|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Катаральді стоматитЕскерту. 1. Таңертеңгілік тазалығын өткізу алдында бланың нәжісін, дене температурасын және дене салмағын тексеру қажет. 2. Керек жағдайда баланың жыныс мүшелерін ағынды сумен жуып алу қажет. 3. Таңертеңгілік тазалықтың жыныс мүшелерін жуу және кіндік қалдығын өңдеу элементтерімен жеке танысыңыз.
НӘРЕСТЕНІҢ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЖУУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: 1) Дене тазалығын сақтау 2) Баланың «таза болу» қажеттілігін қанағаттандыру Керекті құралдар: 1)ағынды су t°+37°+38°С 2) дәке салфеткалары 3) жұмсақ жөргек немесе сүлгі 4) стерильді өсімдік майы (немесе присыпка) 5) таза киім 6) резеңке қолғап, дезерітінді 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Ағынды судың температурасының реттеп алу (орындаушы өзінің білегіне тексереді). 4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 5. Баланың кірленген киімдерін шешіп кір киімг арналған қапқа салу. 6. Баланы сол қолдың білегіне және алақанына салу, баланың басы орындаушының сол білек буынында болуы қажет. 7. Дәке салфеткасымен ағынды судың астында жыныс жолдарын жуу. Қыз балаларды – тек алдынан артқа және жоғарыдан төмен бағытта жуу қажет. 8. Баланы дезерітіндімен өңделген үстелдің үстіне жатқызып жыныс мүшелерінің терісін жөргекпен немесе сүлгімен абайлап құрғату. 9. Тері қыртыстарын қайнатылған өсімдік майымен сылау. 10. Балаға таза киім кигізу. 11. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. КІНДІК ЖАРАСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: · «ашық» кіндік жарасы.
Керекті құралдар: 3) стерильді мақта таяқшалары - 3; 4) қайнаған су 5) стерильді пипетка; 6) жөргектейтін үстелдегі жөргектеуге арналған жинақ; 7) резеңке қолғап; 8) қолданылған заттарға арналған лоток; 9) дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш. 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу. 5. Баланы жөргектейтін үстелге жатқызу 6. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу. 7. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы қайнаған су тамызу. 8. Жібіген қабыршықтарды стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай). 9. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу. 10. Жөргектейтін үстелден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу. 11. Жұмыс үстелін дезерітіндімен сүрту. 12. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту! Дені сау нәрестенің кіндік жарасын өңдеуге тек қайнаған су қолданылады. ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННАНЫ ӨТКІЗУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: · дене гигиенасын сақтау; · баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру; · таза жүру әдетін қалыптастыру; · баланы шынықтыру. Керекті құралдар: 10) шомылдыруға арналған ванна; 11) ваннаға арналған жөргек; 12) түкті қолғап; 13) жылы су (37-380 С), 2-3 айлық балаларға – қайнаған су; 14) бала сабыны, дәке салфетка, 5% калий перманганат ерітіндісі; 15) стерильді өсімдік майы немесе бала ұнтағы; 16) су термометрі; 17) су температурасы 1-20 С төмен шайындыруға арналған суы бар ыдыс; 18) жөргектейтін үстелдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киіждер; 19) үлкен жұмасқ сүлгі; 20) резеңке қолғап; 21) дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш; 22) кір киімдерге арналған қап.
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. 4. Ваннаның ішін дезерітіндімен өңдеу. 5. Ваннаның ішін шөткемен жуып, қайнаған сумен шаю. 6. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу. 7. Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті төсеу, су термометрін салу. 8. Ваннаның ½ немесе 1/3 бөлігіне дейін су толтыру, температурасы 37-380 С. 9. Ваннадан баланы шайындыруға арналған суды ыдысқа толтырып алу. 10. Баланы шешіндіру (керек жағдайда жыныс жолдарын ағын сумен жуу). 11. Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған қапқа салу. 12. Сол қолмен арқасы мен желкесін, оң қолмен жамбасы мен балтырларын сүйеп баланы қолға алу. 13. Баланы абайлап суға салу (бірінші – аяғы мен жамбасы, одан кейін денесінің жоғары бөлігін). Су деңгейі баланың тек емшек тұсында болуы қажет, төстің үстіңгі бөлігі ашық қалады. 14. Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғары бөлігін сүйеп тұрып оң қолды босатып алу. 15. «Қолғапты» киіп (керек болса сабындап алу керек), баланы келесі кезекте жуындырады: бас (маңдайдан желкеге) – мойын – дене – аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын жақсылап жуу). 16. Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас арасын жуу. 17. Қолғапты шешіп баланы судың үстіне көтеріп ұстау. Баланың бетін төмен қаратып жатқызу. Баланы ыдыстағы арнайы сумен шайындыру. 18. Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстелге жатқызу, абайлап құрғата сүрту. 19. Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала ұнтағымен өңдеу. 20. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу. 21. Жөргектейтін үстелдегі жөргек пен «қолғапты» кір киімге арналған қапқа салу. 22. Ваннадағы суды төгіп, оны шаю. 23. Ваннаның ішін және жөргектейтін үстелдің үстін дезерітіндімен сүрту. 24. Қолғапты шешу, қолды жуып, кептіру. Ескерту. 1. Гигиеналық ваннаны 2 адам өткізген дұрыс. 1. Бөлме температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +22+24°С, шала туылған балалар үшін - +23+25°С. 2. Сүлгі мен баланың киімдері алдын ала жылытылып қойылады. 3. Судың температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +37+38°С, шала туылған балалар үшін +38+39°С. 4. Алғашқы гигиеналық ваннаны кіндік жарасы жазылғаннан кейін өткізу қажет. 5. Баланы тамақтандырудың алдында шомылдыру қажет. 6. Ваннадағы судың t° тек су термометрінің көмегімен анықталады. 7. Үй жағдайында резеңке қолғап киюдің және ваннаны дезерітіндімен өңдеудің қажеті жоқ. БАЛАНЫ ЖЫЛЫТУҒА ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ АЛГОРИТМІ Мақсаты: шала туылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету
Керекті құралдар: · Резеңке жылтқыштар – 3; · Температурасы 55-650С су; · Жөргектер – 3; · Термометр; · Көрпеше немесе қалың жөргек.
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. 4. Жылытқышты температурасы 55-650С сумен 2/3 бөлігіне дейін толтыру. 5. Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, аузын мықтап жабу. 6. Жылытқыштың аузын төмен қаратып, аузының толық жабылғанын тексеру. 7. Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындау. 8. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау. 9. Жөргектелген баладан 2 см қашықтықта жылытқыштарды қою: а) табанының жанына; б) екеуін – денесінің екі жағына. 10. Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы ауа температурасы 28-300С кем болмау керек), астына термометрді салу. 11. Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен. 12. Көрпе астынан термометрді алып шығып ағынды сумен жуу, құрғатып сүртіп қорапшаға салу 13. Жылытқыштардан суды төгу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен залалсыздандыру. 14. Қолды жуу, құрғату.
БАЛАНЫ ЗОНД АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ АЛГОРИТМІ Мақсаты: сору және жұту рефлекстерінің төмен немесе жоқ болған жағдайында балаға қажетті тамақ мөлшерін қамтамасыз ету.
Керекті құралдар: · Резеңке қолғап · Бас орамал, маска · 37-380С дейін жылытылған бір реттік тамақ көлемі · Стерильді асқазан катетрі · Қысқыш · Құралдарға арналған лоток · Электроотсос немесе резеңке груша 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. 4. Баланың басын жоғарлатып бір жақ қырына жатқызу, бұл қалыпты валик арқылы бекіту. Ауыз қуысындағы шырышты сорып алу (груша немесе электросорғышпен). 5. Катетрді құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін және мұрын ұшынан төс сүйегінің семсер тәріздес өскініне дейін өлшеп алып белгілеу. 6. Зондқа шприці жалғап, ауа жіберу арқылы оның өткізгіштігін тексеру. 7. Шприцтің поршенін алып тастап шприцті сол қолға алып, жабық жағын жоғары қаратып жалғанған катетрді сол қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарының арасынан өткізіп ұстау. Шприцтің 1/3 бөлігін сүтпен толтыру. 8. Зондтың жабық жағын оң қолға алып, абайлап төмен түсіріп сүтпен толтыру (зондтың жабық жағының маңайындағы тесіктен сүттің алғашқы тамшысы пайда болғанға дейін). Зондты алғашқы қалпына келтіру (зондты сүтпен толтыру кезінде зонд үнемі жоғарыға көтеріліп тұруын қадағалау керек). 9. Катетерді шприц жақтан 5-8 см қашықтықта қысқышпен қысу. Қысқыштың сақинасын сол қолдың үлкен саусағына орналастыру. Жабық жағынан 7-8 см қашықтықта оң қолмен зондты ұстау, сүтке малу. 10. Астыңғы мұрын жолы арқылы мұрынға немесе тілдің ортаңғы сызығы арқылы ауызға зонды енгізу (зондты енгізу кезінде күш салмау керек және қадағалау қажет: ентігу немесе көгеру жоқ па). 11. Шприцке сүтті қосу. Шприцті көтеріп, катетрден қысқышты шешу және жайлап, шприцтің биіктігін қадағалай отырып сүтті баланың асқазанына жіберу. Сүт шприцтің ауыздығына жеткенде қысқышты қайтадан салу. 12. Ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта катетрді оң қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен қысып тез қимылмен оны салфетка арқылы алып тастау. 13. Бас жағын жоғары көтеріп баланы төсекке оң жақ қырына жатқызу. 14. Қолданылған барлық инструменттерді дез.ертіндіге салу. 15. Қолғапты шешіп қорапқа тастау. Қолды жуып кептіру. Ескерту. 1. Асқазан катетерінің мөлшері баланың жасына және дене салмағына сәйкес алынады. 2. Шала туылған балаға тамақтанудың алдында және соңында оттегі беріледі. 3. Катетерді мұрын қуысы арқылы енгізген жағдайда оны жабысқақ жолақпен бекіту қажет және 2 тәуліктен артық қалдыруға болмайды.
ГНЕЙС КЕЗІНДЕ БАСТЫҢ ШАШТЫ БӨЛІГІН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: 1) Себореялық қабыршықтарды тазалау 2) Гнейс кезінде тері қабатының зақымдануының алдын алу Керекті құралдар: 1) стерильді өсімдік майы 2) мақта тампондары 3) қолданылған заттарға арналған лоток 4) бас киім 5) дәке салфеткалары 10x10 немесе 15x15
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2.Керекті құралдарды дайындау. 3.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. 4.Баланы отырғызу немесе үстелдің үстіне жатқызу. 5.Бастың шашты бөлігіндегі гнейстің көп мөлшерде орналасқан жерлерін стерильді майға матырылған мақта тампондарымен абайлап отырып өңдеу. 6.Өңделген аймаққа дәке салфеткаларын салу, балаға бас киім кигізіп біраз уақытқа қалдыру (кемінде 2 сағатқа). 7.Баланы анасына беру. Жөргекті алып кір киімдерге арналған қапқа салу және үстелдің үстін дезерітіндімен өңдеу. 8.2 сағат өткеннен кейін баланы шомылдыру, жуындыру кезінде қабыршықтарды абайлап алып тастау.
Ескерту. 1. Шараны шомылдырудан 2 сағат бұрын өткізу. 2. Қабыршықтарды зорлықпен тазалауға болмайды. 3. Егер қабыршықтарды тазарту мүмкін болмаған жағдайда шараны бірнеше күн бойы қайталап өткізу қажет. 4. Шаштарға тығыз жабысып тұрған қабыршықтарды шашпен бірге қайшымен қиып тастау қажет. ОМФАЛИТТЕР КЕЗІНДЕ КІНДІК ЖАРАСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: · кіндік жарасында қабынуы.
Керекті құралдар: 23) стерильді мақта таяқшалары - 3; 24) 3% су асқын тотығы; 25) 70% этил спирті; 26) 5% калий перманганат ерітіндісі; 27) немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісі; 28) стерильді пипетка; 29) жөргектейтін үстелдегі жөргектеуге арналған жинақ; 30) резеңке қолғап; 31) қолданылған заттарға арналған лоток; 32) дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш. 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу, баланы жөргектейтін үстелге жатқызу. 5. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу. 6. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы су асқын тотығын тамызу, 30-40 секунд тосып кіндік жарасында пайда болған «көбікті» стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай). 7. Кіндік жарасын (керек жағдайда) 5% калий перманганат немесе жасыл бриллианттың ерітіндісімен күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей). 8. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу. 9. Жөргектейтін үстелден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу, жұмыс үстелін дезерітіндімен сүрту. 10. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. Ескерту. Шараны көрсеткіш бойынша тәулігіне 3-4 рет өткізу.
ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ҚОЛТЫҚ АСТЫ ЖӘНЕ ШАТ ҚЫРТЫСТАРЫНДА ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: баланың дене температурасын анықтау. Керекті құралдар: · медициналық термометр; · сағат; · дезерітіндісі бар лоток; · дәке салфеткалары; · қалам, дәптер. 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Термометрді алып сынап 35°С төмен түскенге дейін сілку. 5. Қолтық асты (шат) қыртысы маңын мұқият тексеріп салфеткамен құрғатып сүрту. 6. Термометрдің сынап бағанасы жағын қолтық асты (шат) қыртысына, тері қыртыстарымен толық қамтылатындай және киімге тимейтіндей етіп орналастыру. 7. Баланың қолын (аяғын) бекітіп ұстау (денесіне басып ұстау). 8. Уақытты белгілеу және 10 минут өткеннен кейін термометрді алып көрсеткішін анықтау. 9. Анасын термометрияның қортындысымен таныстыру және t° температуралық параққа тіркеу. Әр клетка 0,2°С сәйкес келеді және нүктені клетканың ортасына қою қажет. 10. Термометрді сынап бағанасына түскенге дейін сілкіп дезерітіндісі бар арнайы ыдысқа салу. 11. Термометді алып ағынды сумен мұқият жуу және салфеткамен құрғата сүрту. Термометрді қорабына салу. 12. Қолғапты шешіп қорапқа салу және қолды жуып кептіру. МҰРЫН ЖӘНЕ АУЫЗЖҰТҚЫНШАҚТАН ЖҰҒЫН АЛУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: бактериологиялық зерттеуге материал жинау. Керекті құралдар: · жарық көзі, орындық; · резеңке қолғап, маска; · стерильді пробиркалары мен құрғақ мақта шариктері бар штатив; · стерильді шпатель; · лабораторияға жолдама-бланк;
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Стеклографпен пробиркаларды «М», «Ж» (мұрын, жұтқыншақ) белгілеу. Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аяғын көмекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды, баланың басы аздап артқа шалқайған. 5. Пробирканы штативке орналастырып, сол қолға шпательді алып баланың аузын ашуын сұрау, шпательді ауыз қуысына енгізіп тілді басып ұстау. 6. «Ж» тампонды ауыз қуысының шырышына тигізбей, абайлап ауыз қуысына енгізу. 7. Тампонмен таңдай доғаларынан және бадамша бездерден шырышты келесі реттілікпен алу: доға – бадамша бездер - тілшік. 8. Тампонды ауыз қуысынан абайлап шығару, сыртына тигізбей пробиркаға салу. 9. Мұрыннан жұғын алу кезінде сол қолдың бірінші саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеріп тампонды айналдыра қозғалтып мұрын қуысына енгізу қажет. Тампонның мұрын қуысының қабырғаларымен тығыз түйісун қадағалау қажет. 10. Тампонды қабырғаларына тигізбей абайлап пробиркаға орналастыру. 11. Қолғап киілген қолдарды жуу және антисептикпен өңдеу, масканы және қолғапты шешу, қорапқа салу және қолды жуып кептіру. 12. Материалды бакзертханаға тез арада немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағаттың көлемінде жеткізу. Ескерту. 1. Жұтқыншақта қабыршық болса немесе күл ауруына күдік болған жағдайда жұғындыны сау және зақымданған тіндердің шекарасынан алу қажет. 2. Ауызжұтқыншақтан материалды ашқарынға, дәрі қабылдаудан, ауыз қуысын шаюдан бұрын алады. АНТИБИОТКТЕРДІ ЕЗУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ Мақсаты: Баланы дәрігер тағайындаған дәрілік препарат мөлшерімен қамтмсыз ету. Керекті құраладар: 1. резеңке қолғап 2. антибиотик флаконы 3. антибиотикке арналған ерітінді 4. инесімен шприц 5. 70% этил спирті 6. мақта шариктерімен, пинцетпен стерильді үстел 7. қолданылған заттарға арналған лоток 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Антибиотик, ерітінді флакондарындағы жазулармен танысу (аты, дозасы, жарамдылық мерзімі). 5. Ерітіндінің антибиотикті езуге керекті мөлшерін анықтау. 6. Балаға енгізуке арналған дайын ерітіндінің мөлшерін анықтау. 7. Шприцтің қорабын ашу, оны жинау, инесін кигізу, стерильді үстелге қою. 8. Спиртке малынған стерильді мақта шаригімен антибиотик флаконының алюминий қақпағын өңдеу, оны ашу және қайталап өңдеу. 9. Ерітінді ампуласының мойнын спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу, ампула мойнын сындыру, керекті мөлшерін шприцке сорып алу. Антибиотик бар флаконның резеңке қақпағын инемен тесіп ерітіндіні енгізу. Флаконды шайқау. 10. Флакондағы инені шприцке кигізу және флаконды төңкеріп жоғары көтеру – шприцке дайын ерітіндінің қажетті мөлшерін сорып алу. 11. Шприцтің инеге арналған конусынан флаконды инемен бірге алып тастау, шприцке инъекцияға арналған инені қалпағын шешпей орналастыру. 12. Шприцтің ине жағын жоғары көтеріп 1-2 тамшы ерітіндіні ине қалпағына шығару және шприцті стерильді үстелдің үстіне қою. 13. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеу және шприцті 900 жағдайында ұстап бұлшық етке антибиотикті енгізу. 14. Инені алу, инъекция орнын мақта шаригімен өңдеу (қолда қалтырылған), шарикті және шприцті жоюға арналған арнайы қорпқа салу. 15. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру. ҚҰЛАҚҚА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: ортаңғы құлақтың қабыну процесін жою, евстахиев түтігінің өткізгіштігін жақсарту
