|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Блиц-тест. 1.Саясаттану ғылымының зерттейтіні:
1. Саясаттану ғылымының зерттейтіні: А) қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процесі; Б)адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы; В) қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы; Г) адамзат қоғамының саяси саласының жалпы заңдылықтары мен ұйымдасу принциптері және қызмет етуі; Д) қоғамдық өмірдегі адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеу. 2. Саясаттану ғылымының объектісі – бұл: А)қоғамның саяси жүйесі мен өмірі; Б) қоғамның экономикалық саласы; В) саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету және өзгеру заңдылықтары; Г) мемлекет және саяси партиялар; Д) сезім арқылы берілген объективтік шындық. 3. Саясаттану пәні – бұл: А) саясат, қоғамдық өмірдің саяси саласы; Б) қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық саласы; В) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы; Г) саяси партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар; Д) бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық. 4. Саясатты тұтастай, оның табиғатын, адам үшін маңыздылығын, тұлға, қоғам мен мемлекеттік билік арасында өзара қатынасын зерттейтін және саяси құрылыстың үлгісі мен нормативтік ұстанымын, сонымен бірге саясатты бағалаудың жалпы өлшемдерін жетілдіретін білімнің саласы: А) саяси тарих; Б) саяси философия; В) саяси география; Г) саяси антропология; Д) саяси психология. 5. Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым: А) саяси семиотика; Б) саяси әлеуметтану; В) биосаясат; Г) саяси этика; Д) саяси психология. 6. Саяси үрдістердің (процестердің) олардың кеңістік жағдайымен, аймақтық, климаттық және басқа да табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейтін саясаттанудағы бағыт: А) саяси экономия; Б) саяси антропология; В) саяси география; Г) халықаралық қатынастар теориясы; Д) геосаясат. 7. Саяси ғылымдарының Халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды? А) 1945 ж. Б) 1946 ж. В) 1949 ж. Г) 1950 ж. Д) 1951 ж. 8. Бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастағы элементтер жиынтығынан тұратын, айқын біртұтастық ретінде қоғамның саяси саласын қарастыратын саясаттанудың әдісі: А) салыстырмалы; Б) құрылымдық-функционалдық талдау; В) жүйелік; Г) тарихи; Д) әлеуметтанымдық. 9. Саясатты оқып-білуді жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс: А) бихевиористік; Б) эксперттік бағалау әдісі; В) жүйелік; Г) іскерлік ойыны; Д) әлеуметтанымдық. 10. Саясаттың қоғамға тәуелділігін, саяси құбылыстардың әлеуметтік себептерін анықтайтын саяси ғылымдар әдісі: А) метафизикалық; Б) әлеуметтанымдық; В) диалектикалық; Г) нормативтік; Д) институционалды. 11. Идеалды саяси құрылымды жасауға және оны іс жүзіне асыруға бағытталған саясаттану әдісі: А) тарихи; Б) антропологиялық; В) позитивтік; Г) нормативті-құндылықты; Д) мәдениеттанымдық. 12. Саяси үрдістерді дамытудың тілек-қалау түріндегі және іс-жүзінде мүмкін нұсқаларын қарастырып, қалыптастыруға бағытталған саясаттанудың қызметі (функциясы): А) методологиялық; Б) болжамдық; В) аксиологиялық; Г) реттеушілік; Д) дүниетанымдық. 13. Саяси институттарға, құрылыстарға, мінез-құлықтарға, оқиғаларға баға беретін саясаттанудың қызметі (функция): А) тәрбиелік; Б) болжамдық; В) аксиологиялық; Г) басқарушылық; Д) теориялық-танымдық. 14. Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі: А) методологиялық; Б) талдаушылық; В) дүниетанымдық; Г) реттеушілік; Д) идеологиялық. 15. Саясат туралы, оның қоғамдағы рөлі туралы білімдерді қалыптастыратын және толықтыратын саяси ғылымның қызметі: А) әлеуметтік-сыншылдық; Б) теориялық-танымдық; В) басқарушылық; Г) реттеушілік; Д) тәрбиелік.
5) Бақылау сұрақтары 1. Саясат деген не және ол қашан пайда болды? 2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма? 3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай? 4. Саясаттың қызметтеріне не жатады? 5. Саясат пен моральдың ерекшеліктері неде? 6. Теориялық және қолданбалық саясаттанудың ара қатынасы қандай? 7. Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай? 8. Тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруды, оның демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруге саясаттанудың әсері қандай? Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.) |