,«Фауст» – Гете шығармашылығының шыңы. 4.Шиллердің көркемдік әдісі. Шиллер Иоган Фридрих трагедиялары. «Валленштейн», «Мария Стюарт» т.б. Готхольд Эфраим Лессинг (1729-1781). Ол неміс классикалық әдебиетінің шыңы. Германияның ағарту кезеңінің күресшісі, ұлттық мәдениетіне және Европалық қоғамның ағартушысы. Оның сыншыл әдебиеті және эстетикалық еңбегі тек қана Германияда емес Европада көркемдік және философиялық дамуына, ал драматургиялық шығармалары ұлттық театрдың өрістеуіне түрткі болды. Лессинг Каменц қаласында дінге табынушылар жанұясында дүниеге келді. 1746 жылы Лессинг Лейпциг университетінің дінтану факультетіне түсті. Кейін Лессингтің театр және әдебиет өмірі Лейпцигте басталды. Лессинг сол жерде алғашқы комедиясы «Молодой ученыйды» жазды және сағнаға қойды. 1753-1755 жылдар аралығында Лессинг бірінші рет шығармаларын жинақтап шығарды. Алтыншы томында автор «Мисс Саря Сампсон» пьесасын жазып, неміс сахнасында үлкен реформатор болды. Лессингтің шығармашылық өмірінде маңызды орын алатын бітпеген трагедиясы «Самуэль Генци» (1749). Берн Республикасындағы патрицантқа қарсы революциялық қастандық туралы жазады. 50 жылдар ақырында Германияда Лессинг әдебиет және театр сыншысы деген атаққа ие болды. 1760 жылы Лессинг Берлинді тастап кетеді, ол Бреславияда прусс генералының хатшысы болып істейді. Жұмыс жеңіл болғандықтан Лессинг өзінің білімін теория және өнер тарихымен сынайды. Берлинге 5 жылдан кейін келіп, ол өзінің жинаған материалдарымен әйгілі эстетикалық трактаты «Лаокоон или о границах живописи и поэзии» жазды. Теория Лессинг үшін әрдайым өмірімен байланысты. 1767-68 жылдары Лессинг театрда кеңесші болып, арнайы апталық журнал «Гамбургская драматургия» шығарды, кейін ол өз алдына кітап болып шығады. 60 жылдардың ақыры мен 70 жылдардың басында Лессингтің драмасының ең биікке көтерілген кезеңі. Оның пьесалары неміс сахнасының дамуына алып келді. Лессинг өз кейіпкерлерін күнделікті өмірден алып, оларды өз тілдерімен сөйлеуге алып келді. «Минна фон Барнхельм или солдатская счастья» қазіргі өмірге қажет материал. Иоганн Вольфганг Гете немістің ұлы ақыны, ойшыл ғалымы Иоганн Вольфганг Гете әлем әдебиетіндегі аса ұлы тұлғалардың бірі. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс оны "Ұлы неміс" деп атаған, творчествосын өте жоғары бағалаған. Гете творчествосының идеялық, тақырыптық ауқымы өте кең. Ол екі мыңға жуық өлең, жыр, тамаша балладалар, ондаған поэмалар мен романдар, алпыстай драмалық шағырмалар, тартымды новеллалар мен өнегелі ертегі, әңгімелер және саналуан ғылыми мақалалар жазып, адамзат мәдениетінің алтын қорына асыл мұралар қалдырды. Оның тұтас творчествосы-Батыс-Шығыс мәдениетінің тоғысқан үлкен бір айдынындай. Данышпан ақын көне грек өнерінен бастап, өз заманына дейінгі аралықтағы рухани қазына, мәдени байлыққа терең бойлайды, оларды еркін, мүлде жаңаша пайдалана білді. Оның феодалдық дүниенің зұлымдық тәртіптерін батыл наразылыққа, ұлттық өркендеу мен бірлікке шақырған патриоттық сезімдерге ьолы гуманистік шығармалары ХУІІІ ғасыр екінші жартысы мен ХІХ бас кезіндегі Германиядағы қоғамдық саяси жағдайлардың негізінде туды. Иоганн Вольфганг Гете-неміс халқының ұлы ақыны және бүкіл батыс европалық асқан классиктердің бірегейі. Гетенің алуан тақырыпты, терең мағыналы туындылары ХУІІІ ғасырдың ақыры мен ХІХ ғасырдың басындағы неміс әдебиетінің ең биік шыңы және де дүниежүзілік әдебиет дамуының тамаша бір белесі болып табылады. К.