|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тест тапсырмалары. 1. HNO2 ерітіндісіндегі H+- иондары концентрациясын есептеуде қандай теңдеуді пайдалануға болады?
1. HNO2 ерітіндісіндегі H+- иондары концентрациясын есептеуде қандай теңдеуді пайдалануға болады? 1) 4) 2. Мына негіздердің қйсысы ең әлсіз болып табылады? С2О42-; NH3; CH3NH2; PO43-; Ac- 1) C2O42-(pKв= 9,73); 2) NH3(pKв = 4,75); 3) CH3NH2(pKв= 3,28); 4) PO43-(pKв = 12,38); 5) Ac-(pKв= 9,25). 3. Жалпы НА формуласымен көрсетілген әлсіз қышқыл ерітіндісінің рН-ы қайсы теңдікпен анықталады? 1) pH = 3) pH = 5) pH = 4. Мына қосылыстардың қайсысы сулы ерітіндіде амфолит болады? 1) C2O42-; 2) H2S; 3) H2PO4-; 4) PO43-; 5) HCN. 5. Ацетатты буфер (CH3COOH+CH3COONa) ерітіндісінде H+-иондарының концентрациясы қандай теңдеумен есептеледі? 1) 2) 3) 4) [H+] = KW/[OH-]; 5) [H+] = CHAс. 6. MeOH сияқты суда еритін әлсіз негіздердің қасиетін қандай жауап дұрыс сипаттайды? 1) 3) pH = 14 + (1/2)pK (1/2)lgC; 4) pOH = pK + lgC; 5) дұрыс жауап берілмеген. 7. Күкіртті қышқыл ерітіндісінде сутек иондарының концентрациясын қандай теңдеумен анықтауға болады: (K1= 1,7 х 10-2; K2= 6,2 х 10-8) 1) 4) 8. CH3COONa тұзы ерітіндісінде OH--иондарының концентрациясы қандай теңдеумен есептелінеді: 1) 4) [OH-] = K a. CT; 5) 9. Аммиактың сулы ерітіндісіндегі H+-иондарының концентрациясын қандай теңдеумен есептеуге болады? ( 1) 3) 5) дұрыс жауап берілмеген. 10. 100 мл 0,1М CH3COONa және 100 мл 0,1M CH3COOH ерітінділері араластырылған. Түзілген ерітіндінің рН нешеге тең? ( 1)5,0; 2) 1,0; 3) 3,0; 4) 7,0; 5) 8,0. 11. C6H5COOH қышқылына мына қосылыстардың қайсысы қосарланған негіз болады? 1) NH3 сұйық; 2) C6H5NH2; 3) C6H5COO-; 4) C5H5N; 5) (C2H5)2NH. 12. Мына қышқылдармен: 1) NH4+; 2) H2CO3; 3) H2C2O4; 4) H2PO4-; 5) H2S қосарланған ең әлсіз негізді көрсетіңіз: 1) NH3 (pKв= 4,75); 2) HCO3-(pKв= 7,75); 3) HC2O4-(pKв = 12,75); 4) HPO42-(pKв= 6,88); 5) HS-(pKв= 7,08). 13. Буферлік қасиетке құрамы төмендегідей жүйе ие: 1) HCl және NaCl; 2) NaOH және Na2SO4; 3) CH3COOH және CH3COONa; 4) CH3COOH және HCOOH; 5) NH4NO3және NH4Cl. 14. Бренстед-Лоуридің протолиттік ілімі тұрғысынан келтірілген қосылыстар қатарының қайсысы сулы ерітіндіде қышқыл болады? 1) HF, F-, CO32-, Fe(H2O)63+; 2) NH3, H2S, H2O, NH4+; 3) HNO2, J-, Br-, Cl-; 4) HPO42-, H2PO4-, H3PO4, OH-; 5) HSO4-, NH4+, Al(H2O)63+, H2SO4. 15. Бренстед-Лоуридің протолиттік ілімі тұрғысынан келтірілген қосылыстар қатарының қайсысы сулы ерітіндіде негіз болады? 1) F-, Cl-, Br-, J-; 2) H2SO4, HSO4-, SO42-, S2-; 3) Al(H2O)63+, Al(H2O)53+, HNO3, NH3; 4) O2-, OH-, H2O, HClO4; 5) J-, HJ, Cl-, HCl. 16. Келтірілген реакциялардың қайсысы автопротолиз реакциясы болып табылады? 1) CH3COO-+ H2O ↔ CH3COOH + OH-; 2) NH3+ H2O ↔ NH4++ OH-; 3) NH4++ H2O ↔ NH3+ H3O+; 4) CH3COOH + CH3COOH ↔ CH3COO-+ CH3COOH2+; 5) NH4++ CH3COOH ↔ NH3+ CH3COOH2+. 17. Бренстед-Лоуридің протолиттік ілімі бойынша қосарланған қышқылдар мен негіздер арасындағы сәйкестік келтірілген теңдеулердің қайсысында дұрыс көрсетілген? 1) NH3+ CH3COOH ↔ NH4++ CH3COO-; қ-л.1 нег.2 қ-л.2 нег.1 2) H3O++ NH3↔ NH4++ H2O; нег.2 қ-л.1 нег.1 қ-л.2 3) CH3COOH + OH-↔ H2O + CH2COO-; қ-л.1 нег.2 қ-л.2 нег.1 4) HCO3-+ OH-↔ H2O + CO32-; қ-л.1 нег.2 нег.1 қ-л.2 5) HCl + NH3↔ Cl-+ NH4+. қ-л.1 нег.2 қ-л.2 нег.1 18. Қышқылдық сулы ерітінді үшін дұрыс теңдеу: 1) [H+] > 10-7> [OH-]; 2) [OH-] > 10-7 > [H+]; 3) [H+] = 10-7= [OH-]; 4) [H+] > 10-14< [OH-]; 5) [H+] = 10-14= [OH-] 19. Әр қайсысы амфолит бола алатын қосылыстар қатарын көрсетіңіз: 1) HCO3-, H2PO4-, H2O; 2) CO32-, HPO42-, NH3; 3) HSO4-, PO43-, NH4+; 4) HSO3-, S2-, H2BO3-; 5) PO43-, HPO42-, H2PO4- 20. Судың автопротолиз процесін қайсы сызбанұсқа мейлінше дәл бейнелейді? 1) H3O+ ↔ H+ + H2O; 2) OH-+ H2O ↔ H3O++ O2-; 3) 2H2O ↔ H3O+ + OH-; 4) су автопротолиздену реакциясына түспейді; 5) 2H++ O2-↔ H2O. Тарау Қышқыл-негіздік титрлеу 6.1. Қышқыл-негіздік титрлеудің мәні Қышқылды-негіздік титрлеу қышқылдар мен негіздердің арасындағы реакцияларға негізделген.
Пайдаланатын титрантка байланысты бұл әдісті алкалиметрия (титрант-негіз) және ацидиметриялық (титрант-қышқыл) титрлеу деп екіге бөлуге болады. Ацидиметриялық титреу күшті, әлсіз негіздерді, негіздік тұздарды, негіздік қасиет көрсететін әлсіз қышқылдардың тұздарын т.б. анықтауға қолданылады. Алкалиметриялық титрлеумен күшті және әлсіз қышқылдарды, қышқыл тұздарды, қышқылдық қасиет көрсететін әлсіз негіздердің тұздарын т.б. анықтайды. Протолиттік реакциялар титриметриялық анализде пайдалынатын реакцияларға қойылатын шарттарға толық жауап береді. Реакция жылдам, белгілі стехиометриялық қатынаста жүреді. Қышқылды не негізді титрлегенде Ка және Кв мәніне байланысты реакция аяғына дейін жүретін жағдайды жеңіл жасауға болады. Ал эквиваленттік нүктені анықтауға жиі қышқылды-негіздік индикаторлар пайдаланылады, сонымен қатар кейбір физика-химиялық әдістерді де пайдалануға болады – потенциометрия, кондуктометрия, амперометрия, фотометрия т.б.
6.2. Қышқыл-негіздік индикаторлар Қышқылды-негіздік индикаторлар – суда әлсіз протолиттік қасиет көрсететін органикалық қышқылдар HInd мен негіздер Ind. Қышқылдық индикаторлар:
Негіздік индикаторлар:
рКа, рКв – индикатордың қышқылдық және негіздік константаларының көрсеткіштері. Индикатордың ионизацияланбаған түрінің түсі мен ион түрінде жүретін бөлшектерінің түсінің арасында айырмашылық болады. Егер
рН=pKинд тең индикатордың көрсеткішін титрлеу көрсеткіші (рТ) деп белгілейді. Бұл нүктеде индикатордың 50 % қышқылдық, 50 % негіздік түрінде жүреді, яғни титрлеу көрсеткіші индикатордың екі түрінің концентрациясы бір-біріне тең жағдайға сәйкес рН- пен анықталады. Әдетте адамның көзі екі боялған заттың қоспасынан жуық мәнмен 10 есе артық мөлшерде жүрген түрінің бояуын көреді. Егер
Индикатор өзінің түсін 6.1. – кесте
Индикаторлардың түсінің өзгеруі олардың құрамындағы бір хромофорлы топшаның екінші хромофорлы топшаға айналуында. Мысалы, метилоранж индикаторының сілтілік ортадағы құрамы:
Бұл қосылыстың бояуы хромофорлы азотопшасына (–N=N–) байланысты. Протонды қосып алғанда, яғни негіздік түрінен қышқылды түріне ауысқанда хромофорлы хиноидты топша пайда болады:
Не фенолфталеин индикаторының түссіз қышқылдық түрінен боялған негіздік түріне ауысуы жаңа хромофорлы, көрінетін жарықтың спектрлерін жұтатын хиноидты топшаның пайда болуында:
Кей жағдайда бір индикатордың орнына екі индикатордың қоспасын, не индикатор мен бояғыштың қоспасын алған тиімді. Мысалы, метилоранж бен индигокармин қоспасы ерітіндінің рН 4 болғанда сұр түсті, бұдан қышқылдау ортада ол күлгін түске ауысады. Мұндай индикаторды дайындау үшін 1 г метилоранжды 2,5 г индигокарминмен араластырып 1 л суда ерітеді. Қышқылды-негіздік индикаторлар мынандай шарттарға жауап берулері керек: олар сезімтал, екі түрі ашық боялған, бояуының ауысу аралығы кішкентай, екі түрінің арасындағы тепе-теңдік тез орнайтын болуы керек. 6.3. Қышқыл-негіздік титрлеу қисықтары Титриметриялық әдісте таңдап алған реакцияларды титриметриялық анализде пайдалануға бола ма, болса эквивалентті нүктені анықтауға қандай индикатор сәйкес келеді деген сұрақтарға жауап беру үшін құйылған титранттың көлеміне байланысты ерітіндінің рН-ның өзгеруін көрсететін титрлеу қисығын құру қажет. Кей жағдайда титрлеу қисығын математикалық өңдеу керек болса, абцисса өсіне титрант көлемінің (VR) орнына бұл көлемнің құрамында реагенттің стехиометриялық мөлшері бар көлемге (VP,стех.) қатынасын алған жөн – Титрлеу қисығын құру үшін ерітіндінің эквивалентті нүктеге дейінгі, эквивалентті нүктедегі және эквивалентті нүктеден кейінгі рН мәндері есептеледі. 6.4. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу 10,00 мл 0,100 М тұз қышқылын 0,100 М натрий гидроксидімен титрлеуін қарастырайық. Эквивалентті нүктеге дейінгі ерітіндінің рН -ы, тұз қышқылы судағы ерітіндісінде түгел протонизацияланатындықтан, тирленбей қалған бос қышқылдың аналитикалық концентрациясымен анықталады. Титрлегенге дейін 0,100 М HCl – ға сәйкес:
Титрлей бастағанда эквивалентті нүктеге дейін тұз қышқылының бос концентрациясы, оған сәйкес сутегі ионының концентрациясы былай анықталады:
не жалпы түрде:
Эквивалентті нүктеде Эквивалентті нүктеден кейін, негіздің артық мөлшері құйылғандықтан, ерітіндінің рН-ы артық құйылған негіздің бос концентрациясымен анықталады:
жалпы түрде:
ал Алынған қышқылды тирлеу нәтижесі 6.2 кестеде келтірілген.
6.2 – кесте 10 ,00 мл 0,100 М HCl ерітіндісін 0,100 М NaOH ерітіндісімен титрлеу нәтижелері
Келтірілген нәтижелерден (6.2 – кесте, 6.1 – сурет) ерітіндінің рН тек эквиваленттік нүкте тұсында күрт өзгереді, ал бұл нүктеге дейін және одан кейін рН мәнінің өзгеруі өте баяу. рН – тың 4,3 тен 9,7 ге күрт өзгеруі (1-қисық) құйылған натрий гидроксидінің 9,99 мл 6.5. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу 10,00 мл 0,100 М CH3COOH ерітіндісін 0,100 М NaOH ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық. Сірке қышқылы әлсіз қышқыл болғандықтан оның протолиздену реакциясы Қарапайым түрде
Ка мәні аз болғандықтан
Осыдан Титрлей бастағанда эквивалентті нүктеге дейін ерітіндіде бос қышқылмен қатар реакцияласу нәтижесінде пайда болған осы қышқылдың тұзы жүреді. Мысалы, 10,00 мл 0,100 М сірке қышқылына 9,0 мл 0,100 М NaOH ерітіндісін қоссақ 1,00 мл 0,100 М Сірке қышқылының қышқылдық константасынан:
Эквивалентті нүктеде ерітіндіде концентрациясы қышқылдың концентрациясына тең тек
Қатарласқан қышқыл мен негіздің константаларының көбейтіндісі судың иодық көбейтіндісіне тең екенін еске алсақ:
КВ мәні өте аз болғандықтан
Эквивалентті нүктеден кейін ерітіндіде NaOH-тың артық мөлшері пайда болады да, ерітіндінің рН-ы бос жүрген NaOH мөлшерімен анықталады. 10,0 мл 0,100 М сірке қышқыл ерітіндісіне 10,01 мл 0,100 М NaOH құйсақ, 0,01 мл 0,100 М NaOH артық қалады:
6.3 – кесте 10,00 мл 0,100 М
Келтірілген кесте мен суреттен бұл титрлеу қисығының эквивалентті нүктесі ерітіндінің рН 7- ден жоғары бөлігінде жатыр. Сондықтан бұл жағдайда эквивалентті нүктені анықтауға индикатор ретінде рТ=9 тең фенолфталеинді қолдануға болады. 6.3 – суретте көрсетілгендей эквивалентті бөліктің мәні қышқылдың аналитикалық концентрациясымен қатар протолиздену константасы Ка – мен де анықталады. Ка мәні 1·10-8 тең қышқылды титрлегенде қисықтың эквивалентті нүктесін анықтау қиындыққа әкеп соғады. Осыдан индикаторды пайдаланып эквивалентті нүктені анықтау үшін мынандай жағдай орындалуы керек:
6.6. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу 10,00 мл 0,100 М Әлсіз негізді титрлегенде рН-ты есептейтін теңдіктер әлсіз қышқылды титрлегендегідей қорытылып шығарылады.
10,00 мл 0,100 М
Эквивалентті нүктеде тек 0,100 М NH4Cl тұзының ерітіндісі пайда болады:
Эквивалентті нүктеден кейін ерітіндінің рН артық құйылған НCl мөлшерімен анықталады. Амииактың судағы ерітіндісін НCl ерітіндісімен титрлегенде титрлеу қисығының эквивалентті нүктесі ерітіндінің рН 7- ден төмен жағында жатыр (6.4 – сурет, 6.4 – кесте). 6.4 – кесте 10,0 мл 0,100 М аммиак ерітіндісін 0,100 М НCl ерітіндісімен титрлеу нәтижелері
ғарылады. Эквивалентті нүктеден кейін –
6.7. Көп протонды қышқылдар мен негіздерді және олардың тұздарын титрлеу Көппротонды қышқылдарды күшті негізбен титрлегенде титрлеу әртүрлі жолмен жүруі мүмкін: ол протонның санына және әр сатыға сәйкес қышқылдық константалар мәніне байланысты. Екі негізді қышқылды (Н2А) титрлегенде екі эквивалентті бөлігі жақсы көрінетін қисық алу үшін: 1) Ка(1) және Ка(2) мәндері 0,100 М Н3РО4 ерітіндісін 0,100М NаОН ерітіндісімен титрлейік. Фосфор қышқылы үш негізді қышқыл: Ка(1)=1,1·10-2; Ка(2)=2,0·10-7; Ка(3)=3,6·10-13. Фосфор қышқылы екі сатыда титрленеді, өйткені үшінші титрлеуге сәйкес эквиваленттік бөлікті алу мүмкін емес, себебі Ка(3) мәні өте аз, сондықтан мына заңдылық Фосфор қышқылының екінші және үшінші сатыда протонизациялану константаларының мәндері бірінші сатысына қарағанда өте аз болғандықтан бұл қышқылдың рН-ы бір негізді қышқылдың рН–ындай қорытылып шығарылады:
Бірінші эквивалентті нүктеге дейін ерітіндіде бос
[H3PO4]= Бірінші эквивалентті нүктеде 1 моль фосфор қышқылы 1 моль NaOH –пен әрекеттеседі: Пайда болған
Сондықтан (6.5) теңдік бойынша пайда болған Н3О+ иондарының бір бөлігі (6.6) теңдігінен пайда болған ОН- иондарымен әрекеттесуге кетеді де:
[H3O+]+[ H3PO4]= [
[H3O+]= [ HPO42-] – [ H3PO4] (6.7)
[HPO2-4] және [H3PO4] мәндерін табу үшін сатылай қышқылдық константаларын пайдаланады:
(6.8) және (6.9) теңдіктердегі мәндерді (6.7) теңдігіне қойса:
Аса сұйытылмаған ерітінділерді титрлегенде
Екінші эквивалентті нүктеге дейін: NaH2PO4 + NaOH → Na2HPO4+ Н2О Мысалы, ерітіндіге 19,00 мл 0,100 М NaOH қоссақ нәтижесінде 1,00 мл 0,100 М NaH2PO4 бос күйінде қалады да, 9,00 мл 0,100 М Na2HPO4 пайда болады, яғни
Екінші эквивалентті нүктеде 1 моль H3PO4 2 моль NaOH-пен әрекеттеседі:
H3PO4+2 NaOH → Na2HPO4+2 Н2О
Бұл нүктедегі ерітіндінің рН (6.10) байланысындай анықталады:
Келтірілген мәндерден мынандай қорытынды жасауға болады: 1) фосфор қышқылы екі сатыда титрленеді: 2) 1 –сатысында: H3PO4 + OH-→H2PO-4 + Н2О индикатор ретінде рТ мәні 4 – ке тең метилоранжды пайдалануға болады, 3) 2-ші сатысында H3PO4 + 2OH-→HPO2-4 + 2Н2О – рТ 9-ға тең фенолфталеинді пайдалануға болады, Көпнегізді әлсіз қышқылдар мен сілтілік металдардың тұздарының ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Екі индикаторды пайдаланып көмір қышқылының натрийлі және калийлі тұздарын сатылай титрлеуге болады. Н2СО3 сатылай протонизацияланатын екі негізді қышқыл:
Алғашқыда 0,100 М Na2СO3 ерітіндісін алсақ:
Бірінші эквивалентті нүктеде: Na2СO3+HCl → NaHCO3+NaCl
Екінші эквивалентті нүктеде: Na2СO3+2HCl → H2CO3+2NaCl
