|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тестілер. 1. Келесі үйғарымдар дұрыс па?
1. Келесі үйғарымдар дұрыс па? а) 16 және одан жоғары жастағылар жүмыспен қамтылғандарға немесе жұмыссыздар катарына жата ма? б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі әрдайым тұрақты ма? Ь) Жұмыссыздықты күту өлшемінде есепке алынады; с) енді жұмыс күші кұрамында есепке алынбайды ё) ең төмен жалақы түрінде жәрдемақы алады 2. Аталғандардың қайсысы дұрыс емес: а) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кысқа мерзімде; салыстырмалы тұрақты және ұзақ мерзімді уақытта өзгереді б фрикциондық, құрылымдық және циклдік жұмыссыздықты қамтиды с) егер жұмыссыздық деңгейі тең болса, нақты ЖҮӨ әлеуеттілігіне тең ё) өлшемнің өзгеруі экономика құрылымындағы ығысуларды тудырады е) ең төмен жалақының көтерілуі АІКІІ ұзақмерзімді уақытта ұлғаю факторы болып табылады. 3. Жұмыссыздық мынадай кезде пайда болады: а) ең төмен жалақы жуық арада көбейетіні белгілі болса б) жұмыссыздық жөнінде мол сақтандыру енгізілсе; с) жұмысшылар уакытша ауа-райы жағдайына қарай босатылса е) нақты жалақы тепе-теңдік деңгейінен асқанда е) орта есеппен бір ай болды, фрикциондық жұмыссыздық көлемін есептеңіз 4. Осы жылы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - 5%, ал нақты деңгейі - 9% құрады делік. Оукен заңын пайдаланып, ЖҮӨ артта қалу өлшемін пайызбен анықтаңыз. 7 Тақырып. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ
7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы 7.2. Негізгі және айналыс капиталы 7.3. Негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуы 7.4. Негізгі айналмалы қорлар 7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игілктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз. Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бip жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады. Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі. I сатысы П сатысы Ш сатысы ЖК А-Т …Ө… Т1-А1
ҚЖ Мұнда: А – ақша қаражаты; Т – тауар; ЖК – жұмысшы күші; ҚЖ – құрал-жабдық; Ө - өндіріс процесі; Т1- дайын өнім; А1 – сатылған өнімнен алынған ақша қаражаты
Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бip функцияны атқарады: А-Т - біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады; Ө - екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады; кәсіпкер сатып алған тауарларын өндірісте қолданады. Ол тауар шығарушы ретінде әрекет етеді. Оның капиталы өндіріс процесін іске асырады. Нәтижесінде оның шығарған тауары үлкен құнға айналады, өндіріс элементінің құнына қарағанда нүктелер процесінен өндіріс процесінің қозғалысын анықтайды. Т1-А1 үшінші сатысында дайын өнім шығарылады, оны сату арқылы табыс алынды. Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында. Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды. Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады). Томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал деп айтады. Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді. Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады. Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды. Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады. Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді. Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) - негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты -шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бip бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады. Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады. Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады. Материалдық тозу деп - құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни: 1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға, 2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады. Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор. Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында. Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістің айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі. Айналыс қорлары - өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен ауысады. Айналым қорларының негізгі элементтері - еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады. Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бip уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады: N = O/t Мұнда: n - бip жылдағы айналым саны; о - қабылдаған уақыт өлшемі (бip жыл); t - белгілі ресурстардың айналым уақыты. Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық қорға айналуын - амортизация деп атайды. Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет. Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп- оның тұтыну құнының жойылуын айтады. Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсеткіші қайтарым қоры болып табылады. ФО = П/Фнегізгі Мұнда: ФО – қайтарым қоры; П - жасалған өнім; Фнегізгі -негізгі өндірістік қорлардың құны. Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады: ME – М. 100 Q Мұнда: ME - материал сыйымдылығы, % М – пайдаланған шикізаттар, отын, энергия, материалдар және жартыдай фабрикаттар құндары, тең Q - өндірілген өнімнің құны
Файналым/П - айналмалы қорлар; П - жасалған өнім құны;
Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары кажет. Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды. Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бip жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді. 2. Айналым - уақыт пен жылдамдық арқылы өлшенеді. Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурстардың өндіріс пен айналыс аясынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады. Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жылдамдығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір кезеңдегі жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты. N=;О=; Ағындының айналыс уақыты (β айналым) өндіріс уақыты (β n) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозғалысында өндіріс және айналыс сатысынан өтеді. (β об )= (β n)+(β o ) Өндіріс уақыты барлық кезеңді қамтиды. Құралдар мен өндіріс аясындағы еңбек заттары, кәсіпорнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында. Айналыс уақытын қоса есептегенде: а) дайын өнімнің қоймада болған кезі; б) оларды тұтынушыға тасымалдау уақыты. Кесте Кәсіпорын қорларының құрылымы
Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура сондай-ақ портерльдік болып, негізгі материалдарға және тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға тұрғын үй құрылыстарына бөлінеді. Инвестор (ағыл. Investor - күрделі қаржы салушы) жеке серіктестіктер мен мемлекет шығаратын облигация акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма. Инвестициялық саясат - күрделі қаржының негізгі бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жиынтығы, күрделі қаржыны шешуші учаскелерге шоғырландыру шаралары, қоғамдық өндірісті дамытудың жаңа қарқынына қол жеткізу, экономиканың теңдестірілуі мен тиімділігі, шығынның әрбір теңдесіне шаққанда мейлінше мол өнімін алу - осы шараларға байланысты. Инвестициялық саясаттың қазіргі кезеңдегі сипатты ерекшелігі - салымның денін жаңа құрылыстан кәсіпорындарды жаңа техникамен қайта жарақтандыруға және қайта құруға көшіру, осы мақсаттарға жұмсалатын қаржының жалпы көлеміндегі үлесін көбейту, өзара машиналар мен жабдыққа жұмсалатын шығынның үлес салмағын арттыру. Шағын және орта бизнес субъектілерін тікелей және көлбеу интеграциялау. Инвестиция саясатында күрделі қаржы салу құрылымына ерекше назар аударылады. Бұл орайда, өңдеуші өнеркәсіптің Инвестициялық тұтымдылығын арттыру және қосымша құны жоғары тауарларды өндіруді демеу үшін, Үкімет өзінің әрбір Инвестициялық жобаға қатысуына байланысты дәлме-дәл шешімдерге келуі керек. Тұтастай алғанда, Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы және келісім-шарттардың сақталуына кепілдік жасау қамтамасыз етілетін болады. Дамудың қаржы институттарын құру қысқа мерзімдік міндеттер қатарына жатады, нақты сектордың дамуы үшін зор маңызы бар. 1. Қазақстанның Инвестициялық қоры. Бұл қор қосымша құны жоғары тауарлар шығаратын компания-лардың капиталын жасақтауға үлестік тұрғыдан қатысады. 