Маркс пен Ф.Энгельс Гетені-асқан дана ақын деп аса жоғары бағалаған. И.В.Гете-Германияның маңындағы Франкфурт қаласында 1749 жылы 28 августта дүниеге келді. Гетенің әкесі сол қаланың әрі бай, әрі белгілі шенді қызметкері болған. Гете жас тайынан білім алуға, ғылымға зер салуға құмартады. Болашақ ұлы ақын он алты жасында Лейпцик қаласындағы университетке түсіп заң ғылымын зерттеумен шұғылданады. Студенттік және кейінгі есейген шақтарында да Гете заң, философия ғылымдарын зерттеумен қоса табиғаттану саласына да ерекше зейін қойды. Алайда табиғатынан дарынды Гете поэзияға беріле құштар болады. Гете тірлік еткен заманда, яғни ХУІІІ ғасырда Германия жүздеген ұсақ мемлекетке жіктелген бытыраңқы ел еді. Сол бөліктің бірі Веймарда Гете біраз уақыт әкімдік орындарда басты қызмет атқарды.Тіпті,министірлік дәрежеге де ие болды.Бірақ Гетенің даңқын шығарған ақындық өнері,тамаша поэзиясы. Гете өзінің даналыққа толы керемет шығармаларында ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы неміс қауымының қилы-қилы дәуір іспеттерін, дүние танымын, тарихи-әлеуметтік ой-санасын терең толғайды. Адамзат баласына дүниежүзі мәдениет салтанатына-"Фауст", "Эгмонт" жіне сондай-ақ философиялық тарихи асыл мұра жасап кеткен ұлы Гете-сайран-сауықтың жыршысы емес, ол-адам тағдыры, халық тағдырын терең толғаған ақын. Гете тірлік еткен кезең Европада қым-қиғаш қайшылықтарлдың, дүркін соғыстарлың, Напалеон жорықтарының, кейініректе-Францияның монархияға қарсы революциялық қозғалыстарының, жұмысшылардың азаттық күрестерінің асқындаған дәуірі еді. Бұл секілді саяси тартыстарды ақын Гете дәйім терең түсіне қоймады,оларға қырын қараған көзері де болды.Гете көзқарасындағы осындай қайшылықтарды дәл пайымдаған Энгельс-"солай болғандықтан Гете-кейде орасан зор ақын,кейде жұпыны,кейде ол дүниені менсінбейтін,бас имейтін тәкаппар,данышпан,кейде сақ,баршаға разы тар филистер секілді" деп,жоғары баға берген әрі қатал сынға алған. Гетенің ұзақ жылдар бойы терең толғаныспен жасаған ұлы мұрасы-адамзат тағдыры,тірлік қасіреті жолындағы ұлы трагедиясы "Жас Вертердің қасіреті"-атты прозалық шығармасында өктемдік,озбырлық ортадағы жас адамның көрген зәбір-жапасы,махаббат азабы жырланса,"Герман мен Доротея", "Рейнекелис" сияқты ғажап поэмаларда адамның адал қасиеттерімен қасіреті, "Торквато Тассо", "Эгмонт",атты трагедияда ел бастаушы тарихи адамдардың тағдырлары суреттеледі." Ген фон Берлихинген " повесінде шаруалар көтерілісін бастаушы әсері,ер адамның бейнесін жасайды. Гете туындыларының бір қатарында классицизм сарындары,кейде тарихтағы кейбір діни немесе ұлық жаны жалпы адамзатты,достықты,бұқара халықты қадірлеу,солардың тірлік өміріне,әрекетіне сүйсіну басым.Өзінің бір сөзінде ұлы ақын "Мені тақтармен патшалықтардың ойрандалуы емес,шаруа үйлерінің ертеңгіні қынжылтады-міне,нағыз трагедия осы" деп күңіренеді. Гете көтеген өлең кітаптарына беташар болған "Арнау" деген өлеңінде поэзия құдайын іздеп,дарын рухын аңсап биік шыңға өрмелеп шыққандай болады.Ақынның бұл символдық ұшқыр қиялы болса да-жыр періштесімен кездесіп,Гете поэзияның қарызын-халыққа,туыстарға қызмет ету деп өзіне мұрат тұтады. Драмалық, прозалық келелі, күрделі шығармалармен әлем әдебиетіне аса қымбат қазына қосса да Гете-алдымен ұлы ақын болып дүниеге даңқын қалдырды. Гетенің поэзиясы сан қилы.Ұлы ақын әрі лирик те, әрі философиялық және тарихты терең оймен толғаған эпикте, Гете өлеңдерінде назды махаббат лирикасы, философиялық лирика, көңіл мұңын шертетін элегия және ода, арнау жырлары мол орын алады. Жас шағынан жүрегі махаббат сезімімен тебіренген ақын, талай аруларға да ынтызарлық сездірген сері Гете ұлғайған шағына дейін ғашықтық сырларды егіле, беріле жырлады. Гетенің махаббат лирикасында талай ханымдардың, арулардың есімдері кездеседі. Гете ынтаға жыр арнағап бул сулулар ақынның тұсындағы сырластары болған. Белинда, Тереза Шарлотта сынды арулармен Гете жасырақ, немесе орта жастағы шағында сырлас болса,махаббатқа жаны берілген сабаз ақын жетпістен асқан қартаң кезінде Ульрика деген 17 жастағы қызға ғашық болып,соған арнап жырымен мұң төгеді.Сұқпаттас қыз ұлы ақынның үміт күдерін үзген шақта кәрілік жасқа қарамастан сырбаз Гете "Элегия" деген жырында қызға арнап күңірене жырлайды. Гете өзінің ақындық,даналық қағидасында адамзат баласының ынтымағын аңсаған ұлы ақын.Сол ізгі пейілмен Гете жас шағынан көне Рим,Грецияның ескілікті асы мұраларына,тарихи ұлы адамдарына ықыласпен ден қойса,Шығыс,Орта Азия асылдарыа да сондай іңкір болған."Шығыс поэзиясы аспанында жарқыраған жеті жұлдыз бар!" деп сүйсінген Гете солардың тобынан әйгілі Хафизға айрықша ізетпен бас иеді: Қайран Хафиз!қайтіп саған тең келем? Мынау неткен садырақ! Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен. Айдын жарып жарқырап. Сенің жырың кейде өзендей ағынды, Сусын берер қандырып. Ол толқындай кейде шашар жалындыреак Жүрегім жандырып. батыстың дана ақыны шығыстың шаһбаз шайырына осылай ден қояды да,"Батыс шығыс диваны" деген атпен Хафизге үндестіре керемет жырлар жазады.Фирдоуси,Низами жайында Гете бағалы пікірлер айтып мақала жазған. Гете 1786 жылы жасырын түрде Веймарды тастап Итальяға кететі,онда екі жылдан астам тұрды.Гете Итальяға кетер алдында өзінің танымал "Ифегения в твориде","Торквато Тассо","Эгмонт" шығармаларын бастап,қайта оралған соң аяқтады. "Торквато Тассо"Гете мен Тассоның өмірін түсіну арқылы өз өмірімді ұқтым" деді Гете Тассоның қайғысын жан жүрегіммен ұға біледі. Тассо Итальядағы гуманистік дағдарыс, реакция дәуірінде өмір сүреді. Бұл кезде билік феодалдармен шіркеуде болды. Тассоның ақылдан адасуы аңызға арқау болады.Драмаға осы аңыз арқау болады.Тассо қол жетпес нәрсеге қол созады.Сол қасиетіТассоға өлім әкеледі. Драма."Гец фон Берлиханген"1771 жылы жазылған бұл шығарма ең алғаш Гетенің мерейін үстем етті.Осы Германияғатанымал етті. Пьесадағы оқиғаХУІ ғасырдың басында болған. Пьесада сол кездегі Германияның өмірінің түрлі суреттері бейнеленеді.Пьеса көп кейіпкерлерден тұрады. Олар рыцор, епископ, император, шаруа саудагер. Шығармада Германиядағы феодальдық кньяздықтар арақатынасын көрінеді.Рыцорлардың батылдығын, жомарттығын, осы халықтың қамын ойлап,халыққа қамқор болып,халыққа пайдасын тигіздуді ойлайды. Олардың бірі-Гец фон Берлиханген. Оны"Темір қол" деп атайтын. Ол соғыста оң қолынан айрылып,оның орнына темірден қол салған. Пьеса бірнеше сюжеттік бөліктерден құралған. Оның бірі - Вейлинген және Мария бөлігі. Бұл бөліктің сюжетіне қысқаша тоқталайық: Гец жақынқайраткерлерінің бірі Веисингенді пленге отырғызады. Қарындасының да Вейсилинген ұнатып қалады. Қаындасының да Вейслинген дегенде көңілі юөлек болатын.Осы ғашықтардың ортасына түскен ұлу да,ақылды, қатыгез әйепі жайында өрбейді. Гете өзінің драмасы арқылы Германия әдебиетінде көптеген аңыздардың бетін ашты. Бұл шығармачында Гете шаруалар көтерілісін бастаушы ерлердің бейнесін сомдайды. "Эгмонт " Гете тарихи драмасы "Эгмонтты" 1775 жылы ойластырып, 1787 жылы аяқтады.Бұл драма алғаш рет 1794 ж Вейшар театрында қойылды. Ескі тарихи аңызды (Нидерландиядағы,Испандардың билігі, халықтың шетелдіктердің езгісіне қарсы күресі. Герцог Альба мен коольдің орнбасары, князь Брюсел Эгмонтың қаталдығымен змиян саясаты сөзге арқау етуі кездейсоқтық емес. ХУІІІ ғасыр 80-жылдары революция ұшқыны болып жатқан. Америкада бостандық үшін күрес болып жатқан, ал көршілес Германиямен Францияға да револютция толқыны жетпей қалмады. Пьесода гете көтеріңкі көңілмен өткір жастықты бейнелейді. Эгмонт ержүрек күрескер. Ол өмірді сүйеді, қайғыны аз ойлайды, қайғыны оңай, әзілмен шешуге ұмтылады. Гете өз оқырмандарына Эгмон жайында өмірді көңілді Эгмонтше сүйіңдер, оны көңілде де ғажап ете біліңдер"деді. "Вильгелм Мейстер"Екі томдық, "Вильгелм Мейстр" романы жеке суреттердің қалыптасуын баяндаудан басталады.Адам өмір мектебіне ақылмен және талантпен келеді. Романның геройы Вильгельм Мейстер,өнерге,әдістікке жаратылған,соған еңбек етіп, қызмет етеді. Әңгіме екі бөлімнен "оқу жылдары", "саяхат жылдары" - деп бөлінеді. Бірінші бөлімде жеке басқа қатысты мәселелер басым болса, екіншіде жалпы қоғамдік мәселелер басым келеді. Немістің данышпан ақынын кейінгі ақындар өздеріне зор өнеге тұтқа. Орыстың ұлы ақындары Пушкин мен Лерментов Гетені айырықша бағалап оның ұлы туындыларына сүйсіне ден қойған. Біздің ұлы Абай, Лермонтов арқылы неміс ақынның тамаша өлеңінен танысып, оның "Қараңғы түнде тау қалғып"-деген өлеңін қазақ тіліне аударып, оған әсем ән шығарған Гетенің әлемге әйгілі "Фауст" трагедиясы тікелей неміс тілінен қазақшаға, неміс тілінің маманы Медеубай Құрмановтың аударуымен 1969 жылы жеке кітап болып шықты. . "Фауст " трагедиясы - Гетенінің әлеуметтік қоғамдық, философиялық мәселелерді көтерген ең ірі, күрделі туындысы болып саналады. "Фауст"-ұзақ жазылған шығарма. Ақын