Егер Na2СO3 ерітіндісіне фенолфталеин қосса, ерітінді ашық – қызыл түске боялады. HCl ерітіндісімен титрлеп бірінші эквивалентті нүктеге жеткенде ерітінді түссізденеді. Егер осы ерітіндіге метилоранж қосса, ол сары түске боялады. Әрі қарай тұз қышқылын құйғанда NaHCO3 түгел H2CO3- ке ауысып, ерітіндінің түсі сарыдан қызғылт түске ауысады. Егер басынан Na2СO3 метилоранж қатысында титрленсе 1 моль Na2СO3 – ке 2 моль HCl жұмсалған болар еді:
6.8. Қышқылды-негіздік титрлеудегі қателер Титриметриялық анализдің дәлдігі ерітінділердің көлемін өлшейтін ыдыстың дәлдігімен шектеледі. Лабораториядағы өлшемдік ыдыстарды пайдаланып көлемдерді өлшегенде жіберілетін абсалютті қате ±(0,01-0,02) мл. Тек көлемді өлшеуге сәйкес салыстырмалы қате (СҚ): СҚ Шындығында эквивалентті нүктені анықтағанда жіберілетін қатені еске алсақ титриметриялық анализдің дәлдігі жуық мәнмен 0,5% сәйкес болады. Индикаторлы қате эквивалентті нүкте мен титрлеудің соңғы нүктесінің сәйкес келмеуіне байланысты, яғни эквивалентті нүктедегі ерітіндінің рН (рНЭ.Н.) мен пайдаланатын индикатордың тирлеу көрсеткішіне (рТ) сәйкес рН арасында айырмашылық болғаны. Сондықтан титрлеудің соңғы нүктесінде ерітіндіде не анықтайтын компоненттің, не титранттың артық мөлшері жүреді. Мысалы, жоғарыда келтірілгендей HCl ерітіндісін NaОH ерітіндісімен титрлегенде рНэ.н.=7 болғанымен, индикатор ретінде метилді қызылды (рТ=5,5) не фенолфталеинді (рТ=9,0) пайдалануға болады. рТ мен (рНЭ.Н.) арасындағы айырмашылықтан туатын қатені индикаторлы қате деп атайды. Күшті электролиттерді титрлегенде, егер рТ<рНЭ.Н. болса, титрлеудің соңғы нүктесінде ерітіндіде артық Н3О+ иондары жүреді, сондықтан бұл қатені протонды (сутектік қате) дейді. Егер рТ>рНэ.н. болса, онда соңғы нүктеде ОН- иондары артық жүреді, осыған сәйкес қате гидроксильді қате деп аталады. Әлсіз электролиттерді титрлегенде титрлеудің соңғы нүктесінде артық әлсіз қышқыл қалса, қышқыл ионизацияланбаған түрінде жүргендіктен, қатені протонды демей, қышқылдық қате дейді. Соңғы нүктеде әлсіз негіз артық қалса негіздік қате пайда болады. Индикаторлық қателерді есептегенде олардың таңбасын көрсету қажет. Қышқылды титрлегенде протонды, не қышқылдық қате байқалса, бұл соңғы нүктеде қышқыл аяғына дейін титрленбегенін көрсетеді, сондықтан қатені теріс таңбамен белгілейді. Егер қышқылды титрлегенде гидроксильді, не негіздік қате пайда болса, яғни негіз эквивалентті мөлшерден артық құйылса, онда қатені оң таңбамен белгілейді. Негізді қышқылмен титрлегенде сәйкес қателердің таңбасы керісінше белгіленеді. Протонды қатені былай табуға болады. Эквивалентінің молярлы концентрациясы СA болатын VA мл күшті қышқылды титрлеуге VB мл күшті негіз жұмсалды, титрлеудің соңғы нүктесін анықтауға титрлеу көрсеткіші рТ сәйкес индикатор пайдаланылды дейік. Анықтайтын қышқылдың миллимоль-эквивалент мөлшері СA·VA тең. Соңғы нүктеде (с.н.) ерітіндінің СA · VA – 100 %
Мысалы, 25,0 мл 0,1 HCl ерітіндісін 0,1 М NaОH ерітіндісімен метилоранж индикаторы (рТ=4) қатысында титрлесе протонды қате
Гидроксильді қатені қышқылдық қате сияқты табуға болады, тек Қышқылдық қате 6.5.-кесте Титрлеу қисығын құруға сәйкес есептеу теңдіктері
Бұл жағдайда
(6.12) теңдігінің мәнін (6.11) теңдігіне қойсақ:
Мысалы, 0,1 М
Поиск по сайту: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.309 сек.) |