АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тесты – с одним ответом для 6 и 7 курсов электив

Читайте также:
  1. A) поднимали на белой кошме
  2. I. Интеллект и интеллектуальные тесты
  3. II.Примерная тематика курсовых работ
  4. III. Общие методические указания по выполнению курсовой работы
  5. Ащита курсового проекта
  6. В приложениях курсовой работы необходимо поместить экранные формы прикладных программ, упомянутых в тексте курсовой работы.
  7. ВИДЫ КУРСОВЫХ РАБОТ
  8. Виды технологических документов, разрабатываемых в курсовом проекте, правила их оформления.
  9. ВИМОГИ ДО КУРСОВОЇ РОБОТИ
  10. Вимоги до оформлення дипломної(бакалаврської) та курсової роботи.
  11. ВИМОГИ ДО ОФОРМЛЕННЯ КУРСОВОЇ РОБОТИ
  12. Вимоги до оформлення курсової роботи

1. Қандай гормон метаболизмінің күшеюі жүктілерде транзиторлы қантты емес диабеттің дамуына әкеледі?

* АДГ

*+Вазопрессин

* Альдостерон

* Прогестерон

* Паратгормон

 

2. Гормональді факторлардан басқа төмендегі аталғандардың қайсысы жүктіліктің екінші жартысынан бастап АТЖ кеңеюі сақталуының қосымша себебі болып табылады?

*+Жатырдың ұлғаюы

* Несепағарлардың кеңеюі

* Бүйрек өлшемдерінің ұлғаюы

* Қуықтың тонусының жоғарылауы

* Қуық көлемінің ұлғаюы

 

3. Жүктілік кезіндегі бүйрек өлшемідерінің 1,5-2 см ұлғаюы болып табылады:

* Анатомиялық

* Патологиялық

*+Физиологиялық

* Жүктілікпен байланысы жоқ

* Индивидуалдық ерекшелік болып табылады

 

4. Жүктіліктің алғашқы күнінен бастап осморегуляцияның өзгеруі мен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуінің нәтижесінде ағзада мынадай өзгерістер жүреді:

* Аппаренттік гиповолемия

* Плазма осмолярлығының жоғарылауы

* Артериалдық қысымның жоғарылауы

* Шумақтық фильтрация жылдамдығының төмендеуі

* +Натрий мен судың іркілуі және плазма осмолярлығының төмендеуі

 

5. Жүктіліктің I триместріндегі гормоналдық өзгерістер: эстроген, прогестерон мен простагландин Е2 өнімдерінің жоғарылауы мынаған ықпал етеді:

* АТЖ қысылуына

*+АТЖ кеңеюіне

* Бүйрек өлшемінің ұлғаюына

* Бүйрек өлшемінің кішіреюіне

* Қуықтың тонусының жоғарылауына

 

6. Жүктілік кезінде уродинамиканың бұзылуы тудырады:

*+Пиелонефриттің дамуын

* Гломерулонефриттің

* Зәртас ауруының пайда болуын

* Тубулоинтерстициалдық нефриттің

* Жекелеген зәрлік синдромының дамуын

 

7. Ұрықтың дамуымен байланысты жаңа жағдайлардың әсерінен жүкті әйелдің ағзасында жүреді:

* Патологиялық өзгерістер

* Зат алмасудың қалыптасуы

* Гормондардың өндірілуінің азаюы

*+Адаптациялық-қорғаныстық өзгерістер

* Плазмадағы арнайы белоктардың деңгейінің азаюы

 

8. Гиперволемияға қарамастан жүктілерде АҚ жоғарылап қана қоймай, жүктіліктің I триместрінде керісінше төмендейді, ол мынаның синтезінің жоғарылауына байланысты:

* Альдостеронның

* Атриопептидтің

* Ангиотензиннің

*+Простациклиннің

* Антидиуретикалық гормонның

 

9. Жүктіліктің I-II триместрлерінде бүйректің қан айналым жылдамдығыының өсу пайызын көрсетіңіз:

* 0-10%-ға

* 20-30%-ға

* 40-50%-ға

*+50-80%-ға

* 100-120%-ға

 

10. Жүктіліктің ерте мерзімдерінде әйелдерде шумақтық фильтрация жылдамдығының (мл/мин) қалыпты мәні:

* 10-20

* 40-50

* 90-120

*+120-150

* 200-300

 

11. Жүкті әйелдерде шумақтық фильтрация жылдамдығының 50%-ға жоғарылауы байқалады:

* 2-ші аптада

* 4-ші аптада

* 6-шы аптада

* 8-шы аптада

*+10-шы аптада

 

12. Бүйрек аурулары бар жүкті әйелдердің диурезін бақылау үшін өткізіледі:

* Зәр түсін бағалау

* Зимницкий сынамасы

* Тәуліктік протеинурияны есептеу

* Зәр шығару ритмін бағалау

*+Қабылдаған және шығарылған сұйықтықты күнделікті есептеу

 

13. Дені сау жүкті әйелдерде простагландин және прогестеронның әсерінен натрий мен судың іркілуі арқылы вазодилятацияға жауап ретінде қантамыр арнасы ұлғайып, ҚАК (ОЦК) жоғарылауы байқалады. Нәтижесінде пайда болатын феномен:

*+Гиперволемиялық гемодилюция

* Гиповолемиялық гемодилюции

* Нормоволемиялық гемодилюции

* Олигоцитемиялық гиперволемия

* Олигоцитомиялық шиповолемия

 

14. Жүктілік кезеңдеріне тән ЕМЕС өзгерістер:

* Артериялық қысымның төмендеуі

* Шамалы протеинурияның көрінуі

* Шумақты фильтрацияның жоғарылауы

*+Бүйректің концентрациялық қызметінің жоғарылауы

* Сұйықтықтар іркілуіне, кезеңдік ісінулерге бейімділік

 

15.Жүктілік кезіндегі су-тұз балансының айтарлықтай өзгеруі ненің нәтижесінде физиологиялық ісінудің дамуына әкеледі:

* Жалпы сұйықтық көлемінің азаюы

* Тіндер гидрофильдігінің азаюы

* Сарысу осмолярлығының жоғарылауы

*+Минералокортикоидтар гиперпродукциясы

* Тамырішілік қан көлемінің азаюынан

 

16.Сүзілу процесі жүреді:

*+Шумақта

* Генле ілмегінде

* Дисталды түтікшелерде

* Жинағыш түтіктерде

* Проксималды түтікшелерде

 

17.Жүктілер ағзасында шамамен қанша мөлшерде сұйықтық іркіледі, литрмен есептегенде?

* 1-2

* 2-4

* 4-6

*+6-8

* 8-10

 

18.Жүктілік кезінде қуықтың қызметінің бұзылысы немен түсіндіріледі?

* АТЖ қысылуымен

*+Жатырдың қанмен толуымен

* Несепағардың гипертонусымен

* Қабыну процесінің болуымен

* Қуықтың сиымдылығының азаюымен

 

19.Дені сау жүкті әйел тәулігіне шамамен қанша мөлшерде сұйықтық шығаратынын көрсетіңіз (мл зәр):

* 400-800

* 800-1200

*+1200-1600

* 1600-2000

* 2000-3000

 

20.Төмендегі аталғандардан жүктілік кезеңіне тән бүйректің құрылымдық өзгерісін көрсетініз:

* Әкелуші және әкетуші артериолалардың тарылуы

*+Әкелуші және әкетуші артериолалардың кеңеюі

* Әкелуші артериоланың тарылуы және әкетуші артериоланың кеңеюі

* Әкелуші артериоланың кеңеюі және әкетуші артериоланың тарылуы

* Әкетуші артериоланың өзгерісінсіз, әкелуші артериоланың кеңеюі

 

21. Жүктілерде физиологиялық ісінулердің пайда болуының себебін көрсетіңіз:

* Су мен белокты жоғалту

* Натрий мен суды жоғалту

* Су мен белоктың іркілуі

*+Натрий мен судың іркілуі

* Натрий мен калийдің іркілуі

 

22.Жүктілерде натрий иондары мен судың іркілуі нәтижесінде қанның сұйылу феномені дамиды. Оны гематокриттің қаншалықты төмендеуіне негізделіп анықтаймыз:

* 27-28%

* 29-30%

* 31-32%

* 32-34%

*+35-36%

 

23.Жүкті әйелдердің несеп талдауында 0,3 г/л белоктың көрінуі төменде көрсетілген жағдайлардың көрінісі болуы мүмкін, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ:

*+Қалыпты жағдай

* Гестоздың

* Нефропатияның

* Преэклампсияның

* Гломерулонефриттің

 

24.Аталған гормондардың қайсысының әсерінен жүктілерде қуық бұлшықетінің тонусы төмендейді?

* АДГ

* Рениннің

* Альдостеронның

* Ангиотензинның

*+Прогестеронның

ГН

25. 19 жастағы науқас жүкті әйел. Жүктілік мерзімі 21 апта. Клиникаға ісінуге, бас ауруына, зәр түсінің өзгерісіне шағымданумен түсті. Тексеру кезінде: беттегі, аяқтарындағы ісіну, АҚ 160/90 мм с.б. Зәр анализінде белок 2,0 г/л, эритроциттер – көру аймағында тұтасымен.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Пиелонефрит

* Бүйрек туберкулезі

*+Гломерулонефрит

* Зәртас ауруы

* Интерстициалдық нефрит

 

26.Емделуші 20 жаста, жүктілік 8 апта. Айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде зәр шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., зәрі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л. ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, меншікті салмағы – 1025. Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Нефритикалық синдром

*+Нефротикалық синдром

* Нефро-нефритикалық синдром

* Тубулоинтерстициалдық нефрит

* Жекелеген несептік синдром

 

27.Емделуші 20 жаста, жүктілік 36 апта. Айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде зәр шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., зәрі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л. ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, меншікті салмағы – 1025. Бұл науқаста төмендегі аталған жүктілік асқынуларының қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Гестоз

* Токсикоз

* Анасарка

*+Мерзімінен бұрын босану

* Артериялық гипертензия

 

28. Емделуші 18 жаста, жүктілік 10 апта. Жедел постстрептококкты гломерулонефритпен ауырады. Қандай клиникалық симптомдар және зертханалық көрсеткіштер НЕҒҰРЛЫМ тән болып табылады:

* Дизурия және гематурия

* Протеинурия және массивті ісінулер

* Артериялық гипертензия және гематурия

* Рецидивті ағымы және лейкоцитурия

*+Гематурия, АСЛО+, С3 азайған, циклды ағымы

 

29. Нефритикалық синдроммен жедел гломерулонефритті емдеуді бастау керек:

* Преднизолонмен монотерапиядан

* Преднизолон мен гепаринді бірлестіріп емдеуден

* Плазма, дезинтоксикациялық терапиядан

* Преднизолонды цитостатикпен қосарластырудан

*+Тұзсыз емдәмнен, симптоматикалық терапиядан

 

30. Жүктілік нефропатиясының қандай асқынуы тырысу синдромымен қосарласып жүреді:

*+Эклампсия

* Преэклампсия

* ҚТШҰ-синдром

* Созылмалы гипертензия

* Бүйректің жедел зақымдалуы

 

31. Нефротикалық синдром кезінде тәуліктік зәрдегі протеинурия құрайды:

* 0,5 гр. артық

* 1,0 гр. артық

* 1,5 гр. артық

* 2,0 гр. артық

*+3,5 гр артық

 

32. 19 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 31-32 апта. Таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, ЖРВИ нан кейін бір апта бойы дене қызуының 37,5 0С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: соңғы апта бойына 1 кг нан астам салмақ қосуы, бетінің ісінуі, тобықтарының ісіңкі болуы байқалады; АҚҚ – 160/110 мм сбб. Қанында: гемоглобин-102 г/л. Несеп талдауында: эритроциттер – жаппай к/а, белок–2,5 г/л.

Жүктілікті әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

* Гемодиализ жүргізу

* Плазмаферез жүргізу

* Фозиноприл тағайындау

* Циклоспорин тағайындау

*+Режим, диета, симптоматикалық ем

 

33. 20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін болуына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті зәрдің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – бірден оң нәтиже берді.

Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

* Жүктілікті сақтауға қатысты қолайлы

* Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі болуы мүмкін

*+Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі

* Ауыр нефропатия дамуының жоғарғы қаупі

* 20-22 аптаға дейін анықталмаған жүктілік

 

34.Жүктілік мерзімі 20 апталық 34 жастағы жүкті әйелде нефротикалық синдроммен, мембраноздық нефропатия диагнозы қойылды. ЕҢ ықтимал асқынуы қандай?

* Ремиссияның болмауы

* Спонтандық ремиссия

*+Бүйрек веналарының тромбозы

* Артериалдық гипертензия

* Тубулоинтерстициалдық нефрит

 

35. Жүктіліктің 15-16 аптасындағы 23 лет жүкті әйел бетіндегі, аяқтарындағы, бел аймағындағы айқын ісінулерге, АҚҚ 185/115 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданды. Бұл шағымдары баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң көріне бастады. Ауру басталғаннан кейін 3 күн өткен соң ентігу, көпіршікті қақырықпен жөтел, жүректің соғуы, бас ауруы пайда болды. Аускультацияда өкпеде – көптеген ұсақкөпіршікті сырылдар. ЭКГ-да – жүректің оң жақ бөліміндегі систолалық жүктеме белгілері. Несеп талдауында: эритроциттер жасппай, белок – 4,2 г/л, гиалинді цилиндрлер.

Бұл көріністер ЕҢ мүмкін болатын қандай асқынуларды көрсетеді?

*+Жедел сол қарыншалы жеткіліксіздікті

* Жедел тыныс жеткіліксіздігі

* Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

* Пневмонияның қосарласуы

* Жедел дистресс-синдромы

 

36.Жүкті әйел 36 апта. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісіктер пайда болуына, зәрдің түсінің ет түсіндей өзгеруіне, АҚ жоғарылауына байланысты қаралды. Қарау кезінде жағдайы ауыр, анасаркаға дейін ісіну, АҚ 160/100 мм с.б., макрогематурия. Зертханалық: жалпы белок 40 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШФЖ=53 мл/мин. ЖЗА-де белок 6 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр жаппай к.а. Динамикада ісінуі ұлғая түсті, АҚ 200/120 мм с.б. дейін жоғарылауы байқалды. Анализдерінде: креатинин 280 мкмоль/л-ге, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін жоғарылады.

Төмендегі аталған жағдайлардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып келеді?

* Жүктілер нефропатиясы

*+Нефриттің үдеуі

* Гипертониялық нефропатия

* Нефриттің сипатты ағымы

* Жедел бүйрек жетіспеушілігі

 

37.Жүкті әйел 36 апта. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісіктер пайда болуына, зәрдің түсінің ет түсіндей өзгеруіне, АҚ жоғарылауына байланысты қаралды. Қарау кезінде жағдайы ауыр, анасаркаға дейін ісіну, АҚ 160/100 мм с.б., макрогематурия. Зертханалық: жалпы белок 40 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШФЖ=53 мл/мин. ЖЗА-де белок 6 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр жаппай к.а. Динамикада ісінуі ұлғая түсті, АҚ 200/120 мм с.б. дейін жоғарылауы байқалды. Анализдерінде: креатинин 280 мкмоль/л-ге, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін жоғарылады. ШФЖ=28 мл/мин. ЕҢ тиімді емдеу тактикасын атаңыз:

* Диуретиктерді тағайындау

* Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

* Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

* Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

 

38.Келесі ауру жүктілікті сақтау үшін қарсы көрсеткіш болып табылады:

* Нефритикалық синдром

* Созылмалы гломерулонефрит

* Жекеленген зәрлік синдром

* Постстрептококкты гломерулонефрит

*+ Тез үдейтін гломерулонефрит

 

39. 22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң. ЕҢ мүмкін болатын жүктілікке қатысты болжам қайсы?

*+Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

* Жүктілік өздігінен үзілуі мүмкін

* Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі мүмкін

* Жүктілер нефропатиясы дамуының жоғары қаупі

* Ауыр токсикоз дамуының жоғары қаупі

 

40.Жүктіліктің екінші жартысында алғаш рет байқалған артериалдық қысымның жоғарылауы:

* Созылмалы гломерулонефрит фонындағы АГ

* Эклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ

*+Жүктілікпен индуцирленген гипертензия

* Преэклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ

* Жүктіліктен бұрын болған созылмалы АГ

 

41.Глюкокортикостероидтардың жоғарғы дозасының ұрыққа жанама әсерін көрсетіңіз:

* Азқазан ойық жарасы

* Гипокалиемия

* Остеодистрофия

* Гиперкортицизм

*+Ұрықтың құрсақішілік өлуі

 

42.Гломерулонефрит асқынған жүкті әйелдерді жүргізу мен емдеу тактикасын көрсетіңіз:

* Амбулаторлық ем

* Госпитализация тек азотемия кезінде

* Госпитализация тек АГ болғанда

*+Госпитализация жүктіліктің ерте сатысында

* Госпитализация тек жүктіліктің үзілу қаупі болғанда

 

43.Гломерулонефриттің қандай вариантына бүйрек функциясының қайтымсыз бұзылыстары мен артериалды гипертензияның дамуының жоғары ықтималдылығы тән:

* Ig-нефропатия

* Мембранозды

* Мембранопролиферативті

* Минималді өзгерістермен

*+Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз

 

44. Мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткішті көрсетіңіз:

* Ремиссия сатысындағы созылмалы гломерулонефрит

* Өршу сатысындағы жекелеген зәрлік синдром

* Ремиссия сатысындағы созылмалы нефритикалық синдром

*+ Бүйрек функциясының төмендеуімен нефриттің тез үдеуі

* Ремиссия сатысындағы созылмалы тубулоинтерстициалдық нефрит

 

45. Нефротикалық синдром кезіндегі ісіну байланысты:

* Тұз қабылдаумен

* Белоктарды қабылдаумен

* Бауырда белок синтезінің төмендеуімен

* Бауырда холестерин синтезінің төмендеуімен

*+Қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен

 

46. Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелдегі люпус-нефритке тән симптомдар жиынтығын көрсетіңіз:

* Нефриттік синдром, гиперкреатинемия, гематурия

* Протеинурия және гематурия түрінде оқшауланған зәр синдромы

* Нефротикалық синдром, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия

* Нефриттік синдром, артериалды гипертензия, олигурия, азотемия

*+ Жедел нефриттік синдром, гипокомплементемия, ДНҚ-ға антиденелер титрі

 

47. Бүйрек патологиясы кезінде артериалдық гипертензияның дамуының патогенетикалық тізбегі болып табылады:

* Фильтрациялық қызметінің бұзылысы

* Концентрациялық қызметінің бұзылысы

* Симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігі

* Бас миының қантамырлық орталығының белсенуі

*+Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

 

48.Әйел 20 жаста. Жүктілік 26 апта. Зәр анализіндегі өзгерістерге шағымданды. Анамнезінен: науқас созылмалы гломерулонефрит диагнозымен нефрологта бақыланады, бұрындарда иммуносупрессивті терапия алған. Қарау кезінде ісіктер жок, АҚ 120/80 мм с.б. ЖЗА-де: белок 0,03 г/л, Ле 5-6 к/а., Эр 2-3 к/а. Аталған емдеу тактикасының қайсысы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*+Бақылау

* Диуретиктер тағайындау

* Цитостатиктер тағайындау

* Жүктілікті үзу

* Преднизолон тағайындау

 

49. Әйел 22 жаста, ЖҚЖ-нефритпен зардап шегеді. Жүктілік кезінде антицитоплазматикалық антиденелердің анықталуымен аурудың өршуі орын алды. Аталған асқынулардың қайсысы ұрық үшін ЕҢ ықтимал болуы мүмкін, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ?

