|
|||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тестілер
1. Процестердің қайсысы құлдырау сатысына (фазаға) жатпайды: а) пайданың қысқаруы б) пайыз деңгейінің төмендеуі в) акциялар бағамының төмен құлауы г) жұмыссыздық бойынша төлемдердің азаюы д) барлық жауаптар дұрыс 2. Акселератор қандай қатынастармен қойылған: а) тұтыну өсімі табыстың өсім қатынасымен б) индустрия (индуцированный) инвестициялар өсімі табыс өсімін қатынасымен в) автономиялық инвестициялар табыстар өсімінің қатынасымен г) жалпы инвестициялар табысқа қатынасымен д) барлық жауаптар дұрыс 3. Индукциялық (индуцированных) инвестиция-лардың пайда болуы немен байланысты? а) Ұлттық табыс пен жиынтық сұраныстың өсуімен б) халықтың өсуімен в) техникалық жаңа әдістерді жүзеге асырудың қажеттілігімен г) пайдалы кең қазбаларының жаңа орындарын ашумен д) экспорттың көбеюімен. 4. Экономикалық цикл шеңберіндегі ең тұрақсыз шығындар болып не саналады: а) мемлекеттік шығындар б) тұтыну шығындары в) еңбек құралдарын өсіруге қажетті инвестициялық шығындар г) негізгі капиталды қысқартуға жұмсалатын инвестициялық шығындар д) әскери шығындар 5. Жалпы инвестицияларды қысқартуға деген үрдістер қай сәттен басталады: а) сату көлемінің азаюынан б) сұраныс пен сату қарқының ара қатынасынан в) сату көлемінің тұрақтануынан г) сатудың өсу қарқының қысқаруынан д) сатудың өсу қарқының тұрақтануынан 6. Процестердің қайсысы көтерілу сатысына (фазаға) жатпайды: а) әр түрлі әлеуметтік қорлардан төлемдердің өсуі б) инфляцияның өсуі в) жеке меншік сектордағы инвестициялардың өсуі г) салық түсімдерінің өсуі д) қызметшілердің (прислуга) енбек ақысының өсуі
12 Тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕНД1К ТЕОРИЯЛАРЫ 12.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары 12.2.Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі 12.3.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері 12.4.Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары
12.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория "экономикалық өсу" категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді. Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әpi сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну кұралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өcyi ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды eкi есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндipicтік қорлар eкi есе ұлғаюы қажет. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күші және өндіріс қорларын дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтері белгілі арақатынаста немесе бipiн-бipi толықтыратын жағдайда. Қaзipгi жағдайда, ҒTP жағдайында, өндipicті интенсифтендіру негізіңде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өcyi, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтepілуi нeгiзiнде жүзеге асады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарық тетігінің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзi жеткіліксіз. Сұранымньң қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды. Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әpi қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты: табиғат ресурстарының саны мен сапасына; еңбек ресурстарының саны мен сапасына; капитал ресурстарына; қолда бар технологияға. Бip сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға — материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғамауқымындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өcyді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰT) болып табылады. Экономикалық өсу абсолютті және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы нақты ЖҰӨ 210 млн. теңге кұраса, ал оның алдындағы жылы да — 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өciм 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда — 5% кұрайды. Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғынақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып,нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді). Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰО) бipaзжылғықарқынды өсусипаттамасы көрсеткіштерін түзеотырып, оның үрдісін ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады. 12.2. Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі
Өндipic қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау кұрады. Өсу формуласының негізінде "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды. Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өcyі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді. Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келедіжәне 800 адамды қосымша жұмысқа тартады. Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең. Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) - ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті. Мультипликациондық эффекті ауқымын болжау үшін Дж. Кейнс енгізген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - "орташа тұтынуға бейімділік" — арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті ("АРС"-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда "психологиялық фактор" ретінде түсіндіреді, ceбeбi адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y) және "шектеулі тұтынуға бейімділік " (МРС) дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстары өзгepyiнe қатынасын көpceтeдi, яғни бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кезден табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті eнгізді - орташа жинақтауға бейімделік және шектеулі жинақтауға бейімділік. Жинақтауға бейімділікті бірден-бір психологиялық фактор ретінде көрсетеді. Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез-келген өзгерудің сондағы табыстың өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни жинақтаудағы өзгеру AS жинақтаудағы табыс А у Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялык эффектіні бағалауға ыкпал етті. Kазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз. Оның формуласы мынандай: dL dK dS мұндағы Q - өнім; L — еңбек; К - капитал; S — жер. 12.3. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері Экономикалық өсу экономиканың бip қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық пpогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критерийі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа құбылыс сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндipic пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтынулар өндipicтi ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзi жаңа тұтынуларды қалыптастырады — сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық - оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндipic дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынуды дәріптеу экономикалық тұтынулары да өcіп отырады. Олардың тұтынуларын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз eтyi қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Ceбeбi материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады. Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мыналармен байланыстырылады: оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірісті интенсифтендіру негізінде жүзеге асады. ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады: - еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни роботтехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық, биологиялық және басқа технология түрлері); - ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және тоғандарға қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау. Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі. Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін енгізуді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді. Экономикалық өсудің қайнар көзі - экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын қызметтің келісімін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі - экономикалық саясат. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі каржы) болады. Бүгін салынған каржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтеруге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтынымдары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критерийі болмақ.
12.4. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет. Бір жағынан — нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады. Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең. Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді. Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды. Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады. Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: "табыстар -> сұраным", бірақ "табыстар -» жинақтау" емес. Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең. Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді. Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады. Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді. Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын. Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модел. (12-1 кестені қараңыз).
12.1 кесте
Баға деңгейі. AD жиынтық ұсыным
AS жиынтық сұраным
Нақты өндіріс өнімі кесте 12-1. жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным. Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді. Тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі: өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-тендігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайын бөлу керек. Бұл кезде еңбек ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай артып кетпейді. 13 Тақырып. ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы 13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері 13.4. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер) 13.5. Мемлекеттік реттеу объектілері және функциялары 13.6. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістерінің қажеттілігі 13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы Динамикалық теңгермешілікті қолдаудағы мемлекеттің экономикалық саясатының рөлі орасан зор және оның кейбір экономикалық процестерді реттеу қабілеттілігі экономика және саясат қатынастарымен байланысты. Мемлекет қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті бақылайды және барлық басқа мемлекеттік емес институттарды бақылайды. Мемлекет қоғамдық өмір қағидаларын қалыптастырады және нысандарын ұйымдастырады. Мемлекет жалпы мүддені жекеден бөліп, адам мінез-құлқының жаңа нысанын тудырады. Сондықтан мемлекеттің пайда болуы және өмір cүpyi тарихи қажеттілік қана емес, сонымен бipгe экономикалық дамудың қоғамдық прогресивті және маңызды факторы болып табылады. Мемлекеттің пайда болуымен бipгe оның экономикалық қызметі қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарықтық жүйенің қажетті және негізгі буынына айналады. Үкіметтің «ұлы қолы» А. Смит жазғандай, бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолын» реттеуге тиіс. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында - бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы белгілі шаралар. Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады. Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің өндіру және бөлудің барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін көрсетті. Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарларды өндіруді ұйымдастыру және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік ету құқы болмайды. Нарықтық жүйе - бұл ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті болып табылады. Сонда да мемлекеттің реттеушілік функциясының маңызы ерекше болып қала береді. Epкін бәсеке кезінде нарықтық тетік экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешуге дәрменсіздік танытып өндіргіш күштердің басым бөлігі жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлкен құрылымын өзі ұстауға мәжбүр болады: темір жолдар, пошталар, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде мемлекет аралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым, ғарыш, сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және т.с.с жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу тетігіне араласу қажеттілігі пайда болады. Қaзipгi жағдайдағы ЭМР ұдайы өңдірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді. Қазір ЭМР тетіктері дүние жүзінің дамыған елдерінде: Францияда, Германияда, Испанияда, Австрияда, Нидерландия, Скандинавия елдерінде қолданылды. Англия, АҚШ, Канада, Австрия т.б. елдерде ЭМР әлсіздеу дамыған. ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және ic-тәжірибеде пайдалану тиімді. Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады. Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілерімен бөлінеді, бірақ әрдайым экономиканың меншікті секторына сүйене отырып, қоғамдық және жеке мүдделер қажеттілігінен туындайды, мұны 13.1 кестеден байқаймыз.
13.1 кесте Экономиканың мемлекеттік секторы
құрылу нысандары
Қызмет аясы
Өсудің негізгі себептері
ЭМР субъектілері болып табылатындар келесі белгілі орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары болып табылатын шаруашылықты басқарудағы мемлекеттік монополизм. Ол социалистік елдерге тән, бірақ қазір де кейбір посткоммунистік мемлекеттерде сақталады; - нарықтық және мемлекеттік реттегіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары-"Жапондық", "Шведтік" моделдері, ФРГ, Австрия әлеуметтік-бағдарланған нарықтық шаруашылық моделдері дамудың "қытайлық" нұсқасында іске асырылды; - АҚШ-тағы сияқты шексіз кәсіпкерлік шарттарына ғана тиімді деп танитын, либерализм. Заң шығару, атқару және сот мемлекеттік билігі күшті жерде ЭМР тиімді болып саналады. Мемлекеттің экономикалық саясаты әсерінен кез келген ұлттық, нарықтық экономика белгілі функциялық экономикалық жүйе (ФЭЖ) ретінде дамиды. Оларды қолдау немесе сәйкестікке келтірумен белгілі функциялар арқылы, мемлекет (үкімет) шұғылданады. Мәселен, ФЭЖ атынан динамикалық түрде өздігінен реттелуші жүйе, ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған, олардың жүйелік элементтері құрылады. Ол ақпарат, тауар, қызмет көрсету, технология, ноу-хау, капиталдың әртүрлі нысандарымен, жұмыс күшімен т.б. айырбас жасауға жағдайлар жасайды. Мәселен, мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейі ЖІӨ-нің 5%-нан аспауы тиіс. Алтын-валюта қорының көлемі, тауарлар импорты шығындарын, кемінде үш ай ішінде жабуға жеткілікті болуы қажет; жұмыссыздықтың шекті деңгейі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс т.с.с. Мемлекеттік реттеу көмегімен, белгілі деңгейде, осындай салыстырмалы параметрлерді ұстап тұруы ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамикасын қамтамасыз етеді. ФЭЖ-ге тән мысал: бәсекелестік жүйе құру; айналымдағы ақша массасын реттеу жүйесі; ішкі баға деңгейін қолдау жүйесі; жиынтық сұранысты ынталандыру жүйесі; төлем балансын қолдау жүйесі т.б. Функциялы экономикалық жүйелер (ФЭЖ) өзін-өзі реттеу және мемлекетті саясат көмегімен бүкіл халық шаруашылығының нәтижелі қызметіне нарықтық инфрақұрылымның әр-алуан элементтерін іріктеп біріктіреді, мұны 13.2 кестеден көруге болады.
13.2 кесте
Экономиканы әлеуметтік бағдарлы реттеу мақсатындағы функциялы экономикалық жүйенің мемлекеттік саясаты
жүзеге асырылады
негізгі нысандар
негізгі құралдар
негізгі көздер
Өнеркәсібі дамыған елдердегі өзін-өзі реттеу тетігі, сол елдерді күйзелтетін экономикалық дағдарыстарды тоқтатуына әсерін тигізеді Мысалы 1973-1975жж. экономикалық дағдарыстар, циклды дағдарыстар, дамыған елдер экономикасында әлеуметтік бағдарлы өзін-өзі реттеудің тиімді тетіктері пайда болғанын кең түрде керсетіп берді. Сонымен, мемлекет ұлттық, экономиканың тиімді қызмет атқаруына құқықтық негіз бен әлеуметтік ортаны анықтайды. Ол үшін табыс және ресурстар бөлінеді, жұмыспен қамту мен инфляция деңгейі бақыланады. ЭМР экономикалық жүйені тұрақтандыру, оны өзгермелі жағдайға бейімдеу мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі болып табылады.
