|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 20043. Аристотель.Политика// Аристотель. Соч.:В 4Т. – Т.4. – М.1993 4. Вебер М.Политика как призвание и профессия // Избранные произведения. – М.,1990. 5. Ильин М.В., Коваль Б.И. Что есть политика и что - наука о политике. – Полис, 1991,№4. 6. Теория политики: общие вопросы // Под ред. И.Н.Коновалова, А.В.Малько. Саратов,1994. 5. Пугачев В.П. Политология.- М.1996.лекция 4 «Политика как общественное явление».
3 – тақырып. Өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері. Сұрақтары: 1. Ежелгі Шығыстық саяси ой-ілімдер:Үндістан және Қытай. 2. Ежелгі Греция мен Римдегі саяси ой-ілімдер. 3. Орта ғасыр және Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ой-ілімдер 4. Жаңа кезеңдегі саяси ілімдер. 5. XIX-XX ғасырлардағы саяси ойлар.
Ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі ойшылдармен қарастырылған негізгі мәселелер: • мемлекеттің мәні, оның шығуы мен белгілері. • мемлекеттің жетілген және жетілмеген формалары. • мемлекет қызметтерінің шегі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері. • Құқық дегеніміз не: құдайдың құдіреті, билеушінің өкімі немесе ақыл– ойдың жетілуі. • Шындық неден тұрады. Әділетсіздікке төзуге бола ма немесе онымен күресу керек пе? • Саясат және мораль. Мемлекет қайраткері он қағиданы сақтау керек пе немесе оған барлық құқық берілген бе?
Ежелгі Шығыстағы Саяси ойлар. Мемлекет туралытүсініктің дамуына үлкен үлес қосқан Үндістан және Қытай. Ежелгі Қытайдағы саяси ойлар. Білімін тексеру тесттері:
1-тест. Биліктің патерналистік тұжырымдамасының авторы: А) Платон; Б) Аристотель; В) Конфуций; Г) Каутилья; Д) Сократ; 2-тест. Тоталитаризмнің идеялық негізін қалаушы: А) Платон; Б) Аристотель; В) Шан Ян; Г) Цицерон; Д) Вольтер 3-тест. Шығыстың ойшылы, «Мейірімді қала туралы трактат» атты еңбектің авторы: А) Ибн-Рушда; Б) Навои; В) Низами; Г) әл-Фараби; Д) Конфуций. 4-тест. Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі: А) аристократия; Б) тирания; В) олигархия; Г) полития; Д) демократия. 5-тест. Діни және ақсүйектер сферасын бөлуге келетін «екі патшалық» туралы ілімді қалыптастырған орта ғасырдағы саяси ойшыл кім? А) Томас Мюнцер; Б) Мартин Лютер; В) Ян Гус; Г) Жан Кальвин; Д) Фома Аквинский.
6-тест. Орта ғасырдағы ойшылдардың қайсысы Батыс елдерінің басым көпшілігінде қоғамдық-саяси өмірдің ерекше сипаты болып табылатын протестанттық этиканы даралықпен (индивидуалдықпен) үйлестірудің негізін қалаған? А) Жан Кальвин; Б) Гуго Гроций; В) Иеремия Бентам; Г) Аврелий Августин; Д) Фома Аквинский. 7-тест. Жер бетінің мәселелеріне белсенді араласу қай діннің теориялық принципіне жатады? А) христиандық; Б) ислам; В) индуизм; Г) иудаизм; Д) буддизм. 8-тест. Саясат туралы ілімнің негізін салушы: a) Каутилья; b) Аристотель; c) Сюн-Цзы; d) Мо-Цзы; e) Лао-Цзы. 9-тест. «Мақсат тәсілді ақтайды» деген формула түрінде көрсетілген имморализмдік саясаттың аталуы: А) макиавелизм; Б) бонапартизм; В) волюнтаризм; Г) ұлтшылдық; Д) сепаратизм. 10-тест. Утопиялық социализм теориясының негізін салушы: А) Т.Кампанелла; Б) Т.Мор; В) Ж.-Ж. Руссо; Г) А.Радищев; Д) О.Конт.
11-тест. Егемендік тұжырымдамасының авторы, абсолютизм идеологы: А) Д.Локк; Б) Т.Гоббс; В) Ж.Боден; Г) Э.Бёрк; Д) М.Вебер. 12-тест. ХІХ ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы: А) А.Құнанбаев; Б) Ы.Алтынсарин; В) Ш.Уәлиханов; Г) Шортамбай; Д) Ш.Құдайбердиев. 13-тест. Либерализм идеологиясының негізін салушы: А) Г.Спенсер; Б) Ж.Боден; В) Г.Тард; Г) Д.Локк; Д) Э.Гидденс. 14-тест. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы: А) Д.Локк; Б) Э.Дюркгейм; В) Ш.Монтеське; Г) К.Маркс; Д) Э.Бёрк. 15-тест. Қазақ ойшылы, «Түркістан Кеңестер билігінің қол астында (пролетариат диктатурасының сипаттамасына)» кітабының авторы: А) А.Байтұрсынов; Б) Т.Рысқұлов; В) А.Бөкейханов; Г) М.Шоқаев; Д) М.Дулатов. Семинар сұрақтары: 1. Ертедегі және орта ғасырлардағы саяси ой. 2. XYI – XYIII ғасырлардағы саяси ой. 3. XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдағы саяси ой. 4. Қазіргі саяси ойлардың негізгі бағыттары.
Реферат тақырыптары:
1. Саяси ілімдер тарихындағы қоғамдық келісімдер мен табиғи құқықтар тұжырымдамасы. 2. Ежелгі Шығыстағы саяси көзқарастар (буддизм, конфуцизм, даосизм, легизм) 3. Исламдық ой пікірлер. 4. Орта ғасырлардағы Шығыстағы саяси көзқарастар (әл- Фараби, Низами, Әлішер Науаи). 5. Ресейдегі утопиялық социализм идеясы (Герцен, Белинский, Чернышевский, Добролюбов). 6. XIX – XX ғ.ғ. Қазақстан ойшылдарының әлеуметтік саяси көзқарастары (А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов). 7. И.Кант және Г.Гегель саяси көзқарастарының ерекшеліктері.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Азаркин Н.Н., Левченко В.Н., Мартышин О.В. История политических учений. М., 1994. 2. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004. 3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993. 4. Антология мировой политической мысли: В 5т. – М.,1997. 5.Баскин Ю. Я. Очерки по истории политических учений. Л., 1991 6.Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Николо Макиавелли. М.,1977. 7.Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко – теоретический аспект. Л., 1985. 8.Демидов А.И., Федосеев А.А. Основы политологии. М.,1995. 9.Козарев Г.И. Политология. М., 2002.
4– тақырып. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік Сұрақтары: 1.Саяси биліктің түсінігі мен мәні. 2.Саяси биліктің құрылымы мен негізгі белгілері. 3.Саяси биліктің қайнар көздері, ресурстары. 4.Саяси биліктің легитимділігі және оның түрлері.
«Билік» ұғымына анықтама беруде әртүрлі тәсілдер: • диалектикалық – материалистік: билік - бұл біреулердің екіншілерге жүргізуі, орталықтандырылған күшке бағыну • инструменталистік: билік - бұлбелгілі бір құралдарды пайдалану мұмкіндігі, мысалы күштеу, саяси күштердің шешімдері және т.б. • структуралистік: билік – бұл бағынушы мен билеушінің арасындағы қарым қатынастың ерекше түрі. • конфликтілік: билік – бұл шиеленіс жағдайында игіліктерді дұрыс бөлуді реттейтін шешім қабылдау мүмкіндігі
Билік жалпы алғанда – бұл біреулердің екіншілердің іс–әрекетіне үстемдік ету немесе құқығын жүргізу мүмкіндігі, қабылеті. Биліктің түрлері – мемлекеттік және саяси. Саяси билік – бұл бедел, құқық, күштеудің көмегімен адамдардың тәртібіне, қызметіне қандайда бір ықпал етуі, өзінің еркін жүзеге асыру мүмкіндігі мен қабілеті.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттің егемендігі жүргізілетін белгілі бір территориядағы арнайы мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылатын билік.
Биліктің белгілері: • билік еркінің үстемдігі • ерекше басқару аппаратының болуы • қоғам өмірін реттеу монополиясы • тәуелсіздігі • мәжбүрлеу құқығының болуы • легитимдігі.
Саяси биліктің құрылымы: • биліктің субъектісі • биліктің объектісі • биліктің көздері • билік ресурстары • билік функциялары.
Билік субъектілері (билік өкілеттілігін атқарушылар): • мемлекет және оның институттары • саяси элита және лидерлер • саяси партиялар.
Билік объектілері (биліктің ықпалы бағытталғандар): • тұлға • әлеуметтік топ • таптар • қоғам. Биліктің көздері: • күш • байлық • жағдай, қоғамдағы орны • ұйым • білім және ақпарат.
Билік ресурстары – субъект мақсаттарына сәйкес, билік объектісіне ықпалын қамтамасыз етуге пайдаланатын құралдардың жиынтығы.
Билік ресурстарының типтері: • Экономикалық: материалдық құндылықтар, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар. • Күштеу: қару жарақ, күштеу аппараты • Әлеуметтік: биліктің пайдаланатын әр түрлі жеңілдіктері, кадрлық саясат. • Ақпараттық: білім және ақпарат, оларды алу мен таратудың құралдары. • Саяси – құқықтық: Ата заң, заңдар, саяси партиялардың бағдарламалық құжаттары. • Демографиялық: адам басқа да ресурстарды қалыптастыратын, әмбебап ресурс. Билік функциялары: • қоғамды басқарудың стратегиясын талдау • қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдер қабылдау • қоғамдық процестерді шұғыл реттеу мен басқару • қоғам дамуының бағыттары мен тұрақтылығының маңызды параметрлеріне бақылау жасау
Саяси биліктің легитимдігі – бұл үстемдік етіп отырған биліктің заңдылықтарын халықтың мойындауы, өркениетті биліктің міндетті белгісі.
Биліктің легитимдігінің типтері: • Әдет – ғұрып – ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәстүрдің негізінде жүргізілетін билік. • Харизматикалық – жеке тұлғалардың ерекше қасиеттерінің негізінде қалыптасқан билік. • Құқықтық – демократиялық жолмен сайланатын және билік өкілдерімен әрекет ететін, заңның негізінде қалыптасқан билік. Биліктің жіктелуі: • қызмет ету саласы бойынша: саяси идеологиялық әлеуметтік экономикалық құқықтық, заңдылық, соттық рухани (діни) зайырлы • объектісі бойынша: мемлекеттік халықаралық жанұялық және т.б.
• субъектісі бойынша: парламенттік партиялық таптық қоғамдық, ұжымдық, жеке • басқару тәртібі бойынша: тоталитарлық деспоттық авторитарлық демократиялық бюрократиялық • әлеуметтік типі бойынша:
социалистік буржуазиялық феодалдық және т.б. Саяси биліктің экономикалық, әскери, отбасылық және тағы басқа биліктен ерекшелігі қандай? Қазақстандағы саяси билікті жетілдірудің жолдары қандай? Білімін тексеру тестері: 1-тест. Адам мен жануар құрылымындағы әлдебір ұқсастық арқылы билікті түсіндіретін тәсіл (амал): А) антропологиялық; Б) биологиялық; В) философиялық; Г) әлеуметтанымдық; Д) психологиялық. 2-тест. Саяси билік түсінігін барлық әлеуметтік құрылымға қолданатын билікті түсіндіру тәсілі: А) әлеуметтанымдық; Б) эволюционистік; В) қолданбалы; Г) антропологиялық; Д) мәдениеттанымдық. 3-тест. Индивидтің субъективті көзқарасы тұрғысынан билікті зерттейтін тәсіл: А) психологиялық; Б) субъективтік; В) позитивистік; Г) интеракциондық; Д) биологиялық. 4-тест. Бір топтың екінші топқа саяси ықпал етуі ретінде көрсететін «билік» ұғымының түсінік-амалы: А) объективтік; Б) эмпирикалық; В) әлеуметтанымдық; Г) онтологиялық; Д) психологиялық; 5-тест. Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы: А) телеологиялық; Б) инструменталистік; В) құрылымдық; Г) функционалдық; Д) жүйелік. 6-тест. Белгілі бір тәсілдерді, соның ішінде, өктемдікті пайдаланудың мүмкіндігі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы: А) инструменталистік; Б) технологиялық; В) талдамалық (аналитикалық); Г) теологиялық; Д) болымсыздық. 7-тест. Билік туралы аңыздармен байланысты, белгілі бір мақсаттарға жету ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы: А) шиеленіс (жанжал); Б) инструменталистік; В) бихевиористік; Г) функционалистік; Д) телеологиялық. 8-тест. Басқа субъектілердің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкіндігіне негізделген адамдардың мінез-құлқының ерекше түрі ретіндегі «билік» түсінігінің анықтамасы: А) бихевиористік; Б) рационалдық; В) либералдық; Г) теологиялық; Д) құрылымдық. 9-тест. Басқа билік түрлері үшін жоғарғы болып табылатын билік түрі: А) әскери; Б) теократиялық; В) экономикалық; Г) саяси; Д) бюрократиялық. 10-тест. Бағындырудың қандай мотиві билікті тұрақтандыра түседі? А) сендіру; Б) мүдде; В) қорқыныш; Г) сенім; Д) мәжбүр ету. 11-тест. О.Тоффлердің пікірінше, билік ресурстарының қандай түрлері қазіргі кезде әлемде ерекше маңызға ие бола бастады? А) экономикалық; Б) әлеуметтік; В) білім мен ақпарат; Г) мәжбүрлеу; Д) нормативтік. 12-тест. М.Вебердің анықтамасы бойынша, қоғамдағы саяси үстемдік – бұл: А) билікті ұйымдастыру түрі; Б) зорлық-зомбылық; В) қанау; Г) мәжбүрлеу; Д) сендіру. 13-тест. Билікке оң баға беру, оның заңдылығын, басқару деген құқын мойындау және бағынуға келісушілік: А) патернализм; Б) легитимділік; В) пацифизм; Г) нигилизм; Д) трюизм. 14-тест. «Мәңгілік кешегі күннің» авторитеті – нормалар дәстүрінен көрініс тапқан өнегелілік авторитеті ретінде үстемдіктің қай типі түсініледі? А) заңды-ресми; Б) рухани; В) харизматикалық; Г) әскери; Д) дәстүрлі. 15-тест. Сенім күшінің үстемдігін заңды бағдардың міндеті деп түсінілетін үстемдіктің түрі: А) патриархалдық; Б) биологиялық; В) заңды-ресми; Г) инструменталдық; Д) құдайшыл. Семинар сұрақтары: 1. Биліктің мәні және құрылымы, ұғымы. 2. Саяси биліктің ерекшеліктері. 3. Саяси билік легитимдігі. 4. Саяси билік және саяси патшалық.
Реферат тақырыптары: 1. Билік және мораль. 2. М.Вебердің классикалық бюрократия теориясы. 3. Биліктің марксистік және анархистік тұжырымдамасы: салыстырмалы талдау. 4. Билік және легитимдік. 5. Қазақстан Республикасындағы билік механизімінің функциясы. 6. Биліктің күштеу және күштеу емес тәсілдері. 7. Билік және ақша. 8. Билік және бедел. 9. Саяси билік және басқару элитасы. 10. Биліктің тарамдары. 11. Саяси биліктің дағдарысы және одан шығу жолдары. 12. Саяси биліктің тиімділігі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 1. Амелин В.М. Власть как общественное явление.// Социально- политические науки. 1991,№2 2. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004 3. Громыко А.Л. Политическая власть. М.,1999 4. Конституция Республики Казахстан. Алматы,1995 5. Легитимность. – Полис.1991,№6 6.Монтескье Ш. О духе законов. Избранные произведения. – М.1995 7.Назарбаев Н.А. Пять лет независимости.- Алматы,1996 8.Суворов И.П. Политическая власть.- М.,2001
5 - тақырып. Қоғамның саяси жүйесі. Сұрақтар: 1. Саяси жүйенің түсінігі. Саяси жүйенің теориясы. 2. Саяси жүйе биліктің механизмі ретінде. 3. Саяси жүйенің типтері.
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси институттар тарамдарының жиынтығы, әлеуметтік-саяси қауымдастықтар, өзара қатынастарымен қимылдарының формалары арқылы саяси билік жүзеге асады.
Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері): · институциональдық жүйеше · нормативтік жүйеше · функциональдық жүйеше · коммуникативтік жүйеше · мәдени жүйеше · идеологиялық
Қоғамның саяси жүйесінің институциональдық жүйешесі – бұл институттар жиынтығы (мекемелер, ұйымдар) саяси биліктің қызметімен байланысты. Оған кіретіндер:
· мемлекет (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары) · саяси инфрақұрылым (саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар, лоббистік топтар) · бұқаралық информациялық құралдар (көгілдір экран, радио, баспасөз) · діни мекемелер
Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі – бұл қоғамның саяси өмірін анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер және дәстүрлер. Бұған жататындар:
· заңдылық нормалар (конституция, заңдар, нормативтік актілер) · қоғамдық ұйымдар қызметінің нормалары · жазылмаған салт және дәстүрлер · этикалық - моральдық принциптер және нормалар Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим) жүргізудегі әдістері мен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің бағыттары және формаларының көрінісі.
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – саяси жүйенің ішкі өзара қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы, сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің саяси жүйесінің арасын қамтиды.
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі.
Қоғамның саяси жүйесінің идеологиялық жүйешесі – бұл қоғамның саяси өміріне қатысқан мазмұны жағынан әртүрлі саяси идеялар, көзқарастар, сезімдер, ағымдар жиынтығы.
Саяси жүйенің функциясы: · қоғам дамуының жолдарын, міндеттерін, мақсаттарын анықтау · қабылданған бағдарламамен мақсаттарды жүзеге асыруда қоғам қызметін ұйымдастыру · материалдық және рухани құндылықтарды бөлу · мемлекетпен әлеуметтік қауымдастар арасындағы әртүрлі мүдделерді келістіру · қоғамдағы адамдармен топтар тәртібіне ережелер мен заңдар жасау · саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету · қоғам мүшелерін саяси қызметке тартуда саяси саланы қалыптастыру · саяси нормаларды сақтауда, әрекеттерді болдырмауда заңдармен ережелер орындалуын бақылау.
Саяси жүйенің типтері: Саяси биліктің қайнар көздеріне байланысты
Демократиялық ________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Автократиялық ________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Шындыққа қатынасына байланысты
Консервативтік ________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Реформаторлық ________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Прогрессивтік _________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Реакцияшылдық _______________________________________________ __________________________________________________________________
Саяси құрылымның жағдайы мен саяси мәдениеттің деңгейіне байланысты:
англо-американдық ____________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ континентальды-еуропалық _____________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ индустриальды дейінгі (біршама индустриальды) _________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ тоталитарлық _________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Сыртқы ортамен қатынасының сипатына байланысты:
ашық _________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ жабық _________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________
Азаматтық қоғам дамуының дәрежесі мен билік легитимдігінің тәсіліне байланысты:
дәстүрлі _______________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ модернизарлық ________________________________________________ _________________________________________________________________ Саяси жүйе типологиялық критерилері қандай? ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Қазақстанда саяси жүйе дамуының негізгі тенденциялары қандай? ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Семинар сұрақтары:
1. Саяси жүйенің мәні. 2. Саяси жүйенің классификациясы және оның критерилері. 3. Саяси жүйені салыстырмалы анализдау мәні.
Рефераттар тақырыптары:
1. Қазіргі саяси жүйенің типологиясы. 2. ҚР- ның саяси жүйесі. 3. Кез-келген мемлекеттің саяси жүйесі туралы. 4. Саяси жүйенің институттары.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004 2. Анохин М.Г. Политические системы: адаптация, динамика, устойчивость. М.,1996 3. Борисов В.К. Теория политической системы. М.,1991 4. Истон Д. Категории системного анализа политики. // Антология мировой политической мысли. Т. 2. М.,1997 5. Основы теории политической системы. – М. 2001 6. Политическая система общества: история и современнность. М.,2001 7. Проблемы развития политической системы Республики Казахстан. Алматы,1992 6-тақырып. Салыстырмалы саясаттану. Сұрақтар: 1. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі және пәні. 2. Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың пайда болуы және әдістемесі. 3. Салыстырмалы саясаттанудың рөлі.
1. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі және пәні. Салыстырмалы саясаттану – саяси ойлау бағытының бірі, саяси ғылымның қалыптасқан айырықша бөлімі ретінде, саяси білімдермен зерттеулердің арнайы саласы болып табылады. Салыстырмалы саясаттану өзінің теориялық құралдары мен әдістері арқылы нақты саяси процесстерге, билік институттарына, терең анализ жасауға көмектеседі. Саяси зерттеулерде салыстырмалы саясаттанудың объектісі болып әртүрлі қоғамдағы биліктің тармақтары болып табылады. Ал пәніне біркелкі саяси құбылыстарды салыстыра отырып оқытуға, мысалы саяси жүйелер, саяси режимдер, саяси партиялар мен қозғалыстар, мүдделі топтар мен элиталар, сайлау жүйесі, саяси функцияларды және т.б. іске асырудағы әркелкі мүмкіндіктер бірлігі. Мақсаты болып олардың жалпы және ерекше қасиеттерін, белгілерін, түрін, саяси ұйымдардың маңызды тиімді формаларын немесе міндеттерді шешу жолдарын табу болып табылады. 2. Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың пайда болуы және әдістері. Салыстырмалы саясаттануды кең мағынасында саяси құбылыстарды (салыстырмалы) компаративтік тұрғыда анықтауда саясаттанудың әдісі ретінде қарастыру болып табылады. Бұл әдісті антикалық әлемде Платон, Аристотель т.б. қолданған. Әсіресе салыстырмалы әдіс әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда ХІХ ғасырда кең түрде қолданылды. ХІХ ғ. аяғында салыстырмалы саясаттанудың әдістемесі қалыптасты. Оның алғашқылары болып Э.Фримен «Сравнительная политика» (1873ж.) жатады. Салыстырмалы бағдарламадағы ізденіс ХХ ғ. жалғасты. 1940 ж. М.Фортес және Е.Притгордың «Африканские политические система» деген кітабының жарыққа шығуымен салыстырмалы саясаттанудың пайда болуында біршама рөл атқарған саяси антропологияның тарихы басталды. Салыстырмалы саясаттану өзіндік ірі бөлім ретінде саяси ғылымдардан 50-жылдары бөлініп шықты. Бұл уақытқа дейін саяси ғылымның әдістеме арсеналында және оның түсінікті категориялды аппаратында саяси жүйенің – жаңа концепциялары жасалып саяси рөлдер және оның қызметі, саяси құрылым, саяси мәдениет, әлеуметтану т.б. қолданыла бастады. Саясаттануда антропологиялық, әлеуметтік - психологиялық, мәдениеттанулық концепциялар, сонымен қатар тарихи әлеуметтанудың теориясы мен тәсілдері және әлеуметтанудың өзі айқындалып белгілі болды. Салыстырмалы саясаттануға осы жаңа құбылыстарда интеграциясын, тенденциялармен жетістіктерді саяси ғылымды дамытудың жаңа сапалы басқышына көтеру жүктелді. Жаңа бағыттың өзіндік манифесі болып Г. Алмонданың «Сравнительные политические системы» (1956ж.) шыққан статьясы болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында салыстырмалы саясаттанудың методологиялық принциптерін жасауға арналған жұмыстар теориясы жарық көрді. Р. Чилкотаның «Теории сравнительной политики» (1981ж.), Р. Мерританың «Системный подход и сравнительной политике» (1970ж.) кітаптары болды. 3. Салыстырмалы саясаттанудың рөлі. Салыстырмалы саясаттанудың маңызды рөлін және оның актуальдығын түсіндірудің қажеттілігі барма. Салыстырмалы зерттеу әрқашанда тиімді және қажет. Компаративті методты қолдану зерттеушінің ойлау қабілетін кеңейтеді, басқа елдер мен халықтардың тәжірибесін жемісті қолдануды, басқалардың қателіктерінен оқып үйренуде және мемлекеттік құрылыста «велосипед ойлап табудың» қажеттілігінен айырады. Қазіргі саяси жүйенің теориясы мен практикасының функциясын салыстырмалы зерттеуді жүргізу арқылы мынандай негізгі міндеттерді шешуге болады. Біріншіден, олардың негізгі ерекшеліктерімен түрін, мәнін, әлеуметтік мазмұны мен мақсатын жақсы түсінуге. Екіншіден, қоғамдық теориямен практикалық прогрессивті дамуында олардың күшті және әлсіз жақтары, олардың плюсі мен минусын нақты анықтауда. Үшіншіден, әртүрлі саяси жүйенің экономикалық, әлеуметтік-саяси және идеологиялық негіздерін, олардың ылғи да өзгеріп тұратын ішкі және сыртқы ортаға механизмінің бейімділігін терең түсініп оқуға. Қазіргі қазақстандық саясаттануға қоғаммен мемлекетті модернизациялау жағдайында творчестволық, елдің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып салыстырмалы методты қолдану айрықша актуальды болады.
Платон мен Аристотельдің еңбектерінен салыстырмалы әдісті қолданылған мысалдарды келтіріңдер. _________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының саяси жүйесімен басқа бір елді (қалауларыңызбен) салыстырмалы анализ жасаңдар. _____________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Семинар сұрақтары:
1. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі және пәні. 2. Салыстыру эмпирикалық ретінде. 3. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.
Рефераттар тақырыптары:
1. Салыстырмалы саясаттану дамуының тарихы. 2. Салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру және дайындау. 3. Саяси институттарға салыстырмалы анализ. 4. Платон мен Аристотель еңбектеріндегі салыстырмалы методтар. 5. Қазақстанда билік институттарына, нақты саяси процестерде анализ жасауда салыстырмалы саясаттанудың рөлі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 1.Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М., 1993. 2.Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004 2.Голосов Г. В. Сравнительная политология. Новосибирск, 1995. 3.Матвеев Р. Ф. Теоретическая и практическая политология. М.,1993. 4.Основы политической науки. Под ред. В.П. Пугачева, М., 1994. Ч. 1. 5.Политология: Курс лекций. Под ред. М.Н, Марченко. М., 1997. 6. Тимофеев Т. Т. Политическая культура и общественные сдвиги. М., 1996. 7.Чиркин В.Е. Элементы сравнительного государствоведения. М.,1996.
7-тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам. Сұрақтар: 1. Мемлекет: негізгі теориясының мәні, белгілері, пайда болуының факторы. 2. Мемлекеттің типтері мен функциясы. 3. Құқықтық мемлекет: түсінігі, принциптері. 4. Азаматтық қоғам: мәні, белгілері, пайда болуының факторы.
Мемлекет – бұл саяси тұтастығы белгілі құрылымы бар, саяси билікті ұйымдастырушы және белгілі – бір территорияда әлеуметтік процесстерді басқарады.
Мемлекеттің пайда болуының концепциялары: · патриархалдық – (негізін салушы ағылшын саяси ойшылы Роберт Филмер XVIII ғ.) Мемлекеттік биліктің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпаның үлкен қауымдастыққа, мемлекетке дейінгі опекундық, әкеліп билік ретінде пайымдайды. · теократиялық – мемлекеттің шығуын құдай болжамымен ұштастырады. · договорлық – (Т. Гоббсом, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо дамытты) – мемлекетті қоғамдық өмірді ұйымдастыру және ондағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында басқарушы мен бағынушының арасында жасалған келісім нәтижесі дей қарастырады. · жаулаушылық теориясы ( Е. Джоринг, Л. Гумплович ) – мемлекеттің пайда болуын тікелей саяси әрекеттің – ішкі немесе сыртқы күштеу, басып алудың нәтижесі деп түсіндіреді. · писхологиялық теория ( Ж. Бюрдо ) – мемлекет тамырын идеядан, адамзат генасының тумысынан табады. · әлеуметтік-экономикалық ( К. Маркс ) – мемлекеттің шығуын қоғамның антогонистік топтарға бөлуінен, еңбек бөлінісінің салдарынан және жеке меншіктің шығуынан түсіндіреді. Мемлекеттің пайда болуының факторлары: экономикалық, экологиялық, демографиялық, психологиялық, сыртқы.
Мемлекеттің белгілері: территория, шекара, халқы.
Мемлекеттің функциясы: · ішкі: экономикалық, әлеуметтік, халық билігін қамтамасыз ету, конституциялық тәртіпті қорғау, тәртіппен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық консолидация әлеуметтік арбитраж, экологиялық, мәдени-білімділік. · сыртқы: глобальдық мәселелерді шешуге қатысуы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, өзара тиімді келісімдерді дамыту, халықаралық қатынастарда мемлекет мүддесін қорғау. Мемлекет құрылымы: · Билік бөліністері бойынша:
Заң шығарушы жүйе (өкілетті) мекемелер _________________________ __________________________________________________________________
Атқарушы-шешуші органдар _____________________________________ __________________________________________________________________ Сот органдары __________________________________________________ __________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің» схемасын жасаңдар. (ҚР Конституциясы бойынша)
Атқаратын функциясы бойынша: ішкі функцияны жүргізетін органдар: · құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау (полиция, сот, прокуратура). · әлеуметтік-экономикалық реттеу (финанс – салық апппараты, байланыс органы, коммунальдық қызмет, транспорт т.б.). · рухани өндіріс (білім, мәдениет ошақтары, информация органы т.б.).
сыртқы функцияны жүргізетін органдар: · қарулы күштер · барлау · мемлекетаралық қатынастар органы.
Мемлекеттің типтері: · Басқару формасы бойынша монархиялық: абсолюттік _____________________________________________________
конституциялық _________________________________________________
республика: президенттік ____________________________________________________
парламенттік ___________________________________________________
аралас _________________________________________________________
· Саяси режимі бойынша:
тоталитарлық ___________________________________________________
авториторлық ___________________________________________________
демократиялық _________________________________________________
· Административтік-территориялық ұйымдастыруы бойынша:
унитарлық _____________________________________________________
федерациялық __________________________________________________
конфедерациялық _______________________________________________
· Приоритеттік функциясы бойынша:
әскери (полициялық) _____________________________________________
құқықтық ______________________________________________________
әлеуметтік _____________________________________________________
· Әлеуметтік-экономикалық, таптық табиғаты бойынша: құлдық ________________________________________________________
феодалдық _____________________________________________________
буржуазиялық __________________________________________________
социалистік ____________________________________________________ · Саяси өмірдің тұрақтылығы бойынша:
тұрақты ________________________________________________________
тұрақсыз _______________________________________________________
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік биліктің қызметі және ұйымдастыру формасы, оған мемлекеттің өзі, барлық әлеуметтік қауымдастықтар, жекелеген индивидтер құқықты сыйлап оған деген қатынастары бірдей болады. Құқықтық мемлекеттің айрықша белгілері: · қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның үстемділігі · заң алдында барлығының теңдігі · тұлғаның құқығына кепілдік, оның еркін дамуына мүмкіндік · мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі · билікті заң шығарушы, атқарушы, сот деп бөлудің принциптері · азаматтық қоғам
Әлеуметтік мемлекет – мемлекет биліктің өзіне тән ұйымдастырылу формасы, азаматтардың тұрмыс-жағдайына қамқорлық, өмір сүруіне лайықты жағдайлар туғызу, олардың талаптарының іске асырылуына тең мүмкіндік және тіршілік ортасына жағымды жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғам – бұл демократиялық мемлекеттердегі адамзат қауымдастығының қалыптасуы және дамуы, өз еріктерімен қатысып құрылған мемлекеттік емес құрылымдар сеті (бірлестіктер, ұйымдар, ассоциялар, одақтар, орталықтар, клубтар, фондалар) қоғамның өміршеңді барлық салаларының және мемлекеттік емес қатынастарының жиынтығы – экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері: · адамдар мен азаматтардың құқын және еркіндігін толық қамтамасыз ету · өзін-өзі басқару · оның құрылымын құрастырушы және әртүрлі топтағы адамдардың конкуренциясы · қоғамдық көзқараспен плюрализмнің еркіндігі · адам құқығының нақты жүзеге асуын жалпылама информациялау · экономиканың көп укладтығы · билік сипатының легитимдігі және демократиялығы · құқықтық мемлекет · мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты адамдар өмірін лайықты деңгейде қамтамасыз жасау.
Мемлекет және азаматтық қоғамның ара қатынасы қандай? ____________ ____________________________________________________________________________ Семинар сұрақтары: 1. Саяси - құқықтық ойдың тарихында құқықтық мемлекет идеясы? 2. Құқықтық мемлекеттің түсінігі. 3. Құқықтық мемлекеттің принциптері. 4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет:өзара байланыс динамикасы.
Рефереттар тақырыбы. 1. Мемлекттің пайда болуы мен маңызы. 2. Мемлекеттің саяси жүйедегі орны. 3. Мемлекеттің белгілері,оның қызметтері және мақсаттары. 4. Мемлекеттік жүйенің типологиясы. 5. Азаматтық қоғам және мемлекет,қазітгі саяси жүйенің екі жат ретінде. 6. Азаматтық қоғамының идеялық геинезисі мен эволюциясы. 7. қазақстан азаматтық қоғамының қалыптасу мәселелері. 8. Құқықтық мемлекет пайда болу тарихы мен қазіргі теориялары. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004 2.Белгибаев С. Развитие гражданского общества в Казахстане.//Саясат 2002,№1 3.Государство и гражданское общество. М.,2001 4. Василенко И.А. Административно-государственное управление в странах Запада: США, Великобритания, Франция, Германия. М.,2000. 5. Ильин М.В., Коваль Б.И. Две стороны одной медали: гражданское общество и государство. – Полис, 1992, №1-2. 6. Марченко М.Н. Теория государства и права. М.,1996. 7. Нурпеисов С.К., Котов А.К.Государство Казахстан: от ханской власти- к президентской республике. – Алматы, 1995. 8. Хорос В. Гражданское общество: общие подходы. – Мировая экономика и международные отношения, 1995, №11. 8-Тақырып. Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
Сұрақтар: 1. Саяси партияның түсінігі мен белгілері. 2.Саяси партияның қызметі,маңызы және құрылымы. 3.Саяси партияның классификациясы.Партияның жүйелері. 4. ҚР саяси партияның рөлі мен орны.
Саяси партия (латын тілінен аударғанда "бөлшек","топ"дегенді білдіреді) ол әлеуметтік топ пен қауымның мүддесін білдіретін және идеологиялық бірлікпен байланысатын,саяси билікті қолдайтын ең белсенді және ұйымдасқан бөлшек.
Партиялардың негізгі белгілері: • адамдардың бірлескен әрекеттерінің жеткілікті уақыт ұзақтылығы. • белгілі бір идеологияны ұстанушы. • бірлестіктің еріктілігі. • мемлекеттік билікті жаулап алу мақсаты мен жүзеге асырылуы. • белгілі бір қоғамдардың және тобының саясаттағы мүддесін білдіруі мен тұрақтандыруы.
Партия қызметтері. Әлеуметтік қызметтері: • мүдденің агрегирлігі - әлеуметтік мүдденің білдіруі,саяси шешімдердің әлеуметтік трансформациядағы талаптары. • әлеуметтік интеграция- саяси жүйеге әртүтлі топтың қосылуы, әлеуметтік және саяси коммуникацияларының жөнделуі,конфликті мүдденің бітімі. • саяси әлеуметтену- партия мүшелері мен жақтастарының санының көбейюі.
Идеологиялық қызмет. • партиялық идеология мен партиялық пропаганданың жетілуі және жайылуы.
Саяси қызметтері. • мемлекеттік билікті жаулап алу. • саяси рекрутивтілік- партия кадрының фильтрациясы және алға жылжуы, саяси элитаның қалыптасуының сұрыптылуы.
Басшылық қызметі (коммунистік және дәстүрлі қоғамдағы тек авангардты партияның түріне арналған).
Партия құрылысы. • партиялық аппарат • қарапайым партия мүшелері (партиялық қауым) • партия жақтастары.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.132 сек.) |