|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
периодты
фазалық ығысуды
mu = mi = 6-сурет.
3.7. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар. Бақылау сұрақтар: 1. Айнымалы ток дегеніміз не? 2. Айнымалы токтың артықшылықтары қандай? 3. Гармоникалық функциялардың көрсетілуінің қанша тәсілдері бар және олар қандай? 4. Период дегеніміз не? 5. Жиілік дегеніміз не? 6. Резистивті элемент дегеніміз не? 7. Резистивті элементті сипаттайтын шама? 8. Кедергіге кері шаманы қалай аталады? Оның формуласы және өлшем бірлігі? 9. Синусоидалы ток кезінде резистивті элементтегі кернеу қандай заң бойынша өзгереді? 10. Синусоидалы ток кезінде резистивті элементтегі ток пен кернеу қалай өзгереді? 11. Тұрғызылған векторлық диаграмманы түсіндір? №3-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «R, L, C элементтері тізбектей және параллель қосылған синусоидалы ток тізбегін зерттеу» 3.1 Элементтері тізбектей жалғанған электр тізбегін зерттеу Жұмыстың мақсаты: Синусоидалы тоқ электр тізбегінде R, L, C элементтерінің тізбектей жалғануын эксперименттік зерттеу. Жұмыстың орындалу тәртібі 1. 1 суреттегі схема бойынша электр тізбегін жинаңдар 1 сурет 2. Вариант бойынша схеманың барлық элементтерінің мәндерін (1 кесте) қойыңдар. 1-кесте
3. R, L, С, мәндерін (1-кестеден) қою керек, барлық вариант үшін E =12 В, f = 50 Гц. 4. Сыйымдылықты С өзгерте отырып, (активті-индуктивті жүктеме) болғандағы сыйымдылық үшін және (активті- сыйымдылықты жүктеме) болғандағы сыйымдылық үшін барлық аспаптардың көрсетулерін түсіріп алып, 2-кестеге енгізіңдер.
2 кесте
5. 2-кестенің берілгендерімен кернеудің топографиялық диаграммасын екі режимде тұрғызыңдар. Есептік формулалар:
; ,Ом; , Ом;
, Ом; , В; , В;
, Ом; , Ом.
2-сурет. 6. Жұмыстың нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар. 3.2 Элементтері параллель жалғанған электр тізбегін зерттеу 3.2.1 Активті және сыйымдылықты элементтердің параллель жалғануы Жұмыстың орындалу тәртібі 1. 1-суреттегі сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар.
1 сурет
2. R, С, мәндерін (1-кестеден) қою керек, барлық нұсқа үшін E =12 В, f = 50 Гц. 1-кесте
2 кесте
4. Тәжірибеден масштаб бойынша кернеу мен токтың векторлық диаграммасын салыңдар. 2-сурет. Есептік формулалар:
, Ом; , Ом; , Ом; ; , BA; , ВАр.
3.2.2 Активті және индуктивті элементтердің параллель жалғануы Жұмыстың орындалу тәртібі 1. 1-суреттегі сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар.
1 сурет
2. R, L, мәндерін (1-кестеден) қою керек, барлық нұсқа үшін E =12 В, f = 50 Гц.
1 кесте
2 кесте
4. Тәжірибеден масштаб бойынша кернеу мен токтың векторлық диаграммасын салыңдар. 2-сурет. Есептік формулалар:
, Ом; , Ом; , Ом; ; , BA; , ВАр.
5. Жұмыстың нәтижесі бойынша қорытынды жасаңдар. Бақылау сұрақтары: 1) Элементтері тізбектей жалғанған тізбекке векторлық диаграмма тұрғызғанда ең бірінші қай шаманың (ток немесе кернеу) векторынан бастаймыз? 2) R, L, C элементтері тізбектей жалғанғанда XL > XC шарты кезінде тізбек сипаты (сыйымдылықты немесе индуктивті) қандай? 3) R, L, C элементтері тізбектей жалғанғанда XL < XC шарты кезінде тізбек сипаты (сыйымдылықты немесе индуктивті) қандай? 4) R, L, C элементтері тізбектей жалғанғанда XL = XC шарты кезінде тізбек сипаты қандай? 5) Элементтері параллель жалғанған тізбекке векторлық диаграмма тұрғызғанда ең бірінші қай шаманың (ток немесе кернеу) векторынан бастаймыз? № 4-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Айнымалы токтың үш фазалы тізбектерін зерттеу»
4.1 Қабылдағыштары жұлдызша жалғанған үш фазалы тізбектер Жұмыстың мақсаты: жұлдызша жалғанған қабылдағыштары бар үш фазалы тізбекті әр түрлі режимде зерттеу.
Жұмыстың орындалу тәртібі: 1. Симметриялы активті жүктемесі бар тізбекті (R A = R B = R C = 1 кОм) принциптік сұлба (1-сурет) бойынша жинаңдар.
1-сурет.
2. Бейтарап сымы бар сұлбада жүктеменің кернеулері мен тоқтарын өлшеңдер және қуатты есептеңдер. Өлшеу және есептеу нәтижелерін 1-кестеге енгізіңдер. 3. Ваттметрді алдымен А фазасына, содан соң В фазасына, соңында С фазасына қоса отырып, үш фазаның қуаттарды өлшеңдер де (2-сурет) қосынды қуатты есептейміз. Есептеу нәтижелерін 1-кестеге енгізіңдер. (Ваттметрді, сондай-ақ амперметрді бір тізбектен екінші тізбекке ауыстырып қосу үшін, «амперметр» арнайы коммутациялық миниблогын және коаксиалды қосқышы бар екі сымдарды пайдаланыңдар!). 2-сурет. 4. Қуаттар балансын тексеріңдер, яғни өлшеніп алынған қосынды қуатты есептелінген фазалық қуаттардың қосындысымен салыстырыңдар. Қуаттар балансын есептеу:
1-кесте.
5. Сұлбадан бейтарап сымды (N және 0 нүктелерінің арасындағы тұйықтағышты (перемычканы)) алып тастаңдар да, тоқтар мен кернеулерді өлшеп алыңдар. 6. Ваттметрдің тоқтық тізбегін алдымен А фазасына, ал кернеу тізбегін - UAB кернеуіне, содан кейін тоқтық тізбекті С фазасына, ал кернеу тізбегін – UСB кернеуіне жалғай отырып, екі қуатты өлшеңдер және қосынды қуатты есептеңдер. Қуаттар балансын тексеріңдер.
Қуаттар балансын есептеу:
7. Тоқтар мен кернеулердің масштабын таңдап алып, барлық жағдайлар үшін векторлық диаграммалар тұрғызыңдар (3-сурет, 4-сурет).
Векторлық диаграммалары
1. Симметриялы активті жүктеме RA = RB = RC = 1 кОм mu = mi =
3-сурет.
2. Симметриялы емес активті жүктеме RA = 1 кОм, RВ = 330 Ом, RС = 470 Ом
а) Бейтараппен
mu = mi =
4-сурет. б) Бейтарапсыз
mu = mi =
5-сурет.
8. Жүктеме жұлдызша жалғану кезінде үш фазалы тізбектің апаттық режимдерін эксперименттік зерттеу. Бұл үшін 1-суреттегі сұлбадағы фазаларда кедергілерді қосу керек R A= R B= R C=1 кОм. 9. Бейтарапты үзу (ажырату) фазалық тоқтардың өзгермейтініне көз жеткізіңдер. 10. Нольдік сымы бар сұлбада, жүктеме фазаларында да, желілік сымдардың арасында да қысқа тұйықталу кезінде қорек көзін қорғау, ажыратылу болатынына көз жеткізіңдер. 11. Нольдік сымсыз сұлбада жүктеме фазасында қысқа тұйықталу ажыратуды болдырмайтынына, ал желілік сымдардың арасында қысқа тұйықталу кезінде қондырғы ажыратылатына көз жеткізіңдер. 12. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар.
4.2 Қабылдағыштары үшбұрышша жалғанған үш фазалы тізбектер
Жұмыстың мақсаты: үшбұрышша жалғанған қабылдағыштары бар үш фазалы тізбекті әр түрлі жүктеме кезінде зерттеу.
Жұмыстың орындалу тәртібі: 1. Симметриялы активті жүктемесі бар тізбекті (R AВ= R BС= R CА = 1 кОм) принциптік сұлба (1-сурет) бойынша жинаңдар.
1-сурет.
2. Мультиметрлердің көмегімен1-кестеде көрсетілген кернеулер мен тоқтарды өлшеп алыңдар да қуатты есептеңдер.
Қуатты есептеу:
3. Ваттметрді алдымен А фазасына, содан соң В фазасына, соңында С фазасына қоса отырып, үш фазаның қуаттарды өлшеңдер де (2-сурет) қосынды қуатты есептейміз. Есептеу нәтижелерін 1-кестеге енгізіңдер. (Ваттметрді, сондай-ақ амперметрді бір тізбектен екінші тізбекке ауыстырып қосу үшін, «амперметр» арнайы коммутациялық миниблогын және коаксиалды қосқышы бар екі сымдарды пайдаланыңдар!).
Қуаттар балансын есептеу:
4. Симметриялық емес режим үшін (RAВ = 1 кОм, RBС = 330 Ом, RCА = 470 Ом) өлшеу мен есептеуді қайталаңдар. В фазасының резисторын 2,2 мкФ конденсатормен, ал С фазасының резисторын ферромагнитті өзекшеден жиналған, индуктивті катушкамен ауыстыра отырып, өлшеу мен есептеуді қайталаңдар. 5. Тоқтар мен кернеулердің масштабын таңдап алып, барлық жағдайлар үшін векторлық диаграммалар тұрғызыңдар (2-сурет, 3-сурет).
1-кесте.
Векторлық диаграммалары 1. Симметриялы активті жүктеме RA = RB = RC = 1 кОм
mu = mi =
2-сурет. 2. Симметриялы емес активті жүктеме RA = 1 кОм, RВ = 330 Ом, RС = 470 Ом
mu = mi =
3-сурет.
6. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар
Бақылау сұрақтары:
1. Үш фазалы айнымалы ток жүйесінің анықтамасын беріңіз? 2. Жұлдызша қосу деп қандай қосуды айтады? 3. «Нөлдік сымды жұлдызша» схемасымен қосу кезінде үш фазалы генератор орамдары мен қабылдағыштар қалай қосылады? 4. Қандай жағдайда қабылдағыштарды «нөлінші сымсыз жұлдызша» схемасы бойынша қосуға болады? 5. Жұлдызша қосу кезінде токтар мен кернеулердің векторлық диаграммалары қалай құрылады? 6. Фазалар бірдей жүктегенде «жұлдызша» схемасында желілік және фазалық токтар мен кернеулердің арасындағы қатыстар қалай болады? 7. Үшбұрыштап қосу деп қандай қосуды айтады? 8. Үшбұрыштап қосқанда токтар мен кернеулердің диаграммалары қалай болады? 9. Фазалар бірдей жүктегенде «үшбұрыштап» сұлбасында желілік және фазалық токтар мен кернеулердің арасындағы қатыстар қалай болады? 10. Қандай жағдайда нөлінші сымда ток болмайды? №5-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Бір фазалы трансформатордың режимдерін зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: бір фазалы трансформатордың құрылысы мен әсер ету принципін зерттеу, оны бос жүріс және қысқа тұйықталу режимінде сынау, жүктемелік сипаттамасын және п.ә.к. жүктемеден тәуелділігін алу.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Оқытушының көрсетуімен электр тізбегін 1, а-суреттегі сұлба бойынша жинаңдар.Бос жүріс тәжірибесі кезінде (R Ж = ¥) өлшеу жүргізіңдер және алынған мәндерді 1-кестеге жазыңдар.
1-сурет.
2. Трансформациялық коэффициентті U 1/ U 2, бос жүріс тоғын I БЖ% есептеңдер және олардың мәндерін 1-кестеге жазыңдар.
Трансформациялық коэффициентті есептеу:
Бос жүріс тоғын есептеу:
3. Қысқа тұйықталу тәжірибесін орындаңдар. Бұл кезде R Ж орнына тұйықтағышты (пермычканы) қойыңдар. 4. Өлшеу нәтижелерін 1-кестеге жазыңдар. Трансформациялық коэффициентті I 2/ I 1, қысқа тұйықталу кернеуін UҚТ% есептеңдер және 1-кестеге жазыңдар. Трансформациялық коэффициентті есептеу:
Қысқа тұйықталу кернеуін есептеу:
1-кесте.
5. Трансформатордың жүктемелік сипаттамасын түсіріңдер. Бұл үшін 2-кестеде көрсетілген жүктеме кедергісін біртіндеп қосыңдар және трансформатордың біріншілік және екіншілік жағынан өлшеу жүргізіңдер.
2-кесте.
6. Р 2 = U 2× I 2, I 2 / I 2НОМ, U 2 / U 2НОМ, пәк есептеңдер және 3-суретте графиктерді салыңдар.
Есептеу: 2-сурет.
7. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар.
Бақылау сұрақтары: 1. Трансформатор дегеніміз не? 2. Трансформатордың жұмыс режимдері 3. Трансфортордағы физикалық қасиеттер 4. Трансформатордың құрылымы 5. Трансформаторлардың жұмыс істеу принципі 6. Трансформация коэффициентінің формуласы 7. Трансформаторлардың түрлері №6-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС «Жартылайөткізгіш диодтарды зерттеу» Жұмыстың мақсаты: экспериментті түрде диодты және оның вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу. Жұмыстың орындалу тәртібі: 1. EWB 5.12. бағдарламасын іске қосамыз. 2. Жартылайөткізгіштік диодты зерттеу үшін 1 схеманы жалғаймыз. Компоненттер параметрлерін береміз: 1-cурет
1-кесте.
3. Резистордың (подстроечный резистор) мәнін 0%-дан 100%-ға дейін өзгерте отыра (интервалы 20%), диодтың вольтамперлік сипаттамасын түсіреміз. «R» клавишасымен резистордың мәнін төмендетеміз, ал «Shift+R» клавишасымен өсіре аламыз. 3.1. Диодтың тікелей тармағын зерттейміз. Кілтті қосып-сөндіру үшін Space (Пробел) клавишасын қолданамыз. 3.2. Диодтың кері тармағын зерттейміз. 3.3. Алынған мәліметтерді кестеге толтырамыз (өлшеу дәлдігін – үтірден кейін екі таңба аламыз):
2-кесте.
4. Диодтың вольтамперлік сипаттамасын тұрғызыңдар. Жұмыстың қорытындылары мен тұжырымдарын жазу: Бақылау сұрақтары: 1. Диод дегеніміз не? 2. Диодтың жұмыс жасау принципі? 3. Диодтың қолдану аймағы? 4. Температура диодқа қалай әсер етеді? 5. Стабилитронның жұмыс аумағы немен анықталады? 6. Схемада диод қандай параметрлері бойынша таңдалады? 7. Қорек көзінің оң полюсына жалғанған диодтың қысқышы (вывод) қалай аталады? 8. Қорек көзінің теріс полюсына жалғанған диодтың қысқышы (вывод) қалай аталады? 9. Егер диод анодына оң полюсты қорек көзін, ал диод катодына теріс полюсын жалғасақ, диод ток өткізе ме және бұл жалғану түрі қалай аталады? 10. Егер диод анодына теріс полюсты қорек көзін, ал диод катодына оң полюсын жалғасақ, диод ток өткізе ме және бұл жалғану түрі қалай аталады?
№7-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Жартылайөткізгіш бір фазалы түзеткіш схемаларын зерттеу» Жұмыстың мақсаты: экспериментті түрде бірпериодты және екіпериодты түзеткіштерді зерттеу. Жұмыстың орындалу тәртібі: 1 Өз вариант бойынша біржартылайпериодты түзеткіш 1 схемасын жинаймыз (кесте 1): 1-сурет
1-кесте
2 Схемаға осциллографты жалғаймыз (А каналына көк түспен – кіріс шама, В каналына қызыл түспен – шығыс шама). 2.1. Осциллограмма арқылы сипаттаманы көшіріп аламыз. 2.2. Резистордың (подстроечный резистор) мәнін 0%-дан 100%-ға дейін өзгерте отыра (интервалы 20%), біржартылайөткізгіштік түзеткіштің фильтрсіз Uн=f(Iн) вольтамперлік сипаттамасын түсіреміз. «R» клавишасымен резистордың мәнін төмендетеміз, ал «Shift+R» клавишасымен өсіре аламыз. 2.3. Кілт арқылы сыйымдылықты фильтрді қосамыз. 2.4. Осциллограмма арқылы сипаттаманы көшіріп аламыз. 2.5. Резистордың (подстроечный резистор) мәнін 0%-дан 100%-ға дейін өзгерте отыра (интервалы 20%), біржартылайөткізгіштік түзеткіштің фильтрмен Uн=f(Iн) вольтамперлік сипаттамасын түсіреміз. «R» клавишасымен резистордың мәнін төмендетеміз, ал «Shift+R» клавишасымен өсіре аламыз. 3 Нәтижелерді 2-кестеге енгіземіз (өлшеу дәлдігін – үтірден кейін екі таңба аламыз):
2-кесте.
4 Екіжартылайпериодты түзеткішсхеманы жинаймыз: 2-сурет
5 Біржартылайпериодты түзеткішке жүргізілген тәжірибені екіжартылайпериодты түзеткіш схемасына қайта жасаймыз. 6 Алынған нәтижелерді 3 кестеге енгіземіз (өлшеу дәлдігін – үтірден кейін екі таңба аламыз): 3-кесте
7. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар.. Бақылау сұрақтары: 1. Түзеткіш схемасы қандай жартылай өткізгіштік құрылғыдан тұрады? 2. Түзеткіш схемасына фильтр не үшін қажет? 3. Түзеткіш схемаларының негізгі функциялары қандай? 4. Түзеткіштердің классификациясы? 5. Түзеткіштердің негізгі сипаттамалары?
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет 1. Қожаспаев Н, Кешуов С, Мухитов И, «Электротехника» Алматы: Республикалык баспа кабинеті, 2007ж. 2. Қожаспаев Н, Кешуов С, Мухитов И, «Электротехника», Зертханалық жұмыстар, Алматы: Республикалык баспа кабинеті, 2005ж. 3. Касаткин В.С., Немцов М.В., Электротехника- М.: ACADEMIA, 2005г. 4. И.М. Мұхити. «Электротехника» Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005ж. 5. Рекус Г.Г. «Основы электротехники и электроники в задачах с решениями» - М: высшая школа, 2005г. Қосымша әдебиет 6. Немиров М.В. «Электротехника» - М: высшая школа, 2004г. 7. Синдеев А.Е. "Электротехника, курс лекции по электротехнике", М., 1999г. 8. Рекус Г.Г. Белоусов А.И. «Справочник по электротехнике и электрооборудованию» - М: высшая школа, 2000г. 9. Касаткин А.С. Немцов М.В. «Электротехника» - М: Энергоатомиздат, 2003г.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.065 сек.) |