13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілepi (ЭМР)
ЭМР: классикалық, кеинсиандық және институцио-налды-әлеуметтік тарихи, үш жетекші методологиялық тұрғыда қалыптасады. Классикалық үлгі(13.3кестені қараңыз) экономикаға аз араласуды болжайды және мемлекет - нарықтық экономиканың "түнгі күзетшісі" болып саналады деген А.Смиттің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бизнес-өндіреді және тұтынады, мемлекет жеке меншік құқығын қорғаумен айналысады және нарық заңдарынан туындайтын, кәсіпкерлер мен жұмысшылардың, тұтынушылар мен өндірушілердің "табиғи ойын ережелеріне" ақырын әсер етеді. Бірақ, ол жеке меншіктің табиғи ережелерінен ауытқуына күш қолдануға дейін (құқық,сот, әскер, полиция т.с.с.) барып әсер тигізуі мүмкін. Кейнсиандық үлгі (13.4 кестені қараңыз) Циклды өзгерістерді, жұмыссыздықты, инфляцияны және нарықтың барлық қатысушыларының өнімдермен ресурстар шығындарын мүмкін болғанша азайту мақсатында мемлекеттің экономикаға белсенді және неғұрлым көп араласуын көздейді. Институционалды әлеуметтік үлгі (13.5 кестені қараңыз) Күш құрылымы, экономикалық және әлеуметтік факторлар (институттар) арқылы қоғамның экономикалық тіршілік ету ортасына тарихи оңтайлы араласу жолымен мемлекеттің үш функциясын іске асыруды болжайды. ЭМР классикалық үлгісі
13.4 кесте ЭМР-дің кейнсиандық үлгісі
13.5 кесте ЭМР институционалды-әлеуметтік үлгісі Белгілер(13.5 кесте): ТК-ТУ-тауарлар және қызметтер; ТС-ЧН-таза салықтар; ӨФ-ФП-өндіріс факторлары; ӨШ-И-өндіріс шығындары; ҮШK-ДДХ-үй шаруашылығының кipicтepi; ҮШР-РД-үй шаруашылығының ресурстары; ҮШӨ-ПД-үй шаруашылығының өнімдері; ФК-ДФ-фирмалардың кipicтepi; ФАР-РОФ-фирмалардың ауытқуларын реттеу; ҮШАР-РОДХ-үй шаруашылығының ауытқуларын реттеу; ФӘМБР-РБСДХ-фирмалардың әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу; ҮШӘМБР-РБСДХ-үй шаруашылығының әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу; МӘИ-мемлекеттік әлеуметтік институттары; МӘИ-СИГ-салт-дәстүрді қорғаушылар мен білдірушілер. Институтционалды-әлеуметтік үлгі факторлар құрамы жағынан ең күрделi болып табылады. Оны таза түрінде көрсету қиын. Ол қоғамның шаруашылық өміріне мемлекеттің ықпал етуі сияқты арнайы макроэкономикалық тұрғыдағы шектерін көрсетеді, сонымен біpгe оған алдыңғы екі үлгінің элементтері де кіреді.
