|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Категориялар мен терминдер
Қоғамдық жиынтық өнім, тұтыну заттары, бірінші бөлімше, екінші бөлімше, ұлттық байлық, қажетті өнім, қосымша өнім, қайталанған есеп, қосарланған құн, түпкі өнім, тұтыну қоры, қорлану қоры, тұрғындардың өмір деңгейі, жалпы ұлттық өнім, дефлятор, номиналды ЖҰӨ, нақты ЖҰӨ, баға индексі, жалпы ішкі өнім, таза ұлттық өнім, өзіндік табыс, жайластырылған өнім, таза экономикалық әл - ауқаттылық. 10 тақырып. ЖАЛПЫ экономикалық тепе-теңдік жӘне оНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 10.1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс 10.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның ауытқуы 10.3. Жұмыссыздық және инфляция - экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. ҚР-дағы жұмыссыздық түрлері 10.4. Инфляцияның түрлері және себептері
10.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс Микро және макроэкономикаға талдау жасауда тепе-теңдік әдісі қолданылады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін зерттегенде нарықтағы барлық өзара байланысты анықтайды – тауарларды, еңбек, капитал макродеңгейдегі экономиканы зерттеуде көңіл бөлетін әрбір тауардың тепе-теңдігі емес, ұлттық нарық көлемінде тауар массасының бірігуін дана, тонна, не метр емес, жиынтық бағаның құндық өлшемі ретінде көрсетеді. Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғаш алатын тауарлары мен қызметтерінің саны. Сонымен жиынтық сұраныстар тауар мен қызметтің жалпы көлеміне сұраныс, қалыптасқан баға бойынша есептелінетін жиынтық ұсыныс, бұл тауар мен қызметтің жалпы көлемінің мүмкіншілігіне қарай өндірілген және ұсынылған, қалыпатасқан баға деңгейімен анықталады: олар күнделікті өзгермейтін бағада кесте моделі түрінде бейнеленеді. Бағаның тұрақты өзгеруі оны зерттегенде қиындықтар жасайды. Сондықтан көлемін және динамикасын, жиынтық көлемін және динамикасын өлшегенде индексті пайдаланады. Тауарлы нарық тұрақты тепе-теңдікте болады, тек жиынтық сұранысқа жоспарланған сұранысты төмендетеді. Жиынтық ұсыныс – нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны (бұл жылжымайтын ұлттық өнім). Бағалар деңгейі мен ұлттық өзгеріс көлемі арасындағы аз тәуелсіздікті көрсететін жиынтық ұсыныс моделі кескін түрінде көрсетілген. Қысқа мерзімде (әдетте 2-3 жыл) және ұзақмерзім кезеңінде макроэкономикада болатын басты байланыс номиналдық және нақты өзгеріс тәртібімен байланыстырылады. Қысқа мерзімде номиналдық деңгей (баға, номиналдық жалақы, пайыз мөлшері) нарық көлемінің өзгеруіне байланысты баяу өзгереді деп есептеледі. Ұзақ мерзім кезінде номиналдық деңгей қатты өзгереді, нақты деңгей өте баяу өзгереді, талдау жасау үшін тұрақты деп саналады. Классикалық модель ұзақ мерзімдегі экономикалық тәртіпті қарастырады. Жиынтық ұсыныстан артық болуы: AD >АS. Оның келесі екі нұсқасы болуы мүмкін: -өндірісті қысқарту; -өндірілген өнімді өзгеріссіз қалдыру, бағаны қысқарту. Бұндай жағдайда кәсіпкерлер өндіріс көлемін қысқартады, өндірілген өнімді өзгертпей, пайдалы бағамен сатады. Егер жағдай өзгермесе, онда кәсіпкер бағаны төмендетеді. Бұндай жағдайдың болу себебі, жұмысшыларды жұмыстан қысқартуға, не шығаруға әкеліп соғады. Қорытындысында, ұлттық өнім төмендейді. Тұтынатын ЖҰӨ-нің серпініне (динамика) бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлардың әсері тауарлар мен қызметкерлерге жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі арасында жүзеге асады және АД қисығының бойымен қозғалу кестесі арқылы көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтық сұраныстың АД қисығын солға немесе оңға қозғау арқылы өзгеріске келтіреді. Тепе-теңдікті қабылдау керек, егер экономикалық жүйенің динамикалық жағдайында өзінің құрылғандығын сақтаса. Белгілі көрсеткіштер болады, соған байланысты тепе-теңдіктің жағдайына қатысты мынадай пікір білдіруге болады: - күнделікті жағдай, тұтынуды тосу, тұтынушылық көңіл-күй. Бұл көрсеткіштердің динамизмі, тұтыну жағдайының көрсеткіштерін бейнелеп, сұранысты көрсету; - өндірістік цикл және оның фазалары: дағдарыс, депрессия, жандану. Жиынтық сұраныстың екі түрі болады: 1. Натуралды заттар және құндық. Натуралды заттар түрі, жиынтық сұраныс, халықтың қоғамдық тұтынуы, фирманың, мемлекеттің тауарлар және қызметтің көлемі бейнелеп толық көрсетеді. Жиынтық сұраныс екі түрде болады: Натуралды заттай және құн түрінде. Натуралдық заттай түрі халықтың қажеттілігін толық және өндірістік емес қажеттілікті қамтамасыз етеді.
10.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның орындалуы
Екіншіден, барлық құрал жабдықтар жиынтығы және өндірістік қызмет ғылыми технологияны зерттейді және оны жетілдіреді, өндірістік ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қоғамдық сұранысты құндық жағдайда көрсету тауар мен қызметтің соңғы шығыны экономикада жасалынғанын ол қамтып көрсетеді. Жиынтық өнімді өндірілген және экономикалық агенттердің ұсынуы: халықтың, кәсіпорынның, мемлекеттің және экономикадағы баға деңгейі жиынтық сұраныстарының құрылымын бөлуге болады: - тұтыну С – тұтыну тааурлары мен қызметке ұсыну - инвестиция 1 – инвестициялық тауарларға ұсыныс - мемлекеттік сатып алу С – мемлекет тарапынан тауар мен қызметке ұсыныс. Қазақстан үшін әлемдік экономикаға ықпалдасу – ең бір өзекті мәселелердің бірі. Оны мына екі фактімен дәлелдеуге болады. Мысалы, еліміздегі экспорт көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің мөлшерінен 40 пайызға артық. Яғни, біз жылына 25 млрд.доллар көлемінде өнім өндіретін болсақ, оның 11-12 млрд. долларын сыртқа шығарамыз. Сондықтан да бұдан былай осы өнімдерімізді дүние жүзілік нарықта лайықты қорғай білуіміз керек. Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығында берік орнықтық, – деді Елбасы өз Жолдауында. Сонымен бірге біз република экономикасының жоғарғы қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбек бөлінісінде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын дифференциялау, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген алғашқы бес даму институттары құрылды. Аталмыш институттар болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді. Қазақстанда инновациялық дамудың ұлттық жүйесі біртіндеп қалыптасып келеді, сондықтан осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілмек. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша түпкі өнім шығаруға қол жеткізуің бірегей тәжірибесі мен инженерлік, технологиялық трансфертті ғылыми қор құру жайында шешім қабылданды. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландырылуын тереңдетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Индустриялық-иновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарылуға тиісті міндеттер: - елдегі индустриялық-инновацилық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның даму банкі мен Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады; - мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл білім, ғылым, қаржы, фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты. Жиынтық сұраныс тең өнімнің сұраныс сомасына C+I+G+Х Жиынтық сұраныстың бар элементі тұрақты, кейбіреуі ақырын өзгереді, мысалы тұтыну шығыны. Басқасы тым динамикалық жағдайда, мысалы инвестиция туғызатын шығындар, оның өзгеруі экономикалық ынталық туғызуға әсер етеді. Жиынтық сұраныстың көлбеуі АД көрсетеді. Тұтынушы тауарлар мен қызметтің мөлшерін баға деңгейіне байланысты сатып алады. Бұл жақсы комбинация жасайды, экономикадағы жалпы өнім өндіру мен жалпы тауар өндіру көлемі және экономиканың жалпы деңгейі, бұл жағдайда тауар және ақша нарығы тепе-тең болады. АД көлбеуі бойында қозғалу, жиынтық сұраныс өзгеруі жалпы баға динамикасының өзгеруіне байланысты. Осындай байланысты, ақша операциясының сандық теңдеуінен алуға болады.
МХV = РХQ
одан Р = МV; Q = МV; АD = МV Q Р Р
Бұнда: Р – экономикадағы баға деңгейі, бұл жағдайда баға индексі;
Q - өнімнің нақты көлемі, сұранысқа талап етілген; V – ақша айналысының жылдамдығы; АD – жағымсыз көлбеу қисығы кейбір жағдаймен түсіндіріледі, егер Б баға деңгейі Р жоғары болса, ақша қаржының нақты мөлшері аздау, М/Р ( АD көлбеуі жасалынады, ақша ұсынымының М және айналыс жылдамдығына қарап V) сондықтан тауар мен қызметтің көлемінен кем жасалынған сұранысқа V. Кері тәуелділікті жиынтық сұраныс деңгейімен және баға деңгейімен түсіндіруге болады. Пайыздық мөлшер тиімділігі, байлық тиімділігі, импорттық сатып алу тиімділігі т.с.с. Тауар нарығы кезінде тепе-теңдік жағдайда болады, егер күнделікті қолданатын баға деңгейінің мөлшеріне байланысты шығарылатын тауардың көлемі жиынтық өнімге тең болса, не жоспарланған шығынға тең болса, осы жағдайларға талдау жасау макроэкономиканың басты міндеті болып саналады. Түйін 1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың экономикалық маңызы, оның талдау әдістерін білу 2. Тепе-теңдікті жете түсіну және оны динамикалық жүйе ретінде қабылдау, өзінің құрамында және бейімделген тәртібінде өзгеріп отыратын фактор. Есеп Ресурстардың шектеулі еместігі және тұтынудың шексіздігі туралы шындық. Ресурстар шынында шексіз, себебі жаңа ресурс орындарын ашу шексіз. Тұтыну, шындығында, шектеулі, себебі оны қанағат етудің табиғи тежеуі бар. Сіз осы айтылғанның қайсысын жақтайсыз, әлде жақтамайсыз ба?
11 Тақырып. Ауытқу - экономикалық дамудағы заңдылық ретінде 11.1. Ауытқу - экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы 11.2. Экономикалық цикл теориясы 11.3. Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері 11.4. Мультипликатор- аксеператор өзара әрекет ету тұжырымдамасы 11.5.Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу
11.1 Ауытқу - экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік құпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады. Экономикалық дамудың циклдік себептері: 1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі; 2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі (разбалансированность); 3) бәсекелестік - экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы; 4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы). Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі. Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды. Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалық конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі. Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса, екінші – субъективті,ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады.Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу,нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрес-сивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді. Экономикалық циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына,сонымен қатар экономикалық динамика теориясына жатады.Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса,онда цикл теориясы уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді. Экономикалық цикл табиғаты осы уақытқа дейін ең даулы және ең аз зерттелген проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемалармен айналысатын зерттеушілерді,қоғамдық өмірдегі циклді кезеңді мойындамайтын,сол сияқты экономикалық циклда теңіз ағысы сияқты тұрақты деп мойындайтынын бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері (неоклассиктер) циклдік экономикалық жүйеге кездейсоқ әсер етудің (серпіліс немесе әлсіреу) салалары деп санайды. Екінші бағыттың өкілдері циклді өзіндік үлгідегі әлемнің бөлінбейтін “атомы” ретінде қарастырады. Олардың түсінігінде цикл бұл - материалдық әлемнің айрықша әмбебап және абсолютті құрылымы.Циклдің құрылымын, өзара қарама - қарсы әрекет етуші және өзара байланысты екі материалдық объект құрайды. Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады. Циклдің басты қасиеті - бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар: 1. Тұрақты өсу; 2. Өсудің біркелкі еместігі; 3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму). Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау, тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі. Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік және т.б. циклда өмір сүреді. Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты – 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи циклдер; маусымдық –жарты жылдық; қысқа мерзімді салалық және т.б. цикл. Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін бөліп көрсетеді:1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи,саяси және т.б.ие),сыртқы цикл –құбылыс; 2)Жалпы экономикаға тән ішкі цикл –құбылыс;3) Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторларының жиынтық –цикл себептері. Қазіргі уақытта зерттеушілер,сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін туғызушы,ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді сатылық (фазалық) ауытқушылыққа айналдырады (қайта құрады) деп болжайды. Экзогенді (экономикадан тыс) себеп циклдер ішінде ғылыми - техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблема-ларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор - акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза); көрсетілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын (5.1 кесте) ерекшелеп көрсетуге болады.
