|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ші ыдыста
- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз; - оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз; - ыдысты қакпақпен жабыңыз; - зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз; - зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз; - № 2-ыдыстағы медиңинада тағайындалған ққралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз; - медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз; - медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз; - қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз; - медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;
КӘРІЖІЛІК АРТЕРИЯСЫНАН ТАМЫР СОҒУДЫ АНЫҚТАУ Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау. Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары. Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі. Қажеттілерді дайындау: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз. 2.Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босаңсыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз. 3.Қолыңызды жуып тазартыңыз. 4.Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1саусақты білектің сыртқы бет жағына орналас-тырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпацияланады. 5.Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз. 6.Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік - бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі). 7.Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз. 8.Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз. 9.Тамыр соғу толысуын бағалаңыз. 10.Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз. 11.Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына - графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына - сандық әдіспен жазыңыз. 12.Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз. 13.Қолынызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады; - тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша анықтайды. Егерде күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады; - тамыр соғу жиілігін аңықтау (егерде тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды: қалыптағы тамыр соғу 1 минутта - 60-80 соққы тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса - жиі - тахикардия тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса - жәй - брадикардия - артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу - толық, бос, жіп тәрізді болады; - тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды. тамыр соғу - қанағаттанарлық кернеу күші тамыр соғуы күшті (қатты) тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).
ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АУЫЗ ҚУЫСЫН КҮТУ Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың ойылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға. Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: 2 лотокты, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке салфеткасы, дәке тампондары, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, флаконда антисептикалық ерітіндіні, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын лотокты, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара браысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз. 3.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз. 4.Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. 5.Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына лотокты қойыңыз. 6.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз. 7.Науқаста егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз. 8.Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз. 9.Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз. 10.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз. 11.Тілді залалсыздандырылған дәке салфеткасымен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке салфеткасымен тілдеғі жағындыны (бозамықты) 2-3 рет салфетканы ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз. 12.Дәке салфеткасымен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз. 13.Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған лотокқа салыңыз. 14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз. 15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ салфеткасымен сүртіңіз, залалсыздандырылған салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз. 16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, ал қолданылған дәке тампондарын, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 17.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: - ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар; - халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек. - еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолдан
ЗИМНИЦКИЙ БОЙЫНША БАЙҚАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің зәрді /шоғырландырып жіберуін/ бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау. Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары. Қажеттілерді дайындау: сыйымдылыгы 500 мл кең мойынды 8 таза, құрғақ шыны банкілерді жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, медбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз: - зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуді болдырмауын, зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады. 2.Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. 3.Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинауын: №1 порция - сағат 6-дан 9-ға дейін №2 порция - сағат 9-дан 12-ге дейін №3 порция - сағат 12-ден 15-ке дейін №4 порция - сағат 15-тен 18-ге дейін №5 порция - сағат 18-ден 21-ге дейін №6 порция - сағат 21 -ден 24-ке дейін №7 порция - сағат 0-ден 3-ке дейін №8 порция - сағат 3-тен 6-ға дейін 4.24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін медбике науқасты оятады 5.Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз. Ескерту: - дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №; порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі. Зимницкий байқауы - бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде анықтауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады. Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері. Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады. Барлық 1 тәулікте ішкен сұйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді. Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы тиіс. Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025. Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.
НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау. Қажеттілерді дайындау: колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылған суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолғаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы. Колоноскопияны дәрігер жасайды, медбике көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. 2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз. 3.Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зертгеу нәтижесі дұрыс шықпайды). 4.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. 5.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады. 6.Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады. 7.Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа жоғарғы тазарту клизмасын 3-4 литрдей сумен жасаңыз. 8.Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз. 9.Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен). 10.Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз. Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту - дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.) |