АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Глоссарий

Читайте также:
  1. V. глоссарий
  2. Глоссарий
  3. ГЛОССАРИЙ
  4. ГЛОССАРИЙ
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ
  8. Глоссарий
  9. Глоссарий
  10. Глоссарий
  11. Глоссарий
  12. ГЛОССАРИЙ
р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
  Ассимиляция бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
  Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
  Деидеологизация идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылым жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластауға тырысушылық. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р.Арон, Д.Белл, Т.Парсонс Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.
  Догматизм нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі.
  Саяси мәдениет өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық сапаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
  Саяси сана адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
  Жаңаша саяси ойлау КСРО мен СОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар мен құндылықтарлы басшылыққы алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп болғандар: 1) ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында әскери қақтығыстың болмау керектігін түсіну; 2) ғаламдық мәселелердің маңызды орын алуы және т.б.
  Идеал саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғарғы саяси арман-мұраты.
  Идеология белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
  Либерализм 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2)бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Саяси мәдениеттің негізгі элементтері мен құрылымы.

2. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену.

3. Қазақстандағы саяси мәдениет.

4. Идеология және саясат.

5. Идеология мен қоғамдық мүдде.

6. Саяси идеологияның жіктелуі мен өлшемі.

7. Саяси сананың саяси жүйеде ролі.

8. Саяси сананың қалыптасуында идеологияның ролі.

9. Қазақстандағы саяси сана мен саяси бағдар.

 

9) Әдебиеттер

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.

2. Алмонд Г. Гражданская культура.// Антология мировой политической мысли.Т.2.-М.,1997

3.Гаджиев К.С. Политическая культура: концептуальный аспект. – Полис,1991,№6.

4. Житенев В.А. Политическая культура: опыт формирования и проблемы. М.,1990

5. Политическая культура: теория и национальные модели.// Под ред. К.С.Гаджиева. М.,1996

6. Политическая культура населения Казахстана. Сб.ст.- Алматы,2001

7. Политическая культура и политическая социализация. М.,2001

 

 

1) №12 Сабақ

Тақырып Саяси элита және саяси көшбасшылық

2) Сабақ мақсаты: Саяси элита түсінігі, қоғамның саяси өмірінде оның рөлі мен орнына тоқталу. Саяси элитаның, саяси құқықтың қызметтері және оның жіктелуіне түсінік беру. Саяси лидер табиғаты, мәні, түрлерін кең ауқымда талқылау.

3) Семинар жоспары:

1. Саяси элита ұғымы және оның аңықтамасы.

2. «Олигархиялық тенденциялардың темірдей заңы».

3. Элита және бюрократия. Саяси жүйе өмір сүруіндегі бюрократияның рөлі.

4. Саяси көшбасшылық пен көшбасшылар типологиясы.

5. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)