|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тыныс белгілері
1. Тыныс белгілері туралы түсінік 2. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері 3. Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері 4. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері
Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады. Тыныс белгілер мағынаға және интонацияға негізделеді., екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады. Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Тыныс белгісін қоюда басшылыққа алынатын ұстанымдар: 4. Грамматикалық ұстаным. Грамматикалық ұстаным дегеніміз тыныс белгілерін грамматикалық ережелер негізінде қою. 5. Мағыналық ұстаным. Мағыналық ұстаным дегеніміз сөйлемнің тыныс белгісін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың мағынасына негіздей қою. 6. Инотнациялық ұстаным. Интонациялық ұстаным дегеніміз сөйлемнің тыныс белгісін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың сазына, нақышына келтіріп айтуына және естілуіне қарай қою. Қазіргі кезеңде тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән тағы бір қасиет – олардың интернационалдығы. Тыныс белгілері – түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен қызметтері жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді. Қазқ тілінің пунктуациясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Қазақ төңкерісіне дейін белгілі бір жүйеге келтірілген, көпшілікке танылған пунктуациялық заң-ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшін пунктуациялық ережелердің болмауының өзі де табиғи нәрсе еді. Өйткені тыныс белгісі баспасөз үшін керек. Республикамызда баспасөздің дамуы, оның бүкіл халық игілігіне айналып, оқушылар санының артуы, жазу мәдениетінің, сауаттылықтың шешуші бір саласы болып табылатын пунктуация мәселесін ғылыми негізде қалыптастырып реттеу міндетін қойды. Тіліміздің пунктуациялық белгілерін қалыптастырып, олардың мағыналары мен қызметтерін айқындауда орыс тілі графикасының табыстары басшылыққа алынды. Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан онша көп болмағандарымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан алуан түрлі болып келеді.
Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің бұл үш түрі сөйлем соңында келетін тыныс белгілер деп аталады. Сөйлем соңында келетін белгілердің әрқайсысы, негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі қызметте қолданылады: біріншісі – сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі – сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Бұл екеуі – сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерінің қай-қайсыларының да ең негізгі мағыналара мен қызметтері. Сонымен бірге, олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша қызметтері мен қосымша мағыналары болады.
Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен қызметтері жағынан да алуан түрлі. 1. Үтір. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері төмендегідей: а) Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету үшін қолданылады. Мысалы: ә) Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Мысалы: б) Үтір оқшау сөздерді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады: Мысалы: Арылма, өлең, арылма Домбырам, күйден жаңылма!(Жамбыл) в) Үтір оңашаланған мүшені сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру үшін қолданылады. Мысалы: Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде, өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде (Әуезов). г) Үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қойылады. Мысалы: “Таулы жер бұлақсыз, сулы жер құрақсыз болмас”,-дейді халық мақалы. 2. Нүктелі үтір. Нүктелі үтір–хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Мұның мәні, дәрежесі нүктеден төменірек те, үтірден жоғарырақ. Бұл-аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өзара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады. Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өзара жақын, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасында да қойылады. Мысалы: Кімді-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі; кімде-кім өз мінін көтере алмаса, оның саяздығы (Әбішев). 3. Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарында қолданылады: а) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады. Мысалы: Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі-кетпен шабу, бірі-егін ору (Мұқанов). ә) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін қойылады. Мысалы: Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы, төрт жылқы, бір жылқы (Мұқанов). б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып:- қағаздағы аты-жөніңіз басқа екен ғой?-деді Аман. Біздің ауылдың мөрін кім басқан? 7. Көп нүкте. Көп нүкте аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді. Көп нүкте көркем шығармалардың кейіпкерлерінің сөздерінде жиі кездесіп отырады. Оларда, негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан немесе қысылып ұйалғаннан сөзі аузына түспей, сөз таба алмай мүдіргенін, сасқалақтағанын, сөз, сөйлем аралығында ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады. Мысалы: -Тақсыр … қарағым… шырағым-ау… Арғы атам Арғынбайдың шаңырағына мініп келген … - дей бергенде, Аман келді де, қолтықтап апарып скамейкаға отырғызды (Мұстафин). 8. Сызықша. Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, фуекцияға орасан бай тыныс белгісі. Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің белгісі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді. а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды – көпті кідіріс барын білдіріп, ол екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат. ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады. б) Бірыңғай мүшелердің кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екендігін, мағыналық жақтарынан олардың мәндестігін білдіру, қызметін атқарады. Мысалы: Керуен көшетін сауда жолдары,ұлы базарлар,атақты қалалар, су жолдары-барлығы да бүгін айрықша керек болған. в) Төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөліп тұрады: Сөйтіп отырып шын жылады ол: -Аманжан, тез қайта көр!-дейді аузы кемсеңдеп. -Жеңеше, мұнау теңеуіңіз қандай оңды!-деді де Аман бұл сөзінен дереу қайтты (Мұстафин). г) Сызықша мезгілдік, мекендік шаманы, шекті білдіретін сөздер арасында қолданылады. Мұндай орынның кейбіреуінде ол түсіріліп қалдырылған шығыс жалғауының орнына қолданылады және соның функциясын атқарады. Мысалы: Біздің бригада күнделікті жоспарын 150-200 проценттен кем орындап көрген емес. д) Сызықша тетелесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәнді құрмалас сөйлемдер мен жалғаулығы түсіріліп қалдырылған қарсы мәнді құрмалас сөйлемнің компаненттеріарсында қолданылады. Бардым, -жолыға алмадым. Айтудай-ақ айттым, - көнбеді. 9. Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да, функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаларға қоршалған сөздің немесе сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдемелердің шартты атаулы екендігін білдіреді. Дәлірек айтқанда, тырнаша мынадай функцияларда қолданылады. а) Цитат түрінде келтірілген біреудің сөзі тырнақшаға алынып жазылады. Мұндай орынды тырнақша қоршауындағы сөздердің, сөйлемдердің автордың өзінікі емес, бөгде біреудікі екендігін білдіреді. Мысалы: ”Сырдария да көріне бастады. Нысаналы жерге жақындадым”,- деп жазды да, жас инженер мелиатор Бектасов автомат қаламын стол үстіне қоя сап, орнынан түрегелді (Мұқанов). ә) Кері мағынада, ажуа, сықақ, кекесін түрінде айтылған сөздер тырнақшамен қоршалады. б) Газет-журналдардың, әдеби шығармалардың, кемелер мен самолеттердің, шахталар мен рудниктердің, фабрикалар мен заводтардың, колхоздар мен совхоздардың, машина маркаларының т.б. аттары тырнақшаға алынып жазылады. Мысалы: Кеменің ” Қазақстан ” деген аты маған көп ой салып келе жатты. 