АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Станция ОСКЭ № 1. Студент №________________

Читайте также:
  1. Cамостійна робота студентів
  2. I. Організація студентів до практичного заняття
  3. I. Організація студентів до практичного заняття
  4. II. Достижения студента в научно-исследовательской деятельности (НИР)
  5. II. Індивідуальна робота студентів.
  6. II. Індивідуальна робота студентів.
  7. II. Основные принципы и правила поведения студентов ВСФ РАП.
  8. II. Стипендиальное обеспечение студентов, аспирантов и докторантов
  9. III. Достижения студента в общественной деятельности
  10. III. МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ СТУДЕНТАМ ПО ПОДГОТОВКЕ К СЕМИНАРУ
  11. III. Перечень отчетной документации студента-практиканта
  12. IV. Достижения студента в культурно-творческой деятельности

Жүрек-өкпе-милық реанимация: «ауыздан-ауызға» әдісімен ЖӨЖ

Тапсырма: ересек адамға «ауыздан-ауызға» әдісімен ЖӨЖ көмегімен ЖӨР жүргізу және қорытынды жасау.

Кезеңдері Іс-әрекет реттілігі
  Науқасты ЖӨМР жүргізуге дайындау 1. Науқас жағдайын: айқайлап, иығынан қағып, екі жақтағы ұйқы артериясынанда пульсті пальпациялап, кеуде клеткасында экскурсияның болуын бақылап, екі көздің қарашықтарының көлемін (бір уақытта) және тері жамылғысының жағдайын-бағалаймыз. 2. Науқасты тегіс қатты беткейге жатқызамыз. 3. Кеуде клеткасын тар киімнен босатамыз.
  Жоғарғы тыныс жолын тазалау және олардың өткізгіштігін қамтамассыз ету   1. Науқастың басын өзімізге қаратып, дәке оралған саусақпен ауыз қуысының санациясын жүргіземіз. Санация бір рет айналдырып шығу арқылы жүргізіледі. 2. Сафар үштігі бойынша жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігі мен түзуленуін жүргіземіз: А) Науқастың бас жағынан тұрып,бір қолымызды пациенттің мойын астына,екіншісін- маңдайына қойып, басты мойын бөлігінде шалқайтамыз. Б) Бастың бүгілуін болғызбас үшін қолдарымызды науқас басынан алмаған күйде, ең кішкентай саусағымызды төменгі жақ бұрышына орналастырып, төменгі жақты алға және жоғарыға қарай тартамыз. В) Екі қолдың үлкен саусақтарымен науқастың аузын ашамыз.
  «ауыздан-ауызға» әдісімен ЖӨЖ-ін жүргізу: 1. Бір қолымызды пациенттің басынан алмай, екінші қолымызбен науқас аузына дәке салфеткасын қоямыз және мұрнынан қысып тұрамыз 2. Пациенттің кеуде клеткасы айқын көтерілетіндей етіп, 1-2 секунд ішінде науқасқа бірден дем жібереміз. 3. Науқастың тынысы пассивті және толық болуы керек. 4. Үрленетін ауаның көлемі шамамен 300-500 мл-ді құрайды. 5. Дем беру жиілігі минутына 12-16 рет. 6. Әрбір жаңадан берілетін тыныс кезінде Сафара әдісін қайталап отыру қажет!
  Жүрекке тікелей емес массаж: қолды дұрыс қою техникасы 1. Қолдарымызды төстің төменгі бөлігіне, семсер тәрізді өсіндіден екі саусаққа жоғары етіп қоямыз. Бір қолды төс үстіне алақан негізінен қойып, екінші қолды оның үстіне орналастырамыз. Төс пен иық буыны арасындағы бұрыш 90 градусты құрайды. 2. Компрессия үшін қолдың күші емес, арқа бұлшықеттерінің күші мен дене салмағы қолданылады.
  Жүрекке тікелей емес массаж: компрессия жүргізу 1. Кеуде клеткасының эластикалығын анықтау үшін, алғашқы рет басуды жәй жүргіземіз 2. Иілудің тереңдігі 4-5 см, бір компрессия ұзақтығы шамамен 0,5 секунд, жиілігі шамамен100 рет минутына 3. Әрбір компрессиядан соң кеуде клеткасы толық жазылу үшін, қолымызды жібереміз,бірақ науқас кеудесінен алып тастамаймыз 4. Бір және екі реаниматор үшін де бір мезгілде жүргізілетін ЖӨЖ мен жүрекке тікелей емес массаждың оптимальді арақатынасы 2:30 5. 2 рет дем және 30 компрессия бергенде реаниматор ЖӨМР-ның 1 циклын жасайды. Әрбір 5 циклдан соң следует 1:1 пунктында көрсетілгендей пациента жағдайын бағалаймыз
  Реанимациялық іс шаралардың қорытындысы 1. ЖӨМР-ын тірілу белгілері пайда болғанша немесе тыныс пен қан айналым тоқтағаннан кейін 30 минут бойы жүргіземіз. Қайталанған сәтте уақытты жаңадан есептейміз. 2. ЖӨМР-ын аяқтағаннан соң реанимациялық іс шаралар нәтижесіне қорытынды жасаймыз

 

*Егер омыртқаның мойын бөлігі зақымдалуына күдік бар болса, санация кезінде басты бұруға болмайды

** Егер омыртқаның мойын бөлігі зақымдалуына күдік бар болса, Сафар әдісі кезінде басты шалқайтуға тиым салынады

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)