АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тест тапсырмалары. 1. Мына берілген теңдеулердің қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциясының тепе-теңдік константасы мен потенциалы

Читайте также:
  1. Айналым. Тест тапсырмалары.
  2. Айналым. Тест тапсырмалары.
  3. Айналым. Тест тапсырмалары.
  4. айналым. Тест тапсырмалары.
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары
  11. Тест тапсырмалары

1. Мына берілген теңдеулердің қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциясының тепе-теңдік константасы мен потенциалы арасындағы тәуелділікті дұрыс сипаттайды?

1) T lgK = 4970 n?E; 2) ; 3) ;

4) T lgK = n?E; 5) дұрыс жауап берілмеген.

2. Мына Fe3+/Fe2+-редокс жұптың (E0Fe(Ш)/Fe(11)=+0,77 B) тотыққан және тотықсызданған түрлері концентрацияларының қатынасы қандай болғанда жүйенің реалды потенциалы оның стандартты потенциалы шамасынан төмен болады (E01 < E0)?

1) [Fe3+] / [Fe2+] = 1: 1;

2) [Fe3+] / [Fe2+] = 1: 10;

3) [Fe3+] / [Fe2+] = 10: 1;

4) [Fe3+] / [Fe2+] = 5: 2;

5) [Fe3+] / [Fe2+] = 5: 5.

3. Берілген MnO4-/ Mn2+жүйесінің реалды потенциалын қышқылдық ортада мына теңдеумен анықтауға болады:

1) ;

2) ;

3) ;

4) ;

5) .

4. Берілген тотыққан-тотықсызданған жүйелердің қайсысының потенциалдары шамасына ерітінді рН-ның өзгеруі әсер етпейді?

1) Cr2O72-/ 2Cr3+; 2) MnO4-/ Mn2+; 3) SO42-/ H2S;

4) Fe3+/ Fe2+; 5) NO3-/ NO.

5. Hg22++2e ↔2Hgoтепе-теңдігі орнаған жүйеде мына реакция бойынша Hg22++ 2Cl-↔ Hg2Cl2↓ суда нашар еритін қосылыс түзілген жағдайда (T=293 K) жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалы қайсы теңдеу бойынша анықталады?

1) E = E0 + (0,059/2) lg ЕК – 0,059 lg [Cl-];

2) E = E0 + 0,029 lg ЕК – 0,058 lg [Cl-];

3) E = E0 – 0,058 lg ЕК – 0,058 lg [Cl-];

4) E = E0 + 0,059 lgЕК + 0,058 lg [Cl-];

5) E = E0 – 0,029 lg ЕК – 0,058 lg [Cl-].

6. Ag++ e → Agoжүйеде қатты фаза (тұнба) түзілген жағдайда реалды стандартты потенциал шамасы мына теңдеумен анықталады (T = 298K):

1) E01 = E0 + 0,059 lgЕК; 2) E01 = E0 – 0,058 lgЕК;

3) E01 = E0 + 0,059 pЕК; 4) E01 = E0 – (RT/nF) 3,3 lgЕК;

5) E01 = E0 + (RT/F) 2,3 lnЕК.

7. Тотықтырғыштар ретінде қолданылатын қосылыстар қатарын анықтаңыз:

1) Na2S2O8, HNO3, Na2S2O3; 2) KJO3, PbO2, HJ;

3) K2Cr2O7, H2O2, SnCl2; 4) KMnO4, Na2CrO4, HNO3;

5) KClO3, H2S, H2SO4.

8. ClO3-ионы Cl--ионына дейін тотықсызданғанда, ClO3-/Cl-жүбының тотығу-тотықсыздану потенциалын қандай формуламен есептеуге болады?

1) ; 2) ;

3) ; 4) ;

5) .

9. Қандай жағдайда MnO4-+8H++5e↔Mn2++4H2O жартылай реакциясының потенциалы оның стандартты потенциалына тең болады?

1) aох = aRed = 1, pH = 1;

2) aох = aRed = 1, pH = 7;

3) aох = aRed (кез келген a үшін);

4) aох = aRed = 1, a(H+)= 1;

5) aох = aRed, pH = 1.

10. T=298K-да (Ox+ne ↔ Red) жүйесінің тотығу-тотықсыздану потенциалы шамасына ерітіндінің иондық күшінің әсерін дұрыс ескеретін теңдеуді көрсетіңіз:

1) ;

2) ;

3) ;

4) ;

5) .

11. Мына тотықсыздандырғыштың қайсысының тотыққан түрі ең күшті тотықтырғыш болады?

1) H2SO3 E0 (SO42-/SO32-) = +0,17B;

2) Sn2+ E0 (Sn4+/Sn2+) = +0,15B;

3) H2O2 E0 (O2/H2O2) = +0,69B;

4) Cr3+ E0 (Cr3+/Cr2+) = -0,41B;

5) Na2S2O3 E0 (S4O62-/2S2O32-) = +0,09B.

12. Темір қосылысы тотықсыздандырғыш ретінде қатысатын процестің теңдеуін көрсетіңіз:

1) Sn2+ + 2 Fe3+ ↔ Sn4+ + 2Fe2+; 2) Fe2+ + S2+ ↔ FeS↓;

3) FeO + Mg ↔ Fe + MgO; 4) 2Fe2+ + H2O2+ 4OH-↔ 2Fe (OH)3↓;

5) Fe2O3 + 3H2 ↔ 2Fe + 3H2O.

13. Сутек асқын тотығы тотықтырғыш ретінде қатысатын процестің теңдеуін көрсетіңіз:

1) 2CrO2-+ 3H2O2+ 2OH-↔ 2CrO42-+ 4H2O;

2) 2MnO4-+ 5H2O2+ 6H+↔ 2Mn2++ 5O2+ 8H2O;

3) O3+ H2O2↔ H2O + 2O2;

4) MnO(OH)2+ H2O2+ 2H+↔ Mn2++ O2+ 2H2O;

5) Ag2O + H2O2↔ 2Ag + H2O + O2.

14. Келтірілген реакциялардың қайсысы диспропорциялану реакциясына жатпайды?

1) H2O2+ H2O2↔ 2H2O + O2;

2) 4ClO3-↔ 3ClO4-+ Cl-;

3) 3Au+↔ Au3++ 2Auо;

4) 3Mn2++ 2MnO4-+ 7H2O ↔ 5MnO(OH)2↓ + 4H+;

5) дұрыс жауап берілмеген.

15. Қайсы теңдеу Zn2+/Zn↓ жұбының тепе-теңдік потенциалы мен заттың тотыққан және тотықсызданған түрлері концентрациялары арасындағы байланысты дұрыс көрсетеді?

1) ;

2) ;

3) ;

4) ;

5) E = E0 + 0,059 lg[Zn2+].

16. Тотығу-тотықсыздану реакциясының электрқозғаушы күшін (ЭҚК) қалай есептеуге болады?

1) ЭҚК = Eооx– Eоred; 2) ЭҚК = Eored– Eoox;

3) ЭҚК = Eoox+ Eored; 4) ; 5) .

17. Ерітіндіде бірмезгілде бірге жүрген иондар қандай ретпен тотығады?

(EoSo/S2-= +0,14 B; EoSO42-/SO32-= +0,17 B; E0І2/2І-= +0,536 B; EoBr2/2Br-= +1,087 B)

1) Br-, І-, SO32-, S2-; 2) S2-, І-, Br-, SO32-; 3) І-, Br-, SO32-, S2-;

4) S2-, SO32-, І-, Br-; 5) SO32-, І-, S2-, Br-.

18. AgClқат.+e ↔Agқат.+Cl-жартылай реакциясы үшін оның реалды стандартты потенциалының теңдеуін көрсетіңіз.

1) ;

2) ;

3) ;

4) ;

5) .

19. Sn2++2Fe3+ Sn4++2Fe2+реакциясы үшін тепе-теңдік орнауын сипаттайтын жағдайлар:

1) [Fe3+] = [Fe2+], [Sn2+] = [Sn4+]; 2) EоFe3+/Fe2+= EоSn4+/Sn2+;

3) EFe3+/Fe2+= ESn4+/Sn2+; 4) [Sn2+] > [Fe2+], [Sn4+] < [Fe3+];

5) [Sn2+] = [Fe2+]2, [Sn4+] = [Fe3+]2.

20. Қандай жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалы мәніне ерітінді рН әсер етпейді?

1) MnO4-/Mn2+; 2) AsO43-/AsO33-; 3) 2ІO3-/І2;

4) І2/2І-; 5) Cr2O72-/2Cr3+.

 


Тарау


Тотығу-тотықсыздану титрлеуі

10.1. Тотығу-тотықсыздану әдісінің сипаттамасы

Титрлеудің тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері тотығу-тотықсыздану реакцияларын пайдалануға негізделген. Тотығу-тотықсыздану әдісінде стандартты титрленген ерітінділер ретінде әртүрлі тотықтырғыштардың және тотықсыздандыр­ғыштардың ерітінділері қолданылады. Белгілі он мыңдаған тотығу-тотықсыздану реакцияларының ішінде титримериялық әдісте тек жылдам, аяғына шейін, қосымша реакцияға қатыспай, белгілі стехиометриялық жолмен жүретін және құрамы белгілі қосылыстар түзетін реакциялар ғана пайдаланылады. Реакция­ның толық жүрген-жүрмегенін тепе-теңдік констан­тасының (Кт) мәнімен анықтауға болады. Сандық анализде пайдаланылатын реакциялар үшін Кт≥ 108 болу керек. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағытын және олардың толық жүргенін анықтайтын мән Кт реакцияға қатысатын жүйелердің стацио­нарлы тотығу-тотықсыздану потенциалдарының айыры­мы­на байланысты (9 тарауды қара):

 

lgКт = (n×(E1 – E2) / 0,058

 

Сондықтан реакцияны аяғына дейін жүргізу үшін потен­циалдар айырымын арттыру керек. Ол үшін көп жағдайда тотығу-тотықсыздану потенциалдарына әсер ететін фактор­ларды пайдалану қажет (9 тарау). Егер тотығу-тотықсыздану жұптарыңдағы жеке компоненттердің концетрациясын өзгертсе, бұл жұптарға сәйкес потенциалдардың мәні де өзгереді, кейде реакцияның бағыты да өзгеруі мүмкін. Мысалы:

1) титриметриялық анализде мысты иодометриялық әдіспен анықтайды:

Cu2+ + 4J- → 2CuJ ↓ + J2 (10.1)

 

Бұл реакцияға катысатын Cu2+/ Cu+, J2/ 2J- жұптарының потенциалдары Е0(Cu2+/Cu+)=+0,15 В, Е0(J2/ 2J-) = +0,54В. Потенциалдардың мәніне қарағанда (10.1) реакция кері жүруі керек. Бірақ CuJ тұнбасының аз ерігіштігіне байланысты Cu+ ионының концентрациясы өте көп төмендейді:

 

Е= Е0 + 0,058ℓg([Cu2+] / [Cu+]) (10.2)

 

ЕКCuJ = [Cu+] × [J-] =1,1×10-12, ЕК теңдігінен [Cu+] = ЕКCuJ/ [J-].

Осы мәнді (10.2) теңдікке қойсақ:

 

Е= Е0 + 0,058ℓg [Cu2+] – 0,058ℓg (ЕКCuJ/ [J-]) = Е0-0,058ℓg ЕКCuJ + 0,058ℓg [Cu2+] × [J-] = Е01 + 0,058ℓg [Cu2+] × [J-]

 

Е01= Е0-0,058ℓg ЕКCuJ = 0,15-0,058 ℓg10-12= 0,15+0,70=0,85 В.

 

Е(Cu2+/ Cu+) = 0,85 В > Е(J2/ 2J-) = +0,54В – болғандықтан (10.1) реакция оң бағытта жүреді.

2) аммиактік ортада Со(II) мөлшерін K3[Fe(CN)6] ерітін­дісімен титрлеп анықтауға болады. Со3+/Со2+ жүйесінің потен­циалы Е0 (Со3+/Со2+) =1,81 В. Бұл потенциалдың мәні оттегінің потенциалынан (Е022О) =1,23 В) артық болғандықтан Со3+ ионы судағы ерітіндіде өте тұрақсыз және ол:

4Со3++2Н2О → О2+4Н++ 4Со2+

реакциясы бойынша суды тотықтырады. Ал аммиакты ерітіндіде кобальт иондары комплекс түзеді де ([Со(NН3)6]3+, [Со(NН3)6]2+), бұл комплекстік қосылы­стардың тұрқтылығында өте көп айырмашылық болғандықтан жүйенің потенциалы көп мәнге азаяды:

 

Е([Со(NН3)6]3+/[Со(NН3)6]2+)=1,81+0,058ℓg(а ох/ а red)+0,058ℓg(Сохred)

 

Е01= 1,81 + 0,058 ℓg (β[Со(NН3)6]2 +/ β[Со(NН3)6]3+) =

=1,81+ 0,058 ℓg (104/ 1035) =1,81 + 0,058(-31) =1,81-1,80=0,01В.

 

Е([Fe(CN)6]3- / [Fe(CN)6]4-) = 0,36 В

 

Со(NН3)6]3+ / Со(NН3)62+ жұбының потенциалы [Fe(CN)6]3-/[Fe(CN)6]4- жұбының потенциалынан төмен болғандықтан титрлегенде мынандай реакция жүреді:

 

Со(NН3)62+ + Fe(CN)63- ↔ Со(NН3)6]3+ + Fe(CN)64-

 

Көптеген тотығу-тотықсыздану реакциялары баяу жүреді, олардың жылдамдығы титриметрияға қажетті жылдамдыққа сәйкес келмейді. Мұндай жағдайда реакцияны жылдамдату амалдарын жасау керек:

 

1. Қыздыру.

Мысалы, сурьма (III) бромат-ионымен тұз қышқылы ортасында комнатты температурада өте баяу тотығады. Егер температураны 70-80˚С –қа дейін көтерсе, реакцияның жылдамдығы жеткілікті мөлшерге дейін артады. Осыған байланысты сурьманы броматометриялық әдіспен анықтауға болады:

 

3Sb (III) + BrO- 3 + 6H+ = 3 Sb (V) + Br- + 3H2O

 

2. Ерітіндінің қышқылдығын өзгерту. Мысалы, перманганатометрия, хроматометрия әдістері МnO4- пен Cr2O72- иондарының қышқылдық ортадағы тотықтырғыш әсеріне негізделген:

 

МnO4- +5e + 8Н+ = Мn2+ + 4H2O

Cr2O72- +6e + 14Н+ = 2Cr2+ + 7H2O

 

3. Катализаторлар пайдалану.

Мысалы, церийді екі зарядталған темірдің стандартты ерітіндісімен титрлеу үшін Се3+ иондарын K2S2O8 ерітіндісімен катализатор ретінде Ag+, не Со2+ иондарын пайдаланып Се (IV) –ке дейін тотықтырады. Персульфат күміс (I) ионын күміс (II) –ге дейін тотықтырады. Күміс (II) церий (III) ионын церий (IV) –ке дейін тотықтырады, пайда болған күміс (I) тағы персульфатпен тотығады да, цикл қайталанады:

 


 

 

S2O8-

Ag+ Ag2+

 

 

Ag2+ + Се3+ Се4+ + Ag+

 

Артық қалған персульфатты ерітіндіні қайнатып бұзады:

 

2 S2O8- + 2H2O → 2 SO42- + О2 + 4Н+

Содан кейін: Се (IV) + Fe2+ → Се3+ + Fe3+

 

Кей жағдайда катализатор реакцияның нәтижесінде пайда болады (автокатализ). Алғашқыда:

 

5 C2O42- + 2 МnO4- + 16Н+ = 2Мn2+ + 8H2O + 10СО2

 

реакциясы өте баяу жүреді. Жүйеде Мn2+ ионының белгілі мөлшері пайда болғанда реакцияның жылдамдығы артады, себебі Мn2+ ионы МnO4- -пен әрекеттесіп аралық Мn3+ және МnO2+ иондарын түзеді, ал бұл иондар оксалат анионын тотықтырады.

 

Мn2+ + МnO4- → МnO2+ + МnO3-

Мn2+ + МnO3- → МnO2+ + МnO2-

МnO2- +4Н+ → Мn3+ + 2H2O

 

Пайда болған аралық бөлшектер оксалат анионымен әрекеттесіп:

МnO2+ + C2O42- → Мn2+ + СО2

Мn3+ + C2O42- → Мn2+ + СО2

реакцияны жылдамдатады.

Реакция нәтижесінде пайда болатын химиялық активті, косымша реакцияларға қатыса алатын аралық қосылыстар анализді күрделендіреді. Мысал ретінде темірді перманганатометриялық жолмен анықтауды қарастыруға болады:

5 Fe2+ + МnO4- + 8Н+ → 5Fe3+ + Мn2+ + 4H2O (10.3)

 

Бұл реакцияны тұз қышқылы қатысында жүргізгенде пермаганаттың шығыны күкірт қышқылды ортада жүргізгеннен көп болады. Оның себебі перманганаттың бір бөлігі хлор-ионын тотықтыруға жұмсалады:

 

2MnO4- + 10Cl- +16H+ → 2Мn2+ +5Cl2 + 8H2O (10.4)

 

Ерітіндіде темір (II) болмағанда /10.4/ реакция жүрмейді. Өз бетімен жеке жүрмейтін, бірақ басқа бір реакция жүргенде сонымен қоса жүретін реакцияны Н.А. Шилов индуцирленген, не қатарласқан реакция деп атады. Темір (II) мен перманганат әрекеттескенде марганецтің тұрақсыз аралық тотығу дәрежесі бар иондары пайда болады: Mn(VI), Mn(IV), Mn(III). Бұл химиялық активті бөлшектер темір (II) иондарымен қатар хлор-иондарымен де бос хлор (CI2) түзіп әрекеттеседі. Пайда болған CI2 газ түрінде ерітіндіден ұшып кетеді, сондықтан тұз қышқылды ортада реакцияға перманганаттың артық мөлшері жұмсалады. Ерітіндіде Mn (III) –пен тұрақты комлекс түзетін сульфат-, фосфат-иондары жүрсе, Mn(III)/Mn(II) жұбының потенциалы Mn(III) пен хлор-иондарының арасында реация жүрмейтін мәнге дейін кемиді, бірақ бұл мән Fe(II)- ні Fe(III)-ке дейін тотықтыруға жеткілікті. Индуцирленген реакция Mn(II) иондары көп мөлшерде жүрсе де басылады. Сондықтан Fe(II) иондарын фосфор қышқылы, күкірт қышқылы, марганец сульфаты қоспаларының қатысында перманганатпен титрлесе, хлорид-ионының қатарласып тотығу реакциясы жүрмейді және титрлеу дұрыс нәтиже береді.

Қазіргі уақытта 50-ден артық тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері белгілі. Көбінесе әдіс пайдаланылатын тотықтырғыш­тың атымен аталады. Мысалы, перманганатометрия-титрант KMnO4 ерітіндісі, дихроматометрия-титрант K2Cr2O7 ерітіндісі, иодометрия- титрант I2 мен Na2S2O3 ертінділері, броматометрия-титрант KBrO3 ерітіндісі, цериметрия-титрант Ce(SO4)2 ерітін­дісі т.б.

Tотығу-тотықсыздану титрлеуін тікелей, кері, орынбасу тәслідерімен жүргізуге болады.

10.2. Tотығу-тотықсыздану индикаторлары

Tотығу-тотықсыздану әдісінде екі түрлі индикаторлар белгілі 1) спецификалық (арнайы) индикаторлар-титрлеуге қаты­сатын бір компонентпен химиялық реакцияға қатысатын зат және 2) жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциялының өзгеруіне сезімтал тотығу-тотықсыздану индикаторлары.

Ең белгілі спецификалық индикатор крахмал болып есептелінеді. Крахмал үшиодид (I3-) ионымен қою-көк түсті комплекс түзеді. Осы комплекстің пайда болуы реакцияның нәтижесінде иодтың бөлінуі, не жұмсалуына негізделген титрлеудің соңғы нүктесін анықтауға мүмкіншілік береді. Тағы да бір спецификалық индикатор - ол калий роданиді. Роданидтің қатысында темір(III) ионын титан(III) сульфаты ерітіндісімен титрлеуге болады. Титрлеудің соңғы нүктесі темір(III)-роданид комплексінің қызыл бояуының жойылуына сәйкес келеді.

Титрант ретінде KMnO4 ерітіндісін пайдаланғанда индика­тор ролін титранттың өзі атқарады. Титрлеудің аяғына жеткенде KMnO4-тің құйылған артық мөлшері ерітіндіні қызғылт түске бояйды.

Tотығу-тотықсыздану индикаторлары-жүйеде белгілі тоты­ғу-тотықсыздану потенциалы пайда болғанда тотығып, не тотықсызданып түсін шұғыл өзгертетін заттар.

Индикатордың жартылай реакциясын былай жазуға болады:

 

Indox+ne=Indred

 

егер индикаторлық реакция қайтымды болса:

 

E=E0+(0.059/n)·lg·([Indox]/[Indred])

Индикатордың бір түрінің бояуының екінші түрінің бояуы­на өзгеруі оның екі түрінің концентрацияларының бір-біріне қатысы ([Indox]/[Indred]) · 1/10, не 10/1 тең болғанда көрінеді. Бұл мәндерді Нернст теңдеуіне қойып индикатордың түсін толық өзгерту жағдайын, яғни түсін өзгерту аралығын табуға болады:

 

E=E0+(0.059/n) ·lg10-1=E0- 0.059/n (Indred бояуы)

E=E0+(0.059/n) ·lg10=E0 + 0.059/n (Indox бояуы)

 

Сондықтан индикатордың түсін өзгерту аралығы:

 

DE=E0 0.059/n.

Индикатордың түсін өзгерту потенциалы оның стандартты потенциалына байланысты. 10.1 – кестеде кейбір индикатор­лар­дың сипаттамалары берілген.

 

10.1 – кесте

Кейбір жиі пайдаланылатын тотығу-тотықсыздану индикаторлары

Индикатор Бояуы Стандартты потенциал Е0, В   Жағдайы
Тотыққан түрі Тотықсыздан-ған түрі
Темірдің 5-нитро-1,10-фенантролинаты Көк қызыл +1,25 IM H2SO4
2,3-дифениламино-карбон қышқылы күлгін түссіз +1,12 7-10M H2SO4
Фенилантронил қышқылы қызыл түссіз +1,08 IM H2SO4
Дифениламин Көк түссіз +0,76 IM H2SO4
Метиленді көк Көк түссіз +0,53 IM қышқыл

 