* Түсіктер

* Неонатальді ЖҚЖ

* Ұрық дамуының кідірісі

*+Ұрықтың қалыпты дамуы

* Ұрықтың құрсақішілік өлімі

50. 19 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта, созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром және артериалды гипертензиямен (АҚҚ 150-170/100-110 мм сбб) ауырады, 2 апта ішінде протеинурия мен креатинин деңгейінің жоғарылауы байқалды.

Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

* Гемодиализ жүргізу

* Преднизолон тағайындау

*+Жүктілікті үзу

* Циклоспорин Атағайындау

* Метилпреднизолонмен пульс-терапия жүргізу

 

51.Қант диабеті кезінде ұрық пен ана үшін ЕҢ қауіпті жағымсыз нәтижені көрсетіңіз:

* Пиелонефрит және түсініктер

* Диабеттік нефропатия және құрсақішілік дамудың кідіруі

* Бүйрек қызметі сақталған және уақытынан асып туылу

*+Преэклампсия және ұрықтың құрсақішілік өлімі

* Симптомсыз бактериурия және шала туылу

 

52. Босануға дейінгі бөлімшеге 25 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: шөлдеу, ентігу, аяқтарының ісінуі, жиі зәр бөлу. Анамнезінде: қызылша, баспа, тұмаумен ауырған. Қант диабетіне байланысты 4 жыл эндокринологта есепте тұрады. Күнделікті инсулин қолданады. Бірінші жүктілік, 35 апта.

Қарағанда: бойы 165 см, салмағы 92 кг. Аяғында, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісіну анықталады. АҚҚ 120/80, 115/70 мм рт. ст. Анализдерінде: креатинин 70 мкмоль/л, зәрінде: 1012, белок 0,66 г/л, Ле 10-12 к.а., эр 5-6 к.а. ЕҢ тиімді жүргізу тактикасын таңдаңыз?

* Босандыру үшін ауруханаға жатқызу

* Амбулаторлы жағдайда бақылау

* Зәрде кетонды денелер деңгейін анықтау

* Амбулаторлы жағдайда инсулин мөлшерін коррекциялау

*+Ауруханаға жатқызу, 37 апта толғанда босандыру

 

53.Жүктілерде нефротикалық синдроммен дамыған созылмалы гломерулонефрит және артериялық гипертензияның еміне барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*+Белокты шектеу

* Жоғалған белок орнын толтыру

* Ерте босандыру

* Гиперкоагуляцияның алдын алу

* Артериальді гипертензияның алдын алу

 

54.Қант диабеті бар жүкті әйелде қандай көріністің болуы аурудың болжамын нашарлатады?

* Анемия

* Ретинопатия

* Микрогематурия

*+Артериалды гипертензия

* Болмашы протеинурия

 

55. Жүктіліктің 31-32 аптасындағы 19 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін таңертеңгі уақытта бетінің ісінуіне, белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 37,50С дейін жоғарылауына шағымданды. Қарағанда: соңғы аптада 1 кг салмақ қосқан, беті, балтыры ісіңкі, АҚҚ – 90/60 мм с.б. Зертханалық: ж. белок 34 г/л, альбумин 18 г/л, креатинин 90 мкмоль/л, холестерин 9,9 ммоль/л. ЖЗА: белок 3,6 г/л, Ле 2-4 к/а, Эр 0-2 к/а.

Қандай ары қарайғы жүргізу тактикасы коллаптоидтық жағдай және тромбоэмболиялық асқынулардың дамуын күшейтіп жіберді?

*+Диуретик тағайындау

* Преднизолон тағайындау

*жоғалған белок орнын толтыру

* Антикоагулянттар тағайындау

* Тұзды шектен тыс қабылдау

 

56.Босануға дейінгі бөлімшеде 24 жасар науқас түсті. Үшінші жүктілік, 29 апта. Анамнезінде 34 аптада мерзімінен бұрын босану болған, жүктілік кезінде және босанғанда АҚҚ жоғары болған. Осы жүктілікте 21-23 апта мерзімінен бастап аяғы ісінген, зәрінде белок пайда болып, АҚҚ жоғарылаған. Амбулаторлы ем қабылдаған. Жәншау (скарлатина), қызылша, жиі баспамен ауырған. АҚҚ 150/90, 160/100 мм рт. ст. Қарағанда: ЖЗА: белок 2,05 г/л, қант теріс, микроскопияда: лейкоциттер 6-8 к.а., эритроциттер 10 к.а., гиалинді және дәнді цилиндрлер, бүйрек эпителиінің жасушалары.

Болжамды диагнозыңыз қандай?

*+Нефритикалық синдром

* Нефротикалық синдром

* Нефро-нефритикалық синдром

* Жекелеген зәрлік синдром

* Тез үдемелі гломерулонефрит

 

57. 27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

* Плазмаферез жүргізу

*+Преднизолон тағайындау

* Циклоспорин тағайындау

* Босандыру

* Диклофенак натрий тағайындау

 

58. 22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, зәрінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

* Моноприл тағайындау

* Гемосорбция жүргізу

* Преднизолон тағайындау

* Циклоспорин тағайындау

*+Босандыру

 

59.Дәрілік препараттар ұрыққа жүктіліктің барлық ағымында әсер етеді, бірақ олардың кері әсері мынаған байланысты:

* Аз сулылыққа

* Көп сулылыққа

* Босану санына

* +Жүктілік мерзіміне

* Жүктілік санына

 

60.Дәрілік терапия өткізу кезінде ұрық үшін жүктілік апталарының ең қауіптісін көрсетіңіз:

* 1-3 апталар

* +3-10 апталар

* 10-20 апталар

* 20-30 апталар

* 30-40 апталар

 

61. Жүкті әйел 23 жаста, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен бақылауда болған. Жүктіліктің 1-ші жартысында АҚҚ қалыпты болған, ЖЗА-де белок – 0,1-іздері. Қарау кезінде ісінулер байқалады, АҚ 160/100 мм с.б., Биохимилық қан анализінде: жалпы белок 60 г/л, креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 8 ммоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л. ЖЗА-де белок 3 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр 15-20 к.а.

Болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

* Жүктілер нефропатиясы

* Гипертониялық нефропатия

* Нефриттің сипатты ағымы

* Бүйректің жедел зақымдалуы

*+Созылмалы гломерулонефрит фонындағы преэклампсия

 

62. Жүкті әйел 23 жаста, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен бақылауда болған. Жүктіліктің 1-ші жартысында АҚҚ қалыпты болған, ЖЗА-де белок – 0,1-іздері. Қарау кезінде ісінулер байқалады, АҚ 160/100 мм с.б., Биохимилық қан анализінде: жалпы белок 60 г/л, креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 8 ммоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л. ЖЗА-де белок 2,5 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр 15-20 к.а.

ЕҢ тиімді емдеу тактикасын атаңыз:

* Диуретиктерді тағайындау

* Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

* Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

* Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

 

63.Ұрықта дәрілік заттарды залалсыздандыруды қамтамасыз етеді:

* Тері

* Бүйректер

* Бауыр

* Өкпе

*+Плацента

 

64.Дәрілік заттардың ұрыққа тератогенді әсері, бұл:

* Ұрыққа әсерінің болмауы

*+Ұрықтың даму ақауларын шақырады

* Ұрықтың қалыпты дамуын қамтамасыз етеді

* Ұрықтың жекелеген жасушалық жүйелерінің бұзылысы

* Эмбрионның жекелеген жасушалық жүйелерінің бұзылысы

 

65.Жүктіліктің барлық мерзімінде қай топтың антибактериалдық препараттарын қолдануға қарсы көрсетілген:

* Макролидтер

* Нитрофурандар

* Пенициллиндер

*+Фторхиналондер

* Цефалоспориндер

 

66.Аминогликозидтерді тағайындау кезінде ұрықта есту ағзаларының зақымдалуы бойынша жүктіліктің қай айлары ЕҢ қауіпті болып табылады?

* 0-1

* 1-3

*+3-5

* 6-7

* 8-9

 

67.Жүктіліктің III триместрінде сульфаниламидтерді қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады, өйткені ұрықта даму қаупін күшейтеді:

* ҚІДК

*+Ядролық сарғаюдың

* Гемолитикалық анемияның

* Бүйрек жағынан даму ақауларының

* Бауыр жағынан даму ақауларының

 

68.Жүктілерде диуретиктерді қолдану мынаның туындауына әкеледі:

* ҚІДК

* Шала туылу

* Гемолитикалық анемия

*+Гемодинамикалық бұзылыстар

* Даму ақауларының қалыптасуы

 

69.Дәрілік заттардың ұрыққа эмбрио- және фетотоксикалық әсерлері, бұл:

* Ұрыққа жарым-жартылай әсері

* Ұрыққа әсері жоқ

* Ұрықтың даму ақауларын шақырады

* Ұрықтың қалыпты дамуына мүмкіншілік жасайды

*+Ұрық пен эмбрионның жекелеген жасушалық жүйелерінің бұзылысы

 

70. Жүктілерде артериалдық гипертония деп саналады, АҚ деңгейі төмендегі көрсеткішке тең және одан жоғары болғанда:

* 120/70 мм с.б.

* 130/80 мм с.б.

* 135/85 мм с.б.

*+140/90 мм с.б.

* 150/95 мм с.б.

 

71. Артериалдық гипертензиясы бар жүктілерде қандай антигипертензивті препарат бірінші таңдаудағы препарат болып табылады?

* Диуретиктер

* ААФ ингибиторлары

* Кальций каналдарының тежегіштері

* Ангиотензин II рецепторларының тежегіштері

*+a-2 адренергиялық рецепторлардың тежегіштері

 

72. Жүкті әйел 23 жаста, жүктілігі 21 апта. АҚ 130/90 мм с.б дейін жоғарылауына шағымданумен қаралды. Бұрындарда АҚ 120/80 мм с.б болған. Қарау кезінде АҚ 125/80 мм с.б, ісінулер жоқ. Анализдер патологиялық өзгеріссіз.

Бұл жағдайда АҚ жоғарылауы немен байланысты?

*+Адаптивті реакциямен

* Эклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ-мен

* Преэклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ -мен

* Жүктіліктің алдында болған созылмалы АГ-мен

* Жүктілікпен индуцирленген преэклампсия немесе гипертензиямен

 

73.Жүкті әйел 23 жаста, жүктілігі 21 апта. АҚ 130/80 мм с.б дейін жоғарылауына шағымданумен қаралды. Бұрындарда АҚ 120/80 мм с.б болған. Анализдері патологиялық өзгерістерсіз.

Аталған тактикалардың қайсысы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*+Бақылау

* Тұзды шектеу

* Сұйықтықты шектеу

* Физикалық жүктемені шектеу

* Антигипертензивті препараттарды тағайындау

 

74. Анамнезінде қайталамалы түсіктері бар әйелдерге қандай зерттеу жүргізу қажет?

* HLA-типтеу

* Липидті профиль

* Гликемиялық профиль

*+Антифосфолипидті АД

* Қан және зәрдегі электролиттер

 

75.Жүктілерде бүйректің барлық созылмалы аурулары кезіндегі маңызды болжаушы фактор:

* Ісінулер

* Hb деңгейі

*+АҚ деңгейі

* Бүйректің анатомдық-физиологиялық өзгерістері

* Зәр жүйесінің инфекциясы

 

76. Төмендегі аталғандардың қайсысы жүкті әйелдерде гипертониялық криз кезінде ЕҢ мүмкін болатын асқыну болып табылады?

* Тырысулар

* Вегетотамырлық дистония

* Нейроциркуляторлық дистония

* Гипертониялық энцефа­лопатия

*+Ми қан айналымының жедел бұзылысы

 

77. FDA жіктелуіне сәйкес метилдопа ұрыққа қауіптілігі бойынша қай классқа жатады:

* A

*+B

* C

* D

* X

 

78. FDA жіктелуіне сәйкес кальций антагонистері ұрыққа қауіптілігі бойынша қай классқа жатады:

* A

* B

*+C

* D

* X

79. Әйел 26 жаста, жүктілігі 24 апта. Гипертониялық ауруға байланысты есепте тұрады. Қарау кезінде шамалы айқындалған ісіну бар, АҚ 160/90 мм с.б. ЖЗА –де белок 0,33 г/л, Ле 10 к.а, Эр 2-3 к.а.

Бұл әйелде төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының даму мүмкіндігі ЖОҒАРЫ?

*+Созылмалы артериялық гипертензия фонындағы преэклампсия

* Гипертониялық нефропатия

* Жүрек жетіспеушілігі

* Бүйрек жетіспеушілігі

* Гломерулонефрит

 

80. Туу кезінде балада гипоксия анықталды. Анасында жүктілік артериалдық гипертензия фонында өтті. Төменде көрсетілген өзгерістердің қайсысы нәресте гипоксиясының негізінде жатыр:

* Анемия

* Гемолиз

* Іріңді инфекция

*+Оттегі жетіспеушілігі

* Ана мен баланың қандарының сәйкессіздігі

 

81. Жүктілік қалыпты өтіп жатқан жағдайда систоликалық және диастоликалық АҚ I триместрлерде 5-15 мм с.б-на төмендейді. Осы өзгерістердің себебін көрсетіңіз:

* Жүктілер анемиясының болуы

* Гормондардың қантамырларды тарылту әсері

* Патологиялық гиповолемияның болуы

* Әйелдің психоэмоционалдық жағдайы

*+Плацентарлық қанайналымның қалыптасуы

 

82. Науқас 22 жаста, жүктілік 36 апта. Бас ауруына, әлсіздік, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. АГ жоғарылауы, АҚҚ 140/90 мм с.б. Жүктілікке дейін және жүктіліктің алғашқы жартысында АҚҚ 110-120/80 мм с.б. болған. Зәрі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 7х109, ТК – 0,9, Нв – 115 г/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 64 г/л. ЖЗА: белок – теріс, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыстырмалы тығ – 1025. Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

* БЖЗ

* Преэклампсия

* НЕLLР-синдром

* Созылмалы гипертензия

*+Гестациялық гипертония

 

83. Әйел 26 жаста, жүктілігі 24 апта. Гипертониялық ауруға байланысты есепте тұрады. Қарау кезінде шамалы айқындалған ісіну бар, АҚ 150/80 мм с.б. ЖЗА –де белок 0,33 г/л, Ле 10 к.а, Эр 2-3 к.а.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының әйелде даму мүмкіндігі ЖОҒАРЫ?

*+Гестоз

* Гломерулонефрит

* Бүйрек жетіспеушілігі

* Жүрек жетіспеушілігі

* Вегетотамырлық дистония

 

84. Жүкті әйелдерде антигипертензивті мақсатпен гипотиазидті тағайындағанда ЕҢ жиі туындайтын өзгерістер?

* Тератогендік әсер көрсетеді

* Тахикардия шақырады және күшейтеді

* Эмбрио- и фетотоксикалық әсер көрсетеді

*+Жалпы қан айналымының төмендеуі және гипокалиемия дамуы мүмкін

* Плацентарлық қанайналымның төмендеуіне ықпал етуі мүмкін

 

85. Ұрықтың жүйке жүйесіндегі допамин құрамына әсер етуі мүмкіндігін ескере отырып жүктіліктің қай мерзімінде допегитті қолдануға ұсыныс бермейді?

* 1-8 апталарда

* 8-16 апталарда

*+16-20 апталарда

* 20-26 апталарда

* 26-32 апатларда

 

86. Жүктілік кезінде ангиотензинайналдырушы фермент ингибиторларын қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады, өйткені бұл препараттар шақырады:

* ҚІДК

* Көпсулылықты

* Шала туылуды

* Өкпе ателектазын

*+Ұрықтың құрсақішілік өлімін

 

87. Жүктілерде артиериалдық гипертензияны емдеуде b-блокаторларды қолдану ұрықта шақырады:

*+ҚІДК

* Сарғаюды

* Гемолитикалық анемияны

* Бүйрек өзекшелерінің дисплазиясын

* Ұрықтың құрсақішілік өлімін

 

88. Анасы жүктілік уақытында b-блокаторларды қолданғанда дамитын нәрестедегі асқынуды көрсетіңіз:

* Сарғыштық

* Цитопения

* Тахикардия

* Гемолитикалық анемия

*+Респираторлық депрессия

 

89. Артериалық гипертензиясы бар жүктілерге төмендегі аталған препараттардың қайсысы МЕЙІЛІНШЕ көрсетілген:

*+Метилдопа

* Каптоприл

* Фуросемид

* Вальсартан

* Амлодипин

 

90. Жүктілерде артериалдық гипертензияны коррекциялау үшін ургентті жағдайларда таңдалған препарат болып табылады, к/т:

* Клофелин 5-10 мг

* Нитропруссид 5-10 мг

* Эналоприл в/в 5-10 мг

*+Гидралазин по 5-10 мг

* Магний сульфаты 5-10 мг

 

91. Жүктілерде зәр шығару жолдарының инфекциясына күмән туғанда жалпы зәр анализімен қатар, міндетті түрде жасалатын зерттеу түрін көрсетіңіз:

* Амбурже сынамасы

* Зимницкий сынамасы

* Нечипоренко сынамасы

* Адисс-Каковский сынамасы

*+Флораға сезімталдығын анықтай отырып зәрді бактериологиялық егу

 

92. Зәрмен шартты-патогенді флора қанша мөлшерде бөлінгенде (1 мл зәрдегі микробтық денелер) шынайы бактериурия деп саналады:

* 1000

* 5.000

* 10.000

*+100.000

* 1000.000

 

93. Қыз 18 жаста. 1 жүктілік, 16 апта. Клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Төмендегі аталғандардан ЕҢ мүмкін болатын болжам диагноз қайсы?

* Цистит

* Уретрит

* Бүйрек карбукулы

*+Жедел пиелонефрит

* Симптомсыз бактериурия

 

94. Қыз 18 жаста. 1 жүктілік, 16 апта. Клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Аталған препараттардың қайсысы ЕҢ қолайлы болып табылады?

* Бисептол

*+Амоксиклав

* Офлоксацин

* Гентамицин

* Нитрофурантоин

 

95. Қыз 18 жаста. 1 жүктілік, 16 апта. Клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Өткізілген антибактериалды терапия фонында оң динамика байқалды: жалпы жағдайы жақсарып, зәрі санацияланды. Алдын алу үшін қандай препарат МЕЙЛІНШЕ қолайлы болып табылады?