13.3. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)
Экономикалық саясат субъектілері шаруашылық мүдделерін орындаушылар, иеленушілер және айқындаушылар болып табылады. Шаруашылық мүдделерін иеленушілер - бұл әлеуметтік топтар, олар бip-бірінен мынадай белгілермен ерекшеленеді: мүліктік, табыс, кызметі мен түрлері, мамандығы, салалық және аймақтық қызығушылығы. Бұл-жалдамалы жұмыскерлер, кәсіпорын қожайындары, фермерлер, ұсақ және ipi кәсіпкерлер, басқармалар, акционерлер т.б. Олардың әр қайсысының өз әлеуметтік-экономикалық мүдделері және қызметтері бар. Мемлекет қоғамның барлық топтарының мүдделерін дұрыс үйлестіруі тиіс. Ол үшін мемлекет атқару билігі тетігін құрады. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (ЭМР субъектілері) үш тармақтан құралған, олар: Президент, Үкімет, олардың сот органдары және Ұлттық банк. ЭМР өз қолдарына алатын федералды және жергілікті органдар, парламент және үкімет болды. Кәсіпкерлерден, еңбекшілерден және үкімет пен арадағы тариф келісімін реттеу үшін кәсіпкерлер, кәсіподақ одақтары және атқару биліктері өкілдерінен органдар құрылады. Экономика Министрлігі және кәсіпкерлердің салалық одақтарын жеке салаларын қолдау және дамыту жөнінде комитеттер, кеңестер ұйымдастырылады. Олар кеңесшілдік қызметті жүзеге асырады және мемлекеттік экономикалық саясатқа (МЭС) ықпал етеді. Мұндай органдарға үкімет экономика, қаржы, әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік экономикалық саясаты Орталық банк сарапшыларының әр алуан кеңестері т.б. жатады. Олардың ұсыныстары (МЭС) бағдарлауға, бюджеттен және әртүрлі қорлардан қаржы жұмсау бағыттарына жатады. ЭМР мен мүдделі иелер арасындағы қатынас мыналармен айқындалады: - шаруашылық құрылымын жақсартудағы ЭМР жетістіктерімен; - еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен қамтылуының өсуімен; - қалыпты төлемқабілетті баланспен; - инфляция қарқынының төмендеуімен; - халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауымен; ЭМР жетістігі сондай-ақ кәсіподақ шерулерімен, қақтығыстардың азаюымен, МЭС бағасымен, сайлауды реттеудің мемлекеттік шараларын қолдауынан көрінеді. Ол үшін ЭМР органдарында сауалнамалар көмегімен жүргізілген реттеу шараларында шаруашылық субъектілері ic-қимылының болжамдары мен жедел ақпараттар болуы тиіс. ЭМР тиімділігін зерттеудің сауалнамалық әдісін кейбір кемшіліктері болғанымен, ол, экономикалық мемлекеттік реттеуде елеулі рөл атқарады және ғылыми әлемде,сондай-ақ мемлекеттік аппаратта болып саналады. Макроэкономикалық зерттеулерде мемлекетке, оның экономикалық саясатының жиынтық көрсеткіштеріне ықпал етуге зор көңіл бөлінеді. Мемлекет ұлттық нарықта экономикалық қатынастарға қатысушылардың қолданатын "ойын ережелерін" белгілейді, жеке үкімет нарықтық субъектілерінің бipi болып шығады, яғни ұлттық мүддені қолдайтын белсенді мемлекет ретінде әрекет жасайды.
13.4. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері және функциялары ЭМР объектілері бұл-қиындықтар, проблемалар туындаған немесе туындауы мүмкін салалар, аймақтар, сондай-ақ, ахуалдар мен құбылыстар. ЭМР-дің негізгі объектілері: - экономикалық цикл; - шаруашылықтың секторлы және аймақтық салалық құрылымы; - капитал жинақтау шарттары және жұмыспен қамту; - ақша айналымы; - бағаны реттеу; - төлем балансы; - бәсеке шарттары; - әлеуметтік қатынастар, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастарды қосқанда; - кадрлар даярлау және қайта даярлау; - қоршаған ортаны қорғау; - сыртқы экономикалық байланыстар. Kөріп отырғанымыздай, ЭМР объектілерінің тізбесі макроэкономикалық процестерді, шаруашылық циклы ауқымында қорлануды, жекелеген салаларды, аумақтық кешендерді, конкурс шарттарын, мемлекетаралық байланыстарды қамтиды. ЭМР объектілері шешілетін міндетіне қарай келесілерге бөлінеді: фирмалар, салалар, аймақтар, экономика секторлары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету т.б.); тұтастай шаруашылықтар (шаруашылық циклы, ақша айналымы, баға); ауқымды (әлеуметтік қатынастар, экология); ұлттық (шет елдермен экономикалық-саяси қатынас, интеграциялық процесс). Экономикалық реттеу (ЭР) мақсаттары әдетте, мәні, ауқымы жағынан әркелкі, бірақ өзара тығыз байланыста болады, біреуін шешпей екінші салада табысқа жету мүмкін емес. ЭР құралы мемлекеттік билік күшіне негізделеді және мемлекет функциялары арқылы айқындалатын рұқсат ету және мәжбүрлеу шаралары шығындарын қамтиды. Қазіргі мемлекеттің экономикалық функциялары алуантүрлі және күрделі. Мемлекет атқаратын экономикалық функциялардың негізгі топтарын былайша бөлуге болады: - экономикалық қызметтің құқытық базасын құру және дамыту; - нарық жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және бәсекелестік орта құру, оны монополияға қарсы заң арқылы қорғау; - табысты және байлықты қайта бөлісу, ресурстарды бөлуді түзету, жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау көмегімен экономиканы тұрақтандыру; - нарықтық тетіктің кейбір элементтерін қолдануды шектеу, қоғамдық тәртіпті, ұлттық қорғанысты, көлік жүйесін және жиынтық тұтыну саласын қолдауға және білім, медициналық қызмет көрсетудің қалыпты жағдайын қамтамасыз етуге бюджет ресурстарын бөлу; - дүниежүзілік экономикада ұлттық бәсеке артықшылығына жету және сақтау: - экономиканың құрылымдық жаңаруын ынталандыру; - макроэкономикалық көрсеткіштің өзгеруін қалпына келтіру үшін экономиканың интеграцияны реттеуші жүйесін құру. Құқықтық базаға кіретіндер: - мемлекетпен ерекше түрде экономиканың барлық саласына, бизнесті қоса алғанда берілетін өзіндік қызметтер, құқықтық нормалар, заңдар, актілер; -"ойын ережесі" тетіктерін жасау, яғни үкімет, бизнес, өндірушілер мен тұтынушылар, жұмыскерлер арасындағы қатынастарды реттеу нормалары т.с.с. (мемлекет осындай мақсатпен өз институттарын құрады -сот, комитеттер, қызметтер, комиссиялар т.с.с.); - меншік иелерінің құқықтарын мерзімдеу, бұл трансакциялық шығындарды азайтады. - мемлекет бәсекені қорғауды жүзеге асырады; - бәсеке экономиканы дамытудың негізгі факторлары ретінде жағдай жасайды; - монополияны нарықтық негізгі қатынасушыларына зиян келтіруші фактор ретінде шектейді; - нарықтық ішкі және шетел қатысушыларына бәсекені белгілеуді шектейді және рұқсат беру процесінде бәсекені ынталандырады. Мемлекет арқылы табыс пен байлықты сапалы қайта бөлісу нарық қызметінің күрт бұзылуы салдарынан жүргізіледі, ол сыртқы тиімділік деп аталады. Сыртқы тиімділік - бұл нарық қатысушыларының ұтымды не ұтымсыз факторларына ауысу және байланысты емес табыс пен шығындар. Мемлекеттік (нарықтық емес) игіліктер тиімділігі-нарықтық экономиканың іске асыру мүмкіндігі жоқ өндірісі, дегенмен мүндай өндіріс бәріне қажет және пайдалы, оны 13.6 кестеден көруге болады. 13.6. кесте Мемлекеттік қоғамдық игіліктер
