АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тест тапсырмалары. 1. Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны

Читайте также:
  1. Айналым. Тест тапсырмалары.
  2. Айналым. Тест тапсырмалары.
  3. Айналым. Тест тапсырмалары.
  4. айналым. Тест тапсырмалары.
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары
  11. Тест тапсырмалары
  12. Тест тапсырмалары

1. Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны

А) жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесуі нәтижесінде пайда болған сөйлемді тексереді;

В) жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесіп, сөйлем болу жолдарын көрсетеді;

С) сөздердің тіркесу тәсілдері мен тіркесу амалдарын тексереді;

Д) сөйлем мүшелерін тексереді;

Е) күрделенген сөйлемдерді тексереді.

2. Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері

А) баяндауыш формасы, шылау сөздер, интонация, орын тәртібі;

В) есімше, шылау, дауыс ырғағы;

С) баяндауыш формасы, септік тұлғалары, орын тәртібі;

Д) көсемше, шартты рай, жіктік жалғау;

Е) зат есімнің грамматикалық категориялары арқылы.

3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

А) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі;

В) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі;

С) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып, бір-біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі;

Д) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болыпөзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі;

Е) құрамында екі не одан да көп бағыныңқысы, бір басыңқысы бар сабақтастың түрі.

4. Құрамындағы компоненттері бір-бірімен дәнекерлер арқылы байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі тіл білімінде қалай аталады?

А) гипотаксис;

В) паратаксис;

С) атрибут;

Д) адвербиал;

Е) предикат.

5. Үнемі орын тәртібі, интонация арқылы байланысатын салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А) түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем;

В) себептес салалас құрмалас сөйлем;

С) мезгілдес салалас құрмалас сөйлем;

Д) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем;

Е) мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

6. Құрамындағы жай сөйлемдері ыңғайлас, біртектес оқиға, құбылыстарды не бір мезгіл ішінде жүзеге асып жатқан іс-әрекеттерді білдіретін құрмаластың түрі

А) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем;

В) мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлем;

С) мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;

Д) талғаулы салалас құрмалас сөйлем;

Е) себептес салалас құрмалас сөйлем.

7. Үнемі жалғаулықты тұлғада қолданылатын салаластың түрлерін көрсетіңіз

А) талғаулы және кезектес;

В) ыңғайлас және мезгілдес;

С) қарсылықты және кезектес;

Д) түсіндірмелі және салыстырмалы;

Е) себептес.

8. Кезектес салаласты байланыстыратын жалғаулықтар

А) біресе, кеіде, бірде;

В) я, яки, немесе, әйтпесе, не;

С) да, да, және, әрі;

Д) сондықтан, сол себепті;

Е) бірақ, алайда.

9. Қарсылықты салалас сөйлем дегеніміз не?

А) құрамындағы компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін сөйлем;

В) бағыныңқы және басыңқы сыңарларында бір-біріне қарама – қарсы айтылған іс-әрекеттер баяндалатын сөйлем;

С) предикатив сыңарларындағы іс-әрекет, жай-күйлер таңдалып, сараланып сұрыпталып берілетін сөйлем;

Д) предикатив сыңарланыдағы іс-әрекеттер кезектесіп орындалатынын білдіретін сөйлем;

Е) құрамындағы жай сөйлемдері ыңғайлас, біртектес оқиға, құбылыстарды не бір мезгіл ішінде жүзеге асып жатқан іс-әрекеттерді білдіретін сөйлем.

10. Жалғаулығы түсірілген жағдайда бірінші компоненттен соң үтір мен сызықша қатар қойылатын құрмаластың түрі

А) қарсылықты салалас сөйлем;

В) кезектес салалас сөйлем;

С) мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем;

Д) түсіндірмелі салалас сөйлем;

Е) салыстырмалы салалас сөйлем.

11. Берілген сөйлем құрмаластың қай түрі? Келген екенсің, қондырмай жібермейміз (Мұратбеков).