оны жігіт шағында бастап (1770) араға жылдар салып, қайтыс боларынан жеті ай бұрын (1831) июль айында аяқтайды. Бұл трагедиянын екінші бөлімі болатын. Сонда ол өзінін әдеби хатшысы Эккерманға: " Ендігі қалған өмірімді маған берілген сыйлық деседе болады. Бұдан ары ештеңе жазамын ба, жоқ па, маған енді бәрібір", - депті. Ақын өзінін алпыс жылдай аялаған ен басты шығармасына қаншалықты мән бергені осыдан анық көрініп тұр. 70 - шы жылдардын басында "Фауст" туралы жазылды ойға алған Гете өз ойларынын кейбірі ғана жүзеге асырды да Прафауст 1787-1989 жылдарға дейін қолға алмай кетті. Италияға барған сапарында Гете бұл шығрмаға қайта оралып, "Фрагментті" 1790 жазды. Кейін досы Шиллердін кеңесімен 1797жылы ол Фаустқа қайта кірсе де Гете Прафаустты жазған кезең 70 жылдары неміс әдебиетінде "Даул және қысым" "Фрагмент" пен "1790" трагедияның бірінші бәлімін туған кезең де (1860) (Веймар классицизмі) аталған ағым туып, қалыптасқан болатын. трагедиянын екінші жартсы романтизм дәуірінде жазылды. Басқаша айтқанда "Фауст" творчестволық тарихи, кеңіреп пайымдасақ, неміс әдебиетінін жарты ғасырдан астам уақыттағы қысқаша тарихы болалады. "Фаусттың" басты проблемасы, неізгі идеясы "аспандағы прологта" айхын көрсетілген. Гете христиандық аңыздың дәстүрлі образдарын пайдаланады, бірақ оларға мүлдем басқаша гуманистік ағатушылық мазмұнын береді. Міне осы жағдайда шығарманың кейіпкерінің бірі Мефистофель пайда болады. Мефистофельмен тәңір арасында адамға кереғар екі түрлі көзқарас туындайды. Мефистофель адам "бишара, күні қараң" деп, оны "тек тамақ іздеген шегірткеге" теңейді. Аздаған ақыл адамды айуаннан алыстаталмайды, бахытқа жеткізалмайды дейді. Соған қосаул "ашсам - алақанымда, жұмсам - жұмырыңымда" деп адамды мөлде менсінбейді. Адамды бұлай бағалау - сөз жоқ, реакцияшыл идеологияға тән пікір. Ал Тәңір аузына "Талпынған жан адаспай тегі тұрмас" деген сөздер салу арқылы Гете адам адаса, көптеген қателіктерге ұрына отырып, ақырында шындыққа жетеді, еңгегінің зейнетін көреді деп, ағартушылардың гуманистік идеясына асиас пікір білдіреді, адам баласына, оның құдірет-күшіне шексіз сенетінін танытады. Осылай адам тағдыры, оның өмірдегі рөлі, алатын орны туралы талас, тартыс шығарманың негізгі сюжеттік арқауына айналады. Тәңір мен Мефистофель арасындағы бұл талас, Фауст тағдыры арқылы шешімін тапқан. Фауст нақты жеке тұлға, сонымен қатар ол бүкіл адамзат символы. өз қаһарманың қиямет қиын жолын көрсете отырып, Гете тек жеке бір адам өмірінің мәні туралы ғана емес, адамзат тағдырына қатысты жалпы өмір, бақыт, адам құдіреті жайлы мәселелерді толғайды. Осындай аса зор қоғамдық, философиялық мәселелерді қозғағанда, Фауст образын Гете тектен-теке алып отырған жоқ. Оның түсінігінде Фауст бейнесі шіркеудің тыйым салуына құлақ аспай, табиған құпиясының сырын ашуға ұмтылған керемет күш сияқты. Және де рухани, әрі тән езгісіне қарсы бағытталған қайсарлық айғағындай. Оның басынан кешірген қиял ғажайып оқиғалары арқылы адам жай күйкі пенде емес, аянышты халдегі құл емес екендігін оның ақыл-ойына, құдіретіне