|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Осциллограф
Осциллографтың екі каналы (CHANNEL) 10 мкВ/бөл (мкВ/дел) (mV/Div) 5 мкВ/бөл (мкВ/дел) (kV/Div) дейінгі диапазонда А және В сезгіштігі мен вертикал (Y POS) бойынша жылжуын реттеу. Кіріс бойынша режимді таңдау AC және DC түймелерін басу арқылы жүзеге асырылады. Жайылма режимі келесі түймелермен таңдап алынады: Жайылма режимінің төмендегідей түрлері болады: вертикал бойынша кернеу сигналы, горизонтал бойынша - уақыт; В/А режимінде: вертикал бойынша – В каналының сигналы, горизонтал бойынша – А каналының сигналы; А/В режимінде: вертикал бойынша – А каналының сигналы, горизонталь бойынша – В каналының сигналы. Осциллографты жерге қосу аспаптың оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы GROUND клеммасы арқылы жүзеге асырылады. ZOOM түймесіне басу кезінде - экранның көлемі үлкейеді, горизонтал бойынша кескінді айналдыру және вертикал визир сызықтары (көк және қызыл түсті) бойынша оны экранның кез келген жеріне курсормен қою және сканерлеу мүмкіндіктері туады.
Бақылау сұрақтары: 1) Electronics Workbench (ЕWB) бағдарламасының ерекшеліктері. 2) EWB бағдарламасының терезесі қандай параметрлерден тұрады? 3) EWB бағдарламасының негізгі мәзірлерін ата. 4) Passive қосалқы мәзірінің пассивті компоненттерін ата. 5) Индикаторлық аспаптарға нелер жатады? 6) Бақылау өлшеуіштік аспаптарға нелер жатады? №1-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Тұрақты токтың қарапайым және тармақталған тізбектерін зерттеу» 1.1 Тұрақты токтың қарапайым тізбектерін зерттеу Жұмыстың мақсаты: тізбектей және параллель жалғанған резисторлары бар электр тізбектерін жалғау
Жұмыстың орындалу тәртібі: а) Резисторлардың тізбектей жалғануы 1. Вариантқа сәйкес сұлбаның параметрлерін таңдаңдар (1-кесте) 2. 1-суретке сәйкес сұлбаны жинаңдар.
1-сурет.
1-кесте.
3. A – B, C – D, E – F нүктелерінің арасындағы үзіктерде амперметрді (мультиметрді) кезектеп қоса отырып, тізбектеліп жалғанған барлық тізбектің бойындағы тоқтарды өлшеп алыңдар, өлшенген нәтижелерді 2-кестеге жазыңдар. 4. Бұдан соң B - C, D - E, нүктелердің арасында кернеулердің түсуін вольтметрдің (мультиметрдің) көмегімен, сонымен қатар B – F нүктелердің арасында толық кернеудің мәнін өлшеңдер. Барлық өлшенген мәндерді 2-кестеге жазыңдар.
2-кесте.
5. Кернеулердің тәжірибелік және есептелген мәндері бойынша кирхгофтың екінші заңының орындалуын тексеріңдер: U = U1 + U2 =
б) Резисторлардың параллель жалғануы 6. Сұлбаға (2-сурет) сәйкес тізбекті жинаңдар және оның кірісіне 10 В тұрақты кернеуді беріңдер. 7. A – B, C – D, E – F және G – H нүктелерінің арасындағы үзіктерде амперметрді (мультиметрді) кезектеп қоса отырып, тармақтарда тоқтарды өлшеп алыңдар, өлшенген нәтижелерді 3-кестеге жазыңдар.
2-сурет.
3-кесте.
8. Содан соң R1 және R2, резисторларында (D – G және F – G нүктелерінің арасында) кернеулерді өлшеңдер.
9. Тәжірибелік және есептік мәліметтер бойынша Кирхгофтың бірінші заңының орындалуын тексеріңдер: I = I1 + I2 Есептеу: 10. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар. 1.2 Тұрақты токтың тармақталған тізбектерін зерттеу Жұмыстың мақсаты: Кирхгоф заңдарын зерттеу
Жұмыстың орындалу тәртібі: 1. Сұлбаға (1-сурет) сәйкес тізбекті жинаңдар және оның кірісіне 15 В тұрақты кернеуді беріңдер. 1-сурет. 2. Барлық тамақтардағы тоқтарды және барлық элементтерде кернеулерді өлшеңдер. 3. Өлшеу нәтижелерін 1-кестеге енгізіңдер. 4. Кедергілердің, тоқтардың және кернеулердің мәндерін есептеңдер және 1-кестеге есептеу нәтижелерін енгізіңдер.