игіліктердің негізгі нысандары
ерекшеліктері
Мемлекеттік қоғамдық игіліктердің мынадай қасиеттері бар: - бөлінбейтін болып табылады және нарықтың кейбір қатысушыларына ғана сатылмауы мүмкін, яғни оның бәрі пайдаланады. - "фрирайдер" деп аталатын проблема туындады (қыз-метті, оны өндіруде шығындардың шықпайтыныдық мыса-лы, сот, құқықтық тәртіп, қорғаныс қызметі жүйесі т.б.); - квазиқоғамдық (жалған қоғамдық) қызметтер, яғни бұл игіліктер қоғам үшін жеткіліксіз және барлығына пайда келтіре алмайды (денсаулық сақтау, білім беру, спорт т.с.с. қызмет көрсету). Экономиканы құрылымдық жақсартудың ынталандыру функциясы мыналар арқылы орындалады: - инновациялық ресурстарға, тауарларға, инвестицияны жүзеге асырушы кәсіпорындарға ерекше салық тәртібін (режимін) енгізу; - инновациялық бизнесті ынталандыратын заңдарды қабылдау; - ғылымды көп кажетсінетін тауарлар өндірушілерге арналған субсидия, жеңілдіктер; - ҒЗТКЖ-НИОКР-ды қаржыландыру. Экономиканы тұрақтандыру функциясы табыс пен шығындардың тең айналымын қолдауды қамтамасыз етуі тиіс. Егер шығындар кірістен төмен болса, онда бұл өндірістің құлдырауына, жұмыссыздықтың өсуіне, экономиканың жаңаруын баяулатуға, жабдықтың ескіруіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекет салықтарды төмендету және бюджеттің шығыс бөлігін қаржыландыру арқылы жұмсауды толықтырады. Егер шығындар кірістерден жоғары болса, онда ол инфляцияны тудырады, кірістердің қайта бөлінісі тиімсіз болады және нақты өсу тұрақсызданады. Онда мемлекет шығындарды қысқартуы тиіс. - 13.5. Экономиканың мемлекеттік реттеудегі құралдары мен әдістерінің қажеттілігі Мемлекет экономикаға белгілі құралдар арқылы ықпал етеді, бұл - үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің өзіндік мақсаттарына жету үшін экономикалық реттеу шаралары және әдістерімен түсіндіріледі. Қазіргі жағдайда мынадай құралдар әр елге ортақ болып табылады: - бағаны реттеу; - үкіметтік сатып алу; - трансферттік төлемдер; - мемлекеттік несиелер; - дотациялар, субсидиялар, субвенциялар; - федералды қаржылар (бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, кірістер, шығындар); - федерация субъектілерінің қаржылары; - мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі; - мемлекеттік қарыз (ішкі және сыртқы); - жергілікті қаржылар; - фискалдық саясат; - мемлекеттік кәсіпкерлік; - шаруашылық заңдылығы; - меншік объектілерін мемлекетке меншіктеу және жекешелендіру. Реттеу құралдарының тізбесі ЭМР-ді құқықтық, әкімшілік, экономикалық төте және жанама әдістерге бөлуге мүмкіндіктер береді. Құқықтық реттеу меншік нысаны мен құқығын, фирма қызметі мен келісім жасау шарттарын, кәсіподақ пен жұмыс берушілердің, т.б. еңбек қатынасы саласындағы өзара міндеттерді анықтайтын заң нормалары мен ережелерінің жүйесінен тұрады. Әкімшілік реттеу (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу шаралары) бағаға, кіріске, есеп ставкасына, валюта бағамына, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік т.б. мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (13.7. кестені қараңыз). Баға - қоғамның экономикалық әлеуметтік-саяси өмірінің шекті нүктелерінің бipi. Өндірушілер, бөлшек және көтерме саудагерлер, кәсіпкерлер одағы және кәсіподақтың топтық мүдделері бағада тоғысады. Әрбір адам бағамен байланысты. Оның айналысындағы адамдар, топтар, партиялар, парламент, үкімет, мемлекеттер арасында күрес жүреді.
13.7 кесте
бұл
Ерекшеліктері
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.083 сек.) |