5.1 кесте ЖҰӨ
В құлдырау көтерілу
• А А–төмен құлдырау нүктесі; В –ең жоғары көтерілу нүктесі.
цикл Z(уақыт) Құлдырау белгілері – қорларды (запас) жою, өндірістік инвестицияларды қысқарту, еңбекке деген сұраныстың төмендеуі, пайданың күрт азайып кетуі, несиелік сұраныстың қысқаруы және т.б. Көтерілу белгілері – керісінше құбылыстар болып саналады. Көптеген экономист - теоретиктер себептерін ұсыныс пен сұраныс жылжымалы, өйткені, соның нәтижесінде, олардың балансында автоматизм жоқ болса да, экономика тепе – теңдік нүктесінен шығып кетеді деп санайды. Табыстың қарқынды ауытқу себептерін капитал жұмсаудағы өзгерістерден (ауытқулар) іздеу керек, оның үстіне капитал жұмсаудың әр түрлі типтері табысқа түрліше әсер етеді.С өйтіп, тұтыну және инвестициялық сұраныс, циклді құрауда шешуші маңызға ие болады. Экономика теориясы, цикл табиғатын бағалауда да бірыңғай емес.
11.2. Экономикалық цикл теориясы
Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс - тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді. Тоқырау (депрессия) - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі деңгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып), екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жаңарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін құрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу қайтадан дағдарысқа түсу процестері болады. Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге әсерін тигізеді. Көтерілу ждеңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың жоғары мен сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен (перенасыщения), тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады. Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе - бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады. Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі маркстік талдау бойынша әлеуметтік көзқарастар мен шектелген болатын. Олар дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижелерін жеке меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру арасындағы тұрақты қарама – қайшылық ретінде негіздеген. Индустрия қоғамның субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып, К. Маркс циклдер себептеріде жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін түсірді. Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп - жетілген саяси экономика, тауарлар өндірістің экономикалық ұйымдарын-дағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты. Индустриялық қоғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты (антогонизмді), маңызсыз негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да, негізгі - бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар - экономикалық цикл табиғаттын толық түсіндіре алмады К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган - Барановский, Т. Веблен, Дж. Кларк, Дж. Кейнс, М. Миллер, И. Шумпетер және басқа көптеген аса көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалық циклдерді зерттеуге арналған. Үш циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық процестер теориясын айрықша атап көрсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл, 3 жыл және 4 айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н. Кондратьевтің, К. Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған. Шумпетер экономикалық жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп санаған. П.Самуэльсон өзінің “Экономика” кітабында экономикалық өмірдің барлық саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы экономистердің басым көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік - экономикалық зардаптарына әсер етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп - үйренуді ұсынады. Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек “технологиялық” себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті – салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі экономиканың “бейнесі” өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен құлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары “өркендеу” мен “тоқырау” шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын “буырқаныс”, “қысқару”, “құлдырау”, “көтерілу” циклы деп аталады. (5.2. кестені қараңыз). Бұрқаныс