А) шартты салалас құрмалас сөйлем;

В) шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;

С) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем;

Д) түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем;

Е) себептес салалас құрмалас сөйлем.

12. Берілген сөйлем құрмаластың қай түрі? Биыл көп ауыл қаралы, себебі өткен қыстың бас кезінде Ұлжан мен Оспан қайтыс болған (Әуезов).

А) себептес салалас сөйлем;

В) себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем;

С) қарсылықты салалас сөйлем;

Д) түсіндірмелі салалас сөйлем;

Е) салыстырмалы салалас сөйлем.

13. Алғашында іліктес салалас деген атпен берілген салаластың түрі

А) түсіндірмелі салалас;

В) ыңғайлас салалас;

С) қарсылықты салалас;

Д) салыстырмалы салалас;

Е) себептес салалас.

14. Үнемі жалғаулықсыз қолданылатын салаластың түрі

А) түсіндірмелі және салыстырмалы;

В) ыңғайлас және мезгілдес;

С) қарсылықты және кезектес;

Д) шартты және салыстырмалы;

Е) себептес және түсіндірмелі.

15. Тілімізде салаластың неше түрі бар?

А) 8;

В) 5;

С) 6;

Д) 7;

Е) 4.

16. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

А) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып, бір-біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі;

В) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі;

С) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі;

Д) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болыпөзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі;

Е) құрамында екі не одан да көп бағыныңқысы, бір басыңқысы бар сабақтастың түрі.

17. Сабақтасты салаластан ажырататын басты белгіні көрсетіңіз

А) басыңқы, бағыныңқылы компоненттері болады;

В) сөйлем компоненттерінің білдіретін мәні;

С) компоненттерінің баяндауыштары ортақ болады;

Д) компоненттерінің баяндауыштары бастауышымен қиыса байланысады;

Е) компоненттерінің бастауышы ортақ болады.

18. Жай сөйлемдерді сабақтастыра құрмаластыратын шылаулар:

А) дейін, шейін, соң, сайын, бері, үшін;

В) шейін, да, де, және;

С) дегенмен, алайда, бірақ;

Д) сондықтан, сол себепті, ал;

Е) дейін, шейін, өйткені.

 

19. Төмендегі сөйлем құрмаластың қай түрі? Бұлар Ділданы Абайға айттырғанда, Алшынбай ауылы күміс артқан (Әуезов).

А) мезгіл бағыныңқылы сабақтас;

В) мезгілдес салалас;

С) ыңғайлас салалас;

Д) амал бағыныңқылы сабақтас;

Е) мезгілдес салалас.

20. Жай сөйлемдерді салаластыра құрмаластыратын шылаулар:

А) дегенмен, алайда, бірақ;

В) шейін, да, де, және;

С)соң, бері үшін;

Д) сондықтан, сол себепті, ал;

Е) дейін, шейін, өйткені.

21. Қаңлы жағы Рысқұлды жақтап, олар да бір бүйірден килікті (Мұртаза). Берілген сөйлем құрмаластың қай түрі?

А) амал бағыныңқылы сабақтас;

В) себеп бағыныңқылы сабақтас;

С) мақсат бағыныңқылы сабақтас;

Д) мезгіл бағыныңқылы сабақтас;

Е) шартты бағыныңқылы сабақтас.

22. Жай сөйлемдерді сабақтастыра байланыстыратын шылаулар

А) септеуліктер;

В) жалғаулықтар;

С) демеуліктер;

Д) интонация;

Е) жалғаулар.

23. –са, -се тұлғалы шартты райдан жасалған қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз

А) Күні бойы қараса да, таба алмады.

В) Бірлік болмаса, тірлік болмас.

С) Бөлекбестың жүрісі қандай паң болса, сөзі де сондай паң.

Д) Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кірер.

Е) Көсеу ұзын болса, қол күймейді.

24. Салыстырмалы сабақтасты табыңыз

А) Еңбекті қанша істесең,табысты сонша табасың.

