|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тестілер. 1. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы негізгі функциялары:
1. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы негізгі функциялары: a) бәсеке ортасын құру b) меншігі, капиталы және жері жоқ адамдар арасында кірістерді бөлу және қайта бөлу c) экономиканы дамытуда құқықтық базаны қалыптастыру d) аллокациондық e) барлық жауаптар дұрыс 2. ЭМР-дің қажеттілігі мына экономикалық теория бағыты өкілдерімен негізделеді: a) классикалық b) неоклассикалық c) кейнсиандық d) институционалдық e) марксистік 3. Қоғамдық игіліктер, бұл: а) экономиканың мемлекеттік секторындағы кәсіпорындарда өндіріледі b) мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер тұтынады c) жеке кәсіпорындарда өндіріледі d) шектеуге болмайтын, жеке тұтыну e) ұжымдық кәсіпорындарда 4. Экономиканы тікелей мемлекеттік реттеу әдісіне жататындар: а) индикативті жоспарлау b) мемлекеттік тапсырма с) мемлекеттік субсидиялар d) мақсаттық бағдарламалар және болжам; е) барлық жауаптар дұрыс 5. Мемлекет нарықтық экономикада қандай мәселелермен шұғылдануы тиіс: a) ұдайы өндірістің жалпы тиімді шарттарын жасаумен b) қоғамда ақша кірістерін бөлумен c) қолдағы ресурстардан нені қалай және қанша өндіру қажеттігін анықтау d) өндірілген тауарларға баға белгілеу e) табыс нормасын белгілеу 6. ЭМР салалық және аймақтық құрылым саласында, атап айтқанда ұйғарады: а) орталықтандырылған жоспарлауды b) баға (сигналдары) негізінде ресурстарды пайдалану және бөлуді с) өндірістің жаңа салалары мен түрлерінің, ғылыми-техникалық прогрестің дамуын көтермелеуді d) еңбек процесін салаларда жеке операцияларға бөлуді е) барлық жауаптар дұрыс 14 Тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 14.1. Халықаралық еңбек бөлінісі теориясы 14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі 14.3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері 14.4. Халықаралық сауда және сыртқы сауда саясаты 14.5. Халықаралық валюта - несие қатынасы 14.6. Ғылыми - техникалық өнімдер мен қызметтердің әлемдік нарығы 14.7. Қазақстан - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
14.1. Халықаралық еңбек бөлінісі теориясы Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты. Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте - екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек,бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлінісіне көптеген факторлар әсер етеді. XIX-XX ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлінісін дамытуда жаңа үрдіс пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістерді енгізуді талап етті.Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген. Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың - еңбек капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы,"арзан еңбектің" артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (тоқыма, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы- капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады. Американ экономисі В.Леоньев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты. Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлінісіне кәдімгідей әсер ететіндігін айтты. Қазіргі кезде американың экономист ғалымы,социолог Майкл Портнердің 1961-ші жылы ашқан "технологиялық алшақтық " теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми- техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды. Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануына жаңа көздер ашады. Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер "өнімнің өміршең циклы" теориясына ерекще мән беріп, тәжірибеде қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американың ғалым-экономистері - Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады. Өнімнің пайда болуын бірінші сатысы кезінде монополия ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші сатыда монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі сатыдағы жағдайға қарағанда төмен болады. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми - техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызады, халықаралық сауда дами түседі. Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізатпен жанар – жағар май өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қалаға шоғырландырудың өсуін тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады. Халықаралық еңбек бөлінісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз-(бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлінісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің аймақтық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт- елдердің индустриялдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді. Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән. Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауын айтамыз.Осы аталған технологиялық саты - өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып келеді. Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басым болу үрдісі анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері бөлшек және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың “Форд Моторс” концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шет ел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай “Рено” (Франция), “Фиат” (Италия), “Тойота мен Ниссан” (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады. Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интеграциялауға алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интеграциялануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік ауқымдағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 1/3 есе құраса, Батыс Европада шамамен 2/3, Жапонияда 4/5 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарық шеңбері ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда-10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда-20-25%-ы шығарылады екен. Өндіргіш күштерді интеграциялау бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіің жетістігін қолдана отырып, дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек. Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастардың қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады. Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі - халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.
14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Барнский оны – экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады. Халықаралық еңбек бөлінісі – адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік – экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді. Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты.Ол ежелгі кезде туған, бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге белгілі бір қызмет көрсетуге оларды айырбастауға мамандануынан көрінеді. Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді. Жеке елдердің, өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық еңбек бөлінісінде елдің “келбетін” бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады. 1-мысал. Жапония электроника жасау жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын электрониканың шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Электроника өнеркәсібі оның халықаралық мамандану саласы. 2-мысал. Канада дәнді –дақылдарды жинау жөнінен дүние жүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы оның халықаралық мамандану саласы. Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатының артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасында қашанда үлкен немесе кіші аумақтық алшақтық түзіледі. Дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісі дүние жүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы онжылдықтарда тереңге қарай өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекшеленуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғарғы сатысы - халықаралық экономикалық интеграция пайда болды. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекет аралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады. Ал,1973-ші жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылғы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып - “Еуропа он екілігі” дүниеге келді. Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына қауымдастықтың бюджет-қаржы істерін бақылау жатады. Министрлер Кеңесі ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесінің шешімі серіктес- мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Кеңес жұмысының аясына қауымдастық қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Кеңес мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады. Еуропалық экономикалық қауымдастық аумағына енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан, тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өзара еркін қозғалып отырады. Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруден Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды. Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда экономикалық тобы(АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур,Тайланд, Филиппин, Латын Америкасы аумағында 1980-ші жылы сондағы елдерден ең ірі экономикалық сауда тобы құрылды. Мақсаты- аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, басқа елдермен сауда- экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикалық жалпы нарық құру болып табылады. Бұл қауымдастыққа 11 ел кіреді:Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан.
14.3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері Әлемдік нарық бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық нарықтарының жиынтығы. Әлемдік нарық тарихи түрде, капиталистік нарық ретінде өндірістің капиталистік жолдары негізінде қалыптасты. Әлемдік нарық өзінің ұзақ уақыт даму барысында, халықаралық еңбек бөлінісінің белгілі бір деңгейімен және өндірісті интернационалдандырумен сипатталатын бірсыпыра кезеңдерден өтті. Солардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады: 1. Нарықтың пайда болу кезеңі. Әлемдік нарық капитализм дамуының мануфактуралық сатысындаXVI ғасырда пайда болып, алғашқы беттегі капитал жинақтау процесінің шешуші факторларының біріне айналды. Оның туындауы, жас еуропалық буржуазияның сауда және орталық өктемдігін жүргізумен, теңізде жүзу мен құрлықтағы қатынас құралдарының жылдам дамуымен ажырағысыз байланыста болды. 2. XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіптік төңкерістер барысында жүзеге асырылған, жетекші капиталистік елдердің ірі машиналары өндіріске өту кезеңі. Ірі өнеркәсіп іс жүзінде капитализмнің әлемдік нарығын қалыптастырады; 3. Имперализм сатысындағы әлемдік нарықтың даму кезеңі әлемдік сауданың өсуімен сипатталады.1896-1900 жылдардағы өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік экспортының 4/5-нен астамы Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Францияның және Германияның үлесіне тиді. Капиталды сыртқа шығару әлемдік нарықты дамытудың анықтаушы факторына айналды; 4. Капиталистік нарық жалпыға бірдей болуды тоқтатқан, әлемдік соғыстан кейінгі нарықтың даму кезеңі; 5. Бұрынғы социалистік елдер әлемдік саудаға қатыса бастаған XXғасырдың 90-шы жылдарымен байланысты жаңа кезең. Бірқатар жекелеген елдердің ұлттық нарығы әлемдік нарыққа ажыратылып көрсетіледі: а) Ұлттық нарықта тауарлар қозғалысы бар болғаны экономикалық факторлармен (елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстарымен) келісіледі, ал мемлекеттер арасындағы шекаралар мен жекелеген мемлекеттер сыртқы экономикалық қызметте әлемдік нарыққа түбегейлі түрде ықпалын жүргізеді. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлардың қозғалуы шектелген және кейбір тауарлар әлемдік тауарлар айналымына мүлдем түспейді. ә) Әлемдік нарықта бағалардың айрықша жүйесі әлемдік бағалар өмір сүреді. б) Құрылымдық ілгері ұмтылу, өнеркәсіп өндірісін мамандандыру мен біріктіру, шаруашылық өмірін интернациоландыру әлемдік нарықтың дамуына ықпалын тигізеді. Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы даму үрдестеріне келесі факторлар әсер етеді: 1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі; 2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы; 3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі. Әлемдік нарық сыртқы саудамен тығыз байланысты. Сыртқы сауда - бұл тауарларды сырттан әкелу (импорт) мен сыртқа шығарудан (экспорт) тұратын, бір елдер мен екінші елдер арасындағы сауда болып саналады. Ақшалай түрде көрсетілген импорт пен экспорт сомасы елдің сыртқы сауда айналымын білдіреді. БҰҰ-ның статистикалық басылымы, әлемдік барлық елдер экспортының жиынтық құны ретінде халықаралық сауда көлемінің динамикасы бойынша деректерді жариялап отырады. Халықаралық еңбек бөлінісі оның негізі болып табылатын жиынтық түрдегі сыртқы сауданы, халықаралық сауданы білдіреді. Сыртқы сауданың даму сипаты, деңгейі мен мәні өндіріс дамуының сипаты және деңгейімен анықталады. Сыртқы сауда, өндірістің натуралды сипатқа ие болған кезінде, құл иеленушілік құрылыс дәуірінде пайда болды. Ірі машиналы өндірістің дамуымен байланысты имперализм дәірінде, сыртқы сауда неғұрылым кең түрде даму ала түсті. Әлемдік сауда дамуының, қатысушы елдердің әкелетін пайдаларына сүйену мүлде табиғи нәрсе болып саналады. Халықаралық сауда арқылы елдер өзінің мамандануын дамыта отырып, қолда бар ресурстардың өнімділігін арттырады, сөтіп, өздерінің өндіретін тауарлары мен қызметтерінің көлемін көбейту арқылы, халықаралық әл-ауқатының деңгейін көтеретін құрал болып қызмет етеді. Халықаралық сауда теориясының негіздерін XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында ағылшынның аса көрнекті экономистері А.Смит пен Д.Рикардо қалыптастырды. А.Смит “ Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер” кітабында абсолюттік басымдық теориясын қалыптастырды және халықаралық сауданы еркін дамытуға деген елдердің қызығушылықтарын да ашып көрсетті. Д.Рикардо “Саяси экономика және салық салудың бастаулары” деп аталатын еңбегінде абсолюттік басымдықтар қағидасының жалпы ережесінің болуын, жекелеген жағдайлар ретінде дәлелдеп береді және біріншіден, экономикалық ресурстардың елдер арасында теңдей емес түрде бөлінуін, екіншіден, әртүрлі тауарларды өндіру әртүрлі технологияларды немесе ресурстарды пайдалануды талап ететіндігі туралы салыстырмалы басымдық теориясын негіздеді. Д.Рикардо сондай-ақ халықаралық айырбастың барлық елдердің мүдделері үшін мүмкін екендігін көрсетті. Д.Стюард Милл пайымына сәйкес, халықаралық құн теориясы, елдер арасындағы тауарлар алмасуын оңтайландыратын бағаның өмір сүретіндігін көрсетеді. Мұндай нарықтық баға сұраныс пен ұсынысқа қатысты болады. Эли Хекшер мен Бертиль Олин, өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілгендік деңгейде, белгілі бір өнімдерге қатынасы бойынша қандай бір ел ие болатын, салыстырмалы басымдықтарға түсініктер береді. Олар “өндіріс факторларына бағаларды теңестіру” теориясын алға жылжытты, ол бойынша ұлттық өндірістік айырмашылықтар өндіріс факторларының әртүрлі мақсатымен, сондай-ақ қандай да бір тауарларға деген ішкі қажеттіліктердің түрлілігімен анықталады. Аталған теорияларды экономист ғалымдар П.Самуэльсон, В.Стапер, В.Леонтев жетілдіріп және оны одан әрі дамытты. Соңғы кезде зерттеушілердің көпшілігі классикалық теорияның бастапқы жағдайын қабылдай отырып, өз тұжырымдарын тәжірибеде икемдеп қолдануға тырысатындықтары байқалады. Әлемдік шаруашылық байланыстарының, оның ішінде халықаралық сауданың тұрақты дамуы, сыртқы экономикалық байланыстардың шаруашылық жүргізудің маңызды факторларына айналуы, жекелеген елдердің экономикалық тәулсіздігінің проблемаларын жаңаша түрде қояды. Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауданың өзіндік белгілер: 1. Негізінен шағын өндірушілердің тауарларын өткізуді бақылайтын, ірі монополиялардың шешуші позициялары; 2. Монополиялық үстемдік, сыртқы экономикалық өктемдіктің күрт күшеюі; 3. Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауда, негізінен, капиталды сыртқа шығару әсерімен дамиды. Қазіргі кездегі жиынтық халықаралық айналымның 4/5- тен басым бөлігін индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) құрайтын әлемдік сауданың үлесіне келеді. Мәселен, 11 капиталистік елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Бельгия, Нидерландия, Швеция, Швецария, Канада) үлесіне, бүкіл әлем халқының 20% -на жуығын құрайтын, барлық халықаралық тауар айналымының 55%-дан астам келеді. Сонымен бір мезгілде, Қытай мен Индияның (жердегі халықтың 40%) үлесіне әлемдік тауар айналымының 5 %-ы үлес келеді. Индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) экспорты басым түрде дайын өнімдермен (машиналар мен жабдықтар), ал артта қалған елдердің экспорты аграрлы шикізат тауарларымен ұсынылады. Ірі монополиялар өздерінің тауарларын монополиялық жоғары бағалар бойынша сыртта (экспортқа) шығарады. Сонымен бірге индустриалды дамыған елдердің (ИДЕ) ірі монополиялары мейлінше нашар дамыған елдердің ұлттық табысының бір бөлігін өзіне сіңіріп алады. Батыс экономистерінің берген бағаларына сәйкес, 1950-1970 жылдар арасындағы кезеңді “алтын ғасыр” деп атауға болады, уақыттың тура осы үзігінде әлемдік экспорт қайырадан тұрақты жоғары қарқынын көрсетеді. Халықаралық сауданың бұлайша өсуі: 1. халықаралық еңбек бөлінісінің дамуымен және өндірісті интернационалдандырудың дамуымен; 2. ҒТР-мен; 3. Нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметімен; 4. БСҰ (ВТО) шаралары арқылы халықаралық сауданы реттеумен; 5. Сауда- экономикалық интеграциялық прогрестердің дамуымен байланысты бірқатар факторлардың нәтижесі болып саналады; 6. Халықаралық сауданы ырықтандырумен. Сыртқы сауда байланыстарының дамуы экономика-ның табысты дамуы үшін экспорт пен импортты реттеу жөніндегі мемлекеттің қолданатын шараларымен тығыз байланысты болып саналады. Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу: 1. Мемлекеттік реттеу құралдарын үкіметтің келісуінсіз немесе саудадағы әріптестерінің кеңесімен, біржақты реттеу; 2. Сауда саясатының шаралары, сауда саласындағы әріптестер болып саналатын елдер арасындағы келісілген екі жақты реттеу; 3. Сауда саясаты көпжақты келісімдермен реттелетін көп жақты реттеу. Мысалы, БСҰ, Еуропа одағына мүше елдердің сауда саласындағы келісімі. Мемлекеттің халықаралық саудаға араласуының ауқымына қатысты сыртқы сауда саясатының келесі түрлері (типтері) ажыратылады: 1. Ырықтандыру немесе сауда еркіндігі - бұл сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші кезінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің аздаған мөлшерде араласу саясаты. 2. Протекционизм - бұл сауда саясатының тарифтік және тарифсіз құралдарын пайда\лану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекеден қорғаудың мемлекеттік саясаты. Еркін сауданың жақтастары, негізінен, халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) неғұрлым тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз етудің және осы негізгі қатысушы елдер халқының өмір деңгейін көтерудің мемлекетпен реттелмейтін қабілетін атап өтеді.Протекционистік шаралардың жақтаушылары, негізінен, кез келген ұлттық өнеркәсіптің мүдделерін қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды, жоғары өмір деңгейін және т.б. қамтамасыз етуді олардың қажеттілігі деп атап көрсетеді. Протекционистік шаралардың қазіргі заманғы жүйесі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде ең маңыздылары: 1. Басқа елдерден әкелуді қиындату немесе ол елден өнімдердің белгілі бір түрлерін сыртқа шығаруды сирету. Кедендік салық салулар (тарифтік кедергілер). Ұлттық өндірушілердің шетел фирмаларымен бәсекелестігін жеңілдету үшін, негізінен шетелдерден дайын өнімдерді, әсіресе, қымбат сән-салтанат заттарын әкелу кезінде жоғары кеден баж салықтары белгіленеді, ал шикізат пен материалдар импорты кезінде кеденнің баж салықтары неғұрылым төмен болады. 2. Тарифтік кедергілер, экономикалық саяси және әкімшілік әдістердің көмегімен СЭҚ-тің тікелей және жанама шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Қазіргі тәжірибедегі мемлекетаралық алмасудың кейбір таралуы сыртқы экономикалық операциялардың мөлшерленуі мен лицензиялануына ие болады. Мөлшерлену-бұл, соның шегінде сыртқы сауда операциялары салыстырмалы түрде еркін жүзеге асырылатын, жекелеген тауарлар мен тауарлардың топтарын сыртқа шығаруға (экспортқа) белгілі бір квоталардың белгіленуі. Тәжірибе жүзінде оның құрамын белгілеу (контигирование) еркін әкелінуі немесе сыртқа шығарылуы мүмкін шектелген тауарлардың тізімі түрінде белгіленеді. Лицензиялау, ұйымдардың сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға үкімет органдарынан рұқсат алу (лицензиясын) қажеттілігін болжайды. Салық жүйесі мен ұлттық шектеу жекелеген порттар мен темір жол станцияларының шетелдіктер үшін жабық болатын жанама шектеулеріне жатады. Тәжірибеде мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты, протекционизм мен ырықтандыру элементтерін ұштастыра отырып, алуан түрлілігімен өзгешеленеді. Халықаралақ сауданы жан-жақты реттеу, ең алдымен сауда жөніндегі бас келісім бағыты мен тарифтер (ГААТ) және оның мұрагері- бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) арқылы жүзеге асырылады.
14.4. Халықаралық валюта – несие қатынастары Халықаралық валюта несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді. Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша- экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы сыртқа сауда оның базасы болып саналады. Әлемдік валюта жүйесінің құрамды элементтері: · Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта); · Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым жасаушылығын қоса алғандағы, валюта айырбастау тәртібі; · Халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз етудің тетігі (механизмі); · Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының тәртібін ретке және жүйеге келтіру; · Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекетаралық институттардың мәртебесі; · Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалық қызметімен байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі. Әлемдік валюта жүйесіндегі барлық төлем мен есеп айырысу операциялары, аталмыш ұлттық валюта ақша бірлігінің бағасы басқа ел валюталарының ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының негізінде жасалады. Алғашқы беттегі валюта бағамы (курсы) алтын мен және оның құнымен, ұлттық валютаның алтын құрамымен, валюталарды пайдалану арасындағы қарама-қайшылық тереңдей түседі. 60-шы жылдардың ортасында доллар стандарты, капиталистік әлемдегі Батыс Еуропа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер арақатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шилініс факторына айналды. Бреттон-Вуд жүйесіндегі құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары оның барлық қағидаларының үзілуіне алып келді: доллардың алтынға бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми бағасы алынып тасталды, белгіленген бағамдар тәртібі еркін айналыстағы бағамдармен ауыстырылды. Жаңа әлемдік валюта жүйесі, алтынның демонитизациялануына белгілеген және валюталардың алтын өлшемдерін жойған, алтындоллар стандартының күйреуі 1976 жылғы Ямай келісімімен заңдастырылды. “Қарыз алудың арнайы құқығы” валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел, валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әртүрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты. 1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі – ЕВРО енгізілді. Толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын ЕВРО Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Доллардың өктемдігінен “Ортақ нарықты” қорғау, Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналады. Қазіргі кезеңдегі әлем шаруашылығы байланыстарының қалыптасуы мен әлемдік валюта жүйесінің құрылуы аяқталып біткен жоқ және тұрақты жетілдірілу үстінде.
14.5. Технологиялардың әлемдік нарығы Технология бұл, өнімдердің технологиясы, технология процесі және басқару технологиясы сияқты үш негізгі топ кіретін іс-тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдістері. Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, құралдар, технологиялық желілер) және заттанбаған (әртүрлі тектегі техникалық құжаттамалар, білім, тәжірибе) формадағы интеллектуалдық қызметтің нәтижелері технологиялардың әлемдік нарығының объектілері болып саналады. Мемлекет, университеттер мен фирмалар және жеке тұлғалар технологиялар әлемдік нарығының субъектілері болып саналады. Технология өзінен-өзі тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайларды ғана тауар бола алады. Мәселен, жоғарғы технологиялы тауарлармен, капитал сыйымды тауарлар мен халықаралық сауда жасау жағдайында әлемдік экономикадағы тауарлармен өндірістің басқа да факторлары технологиялардың таратушылары болып қатысуы мүмкін. Идеяларды коммерцияландыру нақты сезілгенде, сараптау жүргізілгенде, оны пайдалануға болатын салалар айқындалған кезде ғана технология тауарға айналады. Технологиялардың халықаралық берілуі - бұл ғылыми-техникалық жетістіктердің коммерциялық немесе өтеусіз негіздегі мемлекет аралық орналасуы болып табылады. Халықаралық технологиялық айырбасқа – ғылым, техника, өндіріс және басқару сияқты адамның өмірлік қызметінің барлық аясы кең түрде тартылған. Технологиялардың халықаралық берілуі құқықтық қорғаумен, бір немесе бірнеше құқықтық құралдармен, яғни патенттермен, лицензиялармен, копирайттармен, тауар белгілерімен қамтамасыз етіледі. 1. Патент – жаңалықты пайдаланушының (монополиялық) құқын растаушы және құзырлы үкімет органдарының өнертапқышқа (жаңалық енгізушіге) беретін куәлігі. Іс жүзінде тауарлардың барлығы патенттелген болып саналады. Патент күшінің мерзімі 15-20 жылмен шектеледі және ол берілген елдің аумағында ғана әрекет етеді. Патентті ұстап тұру үшін, заңдар жоғары патенттік салымдарды уақытылы төлеп отыруды талап етеді, сондықтан да патент иелері жаңалықтарды коммерциялық мақсатқа пайдалануға болатын елдегі оны пайдалану құқына маңызды түрде артықшылық береді. 2. Лицензия – технологияға иелік етушілердің (лицензиялар) қорғалған немесе қорғалмаған патенттермен оған мүдделік танытушы (лицензиат) жақтарға осы технологияларды белгілі бір уақытқа және белгілі бір ақыға беретін рұқсат. 3. Копирайт - өз өнімдерін шығару және әдеби, аудио немесе бейне шығармаларды көрсетуге автордың эксклюзивті құқығы. 4. Тауар маркасы (таңбасы) - иесінің ресми рұқсатынсыз басқа ұйымдар пайдалана алмайтын және тауар өндірушіні даралап тұру үшін қолданылатын, белгілі бір ұйымдардың белгісі. Бұл негізінен сурет, кескінді бейнелер, әріп тіркестері және т.б. болып келеді. Технологиялардың берілісі мынадай негізгі формаларда жүзеге асады: а) патенттік келісім - патент иесінің патентті сатып алушының жаңалықты пайдалануына өзінің құқын беруі арқылы жасалатын халықаралық сауда келісімі; ә) лицензиялық келісім - жаңалықтың иесі немесе техникалық білімдер екінші жаққа белгілі бір шекте өзінің құқықтарын технологияға беретін, халықаралық сауда келісімі; б) “ноу-хау”- технологиялық, экономикалық қаржылық сипаттағы мәліметтерден тұратын техникалық тәжірибе мен өндіріс құпияларын беру; в) инжиниринг - сатып алынған немесе жалдауға берілген машиналарды алу, құрастыру және пайдалану үшін қажетті технологиялық білімдердің берілуі. Ғылыми – техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, өндірістік - техникалық жетістіктермен өзара танысу, көрмелер, ғылыми конференциялар және т.б. технолгияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады. Жаңа технологияларды жасаудың басты мақсаты - өндірілген өнімдердің әлемдік нарыққа еркін өтіп, бәсекелестікте басқаларды артқа тастауы болып саналады. Технологиялардың халықаралық берілуіне мелекеттік реттеу мен бақылауды енгізу мынадай себептерден туындауы мүмкін: - технологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға деген ұмтылыс; - ұлттық қауіпсіздік; - халықаралық келісім шарттары және т.б. Технологияларды сыртқа шығару мен әкелуді тікелей мемлекеттік реттеу сараптық бақылау органдары мен кедендік және шекаралық бақылау әдістері арқылы жүзеге асырылады. Жанама реттеулер патенттер мен сауда белгілерін тіркеудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асады. Қызмет көрсетудің әлемдік нарығы. Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің, технологиялардың әлемдік нарығы, сондай - ақ қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді және өзара байланыста әрекет етеді. Қызметтер – бұл бақа институционалдық бірліктермен өзара келісімдер кезінде және іс-әрекеттер нәтижесінде болған, институционалды бірліктердің ережелеріндегі өзгерістер. Қызметтер көрсету тауарлармен халықаралық сауда жасаудан кейін ғана барып дами бастады. Осыдан 3,5 мың жылдан аса бұрын, басқа елдердің саудагерлері үшін тауарлар саудасымен айналысқан финикиндіктер қызмет көрсетудің алғашқы негізін салды, мысалы философ Пифогор мен тарихшы Геродот дүниені танып-білу мақсаттарымен басқа елдерге сапар шекті. Әлемдік шаруашылықтағы аса ауқымды әрі тез өсіп отырған қызмет көрсету саласы қызметтердің әлемдік нарығының негізі болып саналады. Еңбектің тұтыну құнын өндіретін, еңбек қызметінің алуан түрлерін көрсететін сала түрінде түсіндіріледі. Қызмет көрсету аясының тез өсуі, экономикалық өркендеуінің жоғары дәрежесімен және халықтың өмір деңгейінің дәрежесінен көрінеді. Бұдан басқа халықаралық еңбек бөлінісі қызметтердің жаңа түрлерінің, ең алдымен қызмет көрсету аясындағы қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі. Сауданы ырықтандыру туралы халықаралық келіссөздер жүргізу кездерінде, өзіне қызмет көрсетудің 600-ден аса түрін енгізетін сыртқы сауда ұйымдарының жіктелуі пайдаланылады. Қызметтер жіктелуін әлемнің басым көпшілік елдері таныған және БҰҰ-да қабылданған, халықаралық стандартталған өнеркәсіп жіктелуіне негізделген. Тауарлар мен қызметтер нарығы және олармен сауда жасау аралығында сапалық айырмашылықтар өмір сүреді: - біріншіден, тауарлардан қызметтердің айырмашы-лығы сезілмейді және көрінбейді; - екіншіден, қызметтер негізінен бірмезгілде өндіріледі және қолданылады, сақтауға жатпайды. Сондықтан қызметтердің басым көпшілік түрлері тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы тікелей байланыстарға негізделеді; - үшіншіден, көрсетілген қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, оларды өндірумен тікелей байланысты. Шетелдерге тауарлар жеткізу үшін, нарықтарға талдау жасаудан басталып, тауарларды тасымалдаумен аяқталатын қызмет көрсетудің барлық түрлері қатыстырылады. Қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық қозғалуымен, жұмыс күштерінің нарығында орналасуымен тығыз байланысты өзара әрекет етеді; - төртіншіден, тауарлардан өзгешілігі, қызметтердің барлық түрлері шаруашылық жүргізудегі халықаралық айналымға кең түрде қатыстыру үшін жарамды емес болып саналатындығы, мысалы, жеке тұтыну үшін қызметтер және т.б; - бесіншіден, қызмет көрсету аясы, метериалдық қызмет аясына қарағанда, негізінен шетел бәсекесінен мемлекет арқылы көбірек қорғалады. Сатылатын қызметтер түрлі белгілері бойынша топтастырылады. Қызмет көрсету көпшілік жағдайларда, тауарларды сатумен немесе белгілі бір елдерде қаржы салуды жүзеге асырумен бірмезгілде болады. Сондықтан: - инвестициялармен байланысты банкілік, қонақ үйлердегі және кәсіптік қызметтер; - саудамен байланысты көлік, сақтандыру қызметтері; - бірмезгілде инвестициялармен және саудамен байланысты байланыс, құрылыс, компьютерлік және ақпараттық қызметтер бөліп көрсетіледі. Экспорттық қызметтер көлемінің жартысынан көбі халықаралық көлік пен халықаралық жеке іскерлік сапарлар үлесіне келеді. Қызметтердің құндық көлемінің 75%-на жуығына индустриялды дамыған елдер, 24%-ын дамушы елдер және 1%-ын халықаралық ұйымдар пайдаланады. ССҰ (ВТО) секретариатының берген бағалары бойынша қызметтердің әлемдік экспортының 16,2%-ы АҚШ - тың үлесіне келеді, Францияға 10,2%, Италияға 6,5%, Германияға 6,4%, Ұлыбританияға 5,5%, Жапонияға 5%, тиеді Соңғы жылдары туризмнің үлесі арта түсуде, басқа қызметтердің көлемі өсуде. Жергілікті нарықта қызмет түрлерін көрсетушілерден басып озушылық пен шетел фирмаларының нарыққа кіру мүмкіндігін шектеу немесе тыйым салу мына тармақтардан тұрады: 1. Қызметтермен сауда жасауды шектеу; 2. Шетел қызметтері импортына сандық квота енгізу; 3. Ішкі нарықта шетел компанияларының фирмаларын құруды шектеу; 4. Қызмет көрсетулердің алға жылжуын шектеу; 5. Көрсетілген қызметтердің тұтынушыларға жылжуын шектеу Қызметтермен халықаралық сауда жасайтын бүгінде қырықтан аса халықаралық ұйымдар: ГАТТ БСҰ (ВТО) ОЭСР, ЮНК-ТАО және т.б. бар. ТМД аймақтарындағы қызмет көрсету саласының бүгінде дамуын, экономистер бұл аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен, өтпелі кезеңмен байланыстырады. Қазақстан Республикасында бұрын дамымаған немесе нашар дамыған қызмет түрлері дамуда, мысалы, ғылымды көп қажетсінетін тауарларды, шетел тауарларын, жабдықтарды, машиналарды және т.б. сатудан кейінгі қызмет көрсетумен байланысты қызметтер және т.б. 14.6. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде. Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы. Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай қағидалары қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды. Шаруашылық субьектісінің әр түрлі осы аталған негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны” жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы - өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды. Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады. Қазақстанның жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік: 1. Теңге тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% ғана төмендеді. 2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты ұлттық банктің қайта құру ставкасы егер 1995 жылдың ортасында жылдық 75% болса, сол жылдың аяғында 52,5% ал 1996 жылда 30% болды. 3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономика-лық ахуал барынша түрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі 100,2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді. 4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде. Солардың ішінде: - Облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет; - Барлық лицензиялар мен үлестерді аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктік әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі – күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын, республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестіндіре білу қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек. Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы. Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады. Экономиканың шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологи Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.055 сек.) |