Керекті құралдар: · дәрі препараты · қауіпсіз пипетка · шиыршықталған мақта, шариктер · қолданылған заттарға арналған лоток 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы). 5. Баланың сау құлақ жағын төмен бұрып жатқызу. 6. Құлақтан бөлініс болған жағдайда, тазарту. 7. Дәріні пипеткаға сорып алу. 8. Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру. 9. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және жоғары тарту (1 жастан жоғары). 10. Тамшыны есту жолдарына тамызу. 11. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет басу. 12. Құлаққа 10-15 минутқа тампон салу. 13. Тампонды алып тастау. 14. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру. 15. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру. Ескерту. Тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370). КӨЗГЕ ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: көзді ң қабыну процесін жою (конъюнктивиттер, блефариттер) Керекті құралдар: · дәрі препараты · қауіпсіз пипетка · мақта шариктері · қолданылған заттарға арналған лоток
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы). 5. Баланы арқасына жатқызу, басын аздап артқа шалқайту. 6. Дәрінің керекті мөлшерін пипеткаға сорып алу, сол қолға мақта шаригін алу. 7. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тарту, баланы жоғары қарауын сұрау. 8. Төменгі конъюнктива қыртысына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы конъюнктиваға аса жақындатпаңыз). 9. Баланың көзін жұмуын сұрау. Ерте жастағы баланың көздерін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет. 10. Көзінің ішкі бұрышынан тамшының қалдығын мақта тампонымен алып тастау. 11. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамызу. 12. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру. 13. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру. Ескерту. 1. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240). 2. Керек жағдайда конъюнктиваның шырышты қабатын іріңді бөліністен тазартып алу қажет. МҰРЫНҒА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: мұрын жолдарының қабыну процесін жою, өткізгіштігін жақсарту, мұрынжұтқыншақтан инфекцияның өтуін алдын алу
Керекті құралдар: · дәрі препараты · қауіпсіз пипетка · мақта шариктері · қолданылған заттарға арналған лоток
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию. 4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы). 5. Мұрын жолдарын стерильді мақта шиыршықтарымен тазалау. 6. Баланың басын аздап артқа шалқайту, тамшы енгізетін жағына қаратып бұру. 7. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын жоғары көтеру. 8. Дәріні пипеткаға сорып алу. 9. Төменгі мұрын жолына 3-4 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек. 10. Мұрынның қанатын мұрын қырына басу. 11. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу. 12. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру. 13. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру. Ескерту. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240). ҚҰЛАҚ МАҢЫНА ЖЫЛЫТҚЫШ КОМПРЕССІН ҚОЮ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: құлақтың, құлақ маңының қабыну процесін азайту және жою
Керекті құралдар: · араластырылған спирт - 450 · дәкеден жасалған салфетка (6 қабатталған) · мақта, жалпақ бинт · жылтыр қағаз
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. 4. Салфетка мен жылтыр қағазда баланың құлағының көлеміне сәйкес тесу жасау. 5. Дәке салфеткасын дайындалған спирт ерітіндісіне салу, сығып алу. 6. Салфетканы құлақ маңының терісіне салу. 7. Салфетканың үстінен қағазды салу (оның көлемі астыңғы қабаттан артық болу керек). 8. Қағаздың үстінен мақта салу (қалыңдығы 2-3 см, көлемі астыңғы екі қабаттан 1-2 см артық болу қажет). 9. Компрессті теріге жанастырып мықтап бекіту. 10. Компрессті кемінде 6 сағатқа қалдыру (көбіне түнге). 11. Компрессті шешу, теріні құрғатып сүрту, құрғақ орамалмен таңу. 12. Қолды жуып, кептіру.