10. Жақша. Жақшаға алынатындар, негізінде, сөйлем мен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен граматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданылатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдері. Мысалы: - Ә, Амантайка (Амантайды ол солай атайды) ман? (Мұқанов). Осылар тәріздес, авторлық ескертпе, драмалық шығармаларда кездесетін ремаркалар да жақшаға алынып жазылады. Мысалы: Байназар (Тоқаға): Бас, бас аяғыңды жылдам! Садық: Ұр ииті! Жатқыз! (Қоса ұмтылды). Ұста! Жіберме! (Омар, Сәрсек шығады (Әуезов)). Цитаттың қайдан, кімнен алынғандығын автор өз сөзімен айтып жатпай, одан кейін иесін немесе цитат алынған еңбектің атын ғана атаса, ол жақшаға алынады. Мысалы: “Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың” (Абай). Практикалық тапсырма орындауға арналған жаттығулар 1-жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемдердің қандай тәсілмен құрмаласып тұрғанын ажыратыңыздар. Суретті төрге апарып ілді, шүберекті столға апарып жайды, содан кейін костюмінің төс қалтасынан блокнотын алды. Ыбырайдың сөзінен кейін жұрт азды-көпті пікір алысты да, екі жылдық ауылдық мектеп үшін үй салынсын деген тоқтамға келді. Бұл күні мен рота, взвод командирлерімен таныстым, ішкі тәртіп, әскери оқу ережелерін жасадым, шаруашылық түзеу жұмыстарымен шұғылдандым. Жастар еркін, әсем ән шырқады. Олар біресе бұлбұл нақысты, көп ырғақты “Жиырма бесті” созады, біресе назды қоңыр, кең тынысты “Жанбота” шығады. Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай ештеңе айтқан жоқ, сөйтсе де Зеренің күрсінуі күшті. Осы кезде мұнда жоғары дәрежелі оқу орындары ашылған, жаңадан екі театр қосылған. Осыдан біраз күннен кейін суға да үйреніп болдық, биік жағаға тез жорғалап шығуға да үйреніп болдық. Содан кейін ауыз бөлмеге шығып еді, манағы жігіт ауыз бөлмеде қолын сабындап жуып жатыр екен. Осы бетімен олар ұйықтаған жоқ, жүруге қамдана бастады. Сөз басылған кезде қастарына келіп едім, үшеуі ештеңе болмағандай жым-жырт тарап кете барды. Баласы ұйықтап жатқан көлеңкеге көз қиығын аудара беріп еді, тоғай жақтан әлдене гүрс ете түсті. Қайырбек артына қарап еді, жолдастары үнсіз тұр. 2-жаттығу. Жай сөйлемдерді мағыналарының ыңғайына қарай жалғаулықты шылаулармен байланыстырып, жалғаулықты салалас сөйлемге айналдырыңыздар. Түлекте отырған құс өзінің кетік, кемтар қауырсындарын сақтап қалады. Мұндайда құсбегілер әлгі кетік қауырсынның түбірін қолдан түсіреді, оның орнына жаңа қауырсын шығаруға көмектеседі. Құсбегілердің бұл әдісі өте оңай, өте қарапайым. Бұл – ғылыми негізі бар ғажаптардың бірі. Өздігінен түспей тұрған түбірдің көбеге жақындау жерінен өткір пышақпен кеседі. Сол түбірдің қуысын шақтап жонылған ағаш, бұршақ, жүгері, бидай секілді заттардың бірімен саңылау қалдырмай тығындайды. Бірер жетіден кейін қауырсын ішіндегі құлық бұзылады. Түбіртек жансызданады. Сол бәледен құтылуға мәжбүр болады. Біраздан соң әлгі түбірді ескі қауырсын ретінде түсіріп тастайды. Түскен түбірдің орнына көк соқта тебіндеп көтеріледі, жаңа қауырсын пайда болады. Құсбегілер алдан ала түлек кезінде түсірген қауырсындарды сақтап қояды, кейін оны жалғауға пайдаланады. Сынып түскен қауырсынның көбе жағындағы түбірдің жаншылмай, бүлінбей қалған жерінен шорт қия кеседі.
3-жаттығу. Салалас сөйлемдердің жалғаулықтысын бір бөлек, жалғаулықсызын бір бөлек жазып, мағыналық түрлеріне талдау жасаңыздар. Маржан біреулердің ісін біресе мұқатады, біресе олардың тұрмысын кемітеді. Олар бұлақ жағасына қаздай тізілді де, беті-қолдарын жуды, кейбіреулері киімін кеудесіне дейін шешіп тастады. Адам сараң, табиғат мырза… Салқын су жуынған жанның денесін сергітеді, жанын жадырата түседі… Ол анадай жерде темекісін бұрқыратып тұр, сол қолын мықынына тірейді де, аздан соң торы бестінің үстіндегі Павелге қарап тұрған Коротченкоға қарай жылжиды. Аттан түсті, торы бестіні ағашқа байлады. Сол бетінде ат дүбірін естіді, артына жалт қарады да, күлімсірей қалды, кейінгі барлаушылар да штабқа жетіп үлгергенін көрді. Ащылы шөптің тұқымы да күшті, мал тез семіреді және ащыға семірген малдың еті де, сүті де тұщыға семірген малдан күшті болады. Сен жақсы жігітсің, бірақ кейде оңай лыпылдайтының бар. Рахмет те қойшы болуы керек еді, бірақ ғасырлар бойы қойшылықпен келе жатқан атаның заңын бірінші рет Рахмет бұзып-ақ жіберді. Рахмет есіктен шықты да, беті ауған жағына кетті.