В) Саналы бала сағыңды сындырмас, санасыз бала жағыңды тындырмас.

С) Жан қиналмай, жұмыс бітпес.

Д) Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кірер.

Е) Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

25. Үлестес сабақтасты табыңыз

А) Радиода да ертелі-кеш ақын аты аталып, ұзақ сырлар шертілді.

В) Ол табалдырықты аттай беріп, есік алдына қалт етіп тұра қалды.

С) Осы кезде біреу залдың есігін тықылдатып, жұрттың сыңайы соған ауды.

Д) Ол жылқыны сойып болып, бұлақ жағасына тастаған ішек-қарынды іздеді.

Е) Бұл кезде орданың есігі ашылып, ояз болыспен қатар табалдырықта тұрған.

26. Бағыныңқы сыңарының баяндауышы есімше тұлғасында тұрған мезгіл бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз

А) Осы тоқао келіншек болып түскенде, Нұрым бұзау байлап, қозы бағумен жүретін бала еді.

В) Қазір алыста болғанмен, осы үйдің алғашқы иесі сізсіз.

С) Жаманмен ауыл болғанша,

Жақсымен қауым бол.

Д) Мұндағы үйлердің жалпы ұсқыны бір-біріне ұқсас болғанмен, барлық жердегідей әр шаңырақтың тағдыры әр түрлі.

27. А. Байтұрсынұлы еңбегінде “айырыңқы салалас” деген берілген салаластың түрін көрсетіңіз

А) талғаулы салалас;

В) ыңғайлас салалас;

С) мезгілдес салалас;

Д) кезектес салалас;

Е) түсіндірмелі салалас.

28. Алғашында «Сын пысықтауыш бағыныңқы» деген атпен аталған сабақтастың түрін көрсетіңіз

А) амал бағыныңқылы сабақтас;

В) мезгіл бағыныңқылы сабақтас;

С) себеп бағыныңқылы сабақтас;

Д) мақсат бағыныңқылы сабақтас

Е) көп бағыныңқылы сабақтас.

29. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз

А) Мәжит кішкене бала өзіме үйренсін деп, бала қызығатын әдемі нәрселерді сатып алып беретін.

В) Батсайы, атылас көрпелер тікшите жиналып, мамық жастықтар иін тіресіп уықтың қырына дейін жетті.

С) Кернеген ызаға шыдай алмай Елекең аузы кемсеңдеп, көзден шұбырған жасы бурыл сақалдың арасынан жүгіре жорғалады.

Д) Кіп-кішкентай боп, осы сен сөз аңдығанды қайтесің.

Е) Айнала толған проблемаларды өзіміз қолдан жасап алып, өзіміз шеше алмай жүрміз.

30. Қыстың ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазады. Сөйлем сабақтастың қай түрі?

А) мақсат бағыныңқылы сабақтас;

В) амал бағыныңқылы сабақтас;

С) мезгіл бағыныңқылы сабақтас;

Д) себеп бағыныңқылы сабақтас;

Е)шартты бағыныңқылы сабақтас.

31. Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмаластар туралы алғаш пікір айтқан ғалым

А) А. Байтұрсынұлы;

В) Қ. Жұбанов;

С) Н. Сауранбаев;

Д) С. Аманжолов;

Е) Т. Қордабаев.

32. А. Байтұрсынұлы өрнекті сөйлем деген сөйлем түрін көрсет

А) көп компонентті құрмаластар;

В) амал бағыныңқылы сабақтас;

С) сабақтас құрмалас сөйлем;

Д) себеп бағыныңқылы сабақтас;

Е) салалас құрмалас сөйлем.

33. Көп компонентті құрмаластардың пайда болуына себепкер кім?

А) айтушы;

В) жазушы;

С) суретші;

Д) мүсінші;

Е) әнші.

34. Көп құрамды құрмалас нешеге бөлінеді?

А) 3;

В) 5;

С) 6;

Д) 2;

Е) 7.