* Гентамицин

* Амоксиклав

* Офлоксацин

* Ко-тримоксазол

*+Нитрофурантоин

 

96. Гинекологиялық бөлімше жағдайында зәрді флораға бактериологиялық себу үшін материалды жинау келесі әдіспен өткізіледі:

* Тәуліктік зәрден

* Зәрдің кез-келген сынамасынан

* Қуықты пункция жасау кезінде

* Қуықты катетеризациялау кезінде

*+Залалсыздандырылған ыдысқа зәрдің ортаңғы ағысынан

 

97. Қалыптыда зәрдің жалпы анализінде лейкоциттердің саны көру аймағында мынадан артық емес:

* 0

* 1-2

*+5-7

* 20-30

* 10-15

 

98. 25 жастағы жүкті әйел, 2 жүктілік, 24 апта. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, зәрінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – жаппай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ бірінші жасау керек?

* Бүйрек биопсиясы

* Цистография, бүйрек УДЗ-і

* Цистоскопия, бүйрек УДЗ

*+Зәрді бактериологиялық егу, бүйрек УДЗ

* Экскреторлық урография тұрып жасалынған

 

99. Әйел 25 жаста, жүктілік 13 апта. Шағымдары: жиі ауру сезімімен зәр шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күн бойы мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚА ерекшеліксіз, ЖЗА-де – Ле 20-30 к/а, бактериялар +++. Аталғандардан ЕҢ мүмкін болатын болжам диагноз қайсы?

*+Цистит

* Жедел пиелонефрит

* Зәртас ауруы

* Симптомсыз бактериурия

* Тубулоинтерстициалдық нефрит

 

100. Әйел 25 жаста, жүктілік 13 апта. Шағымдары: жиі ауру сезімімен зәр шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күн бойы мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚА ерекшеліксіз, ЖЗА-де – Ле 20-30 к/а, бактериялар +++.

Жүктілерде негізгі емдеу курсы қанша күнді құрайды:

* 1-3

* 5-7

*+7-10

* 10-14

* 14-20

 

101. Жүктілерде ауруханадан тыс зәр шығару жолдарынының инфекциясының ЕҢ жиі қоздырғышы болып табылады:

*+E. Coli

* Proteus

* Citrobacter

* Ps. aerouginosa

* Staphylococcus

 

102. Жүктілерде зәр шығару жолдарынының инфекциясын емдеу үшін антибактериалды заттарды таңдау тәуелді:

* Бактериурия дәрежесіне

* Лейкоцитурия дәрежесіне

*+Микроорганизм сезімталдығына

* Зәр жолдарының обструкциясының болуына

* Зәр жолдарының обструкциясының жоқтығына

 

103. Зәр шығару жолдарының асқынбаған инфекциясында Ішек таяқшасы келесідегідей жиілікпен кездеседі:

* 30%

* 60 %

* 50 %

* 3-5 %

*+80%

 

104. Жүктіліктің 13 аптасынан кейін жүктілерде зәр шығару жолдарынының инфекциясының алдын алуда нитрофурандардың дозасы беріледі:

* Күндіз

* Таңертең

*+Түнге қарай

* Тәулік бойы

* Тәулік уақытына байланыссыз

 

105. Төмендегі аталған зерттеу әдістерінің қайсысы бүйрек паренхимасындағы кистоздық түзілістерді анықтауға мүмкіндік береді?

* Цистоуpетpогpафия

* Венаішілік уpогpафия

* Pетpогpадтық пиелогpафия

*+Ультpадыбыстық зерттеу

* Іш қуысының рентгенографиясы

 

106. «Асимптоматикалық бактериурия» диагнозы қашан қойылады?

* Тек лейкоцитурия болғанда

* Клиникасыз гематурия және бактериурия 103 болғанда

*+Басқа клиникасыз бактериурия 105 м.д/мл болғанда

* Басқа клиникасыз бактериурия 102 м.д/мл болғанда

* Басқа клиникасыз бактериурия 105 м.д/мл және лейкоцитурия болғанда

 

107. Зәр шығару жолдарының «эмпирикалық антибиотикотерапиясы» терминіне сәйкес анықтама қандай?

* Зәр шығару жолдарының инфекциясын бір реттік емдеу

* Антибиотикограмманы ескере отырып емді тағайындау

* Зәр шығару жолдарының инфекциясын нитрофурандармен емдеу

* Зәр шығару жолдарының инфекциясын сульфаниламидтермен емдеу

*+Себудің нәтижесінсіз кең спектрлі антибиотиктерді тағайындау

 

108. Жүктілерде симптомсыз бактериурия мен асқынбаған циститтерді емдеу үшін қолданылады:

* Бисептол

*+Цефалексин

* Гентамицин

* Ванкомицин

* Ципрофлоксацин

 

109. Бүйрек аурулары кезінде ЕҢ жиі қолданылатын визуалды зерттеу әдісін көрсетіңіз:

* Экскреторлық урография

* Компьютерлік томография

*+Ультрадыбыстық зерттеу

* Магнитті резонансты томография

* Шолу рентгендік зерттеу

 

110. Бүйрек ауруларымен науқастарды ұзақ уақыт диспансеризациялау кезінде міндетті түрде жасалатын зерттеу әдісі болып табылады:

* Цистография

* Зимницкий сынамасы

* Экскреторлық урография

* Компьютерлык томография

*+Қан сарысуындағы креатинин мен ШФЖ есептеу

 

111. Жүктілерде пиелонефриттің пайда болу мерзімін көрсетіңіз:

* 1-4 апталарда

* 5-10 апталарда

* 11-22 апталарда

*+23-28 апталарда

* 28-32 апталарда

 

112. Пиелонефрит кезіндегі жүктілік ағымының ерекшеліктерін көрсетіңіз:

* Анурия

* Олигурия

* Ісіну синдромы

* Артериалық гипертензия

*+Жүктіліктің үзілу қаупі

 

113. Төмендегі аталған антибиотиктердің қайсысын ЗШЖИ емдеу үшін жүктілік уақытында қолдануға болады?

* Имипенем

* Азитромицин

*+Амоксициллин

* Ко-тримоксазол

* Ципрофлоксацин

 

114. Жүктілік уақытында жедел гестациялық пиелонефриттің дамуына ықпал ететін ЕҢ маңызды фактор:

* Туыт саны

* Төмендеген иммунитет

*+Уродинамиканың бұзылысы

* Жүктілік саны

* Инфекция ошақтарының болуы

 

115. Жүкті әйел 22 жаста. Жиі, аз мөлшермен, ауру-сезімімен жүретін зәр шығаруына шағым жасады. Тексеру кезінде: t° қалыпты, ісінулер жоқ, АҚ 110/70 мм с.б. ЖЗА-де зәрі лайлы, Ле 20 к/а, Эр 6-8 к/а, бактериурия ++. Аталған тактикалардың қайсысын ЕҢ бірінші жасау керек?

* ЖЗА қайталау керек

* Емдеуге көрсеткіш жоқ

* Бүйрек УДЗ өткізу керек

*+Емдеуді бірден бастау керек

* Зәрдің бак.егуін жасау керек

 

116. 25 жастағы жүкті әйел, бірінші жүктілік, 23 апта. Шағымдары жоқ. АҚҚ – 110/70 мм.с.б. ЖЗА: белок-abs, Л - 0-1 к/а, Эр – аbs. Зәрді 2 реттік бак. себуде: Е.coli 10х5 мкр.дене/мл. Науқастың диагнозы және емдеу тактикасы қандай?

*+Асимптоматикалық бактериурия, амоксиклав

* Созылмалы пиелонефрит, цефтриаксон

* Жедел пиелонефрит, ампиокс

* Жедел цистит, фурагин

* Патология жоқ

 

117. Жүктілерде симптомсыз бактериурия мына патологияның дамуының қауіп факторы болып табылады:

* Вульвовагиниттің

* Жедел уретриттің

*+Жедел пиелонефриттің

* Жедел гломерулонефриттің

* Тубулоинтерстициалдық нефриттің

 

118. Босанудан кейінгі кезеңдегі жедел пиелонефритті емдеу үшін таңдау препараты болып табылады:

* 5-НОК

* Бисептол

* Гентамицин

*+Цефтазидим

* Тетрациклин

 

119. Жүктілер пиелонефритінің ең жиі асқынуын көрсетіңіз, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

* Құрсақішілік дамудың кідірісі

* Сепсис

*+Ісіну синдромы

* Мерзімінен ерте босану

* Паранефральді абсцесс

 

120. Перзентхананың санбақылау бөліміне 28 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Анамнезінде босану, жатыр қабынуымен асқынған медаборт болған. Осы жүктіліктің ағымы қанағаттандырарлық. Қарағанда: тері қабаттары таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм рт. ст. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Зәр бөлуі ауру сезімсіз. Зәр анализі: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын толық жауып тұр, оксалаттар. Ең мүмкін болатын болжамды диагнозды көрсетіңіз.

* Сепсис

* Жедел цистит

* Симптомсыз бактериурия

*+Жедел гестационды пиелонефрит

* Жедел тубулоинтерстициалдық нефрит

 

121. Перзентхананың санбақылау бөліміне 28 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Анамнезінде босану, жатыр қабынуымен асқынған медаборт болған. Осы жүктіліктің ағымы қанағаттандырарлық. Қарағанда: тері қабаттары таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм рт. ст. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Зәр бөлуі ауру сезімсіз. Зәр анализі: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын толық жауып тұр, оксалаттар. Қандай антибактериальді емді тағайындау мейлінше дұрыс?

* Монурал 3 г/с p/os

* Сумамед 500 мг/с p/os

*+Цефтриаксон 1г/сут, к/т

* Гентамицин 80 мг/с, б/е

* Ципрофлоксацин 500 мг/с, к/т

 

122. Жүктілерде қандай көрініс пайда болғанда преэклампсия деп атайды:

* Гипотензия, ісіну және анемиялар

* Гипертензия, ісіну және қанағыштық

* Гипотензия, ісіну және 20 аптадан кейін протеинурия

* Гипертензия, ісіну және 10 аптадан кейін дамитын протеинурия

*+Гипертензия, ісіну және 20 аптадан кейін дамитын протеинурия

 

123. Гемолиз синдромы, бауырлық ферменттердің белсенділігінің жоғарылауы және тромбоциттер деңгейінің төмендеуі (HELLP-синдром) байқалған жүктілердегі өмірге қауіпті асқынуды көрсетіңіз:

* Тырысулар

* Азсулылық

* Көпсулылық

* Стенокардия

*+Бүйрек жетіспеушілігі

 

124. 32 жастағы жүкті әйел, бірінші жүктілік 28 апта. Шағымдары: бетінің, аяқтарының ісінуі, әлсіздік. Қарау кезінде: АҚҚ 180/100 мм с.б. (бұрындарда АҚҚ қалыпты болған). ЖҚА-де Нв- 115 г/л, тромбоциттер-220 мың; биохимиялық қан анализінде: жалпы белок 62 г/л, альбумин 18 г/л, креатинин 90 мкмоль/л, холестерин 4,9 ммоль/л. ЖЗА: белок 2 г/л, Ле 2-4 к/а, Эр 0-2 к/а.

Болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

* БЖЗ

*+Преэкламсия

* НЕLLР-синдром

* Гломерулонефрит

* Гестационды гипертензия

 

 

125. Жүкті әйел 30 жаста, жүктілік 26 апта. Бас ауруына, жүрек айнуына, құсуға, көруінің нашарлауына, оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағым жасады. Тексеру кезінде сана-сезімі нашар, аяқтарында шамалы ісінулер бар, АҚ 170/110 мм с.б., оң қабырға астында ауру сезімі, бауыры +1,5 см қабырға доғасы жиегінен. ЖЗА-де белок 1,65 г/л, Ле 5-7 к/а, Эр 2-3 к/а. Аталғандардан ЕҢ мүмкін болатын болжам диагноз қайсы?

* Гестоз

*+Преэклампсия

* Гломерулонефрит

* Гипертониялық ауру

* Іркілісті жүрек жетіспеушілігі

 

126. Жүкті әйел 30 жаста, жүктілік 26 апта. Бас ауруына, жүрек айнуына, құсуға, көруінің нашарлауына, оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағым жасады. Тексеру кезінде сана-сезімі нашар, аяқтарында шамалы ісінулер бар, ішінде қан геморрагиялар, АҚ 170/110 мм с.б., оң қабырға астында ауру-сезімі, бауыры +1,5 см қабырға доғасы жиегінен. ЖҚА-де - Нв 70 г/л, Тр 90 мын, қан жағындысында шистоциттер. Қанның биохимиялық анализінде ж. белок 60 г/л, АЛТ 2,25, АСТ 1,1 ммоль/л. ЖЗА-де белок 1,65 г/л, Ле 5-7 к/а, Эр 2-3 к/а. Аталғандардан ЕҢ мүмкін болатын болжам диагноз қайсы?

*+HELLP-синдромы

* Созылмалы гепатит

* Апластикалық анемия

* Тромбоцитопениялық пурпура

* Іркілісті жүрек жетіспеушілігі

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.201 сек.)