|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Apple TalkApple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады. Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары: дәстүрлі топологиясы шина немесе бұтақ беріліс типі таржолақты ену әдісі CSMA/CА деректердің беріліс жылдамдығы 2 Кбит/с кабельдік жүйесі UTP,оптикалық талшықты кабель Apple Talk клиент-серверлі таратылған жүйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар ж\е принтерлер сияқты) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші н\е қызметші құрылымдар деп(servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) д.а. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады.
6. Желiлердегi маршрутизация. IР-желілердегі адрестеу. IР-адрестерінің кластары. DHCP қызметі. Бағыттауыш – деректерді адресат түйініне немесе аралық бағыттауышқа жіберу процесі.Бағыттауыш бағыт кестесіне нег-н, бұл – сегменттердің IP адрестері мен бағыттауыш интерфейстерінің IP адрестері арасындағы сәйкестікті сақтайтын деректер қоры. Қандай да бір түйін арқылы деректер өткенде, бағыттауыш бағыт кестесін тексереді. Егер берілген түйін -адресат (немесе желілік сегмент) кестеде көрсетілмеген болса, онда деректер бірден көмейге жөнелтіледі. Егер түйін-адресат табылса, деректер адресатқа жіберіледі. Егер түйін-адресат табылмаса, жіберуші түйінге қателік туғандығы туралы хабарлама жіберіледі. Бағыттауыш процесінің мысалы(Қарапайым бағыттауыш): ß Бағыттауыш кестесінің екі түрі бар: статикалық және динамикалық. Жүйелік администраторлар статикалық бағыттауыш кестесін қолдан құрып және жаңартып отырулары керек, себебі кестелер нақты араласусыз өзгермейді. Динамикалық бағыттауыш кестелері бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде құрылып, қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш – IP-дің ішкі функциясы, жұмыс істеу үшін қосымша қызметтерді талап етпейді. Статикалық бағыттауыш кестесі әрбір бағыттауышта қолдан құрылады және қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш кестесі желілер мен көмейлер интерфейстері немесе бағыттауыштар арасындағы байланыстарды анықтайды. Статикалық бағыттауыш кестесі келесі бағандардан тұрады: Желі адресі. Оның жергілікті адресі (0.0.0.0) мен кең тарататын адресін (255.255.255.255) қосқанда, әрбір белгілі желінің адресі. Желі маскасы. Әрбір желі үшін қолданылатын бағыныңқы желінің маскасы. Көмей адресі. Әрбір желі үшін енуші нүктенің IP –адресі (бағыттауыш интерфейсі). Интерфей с. Желілік интерфейске тағайындалған IP. Метрика. Желіге жету үшін қайталап орындалған трансляциялар саны. 1 – кестеде бағыттауыш кестесінің мысалы келтірілген.
Статикалық бағыттауыш өз кестесінде көрсетілген желілермен ғана әрекеттесе алады. Динамикалық бағыттауыш. Күрделі архитектуралы үлкен желілерде динамикалық бағыттауыштың статикалыққа қарағанда артықшылығы көрінеді, себебі саны көп бағыттауыш кестелерін қолдан қолдау сияқты жалықтыратын жұмыстан құтылуға мүмкіндік береді. Динамикалық бағыттауыш жағдайында желі администраторына түсетін ауыртпашылық минималды жэне көбінесе әрбір бағыттауыш үшін үнсіз тағайындалатын көмейді көрсетумен шектеледі. Барлық басқа икемдеулер және бағыттауыш кестелерін құру бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде жасалады. ТСР/ІР бағыттауышы үшін жиі қолданылатын екі хаттамалар - RІР (Routing Iformation Protocol бағытгауышты басқару хаттамасы) және ОSРF (Ореn Shortest Path First, ең қысқа жолды бірінші болып ашу). IP-адрес – Интернеттегі IP-интерфейстің 32 битті ерекше идентификатороры. IP-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады. IP адрестің форматтары
Интернетте адрестерді таратуға және тағайындауға InterNIC (Internet Information Centre – Интернеттің желілік ақпараттық орталығы) жауап береді. IP адрестердің жіктелуі
DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) түйінді конфигурациялауға арналған динамикалық протокол.Ол TCP/IP желілерінде жұмыс істеуге қажетті IРадрес және басқа желілік параметрлерін автоматты түрде тағайындауға арналған протокол б.т. клиент сервер моделі негізінде жұмыс жасайды.Компьютер клиент DHCPсерверіне сұраныс жасайды және оған жауап ретінде DHCPсервері желілік параметрлер жібереді. DHCP-дің негізгі қызметі IP адрестер мен конфигурацияның басқа да күйлерін автоматты түрде тарату. DHCP арқылы клиенттер шлюзін орнатуға болады.