35. Теңіз көкпеңбек, құм-қайрақ жағасы алтындай сап – сары, төңірегі сыңсыған жасыл орман. Қандай сөйлем?

А) көп компонентті салалас құрмалас;

В) күрделенген сөйлем;

С) көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас;

Д) аралас құрмалас;

Е) салалас құрмалас сөйлем.

36. Коп компонентті салалас құрмаластың түрлерін көрсетіңіз

А) бірыңғай және әрыңғай қатынастағы;

В) амал және мақсат бағыныңқылы сабақтас;

С) сатылы және жарыспалы;

Д) аралас және сатылы;

Е) түсіндірмелі және салыстырмалы.

37. Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ, айналаң қапа, тым-тырыс, тыныштық. Сөйлем көп компоненттінің қай түрі?

А) бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас;

В) әрыңғай қатынастағы көп компонентті салалас;

С) сатылы көп бағыныңқылы сабақтас;

Д) жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас;

Е) аралас құрмалас сөйлем.

38. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А) Қайық оқиғасы былайша елеусіз, ауыл өмірі үшін ешқандай әсері болмаса да, бір шеті тәрбиемен ұштасып жатқандықтан, Жақыпбек бұған үлкен мән берді.

В) Мен ол келмей, ешқайда бармаймын.

С) Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып тұрды.

Д) Біз техниканы ұқыпты сақтап, баптап пайдаланамыз.

Е) Сәдір өзі ат үстінде, найзасы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар, ол да салт.

39. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз

А) Назар кітап оқып болып, сағатқа қараса, мектепке баратын уақыт болған екен.

В) Бұл сөздер көңіліне жаққандықтан, кітап сөзіндей етіп, Нұрлан есіне сақтапты.

С) Асқар Көкшеге көзін салса, ызғар жалаған бергі жақ жар қабағы қорғасын тәрізді сұрланып, күн сәулесі шағылысқан төбесіндегі қар аппақ күмістей жарқырап тұр екен.

Д) Сәдір өзі ат үстінде, найзасы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар, ол да салт.

Е) Төртінші күні көзі ішіне кіріп, жағы солып, танаулары қусырылып, ерні кезерді.

40. Жарыспалы көп бағынықылы сабақтас нешеге бөлінеді?

А) 2;

В) 3;

С) 5;

Д) 7;

Е) 4.

41. Көп компонентті салаластың құрамындағы сөйлемдердің орналасу ретін көрсетіңіз

А) басыңқы-басыңқы-басыңқы;

В) бағыныңқы-басыңқы-бағыныңқы;

С) басыңқы-бағыныңқы-басыңқы;

Д) бағыныңқы-басыңқы-бағыныңқы-басыңқы;

Е) басыңқы-бағыныңқы-басыңқы-бағыныңқы.

42. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз

А) Даладағы жұрт үйге кірсе, пештің оты сөніп, үй көрдей қараңғы екен.

В) Күн еңкейіп, кешкі жел суытыңқырап, көде түптерін жұлқылай бастады.

С) Қартқожа қайтып келсе, бір топ жігіт жиналып, ортасында біреу ән шырқап жатыр екен.

Д) Әкем жүгіре-жүгіре шаршайды, айғайлай-айғайлай даусы қарлығып, үні бітіп қалады.

Е) Аузына сәтімен түссе керек, айтқан сөзі ем болып, Күләйімнің құлақ жеген ызыңы саябырси бастады.

 

43. Ботагөз тысқа шыға келсе, бес-алты шаналы адамдар тұр, аттары терлеген, үстері қырау.Қандай сөйлем?

А) аралас құрмалас сөйлем;

В) көп компонентті салалас;

С) сатылы көп бағыныңқылы сабақтас;

Д) жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас;

44. Қазақ тіл білімінде күрделенген сөйлемді зерттеген ғалым

А) Қ. Есенов;

В) М. Балақаев;

С) Т. Қордабаев;

Д) Т. Сайрамбаев;

Е) Р. Әмір.

