АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Саясаттану

Читайте также:
  1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.
  2. Алматы 2011
  3. Блиц-тест
  4. Блиц-тест
  5. Блиц-тест
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий
  8. Глоссарий
  9. График выполнения и сдачи заданий СРС.
  10. Объект ТГП 1 страница
  11. Орындаушы(лар)
  12. Пугачев В.П. Политология. – М.,2001

 

1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде

Сұрақтары:

1. Саясаттану саясат, билік, саяси жүйе, процестер туралы ғылым.

2. Саясаттанудың пәні мен объектісі. Саясаттанудың құрылымы.

3. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері мен функциялары.

 

«Саясаттану» ұғымының анықтамасы. Саясаттану сөзі гректің «саясат» және «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттану сонымен қатар, басқа ғылымдардан өзінің әдістерімен, амалдарымен, талдауларымен ерекшеленетін, тұтас ғылым. Саясаттану ғылымының құрылымы саяси білім туралы қалыптасқан жүйе. Оның құрамына мына төмендегі мәселелер кіреді: саяси ілімдер тарихы, саяси философия, саяси әлеуметтену, саяси антропология және т.б.

 

Саясаттану объектісі – саясат, қоғамның саяси өмірі.

 

Саясаттану пәні – саяси биліктің өзгеруі мен қызмет етуінің, қалыптасуының заңдылықтары.

 

Саясаттанудың әдіс –тәсілдері (саясат туралы білім алу әдістері):

• әлеуметтанулық – саясаттың қоғамға тәуелділігін анықтауды қарастырады.

• мәдениеттанулық – саяси процестердің саяси мәдениетке байланысын анықтауға бағыт береді

• нормативтіқұндылық – саяси құрылыстың идеалын жасауға және оның практикалық жүзеге асыру жолдарын дайындауға бағыттайды

• функционалды – саяси құбылыстардың арасындағы байланыстарды анықтайды.

• бихевиористік (мінез –құлық) – саясатты жеке тұлғалар мен топтардың алуан түрлі мінез құлқын нақты зерттеу арқылы қарастырады

• жүйелеу – саясатты тұтас, күрделі ұйымдастырылған, өзін– өзі реттейтін механизм ретінде қарастырады

• институтционалды – саяси қызметтерді жүзеге асыратын институттардың көмегімен саясатты қарастырады (мемлекет, партия, саяси қозғалыстар және т.б.)

• антропологиялық – саясатты әлеуметтік факторлармен емес, адам табиғаты биологиялық организм ретінде қарастырылады

• салыстырмалы – жалпы сипаты мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында ұқсас саяси құбылыстарды салыстыра отырып қарастырады

• тарихи – саяси құбылыстарды уақыт дамуына сәйкес қарастырады

Саясаттанудың қызметтері:

• әдістемелік – саяси ғылымның қорытындылары негізінен анағұрлым жеке саяси теорияларға қызмет етеді

• теориялық танымдық – қоғамдағы саясаттың орны мен ролі туралы білімді қалыптастырады

• дүниетанымдық – белгілі бір саяси шындықтың көрінуіне бағыттайды

• реттеушілік – саяси білімнің саяси қызметке тікелей әсерін меңгеруді қарастырады

• болжамдық – болжау арқылы саяси құбылыстардың дамуының тенденцияларын ашады

• аксеологиялық – саяси процестерге ең жоғарғы баға береді

 

Саясаттанудың негізгі заңдылықтары:

пайда болу,қалыптасу және саяси қызығушылықтардың, көзқарастардың, тұжырымдамалар мен теориялардың даму заңдылықтарын

саяси биліктің мазмұны мен сипатының өзгеруі мен қалыптасуының заңдылықтарын

саяси процестердің дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын

 

Саясаттанудың негізгі кетегориялары: саясат, саяси билік, саяси ұйым, саяси жүйе, саяси режим, саяси құндылықтар, саяси мәдениет, саяси қызмет, саяси әлеуметтені және т.б.

 

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

Қазіргі қоғамдағы саяси ғылымның мәні неде?

Басқа қоғамдық ғылымдардан саясаттану ғылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қалай сипатталады?

 

Білімін тексеру тесттері:

1-тест. Сасаттану ғылымының зерттейтіні:

А) қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процесі;

Б) адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы;

В) қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы;

Г) адамзат қоғамының саяси саласының жалпы заңдылықтары мен ұйымдасу принциптері және қызмет етуі;

Д) қоғамдық өмірдегі адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеу.

2-тест. Саясаттану ғылымының объектісі – бұл:

А) қоғамның саяси жүйесі мен өмірі;

Б) қоғамның экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету және өзгеру заңдылықтары;

Г) мемлекет және саяси партиялар;

Д) сезім арқылы берілген объективтік шындық.

3-тест. Саясаттану пәні – бұл:

А) саясат, қоғамдық өмірдің саяси саласы;

Б) қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы;

Г) саяси партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар;

Д) бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық.

4-тест. Саясатты тұтастай, оның табиғатын, адам үшін маңыздылығын, тұлға, қоғам мен мемлекеттік билік арасында өзара қатынасын зерттейтін және саяси құрылыстың үлгісі мен нормативтік ұстанымын, сонымен бірге саясатты бағалаудың жалпы өлшемдерін жетілдіретін білімнің саласы:

А) саяси тарих;

Б) саяси философия;

В) саяси география;

Г) саяси антропология;

Д) саяси психология.

5-тест. Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым:

А) саяси семиотика;

Б) саяси әлеуметтану;

В) биосаясат;

Г) саяси этика;

Д) саяси психология.

6-тест. Саяси үрдістердің (процестердің) олардың кеңістік жағдайымен, аймақтық, климаттық және басқа да табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейтін саясаттанудағы бағыт:

А) саяси экономия;

Б) саяси антропология;

В) саяси география;

Г) халықаралық қатынастар теориясы;

Д) геосаясат.

7-тест. Саяси ғылымдарының Халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды?

А) 1945 ж.

Б) 1946 ж.

В) 1949 ж.

Г) 1950 ж.

Д) 1951 ж.

8-тест. Бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастағы элементтер жиынтығынан тұратын, айқын біртұтастық ретінде қоғамның саяси саласын қарастыратын саясаттанудың әдісі:

А) салыстырмалы;

Б) құрылымдық-функционалдық талдау;

В) жүйелік;

Г) тарихи;

Д) әлеуметтанымдық.

9-тест. Саясатты оқып-білуді жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс:

А) бихевиористік;

Б) эксперттік бағалау әдісі;

В) жүйелік;

Г) іскерлік ойыны;

Д) әлеуметтанымдық.

10-тест. Саясаттың қоғамға тәуелділігін, саяси құбылыстардың әлеуметтік себептерін анықтайтын саяси ғылымдар әдісі:

А) метафизикалық;

Б) әлеуметтанымдық;

В) диалектикалық;

Г) нормативтік;

Д) институционалды.

11-тест. Идеалды саяси құрылымды жасауға және оны іс жүзіне асыруға бағытталған саясаттану әдісі:

А) тарихи;

Б) антропологиялық;

В) позитивтік;

Г) нормативті-құндылықты;

Д) мәдениеттанымдық.

12-тест. Саяси үрдістерді дамытудың тілек-қалау түріндегі және іс-жүзінде мүмкін нұсқаларын қарастырып, қалыптастыруға бағытталған саясаттанудың қызметі (функциясы):

А) методологиялық;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) реттеушілік;

Д) дүниетанымдық.

13-тест. Саяси институттарға, құрылыстарға, мінез-құлықтарға, оқиғаларға баға беретін саясаттанудың қызметі (функция):

А) тәрбиелік;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) басқарушылық;

Д) теориялық-танымдық.

14-тест. Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі:

А) методологиялық;

Б) талдаушылық;

В) дүниетанымдық;

Г) реттеушілік;

Д) идеологиялық.

15-тест. Саясат туралы, оның қоғамдағы рөлі туралы білімдерді қалыптастыратын және толықтыратын саяси ғылымның қызметі:

А) әлеуметтік-сыншылдық;

Б) теориялық-танымдық;

В) басқарушылық;

Г) реттеушілік;

Д) тәрбиелік.

Семинар сұрақтары:

1.Саясаттанудың қоғамдық- гуманитарлық ғылымдар және оқу пәндері жүйесінде алатын орны.

2. саясаттану заңдары мен категориялары.

3. Жеке маман тұлғасын қалыптастырудағы саясаттану ғылымының маңызы, саясаттанудың қоғамдық қажеттілігі.

 

Реферат тақырыптары:

1. Саяси ғылымдар генезисі.

2. Жеке маман тұлғасын қалыптастырудағы саясаттану ғылымының маңызы, қазіргі қоғамдағы саясаттану ролінің артуы.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)