7. TCP/IP хаттамалар стегінің көп деңгейлі құрылымы. ТСР хаттамасы. ТСР хаттамасының негізгі функциялары. Қосылуды процедурасы орнату. Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) – гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды
Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама б.т. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайд/ды. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге нег-н және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP төртдеңгейлі үлгіге жатады IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында датаграммалар д.а.-н деректер блоктарын жіберілуін қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен сенімсіз хаттама б.т.яғни IP деректердің жеткендігін растамайды,алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. IP хаттамасы әрбір датаграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. TCP (Transmission Control Protocol) – бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс – жіберуші мен процесс – алушының арасын алдын – ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар. Мәліметтерді алмасу процесі машина – жіберуші және машина – алушы арасында жалғауды қондыру сұранысынан басталады. Бұл сұраныста арнайы бүтін саны болады, оны біз сокет номері деп атаймыз. Ал жауабына алушы өз сокетінің номерін жібереді. Жіберуші мен алушының сокеттерінің номері жалғауды анықтайды (былай айтқанда, жалғау жіберуші мен алушының IP-адресісіз орындалмайды, бірақ та бұл тек төменгі деңгейлі хаттамаларға қатысты). ТСР жалғауын қондырғаннан кейін хабарламаның сегменттері жіберіліп бастайды. Жіберушінің төменгі деңгейлі IP-адресінде сегменттер бір немесе бірнеше дейтаграммаларға бөліне бастайды. Желіні өте келе, дейтаграммалар алушыға келіп түседі, содан IP деңгейі олардан қайтадан сегмент жинақтап ТСР береді. ТСР барлық сегменттерді бір хабарламаға жинақтап отырады. ТСР – дан процесс – алушыға хаттамалардың қада жиналатыны туралы хабарлдама жіберіліп отырады. TCP/IP –желілерінде желілік түйіндердің үш деңгейін қарастырады • Физикалық (немесе локальдік) түйіндер адресі (Желілік адаптердің МАС – адресі немесе маршрутизатордар порттары); Бұл адрестерді желілік құрылғыларды жасаушылар бекітеді; • Түйіннің IP адресі (мысалы, 192.168.0.1), бұл адрестерді желіге әкімшілік етушілер немесе интернет - провайдерлер бекітеді; • Символьдық атау (мысалы, www.microsoft.com); бұл атауларды да компанияның желіге әкімшілік етушілері немесе Интернет – провайдерлер бекітеді. 8. Көпiрлер. Маршрутизаторлар. Шлюздар. Көпір (bridge)–сегменттер мен желілерді қосатын құрылғы. Ол коммутаторға дейін пайда болды. Көпірдің мақсаты: желінің өлшемін ұлғайту;желідегі компьютерлердің максималды санын арттыру; желідегі тар жолдарды жою; желідегі әртүрлі сегменттерді қосу; әртүрлі физикалық таратушыларды қосу. Көпірлер OSI үлгісінің Арналық деңгейінде жұмыс істейді, сондықтан бұл үлгінің өзінен жоғары жатқан деңгейлеріндегі ақпаратпен жұмыс істей алады. Бір хаттаманы екіншісінен ажыратпай, желіде барлық хаттамалардың жұмыс істеуін қолдайды. Кез-келген хаттама көпір арқылы өтетіндіктен, әрбір компьютер өзінің қандай хаттамамен жұмыс істейтіндігін өзі анықтауы керек. Ортаға енуді басқару деңгейінің көпірлері келесі қызметтерді атқарады: барлық трафикті «тыңдайды»; әрбір пакеттегі жіберуші мен қабылдаушының адрестерін тексереді; бағыттауыш кестесін құрады; пакеттерді жібереді. Көпірдің қызметі фильтрация б.т.Көпір жұмысының басында бағыттауыш кестесі бос болады. Түйіндер пакеттерді жібере бастаған кезде, жіберуші көздердің адрестері бағыттауыш кестесіне көшіріледі. Көпір бұл деректердің көмегімен компьютерлердің желі сегменттеріндегі орналасуын зерттейді. Егер желіні ұзарту үшін көпірді пайдаланатын болсаңыз, келесі фактілерді есте ұстау керек:1.көпірлерде репиторлардің барлық мүмкіндіктері бар; 2.екі сегментті қосады және сигналдарды пакеттер деңгейінде қалпына келтіреді; 3.OSI үлгісінің Арналық деңгейінде қызмет етеді; 4.беріліс жылдамдығы 56 Кбит/с-тан аз ортада жұмыс істемейді; 5.бір мезетте бірнеше бағытты пайдалана алмайды; 6.желінің артық жүктелуін есепке ала отырып, кең таратылатын хабарламаларды өткізеді; 7.әрбір пакет үшін жіберу көзінің адресін және қабылдаушының адресін оқиды; 8.қабылдаушының адресі көрсетілмеген пакеттерді де жібереді; Көпірлердің негізгі қызметі: желіні ұзарту үшін немесе түйіндер санын арттыру үшін екі сегментті қосады; желіні сегменттерге бөлудің есебінен трафикті азайтады; әртүрлі желілерді қосады. Маршрутизатор – әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы. Негізгі функциясы – ауқымды желідегі маршрутизацияны қамтамасыз ету, ол желілік адреспен жұмыс жасайды және бір желіден екінші желіге ақпарат алмасудың ең тиімді жолын анықтайды. Ол OSI үлгісінің Желілік деңгейінде жұмыс істейді. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесі құрылады. Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Ол келесі ақпараттан тұрады: 1.барлық белгілі желілік адрестер; 2.басқа желілермен байланыс тәсілдері; 3.бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар; 4.бұл жолдар б/ша беріліс құны.Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшін ең тиімді бағытты таңдайды. Осы ақпараттарды пайдалана отырып, бағыттауыш деректерді жіберу бағытын таңдайды. Егер жолдардың біреуі артық жүктелген болса, басқа жолды көрсетеді. Бағыттауыш бірнеше мүмкін жолдардың ішінен қазіргі мезеттегі ең тиімдісін анықтай алады. Көмей – әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын құрылғы. Көмейлер OSI үлгісінің Қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді. Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен орталардың байланысын қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Көмей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта біріктіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы электрондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабылдап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді. Деректерді өңдей отырып, көмейлер келесі операцияларды орындайды: - деректерді қабылданған пакеттерден алып қарастыра отырып, оларды жіберуші желіде төменнен жоғары қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді; - оларды қабылдаушы желіде жоғарыдан төмен қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді де алынған деректерді қайтадан топтастырады. Көбінесе желідегі көмейлердің рөлін бөлінген серверлер орындайды, сондықтан бұл желіні ұзарту үшін жеткілікті түрде қымбатқа түсетін құрылым б.т.
9. Түйiндердiң аттарын анықтау. HOSTS файл. DNS қалыптастыру. Қызметі WINS. NetBIOS атауларын анықтау. Түйін (Хост; host; Развязка; uncou-pling) — желілік жүмыс машинасы;бас есептеуіш машина; жетекші компьютер;желілік қызметтермен (желіге қызмет ету жөне хабарларды жеткізу) бірге пайдаланушылардьің да тапсырмасын (программаны, есептерді, есептеулерді жөне т. б.) орындайтын желілік компью-тер; Хостингті үлкен компьютермен теңестіруге болады.IP адрестің тек TCP/IP хаттамалар стегінде ғана қандай да бір мәнге ие болатындығы проблема тудырады. Арналық деңгейлердің жеке өздерінің адрестеу үрдісі бар (негізінде 48-биттік адрестер); желілік деңгейлер өз кезегінде осы арналық деңгейлерді пайдаланады. Әртүрлі желілік хаттамаларды пайдаланатын компьютерлер бір физикалық кабельде орналасуы мүмкін. Желілік тақшаның драйвері IP дейтграммадағы қабылдаушының IP адресіне ешқашан қарамайды. Басқаша айтқанда, адрестердің әртүрлі формаларының 32-биттік IP адрестер мен арналық деңгейдің қандай да бір адрестер типтеріның арасында сәйкестік орнатудың қажеттілігі туады. Екі хаттаманы қарастырайық: адресті анықтау хаттамасы (ARP - address resolution protocol) және кері адресті анықтау хаттамасы (RARP - reverse address resolution protocol). Hosts файл -бұл домендердің аты жиналған базасы бар текстік файл,олар түйіндердің желілік адреске трансляциялау кезінде қолданылады.DNS серверге қарағанда осы файлға сүраныс талабы жоғары және файлдың ішіндегі ақпарат компьютер администраторының басшылығында болады.