45. Тыныс белгісін қоюда басшылыққа алынатын принциптер

А) грамматикалық, мағыналық, интонациялық;

В) мағыналық, пунктуациялық;

С) морфологиялық, лексикалық;

Д) морфонологиялық;

Е) грамматикалық, лексикалық.

46. Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіз. Отанымыздағы бауырлас елдердің әрқайсысының әдебиет тілін, соның ішінде көркем әдебиет тілін, сөз ету – аса қиын бағалы жайдың бірі.

А) оңашаланған айқындауышқа байланысты;

В) бірыңғай мүшеге байланысты;

С) қыстырма сөзга байланысты;

Д) бағыныңқы және басыңқы сөйлемге байланысты;

Е) аралас құрмалас сөйлемге байланысты.

47. Қос нүктенің қойылу себебін көрсетіңіз. Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлайды.

А) түсіндірмелі салаласқа байланысты;

В) салыстырмалы салаласқа байланысты;

С) бірыңғай мүшеге байланысты;

Д) жалпылауыш мүшеге байланысты;

Е) төл сөзге байланысты.

48. Төлеу сөздің төл сөзден айырмашылық белгісін табыңыз

А) төлеу сөз тек хабарлау түрінде ғана айтылады;

В) төлеу сөз хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келеді;

С) төлеу сөз сөйлемнің эмоционалдық ерекшеліктерінің барлығын сақтайды;

Д) төлеу сөз сөйлемнің модальдық мәнін сақтайды;

Е)төлеу сөз көңіл-күйді білдіреді.

49. Құрылымындағы предикативтілік бөліктердің әртиптес байланыс түріне бағынып, өзара мағыналық, интонациялық тұтастықта күрделі ойды білдіретін сөйлем түрі қалай аталады?

А) аралас құрмалас сөйлем;

В) көп компонентті салалас құрмалас;

С) сатылы көп бағыныңқылы сабақтас;

Д) жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас;

Е) күрделенген сөйлем.

50. Жеке сыңарларының аралығындағы мағыналық қатынастың біртектес болып келуінен түзілген сөйлем түрі қалай аталады?

А) бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас;

В) әрыңғай қатынастағы көп компонентті салалас;

С) сатылы көп бағыныңқылы сабақтас;

Д) жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас;

Е) аралас құрмалас сөйлем.

 

Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша СӨЖОБ тапсырмалары

 

1.Құрмалас сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелуі.

2.Т.Қордабаев және құрмалс сөйлем.

3.Құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары.

4.Құрмалас сөйлем жайындағы пікір қайшылықтары.

5.Құрмалас және күрделенген сөйлем. Олардың ара қатынасы.

6.Құрмалас сөйлем және оған ұқсас конструкциялар.

7.Аралас құрмалас сөйлемнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.

8.Төл сөзді аралас құрмалас сөйлем.

9.Аралас құрмалас сөйлемнің құрамы.

10.Сөйлем соңында келетін бергілердің негізгі функциялары.

12.Оқшау сөз, оған қойылатын тыныс белгілері.

13.Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.

14.Қазақ пунктуациясының зерттелуі, қалыптасып, дамуы.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Аманжолов С. Қазақ әдеби синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994.

2. Әбілқаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. Алматы, 1956.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

4. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазқ тілі. Алматы, 1971.

5. Бабайцева В.В. Русский язык. Синтаксис и пунктуация. М., 1979.

6. Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1995.

7. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. Алматы, 1982.

8. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941.

9. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

10. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы,1995.

11. Қазақ тілінің грамматикасы. 2-бөлім. Алматы,1967.

12. Серғалиев М., Мүсірепова Б. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.

13. Шалабай Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық // Қазақ тілі мен әдебиеті. № 2. Алматы, 1975.

14. Шаукенов Қ. Синтаксис. Алматы, 1996.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.038 сек.)