Ескерту. a. Ерітіндінің температурасы 38-40°С кем болмауы қажет. b. 70° спиртті сумен 2:1 қатынасында араластыру. c. 96° спиртті сумен 1:1 қатынасында араластыру. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚЫША ҚАҒАЗЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: тыныс алу мүшелерінің ауруларында рефлекторлы терапия өткізу Керекті құралдар: · қыша қағазы · суы бар лоток 40-450 С · стерильді майы бар лоток 37-380 С · жөргектер (жұқа және қалың) · көрпе · қолданылған заттарға арналған лоток
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. 4. Қыша қағазының жарамдылығын тексеру. 5. Баланы беліне дейін шешіндіру, тері қабаттарын тексеру. 6. Жұқа жөргекті орап жылы өсімдік майымен майлау. 7. Сығып алып тегіс жерге жаю. 8. Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып 5-10 сек суға салу. 9. Қыша қағаздарын жөргектің орта бөлігіне қышасын төмен қаратып салу – оң жақта 2-4, сол жақта 1- (саны кеуденің көлеміне байланысты), ортасында омыртқа үшін бос орын қалтыру керек. 10. Жөргектің үстіңгі және төменгі бөліктерін үстіге қарай бүктеп салу. 11. Жөргектің астыңғы жағын үстіне қарай аудару. 12. Баланы жөргекке, омыртқа тұсы бос жерге орналасытындай етіп, жатқызу. 13. Жөргектің бірінші оң жағын, одан соң сол жағын орау (қыша қағазы жүрек тұсында болмауы керек). 14. Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу. 15. Қыша қағазын қызару айқын болғанға дейін ұстау. 16. Қыша қағаздарын шешу, қолданылған затқа арналған лотокка тастау. 17. Баланы жылылап орап 1 сағ төсекке жатқызу. 18. Қолды жуып, кептіру. Ескерту. Қыша қағазадары дене температурасы 38°С жоғары болмағанда ғана қойылады. МҰЗДЫ МҰЙЫҚ КӨМЕГІМЕН ФИЗИКАЛЫҚ САЛҚЫНДАТУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу. Керекті құралдар: -мұзға араналған мұйық; - су 14-16°С.; - мұз кесектері; - жөргектер – 3-4; - ағаш балға; - мұзы бар флакондар; - сағат. 1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. 4. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу. 5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру. 6. Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару. 7. Мұйықтың қақпағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру. 8. Мұйықты жөргекке орау. 9. Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен баланың басының аралығында алақан өтетіндей болу қажет. 10. Мұзы бар флакондарды салфеткамен орау және ірі тамырлар маңына орналастыру. 11. 20-30 мин уақытқа қалдыру, 10-15 мин үзілістен кейін қайталап өткізуге болады. 12. Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет. 13. 20-30 минуттан кейін мұйықтарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу. Ескерту. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет. СТОМАТИТТЕР КЕЗІНДЕ АУЫЗ ҚУЫСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: әр түрлі себептерден болатын ауыз қуысындағы қабыну процессі. Керекті құралдар: -өңдеуге арналған ерітінді (шөп тұнбалары, антисептиктер); - мақта, дәке салфеткалары; - қолданылған заттарға арналған лоток; - резеңке қолғап; - шпатель.
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. 4. Оң қолдың екінші саусағына мақтаны немесе дәке салфеткасын орап алып бір ұшын үлкен саусақпен бекітіп ұстау. 5. Сол қолдың үлкен саусағымен баланың иегін абайлап басып аузын ашу (керек жағдайда шпатель қолдану). 6. Мақтаны дайын ерітіндіге малып алып абайлап ауыз қуысын өңдеу. 1. Кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит. Өңдеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу қажет: · 2% ас содасының ерітіндісі (шаю), дәке тампонымен өңдеу; · 20% бураның глицерин ерітіндісі; · Саңырауқұлаққа қарсы препараттар: нистатин, леворин (ұсақтау және себу). Катаральді стоматит. Ауыз қуысын залалсызданыратын ерітінділермен шаю (фурациллин, шөп тұнбалары және т.б.). 3. Герпесті және ойық жаралы стоматиттер Өңдеуді реттілікті сақтап күнделікті өткізу қажет: · залалсыздандыратын ерітінділермен шаю: 0,5% калий перманганат, 3% су асқын тотығы, 1:5000 фурациллин ерітінділері; · 1% жасыл бриллиант ерітіндісі; · ауырсыну кезінде – новакаин немесе анестезин ерітіндісі. 7. Қолданылған заттарды, резеңке қолғапты шешіп арнайы қорпақа салу. Қолды жуу, кептіру. Ескерту: 1. Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар қолданылады (0,25% оксалин майы, 5% интерферон майы). 2. Стоматиттер кезінде диета механикалық, химиялық және термиялық қолайлы болу керек. 3. Ауыз қуысын өңдеу кезінде абай болу қажет – шырышты қабаттың зақымдануының алдын алу. 4. Өңдеуді тәулігіне 5-6 рет қайталап өткізу қажет. 5. Қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезеңінде сауығу кезеңіне қарағанда төмен болу қажет. 6. Қолданылатын ерітінділердің температурасы 37-38 ° С болу қажет.
АСҚАЗАНДЫ ШАЮ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: баланың улануы Керекті құралдар: · асқазан зонды, воронка · алжапқыш – 2 · асқазан шаятын ерітінді 20-220 С (қайнаған су, регидрон ерітіндісі) · шайынды суға арналған ыдыс · лоток - 2 · дәке салфеткалары · шпатель · резеңке қолғап · шайынды суға арналған стерильді ыдыс
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. 4. Баланы көмекшінің алдына отырғызу және мықтап ұстау. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. 5. Балаға, көмекшінің ұстап отырған қолының үстінен, алжапқыш кигізу. 6. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою. 7. Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі ұзындықты өлшеу (құлақ ұшынан күрек тістеріне дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу. 8. Зондтың бітеу жағын сулау. 9. Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану). 10. Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі ұзындықта асқазанға енгізу. 11. Шпательді алып тастау, зондқа воронканы жалғау. 12. Воронканы асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Воронканы сәл қисайта ұстап, оған суды құю. 13. Воронканы жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су воронканың мойнына дейін түсу керек). 14. Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сұйықтықтың мөлшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет). 15. Воронкаға сұйықтық құйып, шаюды қайталау – «таза су» болғанаға дейін. 16. Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. 17. Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу. 18. Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу. 19. Қолданылған құралдары, алжапқышты толығымен залалсыздандыру. 20. Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату. Ескерту. 1. Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет. 2. Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады. 3. Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады: · 1 жасқа дейін – 100 мл/кг; · 1 жастан жоғары – 1 литр/жасына АУЫЗ АРҚЫЛЫ РЕГИДРАТАЦИЯ ӨТКІЗУ АЛГОРИТМІ Мақсаты: эксикозды жою және оның қайталануының алдын алу Керекті құралдар: - глюкозо – тұзды ерітінді (регидрон, глюкосолан) - 1 литр бөлме температурасындағы қайнаған су - өлшегіш стақан - кесе және шай қасық
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. 4. Біріншілік регидратацияны өткізуге арналған ерітіндінің мөлшерін есептеу. 5. Құрғақ препараттың керекті мөлшерін анықтау және қайнаған судың қажетті мөлшерінде еріту. 6. Өлшегіш стақанмен дайын ерітіндінің есептелген мөлшерін алу және дайындалған ыдысқа құю. Балаға немесе анасына ішуге беру. 7. Ерітіндіні эксикоздың дәрежесіне байланысты шай қасықпен 4-6 сағат көлемінде балаға ішкізу. 8. Сұйықтықты жоғалтудың есебін жалғастыру. 9. 4 (немесе 6) сағаттан кейін баланың жағдайын бағалау (тері, шырышты қабаттары, еңбегі). Егер: · эксикоздың дәрежесі артса – сұйықтықты көк тамыр арқылы енгізуге көшу; · эксикоздың дәрежесі төмендесе, бірақ сақталған болса – 1 сатыны қайталау; · эксикоз жоқ болған жағдайда – қолдау сатысына көшу. 10. Қолдау сатысын құсу және нәжістің сұйылуы тоқталғанға дейін өткізу. Ескерту. 1.Ауыз арқылы регидратацияны эксикоздың 1-2 дәрежесінде өткізу. 2. 2 сатыда өткізу қажет: а) біріншілік регидратация – нақты жоғалтылған сұйықтықтың мөлшерін 4 немесе 6 сағаттың көлемінде толықтыру; б) қолдау – эксикоздың қайталануының алдын алу. 3. Глюкзо- тұзды ерітіндіні қайнатуға болмайды, 1 тәуліктен артық сақтауға болмайды. НӘРЕСТЕГЕ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ТАЗАРТҚЫШ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: нәжістің тұрып қалуы Керекті құралдар: · бөлме температурасына сәйкес суы бар ыдыс (20-220 С) · ұштығы бар резеңке баллон (№ 1-6) · вазелин майы · резеңке қолғап, алжапқыш · клеенка, жөргек · сүлгі · қолданылған заттарға арналған лоток · горшок
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. 4. Қатты тегіс жерге клеенка және жөргек төсеу. 5. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу). 6. Баллонды оң қолға алып, ауасын шығару, суды сорып алу. Судың температурасы - 20-220 С. 7. Баллоның ұштығын вазелин майымен майлау. 8. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау. 9. Баллонның ұштығын жоғары қаратып саусақтармен басу арқылы жайлап ауасын шығару (одан кейін баллонды босатпау керек). Баллонды анальді тесікке енгізіп алғашқыда кіндікке қарай, одан әрі, анальді тесіктің сфинктрінен өткеннен кейін, сегіз көзге параллель бағытында тік ішекке қарай жылжыту. 10. Баллонды жайлап қысып суды жіберу. Баллонның қысылған күйінде, ұштықты тік ішектен алу. Баллонды лотокқа, одан кейін дезерітіндіге салу. 11. Баланың жамбасын 3-5 мин қысып ұстау. Нәжіс бөлінгенге дейі баланы арқасына жатқызу, жыныс мүшелерін жөргекпен жабу. Үлкен жастағы балаларды горшокқа отырғызу. 12. Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу. 13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру. 14. Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу. 15. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру. Ескерту. Тазарту клизмасына арналған судың мөлшері баланың жасына сәйкес алынады: · нәрестелерге – 25-30 мл; · емшек жасындағы балалар – 50-150 мл; · 1-3 жас -150-250 мл
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ЖЕЛ ШЫҒАРҒЫШ ТҮТІКШЕ ҚОЮ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: тоқ ішекке ауаның жиналуы Керекті құралдар: · вазелин майы · резеңке қолғап, алжапқыш · клеенка, жөргек · сүлгі · жел шығарғыш түтікше (№1 - 6) · суы бар ыдыс.
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию. 4. Қатты тегіс жерге клеенка және жөргек төсеу. 5. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын шпательдің көмегімен вазелин майымен майлау. 6. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу). 7. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау. 8. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстау. Ақырындап, күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжыту: 1-2 см кіндікке қарай, одан әрі омыртқа жотасының бойымен 6-8 см тереңдікке. 9. Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салу. 10. Баланың ішін сағат тілінің бағыты бойынша айналдыра сипалау. 11. Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастау. 12. Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу. 13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру. 14. Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу. 15. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру. Ескерту. Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі баланың жасына байланысты болады (жаңа туған нәрестелерде 6-8 см). КОПРОГРАММАҒА НӘЖІСТІ ЖИНАУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: ащы және тоқ ішектердің қызметінің бұзылуын анықтау үшін нәжісті макроскопиялық және микроскопиялық зерттеу; асқазан асты безінің қызметін анықтау Керекті құралдар: · таза құрғақ шыны ыдыс · таза ағаш шпатель · резеңке қолғап · горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. 4. Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу. 5. Нәжісті таза шпательмен таза шыны ыдысқа салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады – 15-20 гр -1 ж бала; 100-200 гр - үлкен балада. 6. Шпательді дезерітіндіге салу. 7. Жолдама толтыру. 8. Материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу. 9. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю. 10. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. 11. Қолды жуу, кептіру.
Ескерту. Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде жиналғаннан кейін 1 сағаттың көлемінде зертханаға жеткізілу қажет. ЭНТЕРОБИОЗҒА ҚЫРЫНДЫ АЛУ АЛГОРИТМІ Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу Керекті құралдар: · 50% глицерин немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісі · таза ағаш шпатель · резеңке қолғап · заттық және жабынды шыны · крафт-қағаз, резеңке, бланк-жолдама
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. 4. Баланы бір қырына аяқтарын ішіне қарай тартып жатқызу. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.148 сек.) |