2. Инновациялық қор. Бұл қор озық технологияларды жасау мен енгізуді, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды талдап-жасауды қаржыландырады. 3. Экспортты қамсыздандыру корпорациясы. Ол сыртқы нарықтарға өнім шығаратын Қазақстан кәсіпорындарына қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді 4. Отандық кәсіпорындарды тікелей несиелеуді дамыта түсу үшін даму банкінің жарғылық қорын өcipy де көзделеді.Индустриялық стратегияны жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде мемлекет пен жеке сектордың тың тұрпатты жаңа қарым - қатынастарын қалыптастыруды атауға болады. Қолға алынған ic-шаралардың бәрі де нақтылы ғылыми-технологиялық саясатпен тиянақталуға тиіс екендігі талассыз. Ғылым мен білім тұрақты экономикалық даму факторлары ретінде қарастырылуда, сондықтан да ғылым мен білімнің бүгінгі заманға сәйкес келетін жүйесін жасау, Үкіметтің ic-қимылындағы басым бағыттар қатарына қосылады. Қазақстанның ғылыми-техникалық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады, әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық нарығын тартуға келіп тіреледі Оның негізгі тетіктері - трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл – төл ғылыми техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчурлық инфрақұрылымды талап етеді. Осы тәсілдерді бip-бipiмен салалас-сабақтас ете, мемлекеттік бюджет пен инновациялық қордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сондай-ақ нормативті-. құжаттық негізді жетілдіре келіп: "Біз Қазақстан өнеркәсібіндегі онды өзгерістерге тың cepпін беретін боламыз" - деді Даниал Ахметов. 2002 жыл ішінде ИДБ (Ислам Даму Банкі) жобаларды, сауда операцияларын, сонымен қатар жобаларға техникалық ықпал жасауларды қоса есептегенде, қызметтің алуан түрін жүзеге асыруға 2,34 миллиард ислам динары көлемінде (3,08 миллиард АҚШ доллары) қаржыны бекіткен. Үстіміздегі жылы банк «Сукук» халыкаралық құнды қағаздарын 300 миллион АҚШ доллары көлемінде шығарды. Бұл банктің тарихында қаржыны жұмылдыруға бағытталған құнды қағаздар нарығына жасаған бірінші қадамы болып табылады. Өткен жылдың соңында (қайтарылған операциялардан басқалары) ИДБ бекіткен қаржы 23,14 миллиард ислам динарын (30,40 миллиард АҚШ доллары) құраған. Осы операциялардың 63 пайызы сауда жасауға, ал 35 пайызы жобаларды қаржыландыру мақсатына пайдаланылған. Қалған қаржы арнаулы көмек және техникалық ықпал бағдарламалары бюджетіне аударылған. Қазақстан 1995 жылы банкке мүше болып кіргеннен бастап еліміз бен банк арасындағы ынтымақтастықтың қуаттылығын сезіне түсуде. Ислам даму банкінің Қазақстанның жеке банктерімен ынтымақтастығы да - біз үшін нәрлі бастау болды. Қазақстанның ислам даму банкінің бағдарламалары мен институттарына қатысуының да келешегі кемел. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз батыл да байсалды экономикалық реформаларды жүзеге асырды. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру туралы» заңдар осының дәлелі. Бүгінгі күні біз әлемде Қытайдан кейін екінші орынға шықтық. Алдағы уақытта ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық өнімін 7-7,5 пайыз шегінде көтеріп, оның жан басына шаққандағы деңгейін 2004-ші жылы 2700 АҚШ доллары сомасына дейін жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылады. Инфляция деңгейі 7,2 пайыз болды. ХВҚ мен шетелдік жетекші зерттеу орталықтарының өкілдері, дәйекті макроэкономикалық саясат пен тиімді құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде, Қазақстан қaзiргi кезде экономикалық дамудың қарқыны бойынша Орталық Азия елдері мен басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттерден әлдеқайда озық екенін атап өтуде. Мәселен, әлемге танымал «Муддис» жэне «Смэндард энд Пуурс» Рейтинг агентіктерінің бағалауы бойынша, біздің, республика ТМД елдерінің арасында ең биік несие рейтингіне ие болып отыр. «Муддис» агентігінің директоры Л.Джексон-Мурдың пікіріне қарағанда, Қазақстан ішкі-саяси тұрақтылық, заңнамалық базаның сәйкестілігі, шeтeлдiк инвестицияларды тартуға қажетті жағдайлар туғызу және мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері секілді көрсеткіштер бойынша Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Өзбекстаннан және ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда алда келеді. Ел экономикасы жоғары қарқынмен өciп келеді. 2001 жылы ІЖӨ өсімі 13,2 пайыз болып, рекордтық деңгейге жетті, 2002 жылы ол 9,5 пайызды құрады. Төрт жылдағы ІЖӨ-нің нақты өciмi 40 пайыз болды. Оның үстіне қaзiргi кезде ел экономикасында жекеменшік сектор үлкен рөл атқарып отыр, онда ел ІЖӨ-нің 70 пайыздан астамы өндіріледі, бұл ретте экономиканың барлық саласы дерлік тұрақты өсімге жетуде. Біз 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған елімізді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын қабылдадық, онда өнеркәсіптік әлеуетті осы заманғы технологиялар негізінде 3,5 есе үлғайту тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары анықталған. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің әлемдік бағалар конъюктурасына тәуелділігін азайту үшін құрылған ұлттық қор жұмыс істеуде. Қaзipгi кезде оның көлемі 2,2 миллиард долларға тең. 2 миллиард доллар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырылған. Бұған қоса біз, жарғылық капиталы көп кешікпей 300 миллион доллар болатын Қазақстанның мемлекеттік Даму банкін құрдық. Ол өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымдағы орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелеуге арналған. Кейінгі уақытта республика нарығында бірнеше серпінді дамушы банктер өздерін бірден көрсете білді, оның ішінде «Валют-Транзит Банк» жылдан жылға көрсеткіштерін тіптен еселей отырып, өзіне көңіл аудартуда. Егер жеті жыл бұрын банк активтері 2 млн. теңгені құраса, қазіргі уақытта 20 млрд.теңгеден асады, «Валют-Транзит Банктің» жеке капиталы 4 млрд. тенгеге жетті. Банк Қазақстандағы ipi банктердің бiрiнші ондығына кіреді, оның тарамданған филиалдары, есеп айырысу кассалық бөлімшелері, қолма-қол валюта айырбастау желілері бар. - Бизнестің әр кезеңі, - дейді Валют Транзит Банк ААҚ Директорлар Кеңесінің төрайымы Ә.Әлкеева-Беляеева, - мейлі қалыптасу кезеңі болсын, бәсекелестік өсу жағдайында көп күш жұмсауды талап етеді. «Валют-Транзит саудалы маркалы кәсіпорынның көпсалалы қызметіне қатысты айтар болсақ, бұл сауатты есеп пен тапқырлық және тың шешімдер нәтижесі. Мұнда ең бастысы - әркімге өз бөлімі мен дарынын көрсете білуге көмектесетін қолайлы жағдай қалыптасқан. Тек оны дұрыс, орынды пайдалана білу қажет. Біз қолма-қол валюта айырбастау бекетінен бастаған болатынбыз. Айырбастаудың тиімді бағамы мен қызмет көрсету жағдайына байланысты біздің қызметіміз үлкен сұраныста болды. - Әрине, кездейсоқсыз болмайды, бірақ басқа жағынан алып қарағанда әрбір кездейсоқтық қолайлы мүмкіншіліктерді тудырады, бұл зандылық деп есептеймін. Негізінде, біздің бизнесте барлығы ой елегінен өткізіліп жоспарланады. Біріншіден, Қарағанды Қазақстанның географиялық орталығы. Екіншіден, бұл - мүмкіншілігі зор индустриялы дамыған өнеркәсіптік аймақ. Үшіншіден, мұнда өте жоғары парасатты мүмкіншілік бар. Төртіншіден, космополиттік аудан бар. Бесіншіден, нарықтағы бос қуыстың болуы. Алтыншыдан, дәл осы жылдары елорданы - Астана қаласына көшipy жоспарланды. Көптеген біздің жаңа идеяларымыз, жаңа қызмет түрлері болсын, не акцияда болсын әріптестер тарапынан қолдау тауып, банк бизнесінің жүйесіне табысты енгізілуде. Егер «Валют-Транзит Банк» енгізген соңғы ноу-хоу туралы айтатын болсақ, несиеге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін банк «ізгi шешім» атты пайызсыз несие беру бағдарламасын әзірледі. Иә, иә, пайызсыз несиелер. Бағдарлама теңдессіз, өте тиімді және де патенттелген. 2003 жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласында жалпы пайдалы аумағы 20000 шаршы метрді қамтитын «Валют-Транзит» сауда-каржылық гипермаркеті ашылды, ол толығымен әлемдік қызмет көрсету стандартына сәйкес келеді. Бұл шара Қарағанды қаласының 70 жылдығына арналды. Және бұл банк жоспарлаған жаңа жобалардың алғашқысы ғана. Түйін 1. Құнды ауыстыру тәсілі бойынша негізгі капитал - айналым капиталы болып бөлінеді. 2. Пайдалану бағдарлары бойынша негізгі қорларды қалпына келтіру, қайтадан жасау, күрделі жөңдеу, жаңа кәсіпорындарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту. 3. Капиталдың тозуы және оның түрлері. 4. Айналым капиталы айналымын арттыру жолдары. 5. Негізгi, айналмалы капиталды көбейту мен айналысын арттыру жолдары, инвестицияны көбейту. Бұл процесті инвестициялау, дәл сол тауарларды алуға белгіленген ақшаны, жұмсалатын капиталды - инвестиция деп атайды. Қайталауға арналған сұрақтар 1. Капитал қозғалысының түрлері 2. Негізгі және айналым капиталының түсінігі 3. Капиталдың тозуы 4. Айналым капиталының жылдамдығын арттыруға әсер ететін факторлар 5. Инвестицияның-маңызы 6. Экономиканы дамытудағы инвестицияның рөлі Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады. 8 тақырып. ФИРМА (КӘСІПОРЫН) ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТАБЫСЫ 8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда 8.2. Фирманың шекті шығындары 8.3. Масштаб тиімділігі
8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге тиіс өндірілген өнімді қандай бағамен сатады, келешек табыспен шығынды салыстыру байланысты жұмыстарды іске асыру. 1. Фирма шығындарының құрылымы Тауар мен қызметті өндіру процесіндегі және өткізудегі фирманың шығындарын қарастырамыз. Ең алдымен көңіл аударатынымыз ашық және баламалы шығындар, біріншісі де, екіншісі де фирманың қызметін есепке алады. Ашыққа жататындар фирманың өндірістік факторларды пайдаланғаны үшін төленген шығындар. Өндірістің классикалық факторы болып есептелетіндер еңбек, жер (табиғи ресурс) және капитал. Фирманың барлық ашық шығыны, негізінен, өнімді өндіруге қолданған өндірістік фактордың орнын толтырады. Бұған кіретіндер еңбек ақы түрінде еңбекке төлеу, жер – жер төлемі капитал – негізгі және айналмалы қорлар шығындары. Сонымен бірге кәсіпкердің еңбегіне төленетін төлемдер өндіріс және сатуды ұйымдастыру шығындарына жатады. Ашық шығынның барлық жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып есептеледі. Нарықтық бағамен өзіндік құнның айырмашылығы – пайда болады. Мысалы, жер иесі рентасын төлемейді, сонымен бірге жерді өзі өңдейді, жалға беруден бас тартады және қосымша табысты алмайды, осымен байланысты қызметпен шұғылданбайды. Фабрикаға жұмыс істеуге жалданбайды, еңбек ақы алмайды. Кәсіпкер өз ақшасын өндіріске салғаннан кейін, банкке салмайды және ссудалық пайыз алмайды. Ашық шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды. Пайда дегеніміз – 1. Тікелей және жанама шығындар. Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының тікелей және жанама түрі бар. Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пн материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар. Жанама шығындар – бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты. Бұған жататындар: әкімшілік шығындар, жалдау ақысы, аммортизациялық өтемдер, қарыз пайызы т.с.с. 2. Азаймалы қайтарым заңы. Фирма өндіріс факторын белгілі пропорцияда пайдалануға тиіс, тұрақты және өзгермелі фактор арасындағы тұрақты фактордың бірлігіне шектен тыс өзгермелі факторды көбейтуге болмайды. Бұл кезде азаймалы қайтарым заңы әсер етеді. Оны келесі үлгіден көруге болады (8.1. кестеден). Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты фирма шығынының өзгеруінің тәуелділігі. Өндіріс көлемінің өсуімен және сату өзгергенде фирманың шығыны өзгереді:
8.1. кесте
А) Бір қалыпты. Бұл жағдайда шекті шығын әр уақытта тұрақты шама және бірлік тауардың өзгермелі шығынына тең. Б) Жеделдетілген. Бұл жағдайда шекті шығын өседі, өнімнің артуына байланысты. Бұл ахуалға байланысты азаймалы қайтарым заңымен, не болмаса материалдармен басқа фактордың қымбаттауына қарай айналым сыныптамасына жататын шығындар. В) Баяу сатушылық. Егер фирманы сатып алу шығыны шикізатқа, материалға азайса, өнім көлемі өссе, онда шектеулі шығын қысқарады. Осы жағдайды келесі кестеден көруге болады. Өзгермелі ресурстың бір түрінде тек жұмысшы күші өзгереді. Ол 8.2 кестеде көрсетілген. 8.2 кесте
Біздің пайымдауымызша жұмысшы күші өзгермелі болып есептеледі. Күнделікті жағдайда фирма көп өзгерістерге тәуелді болады. Өндірісті ұлғайту үшін көп мөлшерде шикізат, материалдар, энергиялар керек. Шығынның бір бөлігі тұрақты жылдық төлем, сақтандыру жарнасы, қолданылған құрал - жабдықтардың құны. Қысқа мерзім кезінде шығынды тұрақты және өзгермеліге бөлсек, сол кезде қайтармалы өзара заңы әсер етеді. 3. Тиімділік масштабы Оң және теріс тиімділік масштабы Фирма ұзақ мерзімдік уақыт интервалында пайдаланатын өндіріс факторын, барлығын өзгертуі мүмкін. Басқалай айтқанда барлығы да өзгермелі болады. Ұзақ мерзімдегі шығынды талдау фирманың ұзақ уақыттағы бағдарламасын айқындауға байланысты. Ірі кәсіпорын мен орташа кәсіпорынның қандай мөлшерде өнім шығару атының қандай вариант ыңғайлы екенін анықтау үшін шығынды барынша азайту керек. Практикада неге машина жасау және металлургия саласында ірі кәсіпорындар, ал киім тігуде орта кәсіпорындар жұмыс істейтінін білген дұрыс. Қызмет көрсету тек ұсақ фирмаларда шоғырланған. Нан пісіру зауыты тоқаш шығарады делік. Күнде 1000 тоқаш шығарғандағы орташа қисық жиынтық шығыны АТС 8.3 кестеде көрсетілген. 8.3 кесте
1000 2000 3000 Q Азаймалы қайтарым заңының әсерін қайтару үшін, өндіріс ауқымын ұлғайту керек, ол үшін жаңа цех ашу, жаңа технология қолдану т.с.с. Мұның өзі мыңдаған жаңа орындардың ашылуына салалас өндірістердің дамуына жеткізеді. Азаймалы қайтарым заңы өз әсерін тигізе отырып көп көлемде өнім өндіру кезінде, біздің мысалда, нан зауыты1000 тоқаш пісіргенде ең аз шығын өз шегіне жетеді. Егер біз оған әрі өндіріс көлемін ұлғайтсақ, онда орташа жиынтық шығын АТС, жоғары көтеріледі. Ең төменгі шығын 2000 қарағанда 3000 тоқаш. АС догмасы, қисық жазушы АТС1, АТС2, АТС көтеріледі. Ең төменгі ұзақ мерзімді шығын, орташа жиынтық шығын қисығын жасайды, әрбір өндіріс ауқымында әртүрлі. Ең төменгі шығын мөлшері 2000 тоқаш пісіргенде жүзеге асады. Осындай жағдайдың болуын экономика түсіндіреді. Оң және теріс тиімділік ауқымының болу есебінен тиімділік ауқымы оң өндіріс көлемінің мөлшері өскен сайын орташа шығын азаяды, мөлшері, егер олар көбейсе керісінше болады. Енді тиімділік ауқымы немен түсіндіріледі дегенге келсек Тиімділік ауқымыныңмасштабының оң және теріс түсінігін көп жағдаймен түсіндіруге болады. Үнемдеу, өндіріс, көбеюі және көбейтуге байланысты, оның себебі: - кәсіпорын мөлшерінің өзгеруіне байланысты өндіріс процесінің мамандану және басқару артықшылығы артады; - мөлшері жоғары кәсіпорындарда еңбек өнімділігі жоғары техника және құралдар пайдалануға болады; - қызметті әр тараптандыруға толық мүмкіндік туады, жанама өнім шығаруға болады, ол үшін негізгі өндіріс қалдықтарын пайдалану арқылы т.с.с. - көлем тиімдіктің теріс болуы, басқаруда жіберілген кемшіліктерге де байланысты, кәсіпорындардың ірі болуына қарай; - кейбір өндіріс саласында фирманың пайдасына қарай жергілікті шеңберден аспайтын мақсатқа байланысты қарама қайшылық болады; - фирма көлемінің артуы негізінде шешім қабылдауға керекті ақпараттар беру шығыны артады; - тиімділік ауқымы әрбір өндіріс салаларында әр жағдайда болуы мүмкін. Кейбір өндіріс саласында орташа шығын өзінің тиімділік шегіне жетеді, егер көп өнім өндірсе. Жоғарыда көрсетілген қысқа мерзім және ұзақ мерзім кезеңіндегі фирманың шығынын талдау қажетті емес, себебі жоспарлау кезінде қысқа уақытта шығарылатын өнім көлемін анықтамайды (және ұзақ мерзімде де). Ең төменгі шығын емес, тек құра,л пайданы арттырудың және зиянды азайтудың ең соңында нарықтық экономиканы тұрақтандыру және өсу жағдайы орын алады.
