|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Пугачев В.П. Политология. – М.,2001
2 - тақырып. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде Сұрақтары: 1. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саяси ұғымы. 2. Саясаттың қызметтері мен типологиясы. 3. Саясаттың субъектісі.
Саясат – бұл саяси биліктің қалыптасуы мен қызмет ету тұрғысынан үлкен әлеуметтік топтардың (класстардың, ұлттардың, мемлекеттердің) арасындағы қатынастар, және олардың қызығушылықтарын білдіретін қоғамдық маңызды талаптар мен қажеттіліктерді жүзеге асыратын қызмет. Саяси қызмет – бұл билік қызметін атқаратын жеке тұлғалар мен топтардың ұйымдасқан өзара қарым- қатынасы. Саяси қатысу – бұл мемлекеттік немесе үкімет аппаратын қалыптастыруда тікелей қатысы жоқ. саяси белсенді адамдардың олардың қызметіне ықпал етуге тырысатын әр түрлі формадағы кәсіби емес саяси қызметтері. Саяси шешім – бұл ұжымдық және жеке формада жүзеге асырылатын саяси қызметтің, кезеңдердің, әдістердің міндеттерін анықтайтын процесс және олардың жетістіктері, билікті жүзеге асыру байланыстары. Саяси прогресс – бұл саяси жүйедегі әр түрлі әлеуметтік қызығушылықтардың көрінуінің көбеюі, саяси қатынастардың дамуын жетілдірудің бағыттары.
Саясат типологиясы: • ықпал ету объектісі бойынша ішкі саясат сыртқы саясат • қоғамдық өмір бойынша: экономикалық әлеуметтік ұлттық әскери мәдени ғылыми – техникалық экологиялық саясат • саясат субъектісі бойынша: мемлекеттік саясат партиялық саясат қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар саясаты
• қызметтерінің басымдылығы бойынша: бейтарап саясат ымыраға келу саясаты «үлкен өзгерістер» саясаты «темір қақпа саясаты» «ашық есік» саясаты ұлттық келісім саясаты
Саясат функциялары – бұл қоғамдағысаясаттың белгілерін көрсететін процестердің жиынтығы. Саясаттың негізгі функциялары: • қоғамның барлық топтары мен құрылымдарының билікке қатысты қызығушылықтарын бөліп көрсету • әр түрлі халықтың интеграциясын, қоғам жүйесінің тұтастығын, тұрақтылығын, тәртібін қолдау. • пайда болған қарама - қайшылықтарды шешу, қоғамдық процестерге жетекшілік ету және оны басқару. мемлекет пен қоғам арасын өзара өркениетті қарым – қатынаспен қамтамасыз ету • жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру
Саясаттың субъектісі: жеке тұлғалар, әлеуметтік таптар мен топтар, ұйымдар, мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысушылар немесе оған ықпал етушілер. Саясат субъектісін шартты түрде үш деңгейге бөліп қарауға болады:
• әлеуметтік – тұлғалар және әр түрлі әлеуметтік таптар, оның ішінде жеке тұлға, кәсіби топтар, ұлттар, класстар, элита және т.б.
• институционалдық – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар, саяси қозғалыстар, институтционалдырылған әр түрлі топтар және т.б.
• функционалдық –саясаттқа бірқатар ықпалы бар, саяси емес міндеттерді орындауға арналған әлеуметтік институттар (діни мекемелер, корпорациялар, спорттық ұйымдар, оқу орындары және т.б.) Өзіндік жұмыс тапсырмалары: Адам саясаттан тыс өмір сүре ала ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз: «Саясат» термині қайда қашан пайда болды және ол нені білдіреді?
Білімін тексеру тесттері:
1-тест. Басқа қоғамдық құбылыстар арқылы сипатталатын саясаттың анықтамасы: А) әлеуметтанымдық; Б) субстанционалдық; В) ғылыми құрылған; Г) әрекеттілік; Д) жүйелік. 2-тест. Саясаттың алғашқы негіздерін ашуға бағдарланған анықтама: А) консервативтік; Б) субстанциялық; В) онтологиялық; Г) телеологиялық; Д) теологиялық.
3-тест. Барлық қоғам үшін міндетті шешімді дайындау, қабылдау және нақты іске асыру процесі ретінде сипатталатын саясаттың анықтамасы: А) әрекеттілік; Б) радикалдық; В) жүйелік; Г) әлеуметтанымдық; Д) либералдық. 4-тест. Саясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс-әрекет ретінде қарастыратын түсінік: А) телеологиялық; Б) құрылымдық; В) жүйелік; Г) коммуникативтік (қатынастық); Д) позитивтік. 5-тест. Өзара байланысқан және өзара себепші болған элементтер қатарынан тұратын, оны бүтіндей қабылдауға бағытталған саясаттың түсіндірілуі (интерпретациясы): А) эмпирикалық; Б) диалектикалық; В) жүйелік; Г) болымсыздық; Д) институционалдық. 6-тест. Әлемдік саяси ғылымда қоғамның саяси ұйымын, мемлекетті белгілегенде осы сөздің кең мағынасында белгілі бір термин қолданылады. Соны атаңыз: А) polity (полити немесе полития); Б) policy (полиси); В) politics (политикс); Г) плюрализм (көппікірлік); Д) популизм. 7-тест. Орталықтанған биліктің мәнін, әрекет түрін, сондай-ақ басқа да саяси акторлардың: партиялардың, кәсіподақтардың және т.б. беталыс тәсілін, шешімдер қабылдау сипатын көрсететін белгілі бір термин қолданылады. Соны атаңыз: А) саясаттану; Б) policy (полиси); В) демократия; Г) бойкот; Д) агрессия. 8-тест. Саясатты, ондағы дау-жанжалдың (шиеленістің) пайда болуы және оны шешу тұрғысынан қарастыратын термин: А) денонсация; Б) компромисс; В) politics (политикс); Г) маркетинг; Д) обструкция. 9-тест. Қоғамды жаппай саясаттандыру, экономиканы, мәдениетті және т.б. саяси басқарудан шығатын саясат тұжырымдамасы: А) анархистік; Б) тоталитарлық; В) либералдық; Г) консервативтік; Д) теократиялық. 10-тест. Қандай тұжырымдамалар саясатты, кез келген ұйымдасқан билікті зорлыққа, жеке тұлғаны басып-жаншуға теңеп, оны кез-келген уақытта ассоциациядан шығуға ерікті тәуелсіз адамдардан тұратын ерікті ұйымға, өзін-өзі басқару жүйесіне алмастыруға ұмтылады? А) анархистік; Б) радикалдық; В) социалистік; Г) эгалитарлық; Д) теократиялық. 11-тест. Қоғамдық жүйені мемлекет пен азаматтық қоғамға бөлетін саясаттың тұжырымдамасы: А) либерализм; Б) кейнсиандық; В) тоталитаризм; Г) анархизм; Д) консерватизм. 12-тест. Саяси килігудің нақты шекаралары белгіленген жағдайда мемлекеттің экономикаға, әлеуметтік қамсыздандыру саласында, еңбек, жұмысбастылық және тағы басқа да қоғамдық қатынастарға араласу мүмкіндігін білдіретін саясат тұжырымдамасы: А) марксизм; Б) кейнсиандық; В) коммунизм; Г) анархизм; Д) социал-реформизм. 13-тест. Саясат парадигмасы – бұл: А) саяси шындықты қабылдау және түсіну тәсілдерін айқындайтын ерекшелікті логикалық ойлау үлгісі; Б) іс жүзінде орындалған, болып кеткен әрекеттердің псевдологиялық негіздемелері; В) қоғамдағы қалыптасқан жүйеге көп өзгеріс әкелмейтін саяси қайта құру, құрылымды өзгерістер; Г) саяси қызметтің әдісі; Д) жалпыға міндетті нормалар жүйесі. 14-тест. Саясатты қоғамдық өмірдің басқа салаларының ықпалы, саяси субъектінің әлеуметтік-мәдени қасиеттері арқылы сипаттайтын парадигма: А) әлеуметтік; Б) ұтымды-сыни; В) натуралистік; Г) теологиялық; Д) футурологиялық. 15-тест. Саясаттың ішкі табиғатын, оның маңызды элементтері мен олардың өзара әрекеттестігін ашып көрсетуге, саяси өмір қарқындылығының (динамикасының) негізінде жатқан шиеленістер ықпалына негізделетін парадигма: А) қоғамдық; Б) ұтымды-сыни; В) натуралистік; Г) дін ілімі; Д) идеологиялық.
Семинар сұрақтары:
1. Саясаттың жалпы ұғымы. Саясаттың шығуы. 2. Саясаттың табиғаты мен әлеуметтік белгілері: теориялық талдау (директивті, функционалды, коммуникативті). 3. Қоғамдағы саясаттың шекарасы.
Реферат тақырыптары:
1. Саясат ғылым және өнер ретінде. 2. Саясаттың әр түрлі тұжырымдамалары мен анықтамалары. 3. Саясат және экономика. 4. Саясат және мәдениет. 5. Саясат және психология. 6. Саясаттағы білім және интуиция. 7. Саясат және адамгершілік.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Ануфриев Е.А. Субъективные основы и субъекты политики. // Социально-политический журнал.1996. №4. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.) |