1-кесте.
Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарының орындалуына көз жеткізіңдер: I 1 = I 2 + I 3; U = U 1 + U 23.
Есептеу:
I 1 = I 2 + I 3 =
U = U 1 + U 23 =
5. Есептелген және өлшенген нәтижелерді салыстыра отырып, алынған нәтижелердің алшақтығын (қателігін) пайызбен формула бойынша есептеңдер: өлшенген шама – есептелген шама. 100% есептелген шама
6. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңдар. Бақылау сұрақтары: 1. Электр тізбегі дегеніміз не? 2. Электр тогы дегеніміз не? 3. Тұрақты ток ұғымын түсіндіріңіз. 4. Электр тізбегінің тармағы дегеніміз не? 5. Кедергілер тізбектей жалғанған кездегі эквивалентті кедергінің формуласы қандай болады? 6. Кедергілер параллель жалғанған кездегі эквивалентті кедергінің формуласы қандай болады? 7. Токтың өтуіне бөгет жасайтын шаманы қалай атайды? 8. Екі нүктенің потенциалдар айырымы қалай аталады? 9. Резистивтік элемент деп нені айтамыз? 10. Кедергінің физикалық мәні қандай? Оның өрнегін жазып түсініктеме беріңіз. Өлшем бірлігі қандай? №2-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Синусоидалы ток тізбегіндегі пассивті екіполюстік»
Жұмыстың мақсаты: синусоидалы тоқ тізбегінде R, L, C элементтерін зерттеу.
Жұмыстың орындалу тәртібі: 1. Синусоидалы тоқ тізбегінде активті кедергісі бар тізбек 1.1. Сұлбаға (1-сурет) сәйкес тізбекті жинаңдар және оның кірісіне параметрлері: U =12 В, f = 50 Гц синусоидалы кернеу беріңдер. 1-сурет.
1.2. V0, A1 аспаптарын және осциллографты қосыңдар. Осциллографтың екі кірісін V0 және A1 аспаптарына «қосыңдар», қалғандарын өшіріп қойыңдар (ажыратып тастаңдар). 1.3. Осциллограф жайылмасының параметрлерін экранда кернеу мен тоқтың жуық шамамен бір-екі кескіні көрінетіндей етіп қойыңдар. 1.4. Активті кедергіде кернеу мен тоқтың осциллографтық берілгендерін графикке (2-сурет) түсіріңдер (сызыңдар), активті кедергідегі кернеу мен тоқтың синусоидаларының арасындағы фазалық ығысуды анықтаңдар. 1.5. Тоқ пен кернеудің мәндерін өлшеңдер. 1.6. Активті кедергінің мәнін есептеңдер. mu = mi = 2-сурет. 2. Синусоидалы тоқ тізбегінде индуктивті элементі бар тізбек
2.1. Сұлбаға (3-сурет) сәйкес тізбекті жинаңдар және оның кірісіне реттелетін параметрлері бар: U =12В, f = 50 Гц синусоидалы кернеу беріңдер.
3-сурет.
2.2. V0, A1 аспаптарын және осциллографты қосыңдар. Осциллографтың екі кірісін V0 және A1 аспаптарына «қосыңдар», қалғандарын өшіріп қойыңдар (ажыратып тастаңдар). 2.3. Осциллограф жайылмасының параметрлерін экранда кернеу мен тоқтың жуық шамамен бір-екі кескіні көрінетіндей етіп қойыңдар. 2.4. Индуктивті катушканың кернеуі мен тоғының осциллографтық берілгендерін графикке (4-сурет) түсіріңдер (сызыңдар), индуктивті катушканың кернеуі мен тоғының синусоидаларының арасындағы фазалық ығысуды анықтаңдар.
mu = mi =
4-сурет.
2.5. Тоқ пен кернеудің мәндерін өлшеңдер.
2.6. Есептеңдер: индуктивті кедергінің мәнін
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.) |