деген халықтың шексіз сенімін бейнелеп көрсетеді. Фауст - үлкен ғалым, тынымсыз, үздіксіз ізденуші, жаны асқақ, ақылы сергек ұлы гуманист адам. Фауст мінездемесін алғаш рет Мефистофель береді: Фаустың өмір жолы - өмір мәнін, шын мәніндегі адам бақытын іздеу жолы. Бұл жол әрұзақ, әрі қиын,шегетін азабы, күмәні мен күдігі мол, талай-талай "қыл көпірлері" бар күрес жолы. Трагедияда осының саты-сатылары, бұралаң бұрылмыстары мен қиялары, өрі мен ылдиы, биік нысанасы сипатталады. Фауст алдымен һмір мәнін ғылымнан табуға ұмтылады. Ол ғылымға өзінің бар өмірін сарп еткен жан. Зманының бар білімін меңгерсе де, қанағат таба алмайды, табиғат сырларын ашуға дәрменсіз екендігін ашына мойындайды. Лег-легімен құйылып, толқындап, тасқындап жататын Фауст ойлары оның жан дүниесіндегі аралысқан күрестен елс береді. Өз қабілетін күн сәулесі түспейтін "қаранғы інге" теңейді, ондағы кітаптарды құрт жеп, тозақ басқан. Шын мәніндегі ғылым мен өлі білімнің арасындағы айырмашылық, алшақтықты ақын Фаусты оның шәкірті Вагнермен кездестіру арқылы аша түседі. Вагнер - ғылымдағы тоғышардың типтік бейнесі. Қараңғы кабинетке қамалып, шан басқан перғаменттерді ақтарып-төңкерумен ғана отырған көңілі соқыр жан. Фаустан бір айырмашылығы ол осы тірлігіне өзі әбден риза. Ол өмірдей мүлдем алшақ, оны өзі сезбейді, сезгісі де келмейді; халық өмірін білмейді, білуге де ұмтылмайды. Фауст болса мүлде басқаша, ол көңілсіз күңгірт кабинеттен, қапырық, ауасы тар ортадан еркіндікке, кел әлемге шығуға ұмтылады. Әзірше оның ғылымы халыққа жәрдем беруге дәрменсіз екендігін Фауст түсінеді. Ол нағыз ғылым мәнін ұпайды,демек Фаустың талпыныстарына әресі жетпейді.Ол кезде немістің идеалистік философиясының-Кант,Фихте,Шеллинг,Гоголь-дәуірлеп тұрған кезеңі еді. Ағартушы Фауст туған халқына пайдасын тигізу үшін,білім беру мақсатымен "Інжілді"аударуды армандайды (ол кезде бүл кітап оқулық орнына жүретін.) Осынау қарапайым халық арсынан шыққан бейкүнә,таза,әділ,нәзік қыз Фауст жүрегін ыстық сезімге бөлеп,баурап алады.адамның тағдыры үшін жауапкершілік сезімін оятып,Маргаританың діни және феодалдық дәстүрлердің құрбаны ретінде мерт болуы князьдар билеп-төстеген Германиядағы әділетсіздіктің, зұлымдықтың бет пердесін ашады;сатқындық пен озбырлық жайлаған феодалдық қоғамда бақытқа жету мүмкін емес екендігін айқын танытады. "Фауст" әлемдік мәдениеттің аса көркем мұрасы ретінде қазір де өз мәнін жойған жоқ.Бұл шығарма да асқан гуманизмге толы,азаттық пен бақыт жарқын болашақ үшін күресіп жатқан өай халыққа болса да етене жақын,адал ниетті адам баласына түгел ортақ қазына. Гете есімі,оның дүниежүзіне әйгілі туындылары Россияда екі ғасырдан астам уақыттан бері жақсы таныс. Гетені орысша сөйлетуге В.Жуковский, Ф.Тютчев, А.Фет, А,С,Пушкин, М.Ю.Лермонтов зор үлес қосты. Гете творчествоын В.Г.Белинский, Н.Г.Ченышевский, И.С.