DNS-сервер — тиiстi хаттама бойынша сұрау салулар DNSқа жауаптары үшiн қолайлы қосымша. DNS сонымен бiрге - сервермен қосымша iске қосылған хост деп атай алады. Барлық DNSтар - стандарт бойынша сервер RFC 1035 TCP және UDPнiң 53 Портуларына жауап бередi. BINDтiң ерте болжамының сұрау салуларын жiберудiң жанында 53 порттарды қолданды, еркiн тiркелмегенетiн мекенжайлар қолдана жаңалау өзiн өзi DNSтар сияқты ұстайды - клиенттер. Кейбiрi серверлер желiнiң әртүрлi сегменттерi үшiн әртүрлi тәртiптердегi жұмыс iстеу мүмкiндiктерiн қолдайды. Bindтерге бұл тәртiп view деп аталады. Мысалы, мысалы, жергiлiктi мекенжайлар үшiн сервер 10.0.0.0/8) серверлердiң жергiлiктi мекенжайлары бере алады, сыртқы желiнiң қолданушылары үшiн - сыртқы мекенжайлар. Мысалы, сонымен бiрге, internalдiң аймағынан атының сұрау салуына сыртқы мекенжайлар үшiн internalдiң аймағына авторитативным өзiн 10.0.0.0/8 сервердiң желiсiндегi мекенжайларды көрcетiлген диапазоны үшiн тап қалған аймақ үшiн авторитативным сервер дәл осылай тек қана жауапқа жауап теуiп шығауға жариялайтын бола алады белгiсiз. DNS базасының тамыры Internet Network Information Center центры арқылы басқарылады. WINS қызметі. (англ. Windows Internet Name Service - Служба имён Windows Internet) – NetBIOS компьютер есімдерініңтүйіндердің IP-адрестерімен салыстыру қызметі болып табылады. WINS қызметі тармақталған мәліметтер базасын тіркеу үшін және компьютерлер мен желі топтары үшін NetBIOS есімдерін динамикалық сәйкестендірілу сұрауларын қамтамасыз етеді. NetBIOS есімдері Microsoft® Windows® операциялық жүйелерінің ескі версияларында идентификациялау және компьютерлерді табу қызметтерін атқарған және де NetBIOS есімдері желілік қызметтерді (Сетевых служб) орнату үшін міндетті болып табылған.WINS қызметі желіде TCP/IP протоколының негізінде NetBIOS есімдерін кеңістік арқылы басқарылуын оңтайландырады.WINS қызметікең ауқымды локальді IP-сілтелулерді NetBIOS есімдерінің шешемдері үшін қолдануды азайтады және қолданушыларға желіден тыс аймақтағы компьютерлерді оңай тауып алуға мүмкіндік береді. Солайша WINS тіркелулер әрбір қосылу кезінде және желіге ену кезінде автоматты түрде орындалып отырады. WINS мәліметтер базасы динамикалық адрестер конфигурациясына өзгерістер енгізген кезде автоматты түрде жаңарылып отырады. Мысалы, WINS қызметі арқылы жұмыс жасап отырған клиент компьютеріне DHCP-сервер жаңа немесе өзгертілген IP-адрестерді енгізсе, онда WINS клиенті жайлы мәлімет жаңарады.WINS протоколдары NetBIOS есімдерінің қызметтері үшін анықталған протоколдарға негізделген.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |