АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Некелік шарт

Читайте также:
  1. Булгакова Д.А.
  2. Булгакова Д.А.
  3. Дивиденд саясаты
  4. Объект ТГП 4 страница
  5. Тестілер

Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.

Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.

Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз.

Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

Некені тоқтату және оның негізі.

Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

Ø ерінің қайтыс болуы;

Ø соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

Ø некенің бұзылуы (ажырасу).

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.

Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.

Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.

Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.

Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

Ø АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

Ø кәмелетке толмаған балаларының болмауы;

Ø бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.

Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.

АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

Некені сот тәртібімен бұзу.

Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:

Ø ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;

Ø ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;

Ø егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;

Ø ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.

Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады. Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.

Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.

Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».

Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.

от тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.

Некені тоқтатудың құқықтық салдары.

Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.

Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.

Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.

Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:

Ø адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі;

Ø өзара имандылық және материалдық қолдау;

Ø бала туу және оларды тәрбиелеу;

Ø өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.

Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.

Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.

 

Тақырып 9.

ҚР азаматтық құқығының негіздері.

1.Азаматтық құқық ұғымы және оның белгілері.

2.ҚР – да нарықтық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері.

3.Меншік және заттық құқықтар.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді., яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде – білімнің жиынтығы арқау болады.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, мемлекет.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер, мазмұны және объектілер.ъ

Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай пайда болғанда ғана пайда болады. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактілер болып табылады.

Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құыққ қатынастарына қатысушы тұлғалардыңөздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері – осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.

Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады. Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады.

Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, - басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т.с.с.

Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана, яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы:, АК-тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.

 

Тақырып 10.

Қазақстан Республикасының қаржы құқығы.

1.Қаржы құқығы ұғымы және әдісі.

2.Бюджет құқығы ұғымы және оның заңдары.

3.Салық құқығының анықтамасы және ҚР салық жүйесі

Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.

Мемлекет бұл реттеу жолымен мысалы салық төлеушілердің ақшаларын өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.

«Қаржы» категориясының үш мәнің көрсетіп айтады.

Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады. Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.

Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады.

Осының күшімен бір жақты мағнада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық қатынастарды қаржылар тобына жатқызу екі критерийді пайдалануға негізделген:

1) ақшалық операциялардың субъектілері мемлекет және

заңдылы тұлғалар;

2) көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те, мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.

«Жеке меншік қаржысы» категориясы жеке меншік нысаны бар ақшалармен, ал «мемлекеттік қаржылар» мемлекеттің меншігіндегі ақшалармен қабысады. Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп

(материалдық мағнада) тұтас қоғамдық өнімді бөлуде ақша құралдарының қорында жинақталған мемлекеттік ақшаларды түсінеміз.

Поль Мари Годме (Франция) торамалдауы бойынша, қаржы құқығының саласына тек мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға келсек «бұл мүлік, оған билік жүргізу тек жеке меншік құқығы нормаларын сәйкес жүргізіледі». Ол санымен қатар мынаған көңіл аударады: «... ешқашан мемлекеттік және жеке меншіктік қаржылардың арасындағы түбегейлі айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен анықталады».

Оның пікірі бойынша, мемлекеттік және жеке меншік қаржыларының айырмашылығы келесідей:

1) мемлекет мәжбүрлі тәртіппен салық салу жүйесінің арқасында өзінің табысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар мемлекеттің өзіне қатысты мәжбүрлеп орындау жөң. Ал жеке меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;

2) мемлекеттік қаржылар өздерінің қаржыларын иелік ететін жеке меншік еркінен тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет пен не көп, не аз дәрежеде басқарылады;

3) жеке меншік қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар, керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;

4) мемлекеттік қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар иелік ететін жекеменшік қаржылардан гөрі әжәптәуір көп.

Жеке меншік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:

1. ұйым қаржылары (сауда және сауда емес);

2. сақтандыру ұйымдарының қаржылары;

3. Банкілер қаржылары;

4. мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес зейнетқорлар қорлары).

Мемлекеттік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:

1. Бюджеттік жүйе;

2. Бюджеттен тыс мақсатты қорлар;

3. Мемлекеттік сақтандыру қаржылары. (егер мұндай бұл елде болса);

4. Мемлекеттік бенкі қаржылары (егер бұндай банкілер болса);

5. Мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, сол сияқты шаруашылық жүйелерінің орталықтарының (мемлекеттік басқару органдарының) қаржылары.

Қаржыларға келесі функциялар тән: бөлгіш және бақылау.

Бөлгіш функцияның қаражаты болып қаржы көмегімен қоғамдық жалпы (валды) өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу жүргізу саналады. Нәтижесінде ақшалай құралдар бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады, бұл процесс ақшалық қордың қалыптасқанын, немесе тұтынуын білдіреді.

Бақылау функциясының мәні мынада: ақшалық құралдардың сақталуын және дұрыс жұмсалуын мемлекет жағынан қадағалауға алуы.

Бірақ нарықтың экономика жағдайында мемлекеттік қаржы қадағалауы қысқаруды және мемлекеттік қаржылар шеңберінде жүргізілуі керек. Сонымен, мемлекеттік қаржылардың басты мақсаты мемлекеттің жұмыс істеуіне ақшалай қамтамасыз ету. Ақшалай жүйены ұйымдастыру мемлекеттің қызметін қаржылау тобына жатады. Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің ақшалық инфра құрылым жасау бойынша және оның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша, сол сияқты мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудағы мемлекеттің, тұтасымен шығу немесе өкілетті органдардың қызметі деп айтамыз

Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:

1. Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2. Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін ақшалай құралдарды табу;

3. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық рычак жолымен ықпал жасау.

Бұдан, мемлекеттің басты мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау.

Қаржы жүйесі - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.

Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:

1) Бюджеттік система;

2) Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;

3) Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;

4) Мүлікті және жеке сақтандыру;

5) Несие (мемлекеттік және банктік).

Қазақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.

Орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарамағындағы ақшалай құралдарының қорлары болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында болады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).

Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Қаржы қызметінің тәсілдері:

1. Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);

2. Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);

3. Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);

4. Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);

5. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);

6. Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;

7. Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).

Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:

1. Қаржыландыру (қайтарымсыз ақшалық құралдарды беру).

Қаржыландыру түрлері:

Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.

Субвенция – жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.

Сибсидия – мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.

2.Несиелеу (ақшаны қарыз және қарызға ретінде беру, қайтарымды жағдайда несиелеу);

3. Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау (мемлекетпен өздерінің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеу).

Ақшалық қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәсілдері:

1. Ақшалық қорлардың міндетін белгілеу (белгілі бір қордың мақсаты мен мәселелерін белгілеу);

2. Мемлекеттік ақшалық қордан алынған құралдардың пайдаланудың тәртібін белгілеу;

3. Мемлекеттік кәсіпорынның кірісін бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу;

4. Қаржылық нормативтер мен ақшалық құралдардың бөлу шегін белгілеу;

5. Ақшалық қорларды пайдалануды жоспарлау;

6. Ақшалық қорларды пайдалануға бақылау (қадағалау) жүргізу.

Қаржылық қызметтің жүргізілуінің құқықтық түрлері.

І. Нормативтік сипаттағы заңдық актілерді шығару;

ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді басып шығару. Бұл акт нақтылы тұлғаларға арналған, бір жолғы қолданысы бар.

ІІІ. Екі жақты қаржылы-құқықты актілерді істеу, оның ішінде қаржылық шарт жасау.

ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде (мысалы: салық органымен салық берешек сомасын өндіріп алу) қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.

Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:

· Конституциялық қадағалау;

· Прокурорлық қадағалау;

· Қаржылық құқық қатынастарынан пайда болған істерді, соттық қарау;

· Қаржылық бақылау жүргізу;

· Кінәлілерді жауапкершілікке тарту;

· Қаржылық құқық қатынастарының бір жақты мемлекеттік орган билігінің қатысу жолымен заңдылықты бұзуды түзету;

· Заңсыз іс-әрекеттерге шағым беру.

 

Тақырып 11.

ҚР-ның еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

Еңбек құқығы

1.Еңбек құқығына түсінік және оның қайнар көздері мен принциптері.

2.Еңбек құқық қатынасы.

3.Еңбек және оқу демалыс.

4.Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының ұғымы және оның қайнар көздері.

5.Зейнетақы және жәрдемақы.

Қазіргі қазақстандық құкық салаларының ішіндегі еңбек құкығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді. Еңбек құқығы деп жұмыс берушімен жұмысшының арасында туындапған қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп танылады. Оларға мыналар жатады:

- жұмысқа орналастырумен байланысты құқықтық қатынастар;

- ұйымдастырушылық – басқарумен байланысты құқықтық қатынастар;

- ұжымдық шарттан туындайтын байланысты құқықтық қатынастар;

- жұмысшыны кісіби дайындау және біліктілігін арттырумен байланысты құқықтық қатынастар;

- еңбек қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуымен байланысты құқықтық қатынастар;

- еңбек дауларын қараумен байланысты құқықтық қатынастар;

Жеке еңбек шарты дегеніміз жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша формада жасалынатын екі жақты келісім, онда жұмыскер белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша, ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жүмыс беруші жұмыскерге еңбек ақыны және заңнамада, өзара келісімде көзделген басқа ақшалай төлемдерді уақтьшы және толық көлемде төлеп түруға, жұмысқа жағдай жасауға міндетенеді.

Жұмыс берушімен келісімге отырған және жеке еңбек шарты бой-ынша тікелей жүмыс атқаратын, белгілі бір жасқа толған жүмыскер бір жағынан, сол жүмыскер еңбек шартьш жасасқан, оған тшсгі жүмыс беретін заңцы немесе жеке түлға — жүмыс беруші, екінші жағынан, сол жеке еңбек шартының жақтары болып табылады. Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген. Орта білім алса немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кетсе, 15 жасқа жеткен адам ата-анасының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартына отыра алады. Жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін 14 жасқа толған оқушыны, сабақтан бос уақытында, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының) рұқсатымен, денсаулыққа зиян келтірмейтін жұмысқа тартуға болады. Келісім жазбаша формада (арыз) беріледі. Жеке еңбек шартына кәмелетке толмағанмен бірге ата-ана (қамқоршы) да қол қояды (Еңбек туралы Заңның 11 бабы).

Мемлекеттік қызметке тұратын адам 18 жастан кіші болмауға тиіс, егер мемлекетгік қызметкерлердің тиісті санатына қатысты республика заңында басқадай көрсетілмеген болса. Мемлекеттік қызметте болудың ең жоғарғы шегін алып тастады.

Жұмыс беруші дегеніміз — жұмыскер өзімен құқықтық қатынаста болатын заңды немесе жеке тұлға. Сол себепті кәсіпорын, мекеме, ұйым, кооперативтер, фермерлер жөне еңбек шарты бойынша жалдау негізінде жұмыс беретін басқа кез-келген зандық және жеке тұлға жұмыс беруші болып табылады. Жұмыс берушілердің еңбектік құқықсубъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен бойда туындайды.

Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіліл жасалады. Тараптар қол қойғаннан кейін оның бір данасы қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартыңда мыналар көрсетілуге тиіс:

1) тараптардың реквизиттері:

жұмыс беруші - занды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші — занды тұлғаның құрылтай кұжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уакыты;

жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, иесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші — жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәлан-дыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген куні;

қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген куні; әлеуметтік жеке коды-ның нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);

2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);

3) жеке еңбек шартының мерзімі;

4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;

5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене жұмысын немесе зиянды немесе кдуіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін берілетін кепіддіктер мен өтемақылар;

6) жұмыс уақыты мен демалыс уакытының режимі;

7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;

8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

9) қызметкердін құқықтары мен міндеттері;

10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;

11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;

12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.

Жеке еңбек шарты жасалып, оған тараптар қол қойғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті. Бұйрық қызметкерге қол қойғызып хабардар етіледі.

Занда көрсетілген тәртіп бойынша жұмыс беруші қызметкермен жеке еңбек шартын жасасу үшін мынадай құжаттарды талап етуге құқылы:

- қызметкердің еңбек кызметін растайтын құжаттар, яғни еңбек кітапшасы (болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты, не жұмыска кабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

- жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;

- әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлік;

- зейнетақы шарты;

- білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжат (диплом, куәлік, т.б.)

- 16 жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлік;

- зандарда көзделген өзге де құжаттар.

Кейбір реттерде жұмысқа түсушілерден міндетті түрде медициналық тексеруден өту талап етіледі. Олар: 18 жаска толмаған қызметкерлер; еңбек жағдайы өте ауыр және өте зиянды жұмысқа қабылданатын қызметкерлер, тамақ өнеркәсібі мекемелерінін кызметкерлері.

Жеке еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес мынадай мән-жайлар бойынша токтатылуға тиіс:

1) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде кұжатын көрсеткенде үш күн мерзімде;

2) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі занды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда;

3) қызметкер кайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;

4) сот қызметкерді әрекетке кабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, сонын салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда.

Жеке еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуды мына негіздер бойынша бөлген жөн:

1) тараптардың келісімі бойынша;

2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша;

3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша.

Жеке еңбек шартын заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзуға мына жағдайларды жатқызуға болады:

- сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысқан қызметкерлер мен жеке еңбек шартын бұзу;

- белгіленген сынақ мерзімінен өтуден бас тартқан қызметкерлермен жеке еңбек шартын бұзу;

- қызметкердің сайланбалы қызметке ауысуы т.б.

Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталып, оны тоқтату мен бұзу негіздері бұйрықта, еңбек кітапшасында заңға сәйкестендіріліп көрсетілуі тиіс.

Жеке еңбек шарттың қызметкердің бастамасы бойынша бұзу

Өз еркімен жұмыстан босанғысы келетін әрбір қызметкер бұл жөнінде жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс. Ескертудің негізгі мақсаты жұмыс берушіге жұмыстан өз еркімен босайтын қызметкердің орнына жаңа қызметкер тандап алуға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл мерзім біткеннен кейін қызметкер жұмысты тоқтатып, онымен толық есеп айырысуды талап етуге құкылы.

Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке еңбек шартын бұзу негіздемелерінің заңда көзделген. Заңда көзделмеген негіздер бойынша қызметкерді жұмыс берушінің ынтасы бойынша жұмыстан шығаруға болмайды.

1. Заңдарға сәйкес ұйым таратылған кезде, сондай-ақ жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған жағдайда жеке еңбек шарты тоқтатылады.

2. Жеке еңбек шартының қызметкерлер санының немес кестесінің қыскаруы салдарынан бұзылуы жұмыс көлемінің нақты қысқаруы сияқты жұмыс көлемін өзгеріссіз қалдыруға; немесе тіптен көбейгенімен қызметкерлер санын қысқартуға; мүмкіндік беретін түрлі техникалық және ұйымдастыру шаралары жүргізілген кезде де болуы мүмкін.

3. Қызметкердің лауазымына немесе атқаратын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты жеке еңбек шатын бұзу.

4. Егер қызметкер еңбекке уакытша жарамсыздығы салдарынан жұмысқа екі айдан астам уақыт келмесе жеке шарт бұзылуы мүмкін.

5. Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге жұмыска ауысудан бас тартса шарттың бұзылады.

6. Жұмыс беруші еңбек жарақатын алған немесе кәсіби аурумен ауырған қызметкерді еңбек кабілеттілігі калпына келгенше немесе мүгедектігі аныкталғанша бұрынғы жұмысындағы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақысының айырмасын төлеп неғұрлым женіл жұмысқа ауыстыруға міндетті. Ал неғұрлым женіл жұмыска ауыстырудан бас тартқан қызметкермен жеке еңбек шарты токтатылады.

7. Еңбек жағдайлары өзгеріп, кызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе жұмыс берушінің бастамасымен шартты бұзуға жол беріледі.

8. Қызметкердің дәлелді себептерсіз өзінің еңбек міндеттерін екінші кайталап орындамауы, егер ол бұған дейін әкімшілік жаза алған болса, шартты бұзуға негіз болып табылады.

9. Бір рет тәртіп бұзушылық үшін, оның ауырлығына қарамастан ҚР ЕтЗ 26-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда шартты бұзуға жол беріледі. Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына мыналар жатады:

- бір жүмыс кұнінде дәлелді себептерсіз жүмыста үш сағат бойы болмау. Бір жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз үш сағат бойы жүмыста болмау қыдырымпаздық болып табылады.

- жұмысқа алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де түрдегі уыттық улану жағдайында келу.

- жұмыс күні ішінде алкогольді, нашақорлық масандық немесе өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану кызметкерді жұмыстан шығаруға дербес негіз бола алады.

- қызметкердің енбек қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, оның жарақат алу мен аварияларды коса алғанда, ауыр зардаптарга әкеп соғуы мүмкіндігі.

- жұмыс орны бойынша соттын заңды күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның ішінде ұсақ заттарды) ұрлау.

10. Егер іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімнің жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жаса жеке еңбек шарт тоқтатылады.

11. Білім беру саласында тәрбиешілік міндетті атқарушы қызметкердің аталған жұмыста жалғастыруға сыйымсыз моральға жат қылық жаса жеке еңбек шарты тоқтатылады.

12. Кызметкердің өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік, кызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де кұпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуі, егер ол жұмыс берушімен шарт жасасу кезіңде бұл туралы колын койғызып таныстырылған болса, жеке еңбек шарт тоқтатылады.

13. Іркіліске байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысудан және ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан реттерде шартты бұзуға жол беріледі.

14. Заңсыз босатылған қызметкер соттың шешімі бойынша бұрынғы қызметіне қайта алынғанда жеке еңбек шарты тоқтатылуы мүмкін.

Жұмыс уақыты дегеніміз — жұмыс берушінің актілеріне және жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбегі міңдеттерін орындайтын уақыты. Жұмыс уақытының мына түрлерін бар: ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты.

Қалыпты жұмыс уақыты. Еңбектің күн, апта, жыл бойғы, адамның дамуына және өмір сүруіне зиянын тигізбегін ұзақтығы қалыпты деп танылады. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес кәсіпорындардағы жұмыскерлердің қалыпты ұзақтықтығы аптасына 40 сағаттан кем болмауы тиіс жұмыс уақытының ұзақтығы. 6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағттан;

6 күндік жүмыс аптасына – 5 күн – 7 сағат, ал бір күн – 5 сағатболып белгіленген.

Жұмыс уакытының кысқартылған ұзақтығы еңбекті қорғау, оқуды өндіргіш еңбекпен табысты үйлестіру үшін қолайлы жағдай тудыру, өндіріске кәмелетке толмағандарды және еңбек қабілеті шектеулі адамдарды тарту мақсатында жұмыскерлердің кейбір санатгары үшін белгіленеді.

Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзактығы:

1) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасы-на 24 сағаттан, яғни 6 күңдік жұмыс аптасында күніне 4 сағат-тан, ал 5 күндік жүмыс аптасына - 4 күн - 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында - күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында - 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн — сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиян-ды жұмыстарда істейтін кызметкерлер үшін — аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Толық емес жұмыс куні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс қүніне жасалуы мүмкін.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уакыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жүкті әйелдерді түнгі уакытта жұмыс істеуге тартуға олардын келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уакытта жұмыс істеуге 18 жаска толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.

Демалыс уақытынын ұғымы және түрлері

Демалыс уақыты кызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз калауы бойынша пайдаланатын уақыты. Оның еңбек зандарына сәйкес мынадай түрлері бар:

1) демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;

2) күн сайынғы демалыс;

3) демалыс күндері;

4) мереке күндері;

5) демалыстар.

Демалуга және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Занда үзілістін тек төменгі ұзактығы ғана белгіленген. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және оны кызметкер өз калауы бойынша пайдаланады. Түскі үзіліс 4 сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі.

Арнаулы үзілістер. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суык, мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-туеіру жұмыстарымен айналысатын қызметкеряерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді,

Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс.

Демалыс күндері. Кызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына — екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;

3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.

Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істемейтін мереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар — Жаңа жыл; 8 наурыз — халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз — Наурыз мейрамы, 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр — Жеңіс күні, 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан — Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы. Жыл сайынғы еңбек демалысы - қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер баска нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 18 күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

Президентің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы - 45 күнтізбелік. Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынын қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы 30 күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.065 сек.)