Tотығу-тотықсыздану индикаторлары ішінде өзінің түсін потенциал өзгергенде қайтымды өзгертетін индикаторлар және қайтымсыз тотығатын, не тотықсызданатын индикаторлар да бар. Жиі пайдаланылатын қайтымды индикаторлардың бірі – дифениламин (ДФА). Дифениламин алғашқыда тотықтырғыш­тардың әсерінен қайтымсыз түссіз дифенилбензидинге дейін тотығады:

2C6H5-NH- C6H5 C6H5-NH-C6H4- C6H4-NH- C6H5

дифениламин (түссіз) дифенилбензидин (түссіз)

 

Содан кейін қайтымды тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысып көк түсті дихинондиамин түзеді:

 

C6H5-NH-C6H4-C6H4-NH-C6H5 C6H5-N=C6H4=C6H4=N-C6H5

дифенилбензидин (түссіз) дихинондиамин (көк)

 

Бұл реакция күшті қышқыл ортада (pH O) қайтымды, E0=+0.76 B.

Индикатордың түсін өзгерту аралығы:

 

E1=0.76-0.059/2=0.73 B, E2=0.76+0.059/2=0.79 B.

 

Титрлеуге 0,5 г дифениламиннің 100 мл концентрлі күкірт қышқылы мен 20 мл судың қоспасында еріген ерітіндісі пайдаланылады.

Фенилантронил қышқылы (ФАҚ)–дифениламиннің карбонилді туындысы, Е0=1,08 В. Индикатордың түсін өзгерту аралығы Е1 Е2=1,02 1,14 В.

 

C6H4СООН-NH- C6H4+ C6H4СООН-N=С6Н5

Түссіз көк

 

Индикатордың 0,005 М натрийлі тұзындағы сулы ерітіндісі пайдаланылады.

Tотығу-тотықсыздану индикаторы ретінде темір (II)-дің орта-фенилантронилді комплексі (ферроин) де қолданылады. Индикатор ретінде осы лигандтың басқа туындыларымен түзетін комплекстері де пайдаланылады.

Tотығу-тотықсыздану титрлеуін жүргізгенде таңдап алған индикатордың түсін өзгерту аралығы титрлеу қисығының эквивалентті бөлігіне сәйкес келуі керек.

 

10.3. Титрлеу қисығы

Tотығу-тотықсыздану титрлеу қисығын (Е-V) кордина­тында құрады, себебі тотығу-тотықсыздану жүйесінің потенциалы Нернст теңдігі бойынша концентрациялардың қатысының логарифміне тәуелді. Титрлеу қисығын (Е-V) координатында құру қисықтың эквивалентті бөліміне сәйкес потенциал аралығын табуға мүмкіндік береді, осыған сәйкес қажетті индкаторды таңдап алу жеңілденеді.

Титрлегенде титрант пен анықтайтын заттың тотығу-тотықсыздану жұбына сәйкес потенциалдары өзгереді:

 

E=E0+(0.058/n) ·lg( / )

 

Мысалы, 25,00 мл 0,100М FeSO4 ерітіндісін 0.100М Ce(SO4)2 ертіндісімен титрлеуін қарастырайық. Тотығу-тотықсыздану титрлеуінде титрлеу қисығының алғашқы нүктесін есептемейді, оның себебі ерітіндіде анықтайтын заттың бірақ түрі жүреді (Fe2+), ал екінші түрінің концентрациясы өте аз және белгісіз. Сондықтан потенциалды титрантты құйғаннан кейін ғана есептей бастайды.

Титрлегенде жүретін реакция:

 

Fe2++Ce4+ ® Fe3++Ce3+

Эквивалентті нүктеге дейін жүйенің потенциалы титрлейтін зат жұбының (Fe3+/ Fe2+) потенциалымен анықталады:

 

E=E0+(0.058/n)·lg( / )

 

Ерітіндіге титранттың 1,00 мл құйсақ нәтижесінде (эквивалентінің молярлы концентрациялары тең болғандықтан) сонша мл Fe3+ пайда болады:

 

= VСе4+ × ССе4+ =1,00 мл × 0,100М;

= =25,00×0,100-1,00×0,100=24,00×0,100; / =1,0/24,0;

Е= 0,77+0,058×lg(1,0/24,0)=0,69 В.

 

Титрлеу нәтижесі 10,2 кестеде келтірілген.

Эквивалентті нүктеде жүйенің потенциалы ерітіндіде жүрген екі тотығу-тотықсыздану жұбының потенциалымен анықталады: Fe3+/Fe2+ және Се4+/Се3+. Сондықтан бұл потенциал екі жұптың потенциалдарының қосындысына сәйкес болады:

Е(Ғе3+/Ғе2)++Е(Се4+/Се3+)=Е0(Ғе3+/Ғе2+)+0,058 lg×( / )+

0(Се4+/Се3+)+0,058 lg×( / )=

0(Ғе3+/Ғе2+)+Е0(Се4+/Се3+)+0,058lg×( / )×( / ).

 

Титрлеудің кез-келген нүктесінде = , ал эквивалентті нүктеде = . Осыдан:

 

( / )*( / )=1,2Е= Е0(Ғе3+/Ғе2+)+ Е0(Се4+/Се3+), себебі lg1=0

Еэ.н.= [(Е0(Ғе3+/Ғе2+)+ Е0(Се4+/Се3+)]/2=(0,77+1,44)/2=1,105 В.

 

Күрделі тотығу-тотықсыздану жүйесін алсақ, мысалы:

 

5Ғе2++МnО-4+8Н+ 5Ғе3++Мn2++4Н2О (10.5)

 

Е(Ғе3+/Ғе2+)= Е0+0,058lg( / )

E(MnO /Mn2+=E0+(0.058/5)lg( * 8/ )=E0-

-0.058/5×8pH+(0.058/5×)lg( / )=

=E01+(0.058/5)×lg( / );

E01= E0-(0.058/5)×8pH.

 

Екінші теңдікті бір электронға келтірсек:

5E(MnO /Mn2+)=5Е +0,058 lg( / )

6Е=Е0(Ғе3+/Ғе2+)+5Е +0,058lg·( / )·( / ); Эквивалентті нүктеде (10.5) реакциясы үшін: [Fe2+]=5[MnO ], [Fe3+]=5[Mn2+], сондықтан:

6Е= Е0(Ғе3+/Ғе2+)+5Е , Е= (Е0(Ғе3+/Ғе2+)+5Е )/6, не жалпы түрде:

Еэ.н.= (n1·E +n2·E )/(n1+n2).

 

Эквивалентті нүктеден кейін ерітіндіде титранттың тотығу-тотықсыздану жұбы пайда болады – Се4+/Се3+, жүйенің потен­циалы осы жұптың потенциалымен анықталады:

 

Е =Е0+0,058 lg*( / ) (10.6)

 

Бұл жұптың тотықсызданған түрінің (Cе3+) концентрациясы өзгермей, ал тотыққан түрінің (Cе4+) концентрациясы титранттың көлемі артқан сайын өседі. Ерітіндіге титранттың 26,0 мл құйдық дейік:

=25,00·0,100;

=CСе4+·VСе4+-CҒе2+·VҒе2+=(26,00·0,10-25,00·0,10)=1,00·0,100=0,100 М.

 

Табылған мәндерді (10.6) теңдікке қойсақ:

Е=1,44+0,058lg(1,00·0,100/25,00·0,100)=1,44+0,058lg(1,00/25,00)=1,36 В.

 

Тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығының бір ерекшелігі – эквивалентті бөлік көп жағдайда ерітіндінің сұйытылуына бай­ла­­ныс­ты емес. Нернст теңдеуіне заттың тотыққан және тотық­сыз­данған түрлерінің концентрацияларының қатынасы кіреді.

 

 

10.2. – кесте

25,00 мл 0,100М FeSO4 ерітіндісін 0.100М Ce(SO4)2 ерітіндісімен титрлеу нәтижелері. Е0(Ғе3+/Ғе2+)=0,77В, Е0(Се4+/Се3+)=1,44В

Титранттың көлемі, V мл / / Е,В
1,00 4*10-2 --- 0,69
20,00 4*00 --- 0,80
24,00 2,4*10 --- 0,85
24,90 2,49*102 --- 0,91
24,99 2,50*103 --- 0,97
25,00 --- --- 1,10
25,01 --- 4,0*10-4 1,24
25,10 --- 4,0*10-3 1,30
26,00 --- 3,84*10-2 1,36
30,00 --- 1066*101 1,41

 

10.1 – суретте келтірілген титрлеу қисығы индикаторды дұрыс таңдап алуға мүмкіндік береді. 10.2 кесте мен 10.1 суреттен қисықтың эквивалентті бөлімі 0,97В 1,24В аралығында жатыр, сондықтан индикатор ретінде фенилантронил және 2,3-дифениламин-карбон (Ет0=+1,12 В) қышқылдарын алуға болады, ал дифениламин титрлеуге жарамайды.

10.1 – сурет. 25,00 мл 0,100 М FeSO4 ерітіндісін 0.100 М Ce(SO4)2 ерітіндісімен титрлеу қисығы.