4-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдердің салаластың қай түрі екенін ажыратыңыздар. Әбіш бұған қарсы сөз айтқан жоқ, қайта үндемеді, бас иеді. Бұл Абайдың да ойы еді, бірақ ол іштегі рахат күйін бұл арада сөзбен айтып жеткізе алар емес. Жолаушылар тау басына бөгелмей ойға қарай құлады, ұзақ кең өлкенің бойы жыпырлаған ауылдар. Қамшы, белдік, қын, пышақ деген сияқты ұсақ бұйымдарға аса ұқыпты болатын және қайдағы бір көрікті сұлуына қызығатын Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді және өз ойы сияқты көрінді. Терезеден жібекше созылған күн нұры құбыла ойнайды да, қыздың тәмпіш мұрнын қытықтай бастайды. Сүйрік саусағымен іліп тастағысы келіп еді, күннің ерке нұры кеткісі келмеді, оның томпиған бетіне шығып алды. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: бірі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық (Абай). Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым: азаматта да ондай сұлу болады екен-ау, аққудың көгілдіріндей екен. Әлдекім хабарлап қойған болу керек, қыз-бозбала дүркірей қашып шықты. Әрине, өзі жасаған жоспарына тура келеді, өйткені осы қорада Бекболаттың өзіне қараған бірталай жігіт бар. Сіз шапаныңызды аяйсыз ба, әлде ақылды басыңызды кесуге мүмкіндік бергіңіз келе ме? Осыдан келіп көр, жазаңды менен аласың. Ынтымақты елге ешкім жетпес, ынтымақсыз елдің өкініші бітпес (Мақал). Дәулеткелді мұның не сөзінен қызық күтеді, не бір мінезінен әлдеқандай қызық күтеді. Ол кезде мен толқындай шапшыған сөздерді жақсы көруші ем, я болмаса шапқан аттай шыңдатқан сөздерді жақсы көруші ем. Олжабек бәріне түсінген кісідей ыңылдады да, қош айтысып жүріп кетті. Сезіміне әсер еткен діңгекті ол ұмытпайтын, кейде оның төбесіне шыққан минуттары түсіне де кіретін. Келешегі біресе мына қараңғы түндей қап-қара секілденеді, біресе жылтыраған бір жарық сәуле сияқтанады.
5-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай кезектес салалас сөйлем етіп құрыңыздар. 1. Ол теңіздің толқыған долы толқынына ұқсайды. 2. Буырқана соққан сары даланың сарышұнақ аязына ұқсайды. 3. Балақаз ашулы арыстанға қарайды. 4. Бүйірін таянып келе жатқан адамның түріне келеді. 5. Сол қолымен белбеуін ұстайды. 6. Қолын артына ұстайды. 7. Ол Қасенге қарайды. 8. Қалқай қағазға қарайды. 9. Солдан жүгіріп шығады. 10. Оңнан жүгіріп шығады. 11. Құбылмалылығы ескен желдей. 12. Бұлай да асығыпжүгіреді. 13. Екеуі апалақтап ойлай жүгіреді. 14. Ол Аманбайға қарады. 15. Нұрғали Жұманға қарады. 16. Шырайлы күлім қағады. 17. Қабағын тұнжыратады. 18. Ойы шарқ ұрады. 19. Қаңғыр-қаңғыр естілген адам дауыстары үзіледі. 20. Ол дауыстар тұтасып кетеді. 21. Сейітжан оны қыста колхоздың мұз айдынанда көрді. 22. Жазда еңбек даласында көрді. 23. Қызыл бұйра тобылғылы, жасыл қоңыр қарағайлы шоқылар, таулар қалып жатыр. 24. Желбіреген ақ селеулі жала қалып жатыр.