Қорытынды 1. Шығынды анықтаудың әртүрлі топтастыру жолы бар. Осыған сәйкес шығындар ашық, ашық емес, баламалы (альтернативтік) болып бөлінеді. 2. Күнделіктітәжірибеде тура және жанама шығындар қолданылады, олардың негізгі мүмкіндігі бірлікті дұрыс анықтау үшін өте маңызды 3. Қысқа мерзім кезеңіндегі интервалдың өзгеруі бағынышты тиімділіктің кему заңына 4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі бағынышты оның заңдылықты интервалының өзгеруі, фирманың өндіріс көлемін анықтауға бағынышты Терминдер және түсініктер Ашық шығын Баламалы шығын Бухгалтерлік (қаржылық) пайда Тұрақты шығын айналымы Жиынтық (жалпы) Орташа Шектеулі өнім Шектеулі шығын Оң және теріс тиімділік ауқымы Пайда дегеніміз – жалпы түсім (ЖТ) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма: П = ЖТ-ЖШ Фирманың мақсаты – белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге жағдай жасайтын өндіріс көлемін таңдап алу. Қысқа мерзімдік кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек ресурстар айнымалы ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді. Енді, қысқа мерзімді кезең нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсетейік. Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды: 1) Өндіру қажет пе? 2) Егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде? 3) Алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады? Егер өнім пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын. Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандағы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (З) тұрақты шығындарға (ТШ) тең болады: З = ТШ Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде АС-тан зиян шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруге тиіс болады. Сонымен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе ТШ-тан кем зиян шексе, онда өндірісті жүргізуге болады. Екінші сұрақтың жауабы өндіруші мақсатынан туындайды: фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (1) формуланы қолдану жеткілікті. Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стратегиясын таңдап алуға болатын үш ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы жазайық: П = Р х Q – АС х Q = (Р-АС) х Q (2) Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары дерлік, яғни Р>АСмін (3) Онда, (2) формула бойынша есептесек, фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС) қосатын өсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайту қажет. МR³ МС, өйткені МR = Р. Сондықтан, фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары керек. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайда өседі. Мейлінше көп, мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді. Р = МС Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады. Бұған дейін қарастырғандай қысқа мерзім кезеңі деп белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (АС) және айнымалы (VC) шығындарын ажыратады, яғни: ТС = FC + VC Тұрақты шығындар (АС) деп – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемдері, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б. Айналым шығындары (VC) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың еңбекақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, көлік қызметтерін төлеуге кететін шығындарды және т.б. жатқызамыз. Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі: АТС = ТС = АҒС + АVС Q Мұнда АТС – орташа жалпы шығын ТС – жалпы шығын Q - өндірілген өнім көлемі 9 Тақырып. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА - ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ 9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде 9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі. 9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі 9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері 9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады. Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғаш рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне тиеді. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «экономикалық кесте» (1758 ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның 18-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті. Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д. Рикардо (1771-1823ж.ж.) «Саяси экономияның басы және салық салу» (1817ж.), Т.Р. Мальтус (1766-1834ж.ж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірибесі»(1798ж.), К.Маркс (1818-1883жж.) «Капитал» (1867ж.) сияқты еңбектерінде қолданды. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуге неокласикалық мектептің өкілдері.У.Джевонс (1835-1882жж.) пен Л.Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946жж.) пен С.Кузнец (1901-1983жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді. Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп - зерттеумен қоян - қолтық айналыса бастады. Қазіргі ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың тәжірибелік жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізді.Алғашқы рет оның ҰЕшжЖ сызбасы 1953-і жылы БҰҰ - ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Ұлттық есеп-шот оның жүйесін деметрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп - шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп - шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол. Ол алғаш рет макродеңгейде екі еселей жазу принципінің «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім, тұтыну, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесінде толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай - ақ қаржы балансы, ұлттық есеп - шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесі енген. Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіш-терінің ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады. Экономикалық әдебиетте және шаруашылық тәжірибеде қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖКӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық тәжірибеде қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімінің ғана емес, сондай - ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс қызметтерін де ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды - заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды - заттай түрінде өндіріс құрал - жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал - жабдықтар өндірісі (1-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (2-ші бөлімше). ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал - жабдығы құнына бөлінеді: (С) шикізат, материалдар және машина,ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) – (жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (М), - (қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді. Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚО) құн формуласы: W=c+ v+ m Мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім. с - өндіріс құрал - жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн. v – қажетті өнім. m – қосымша өнім. Осы экономикалық көрсеткіш қоғамдық өндірістің нәтижесін көтеріңкіреп көрсетеді, себебі кейбір технологиялық процестерде шикізат пен материалға шығындар қайталанады немесе қосарлы есеп - шот жүргізуге болады.
Мысалы:
Мұндағы тек Мұндағы құн: Мұндағы құн: Станок құнына темір темірдің темірдің, темір мен рудасының және темір темір рудасы құны темір рудасының құндарымен рудасының және есептелген құнынан болаттың болаттың құны тұрады құнынан алынады. тұрады
Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш - түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп - шотын жүзеге асырмайды. Түпкі өнім мөлшері төмендегідей формуламен анықталады:
Кпр= c1+ v+ m Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.071 сек.) |