АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Блиц-тест. 1. Халықаралық қатынастар – бұл:

Читайте также:
  1. Блиц-тест
  2. Блиц-тест
  3. Блиц-тест
  4. Блиц-тест
  5. Блиц-тест
  6. Блиц-тест
  7. Блиц-тест
  8. Блиц-тест
  9. Блиц-тест
  10. Блиц-тест

1. Халықаралық қатынастар – бұл:

А) халықаралық деңгейде мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат;

Б) саясаттағы адамдар, халықтар арасында жүзеге асатын байланыстар;

В) халықтардың өзара әрекеттесу формалары мен қатынастарының жиынтығы;

Г) ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қатынастардың түрі;

Д) қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету тәсілі.

2. Сыртқы саясат – бұл:

А) халықаралық аренада мемлекеттер мен халықтар арасында өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат;

Б) саясатта адамдар арасында жүзеге асатын байланыстар;

В) халықтардың өзара әрекет формалары мен қатынастарының жиынтығы;

Г) ұлтаралық және мемелкетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қатынастардың түрі;

Д) қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі.

3. Халықаралық саясат – бұл:

А) мемлекеттер мен халықтардың халықаралық аренадағы өзара қарым-қатынастарын реттейтін саясат;

Б) әлемдік деңгейде мемлекеттік және топтық мүдделерді жүзеге асыру үшін іс-әрекетті және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін саясат;

В) халықтардың өзара әрекеттестік формалары мен қарым-қатынастар жиынтығы;

Г) ұлтаралық және мемлекетаралық қатынас саласындағы қоғамдық қатынастар түрі;

Д) қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі.

4. Халықаралық қатынастардың маркстік типологиясының негізінде мыналар жатыр:

А) хронологиялық жағынан 3 типке бөлу (антикалық, орта ғасырлық; саяси тепе-теңдік; ұлттық принцип және құқық үстемдігі);

Б) «әлемдік державаның» ықпалының басымдығы;

В) формациялық және таптық өлшемдер;

Г) төрт «ұлы державалар» үстемдігінің 5 кезеңі (Португалия, Нидерландия, Ұлыбритания, АҚШ);

Д) екі негізгі түрі: бәсекелестік қатынас пен ынтымақтастық қатынас.

5. Батыс елдерінің тәуелсіз мемлекеттердің ісіне тек экспансионистік саясат жүргізу кезінде ғана емес, сонымен бірге адам құқы принципі мен нормаларын бұзғанда және мемлекет ішінде бейбіт тұрғындарға қару қолданған тұста араласуын көздейтін және оны ақтайтын тұжырымдама:

А) модернизация теориясы;

Б) либерализм;

В) трансұлтшылдық (транснационализм) тұжырымдамасы;

Г) конвергенция теориясы;

Д) вестернизация тұжырымдамасы.

6. Геосаясат тарихына елеулі әсерін тигізген «Хартленд» («орталық жер») тұжырымдамасының авторы:

А) Ф.Ратцель;

Б) Х.Макиндер;

В) К.Хаусхофер;

Г) Г.С.Трубецкой;

Д) Р.Челлен.

7. Негізгі субъектісі мемлекет немесе бірнеше мемлекеттер болып табылатын халықаралық қатынастарды қалыптастырудың және оның қызметінің тәсілі:

А) этатистік;

Б) позитивистік;

В) жүйелік;

Г) антиэтатистік;

Д) институционалдық.

8. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектісінің рөлін, мемлекеттік емес және тіпті саяси емес ұйымдар мен қозғалыстарға жатқызуды жақтаушылардың амалы:

А) әлеуметтанымдық;

Б) таптық;

В) нормативтік;

Г) антиэтатистік;

Д) институционалдық.

9. Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі ірі корпорациялардың рөлін көтеру қажеттілігін негіздейтін халықаралық саяси қарым-қатынастар тұжырымдамасы:

А) И.Галтунгтың әлемдік жүйе теориясы;

Б) «өміршең қоғам» теориясы;

В) халықаралық эквилибриум (тепе-теңдік) теориясы;

Г) конвергенция теориясы;

Д) «күш қолдану» тұжырымдамасы

10. Саясатты үстемдік ету үшін күрес деп түсіндіретін халықаралық саясаттың тұжырымдамасы:

А) ақпараттық қоғам тұжырымдамасы;

Б) «ұлттық мүдде» тұжырымдамасы;

В) глобализация тұжырымдамасы;

Г) бейбіт өмір сүру теориясы;

Д) «күш қолдану» тұжырымдамасы.

11. Ұлттық мемлекеттің түбірлі мүдде-қажеттіліктерінің өз саяси көсемдерінің іс-әрекет қызметінде көрініс табуы:

А) ұлттық саясат;

Б) ұлттық сана;

В) ұлттық мәселе;

Г) ұлттық қауіпсіздік;

Д) ұлттық мүдде.

12. «Ұлттық мүдде» тұжырымдамасының авторы:

А) У.Кларк;

Б) Ф.Фукуяма;

В) Е.Масуда;

Г) Г.Моргентау;

Д) А.Белл.

13. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіп-қатерден қорғалғандығы, мемлекеттің өз егемендігін және аймақтық тұтастығын сақтап қалу және халықаралық құқық субъектісі ретінде әрекет ету қабілеті:

А) ұлттың өзін-өзі басқаруы;

Б) ұлттық мәселе;

В) ұлттық сана-сезім;

Г) ұлттық қауіпсіздік;

Д) ұлттық мүдде.

14. Мемлекеттің ішкі саясатының оның кеңістіктегі жағдайына аса тәуелділігі мен байланысын ашып көрсететін саяси тұжырымдама:

А) пацифизм;

Б) геосаясат;

В) плюрализм (көппікірлік);

Г) протекционизм;

Д) этатизм.

15. Қазақстан Республикасы қашан БҰҰ-на мүше болып кірді?

А) 1991 ж.

Б) 1992 ж.

В) 1993 ж.

Г) 1994 ж.

Д) 1995 ж.

5) Бақылау сұрақтары

1. Әлемдік саясат деген не?

2. Сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарының айырмасы қандай?

3. Сыртқы саясаттың мақсаты неде деп ойлайсыз?

4. Ұлттық мүддеге не жатады?

5. Қандай ғаламдық шешілмеген мәселслсрді білесіз?

6. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?

7. XXI ғасырдағы халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп

ойлайсыз?

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)