Тургенов жоғары бағалады. Йоганн Кристоф Фридрих фон Шиллер ( 1759 жылғы қарашаның 10-ы) — неміс халқының ақыны, философы, тарихшысы және драматургы. Өмірінің соңғы жылдары (1788-1805) Шиллер сол кездің өзінде атақты және ықпалды Гетемен терең достық орнатып, бұл зор шығармашылық нәтижелерге алып келді: олар эстетика тақырыптарын талқыласып, Шиллер Гөтені бұрын бастаған, бірақ кейін аяқтамай кеткен шығармаларын аяқтауына түрткі болды. Осы арқылы қазір Ваймар классицизмі деп аталатын бір ерекше кезең басталды. Сонымен қатар ол екеуі бірге Ксениялар деп аталатын қысқа, бірақ өте уытты сатирикалық өлеңдер жинағын құрастырды. Ксенияларда Шиллер мен Гөте өздерінің эстетикалық көзқарастарына қарсы шыққандарды өткір ажуаның астына алды. Йоһанн Гутенбергтің ш. 1445 жылы жылжымалы шрифтімен кітап басуды ойлап шығарғанына қойылған ескерткіш.Шиллер Алманияның оңтүстік-шығысындағы Швабия аймағында Неккар өзенінің бойында орналасқан Марбах қаласында дүниеге келді. Әкесі — әскери дәрігер Йоһанн Каспар Шиллдер (1733-1796), анасы — Елизабет Доротеа Кодвайс (1732-1802). Отбасында он бір бала болған, солардың жалғыз ұлы — болашақ ақын. 1790 жылғы ақпанның 22-сінде Шиллер Шарлотте фон Ленгефельдке (1766-1826) үйленді. Отбасында 1793 пен 1804 жылдың арасында төрт бала дүниеге келді: ұлдары Карл мен Ернст, қыздары Луизе мен Емили. Емилидің 1947 жылы Баден-Баденде қайтыс болған немересі барон Александер фон Глейхен-Руссвурм Шиллердің соңғы ұрпағы болды.Фридрих туған кезде әкесі жетіжілдық соғыста жүрген еді. Ол әкесі соның әскерінде қызмет етіп жүрген Пруссияның патшасы ІІ-ші Фридрихтың құрметіне Фридрих деп аталды. Бірақ кейін барлығы дерлік оның есімін қысқартып, Фриц деп атап кетті.[1] Әкесі Каспар Шиллер үйге келуге мүмкіндікті сирек табатын, бұл оның анасына көп қиындық туғызатын, бірақ ол анда-санда отбасына келіп тұратын. Кейбір кездері оның әскери қосыны орналасқан жерлерге анасы балаларымен бірге де бара алатын.1763 жылы соғыс аяқталды. Шиллердің әкесі жаңа жауынгерлерді қабылдайтын қызметке орналасып, Швебиш Гмүнд қаласына жіберілді. Отбасын да ол қасына көшіріп алды, бірақ қалада пәтер жалдап тұру бағасы тым қымбат болғандықтан, олар көршілес Лорх ауылына көшуге мәжбүр болды.Лорхта Шиллердің отбасы бақытты өмір кешсе де, өзінің жұмысына әкесінің көңілі толмады. Ол жас Фридрихті кейде өзімен бірге жұмысқа апарып тұратын. Лорхта Шиллер бастауыш мектепке бара бастады, бірақ мұғалімі жалқау болып, берген білімі де онша болмады. Сондықтан Фридрих жиі сабақтан қалып отырды. Ата-анасы Шиллердің есейгенде пастор болуын армандайтын, сондықтан сол ауылдың пасторы оны латын және грек тілдеріне үйрете бастады. Ол адам жақсы ұстаз болып шықты, сол себепті көп кейін Шиллер «Қарақшылар» пьесасындағы діни қызметкерді оның атымен пастор Мозер деп атады. Шиллердің өзіне де діни қызметкер болу ұнап, кейде үстіне қара шапан жамылып алып, уағыз айтқан болатын. 1766 жылы Шиллерлер отбасы Лорхтан Лүдвигсбург қаласына көшті. Шиллердің әкесіне үш жыл бойы жалақы төленбей, отбасы жинаған қаражаттарына күн көріп жүрген болатын, бірақ енді ол да бітті. Сондықтан Каспар Шиллер Лүдвигсбург гарнизонына ауысуға өтініш жасады. Бақытты балалық шағының көбі сонда өткен Фридрих үшін бұл оңайға соқпады. Көп ұзамай Шиллерді Вүрттемберг герцогы Карл Ойген байқайды. Ол 1773 жылы Карл Ойгеннің өзі ашқан Карлсшуле әскери академиясына түсіп, сонда дәрігерлікті үйрене бастайды. Қысқа өмірінің көп бөлігінде ол басқаларды жазуға тырысып жүрген аурулардан өзі жапа шегіп жүрді.