 

Кей жағдайда комплекс­түзетін реактивті пайдаланып титрлеу қисығының эквива­лент­ті бөлімін қажетті жаққа ығыстыруға болады. Мысалы Ғе2+ерітіндісін Cr2O ерітіндісімен титрлегенде дифениламинді индикатор ретінде пайдалануға болмайды, себебі дифениламин өзінің түсін эквивалентті бөлімге (0,95 1,30В) кірмейтін потенциалда өзгертеді. Егер ерітіндіге Ғе3+ ионымен тұрақты комплекс беретін фосфор қышқылын қосса (H3 ) Fe3+/Fe2+ жұбының потенциалы 0,53В-қа дейін төмендейді. Осыған сәйкес титрлеу қисығының эквивалентті бөлімі кеңейеді де (0,68-1,33В аралығына дейін), дифениламиннің түсін өзгерту потенциалы (0,76В) қисықтың эквивалентті бөліміне кіреді. Сондықтан Ғе2+-ті бихроматпен фосфор қышқылы қатысында титрлесе индикатор ретінде дифениламин алынады.

10.4. Тотығу-тотықсыздану титрлеуіндегі индикаторлық қателер

Тотығу-тотықсыздану титрлеуіндегі индикаторлық қателер титрленудің соңғы нүктесі (т.с.н.) мен эквивалентті нүктенің (э.н.) сәйкес келмеуіне байланысты. Титрлеудің соңғы нүкте­сіндегі потенциал тотығу-тотықсыздану индикаторының потенциалына тең деп алынады. Индикаторлы қатені есептеу үшін реакцияласатын тотығу-тотықсыздану жүйелерінің стандартты потенциалдарын, (Eox/Red) эквивалентті нүктедегі потенциалды (ЕЭ.Н) және тотығу-тотықсыздану индикаторының түсін өзгерту аралығына сәйкес потенциалдарды (E ) білу керек. Реакцияласатын жүйелердің потенциалдарын пайдаланып ЕЭ.Н мәнін есептейді. Индикатордың потенциалын (Е ) анық­тамалық кестелерден табады. ЕЭ.Н мен E мәндерін салыстыр­ып қатенің таңбасын және т.с.н. есептеуге қажетті тотығу-тотықсыздану жұбын анықтайды. Содан кейін заттың тотыққан және тотықсызданған түрінің қоспасын 100 0/0 деп алып, артық титрленген, не титрленбей қалған заттың процентік мөлшерін табады. Индикаторлық қате (0,1-0,2)0/0-тен аспаса, не қатынасы 103-не тең, не одан үлкен болса индикатор титрлеуге дұрыс таңдап алынған, деп есептеледі.

Мысалы, FeSO4 ерітіндісін K2Cr2O7 ерітіндісімен дифениламин (ДФА) индикаторы қатысында титрлеудің индикаторлық қатесін табайық:1) ерітіндіге Н3РО4 қосылмаған 2) ерітіндіге Н3РО4 қосылған жағдайларда.

Титрлеудің жартылай реакциялары:

 

Ғе3++ Ғе2+, Е0(Ғе3+/Ғе2+)=0,77В, n=1

Cr2O +14Н++6 2 Cr3++7Н2О, E0(Cr O /Cr )=1.33B, n=6

E0ДФА=0,76В, түсі ауысу аралығы (0,73+0,79) В.

 

1) Н3РО4 қоспай титрлегенде:

ЕЭ.Н.=(0,77+1,33·6)/(1+6)=1,25В

Қатенің таңбасы «-». ЕЭ.Н.> E0ДФА, 1,25>0,76В. Ғе2+ аяғына дейін титрленбей, яғни э.н.-ге дейін индикатор өзінің түсін өзгертеді. Т.с.н.-не сәйкес / қатынасын табамыз:

 

ЕТ.С.Н.= E0ДФА=0,79В = Е0Ғе3+/Ғе2++0,058 lg( / )=0,77+0,058 lg( / ),

 

бұдан lg( / )=0,79-0,77/0,058=0,3; / =100,3=2.

Сондықтан =2 ; + =100%, енді пропорция құрып қатені табамыз:

( + )------100%

----c%

c= ·100/( + )= ·100/(2 + )=100/3=33%

 

2) Н3РО4 қосып титрлегенде: Е(Ғе3+/Ғе2+)=0,53В; ЕЭ.Н.=(0,53+6·1,33)/7=0,93В.

Қатенің таңбасы «-». ЕЭ.Н.> E0ДФА, 0,93В>0,76В.

ЕТ.С.Н. = E0ДФА =0,79=0,53+0,058 lg / ;

lg( / )=0,79-0,53/0,058=4,4; / =104,4; =104,4·

( + )------100%

----c%

c= *100/( + )=

= *100/( + *104,4)=100/1+104,4=0,004%

 

10.5. Әдістің практикада қолданылуы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.064 сек.)