Қазіргі экономикалық теория экономикалық цикл себебін сыртқы және ішкі факторлар жүйесі арқылы көрсетеді. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге сырттан келетін факторлар, оған жататындар: а) сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін, халық санының өзгеруі; б) техникалық жаңа әдістер мен инновация: технологиялар түбегейлі өзгерістерге, инвестицияларды көбейтуге әкеледі, жаңа жұмыс орындарын ашуды және өркендеуді жылдамдатады; в) соғыстар және басқа саяси оқиғалар. Осыған ұқсас оқиғалар экономикалық циклдер бағытына жиі түрде әсерін тигізеді. Мәселен, АҚШ - тың ұлттық қарулы күшін қайта құру,”Ұлы тоқыраудың” өркендеу кезеңімен алмасуына әкелді. Ішкі факторлар – экономикалық өзгерістердің неғұрлым түбегейлі сәттері болып саналады. Қазіргі экономика үш негізгі факторларға: тұтынуға; инвестицияларға; үкімет қызметіне көніл аударады. Кейнс бойынша циклге қарсы реттеу, қор жинау мен инвестициялар қызметімен анықталатын жиынтық сұраныс экономикасына негізделеді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдік жағдайына ұмтылған сұраныс пен “жұмыс” істеу қажеттілігіне келіп тіреледі. Мәселен, басқыншылық саясатын жүргізу арқылы жиынтық сұраныстың кеңеюі құлдырау кезеңіндегі тепе – теңдіктің үш тәсілімен: мемлекет шығындарының көбеюімен; салық ставкасының азаюымен; пайыз ставка төмендеуімен жүзеге асырылады. Жиынтық сұраныс өркендеу кезеңінде, мемлекет “ ұстамдылық саясатын” жүргізіп, қарсы шараларды қолданады.Ол мемлекет шығындарының азаюы (трансфертті төлемдер мен әлеуметтік бағдарламаларды үнемдеу), салықтар мен пайыздық ставканың көбеюінен көрінеді. Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу саясаты монетаризм, яғни ақша ұсыныстарын реттеуі тәсілдерін қолдануды болжайды Циклдік экономиканың жұмыссыздық пен инфляцияның қыспағынан жеңіліс тауып, страгфляциялық дамуы жағдайларында монетаризм экономиканы құлдыраудан алып шығуға көмектеседі. Сондықтан қиын жағдайдан шығу – бұл халықтың ақшалай табыстарын мақсатты шектеу болып саналады. Сөйтіп, циклдік дамуға осы заманғы жол табушы, цикл табиғатын анықтауға, циклдің әр түрлі сатыларында (фаза) алмасуға жағымсыз әсерлерді азайтудың әдістерін іздеп табудан тұрады.
11.3. Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің циклге қарсы қызметі, циклдің келесі өзгерістерін туғызды: - біріншіден, дағдарыс табиғаты өзгереді, ол барған сайын құрылымды, қоғам ресурстарының шектеушісіне (шикізатты дағдарыс, қаржы дағдарысы, энергетикалық дағдарыс, мұнай дағдарысы) айналды; - екіншіден, әр түрлі елдердің постиндустриялды сатыда даму өзгерістері, циклдің асинхронды және дағдарыс кезеңінің уақыттық айырмашылығына әкелді; Дәстүрлі шикізат, нарықтық өзгерістер, валюта жүйелеріндегі ауытқушылық және т.б. қазіргі әлемдегі анықтаушы фактор болып алдынғы кезекке шыға бастады. Сөйтіп, дүние жүзілік өркениет перманенттік сілкіністер жағдайында жаңа мың жылдыққа еңді.
11.4. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы
Акселерация қағидасы мультипликатор теориясымен тікелей байланысты.Егер мультипликатор теориясы бастапқы беттегі автономиялы инвестициялар – ұлттық табыстың өсуіне әсерін зерттесе, онда акселерация қағидасы – кері құбылыс – ұлттық табыс өсімін – инвестициялардың өсу әсерін зерттейді.Бұл құбылыс ұдайы өндіріс процесі және экономиканы көтерудің бірден – бір негізі болып саналады. Акселерация маңызы алғашқы беттегі инвестициялар нәтижесінде алынған, өскен табыс, тұтыну тауарларын өндіруді ұлғайтумен байланысты сұраныстың өсуін туғызады, бұл жайлар өз кезегінде, өндіріс құралдарының өсуіне деген сұраныс, яғни 2 құрылым бөлімдері үшін машиналарға, жабдықтарға, шикізаттарға сұраныстың өсе түсуіне әкеледі.Бұл, 1 құрылымдық бөлім үшін, ұзақ уақыт бойы ірі көлемдегі шығындарды талап етеді. Акселерация қағидасы, салалар арасындағы тізбекті тәуелділіктің күшінен, тұтыну тауарларына деген сұраныс, өндіріс құралдары немесе инвестициялық тауарлар өндірісінің неғұрлым күшті дамуын туғызады. Мультипликатор теориясының (автономиялық инвестициялар теориясы) өзгешелігі түпкі сұраныс немесе сату көлемінің өскендік нәтижесі болып саналады. Орта капитал коэффициенті, сол кезеңдегі бүкіл капитал қорлары мен өнімдер шығаруды білдіреді. - үшіншіден, бұл себептер, қазіргі, әсіресе соғыстан кейінгі экономикадағы құлдыраудың шамалы түрдегі “тереңдеуіне” әкелді; - төртіншіден, дағдарысты құбылыстар жиі түрде бағалы қағаздар нарық және қаржы дағдарысы формасында несие нарықта көрініс берді. Индустриалды экономикаға тән дағдарыстар тұтастай циклді әлеуметтік тұрғыдан түсіндіруге, жаңа мемлекеттік реттеуді жасауға көмектесетін технологиялық талдаулар экономиканың циклдік дамуын талдаудың негізгі қорытындылары болып саналады. ХХ ғасырдың 70- ші жылдарының бірінші жартысы қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың дамуына жаңа жойқын төңкеріс (катаклизм) әкелді.Іс жүзінде бүкіл қазіргі капиталистік әлемді қамтыған мұнай дағдарысы кең етек алды. Бұл дағдарыстың циклдік дағдарыс ерекшелігі, мұнай және мұнай өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуі ілесіп, әдеттегіден тыс өсу мен қабаттаса жүруімен сипатталды. Бұл құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалардың дамуы арасындағы диспропорция туындайды, созылмалы сипатта және циклдік дағдарыс басталуымен әрқашан да сәйкес келе бермейді. Мұнай, азық – түлік, энергетикалық, шикізат дағдарыстары соңғы он жылдықта валюта жүйелеріндегі және экологиялық дағдарыстармен "толыға" түсті. Қазіргі заманғы нарықтық шаруашылық дамуының жалпы суреті дәстүрлі схемалармен сәйкес келмейтін болды. Құрылымдық дағдарыстар неғұрлым күрделі сипат ала бастады, экономикалық проблемалар ғаламат саяси процестер әсерін молырақ тигізетін болды. Мәселен, ұлттық және аймақтық қақтығыстар мен социалистік жүйенің құлауы, "ислам" факторы деп аталатын жағдай, біртұтас Еуропаны құру процесіндегі қарама - қайшылықты процестердің өсе түсуі және т.б. бөліп көрсетуге болады. Акселерация коэффициенті, өз кезегінде, капиталдың өсуі (ынталандыру, инвестициялар) мен өндірудің өсуі арасындағы байланысты анықтайды. Мультипликатор мен акселератор өзара әрекеті өнімдер өндіру мен табыстардың үздіксіз және прогрессивті өсуін туғызады. Бұл үлгілердің мәнісі:мысалы, егер тәуелсіз немесе автономиялы "А" инвестициялар өсетін болса, онда мультипликатор соған сәйкес шығарылатын өнімдердің өсуін туғызады. Өнімдерді шығаруды ұлғайту акселераторды әрекетке келтіреді және (индукция - еркін туындату) капитал жұмсаудың пайда болуымен ілесіп жүреді. Аталмыш модельдің мағынасы: автономиялы инвестициялардың өсуі мультипликатор шамасына сәйкес өсетіні тұрады. Табыстың өсуі, өз кезегінде, тұтыну тауарларына деген сұраныстың өсуі мен оларды өндірудің өсуден әкеледі. Сонымен, акселераторды, төмендегі формула арқылы, инвестицияларды тұтынуға деген (дайын өнімдер) сұраныс немесе ұлттық табыстың өсуіне қатынасы түрінде беруге болады:
ИТ А= ДТ-1-ДТ-2
бұл жерде: А - акселератор И- инвестициялар Д - табыс (немесе тұтыну сұранысы) Т - инвестициялар жүзеге асырылған жыл.
Мысалы, егер тұтыну сұранысының өсуі 1995 жыл және 1994 жылдар арасында болса, онда инвестициялар 1996 жылы жүзеге асырылған болады немесе
И 1996 А = Д 1995 - Д 1994 Экономикалық циклді зерттеген экономистердің бәрі де белгілі бір дәрежедегі акселерация қағидасын қарастырған Бірақ, оның шынайы түрде көрінуі туралы мәселедегі акселерация қағидасын бағалауда, түбегейлі айырмашылықтар бұрынғыша қалуда. Мәселен, Самуэль-сон, мультипликатор мен үйлесімді Акселерация қағидасы кумулятивті дефляцияны немесе Инфляциялық спиральды тудырады деп болжайды. Тұтастай алғанда, Акселератор әсері экономиканың тұрақсыздығынан туындайтын, экономикалық ауытқулар бөлінбейтін элементі ретінде қарастырылады. Өркендеудің басталуы, жинақтау сондай жағдайға жетумен сәйкес келеді, соған орай өндірістің жаңа негізгі қорларын құру үшін, капиталды тиімді инвестициялау мүмкіндігі туады. Көтерілу, орта мерзімдік циклдегі өнеркәсіп дағдарысынан туындайтын орта мерзімдік циклдердің шиеленісуімен қоса қабаттасып жүреді. Экономикалық өмір қарқының төмендеуі немесе факторлардың жиынтығымен пайда болған төмендету толқыны, өз негізінде жетілдірілген техниканы жасау саласындағы ізденіс және капиталды өнеркәсіптік = қаржылы топтардың қолдарына шоғырландыруды күшейтеді. Осылардың барлығы жаңаша өркендеу үшін алғышарттар жасайды және өндіргіш күштер дамуының жаңа басқышы болып, цикл қайталанады.
11.5. Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу Циклдік ауытқулар себептері әр түрлі көзқарастар мен реттеу проблемаларын туғызады. Тұтастай алғанда реттеудің:неокейнсиандік және неоконсервативтік екі бағыты бар. Неокейнсиандық бағыт - жиынтық сұраныс бағдарлану болып саналады, мақсаты – тұтастай түрде шаруашылық реттеу (макроэкономика), реттеуде басымдықтар – салық – бюджет және несие – ақша саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды – ынталандыру. Неоконсерватизмнің белгілері – ұсынысқа бағдарлану, мақсаты – жекелеген фирмалардың қызметі үшін ынта туғызушы (микроэкономика), реттеуде басымдықтар –несие –ақша және салық - бюджет саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды шектеу. Қандай да бір бағыттың жақтастары, бастапқы айқындама мен бағдарламаға қатысты, циклдік ауытқулар тігісін жатқызу (сглаживания) проблемаларын әртүрліше шешеді, осы мақсаттар үшін пайдалануға болатын мемлекеттің басқару иелігіндегі құралдарымен түрліше операцияларды жүзеге асырады. Мысалы,кейнсиандық рецепте жақтастары бюджет саясатына (басты түрде бұл – мемлекет шығындарының көбеюімен немесе азаюымен байланысты) және салық саясатына, экономиканың жағдайына байланысты салық ставкасымен айлалы әрекет (манипуляция) жасауға көп көңіл аударады. Неоконсервативтік рецепте ақша және несие проблемаларына үлкен көңіл бөледі. Сондықтан, соңғы жылдары неоконсервативтік саясат, ақша массасы көлемі мен оны реттеуді басты мәселе етіп қоятын, монетария теориясына арқа сүйейді. Осы тұжырымдама арасындағы түбегейлі айырмашылыққа қарамастан, өзара ортақ түсінік қалыптасқан. Біріншіден, мемлекет циклдік ауытқулар тігісін жатқызу жағдайында; екіншіден, мемлекет экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және оны ұстап тұру мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс; үшіншіден, циклдік ауытқулар жоюға бағытталған мемлекеттің рөлін салыстырады. Құлдырау сатысындағы мемлекеттің бүкіл шаралары іскер белсенділікті ынталандыруға, салық саясатындағы ставканы төмендетуге, жаңа инвестиция-ларға салық жеңілдіктерін беруге, жедел амортизация саясатын жүргізуге бағытталған болуға тиісті. Бұл кезеңдегі несие – ақша саясаты салық – бюджет саясатының несие басқыншылығын (экспансия) жүргізуін болжайтын мақсаттарды көздейді. Оның мақсаты қосымша несиелер көмегімен экономикалық өмірді жандандыру болып саналады. Осы мезгілде “арзан ақшалар” саясаты жүзеге асырылады және мұндай саясат берілген несие (несиелер) үшін пайыз ставкасын төмендетуді білдіреді. Экономикалық конъюнктураны жақсарту кезінде мемлекет, салық – бюджет және несие – ақша саласындағы қайшылықты шараларды, яғни салық ставкасының көтерілуін, мемлекеттік шығындардың қысқаруын, амортизациялық аударымдарды шектеу мен ұстамдылық саясатын жүргізеді. Несие – ақша саясаты несие бойынша пайыздық ставка, банктердің несие ресурстарының және инвестициялардың қысқару элементтеріне ие болады. Тұтастай алғанда,циклдік ауытқулар ретке келтіру, мемлекеттік саясат, экономикалық құлдырау кезіндегі бүкіл шаруашылық процестерінің белсенділігін арттыруға бағытталған қайшы әрекет ету саясаты ретінде көрінеді. Бұны ХХ ғасырдың 80 – ші жылдарының соңындағы КСРО – нің экономикалық дамуынан байқауға болады. Бұрынғы КСРО - ды экономикалық дағдарыс ерекшеліктері, басқарудың әміршілдік - әкімшілдік формасынан және өндірісті ұйымдастырудың жоспарлы әдістерінің қателіктерінен көрінді. КСРО- дағы өсу қарқынының баяулауы 70 –ші жылдардың екінші жартысының өзінде байқалған болатын, өйткені, индустриялы алдыңғы қатарлы елдер 1973жылдың өзінде ресурс көздерін сақтай білетін, жоғарғы тасқынды технологияларды қалыптастыру бағытына бет алғанда, біздің елдің басшылығы көп материалдар мен көп қуат көздері жұмсалатын және жерасты байлықтарын өндіруші өнеркәсіпті жедел дамыту саясатын ұстануын жалғастыра берді. КСРО –дағы экономикалық дамудың баяулауына, сол кезеңдегі нарықтық қатынастардың басып тасталуы мен мемлекеттік меншіктің үстемдік етуі шешуші рөл атқарды. Дегенмен, ұлттық экономиканың “опырылып құлауы”, “әлсіретіп барып емдеу терапия” стратегиясын таңдау нәтижесінде, 1991 жылдан кейін басталды. КСРО экономикасы 80 – ші жылдардың басында тоқырауға ұшырағаннан кейін елдің экономикалық жүйесін терең реформалау қажеттілігі, айқын мәлім болды. Тіпті шарушылық тетігіне терең реформаторлық өзгерістердің болмаған кезінде де, 90- шы жылдардың бірінші жартысында салыстырмалы түрдегі өндірістің аса терең құлдырауын күтуге болатын еді. Өкінішке қарай, Ресей, оның ішінде Қазақстанның экономикалық даму сценарийі басқалай жолмен кетті. Бұрынғы Одақтас Республикалардағы 1995 жылғы экономикалық құлдырауды 1929 -1933 жылдарда болған Америкадағы “Ұлы тоқыраумен” салыстырып қарағанда, одан да жоғары болып шықты және ол шамамен алғанда 1995 жылға дейін жалғасты. Тек 2000 жылы ғана экономиканың дамуында кейбір өзгерістер мен жандану пайда болды.
Түйін Экономикалық цикл - макро шаруашылықтың бөлінбейтін сапасы. Бірқатар себептермен, әсіресе жиынтық сұраныспен және жиынтық ұсыныспен келісілген (обусловлено) экономикалық ауытқулар, циклдің негізгі сапалары болып саналады.Циклдің негізгі назар аударатын проблемаларын - капитал жұмсаудың көлеміндегі, сапасын және құрылымын өзгерістермен байланысты неғұрлым терең экономикалық ауытқулармен түсіндіретін мультипликатор – акселератор тетіктерге талдау жасау. Экономикалық циклдің әр түрлі теориялаының болуы циклдерді талдауды жетілдіруді және әр түрлі үлгілерді туғызады. Циклдің басты сатылары (фаза) - дағдарыс,тоқырау, жандану және өркендеу. Бұл сатыларда (фаза) инвестициялар күшті ауытқуларды басынан өткерді, соның ішінде айрықша ауытқу – тұтыну болып саналады. Мемлекеттік экономикалық саясат циклдің барысына әсерін тигізеді және оны модификациялайды. Циклдердің тиімді реттегіштерін сәтті қолдану кезінде онша терең ауытқулар болмайды, ұлттық өнім шығындары қысқарады, ал цикл сатыларының (фаза) ауысуы көбірек болжап білетіндей жағдайға айналды.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.074 сек.) |