Карлсшуледе оқып жүргенде Шиллер Жан-Жак Руссо мен Йоһанн Волфганг Гөтенің шығармаларын оқып, бірге оқып жүргендермен классицизм идеяларын талқыласты. Оқып жүрген кезінде ол өзінің «Қарақшылар» деген алғашқы пьесасын жазды. Онда ақсүйек отбасына жататын екі ағайынды жігіттің оқиғасы баяндалады: үлкені Карл Мур бір топ қиқар студентті орманға ертіп әкетіп, қарақшылықпен айналыса бастайды да, кішісі Франц Мур әкесінің үлкен дәулетін айла-шарғымен қолына түсіріп алады. Пьесаның әлеуметтік әділетсіздікке бағыттаған сыны мен төңкерісшіл республикалық идеяларды қолдағаны көрермендерді қатты әсер етіп, Шиллердің атағын шығарды. Кейінірек осы пьесасы үшін Шиллерге кейін Франсуз Республикасының құрметті азаматы атағы берілді.1780 жылы ол Штутгартта полк дәрігері қызметіне орналасты, қызметі оның өзіне ұнаған жоқ. «Қарақшылардың» 1781 жылы Маннһайм қаласында өте сәтті өткен қойылымынан кейін Шиллер тұтқындалып, Карл Ойгеннің өзі оған бұдан былай шығарма жазуға тыйым салды. Шиллер 1783 жылы Штутгарттан қашып, Ляйпциг пен Дрезден арқылы 1787 жылы Ваймарға жетті. 1789 жылы ол Йенада тарих пен пәлсапа профессоры болып тағайындалды. Онда ол тек қана тарихи шығармалар жазды. Ол Ваймарға 1799 жылы қайтып оралып, Гөте оны қайтадан пьеса жаза бастауға қолқа салды. Гөте екеуі ол Ваймар театрының негізін қалап, ол Алманияның жетекші театрына айналды.Шиллер Ваймарда 45 жасында туберкулезден қайтыс болды. Бақылау сұрақтары: 1.ХҮІІІғ. итальян әдебиетінің даму бағыты қандай болды? 2. Карло Гольдони шығармашылығы жайлы не білесің? 3. Карло Гоцци және оның итальян әдебиетіндегі орны қангдай болды? 4. ХҮІІІғ. АҚШ әдебиеті өкілдері кімдер? 5. АҚШ-тың тұңғыш ұлттық ақыны кім? 6.ХҮІІІ ғ. Неміс әдебиетінің ерекшеліктерін айқында. 7.Лессинг Готхольд өнер теориясындағы еңбектері қандай? 8.Лессингтің қандай драмалық шығармалары бар? 9.«Дауыл мен тегеурін әдебиеті» дененіміз қандай әдебиет? 10. Гете Иоган Вольфганг шығармаларындағы шығыстық сарын қай шығармаларынан көрінеді? 11.Гете балладаларын қазақшалаған кім? 12.«Фауст» қандай шығарма? 13.Шиллер Иоган Фридрих шығармаларының маңыздылығы қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987 2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992 3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985 4. Старшая Эдда. Древнеисландские песен о богах и героях. М. –Л. 1963 5. Беовульф. Песнь о Нибелунгах. М., 1975 6. Песнь о Ролланде. М., 1958 7. Поэзия трубадоров. М., 1979 8. Легенда о Тристане и Изольде. М., 1976 9. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975 №12 Лекция Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті, ХІХ ғ. Батыс Европалық шетел әдебиеті. Англиядағы, Франциядағы романтизм Cабақты өту түрі: Активті Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.015 сек.) |