АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Активтік коэффициент

Читайте также:
  1. E – коэффициент пористости грунтов в естественном состоянии
  2. I. Коэффициенты прибыльности
  3. III . Коэффициент деловой активности.
  4. III. Коэффициенты ликвидности
  5. IV. Коэффициенты роста
  6. ZKFINDSP (ЗП.Коэффициенты индексации Хроника)
  7. А) Коэффициент оборачиваемости собственного капитала
  8. Адиабатический процесс. Уравнение адиабаты (Пуассона). Коэффициент Пуассона.
  9. Американские коэффициенты
  10. Анализ коэффициентов ликвидности
  11. Анализ коэффициентов рентабельности

Массалар әрекеттесу заңына (3.1-3.2) сүйеніп қорытылып шығарылған тепе-теңдік константасының теңдігі (3.4) заттардың кез-келген концентрацияларына сәйкес деп есептелінеді. Бірақ, тәжірибеде (3.1), (3.2), (3.4) теңдіктері реакцияласатын заттар­дың өте төменгі концентрацияларына ғана әділетті, ал заттың жоғарғы концентрацияларында бұл заңдылықтар толық сақталмайды. Реагентредің концентрациялары өскен сайын жүйенің (3.1), (3.2), (3.4) теңдіктерінен ауытқуы артады. Реагенттердің концентрациялары өзгеруімен тепе-теңдік константасының мәні де өзгере бастайды, демек тепе-теңдік константасының тұрақтылығы сақталмайды.

Массалар әрекеттесу заңына толық бағынатын жүйелерді (ерітінділерді) идеалды жүйелер деп атайды. Бұл реагенттердің концентрациялары өте төмен жүйелер, ал ерітінділерде – шексіз сұйытылған ерітінділер.

Реалды ерітінділерде иондардың алғашқы концентрация­лары осы иондардың шын химиялық активтігіне сәйкес келмейді, сондықтан олардың идеалды ерітінділерден айырмашылығы бар. Реалды жүйелерде әрекеттесетін бөлшек­терге иондар мен молекулалардың әсер етуіне байланысты реакцияласатын заттардың концентрацияларынан олардың шындық химиялық активтігі төмен болады.

Реалды жүйелердегі реакцияласатын бөлшектердің идеалды жүйедегі бөлшектерден айырмашылығының бір себебі – электростатикалық ион-ион, ион-диполь, диполь-диполь әрекеттесулері. Иондардың өзара әсерлесу күші олардың химиялық әрекеттесу қабілеттігін азайтады. Сондықтан иондардың эффектілі концентрациясын ескеру үшін активтік концентрация (активтік α) деген ұғым енгізіледі:

 

α= f . c

 

f – активтік коэффициент, иондардың бір-біріне әсері мен бөлшектердің химиялық реакцияға қабілеттігінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Идеалды жүйелерде f → 1, α ≈ с. Реалды жүйелерде активтік коэффициенттің бірден айырмашылығы болғандықтан алғашқы концентрацияға тең емес (α ≠ с).

Тепе-теңдік константасы теңдігіндегі концентрацияның орнына активтікті қойса К реагенттердің кез-келген концентрациясында өзінің тұрақтылығын сақтайды және термодинамикалық тепе-теңдік константасы деп аталады:

 

(3.6)

Құрамында тек аниондар (f ), не катиондар (f +) бар ерітінділерді дайындауға болмайтындықтан, электролиттің судағы ерітіндісінде иондардың активтік коэффициенті ерітіндіде жүрген барлық иондарға байланысты. Сондықтан тәжірибеде анықтайтын мән – орташа иондық активтік коэффициент f ±.

Құрамы АВ сәйкес электролитте , не болмаса 2lg f ±=lg f A+lg f B. Құрамы АхВу сәйкес электролитте , (x+y)lg f ±=xlg f A+ylg f B.

Шексіз сұйытылған электролиттің ерітіндісінде f ±→1, егер электролиттің концентрациясын арттырса ол f ± өзгеруіне әкеп соғады (3.1- сурет).

II
 
 
 
 
С
 
 
 
 
 
[HCL]
 
I
 
С

 


3.1-сурет f±-тің [HCl]-ға байланысы

 

3.1 суретінде келтірілгендей реалды ерітінділердің идеалды ерітінділерден ауытқуының екі түрі бар екен: І – теріс ауытқу f ±<1, ал α<c; ІІ–оң ауытқу f ±>1, ал α>c. Аналитикалық химияда электролиттердің сұйытылған ерітінділері пайдаланылатындықтан, аналитик 1.1 суреттегі қисықтың І – бөлігіне сәйкес жағдайда жұмыс істейді, яғни концентрация артқанда f ± бірден кемитін (f ±<1), ал активтік концентрациядан аз жағдайда (α<c).

 

3.3. Ерітіндінің иондық күші

Иондардың өзара әсері электростатикалық күшпен анықта­латын электролиттердің ерітінділерінде жүйенің идеалдық жағдайынан ауытқуында иондардың жалпы концентрациясымен қатар олардың зарядының да үлесі бар. Концентрация мен зарядтың әсері ерітінділердің иондық күшімен сипатталады:

 

(3.7)

 

C i менZ i белгілі і- ионыныңконцентрациясы мен заряды. Мысалы, құрамында 0,1М HCl және BaCl2 бар ерітіндінің иондық күші:

 

Ерітіндінің иондық күші мен активтік коэффициенттің арасындағы жалпы математикалық байланысты 1923 ж. Дебай мен Хюккель тапты:

 

 

А- еріткіштің диэлектрикалық тұрақтылығы (D) мен абсолюттік температурадаға (Т) байланысты мән. 250С –да сұйытылған судағы ерітінді үшін А=0,512. В а – диэлектрикалық тұрақтылық және абсолюттік температурамен қатар бөлшектердің мөлшеріне байланысты. Ерітіндінің иондық күшіне (концентрациясына) қарай бұл байланыс әртүрлі теңдіктермен белгіленеді:

егер μ<10-2, С<0.01M (3.8)

егер μ<10-1, С<0.1M (3.9)

 

егер μ<1, С>0.1M (3.10)

 

(Z – активтікгін анықтайтын ионның заряды).

(3.8), (3.9) теңдіктерін пайдаланып есептелген активтік коэффициенттердің мәні бірден кем және ерітіндінің иондық күші мен ионның заряды неғұрлым жоғары болса, бұл кему соғұрлым көп. Себебі, (3.8), (3.9) теңдіктерін пайдаланатын ерітінділерде тек электростатикалық байланыс орын алады: аттас иондар тебіседі, әр аттас иондар бір-біріне тартылады. Ерітінділердің концентрациялары артқан сайын ғана бөлшек­тердің арасында әрекеттесулер бола бастайды. Мысалы, иондар­дың аралық қашықтығы өте аз болғанда әр аттас иондар арасында да тебісу күші пайда болады, не ерітіндіде жаңа иондық жұптар түзіледі. Ерітіндінің иондық күшінің артуы еріткіштің (судың) қасиетіне де әсер етеді. Осының нәтижесінде (3.10) теңдігімен есептелген активтік коэффициенттің мәні бірден үлкен болуы да мүмкін. (Мысалы, 12М HCl-да орта иондық коэффициент f±=17.

Тәжрибеде иондық күші бірдей сұйытылған ерітінділерде бірдей зарядты иондардың активтік коэффициенттері жуық мәнмен бір-біріне тең (3.1 кесте).

3.1-кесте.

Ерітіндінің әртүрлі иондық күшіне сәйкес орташа активтік коэффициенттің мәні (Дебай-Хюккель теңдігін пайдаланып есептелінген)

Ионның заряды Иондық күш, μ
0,001 0,005 0,01 0,05 0,1 0,2
  0,97 0,93 0,90 0,81 0,76 0,70
  0,87 0,74 0,66 0,44 0,33 0,24
  0,73 0,51 0,39 0,15 0,08 0,04
  0,56 0,30 0,19 0,04 0,01 0,003

3.4. Ерітінді иондық күшінің тепе-теңдік

константасына әсері

Реалды жүйелерде иондардың өзара электростатикалық әрекеттесу күшімен қатар бөгде химиялық реакцияның жүруі мүмкін. Мысалы, Na2CO3 ерітіндісіндегі СО32- анионының концентрациясын анықтағанда сутегі ионының концентрациясына байланысты ерітіндіде мынадай бөлшектер жүретінін еске алу керек: H2CO3, HCO3-, CO32-. Егер әр бөлшектің концентрациясын [H2CO3], [HCO3-], [CO32-] деп белгілесек, онда құрамында СО32- бар бөлшектердің жалпы концентрациясы былай жазылады:

 

Сж=[CO32-]+[HCO3-]+[H2CO3] (3.11)

 

Бізге қажетті мән [CO32-] болғандықтан [HCO3-] пен [H2CO3 мәндерін көмірқышқылының әр бөлшекке сәйкес ионизациялану константасымен өрнектеу керек:

 

 

 

тің мәнінен (3.12)

 

Көмір қышқылының жалпы ионизациялану константасы – Кж.

 

 

Бұл теңдіктен (3.13)

 

(3.12), (3.13) теңдіктерінен [НСО3-] пен [Н2СО3] мәндерін (3.11) теңдігіне қойсақ

 

 

Бұдан (3.14)

 

(3.14) теңдігіндегі жақша ішіндегі мән α – қосымша реакцияның коэффициенті, ол реакцияға қатысатын иондардың бос үлесін көрсетеді:

 

[CО32-] =Сж·α; α =[CO32-]/Cж; α <1

 

Егер тепе-теңдік константасының теңдігіне реакцияласатын заттардың жалпы концентрациясын қойсақ, шартты тепе-теңдік константасының (Кш) өрнегін аламыз:

 

(3.15)

 

Жалпы алғандааА +вВ ↔ сС + dD реакциясы үш константамен сипатталады. Термодинамикалық не шындық тепе-теңдік константасы Кт ерітндінің иондық күшіне және бөгде реакциялардың жүруіне байланысты емес:

 

 

Бұл константа тек температура мен қысымға байланысты.

Ал концентрациялық константа Кк температура мен қысымнан басқа ерітнділердің иондық күшіне де тәелді. Кк және Кт константалары бір-бірімен былай байланысқан:

 

, не

 

(3.16)

 

νі-стехиометриялық коэффициенттер.

(3.16) теңдігіне (3.8), (3.9), (3.10) теңдіктерінен lg f i мәндер қойсақ

 

(3.17)

 

(3.18)

 

(3.19)

 

(3.17-3.19) теңдіктеріндегі концентрациялық тепе-теңдік константасы тек температура, тығыздық және ерітндінің иондық күші өзгермеген жағдайда ғана тұрақты мән.

Шартты тепе-теңдік константасы қысымға, температураға, ерітіндінің иондық күшіне және реакцияласатын бөлшектердің бөгде химиялық өзгеріске түсуіне байланысты.

Үш константалардың жалпы бір-бірімен байланысы:

 

(3.20)

 

Ерекше көңіл аударатын жай активтілік коэффициент ерітіндіде жүрген бар иондардың электростатикалық әсерін, ал қосымша реакцияның коэффициентті иондарымен химиялық реакцияға түсетін, соған байланысты олардың ерітіндідегі концентрациясын азайтатын заттардың әсерін қамтып көрсетеді.

Ерітіндіде химиялық тепе-теңдіктердің сандық мәнін есептеу мынадай схема бойынша жүргізіледі:

1. Тепе-теңдікке қатысы бар реакцияның теңдігін жазу.

2. Әр химиялық реакцияға сәйкес тепе-теңдік констан­таларының теңдігін жазу. Жалғастырып анықтамаларды пайда­ланып константалардың мәнін табу.

3. Заттың әр түрінің тепе-теңдік коцентрацияларының өзара және оның ерітіндідегі жалпы концентрациясын байланыс­тыратын жүйенің материалды баллансына сәйкес теңдігін жазу.

Мысалы, күміс нитратымен аммиактың судағы ерітіндісін алса, Ag+, [Ag(NH3)]+, [Ag(NH3)2]+ иондары түрінде жүруі мүмкін. Құрамында күміс бар бөлшектердің жалпы концентрациясы:

 

Сж = [Ag+]+[Ag(NH3) +] + [Ag(NH3) +2]

4. Электрбейтараптық теңдігін жазу. Кез-келген ерітіндіде катиондар мен аниондардың жалпы концентрациялары ерітіндіде электрбейтараптық сақтау үшін бір-біріне тең болу керек.

Мысалы, NaCl-дың судағы ерітіндісінде Na+ және Н3О+ катиондары, Cl- және ОН- аниондары жүреді. Ерітіндінің электрбейтараптық жағдайы:

 

[Na+ ]+[Н3О+] =[Cl-]+[ ОН-]

 

MgCl2 ерітіндісі үшін электрбейтараптық теңдігі былай жазылады:

2[Mg2+ ]+[Н3О+]=[Cl-]+[ОН-]

 

Магний ионының алдындағы коэффициент 2 сол ионның екі зарядты екенін ескеруге жазылған, себебі хлорид ионының концентрациясы магний ионының екі еселенген концентрациясына сәйкес. ([Cl-]=2[Mg2+ ]). Осы сияқты үш зарядталған иондардың концентарциясын үшке көбейту керек. Құрамында AI2 (SO4)3, MgCl2 бар ерітінділердің электрбейтараптық теңдігі:

 

[AI3+]+2[Mg2+ ]+[Н3О+] =2[SO2-4]+[НSO-4]+[Cl-]+[ОН-]

 

5. 2,3,4 бөлімдер бойынша жазылған теңдіктердегі белгісіз мәндердің санын тәуелсіз теңдіктердің санымен салыстыру. Егер белгісіз мәндер мен теңдіктердің саны тең болса, онда анықтайтын мәнді теңдіктерден алгебралық жолмен, яғни бір­неше теңдіктер жүйесін шешу арқылы табады. Егер теңдік­тердің саны белгісіз мәндерден аз болса қосымша тәуелсіз теңдіктер жазылады.

Жиі есепті жеңілдету үшін кейбір жорамалдар жасалады. Жасалған жорамалдар нәтиженің дәлдігіне онша әсер етпеу керек.

 

Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

1. Ерітіндідегі тепе-теңдікті қандай факторлар арқылы бұзуға болады?

2. Ерінтіндідегі заттың тепе-теңдік концентрациясы деп нені айтады?

3. Ерітіндідегі ионның активтік коэффициенті неге байланысты болады?

4. Дебай заңының теңдігіне қандай негізгі шамалар кіреді?

5. «Тұзды әсер» деген не, ол неге байланысты болады?

6. Концентрациялық және термодинамикалық тепе-теңдік константа­лар қандай факторларға байланысты болады?

7. Химиялық реакцияның жылдамдығы деген не және ол неге байла­нысты болады?

8. Химиялық реакцияның жылдамдығы немен сипатталады?

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)