АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

БИЛЕТ № 11

Читайте также:
  1. A) Билетный сбор
  2. Билет 10
  3. Билет 10
  4. Билет 10. Образы основных греческих богов
  5. Билет 11
  6. Билет 11
  7. Билет 11.
  8. Билет 12
  9. Билет 12.
  10. Билет 13
  11. Билет 13
  12. Билет 14

Жарылыс. Екпінді толқыннан қорғану құралдары мен әдістері. Жарылыс - шектеулі көлемде энергияның тым көп мөлшерінің жылдам босатылу процесі. Жарылыс нәтижесінде өте жоғары қысымды қатты ысыған газ түзіледі. Жарылыс кезінде қоршаған ортада жарылыс толқыны пайда болады, қираған жарықшақтар немесе жарылыстың шашыранды өнімдері түрлі объектілерге механикалық әсер етеді. Жарылыс химиялық (көбіне жарылғыш заттар), ішкі ядролык (ядролық жарылыс), электрмагнитті (ұшкын заряды, лазерлі ұшқын), механикалық (жер бетіне метеориттердің түсуі) және басқа энергиялар есебінен жүзеге асырылады. Әскери мақсатта химиялық және ядролық энергиялар жай және ядролық ок-дәрілерде көп қолданылады.Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады. Төтенше жағдай кезіндегі өндірістік нысандарда пайда болған жағдайларды барлау мен бағалау. Барлау жұмыстары:

- ауада;- жер үсті;- темір жол;- суда (өзендер).АҚ барлау қойылған тапсырмаларды орындалуына байланысты жалпы және арнайы болып бөлінеді. Барлау жұмысының негізгі құжаты болып барлаудың жоспары болып табылады Химиялық барлау құралдары және олардың жұмыс істеу принциптері Бұл улағыш улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Улағыш заттар химиялық химиялық қарудың негізін құрайды да, шетелдік мемлекеттер армияларының қару-жарағына кіреді. Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады: 1) жүйке жансыздандыратын; 2)теріні іріңдеткіш;3) жалпы улы әсерлі;

4) психохимиялық;5) тітіркендіргіш;Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін,саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді.Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан – ішек жолы арқылы зақымдайды.
Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап – жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.002 сек.)