|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
БИЛЕТ № 4
Азаматтық Қорғаныстың қалыптасуы мен құрылым принциптері АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады. Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері. Дозиметриялық бақылаулар мен радиациялық барлаудың құралдары Радиоактивтік ластану адам және оның өмір сүру ортасы үшін ерекші қауіп төндіреді. Бүл ионизирлік радиацияның тірі организмдерге интенсивті және тұрақты зиянды әсер етуіне байланасты, ал бүл радиацияның көздері қоршаған ортада кең таралған. ДП-22В жеке дозиметр құрамына ДКП-50А дозиметірі мен 3Д-5 зарядтау қондырғысы кіреді.Дозиметрлердің жұмысы температураның -40+50градус аралығында және салыстырмалы ылғалдылығы 98пайыз кезінде қамтамасыз етіледі.Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалынған. Ал радиациялық барау құралдары,қолданыстағы барлық дозиметрлік құралдар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді.Газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағымсыз иондарға бөлінеді.Егер осы көлемде екі электрод орналастырылса,газ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр торы өтеді.Оның көлемін өлшей отыра радиоактивті сәулеленудің жиілігін бағалауға болады. Техногенді сипаттағы ТЖ түрлері мен сипаттамалары Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады. Оның түрлері: - Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с). - Көлік жүйесіндегі апаттар. - Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с). Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады.
БИЛЕТ № 5 Табиғи сипаттағы ТЖ сипаттамасы. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлектінің орналасқан жері - орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады. Жер сілкінісінің түрлері Жерсілкіну— жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Тектоникалық жер сілкінісі – жер пластарының қозғалуын шақырады, литосфера плиталарының қозғалысы. Жанартау жер сілкінісі – жанартау каналдары бойынша магмалардың жылжулары. Қопарма жер сілкінісі – жердің қопарылуларын шақырады. Техногенді жер сілкінісі – құрылыс кешендері, мұнай, газ, жер асты суларының, қатты жарылыстардың әсерінен болады. Бейбіт және соғыс жағдайында халықты инженерлік қорғау Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4). Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады.. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |