|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ВаттметрВаттметрдің жалпы көрінісі 4-суретте келтірілген.
4-сурет. Ваттметр
Оның әсер ету принципі тоқ пен кернеудің лездік мәндерін көбейтуге және бұл көбейтіндінің орташа мәнін аспаптың дисплейінде сан түрінде кескіндеуге негізделген. Аспап тізбекке беттік панельде келтірілген сұлба бойынша жалғанады. Активті қуатты өлшеу үшін «·» таңбасымен кескінделген үяшықтар жалғастырғыштармен қосылуы керек. Сұлбаны жинап болған соң «Сеть» айырып қосқышын қосады және тоқ пен кернеу бойынша қажетті өлшеу шектіктерін тумблермен қояды. 1.3 Еlectronics workbenchпрограммасын оқып-үйрену мүмкіндіктері Жұмыстың мақсаты: Electronics Workbench программасындағы менюді оқып-үйрену. Жалпы мәліметтер ПЭЕМ - ны қолданатын виртуалды лаборатория электрлік және электрондық эксперименттік зерттеулерді жүргізу үшін оңай, әрі жеңіл болып саналады. «Электротехника» пәні бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау үшін Electronics Workbench (ЕWB) программасы қолданылады. ЕWB программасы Windowsта жұмыс істеу үшін есептелген. Программаның ерекшелігіне өндірістік аналогына сыртқы түрі мен сипаттамасы бойынша жақын бақылау - өлшеуіштік аспаптар жатады. Electronics Workbench программаларының негізгі артықшылықтары. Қарапайым компоненттері параметрлердің жиынтығымен сипатталады, олардың мәндерін клавиатурамен тікелей өзгертуге, мысалы активті элементтер модельмен, яғни параметр жиынтығымен беріледі және нақты бір элементпен немесе оның идеал көрсетілуімен сипатталады. Модель компоненттердің кітапхана тізімдерінен таңдалады, модельдердің параметрлері қолданушымен өзгертіле алады. Модельдеу қорытындысын принтерге шығаруға болады немесе оларды ары қарай өңдеу үшін текстік немесе графикалық редакторда импорттауға болады. Electronics Workbench - те барлық элементтер орнықталған параметрлермен қатаң түрде сипатталады, сондықтан тек элементтердің параметрлерімен және есептеу алгоритімімен анықталатын қорытынды әр кезде эксперимент жүргізген сайын қайталанып отырады. Electronics Workbench схеманы элементтердің барлық қосылыстары анық және бір уақытта бүкіл сұлба толығымен көрсететілетіндей етіп орналастыруға мүмкіндік береді. Сымдардың түстерін өзгерту арқылы схеманы адамның қабылдауына ыңғайлы етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бірнеше тәуелділіктерді бір уақытта зерттеу кезінде ыңғайлы болу үшін графиктерді де әр түрлі түстермен кескіндеуге болады. Жұмыстың орындалу тәртібі, нәтижелері 1. Electronics Workbench программасын қолдану мүмкіндіктерімен танысыңдар 2. EWB программасын қосыңдар (Пуск - программы - Electronics Workbench) 3. Негізгі менюлерді қарап шығыңдар. EWB программасының терезесі меню аймағынан, бақылау-өлшеуіштік аспаптарының сызғышынан (линейка) және кітапхана компоненттерінің сызғышынан тұрады. Программаның жұмыстық аймағында моделденетін сұлбаға қосылатын бақылау-өлшеуіштік аспаптар мен сұлбаның қысқаша сипаттамасы орналасады. Қажет болған жағдайда әрбір аспап оның жұмыс режимдерін құру және қорытындыларын бақылау үшін жайылып көрсетілуі мүмкін. Сұлбаны жинаған соң оның қорек көзіне қосылуы қарапайым қосқышты басу арқылы жүзеге асырылады. «Electronics Workbench» программысының менюі
«Electronics Workbench» программасының негізгі менюін қарастырамыз. File менюі Windows программаларының аймағына сәйкес келеді: New –жаңа сұлбаны құру Open – сұлбаны ашу Save – сұлбаны сақтау Save as... – қалай сақтау … Revert to Saved – сақталғанға қайта оралу Import и Export –файлдардың импорты мен экспорты Print –баспаға шығару Print setup – принтерді реттеу Exit –EWB программасынан шығу Оң жақта берілген командаларды орындау үшін клавиштердің комбинациясы берілген.
(құру, ашу, сақтау, баспа) командаларына саймандар панеліндегі түймелер сәйкес келеді. Edit менюі Cut - қию Copy - көшіру Paste - қою Delete - жою Select All – барлығын ерекшелеу
Copy as Bitmap – буферге көшіру (берілген команда сұлбаны кез келген текстік редакторға сурет түрінде беру үшін арналған, мысалы Word редакторы).
Командалардың (қию, көшіру, қою) бір бөлігі саймандар панеліне шығарылған.
Circuit ( сұлба ) менюі келесі командалардан тұрады: Rotate –Сағат тіліне қарсы 900 - қа бұрылу Flip Horizontal – горизонтал бойынша айналы кескінделу Flip vertical - вертикал бойынша айналы кескінделу Бұл командалар да саймандар панелінде қайталанады: Component Properties – элемент параметрлерін реттеу Create Subcircuit - қосалқы сұлбаны құру Zoom In – масштабты үлкейту Zoom Out – масштабты кішірейту Analysis (анализ) менюі: Activate - қосу Pause - пауза (үзіліс) Stop - өшіру Analysis Options - талдау параметрлері EWB программасының пайдаланылатын кітапханалық компоненттеріне қысқаша шолу Тышқанның тетігінің көмегімен Passive қосалқы менюін ашыңдар Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.) |