6-жаттығу. Мәтіндегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Аздан соң Оспанды ертіп Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екіндіге тақап қалған екен. Екі туысқан кешкі қоналқада қайда боларын шешпесе де, атқа мінісіп, өлкені, өзенді бойлады. Мақұлбайдың жетісі өткенше, Құнанбай Тәкежан үйінен Нұрғаным аулына қайтқан жоқ. Кеше кешке Ақылбайды өзен жағасына жібергенде, Нұрғаным Оспанды әдейі бір кежірлік, қиястықпен әзілдеп сынамақ еді. Осы бұйрығын Оспан күні бойы талмастан бағып, шынымен орындатты. Отырарға орын таппай дірілдей түсіп, сабыр тақаттан біржолата айрылған еді. Базаралыға бұрынғыдан да бетер құрме көрсетіп, үнемі әзіл қатады. Осындай іштетыстай арбасу арасында күн түске тақаған шақта, Нұрғаным әйел атаулының бұндайда көбінің қолынан келмейтін батыл байлау жасады. Базаралы ат үстінде көп жүретін болғандықтан, Дәркембайға осылардай жатақтың Тобықты ішінде әлденеше жерде барын баян етті. Ауыл шетінде шу шығып жатқанын Дәркембай естісе де, Базаралыға айтпай отыр екен. Екі атшабарды Базаралы бір өзі жағаларынан алып, екі қолымен жалғыз-ақ жұлғанда, табанының астына бір-ақ салыпты. Асылбек Абайға хабар айтқызғанмен, Абылғазыға: “өзге елге білдірме, пәледен пәлетуып, ұлғайып кетер” деген. Андреев үйінде осы жай тағы бір әңгіме болғанда, үшінші бөгде бір адам бар еді. Түнеугі Қорықта Оспан айтқан жат хабардан соң, Абай Базаралыны дұрыстап көрген жоқ-ты (М. Ә.).
7-жаттығу. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сөйлемдерінің баяндауыш формаларын көрсетіп, қалай жасалып тұрғанын айтыңыздар. Мағаш пен Кәкітай Абайға қосылып, Дәрменнің оқыс қылығын сүйсіне түсінді. Еңлік үнімен қыз жүрегі сыр айтса, Кебек тілімен ұл арманы, ер ашуы, ұлан жоғы жоқталса болмас па?! Жыр шындықпен туысса, шыңнан аққан бұлақтай алыс өріс табады. Жас талапкерлер ынтасы бір бөлек болғанда, бұл адамдардың көбінің мақсат-мұраты да, іздейтіні де тек ет пен қымыз болады. Көкбай бұдан арыға шыдай алмай, тысқа қарай тартты. Ербол Абайды дәл ұғына отырып, өзінің ескі досы бұл күнде қандайлық асыл ойларды батыл айтатынын аңғарды. Белгілі өлшеуі, мөлшері жоқ бұл шығын анық қараңғы жолмен алатын жем болғандықтан, оның атын жұрт “қарашығын” дейтін. Базаралы олардың Әріп үшін қызықты болған сыр сөздерін ұзақ өрістетпей, оқыс бұрып салды. Бірақ ШҰбар ағайындардың бұл ойын Абайға келіп айтқанда, ол Шұбардың сөзіне қатты ызаланған болатын. Жылқыға Абылғазы қолы келіп араласқанша, мың сан тұяқтардың құшырлы серпіндерінен ұшқан қиыршық қар енді бүкіл өңірді ақ түтек етті. Базаралы оның соққысына қарамастан, өзі көздеген тізеден қарулы жылқышыны қатты ұрып қалды. Әзімбай мен жирен айғыр, қара айғырдағы қос басылар жығылған соң, өзге жылқышының көбінен ес кетіп қалды. Әнеугүні, Шүйгінсуда Жігітек үстіне баса қонған қақтығыстан бері қарай, Базаралы жағынан жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай болған. Күздің қысқарған күні кешкіре бастаған шақта, алыстағы Шыңғыстың ұзақ ирек жоталарына қалың қара бұлт қона берді. Баймағамбет ауылдың іргесіне жеткенше нар құла атты басын ірікпестен, сар желдіріп әкелді. Бұл қауымға тың болғанмен, барлық орыс жұртына мәлім “Стенька Разин”, “Ермак”, “Бродяга” сияқты әндерін де тартады (М. Ә.).
8-жаттығу. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыздар. Жаманшылықтан жақсылық туа бермесе де, кейбір жаман жүрістен де жақсы олжа алып шығуға болады екен-ау! Жолаушылар Әбіштің аты аяңдамайтын болған соң, бүлкекке ауысты. Шалғындыбір беткейде самарқау жел сусылдап есе түскенде, мұрын жарғандай боп жас бүлдірген иісі аңқиды. Келін мен баланың үй ішінің сөзіне араласпай, ұзақ тыныштық сақтапты. Ендеше Базаралы қимылының арты жатақтың сиырын көбейте түссе, жігітектің жылқысын молайта түссе, қазақ қауымына, тарихына пайдалы болады. Жіңішке өзенмен қатар бұлақ бастаулары мол, шалғыны да қалың кең жайлау болғандықтан, бұл қонысқа Абай ауылымен ілес көшіп келген ауылдар аса көп. Мұнда Ырғызбайдың бір өзінен он шақты ауыл болғанда, көршілес Қарабатыр, Әнет, Торғай, Топайдан да талай ауыл бар. Енді сол күні малды жайлап болысымен, ымыртта, әр ауылдың кедей-кепшігі, малшы-жалшысы қозғалақтаған көлеңкедей тыным таппады. Жұмыр шал осы ауылдың қасына көшіп келген соң, Ысқақтың осы кесір кердең қатыны Мәніке бұл екі баланың атын мазақ еткен. Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар жетті. Осы топ Қызылқайнарға қарай басқан сайын, артындағы қара мал мен қой-тұяқтың шоғыры молайып келеді. Жалғыз баласы Иса өлгелі, Қадыр әбден тұнжырап кеткен еді (М. Ә.).
9-жаттығу. Көп құрамды құрмаластарды түрлеріне қарай талдаңыз. Кәкітай олардың күлкісін біраз еркіндетіп жіберіп, екі көзі күлімдеп, өзі де лекіте күлді де, енді жауаптасып, дауға кірісті. Ербол төреші болғандықтан, енді жұрттың бәрі жаттап алған төрттікті өзі тағы бір айтып, аз ойланып бас шайқады. Көпке түсініксіз түрде бірталай үнсіз тұрып қалған Абай бір кезде денесін бұрмай, оң қолын ғана көтеріп, артына қарай қайырды да, жігіттерге белгі етті. Қазірде сығырая түсіп күн салып қарады, бір нәрсені болжап алды да, үнді даусымен көтеріле сөйледі. Әлі де шабытты, желікті Дәрмен енді балаша бір қуаныш білдіріп, астындағы ақ бедеуін өзі дағдыландырып, үйреткен қалпына салып, шаужайлап, тебінгенде ақ бедеу мұның қуанышын қостағандай, шапшып, қосаяқтап шаншылып тұрып қалды. Лақтай бір дуадақты сары ала жүнін жарқылдатып басып қалған бір қаршығаның үстіне ағызып жетті де, тымағын бұлғады, арттағыларға айқай салды. Көшкен елдің қалың селін өткізіп жіберіп, енді осыған орақ салармыз дегенде, мынаған кездесіп тұрғамыз жоқ па? Әбді шапанын жұлып тастап, балғын денесі мызғымай, ең шеткі озғын орақшының алдына нық басып тұрып алды. Ол үй ортасына сары қидың отын жағып, үлкен қазан көтеріп, жаңадан сойылған тайдың етін түстікке асып жатыр. Тағы бір толқын ойда Абай “кетер ме еді осылардан”, “бөгде бір ел-жұрт, дұрыс орта іздеп кетер ме еді?” деп ойланды да, өз ойына өзі мысқылмен қарады. Әйгерім отқа жақындап отырғандықтан, өңі ажарланып, балқығандай қызара түскен. Кейде өздері айтысып кеп тоқтасады да, көбінше дау-дағдарыспен Абай алдына келіп, сонда бірге кеңесіп, бірдемеге келісетін. Сондықтан бүгін тағы сол сордың аты шыққанда, кедей-кепшік асын іше алмай, жүзі жүдеп, ет-жүрегі қобалжып, тыныштықтан айрылды. Ол осы ауылдарға кеп түскенде, қасына ере келіп, Қызылқайнардағы ауылдардан асығыс лау мініп Ақтомарға, Бөкеншіге қарай құйықтыра, құтыра шауып өткен атшабарлар болған. Неше жылдан бері недоймке төлемейді, патшаның алымын бермейді, қарын шашы алынбай құтырып алған ел – Шыңғыс. Табалдырықтан аттап, ақырындау үнмен сыздана сәлем берген Әзімбай Абайға бір ғана рет салқын қарап жалт етті де, төрге қарай адымдады. Оыс қалыпта Әйгерім мен Зылиқа шай жасамақ болып еді, үстел басына барлық жұрт сыймайтын болған соң, Абай үстелді жиғызды да, ұзын кең дастарқан кілемге жазылды (М. Ә.).
10-жаттығу. Аралас құрмалас сөйлемдерді құрылымдық жағынан талдаңыздар. Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызды, өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады. Мен екі жағының сөздерін ұғынып, өз көңілімше әділдігін топшыладым да, “Бөлек былай болсын” деп жүріп отырдым. Бір уақытта шегірен шымылдық толқып барып қозғалды да, есік жақтағы шетінен шолпы сылдыры естіліп, Тоғжанның әсем бойы көрінді. Тоғжан қолындағы торғын көрпені кеудесіне көтеріп, баурына қысыңқырап тұрды да, келіншекке әдеппен ғана бұйрық етті. Ақ тайға ес жиғызбастан қайта қарғып мініп алды да, борбайлай қамшылап, құйғыта жөнелді. Әйелдерді осы үйге қалдырды, еркектерді бөлек оңаша үйге апарып, қаралы ауыл қонақ етті. Ұрыс-қағыс басылып, тіршілік сабасына келгелі жұрт Жидебай, Мұсақұл сияқты қыстаулардан кеткен, ойға қарай ілгерілеп, көшіп келе жатқан. Абай Ордадан шығып, дәл Қарауылға жеткенше, түстік жерге барғанша айықпай, айнымай жыр шертті, өлең тебірентті. Мағаш аса бір сүйкімді, биязы қозғалыс жасап, Абайға қарай жақындады да, еңкейе берген әкесінің мойнынан құшақтап, бетіне бетін басты. Үлкен шешесіне қарап, маржандай ұсақ аппақ тістерін ақситып күліп қояды, әкесінің бетін оң қолымен аймалай беріп, құлдырай жабысып, қулана күледі. Қазірде де Жұмандар қымызға бас қойысымен, Абай оларды ұмытты да, айтып отырған кеңесінің желісін қайта тауып, өз сөзіне кірісті. Енді Абай жайын ойлай келгенде, Ұлжан өз тыныштығын қойды да, арбаға әжесінің қасына Абайды мінгізетін болды. Абай соны тез аңғарып барып, оның қолындағы тостағанды да бас салды және екінші қолымен келіншегін құшақтай қошеметтеп, торғын шәлісінің сыртынан құрметтей сипайды.
11-жаттығу. Мәтіндегі төл сөз бен автор сөзін тауып, қандай тыныс белгілері арқылы бөлініп тұрғанын анықтаңыздар. Ән үзіліпті. Абай Әйгерімнің жүзіне: “ақ жұмыр иегің неге қозғалмай қалды? Жұқалаң, сұлу, қып-қызыл еріндерің неге жаңағы назыңды қайталамайды? Кіршіксіз, аппақ, мінсіз сұлу тістерің неге іш қайнатқан қатарын жасырды?” дегендей, ұзақ сұрақпен қадалып қалған екен. Әні тоқтаған Әйгерім күліп қана қымыз ұсынып, Абайды тағы өзі оятты. Абай қымыздан қолын тартып, тостағанды алмай тұрып, қабақ шытып барып, қалпына келді де, ұзақ созып: - Япыра-а-а-ай!-деп, күліп жіберді. Есік жақтағы бағанағы Иіс кемпірден бастап, барлық қартаң әйелдер: - Айналайын келінжан, өркенің ссін! - Құдай көңіліңді өсірсін… - Осы әніңмен, осы сәніңмен өт жалғаннан!…-десті. Соңғы алғысты Иіс айтып еді. Абай елең етіп, Иіске қарады да: - Апырмай, мына Иіс шешем алғысы қандай жақсы еді! Әмин деші, Әйгерім, осыған!-деді. Әйгерім аса бір сыпайы алғыс жүзімен Иіске қарап: - Әмин әже!-деп, өзі кейінірек қағылды да, Иіс кемпірді қасына шақырып ап, қымыз ұсынды. Әйгерім әні Біржанды да ұйытқандай. Ол қошемет болар деп, сыртына сыр шығарған жоқ. Тек Жиренше шыдай алмай қозғалақтап: -Жаным-ау, Әйгерімнің үні осы қызыл көмейінің үні ме, жоқ бейіс үні ме?-деп үй ішін күлдіргенде, Біржан ақырын ғана Базаралы жаққа үн қатып: - Ән салса, Әйгерім ғана салсын да!-деді.
12-жаттығу. Сөйлемдегі тыныс белгілердің қойылу себептерін түсіндіріңідер. Таң қылған мынау екі жігіт. Қазір олар Абайға күлімсіреген дос жүзбен қарайды. Шын тілеулес бейлімен, айрылмас бауырлық білдіріседі. Бұлар Жігітектің екі серке азаматы- Базаралы мен Абылғазы. Абай соларға қарап: - Жандарым-ау, арандай ашылып тұрған арыстанның аузына, сен екеуіңді кім әкеп тықты? Әлде біздің ауылдар, мен үшін сендердің ішкеніңді зәр, жегеніңді желім етті ме? Сонымен келдіңдер ме? Жөндеріңді айтшы!- деді. Базаралы, Абайдың қазір жаңылғанын айтып берді. - Сол айтқаның бір біз емес, бар Жігітекті сенің артыңнан шұбыртқандай себеп екені рас. Бірақ бұл жолы бізді ол әкеліп қайтсын. Осы абақтыда отырған сен болмай, Тәкежан болса да, сол сөз айтылар еді ғой. Бірақ Базаралы мен Абылғазы онда келмек түгіл, «қыңқ» дер ме еді. Ешкімнің сызы да, зілі де жоқ. Мына Дәркембай шалың мен қара сойыл, содыр Абылғазың «сен отырған абақтыда кең сарайдай, өкінбей отырамын!» дейді, «Қасынан қалмаймын» деп келді! – деді Дәркембай мен Абылғазы бұл сөзді екі жақтан, қатқыл салмақпен қостап кетті. - Біз үшін сен отырма! Біз жоқшы болуға жарамаймыз. Наданбыз да, дүлейміз ғой! – деп, Дәркембай бастаған. Ар жағын Абылғазы жұлап алып кетті: - Сен үшін отырамыз. Бізден не өнеді? Сен тым құрымаса елдің жылаға- нын уатарсың. Жоқшы боламын десең, еркекше ар-намысты жоқтай білсін. Бәріміздің келгеніміз сол. Сен шық, біз жатамыз!
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.022 сек.) |