АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тестілер. 1. Экономикалық заңдар дегеніміз:

Читайте также:
  1. Тестілер
  2. Тестілер
  3. Тестілер
  4. Тестілер
  5. Тестілер
  6. Тестілер
  7. Тестілер

1. Экономикалық заңдар дегеніміз:

а) әлеуеттік-саяси қатынастардың экономикалық нормативтері

б) экономикалық құбылыстардың субъективті-психологиялық бейнесі

в) объективті, тұрақты қайталанып отыратын экономикалық құбылыстардың себеп-салдарлы байланы-сының моделі (үлгісі)

г) ғылыми зерттеудің ерекше әдістері

2. Ғылыми методологияның мәні:

а) қоғам дамуын тарихи-логикалық бірлікте талдау

б) адамның қоғамдағы рөлін айқындау

в) ғылыми жүйелерді жасау

г) жеке ғалымдар ілімі

2 Тақырып.

МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

 

2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі 2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары

2.3. Меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі

2.4. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

 

2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі

 

Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ­та­ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты­настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмты­лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа­шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас­тарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.

Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.

Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам­дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол­данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.

Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат­тар­да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:

- өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;

- өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;

- қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары

Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастар­дың негізі жеке меншік негізінде экономи­калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анық­тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттанды­ра­тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал­пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономи­ка­лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі­мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы­лық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы (2.1. кесте).

 

 


2.1 кесте

 

 

Сонда тікелей

 

Кері тікелей

 

Алайда, нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны «көрінбейтін қол» деп, А.Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады.

 

2.3. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі

ХІХ ғасыр үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыс­тар теңсіздік пен жеке меншіктің орнына қоғамдық мен­шікті құру үшін күресті.

Қоғамдық меншік негізінде адамзат қоғамын ұйым­дастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемле­кеттік формасында құрылуы шарт. Оның форма­ларының көп түрлілігі болуы мүмкін.

Қоғамдық меншік бірігіп иеленуді, билеу, пайдалануды бол­жайды. Егер қоғамдық меншік - ортақ, бірігіп иелену бол­са, онда ол өндіріс құралдарына қатысты адамдардың барлығын теңесті­ре­ді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, адамды адам қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сондай-ақ, оңай табылатын табыстарды пайдалануды жояды. Барлық қоғам мүшелері тіршілік ете­тін қаражаттардың жал­ғыз қайнар көзі жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болуға тиіс. Осыдан бөлудің социалис­тік принциптері шығады: «кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішпейді». Бұл, социалистік өндіріс құралдары қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.

Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіке алғаш­қы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылықтар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2.2. кесте). Қоғамдық меншікті іске асыру.

Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Алайда солардың біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өнді­ріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қара­жаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның эконо­микалық қайшылықтары, бара-бара шешіл­мейтін мәселе бола бастайды. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі өтімді бола бастады. Меншік құқығы басқару аппаратының тікелей араласуынсыз іске асырылады.

Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объек­тивті ұлғаюы болады. Биліктің бұл аппараты тек халық­тың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тұрғыдан басқаратын корпоративті күшке айналады.

Тағы бір әлеуметтік және экономикалық тосқауыл, на­рық қызметтерін реттейтін, ынталандыратын маңызды эконо­ми­калық категориялар біртіндеп ыдырай бастады. Жай түсі­нікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынта­сы, ізденушілігі, тұтынушылық жұмысы жоға­лып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға бол­мады, ал нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепке бейім өндірушілерді таңдады және таңдайды.

Қоғамдық меншік - нарықтың реттейтін, ынталан­ды­ра­тын рөлдерін жоспармен ауыстырды. Тәуекел, ынта, ізденушілік - осының барлығы жоспарда қарастырылуы керек болды. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның орындал­маушылығы мен асыра орын­далуын болдырмады. Халық шаруашылығы – теңгерілген. Өндіріс монополиясы дамып, бәсекелестік, тәуекелдік жойылады.

 

2.2 кесте

 

 

 

 

Социалистік экономика өзін өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, еңбектің қоғамдық қажетті шығын­дарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салалық бәсекедегі нарық осы ЕҚҚШ-ты анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді.

Осылайша, қоғамдық меншікке негізделген ішкі қайшылықтар социализмді капитализммен экономикалық жарысқа түсуге әкелді. Капитализмдегі материалдық қызығушылық кәсіпкерді іздеуге, жаңа технологияларды енгізуге, білімді жұмысшы күшін тартуға, маркетингті оқуға мәжбүр етеді. Социализм осының барлығынан айрылды, ол экономикалық шешімдерді шығындық сипаты негізінде қабылдады.

Осының барлығы социалистік меншіктің ауысуына әкелді.

2.4. Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы

Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор­ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революция­лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер­де де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономи­ка­лық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауап­кершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.

Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материал­дық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.

Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жеке­шелен­діру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио­нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тын­ыш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылу­шы­лық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.

Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіп­орындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр­ма­ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп­орын­дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо­ми­калық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі ел­дердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.

Реформаны өт­кі­зу­дің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынас­тарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:

1. жаппай жекешелендіру;

2. шағын жекешелендіру;

3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.

Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

Екінші кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объекті­лер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіп­орын­дар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:

- жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;

- ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халық­тық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашы­лық­тардың формасы);

- мемлекеттік - меншік пен оның халқының меншігін үкімет басқарады.

Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады.

Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастары­ның монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.

Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргі­зі­лген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен іске асырылған:

- нарықты бейтараптандыру;

- аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.

Реформа кезінде Қазақстан нарықты бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Бірақ жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.

Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады:

1. Шаруашылық субъектілеріне меншік формасының ерікті және сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған.

2. Меншіктік қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп шығу тек қағазда жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық бастамашылық болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жоймауы.

3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету.

4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе - мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.

Түйін

Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғам­дық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетік­тері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құ­қық­тық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда­ жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынас­тар.

Қоғамдық-өндірістік қатынастар - меншік формала-ры­ның түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпора­тивтік, мемлекеттік т.б. тұрады.

Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.

Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін экономи-калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіруде маңызды орын алады.

Жаңа терминдер мен түсініктер

Меншік

Меншік субъектісі

Меншік объектісі

Құқық

Билеу

Басқару

Меншіктену

Тікелей

Жанама

Шеттету

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)